Типтік немесе типтік емес (файлды тіркеу жолымен) немесе қағаз нысанын таңдаумен шарт жобасын құру
- Шартты жасаудың типтік электрондық нысаны – Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидатына сәйкес типтік шартқа сәйкес
- Шартты жасаудың типтік емес электрондық нысаны – Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидатына сәйкес типтік шартқа сәйкес келмейтін, ұйымның өзіндік шартын ескереді
- Шартты жасаудың қағаз нысаны (веб-портал көмегінсіз) – Шартты қағаз жүзінде жасасып, веб-порталда файлдың тіркелуін ұсынады.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидатына сәйкес шарттың электрондық типтік нысаны веб-портал арқылы шартты жасау кезде шартты құрғанда (Тапсырыс берушімен және өнім жеткізушімен шартқа қол қойғанда) автоматты түрде келесі жағдайларда анықталады:
Сатып алудың төмендегі тәсілдері бойынша қорытындыларынан:
- Баға ұсыныстарын сұрату;
- Ашық конкурс;
- Білікті өнім жеткізушілер арасында конкурс;
- Аукцион;
- Бір көзден жүргізілмеген сатып алу бойынша;
- Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу
- Рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып өткізілетін конкурс.
Электрондық типтік емес нысанын (шарт файлын тіркеу) немесе шарттың электрондық типтік нысанын енгізуі Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидатына сәйкес веб-портал көмегімен пайдаланушымен шартты құру кезде (Шартқа Тапсырыс берушімен және өнім жеткізушімен қол қоюы) келесі жағдайларда іске асырылады:
- тікелей шартты жасау әдісімен бір көзден алу тәсілімен жоспардан;
- ЭЦҚ-мен ҚР салық төлеушілері ретінде тіркелген, ҚР резиденттері болып табылмайтындар сатып алуда қатысқан кезде.
Шартты қағазда жасасу нысаны (веб-портал көмегінсіз) веб-порталда автоматты түрде сатып алудың келесі тәсілдеріне шартты құрғанда жасалады:
- тауарлық биржалар арқылы;
- тұрғын-үй сатып алу бойынша конкурста;
- 39) баптың 3 тармағының 4), 17), 20), 21), 23), 26), 40), 41) тармақшалары бойынша тікелей шартты жасау әдісімен бір көзден алу тәсілінде;
- ЭЦҚ-сіз ҚР салық төлеушілері ретінде тіркелмеген, ҚР резиденттері болып табылмайтындармен сатып алуға қатысқанда;
- Екі сатылы процедураларды қолданумен.