Skip to end of metadata
Go to start of metadata

Шартты Қазынашылықта тіркеу

 «Қазынашылықта тіркелген/Қазынашылықта тіркелмеген» белгісі

Мемлекеттік мекемелер үшін шарт Қазынашылық органдарда міндетті тіркеуді немесе Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 04 желтоқсандағы №540 «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» бұйрығымен, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №30 «Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген нормаларға сәйкес тіркелмеуді қарастырады.

Порталдағы шарттарда шарттың Қазынашылықта тіркелетін немесе тіркелмейтін мүмкіндігі қарастырылған, ол үшін «Шарт және келісу» қойындысындағы түсірмелі мәзірден төмендегі бір мәнді таңдау қажет:

-        Қазынашылықта тіркеумен;

-        Қазынашылықта тіркеусіз.

 «Қазынашылықта тіркеумен» белгісі таңдалған жағдайда (негізгі шартта 2.2, 2.5, 8.1 тармақтары, қосымша келісімде 1.2 және 1.4 тармақтар), жеке алғанда мәтін келесідей түрде бейнеленеді:

- 2.2 тармақта тауарлар/қызметтер үшін

- 3.2 тармақта жұмыстар үшін

«Шарт Қазынашылықтың аумақтық органында <____> жылға <Бағдарлама коды және атауы> бюджеттік бағдарлама бойынша, <Кіші бағдарлама коды және атауы> кіші бағдарламада, <Ерекшелік коды және атауы>- <ерекшелігі бойынша сома> (<ерекшелік бойынша сома жазбаша>) тенгемен,  <соның ішінде ҚҚС> /<ҚҚС ескерілмей>» тіркелуге тиісті

 

Ескертпе: ерекшелік бойынша ҚҚС сомасы бейнеленбейді, өтйкені ҚҚС соманың есептелуі шарттың жалпы сомасынан жүргізіліп, бөлікте бейнеленеді

Ескертпе: «Қазынашылықта тіркеусіз» белгісі таңдалған жағдайда, шартта Қазынашылыққа қатысты  мәтін алынады, «Қазынашылық» қойындысы жасырылып, жеке алғанда мәтін келесі түрде бейнеленеді:

- 2.2 тармақта тауарлар/қызметтер үшін

- 3.2 тармақта жұмыстар үшін

«Шарт  <____> жылға <Бағдарлама коды және атауы> бюджеттік бағдарлама бойынша, <Кіші бағдарлама коды және атауы> кіші бағдарламада, <Ерекшелік коды және атауы>- <ерекшелігі бойынша сома> (<ерекшелік бойынша сома жазбаша>) тенгемен,  <соның ішінде ҚҚС> /<ҚҚС ескерілмей>» қаржыландырылады.

Қол қойылғаннан кейін шарт «Басып шығаруға нұсқаны қалыптастыру» мәртебесіне ауысады, басып шығаруға шарт нұсқасын қалыпастырудан кейін «Қолданыста» мәртебеге өзгереді.

Шартты келісу рәсімі 3.7 тармаққа, қол қойю рәсімі 3.10 тармаққа, ал «Қолданыста» мәртебесіне ауыстырылуы 3.11 тармаққа сәйкес жүргізіледі.

Шығын ерекшелігі бойынша шарттың мәнін сипаттау

Шартты келісу кезде, Қазынашылықтың аумақтық бөлімшесінде шартты тіркеу, сонымен қатар шарт нысанының бір мағыналық сипаттамасымен бір ерекшелік бойынша шарттың бірнеше нысанды топтастыру мақсатында, мысалы: «Кеңсе тауарларын сатып алу», «Қоршауды орнату бойынша қызметтер», шығындардың экономикалық сыныпталуына (шығын ерекшелігінің атауы ЕМЕС) сәйкес жасалған шарттың нысаны көрсетілетін, шарт нысанының деректерін көрсету қажет.

Ол үшін «Қазынашылық» қойындысындағы «Шартты тіркеу ерекшеліктері» блогында редакциялау батырмасын басу қажет.

Редакциялау батырмасын басқанда, ерекшелік бойынша шарт нысанын сипатын толтыру нысаны ашылады:

Ескертпе: Ерекшелігі бойынша  шарттың нысанын сипаттаудың белгілер саны 240 белгіден аспау қажет – бұл талап платформаның шектеулі болғандықтан «Қазынашылық-Клиент» жүйесімен ұсынылған талабы.

Назар аударыңыз! Ерекшелігі бойынша пайдаланушымен енгізілген шарт нысанының сипаты «Шарт нысандары» бөлігінде шарттың мәтінінде бейнеленеді

Шартты Қазынашылықта тіркеуге жіберу

Шарттың «Тіркеуге жіберілуге дайын» мәртебеге ауысуында, «Қазынашылық қойындысына өтіп, «Қазынашылықта тіркеуге өтінімді құру» батырмасын басу қажет.

ЕСКЕРТУ: Қосымша келісімдер үшін тіркеуге өтінімді қалыптастыру шарттары:

- Егер шарт сомасы бойынша өзгерістер болса (ұлғаю/азаю). Шарт сомасы (ерекшелігі бойынша сома) азайған жағдайда, тіркеуге өтінім нақты төлемдер болған жағдайды қоспағанда, толық сомаға қайта жіберіледі. Шарт сомасы (ерекшелік бойынша сома) ұлғайған жағдайда, тіркеуге өтінім айырмаға жіберіледі;

- Егер негізгі шартта немесе алдыңғы қосымша келісімде нақты сомалар (ерекшелік бойынша нақты сомалар) енгізілсе, онда өтінімді (осы ерекшелік бойынша өтінімді! қалыптастыру кезінде өтінім сомасынан нақты төлемдер алынады.

- Егер банк деректемелері немесе ЕБК кодтары өзгерсе, онда өтінімдер (ерекшеліктер бойынша өтінімдер) жаңа деректермен қайта жіберіледі. Банк деректемелері өзгерген жағдайда өтінім толық сомаға жіберіледі, ЕБК өзгерген жағдайда, өтінім бұрынғы және жаңа ерекшеліктер бойынша нақты сома шегеріле отырып жіберіледі.

Басқаша айтқанда, егер қосымша келісімде өтінімнің сомасы (ерекшелік сомасы), банк деректемелері, ЕБК кодтары бойынша өзгерістер болмаса және алдыңғы шартта/қосымша келісімде нақты төлемдер болмаса, тіркеуге өтінім қалыптастырылмайды. Өтінім өзгертілген деректер бойынша ғана қалыптастырылады.

 

МАҢЫЗДЫ! Өтінімді қалыптастыру батырмасын басқанынан кейін, жүйе өтінімді қалыптастыру үшін деректерді қалыптастырады және «Қазынашылық-клиент» жүйесіне жіберуге сауалды туындатады

Сәтті тексеруден өтіп, сауалды қабылдағаннан кейін жүйе «Өнделуде» мәртебесін бейнелейді.

Бұл сатыда өтінім Қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне (ҚАБ) жіберілмеді, ол Тапсырыс беруші ұйымының бухгалтерінде болып, бұл кезде іс-әрекеттерді ол «Қазынашылық-Клиент» АЖ орындау қажет.

АҚМ тіркеуге өтінімді өңдеу бөлігінде «Қазынашылық-Клиент» АЖ-да бухгалтердің жұмысы бойынша нұсқаулық Қазынашылық комитетінің сайтында «Ақпараттық жүйелер»-  «ММ үшін АҚМ тіркеуге өтінім. 7.0 нұсқасы» бөлікте орналастырылған  (http://www.kazyna.gov.kz/index.php/ru/component/users/?view=login&return=aHR0cDovL3d3dy5rYXp5bmEuZ292Lmt6L2luZGV4LnBocC9ydS9pbmZvcm1hdHNpb25ueWUtc2lzdGVteS9ydWtvdm9kc3R2by1wb2x6b3ZhdGVseWE=).

 «Қазынашылық-Клиент» АЖ-да өтінімді әрі қарай қалыптастыру және өңдеу бизнес-процессінің қысқаша сипатталуы

 

1        Бухгалтер «Қазынашылық-Клиент» АЖ жүйесіне кіреді, өтінімге қол қояды және ұйымның директорына жібереді.

2        Директор «Қазынашылық-Клиент» АЖ жүйеге кіреді, бухгалтерден алған өтінімге қол қояды.

3        Қол қойылған  өтінім АҚО-ға түседі.

4        АҚО маманы өтінімді бекітеді, одан кейін өтінім Қазынашылықтың ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінде (ҚЫАЖ) құрылады.

5        АҚО маманы ҚЫАЖ жүйесінде өтінімді бекітеді, одан кейін өтінім өңделген деп есептеледі.

«Қазынашылық-Клиент» АЖ жүйесінде сауал сәтті өңделуден өткеннен кейін, сауал мәртебесі Порталда «Тіркелді» дегенге өзгеріп, шарттың мәртебесі «Қолданыста» дегенге ауысады. Сондай-ақ шартты жасасу күні автоматты түрде белгіленеді, ол «Қазынашылық-Клиент» АЖ-да  өтінімді тіркеу күніне сәйкес келетін болады.   

Сәтсіз тексеруден кейін жүйе қате сипатымен «Бас тартылды» мәртебесі бейнеленеді

Тіркеуден бас тарту себептері және қателер:

1)                 Егер сауал жіберуде қате көрсетілсе, мысалы: «ҚК АЖ ішкі проблемасы», онда сауалды қайталап жіберу қажет.

2)                 Егер нақты себептері көрсетіліп, қате көрсетілсе, мысалы «000151, 000169 ерекшеліктері бойынша АҚО-да тіркеуге өтінімді қалыптастыру мүмкін емес», «Қаржыландыру көзі – сіздің мемлекеттік ұйымыңызға рұқсат етілмеді», онда  шарттың келісуін кері шақыртып, одан кейін қол жетімді сәйкесінше өзгерістерді енгізіп, шартты келісу, қалыптастыру, қол қойып, өтінімді тіркеуге қайта жіберу қажет. Егер тіркелуі қажет болмаса, онда белгісін «Қазынашылықта тіркеусіз» дегенге өзгерту қажет. (2.10.1 «Қазынашылықта тіркеу/Қазынашылықта тіркеусіз» белгісі).

 

Ескертпе: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №30 «Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес  000151, 000169 ерекшелікті шарттар Қазынашылық органдарда тіркелмейді. Егер «Қазынашылық-Клиент» АЖ-ға тіркеуге өтінімді қалыптастыру сауалы жіберілсе, жүйе «000151, 000169 ерекшеліктері бойынша АҚО-да тіркеуге өтінімді қалыптастыру мүмкін емес» қатені қайтарады.

МАҢЫЗДЫ: 100 АЕК-тен кем шарт Қазынашылыққа тіркелуге жіберілмейді. Егер шарт сомасы 100 АЕК-тен аспаса тапсырыс берушіге «Қазынашылықта тіркеусіз» белгісін таңдау қажет болса. Осындай шартты қателесіп жіберген жағдайда Қазынашылық шарттың тіркелуінен бас тартады.

МАҢЫЗДЫ: Қосымша келісім жасаған кезде тіркеуге өтінімде кассалық шығыстарды, яғни нақты төлемдерді шегергендегі сома жазылады. Егер өтінім сомасындағы нақты төлемді шегергенде ерекшелік бойынша 0 (нөл) қалыптасса, онда өтінім қалыптастырылмайды.

Ескертпе: Реквизиттерді өзгерту қосымша келісімін құру кезде, егер банкілік реквизиттер және тапсырыс беруші мен өнім жеткізушінің мекенжайы өзгермесе, онда жүйе автоматты түрде «Қазынашылықта тіркеусіз» белгісін анықтайды, атап айтқанда осындай шарт тіркеуге жатпайды.Бұзу қосымша келісімін құру кезде, жүйе автоматты түрде «Қазынашылықта тіркеусіз» белгісін анықтайды, бұл шартты жабу рәсімін жүргізу үшін АҚО-ға қағаз жүзінде шартты алып келу қажет.


Ақша алушы мем. кірістер органдары (өнім беруші емес) болып табылатын шарттар бойынша ақша алушының деректемелерін қосу 

Ақша алушы мем. кірістер органдары болып табылатын шарттарды Қазынашылыққа жіберу үшін, Тапсырыс берушіге «Жоба» мәртебесі бар шартт ақша алушының деректемелерін көрсету талап етіледі. Ақша алушының деректемелерін толтыру төмендегі шарттарды сақтаған кезде қолжетімді: 

-        Шартта тараптардың екеуі де (Тапсырыс беруші және Өнім беруші) мемлекеттік мекемелер болып табылады; 

-        Шарт бойынша сатып алуды жүзеге асырудың іс жүзіндегі тәсілі - «Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу»  

-         бұл ретте тәсілді қолдану негізі «39-баптың 3-т. 52 тт.  ұлттық қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары үшін, сондай-ақ құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін байланыс қызметтерін сатып алу» немесе «39-баптың 3-т. 44 тт. мемлекеттік музей, кітапхана, архив қорларын, кино-, фотоқорын және өзге де осыған ұқсас қорларды толықтыруға арналған тарихи, көркемдік немесе өзге де мәдени маңызы бар мәдени құндылықтар болып табылатын тауарларды, оның ішінде музей заттары мен музей коллекцияларын, сондай-ақ көшірмелерін қоса алғанда, сирек кездесетін және құнды басылымдарды, қолжазбаларды, архив құжаттарын сатып алу»;

-        Шарт бойынша жоспар тармағында 152 не 159 ерекшелік көрсетілген. Жоспар тармағында 152 және 159-ден басқа да  ерекшеліктер көрсетілсе, «Ақша алушының деректемелері» батырмасы көрсетілмейді.  

Жоғарыда көрсетілген талаптарды сақтаған  жағдайда,  мемлекеттік мекеме болып табылатын Өнім берушіні таңдағаннан кейін Жүйе шарт жасасу нысанын «үлгілік емес» деп, Қазынашылықта шартты тіркеу белгісін «Қазынашылықта тіркеумен» деп өзгертеді. 

Мемлекеттік мекеме болып табылатын Өнім берушіні қосқаннан кейін Жүйе «Ақша алушының деректемелері» жолағын көрсетеді. 

Алушыны таңдау мем. кірістер органдары анықтамалығынан жүзеге асырылады, таңдалған мәнді сақтау талап етіледі. 

Ақша алушыны сақтағаннан кейін Жүйе төменде берілген кестеге сәйкес «Ақша алушының деректемелері» нысаны жолағын автоматты түрде толтырады. 

  1-кесте – Ақша алушының деректемелерін толтыру нысаны жолақтарының құрамы 

Р/с №  

Жолақ атауы

Сипаттамасы

1

Ақша алушының атауы 

Таңдалған ақша алушыға сәйкес Жүйе автоматты түрде толтырады.

2

Ақша алушының БСН-і 

Таңдалған ақша алушыға сәйкес Жүйе автоматты түрде толтырады.

3

Ақша алушының ЖСК

Үндемеуі бойынша   KZ24070105KSN0000000 мәнін Жүйе автоматты түрде толтырады.

4

Банктің БСК

Үндемеуі бойынша   KKMFKZ2A мәнін Жүйе автоматты түрде толтырады.

5

Банктің атауы

Үндемеуі бойынша   "ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ КОМИТЕТІ» РММ  мәнін Жүйе автоматты түрде толтырады.

 

Назар аударыңыз! Қазынашылықта тіркеуге өтінім жіберген кезде Жүйе Өнім берушінің деректемелерінің орынан ақша алушының деректемелерін жібереді.  

Тіркеу туралы мәліметтерді қолмен енгізу

 

Егер шарт бейрезидентпен жасалса (мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркеу жоқ) немесе 2019 жылдан бұрын жасалған көпжылдық шартты ұзартуға арналған қосымша келісім тіркеуден өткен жағдайда Жүйе шарттарды тіркеу туралы деректерді Қазынашылықта қолмен енгізуге мүмкіндік береді.

Деректерді енгізу үшін «Қазынашылық» қосымша парақшасына өту қажет.

 


«Шарт Қазынашылықта тіркелді» түймесі (тіркеу туралы деректерді толтыру) шарт «Тіркеуге жолдауға дайын»  статусына өткеннен кейін көрсетіледі. Егер Пайдаланушы атылған батырманы белсенді еткен жағдайда Жүйе келесі терезені ашады:

 


Деректерді енгізу нысанындағы барлық жиектер міндетті болып, толтырғаннан кейін сақтау қажет болады. Деректер сәтті сақталған жағдайда шарттың статусы «Әрекет етедіге» өзгереді, басқа жағдайда Жүйе қатені көрстедеді.


  • No labels