Дерево страниц
Перейти к концу метаданных
Переход к началу метаданных

 Басып шығару нысанын бұқаралық тексеру сілтемесімен қалыптастыру

Тапсырыс беруші және Өнім жеткізуші тарапынан шартқа қол қойғаннан кейін шартты қарау нысанында «Шарт және келісу» қойындысында («Шарт» ішкі қойындысы) «Басып шығару үшін нұсқаны қалыптастыру» батырмасы қолжетімді болады. Қол қойған ЭЦҚ туралы ақпаратты қарау үшін «Көрсету» батырмасына басу қажет.

«Басып шығару үшін нұсқаны қалыптастыру» батырмасын басқаннан кейін шарт қалыптастырылғаны туралы хабарлама бейнеленеді. Қазынашылықта тіркеумен шарттың мәртебесі «Тіркеуге жіберуге дайын» дегенге өзгереді, Қазынашылықта тіркеусіз шарт үшін «Қолданыста» деп ауысады. «Басып шығару үшін нұсқа» бөлігінде PDF форматында қалыптастырылған файл орналастырылған, қарау және жүктеу үшін белсенді сілтемеге басу керек. Қарап шығу және жүктеу үшін белсенді сілтемені басу қажет.

Басып шығу нұсқасында:

Тараптар реквизиттері

Сатып алатын тауарлар (жұмыстар/қызметтер) тізбесі

Құжатты тексеруге арналған сілтеме.

АҚО Қазынашы аталған сілтеме бойынша сәйкестендіру бойынша шартты және қол қойған тараптардың ЭЦҚ бойынша ақпаратты тексере алады.

Қазынашылықта тіркеу үшін  басып шығаруға арналған нұсқаны басып шығару қажет («Шарт» бөлігінде тіркелген файлдың өзін типтік емес шарт үшін, және «Басып шығаруға арналған нұсқасы және қосымша ақпарат» бөлігінде орналасқан сілтеме бойынша, артқы жағында шарт туралы қосымша ақпаратты басып шығару қажет).

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

«Қазынашылық-Клиент» АЖ жүйелері мен «Электрондық мемлекеттік сатып алу» ҚЫАЖ ықпалдастырылған жүйелерін тестілеу бойынша техникалық жұмыстарын, сонымен қатар веб-порталы көмегімен қазынашылық органдарына тіркеуге жасалған шарттарды жіберу бойынша функционалын пайдалануға қосу үшін нормативтік құқықтық базасын дайындау үшін, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келесідей шешім қабылданды:

Уақытша, аталған жүйелердің ықпалдастырылуына дейін, веб-порталда жасалған және қазынашылық органдарында тіркелуге тиісті мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды (шарттарға қосымша келісімдер) басып шығарып, мемлекеттік мекеменің басшысы қол қойып және мөрімен растап, одан кейін тіркеуге   «Қазынашылық-Клиент» АЖ арқылы қазынашылық органдарына немесе қағаз жүзінде жіберу қажет.

Бұл кезде, веб-порталда шарттың жасалу шынайылығы, жүйемен жасалған электрондық шартқа бірегей коды меншіктелу арқылы анықталатынын атап кетеміз.

 

  • Нет меток