Дерево страниц
Перейти к концу метаданных
Переход к началу метаданных

Құқықтық мирасқорлығы немесе өкілдіктер, филиалдар

ға құқықтарын табыстау

Құқықтық мирасқорлығы немесе Тапсырыс берушімен өкілдіктерге, филиалдарға құқықтарын табыстауы

Шарт бойынша құқықтарын табыстау

Шарттар бойынша құқықтарын табыстау үшін, алдымен шартты беру жоспарланатын ұйымға жоспар тармақтарын беру қажет (1.2.7 Тапсырыс берушінің талаптар құқықтарында шегіну).

МАҢЫЗДЫ:

Тапсырыс берушімен шартты жаңа тапсырыс берушіге, немесе филиалға  беру барысында жүйе жаңа тапсырыс берушінің, немесе филиалдың шартында жіберілген жоспар тармақтарының бар болуын тексереді. Егер жоспардың барлық тармақтары жіберілмесе, онда жүйе қате туралы хабарламаны бейнелейді

 

МАҢЫЗДЫ:

Шарттар бойынша құқықтарды табыстау алдында «Төлем туралы ақпарат» қойындысында төлемдердің үлестірілуін аяқтау қажет (2.20.2 Жергілікті мазмұны туралы есеп)

Шарттың орындалуы бойынша соңғы актті жіберудің алдында (барлық бекітілген акттер мен ағымдағы акттің сомасы шарттың сомасына тең) Өнім жеткізуші туарларда, жұмыстарда және қызметтердегі жергілікті мазмұны туралы есепті толтыру қажет. Жергілікті мазмұны туралы және орындалған жұмыстар актісіне қол қойылғанынан кейін Тапсырыс берушімен есепті қарап шығуы үшін, электрондық актілер тізбесі бар нысанда "Жергілікті мазмұны туралы есепт" әрекетін таңдау қажет.

Шарт бойынша төлемдерді қосу және нақты төлемнің нысандары, ерекшеліктері және жеткізу орындары бойынша үлестірілуі)

 

Жоспардың тармақтарын сәтті жіберуден кейін шарттар бойынша құқықтарын табыстау үшін жеке кабинеттің «Менің шарттарым (Тапсырыс беруші)» бөлігіне кіріп, құқықтарды табыстауға рұқсат етілетін, келесідей мәртебелі шарттарды таңдауға болады:

-        Қолданыста

-        Шарт жасалмады

-        Бір жақты тәртіппен бұзылды

-        Тараптар келісімімен бұзылды

-        «Шарт орындалды» (қарап шығуға)

және әрі қарай «Құқықтарды табыстау» әрекетін таңдау

Бұдан әрі табыстау типін таңдау: 1 филиал  немесе 2 қайта құру, іздеу параметрлерін толтырып, «Іздеу» басу

«Филиал» фильтрінде таңдау кезде, жүйе табыстаушы ұымның филиалдары ретінде тіркелген, ұйымдар арасында іздеуді орындайды.

Одан кейін қажетті ұйымға табыстау мақсатында «Таңдау» басу

Құқықтарды табыстауды/бас тартуды растау терезесінде «Растаймын» басу

Назар аударыңыз! «Қолданыста» статусында  шарт құқықтарын берген кезде  Жүйе шарттың іс жүзіндегі сомасын шарттың жалпы сомасымен салыстырады, егер олар тең болса, Жүйе мұндай шартты басқа ұйымға беруге мүмкіндік бермейді. Шарттың орындалуын орындау және одан кейін орындалған шартты беру немесе іс жүзіндегі соманы азайту ұсынылады. 

Құқықтарын шегіну әрекеетін орындаудан кейін, жүйе жаңа ұйымға жіберілген шартты қарап шығу құқығын ұсынады (жаңа Тапсырыс беруші/Өнім жеткізушіге шартты бейнелейді), осы кезде шарттың мәртебесі «Шартты табыстау» мәртебеге ауысады.

«Қолданыста» мәртебедегі шарттарды жіберу кезде жүйе төмендегі негіздемелермен қосымша келісімді құрады:

-        «Филиал» табыстау типіне арналған «Тапсырыс беруші және (немесе) өнім жеткізушінің реквизиттерін өзгерту»

-        «Қайта құру» табыстау типіне арналған «ҚР Азаматтық кодексінің 46 бабы. Заңды тұлғаларды қайта құрған кездегі құқықтық мирасқорлығы»

және әрі қарай құқықтарды табыстау бойынша қосымша келісімге қол қою рәсіміне көшеді

Жүйе шарт бойынша құқықтарды иелену қажеттілігі туралы жаңа ұйымға хабарлама жібереді


Шарт бойынша құқықтардың берілуін шектеу

Тапсырыс беруші/Өнім беруші «Қолданыста» деген мәртебесі  және «Қазынашылықта тіркеумен» деген белгісі бар шартты таңдаған және құқықтарды беру қолданыста болған кезде Жүйе «Тапсырыс берушінің және өнім берушінің құқықтарын беру (беру және ұйым түрін таңдау)» деген нысанда «Филиал» беру түрін таңдауды бұғаттайды.


Көрсетілген шарттар бойынша «Филиал» беру түрін таңдаған кезде «Қазынашылық органдарында тіркелген қолданыстағы шарт бойынша құқықтарды өкілдіктерге/филиалдарға беруге жол берілмейді. Осы шарт үшін құқықтарды берудің басқа түрін таңдаңыз» деген хабар бейнеленеді.



 Шарт бойынша құқытарын иелену

Жіберілген шарттар жаңа қабылдаушы ұйымда бейнеленеді, ал ексі жіберуші ұйымда «Шартты жіберу» мәртебесін иеленеді.

«Жасалмады», «Орындалды», «Бір жақты тәртіппен бұзылды», «Тараптар келісімімен бұзылды» мәртебелі шарттарды қабылдау үшін «Шарт бойынша құқықтарды шегінуді қабылдау/бас тарту» әрекетін таңдау қажет.

 

Бұдан әрі «Шегінуді қабылдау» таңдау

«Сақтау» басқанынан кейін, Жүйе шарттың мәртебесін «Жіберілді. Алдыңғы мәртебе» деп өзгертіп, жаңа ұйыммен қабылдауы туралы шартты  жіберген, Тапсырыс беруші/Өнім жеткізушіге хабарлама жібереді.

Жаңа қабылдаушы ұйымда «Қолданыста» мәртебелі шарттың құқықтарды табыстау туралы қосымша келісімдері «Жоба» мәртебесінде бейнеленеді.

«Қолданыста» мәртебеден шартты қбылдау үшін, қосымша келісімге өту қажет. Одан әрі шарттарды келісудің станадартты функционалдылық механизмі орындалады.

ЕСКЕРТПЕ: Көпжақты шарттар үшін Қабылдаушы-Тапсырыс беруші үшінші тараптың ұйымын өзгерте алады.

Қол қойылғанынан кейін құқытарды табыстау туралы қосымша келісім «Қолданыста» мәртебеге ауысады. Бұл кезде Жүйе жіберілген шарттың мәртебесін «Жіберілді. Қолданыста» деп ауыстырып, шартты қабылдауы туралы шартты жіберген, Тапсырыс беруші/Өнім жеткізушіге хабарлама жібереді.

Шарт бойынша құқықтарын кері қайтару

«Жасалмады», «Орындалды», «Бір жақты тәртіппен бұзылды», «Тараптар келісімімен бұзылды» мәртебелерден шарттардан бас тарту үшін, «Шарт бойынша құқықтардан шегінуін қабылдау/бас тарту» әрекетін таңдау қажет. Құқықтарын қабылдау/бас тарту нысанында құқықтардан шегінуден  бас тарту себебін қазақ және орыс тілдерінде  толтырып,  «Сақтау» батырмасын басу қажет.

Себебін сақтағанынан кейін шарттың мәртебесі алдыңғы мәртебеге: «Жасалмады», «Орындалды», «Бір жақты тәртіппен бұзылды», «тараптар келісімімен бұзылды» оралады.

«Қолданыста» мәртебелі шарттан бас тарту үшін қосымша келісімге өтып, «Шарт бойынша құқықтардан шегінуді қабылдау/бас тарту» әрекетін таңдау. Құқықтарын қабылдау/бас тарту нысанында құқықтардан шегінуден  бас тарту себебін қазақ және орыс тілдерінде  толтырып,  «Сақтау» батырмасын басу қажет.

 

 

Себебін сақтағанынан кейін шарт «Қолданыста» мәртебеге оралады және құқытарды табыстау туралы қосымша келісімнің жобасы автоматты түрде жойылады.

Тіркелмеген Тапсырыс берушіге шарт бойынша құқықтарды беру 

Жүйеде тіркелмеген Тапсырыс берушіге шарттар бойынша құқықтарды беру үшін жоспар тармақтарын осы Тапсырыс берушіге алдын ала беру қажет.   (7. Құқықтық мирасқорлық немесе Тапсырыс берушінің өкілдіктеріне, филиалдарына құқықтарды беру).

Жоспар тармақтары Жүйеде тіркелмеген жаңа Тапсырыс берушіге берілгеннен кейін (жаңа Тапсырыс беруші тарапынан қабылдау талап етілмейді), Тапсырыс берушіге – жіберушіге Менің шарттарым (Тапсырыс беруші) тарауына өтіп, талап етілген шарттарды іздеуді жүзеге асыру қажет. Төмендегі мәртебелердегі шарттар беруге жатады: 

-        Қолданыста;

-        Шарт жасасылған жоқ;

-        Біржақты тәртіпте бұзылды;

-        Тараптардың келісімі бойынша бұзылды;

-        Шарт ішінара орындалды;

-        Шарт орындалды (қарау үшін).

Шарттарды таңдау шарт бар жолға қанат белгі қою арқылы жүзеге асырылады, таңдағаннан кейін Жүйе «Тіркелмеген Тапсырыс берушіге құқықтарды беру» батырмасын көрсетеді. 

«Тіркелмеген Тапсырыс берушіге құқықтарды беру» батырмасын басқаннан кейін Жүйе тіркелмеген Тапсырыс берушіге шарттарды беру нысанын көрсетеді.  

Қандай да бір таңдалған шарттар бойынша берудің күшін жою талап етілсе, шарт бар жолда «Күшін жою» батырмасын басу қажет.  Егер барлық шарттар бойынша шарттарды берудің күші жойылса, онда нысанның оң жақ жоғарғы бұрышындағы «Күшін жою» батырмасын басу талап етіледі, Жүйе шарттарды қарау нысанына қайтаруды жүзеге асырады. 

«Жаңа Тапсырыс берушінің БСН» жолағында Жүйеде тіркелмеген Тапсырыс берушінің БСН көрсету, одан соң «Жаңа Тапсырыс берушіге беру» батырмасын басу талап етіледі. Жүйе шарттарды беру әрекетін растауды сұрайды. 

Растаған жағдайда Жүйе:

- шарттың мәртебесін «Құқықтарды беру» деп өзгертеді;

- Жүйеде қатысушыны тіркеу рәсімінен өткеннен кейін жаңа Тапсырыс берушіде шартты көрсетеді;  

- Жүйеде қатысушыны тіркеу рәсімінен өткеннен кейін жаңа Тапсырыс берушіге жеке кабинетке құқықтарды қабылдау қажеттігі туралы хабарлама жібереді. 

Күшін жойған жағдайда, Жүйе шарттарды беру нысанына қайтаруды жүзеге асырады. 

Назар аударыңыз!

Шарттар бойынша құқықтарды берер алдында «Төлем туралы ақпарат» қосымша бетінде төлемдерді бөлуді аяқтау қажет (Жергілікті қамту туралы есепті қараңыз).  Шартты орындау бойынша соңғы актіні жіберер алдында (барлық бекітілген актілер мен ағымдағы актілер сомасы шарт сомасына тең)   Өнім беруші тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетілген қызметтердегі жергілікті қамту туралы есепті толтыруы тиіс. 

«Жоба», «Тапсырыс берушіде келісілуде», «Тапсырыс берушіде қол қоюда», «Өнім берушіде қол қоюда»  мәртебесіндегі актілер болған кезде, шарттарды беруге жол берілмейді, бұл актілерді алып тастау немесе бекіту керек.  

Берілген шарттар Тапсырыс берушіде –жіберушіде «Берілетіндер» қосымша бетінде  «Шарттар» - «Құқықтарды беру» тарауында «Құқықтарды беру» мәртебесінде көрсетіледі. Берілген шарттарды жаңа Тапсырыс беруші қабылдағанға дейін кері қайтарып алуға болады. 

Шарт бойынша құқықтарды қабылдау

«Шарттар» - «Құқықтарды беру»  тарауында («Берілетіндер» қосымша беті) тіркеу рәсімінен өткеннен кейін берілген шарттар  жаңа Тапсырыс берушіде  көрсетіледі. 

Шартты қабылдау  үшін шарты бар жолда «Қабылдау» батырмасын басу керек. Қабылданатын шартты қарауды шарттың жүйелік нөмірін басып жүзеге асыруға болады. 

«Жасасылмады», «Біржақты тәртіпте бұзылды», «Тараптардың келісімі бойынша бұзылды», «Орындалды» және «Ішінара орындалды» мәртебелерінде шарттарды қабылдаған жағдайда, Жүйе шарттың мәртебесін «Берілді. Алдындағы мәртебе» деп өзгертеді және  шартты берген бұрынғы Тапсырыс берушіге  жаңа Тапсырыс беруші шартты қабыдағаны туралы хабарлама жібереді. 

«Қолданыста» мәртебелеріндегі шарттарды қабылдаған жағдайда, Жүйе «ҚР Азаматтық кодексінің 46-бабы.  Заңды тұлғаны қайта құрған кездегі құқықты  мирасқорлығы»  негізі бойынша қосымша келісім жобасын құрады. Бұдан әрі шарттарды келісу үшін стандартты функционалдылық механизмі жүзеге асырылады.  

Шарт бойынша құқықтарды кері қайтарып алу

Берілген шарттың құқықтарын кері қайтарып алу «Берілетіндер» қосымша бетінде  «Шарттар» - «Құқықтарды беру» тарауында қажетті шарт бар жолдағы «Кері қайтарып алу» батырмасын басу арқылы жүзеге асырылады.  

Назар аударыңыз! Жаңа Тапсырыс беруші шартты қабылдағаннан кейін шарт бойынша құқықтарды беруге жол берілмейді.   

Құқықтық мирасқорлық немесе өнім жеткізушімен өкілдіктерге, филиалдарға құқықтарын табыстауы

 

Өнім жеткізушінің құқыұтарынан шегінуі кезде жүйе тараптармен стандартты сұлбаға сәйкес келісу және қол қою қажет, қосымша келісімдә құрады. Өнім жеткізушінің жаңа ұйымына немесе филиалы/өкілдігіне «Қолданыста», «Тараптар келісімімен бұзылды», «Бір жақты тәртіппен бұзылды» немесе «Шарт орындалды» (қарап шығу үшін) мәртебесіндегі шарттар жіберіле алады.

Мемлекеттік сатып алу субъектілеріне жатпайтын тараптармен шарттың деректердің толтырылуы

Шарттың қағаз жүзіндегі нысаны (веб-порталдың көмегінсіз) мемлекеттік сатып алу субъектілері болып табылмайтындармен құрылғанда веб-порталда  автоматты түрде анықталады:

-        «Бір көзден (ММ емес)» тәсілдері үшін жоспар тармақтарынан;

-        «Баға ұсыныстарын сұрату (ММ емес)», «Тендер (ММ емес)» тәсілдері үшін сатып алу нәтижелерінен.

Тапсырыс беруші рөлді мемлекеттік сатып алу субъектісі болып табылмайтын пайдаланушыға шартты құру үшін, «Жұмыс кабинеті» мәзіріндегі «Менің шарттарым» бөлігіне кіру қажет.

Одан әрі «Шартты құру» батырмасын басу қажет.

Бұдан әрі жоспар тармақтарын іздеу үшін шартты қалыптастыру шарттарын толтыру нысаны бейнеленеді. Лотты іздеудің міндетті бөліктері «Сатып алу тәсілі», «Жоспар тармағының типі», «Сатып алу нысанының түрі». Порталдың көмегінсіз шартты жасау нысанына сәйкес келетін, сатып алу тәсілін түсірмелі мәзірден таңдау қажет.

Фильтр параметрлерін толтырып, «Іздеу» басу қажет.

Жоспардың тармақтарын таңдаудан кейін, «Шартты құру» басу.

Жүйе «Портал көмегінсіз» жасау нысанды шартты қалыптастырады. Бұл жасау нысаны шарттың қағаз жүзінде жасалуын, және «Шарт және келісу» бөлігінде веб-порталда шарттың сканерленген көшірмелі файлын тіркеумен шарттың деректерін толтыруды қарастырады.

ЕСКЕРТПЕ: файлды тіркеуден кейін шарт «Қолданыста» мәртебесін иеленеді.

Егер оның алдын құрылған шартты іздеуді іске асыру қажет болған жағдайда, фильтрді қолдануға болады. Кеңейтілген іздеу үшін «Кеңейтілген іздеу» белсенді сілтемені басу қажет. 

Құқықтарды бірнеше Тапсырыс берушіге беру (бөлу) 

Назар аударыңыз! Шарттар бойынша құқықтарды беру үшін шартты беру жоспарланып отырған  ұйымның жоспар тармақтарын алдын ала беру қажет (7. Құқықтық мирасқорлық немесе Тапсырыс берушінің  өкілдіктерге, филиалдарға құқықтарды беруі) .

Маңызды! Шартты бірнеше Тапсырыс берушілерге беру әрбір шарт бойынша бөлек жүзеге асырылады. 

Шартты бірнеше Тапсырыс берушіге беру үшін, «Тапсырыс беруші» рөлімен пайдаланушыға «Менің шарттарым (Тапсырыс беруші) тарауына өту  және шарттарды қарау нысанында «Құқықты бірнеше Тапсырыс берушіге беру» батырмасын басу талап етіледі.  

Назар аударыңыз! Құқықтарды бірнеше Тапсырыс берушіге беру «Филиал «типі бойынша қолжетімді емес. 

Жүйе бірнеше Тапсырыс берушіге беру үшін қолжетімді шарттармен «Бөлу» типі бойынша шарттарды беру нысанын көрсетеді. 

Қатысушы «Тапсырыс беруші» рөлінде болатын және шартта әр түрлі Тапсырыс берушіге берілген бірнеше (біреуден артық) жоспар тармақтары бар, «Қолданыста» мәртебесіндегі шарттар бірнеше Тапсырыс берушіге беру үшін қолжетімді деп саналады.  

«Ашу» батырмасын басқан кезде шартты беру нысанында Жүйе шарт және  қабылдаушы Тапсырыс беруші  туралы ақпарат бөлінісінде берілген жоспар тармақтары бойынша ақпаратпен нысанды көрсетеді.    

  1-кесте – Шартты бірнеше Тапсырыс берушіге беру (бөлу) нысаны жолақтарының құрамы мен  батырмаларының сипаттамасы  

Р/с №  

Жолақ атауы

Сипаттамасы

Шарт

 

Шартты ашу

Батырманы басқан кезде Жүйе шарт карточкасын қарау нысанына өтуді жүзеге асырады. 

 

Шарттың нөмірі

Тапсырыс беруші берген шарт нөмірі.

 

Шарттар тізіліміндегі шарт нөмірі 

Шарттың жүйелік нөмірі. Сілтемені басқан кезде Жүйе шартты қарау нысанында өтуді жүзеге асырады. 

 

Шартты құру күні

Шартты құру күні.

 

Шарт жасасу күні

Шарт жасасу күні (Қазынашылықта тіркеу белгісімен шарттар үшін  АҚМ өтінімдерін тіркеу күніне тең, Қазынашылықта тіркеусіз  белгісімен шарттар  үшін  Өнім берушінің шартқа  қол қою күніне тең). 

 

Сатып алу мәнінің түрі

Сатып алу мәнінің түрі (тауар/жұмыс/көрсетілетін қызмет).

 

Мәртебе

Шарттың мәртебесі.

 

Тапсырыс беруші (ағымдағы)

Беруші Тапсырыс беруші.

 

Қаржы жылы

Шарттың қаржы жылы.

 

Сатып алу нөмірі

Болған кезде сатып алу нөмірі. Сілтемені басқан кезде Жүйе хабарландыруды қарау нысанына өтуді жүзеге асырады. 

 

Сатып алуды жүзеге асырудың жоспарланған тәсілі 

Шарт бойынша сатып алуды жүзеге асырудың жоспарланған тәсілі 

 

Сатып алуды жүзеге асырудың іс жүзіндегі тәсілі 

Шарт бойынша сатып алуды жүзеге асырудың іс жүзіндегі тәсілі 

 

Шарттың жалпы қорытынды сомасы (ҚҚС-сыз)

ҚҚС-ты есепке алмағанда шарттың сомасы

 

Шарттың жалпы іс жүзіндегі сомасы (ҚҚС-сыз)

ҚҚС-ты есепке алмағанда бөлінген төлемдердің/шарттың бекітілген актілерінің сомасы.

 

Өнім беруші

Шарттағы өнім беруші 

Шарттың мәндері

 

СӘЙК

Шарт мәнінің СӘЙК.

 

Р/С №  

Жоспар тармағының нөмірі. Сілтемені басқан кезде Жүйе жоспар тармағын қарау нысанында өтуді жүзеге асырады.

 

ТЖҚК

Тауардың/жұмыстың/қызметтің коды.

 

Атауы

ТЖҚК атауы.

 

Қос. сипаттамасы

Жоспар тармағы бойынша қосымша сипаттамасы.

 

Саны

Жоспар тармағы бойынша саны.

 

Өлшем бірлігі

ТЖҚК өлшем бірлігі .

 

Бірлігі үшін баға

Жоспар тармағы бойынша бірлігі үшін баға.

 

Сома

Шарт мәнінің жалпы сомасы.

 

Қабылдаушы Тапсырыс беруші

Беру жүзеге асырылатын (жоспар тармағы берілген) Тапсырыс берушінің БСН-і мен атауы көрсетіледі. 

 

ЖТ мәртебесі

Жоспар тармағының мәртебесі

 

Артқа

Батырманы басқан кезде Жүйе беру үшін  қолжетімді бөлу типімен шарттарды  қарау нысанына өтуде жүзеге асырады. 

 

Беру

Батырманы басқан кезде Жүйе мынадай тексеруді жүзеге асырады: 

-        төлемдер/актілер бөлінгеніне. Барлық актілер/төлемдер шарттың мәндері/ерекшеліктер/жеткізу орындары бойынша бөлінген болуы тиіс.

-        Шарт бойынша жоспардың барлық тармақтары жаңа Тапсырыс берушілерге берілгеніне. Шарт бойынша жоспардың барлық тармақтары берілген болуы тиіс. 

-        Жаңа Тапсырыс берушілер шарт бойынша жоспардың барлық тармақтарын қабылдағанына. Жоспардың барлық тармақтарын жаңа Тапсырыс берушілер қабылдаған болуы тиіс.  

Тексеру сәтті өткен жағдайда Жүйе:   

-  Шартты қабылдау үшін  жоспардың тармақтарын берген кезде көрсетілген бірнеше Тапсырыс берушіге береді (шартты жаңа Тапсырыс берушілерде «Қабылданатын шарттар» қосымша беті  «Құқықтарды беру» тарауында, «көрсетеді);

-        шарттың мәртебесін «Құқықтарды беру» деп өзгертеді;

-        жаңа Тапсырыс берушілерге хабарлама жібереді. 

Шартты беру «Беру» батырмасын басу арқылы жүзеге асырылады. Берілген шарттар беруші Тапсырыс берушіде «Берілген шарттар»қосымша беті «Құқықтарды беру» тарауында көрсетіледі.   Жаңа Тапсырыс берушілерде шарттар қабылдау үшін «Қабылданатын шарттар» қосымша бетінде көрсетіледі.     

Назар аударыңыз! Әр түрлі Тапсырыс берушілерге берілген бірнеше мәндерге бір (ортақ) төлем болған жағдайда, Жүйе төлемді қайта табыстауға құрылған әрбір қосымша келісімге төлемнің көшірмесін жасайды, бұл ретте төлем сомасы қосымша келісім бойынша бөлінген сомаға тең болады.   

Қайтарып алу

Берілген шарттар беруші Тапсырыс берушіде «Берілген шарттар» қосымша беті, «Құқықтарды беру» тарауында көрсетіледі. Берілген шарттар жаңа тапсырыс берушілер қабылдағанға дейін ғана қайтарып алу үшін қолжетімді (Тапсырыс берушінің ең болмаса біреуі  қабылдаса, қайтарып алу рәсімі қолжетімді емес).    Кері қайтарып алғаннан кейін шарттар жаңа Тапсырыс берушіде қарау үшін көрсетілмейді, шарт қайтадан беру үшін қолжетімді болады.   

Қабылдау

Жаңа Тапсырыс беруші шартты қабылдаған жағдайда, Жүйе «ҚР Азаматтық кодексінің 46-бабы. Заңды тұлғаларды қайта ұйымдастырған кезде құқықтық мирасқорлық» негізі бойынша қосымша келісімді құрады, бұл ретте қосымша келісімнің нөмірі  біртіндеп, әрбір Тапсырыс беруші үшін бөлек беріледі. 

Қосымша келісімді келісу және қолтаңба қою рәсімі шарттарға келісу  және қолтаңба қою рәсіміне ұқсас. 

Назар аударыңыз! Бірнеше Тапсырыс берушілерге берілген шарт Жаңа Тапсырыс беруші қабылдамауға жатпайды. 

Тапсырыс  берушіні қайта ұйымдастырған кезде қосымша келісімнен алдыңғы тапсырыс беруші туралы мәліметтерді қарап шығу  

Шарттың «Қолданыста» мәртебесімен тапсырыс берушіні қайта ұйымдастырған кезде  алдыңғы тапсырыс беруші  туралы мәліметтерді қарап шығу үшін құрылған қосымша келісімге және Портал алдыңғы тапсырыс беруші туралы мәліметтерді көрсететін «Тапсырыс беруші және өнім беруші» қосымша бетіне өту қажет:

Шарттың «Жасасылған жоқ», «Біржақты тәртіпте бұзылды»,  «Тараптардың келісімі бойынша бұзылды», «Орындалды»  мәртебесімен тапсырыс берушіні қайта ұйымдастырған кезде алдындағы тапсырыс беруші туралы мсәліметтерді қарап шығу үшін ағымдағы берілген шартқа өту, одан әрі  Портал алдыңғы тапсырыс беруші туралы мәліметтерді көрсететін «Тапсырыс беруші және өнім беруші» қосымша бетіне өту қажет.   



  • Нет меток