Дерево страниц
Перейти к концу метаданных
Переход к началу метаданных

Жылдық жоспардағы жоспар тармақтарымен жұмыс істеу

Жоспар тармақтарын орналастыру және олармен жұмыс істеу үшін, жылдық жоспар нөмірінің белсенді сілтемесі бойынша өтіңіз, немесе «Жоспар тармақтарын қарау» әрекетін таңдаңыз.

 


Жоспар тармақтарын орналастыру және олармен жұмыс істеу үшін жылдық жоспар нөмірінің белсенді сілтемесі бойынша өтіңіз немесе «Жоспар тармақтарын қарау» әрекетін таңдаңыз.

Назар аударыңыз! Мемлекеттік сатып алу жоспарын мемлекеттік сатып алу веб-порталында екі тәсілмен орналастыруға болады:

  • Жоспар тармақтарының көп санын файлдан импорттау арқылы жүктеу (Жылдық жоспар шаблонынан импорттау бөлігінде сипатталған);
  • Жоспар тармағын дара құру (Жоспар тармағын құру бөлігінде  сипатталған).

Егер мемлекеттік сатып алу жоспары көптеген тармақтардан тұратын болса, жылдық жоспарды импорттау функционалын пайдалануды ұсынамыз 

Жоспардың жаңа тармағын құру

Жоспардың жаңа тармағын құру үшін «Құру» батырмасын басыңыз.

Жоспардың жаңа тармағын құру беті бейнеленеді.


Жоспар тармағын құру нысаны келесідей бөліктерге ие:

  • Жалпы мәліметтер;
  • Бюджеттік сыныптама (ММ тең ҰҚНЖ-мен Тапсырыс берушілер үшін)
  • Тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер сипаттамасы;
  • Мерзімдер;
  • Жеткізу орны.

 

Жоспар тармағын қарау және толтыру ыңғайлылығы үшін бөлік жолдарын жасыру мүмкіндігі көзделген. Бұл үшін бөліктер атауларының белсенді сілтемесін басыңыз. 

 «Жалпы мәліметтер» бөлігі


Түсірмелі тізімнен «Бюджет түрі», «Сатып алу тәсілі», «Жоспар тармағының түрі» жолдарын толтырыңыз.

Ескерту. «Тікелей шарт жасау әдісімен бір көзден алу» тәсілін таңдаған кезде «Мемлекеттік сатып алуды қолдану негіздемесі» жолын толтырыңыз. ТЖҚК 71.12.20.000.000.00.0777.000000000000, 711220.000.000000 Авторлық/техникалық қадағалау қызметі дегенді қоспағанда,  жоспар тармағының түрін «Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу» сатып алу тәсілі бойынша «қаржы жылынан аспайтын сатып алу»  деп көрсетуге жол берілмейді.

Назар аударыңыз! МС туралы заңның 39 бабының 5 тармағына сәйкес: «Осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 31), 32) және 35) тармақшаларына және 50-бабына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу туралы мәлiметтер мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) енгiзілуге жатпайды».

Мүгедектер ұйымдарының арасында сатып алу жүргізген кезде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабына сәйкес «Мүгедектер ұйымдарынан сатып алу» жолында тиісті белгіні қойыңыз. Осы алап «Жоба» және «Бекітілді» мәртебелері бар жылдық жоспардағы «Шимайжазба», «Бекітілді», «Сатып алу жүргізілмеді», «Шарт жасалмады», «Өтінім», «Болдырмады», «Өтінім қайтарылды» мәртебелері бар жоспар тармақтарын қарау нысанында да редакциялау үшін қол жетімді.

Ескертпе! Егер «Мүгедектердің қоғамдық бірлестігімен құрылған, ұйымдардан  сатып алу» белгісін өзгерту қажеттілігі туындағанда, жылдық жоспардың «Бекітілген» мәртебесінде жоспар тармағы нөмірінің сілтемесін басып, белгісін қосу/алу қажет. Жылдық жоспарға өзгерістер енгізу қажеті жоқ.

«Қаржы жылынан артық сатып алу» жоспарының тармақ түрін таңдау кезінде «Үш жылдық кезеңге арналған сома» бөлігін толтырыңыз. Бұл ретте барлық үш жылдың сомасы жоспар тармағының жалпы сомасына сәйкес болуы тиіс.

 «Бюджеттік сыныпталу» бөлігі


Назар аударыңыз! «Бюджеттік сыныпталу» бөлігі мемлекеттік мекемелер болып табылатын ұйымдармен ғана толтырылады. Өзге ұйымдық-құқықтық нысандағы ұйымдар үшін бұл бөлік бейнеленбейді.

Осы бөлікте «Қаржыландыру көзі», «Бағдарлама», «Кіші бағдарлама» және «Ерекшелік» жолдарын толтырыңыз.

«Қаржыландыру көзі» жолында төмендегі бір:

  • демеушілер және қайырымдылық қаржылар есебінен;
  • жеке және(немесе) заңды тұлғалармен қайтарылу шартымен мемлекеттік мекемеге берілетін, қаражаттар есебінен;
  • жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен трансферттері есебінен – мәні таңдалған жағдайда, онда «Бағдарлама», «Кіші бағдарлма» және «Ерекшелік» толтырылмайды.

Жоспар тармағы бойынша қосымша бағдарлама/кіші бағдарлама/ерекшелік қосу үшін, «Ерекшелікті қосу» батырмасын басыңыз.

Ескертпе. Бірнеше ерекшеліктері бар жоспар тармағын сақтау кезде жүйеде ерекшеліктер сомасын келесідей тексерісі орындалады:

- «Қаржылық жылдан аспайтын сатып алу», «Шартты үнемдеу есесінен сатып алу» жоспар тармағы үшін ерекшелік сомасы «Сатып алуға бекітілген, жалпы сома, теңге» жолындағы мәнге тең болу қажет.

- «Қаржылық жылдан асатын сатып алу» жоспар тармағы үшін ерекшелік сомасы «Үш жылдық мерзімінің бірінші жылына бекітілген сома» жолындағы мәнге тең болу қажет.

Егер ерекшеліктер бойынша алдын ала төлем мөлшері әртүрлі болса, жүйе жоспар тармағындағы аванстық төлемнің жалпы мөлшерінің жолында алдын ала төлемнің көрсетілген мөлшерлері бойынша орташа арифметикалық мәнді автоматты түрде қойып шығады. Бұл ретте шартты тіркеу кезінде аванс % және аванс сомасы әрбір ерекшелік бойынша жеке есептелетін болады. 

Жоспар тармағын құрған кезде, «Қаржыландыру көзі» жолағында   «Мемлекеттік мекемелер олардың иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақша қаражаты есебінен» мәні таңдалған жағдайда, «Бюджеттік сыныптама» тарауы «Ерекшелік» жолағында ақылы қызметтерге жататын ерекшеліктердің алты мәнді кодтары ғана көрсетіледі

Ескертпе. Қаржыландыру көзі «Мемлекеттік мекемелер олардың иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақша қаражаты есебінен»  болатын «Қолданыста» мәртебесімен жоспар тармағына өзгерістер енгізген кезде, қаржыландыру көзін өзгерту мүмкін емес

«Бес жылдық кезеңге арналған сома» тарауы

«Қаржы жылынан асатын сатып алу» жоспар тармағын таңдаған кезде   «Бес жылдық кезеңге арналған соманы» толтыру үшін тарау көрсетіледі

Назар аударыңыз! «Бес жылдық кезеңге арналған сома» тарауын толтырған кезде алғашқы екі жол:  «Бес жылдық кезеңнің бірінші жылына бекітілген сома, теңге» және «Бес жылдық кезеңнің екінші жылына болжамды сома, теңге»  «0» көп соманы толтыру үшін міндетті, қалған жолақтарда 0 сомасын қоюға мүмкіндік бар.

Тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің сипаттамасы» бөлігі

ТЖҚС кодын іздеу үшін түсірмелі тізімнен сатып алу нысанының түрін таңдау және «Тауардың, жұмыстың, қызметтің коды (ТЖҚС сәйкес)» жолында тауар, жұмыс, қызмет кодының, атауының немесе сипаттамасының ізделіп отырған мәнін енгізу қажет:

ТЖҚС кеңейтілген іздеуін орындау үшін, «Кеңейтілген іздеу» батырмасын басу қажет.

Бұдан әрі  ТЖҚ БНА іздеу фильтрі бейнеленеді, мұнда тауардың, жұмыстың немесе қызметтің «Атауы» жолы толтырылуға міндетті болып табылады.

«Тауарлар, жұмыстар және қызметтер сыныптауышы» анықтамалығынан мәндер таңдалғаннан кейін төмендегі жолдар автоматты түрде толтырылады:

  • «Тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер коды (ТЖҚС-ға сәйкес)»;
  • «Сатып алу мәнінің түрі;
  • «Сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер атауы қазақ тілінде (ТЖҚС-ға сәйкес)»;
  • «Сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер атауы орыс  тілінде (ТЖҚС-ға сәйкес)»
  • «Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің қысқаша сипаттамасы  қазақ тілінде (ТЖҚС-ға сәйкес)»;
  • «Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің қысқаша сипаттамасы  орыс тілінде (ТЖҚС-ға сәйкес)»;
  • «Өлшем бірлігі (ТЖҚС-ға сәйкес)», қызметтер үшін «Бір қызмет» мәні, жұмыстар үшін «Жұмыс» мәні автоматты түрде толтырылады;
  • «Саны, көлемі», жұмыстар мен қызметтер үшін «1» мәні автоматты түрде толтырылады. Тауар үшін «Өлшем бірлігі (ТЖҚС-ға сәйкес)» жолы өлшемдер бірліктері анықтамалығынан мәнін таңдау арқылы қолмен толтырылады.

Ескертпе. «39-бап, 3-т., 42-тт. егер біртекті  ТЖҚ-ның  құндық мәндегі жылдық көлемі  республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы  жылына белгіленген  жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш  мөлшерінен  аспаса, осындай біртекті ТЖҚ сатып алу»  сатып алу тәсілін қолдану негізімен "Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу" сатып алу тәсілімен жоспар тармағын құрған кезде, жүйе Жылдық жоспарда  осындай ТЖҚК-мен басқа жоспар тармақтары болуын тексереді. Егер  осындай ТЖҚК-мен  жоспар тармақтары бойынша сатып алу сомасы 100 АЕК-ден асып кетсе, жүйе қатені көрсетеді.

«Мерзімдер» бөлігі

Бұл тарауда  айлар анықтамалығынан «Сатып алуды жариялаудың жоспарланған мерзімі (ай)» көрсетіледі және қолмен енгізу арқылы «Жеткізу мерзімі» жолы толтырылады.  

«Сатып алуды жариялаудың жоспарланған мерзімі (ай)» жолын толтырған кезде жоспар тармағы бойынша сатып алу қай айда жүргізілетінін  алдын ала ескеру қажет. 

Бастапқы сатып алуларды жариялау кезеңінде Жүйе жоспар тармағында көрсетілген мерзімдерге сатып алуды жариялау мерзімдерінің сәйкестігін тексеретін болады. Мерзімі сәйкес келмеген жағдайда, жоспар тармағына өзгерістер енгізу талап етілетін болады. 

Мынадай сатып алу тәсілдеріне тексеру белгіленді:  «Баға ұсыныстарын сұрату», «Ашық конкурс», «Аукцион», «Тұрғын үй сатып алу», «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу».

 «Жеткізу орны» бөлігі

ӘАОК анықтамалығына сәйкес толтырылады. «Жеткізу мекенжайы» жолы қажет болған жағдайда жеткізудің соңғы мекенжайын нақтылау үшін қолмен енгізуге жатады (толтыруға міндетті емес алап). 

«Тауар» нысан түрлі сатып алу үшін бірнеше жеткізу орны бар болған кезде, әрбір жеткізу орны үшін «Саны, көлемі» жолын толтыру керек. «Тауар» сатып алу нысанының түрі үшін бірнеше жеткізу орны таңдалған кезде жүйе жеткізу орындары бойынша санның «Саны, көлемі» алабына тең болуын тексереді.

«Жұмыс» немесе «Қызмет» сатып алу нысан түрлі сатып алу үшін бірнеше жеткізу орны бар болған кезде жұмыстарды және қызметтерді жеткізудің әрбір орны бойынша проценттік мәнді көрсете отырып, «Саны, көлемі» жолын толтыру керек. Бірнешеуін таңдаған кезде жүйе «Саны, көлемі» жолдардағы қосынды мәні 1 (100 процент) құрауын тексереді.

 

Жеткізу орнын жою үшін  пиктограмманы басыңыз.

Барлық жолдар толтырылғаннан кейін деректерді сақтау үшін «Сақтау» батырмасын басыңыз.

Назар аударыңыз! Егер жоспар тармағында сатып алу мәнінің түрі «Жұмыстар» көрсетілген болса және жоспар тармағының сомасы 20 000 АЕК артық болса, Жүйе сатып алудың «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс», «Тікелей шарт жасау әдісімен бір көзден алу» тәсілін ғана таңдауға мүмкіндік береді.

Жоспар тармағы бойынша енгізілген деректерді сақтай отырып жоспардың жаңа тармағын құру нысанына өту үшін «Сақтау және жаңасын құру» батырмасын басыңыз.

Деректерді сақтамай алдыңғы мәзірге қайта оралу үшін «Кейін қарай» батырмасын басыңыз. 

 Жоспар тармағын көшіру, редакциялау және жою

Жоспар тармақтарымен жұмыс істеу үшін  пиктограммасын басыңыз.

Жоспар тармағын көшіру үшін ашылма тізімнен «Жоспар тармағын көшіру» әрекетін таңдаңыз

Жоспар тармағын редакциялау үшін түсірмелі тізімнен «Редакциялау» іс-әрекетін таңдаңыз. Редакциялау «Шимайжазба» мәртебесі бар жоспар тармақтары бойынша мүмкін болады.

Жоспар тармағын жою үшін түсірмелі тізімнен «Жоспар тармағын жою» әрекетін таңдаңыз.

Жоспардың бірнеше тармақтарын жою үшін жоспардың қажетті тармақтарын қанатшамен белгілеңіз және «Жою» батырмасын басыңыз

«Шимайжазба» мәртебесі бар жоспар тармағын ғана жоюға болады.

  • Нет меток