Дерево страниц
Перейти к концу метаданных
Переход к началу метаданных

Шартты мерзімнен бұрын тоқтату және бұзу

«Қолданыста» мәртебесімен шартты біржақты бұзу және хабарлама жіберу  

«Қолданыста» мәртебесімен шартты біржақты бұзу үшін Тапсырыс берушіге  шартты біржақты тәртіпте бұзу жоспарланып отырған  шартты таңдау қажет. Бұдан әрі «Шартты біржақты бұзу» қосымша бетіне өту керек. 

Ашылған қосымша бетте міндетті жолдарды толтыру қажет: 

-        «Негіз» жолында шартты бұзу негізін таңдау. Негіздер тізімі Шартты біржақты бұзу үшін себептер анықтамалығы кестесінде берілген;

-        «Өнім берушіге хабарлама» жолында  «Қолданыста» мәртебесімен шартты бұзу туралы себепті/мақсатты толтыру.  

Бұдан әрі «Жіберу» батырмасын басу қажет. 

Оны одан әрі орындау мақсатқа сай болмауына байланысты көрсетілетін қызметтер шартын бұзу

Кесте - «Қолданыста» мәртебесімен шартты біржақты бұзу үшін себептер анықтамалығы.   

Мәні

Ескертпе

МС туралы Заңның 12-бабы 4-т., 3 тт. көзделген шектеулерді бұзушылық

Тауарлар, Жұмыстар, Көрсетілетін қызметтердің үлгілік шарты

МС туралы Заңның 43-бабы 19-т., 4 тт. көзделген шектеулерді бұзушылық

Тауарлар, Жұмыстар, Көрсетілетін қызметтердің үлгілік шарты

Заңды күшіне енген сот актісі бойынша

Тауарлар, Жұмыстар, Көрсетілетін қызметтердің үлгілік шарты

Өнім берушінің шартты орындаудан бас тартуы бойынша

 

Тауарлар, Жұмыстар, Көрсетілетін қызметтердің үлгілік шарты

Жұмыстарды орынлдау мерзімін бірнеше рет бұзғаны үшін жұмыстар шартын бұзу

Жұмыстардың үлгілік шарты

«Жіберу» батырмасын басқаннан кейін, Жүйе өнім берушіге хабарлама жібереді. 

Өнім берушіге хабарлама жібергеннен кейін, Жүйе шартты біржақты бұзу себебін тексереді: 

1.   МС туралы Заңның 12-бабы 4-т., 3  тт. көзделген шектеулерді бұзушылық, МС туралы Заңның 43-бабы 19-т., 4 тт. көзделген шектеулерді бұзушылық негіздерін қоспағанда, шарттың «Қолданыста» мәртебесімен шартты біржақты бұзу негізі» кестесінде берілген кез келген негіз таңдалса, шартты біржақты бұзу әрекеттеріне сипаттама.

1.1. Жүйе мынадай хабарламаны көрсетеді: Бұл шарт бойынша Өнім берушіге шартты біржақты бұзу туралы хабарлама (хабар) жіберілді.
«Бұзу» әрекеті Өнім беруші хабарламамен танысқан кезде қолжетімді болады.

1.2. Өнім беруші хабарламамен танысқаннан кейін, Жүйе  «Бұзу себебі» жолын, файлды қоса тіркеу және «Бұзу» батырмасын (өнім беруші танысқанша, бұл батырмалар қолжетімді болмайды) көрсетеді. Бұдан әрі төменде 4-тармақта берілген әрекеттер орындалады.  

 

2. Егер шарттың «Қолданыста»  мәртебесімен шартты біржақты бұзу негізі» кестесінде берілген негіз, атап айтқанда МС туралы Заңның 12-бабы 4-т., 3  тт. көзделген шектеулерді бұзушылық  таңдалса, шартты біржақты  бұзу әрекеттерінің сипаттамасы 

2.1.  Жүйе мынадай хабарламаны көрсетеді: Бұл шарт бойынша Өнім берушіге шартты біржақты бұзу туралы хабарлама (хабар) жіберілді.
Өнім беруші хабарламамен танысқан жағдайда «Бұзу» әрекеті қолжетімді болады {күні}.  
Бұзу әрекетінің күшін жою қажет болған жағдайда, «Бұзу туралы хабарламаны кері  шақырып алу» әрекетін орындаңыз. Хабарламаны кері шақырып алған жағдайда, шартты біржақты бұзу қажет болғанда, Өнім берушіге хабарламаны қайтадан жіберу қажет болады және шартты бұзу функционалын көрсету үшін уақытты есептеу  Өнім берушіге хвбарламаны қайтадан жіберген күннен бастап есептелетін болады. 

2.2. Егер сатып алу мәнінің түрі «тауар» болса, Жүйе Өнім беруші хабарламамен танысқан жағдайда, Өнім берушіге шартты бұзу туралы хабарламаны жіберген сәттен бастап 15 күнтізбелік күн өткеннен кейін «Бұзу себебі» жолын, файлды қоса тіркеу және «Бұзу» батырмасын көрсетеді.  

2.3. Егер сатып алу мәнінің түрі «жұмыс» немесе «қызмет» болса, Жүйе Өнім беруші хабарламамен танысқан жағдайда, Өнім берушіге шартты бұзу туралы хабарламаны жіберген сәттен бастап 30 күнтізбелік  күн өткенен кейін «Бұзу себебі» жолын, файлды қоса тіркеу және «Бұзу» батырмасын көрсетеді.  

 Ескертпе: Бұзу туралы хабарламаны жібергеннен кейін Өнім беруші хабарламамен танысқаны немесе таныспағаны, сондай-ақ «Бұзу» әрекеті қашан қолжетімді болатыны туралы ақпарат көрсетіледі.  

3. Егер шарттың «Қолданыста»  мәртебесімен шартты біржақты бұзу негізі» кестесінде берілген негіз, атап айтқанда МС туралы Заңның 43-бабы 19-т., 4 тт. көзделген шектеулерді бұзушылық  таңдалса, шартты біржақты  бұзу әрекеттерінің сипаттамасы  

3.1.  Жүйе мынадай хабарламаны көрсетеді: Бұл шарт бойынша Өнім берушіге шартты біржақты бұзу туралы хабарлама (хабар) жіберілді. «Жасасудың күшін жою/біржақты бұзу» әрекеті хабарлама жіберген күннен бастап  ___ күнтізбелік күн өткеннен кейін қолжетімді болады. Бұзу әрекетінің күшін жою қажет болғанда, «Шартты бұзуды кері шақырып алу» әрекетін орындаңыз.      

 Хабарламаны кері шақырып алған жағдайда, шартты біржақты бұзу қажет болғанда, Өнім берушіге хабарламаны (хабарды)  қайтадан жіберу қажет болады және шартты бұзу функционалын көрсету үшін уақытты есептеу  Өнім берушіге хабарламаны (хабарды) қайтадан жіберген күннен бастап есептелетін болады.   

3.2. Жүйе Өнім беруші хабарламамен танысқан жағдайда, Өнім берушіге шартты бұзу туралы хабарламаны жіберген сәттен бастап күнтізбелік 3 жұмыс күні өткеннен кейін «Бұзу себебі» жолын, файлды қоса тіркеу және «Бұзу» батырмасын көрсетеді.  

4. 1 не 2 не 3 тармақта берілген шарттарды орындағаннан кейін бұдан әрі Тапсырыс берушіге «Бұзу себебі» жолын толтыру, міндетті файлды қоса тіркеу және «Бұзу» батырмасын басу қажет. 

«Бұзу» батырмасын басқаннан кейін,   Жүйе:    

4.1. Қазынашылықта тіркеумен белгі бар ма екенін тексереді.

4.1.1.  Егер қазынашылықта тіркеумен белгі бар болса. 

4.1.1.1 Жүйе шарттың мәртебесін «Шартты бұзуды күту» деп өзгертеді. 

4.1.1.2. Жүйе «е-Қаржымині» ИААЖ ДҚ-да бұзу мәртебесін тексереді. 

4.1.1.3 Жүйе мынадай әрекеттерді орындайды:   

-                   «Шарт жасасудан/біржақты бұзудан бас тарту себебі» жолының мәнін сақтайды;

-                   Шарт мәртебесін «Біржақты тәртіпте бұзылды» деп өзгертеді;

-                   өнім берушіге хабарлама жібереді;

-                   келісудегі өзгерістерді тіркейді.

4.1.2. Егер қазынашылықта тіркеумен белгісі болмаса 

4.1.2.1. Жүйе мынадай әрекеттерді орындайды:

-                   «Шарт жасасудан/біржақты бұзудан бас тарту себебі» жолының мәнін сақтайды;

-                   Шарт мәртебесін «Біржақты тәртіпте бұзылды» деп өзгертеді;

-                   өнім берушіге хабарлама жібереді;

-                  келісудегі өзгерістерді тіркейді.

4.2. Жүйе шартта іс жүзіндегі төлемдердің болуын тексереді. 

4.2.1.  Егер төлемдер болмаса, Жүйе жоспар тармағының мәртебесін «Орындалмады. Төолемдер жоқ» деп өзгертеді. Қайтадан сатып алу үшін жоспар тармағы қолжетімді болады. 

4.2.2.  Егер төлемдер бар, бірақ шарт сомасы тең емес болса, онда жоспар тармағының мәртебесін «Ішінара орындалды» деп өзгертеді.  

4.2.3.  Егер шарт бойынша толық төлемдер болса, онда жоспар тармағының мәртебесіне «Орындалды» деп өзгертеді. 

4.3. Жүйе «Бұзу» бастырмасына басқан кезде Шартта «Тапсырыс берушіде келісілуде» немесе «Тапсырыс берушіде қол қойылуда» статусы бар актілердің болуын тексеруді жүзеге асырады. Шартта жоғарыда көрсетілген статустары бар актілер болған жағдайда, Жүйе шартты бұзу рәсімін орындауға мүмкіндік бермейді және қатені көрсетеді. Тапсырыс берушіге осы актілерді бекіту немесе осы актілерді қабылдаудан бас тарту ұсынылады.


Шартта «жоба», «өнім берушіде қол қойылуда», «қабылдаудан бас тартылды» және «бекітілді» статустарындағы актілер болған кезде, Жүйе Шартты бұзуға (хабарлама жіберуге) мүмкіндік беруге тиіс.

 Назар аударыңыз! Жүйе шартты біржақты бұзу туралы хабарламаны кері шақырып алуға мүмкіндік береді. Шартты біржақты бұзуды кері шақырып алу үшін, «Шартты біржақты бұзу» қосымша бетінде «Шартты бұзу туралы хабарламаны кері шақырып алу» батырмасын басу қажет.   

Шартты біржақты бұзуды кері шақырып алғаннан кейін, Жүйе кері шақырып алынған хабарламалар тарихын көрсетеді. 

Назар аударыңыз! Шартты біржақты бұзуды кері шақырып алғаннан кейін, Жүйе шартты біржақты бұзу туралы хабарлама жіберуге және шартты бұзу әрекетін жасауға мүмкіндік береді. 

Назар аударыңыз! Егер сатып алу мәнінің түрі «Жұмыс» шарты бойынша шартты біржақты бұзу үшін негізге МС туралы Заңның 12-бабы 4-т. 3 тт. таңдалса,  шартты біржақты бұзуды кері шақырып алу, одан соң Өнім берушіге бұзу туралы қайтадан хабарлама (хабар) жіберу кезінде Жүйе екі негізді ғана таңдауға мүмкіндік береді:  

  1. «МС туралы Заңның 12-бабы 4-т., 3  тт. көзделген шектеулерді бұзушылық»;
  2. «Жұмыстарды орындау мерзімін бірнеше рет бұзғаны үшін жұмыстар шартын бұзу».

Егер 2. «Жұмыстарды орындау мерзімін бірнеше рет бұзғаны үшін жұмыстар шартын бұзу» негізі таңдалса, онда Жүйе «Жасасудың/біржақты бұзудың күшін жою» әрекетін бірден көрсетеді. 

Назар аударыңыз! Егер сатып алу мәнінің түрі «Тауар» /  «Қызмет» болса, шарт бойынша шартты біржақты бұзу кері шақырып алынған жағдайда, хабарламаны (хабарды) қайтадан жіберген кезде, Жүйе таңдалған негізді есте сақтап қалады  және шартты қайтадан біржақты бұзу кезінде өзге негізді таңдауға мүмкіндік бермейді. 

Назар аударыңыз! Шартты біржақты бұзу негізіне МС Заңның 43-бабы 19-т. 4 тт. таңдаған кезде, Жүйе «Біржақты тәртіпте бұзылды» мәртебесімен екінші үміткермен  шарт жасасуға мүмкіндік береді.  

Назар аударыңыз! МС туралы Заңның 12-бабы 4-т. 3 тт. негізімен  шартты бұзу туралы Өнім берушіге хабарлама (хабар) жібергеннен кейін, Жүйе актілерді құру/келісу/бекіту/қоса тіркеу бойынша ғана әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді.  

 Назар аударыңыз! Егер шарттың әрекет ету мерзімі ағымдағы жылғы 31 желтоқсан болса, онда негізге МС туралы Заңның 121-бабы 4-т. 3 тт. с таңдағанда, шартты біржақты бұзған кезде Жүйе мыналарды тексереді: 

  1. «Жұмыс» сатып алу мәнінің түрі үшін: егер Өнім берушіге шартты бұзу туралы хабарлама (хабар) жіберген күннен бастап ағымдағы жылғы 31 желтоқсанға дейін 60 күнтізбелік күннен аз қалса, онда «Жасасудың/біржақты бұзудың күшін жою» әрекетін ағымдағы жылғы 20 желтоқсанда көрсетеді. 
  2. «Тауар» / «Қызмет» сатып алу мәнінің түрі үшін:  егер Өнім берушіге шартты бұзу туралы хабарлама (хабар) жіберген күннен бастап ағымдағы жылғы 31 желтоқсанға дейін 30 күнтізбелік күннен аз қалса, онда «Жасасудың/біржақты бұзудың күшін жою» әрекетін ағымдағы жылғы 20 желтоқсанда көрсетеді.    

Шартты әрекет ету мерзімі ағымдағы жылғы 31 желтоқсанға тең болмаған жағдайда:    

  1. «Жұмыс» сатып алу мәнінің түрі үшін: егер Өнім берушіге шартты бұзу туралы хабарлама (хабар) жіберген күннен бастап ағымдағы жылғы 31 желтоқсанға дейін 60 күнтізбелік күннен аз қалса, онда «Жасасудың/біржақты бұзудың күшін жою» әрекеті «Шарттың әрекет ету мерзімі» жолында көрсетілген датада қолжетімді. 

Тауар» / «Қызмет» сатып алу мәнінің түрі үшін:   егер Өнім берушіге шартты бұзу туралы хабарлама (хабар) жіберген күннен бастап ағымдағы жылғы 31 желтоқсанға дейін 30  күнтізбелік күннен аз қалса, онда «Жасасудың/біржақты бұзудың күшін жою» әрекеті «Шарттың әрекет ету мерзімі» жолында көрсетілген датада қолжетімді.  

Назар аударыңыз! Негізге МС туралы Заңның 43-бабы 19-т. 4 тт.  таңдалған және  Өнім берушіге шартты бұзу туралы хабарлама (хабар) жіберу күні ағымдағы жылғы 20 желтоқсаннан кеш немесе тең болған жағдайда, Жүйе Өнім берушіге хабарламаны (хабарды) жіберген күні «Жасасудың/біржақты бұзудың күшін жою» әрекетін көрсетеді. 

 «Шарт жобасы», «Өнім берушіге келісуге жіберілді», «Тапсырыс берушіде қолтаңба қоюда», «Тіркеуге жіберуге дайын», «Тапсырыс берушіге келісуге жіберілді», «Басуға арналған нұсқасын қалыптастыру», «Өнім берушіде қолтаңба қоюда» мәртебесімен шарт жасасудың күшін жою  

«Шарт жобасы», «Өнім берушіге келісуге жіберілді», «Тапсырыс берушіде қолтаңба қоюда», «Тіркеуге жіберуге дайын», «Тапсырыс берушіге келісуге жіберілді», «Басуға арналған нұсқасын қалыптастыру», «Өнім берушіде қолтаңба қоюда» мәртебесімен шарт жасасудың күшін жою  үшін Тапсырыс берушіге қажет шартты таңдап, «Шарт жасасудың күшін жою» қосымша бетіне өту қажет.   

Ашылған қосымша бетте «Негіз», «Себеп» дегенді толтырып, «Жіберу» батырмасын басу керек. 

Назар аударыңыз! Шарт жасасудың күшін жою негіздері «Шарт жасасудың күшін жою себептерінің анықтамылығы» кестесінде берілген.   

«Жіберу» батырмасын басқаннан кейін: 

  1. Жүйе шарт мәртебесін «Жасасылмады» мәртебесіне ауыстырады және екінші үміткермен шартты құру үшін фукнционалды көрсетеді. 
  2. 2.     Жүйе  жоспар тармағының мәртебесін «Шарт жасасылмады» мәртебесіне ауыстырады. 

Кесте  – Шарт жасасудың күшін жою себептерінің анықтамылығы

Мәні

Ескертпе

МС туралы Заңның 6-бабы 1-т. 3 тт. көзделген шектеулерді бұзушылық

Тауарлар, Жұмыстар, Көрсетілетін қызметтердің үлгілік шарты

МС туралы Заңның 6-бабы 1-т. 4 тт. көзделген шектеулерді бұзушылық

Тауарлар, Жұмыстар, Көрсетілетін қызметтердің үлгілік шарты

МС туралы Заңның 6-бабы 1-т. 5 тт. көзделген шектеулерді бұзушылық

Тауарлар, Жұмыстар, Көрсетілетін қызметтердің үлгілік шарты

МС туралы Заңның 6-бабы 1-т. 6 тт. көзделген шектеулерді бұзушылық

Тауарлар, Жұмыстар, Көрсетілетін қызметтердің үлгілік шарты

МС туралы Заңның 6-бабы 1-т. 7 тт. көзделген шектеулерді бұзушылық

Тауарлар, Жұмыстар, Көрсетілетін қызметтердің үлгілік шарты

МС туралы Заңның 6-бабы 1-т. 9 тт. көзделген шектеулерді бұзушылық

Тауарлар, Жұмыстар, Көрсетілетін қызметтердің үлгілік шарты

МС туралы Заңның 6-бабы 1-т. 10 тт. көзделген шектеулерді бұзушылық

Тауарлар, Жұмыстар, Көрсетілетін қызметтердің үлгілік шарты

МС туралы Заңның 6-бабы 2-т.  көзделген шектеулерді бұзушылық

Тауарлар, Жұмыстар, Көрсетілетін қызметтердің үлгілік шарты

МС туралы Заңның 6-бабы 3-т.  көзделген шектеулерді бұзушылық

Тауарлар, Жұмыстар, Көрсетілетін қызметтердің үлгілік шарты

МС туралы Заңның 6-бабы 1-т. 2 тт. көзделген шектеулерді бұзушылық

Тауарлар, Жұмыстар, Көрсетілетін қызметтердің үлгілік шарты

 

«Шарт жобасы», «Өнім берушіге келісуге жіберілді», «Тапсырыс берушіде қолтаңба қоюда», «Тіркеуге жіберуге дайын», «Тапсырыс берушіге келісуге жіберілді», «Басуға арналған нұсқасын қалыптастыру», «Өнім берушіде қолтаңба қоюда» мәртебелерінің біреуімен шарт жасасудың  күшін жойғаннан кейін пайдаланушыға «Шарт жасасудың күшін жою» қорсымша бетінде «Жасаспауды кері шақырып алу» әрекеті қолжетімді болады. 

Жүйе әрекетті растауды сұрайды. 

Жасаспаудың күшін жойғаннан кейін жасаспау туралы бұрын жіберілген хабарлама  архивке өтеді және шарт жасасудың күшін жоюды қайтадан жасау мүмкіндігі бар. Шарттың мәртебесі «Жасасылмады» дегеннен «Шарт жобасы» дегенге ауысады. 


Өзара келісім бойынша шартты бұзу

1)   Аналық шартта ерекшеліктер мен жеткізу орындары бойынша нақты төлемдердің фактісі бойынша үлестіру теңдігін (егер осындай тексеруден өтпесе, төлемдерді тексеру қажет):

-                  1-ші тексеру. Шарт нысанының нақты төлемдер сомасы жеткізу орындары бойынша нақты төлемдер сомасына тең болу  қажет (шарттың әрбір нысаны бойынша);

-                  2-ші тексеру. Шарт нысанының нақты төлемдер сомасы ерекшеліктер бойынша нақты төлемдер сомасына тең болу қажет, егер ұйым мемлекеттік мекем болып табылса (шарттың әрбір нысаны бойынша);

-                  3-ші тексеру. Шарт бойынша нақты төлемдер сомасы шарттың барлық  нысандары бойынша нақты төлемдер сомасына тең болу қажет.

2)      Шарттың орындалуына:

-          нақты төлемнің сомасы шарттың сомасынан аз болуы тиіс

егер бұл тексеруден өтпеген жағдайда, аналық шарттағы төлемдерді тексеру қажет, дұрыс болмаған жағдайда төлемдер туралы деректерді түзету, немесе шартты орындау

Егер тексеруден өтпесе, «Қосымша хабарламалар» қойындысында жүйе қателер туралы ақпараттық хабарламаларды немесе ескертулерді бейнелейді

МАНЫЗДЫ! «Бұзу» негіздемесін таңдау кезде, басқа негіздемелерді таңдау рұқсат етілмейді. Шартты бұзуға қосымша келісімде төлемдерді жасау рұқсат етілмейді. Шартты орындау бойынша барлық нақты төлемдерді ағымдағы жылда енгізу қажет.

Егер барлық тексерулер өткізілсе, онда пайдаланушыға «Қосымша келісімді жасау» басу қажет (2.24 Қосымша келісімді құру), одан әрі барлық тараптармен осы қосымша келісімді келісу және қол қою қажет.

МАҢЫЗДЫ: Қосымша келісімді құру кезде жүйе аналық шарттан нақты төлемдерді көшіруді орындайды. Қосымша келісімді құрғаннан кейін, аналық шартта төлемдерді толтыруға және түзетуге болмайды.

Қосымша келісім мәтіні бар нысанда шартты бұзудың міндетті тармақтары бар, сонымен қатар мәтінде бұзудың ерекше шарттарын бейнелеуге арналған жаңа тармақтарды қосу мүмкіндігі бар.

Шартты бұзуға қосымша келісімге қол қойғаннан кейін, мәртебесі «Тараптар келісімен бұзылды» (Шартты Қазынашылықта тіркеу белгісі  бар болған жағдайдалардан басқа) өзгереді, бұл кезде жүйе шарт жоспарының тармақтары мәртебелерін төмендегідей жаңартады:

  • Егер төлемдер жоқ болса, онда жоспар тармағының мәртебесі  «Шарт жасалмады. Төлемдер жоқ» деп өзгереді.
  • Егер  5 шарт нысаны сомасына тең емес төлемдер болған жағдайда, онда жоспар тармағының мәртебесі «Шарт жартылай орындалды деп өзгереді.
  • Егер шарт нысаны бойынша толық төлемдер бар болса, онда жоспар тармағының мәртебесі «Орындалды» дегенге өзгереді.

МАҢЫЗДЫ: Қосымша келісімді құрған кезде, негізгі шарттың мәртебесі  «Қосымша келісім құрылды» болады. Қосымша келісімнің мәртебесін «Тараптар келісімімен бұзу» дегеннен «Қолданыста» дегенге өзгергенде негізгі/налық шарттың мәртебесі «Өзгерді» дегенге өзгереді.

Егер шарт Қазынашылықта тіркелмеген болған жағдайда, онда қосымша келісімге қол қойылғаннан кейін  мәртебесі «Шартты бұзуды күтуде».

Осыдан кейін тапсырыс берушіге Қазынашылық органдарда азаматтық-құқықтық мәмілені (бұдан әрі - АҚМ) тіркеуге өтінімді жабу қажет. Қазынашылық органдарда АҚМ тіркеуге хабарламаны жабу туралы деректер «Қазынашылық-Клиент» АЖ тәулігіне бір рет жаңартылады. Деректерді жаңартудан кейін, бұзу мәртебесі расталса, онда шарттың мәртебесі автоматты түрде «Тараптар келісімімен бұзылды» дегенге өзгереді.

Шартты бұзудан бас тарту үшін, «Шарт және келісу» қойындысында  «Бұзуды кері қайтару» батырмасын пайдалану қажет (бұл тек Қазынашылықта тіркеу белгісіне ие шарттарға).

Батырманы басқан  кезде  шарттың мәртебесі «Шарттың жобасы» оралып, одан кейін келісу үрдісі қайта қол жетімді болады. 

  • Нет меток