Дерево страниц
Перейти к концу метаданных
Переход к началу метаданных

Типтік электрондық жасау нысанды шарт жобасын құру

Типтік электрондық нысанды шарт жобасын құру

Қорытындылардан шартты құру үшін Тапсырыс беруші рөлді пайдаланушыға «Жұмыс кабинеті» мәзіріндегі Менің шарттарым бөлігіне кіру қажет.

Бұдан әрі «Шартты құру» батырмасын басу қажет.

Алдын ала құрылған шартты іздеу қажет болған жағдайда фильтрді қолдануға болады. Кеңейтілген іздеу мақсатында «Кеңейтілген іздеу» белсенді сілтемені басу қажет.

Бұдан кейін шартты құруға арналған лотты іздеу параметрлерін толтыру нысаны бейнеленеді. «Сатып алу тәсілі», «Жоспар тармағының типі», «Сатып алу нысанның түрі»  лотты іздеудің міндетті жолдары. Түсірмелі мәзірден шартты жасаудың электрондық нысанына сәйкес келетін (2.1 Типтік, типтік емес (файлды жүктеу жолымен) немесе қағаз жүзіндегі шартты қалыптастыру шарттары тарауын қараңыз) сатып алудың тәсілін таңдау қажет:

Сатып алудың төмендегі тәсілдері бойынша қорытындыларынан жүргізіледі:

  • Баға ұсыныстарын сұрату;
  • Ашық конкурс;
  • Білікті өнім жеткізушілер арасында конкурс;
  • Екі сатылы конкурс;
  • Екі сатылы процедуралары қолданған конкурс (Екі сатылы процедураларды қолдана отырып Конкурстың Екінші сатысы)
  • Аукцион;
  • Бір көзден жүргізілмеген  сатып алу бойынша
  • Рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып өткізілетін конкурс.

Таңдалған мәндерге сәйкес келетін жоспардың тармақтары ғана бейнеленеді.

Қажетті лоттарды белгілеп, «Шартты құру» батырмасын басу қажет. Шарт жасалғаны туралы хабарлама бейнеленеді. Шартты ашу үшін шарттың нөмірімен белсенді сілтемесін басу қажет.

Шарттың карточкасы бейнеленеді. «Жалпы деректер» қойындысында «Шарт нөмірі», «Шарттың сипаттамасы қазақ тілінде», «Шарттың сипаттамасы орыс тілінде», «Орындаудың жоспарланатын күнін», «Шарттың әрекет ету мерзімі» міндетті жолдарды толтыру қажет. Жолдарды толтырғаннан кейін «Сақтау» батырмасын басу қажет.

«Шарт нысандары» қойындысында лоттар туралы ақпарат бейнеленеді. Толығырақ ақпаратты қарап шығу үшін нөмір сілтемесін немесе редакциялаудың пиктограммасын басу қажет. «Лотты орындаудың жоспарлы мерзімі» міндетті жолды толтыру қажет.

«Бірлігіне бағасы (ҚҚС есепке алынбағанда)» жолында өнім жеткізушінің баға ұсынысына сәйкес келетін мән бейнеленеді. Редакциялау қажет болған жағдайда сақтау қажет.

«Тапсырыс беруші және өнім жеткізуші» қойындысында өнім жеткізуші және тапсырыс беруші туралы ақпарат бейнеленеді. Егер «ҚҚС төлеуші» белгісін өзгерту қажет болғанда, түсірмелі мәзірден сәкесінше мәнді таңдау қажет.

«Шарт және келісу» қойындысында шарттың жобасы орналастырылады.

Мемлекеттік сатып алуды іске асыру ережелеріне сәйкес сатып алу нысанның түріне қарай шарттың типтік нысаны бейнеленеді.

Шартты тез толтыру үшін «Енгізу нысаны» қойындысына өту ұсынылады. Қандайда бір мәнді толтыру үшін белсенді сілтемені басқанда, енгізудің нысаны бейнеленеді.

«Келісу» қойындысында келісу бойынша Тапсырыс беруші мен Өнім жеткізушінің іс-әрекеті бейнеленеді. 

Типтік электрондық жасау нысанды шарт жобасының техникалық ерекшелігін қарап шығу

Шарттың техникалық ерекшелігін қарап шығу үшін, «Шарттың нысандары» қойындысына өтіп, шарт нысанын (лотын) таңдау қажет.

Шарттың нысаны бойынша ашылқған мәліметтерінде шарттың осы нысаны бойынша техникалық ерекшелігі бейнеленеді.

Негізгі шарттың «Шарттың нысандары» қойындысында, егер сатып алу тәсілі «Ашық конкурс», «Аукцион», «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс», «Жүргізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден», «Рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып өткізілетін конкурс» болғанда, өнім жеткізушімен сатып алуға қатысу өтінімін беру кезде ұсынылған, шарттың әрбір нысанына техникалық ерекшелігі бейнеленеді.


Егер сатып алу тәсілі «Баға ұсыныстарын сұрату», сонымен қатар «Ашық конкурс» тәсіліне «ТЭН/ЖСҚ жұмыс істеу» белгісі орнатылса, онда «Шарт нысандары» қойындысында шарттың әрбір нысанында сатып алуда тапсырыс берушімен тіркелген техникалық ерекшелігі бейнеленеді.

Егер сатып алу тәсілі «Тікелей шарт жасау әдісімен бір көзден» болса, «Шарт нысандары» қойындысындағы әрбір шарттың нысанда тапсырыс берушіге техникалық ерекшеліктері бар файлды тіркеуге арналған нысан бейнеленеді.

 

МАҢЫЗДЫ:

Қосымша келісімді құрған кезде «Шарт нысандары» қойындысындағы техникалық ерекшелік аналық шарттан беріледі, бұл қосымша келісімді құруға негіздемесі ретінде  Заңның 45 бабының  2 тарм. 2) және  7) тармақшалары болған жағдайларды қоса алмағанда -  бұл жағдайларда ҚКЗ құжаттардың  тапсырыс берушімен орындалуы мүмкін, ал сонымен қатар  Заңның 45 бабының  2 тарм. 4) тармақшасында – бұл жағдайда үздігірек сипаттарын ұсына отырып, өнім жеткізушімен техникалық ерекшелікті тіркеу мүмкіндігі бар.

 

Егер «Тікелей шарт жасау әдісімен бір көзден» сатып алу тәсілі болса, онда қосымша келісімнің әрбір шарттың нысанында тапсырыс беруші үшін қосымша техникалық ерекшелік файлын тіркеуге арналған нысан бейнеленеді.

 

  • Нет меток