Дерево страниц
Перейти к концу метаданных
Переход к началу метаданных

 



       Хабарландыру жасау және жариялау

Хабарландыру жасауды  жүйеде «Ұйымдастырушы» рөлімен пайдаланушы жүзеге асырады.

Хабарландыру жасау үшін пайдаланушының жеке кабинетінде  «Жұмыс кабинеті» тарауына өтіп, «Хабарландыру жасау» мәзірін таңдау керек.

Ескертпе:  Мемлекеттік сатып алудың веб-порталында бірдей жолдары бар бірнеше өтінімде сатып алу, оның ішінде  әр түрлі тапсырыс берушіге жіберілген өтінімдерді құруға мүмкіндік беріледі.

 


 Экранда хабарлама жасау нысаны бейнеленеді.

Сатып алу мүгедектер ұйымы арасында өткізілген жағдайда, хабарландыру жобасын жасау нысанына «Мүгедектер ұйымы арасында сатып алу» белгісін қою қажет.

Сатып алу жеңіл және жиһаз өнеркәсібі бойынша  өткізілген жағдайда, хабарландыру жобасын құру нысанында  «Жеңіл және жиһаз өнеркәсібін сатып алу» белгісін қою қажет.  

 Ұйымдастырушы бірыңғай ұйымдастырушы тізілімінде тұрған жағдайда, жүйе  бірыңғай ұйымдастырушы сияқты хабарландыру жариялауға мүмкіндік береді, бұл үшін «бірыңғай ұйымдастырушы» белгісін қою қажет.

Егер құрылыс-монтаж жұмыстарын және жобалауды сатып алу жүргізілген жағдайда, онда хабарландыруды құру кезінде бірінші қадамда:

Сатып алу тәсілі - Ашық конкурс;

Сатып алу затының түрі - Жұмыс таңдалған жағдайда "Құрылыс-монтаж жұмыстарын және жобалауды сатып алу" белгісін қою қажет.

В құрылыспен байланысты емес жұмыстарды сатып алу жүргізілген жағдайда, бірінші қадамда мына төмендегі тәсіл таңдалған жағдайда «Құрылыспен байланысты емес жұмыстар» белгісін қою қажет болады.

Сатып алу тәсілі – Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс;

Сатып алу нысанының түрі – Жұмыс.

 «Құрылыс-монтаждау жұмыстарын сатып алу» және «Құрылыспен байланысты емес жұмыстар» белгісі таңдалған кезде Жүйемен лоттың сомасы Республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен жиырма мың еселенген мөлшерге артық болған жағдайда әлеуетті өнім беруші қаржылық тұрақтылыққа тексеруден өтеді.

 

Құны Республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен жиырма мың еселенген мөлшерге артық болатын жұмыстардың барлық түрлері бойынша Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысушы Әлеуетті өнім беруші жиынтық мәнінде мына талаптарға сәйкес келген жағдайда қаржылық тұрақты деп танылады:


 «Хабарландыру жобасын жасау»  тарауы мынадай басқару элементтерінен тұрады

Элемент

Әрекет

Сатып алу өткізу тәсілі

Қолмен толтырылады. Түсіп тұратын тізімнен мәні таңдалады.

Сатып алу типі

Қолмен толтырылады.  Мәндерінің бірі таңдалады:

Алғашқы немесе қайта.

Сатып алу мәнінің түрі

Қолмен толтырылады. Мәндерінің бірі таңдалады:

Жұмыс;

Көрсетілетін қызмет;

Тауар.

Қазақ тілінде хабарландыру (сатып алу) атауы

Қолмен толтырылады

Орыс  тілінде хабарландыру (сатып алу) атауы

Қолмен толтырылады

Сатып алу өткізу белгісі

Сатып алу  мүгедектер ұйымы арасында өткізілген жағдайда, «Мүгедектер қоғамдық бірлестігі құрған ұйымдар арасында сатып алу» белгісін қою қажет.

Сатып алу жеңіл және жиһаз өнеркәсібі бойынша  өткізілген жағдайда, «Жеңіл және жиһаз өнеркәсібін сатып алу» белгісін қою қажет.

Егер құрылыс-монтаж жұмыстарын және жобалауды сатып алу жүргізілген жағдайда:

Сатып алу тәсілі - Ашық конкурс;

Сатып алу затының түрі - Жұмыс таңдалған жағдайда "Құрылыс-монтаж жұмыстарын және жобалауды сатып алу" белгісін қою қажет.

Бұдан әрі

Батырманы басқан кезде, жүйе міндеттерді жолдардың толтырылғанын текереді.

 

Ескертпе:  Осы жолдарды толтырғаннан кейін,  жүйе хабарландыруды «Жұмыс кабинеті» - «Менің хабарландыруларым (ұйымдастырушы) тарауында «Жоба» мәртебесінде автоматты түрде сақтайды:

 


Пиктограмма   редакциялауға мүмкіндік береді, пиктограмма   «Жоба» мәртбесі бар хабарландыруларды алып тастауға мүмкіндік береді

  «Бұдан әрі» батырмасын басқаннан кейін сатып алу өткізу  тәсілі,  мәні мен белгілері бойынша қойылған өлшемдерге жауап беретін лоттар бейнеленеді.


   Лоттарды таңдау және лоттар бойынша деректерді енгізу

Лотты хабарландыру жобасына қосу үшін, сүзгілер жинағын қолдана отырып, іздеуді пайдалануға болады.

Лотты таңдауды жүзеге асыру үшін талап етілген лотты қанат белгісімен белгілеу және «Белгіленген лоттарды қосу» батырмасын басу қажет. Бұдан соң  қосылған лотты қарау бетіне өту болады.  Таңдалған лотты алып тастау қажет болған жағдайда талап етілген лотты қанат белгісімен белгілеп, «Белгіленген лоттарды алып тастау» батырмасын басу қажет,  сатып алу жобасына лоттарды қосымша қосу қажет болған жағдайда, «Қолжетімді лоттар» қосымша бетіне өтіп, қосымша лоттарды таңдауды жүзеге асыру керек.

Жүйе Бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын, Тауарлар, жұмыстар, қызметтер тізбесінің талаптарына ТЖҚЖ сәйкестігін таңдалған лоттар бойынша тексеруді жүзеге асырады. Егер таңдалған лоттар ТЖҚ тізбесінің талаптарына сәйкес келсе, онда «Бұдан әрі» бастырмасын басқан кезде жүйе Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу комитетін сатып алу ұйымдастырушысы ретінде таңдау қажеттілігі туралы хабарын шығарады.

Келесі бетке өту үшін «Бұдан әрі» батырмасын басу қажет.

Жүйе таңдалған лоттардың қарау нысанын бейнелейді. Бұл қадамда «Тауар» сатып алу мәнінің түрі үшін жеткізу жағдайын толтыру қажет.


        Сатып алудың  тәсілімен бірлескен лоты бар сатып алуды құру

Лоттарды енгізу қадамында тармақтарды бір лотқа біріктіру үшін хабарландыру жобасында "Бірлескен лотты құру" бастырмасына басу қажет.

Бұдан әрі бірлескен лот бойынша деректерді толтыру терезесі ашылып, оны толтырғаннан кейін "Сақтау" бастырмасына басу қажет.

Бірлескен лотқа тармақтарды қосу үшін бірлескен лот атауының белсенді сілтемесіне басу қажет

Бірлескен лотқа жоспар тармақтарын қосу парақшасы төмендегідей ұсынылған:

Қажетті лоттарды таңдағаннан кейін "Белгіленген лоттарды қосу" бастырмасына басу қажет.

Назар аударыңыз: бірлескен лотты құру үшін жоспардың бірнеше тармақтарын қосу міндетті шарт болып табылады. Ең көп саны бойынша шектеулер жоқ.

Таңдалып алынған жоспар тармақтары "Қосылған жоспар тармақтары" қосымша парақшасында көрсетіліп, онда "Белгіленген лоттарды жою" батырмасының көмегімен қажетті тармақтарды жою мүмкіндігі бар

"Ақпаратты қосу" белсенді сілтемесін басу қажет болатын лоттар бойынша деректерді енгізу келесі қадам болып табылады

Ашылған терезедегі ашылмалы тізімнен жеткізу шартын таңдау қажет,  егер заттың түрі "Тауар" болса, "Сақтау" бастырмасына басып, одан әрі жұмыс істеу үшін "Кері қайту" батырмасын пайдалану қажет

      «Жұмыс» мәнінің түрі үшін лоттар бойынша деректер қосу

 

 «Демпингті есептемегендегі жұмыс» белгісі таңдалған жағдайда, «Жұмыс», «Демпингті есептеуге арналған сома», «Объектілер салу  жобаларының кешенді ведомстволық емес/қала құрылысы сараптамасы бойынша» жолдары толтыру үшін белсенді емес.

 «Демпингті есептегендегі жұмыс» белгісі таңдалған жағдайда,  «Объектілер салу  жобаларының кешенді ведомстволық емес/қала құрылысы сараптамасы бойынша» белгісімен сатып алуды жариялауға мүмкіндік береді.

 

  «Объектілер салу  жобаларының кешенді ведомстволық емес/қала құрылысы сараптамасы бойынша» белгісі таңдалса:

-        Жүйе «Жұмыс» жолын толтыруды белсенді емес етеді;

-          «Демпингті есептеуге арналған сома»  жолы толтыру үшін міндетті болып табылады.

  «Объектілер салу  жобаларының кешенді ведомстволық емес/қала құрылысы сараптамасы бойынша» белгісі таңдалмаса:

-        Жүйе «Жұмыс» жолын міндетті түрде толтыруды белсенді етеді;

-           «Жұмыс» жолында  келесі мәндердің бірін таңдау қажет:

  • ТЭН және ЖСҚ-мен жұмыс;
  • ТЭН/ ЖСҚ әзірлеуге арналған жұмыс;
  • Ағымдағы жөндеу жұмыстары және құрылыспен байланысты емес жұмыстар;
  • Қолданыстағы көпшілік пайдаланатын автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмысы (ЖСҚ-сыз жұмыс).                                                                                                                                                                                                                       

Ескертпе: өнім берушілерге сатып алуға қатысу үшін белгілі бір жұмыс тәжірибесі талап етілген жағдайда, Ұйымдастырушыға  толтыру үшін «Жұмыс тәжірибесі»  жолы (міндетті болып табылмайды) қолжетімді. Жұмыс тәжірибесін  – қосымшадан қарауға болады (Лоттар тізбесі).

  «ТЭН және ЖСҚ-мен жұмыс» белгісі

  «Жұмыс» жолында «ТЭН және ЖСҚ-мен жұмыс»  мәні көрсетілген жағдайда,   «Демпингті есептеуге арналған сома» жолын толтыру қажет

Назар аударыңыз! Егер жұмыс мәнінде   «ТЭН және ЖСҚ-мен жұмыс» белгілері болса, онда «Демпингті есептеуге арналған сома» жолында  техникалық-экономикалық негіздемесі мен жобалау-сметалық құжаттамасына сәйкес соманы көрсету қажет. 

Ескертпе: өнім берушілерге сатып алуға қатысу үшін белгілі бір жұмыс тәжірибесі талап етілген жағдайда, Ұйымдастырушыға  толтыру үшін «Жұмыс тәжірибесі»  жолы (міндетті болып табылмайды) қолжетімді. Жұмыс тәжірибесін  – қосымшадан қарауға болады (Лоттар тізбесі).

ТЭН/ ЖСҚ әзірлеуге арналған жұмыс

  «Жұмыс»  жолында   «ТЭН/ ЖСҚ әзірлеуге арналған жұмыс» мәні көрсетілген жағдайда,   «Демпингті есептеуге арналған сома» жолын толтыру қажет.

Назар аударыңыз! -Жұмыстың «ТЭН және ЖСҚ-мен жұмыс» белгісі болса, онда  «Демпингті есептеуге арналған сома» жолында техникалық-экономикалық негіздемеге, жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) құжаттамаға сәйкес соманы көрсету қажет.    Жұмыстың «ТЭН мен ЖСҚ әзірлеуге арналған жұмыс» белгісі болса, онда сомасын Тапсырыс беруші  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің  Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  және жер ресурстарын басқару істері жөніндегі комитеті Төрағасының 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 399-нқ бұйрығымен бекітілген, архитектура, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы № 97899 нөмірімен Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген,   Қазақстан Республикасында құрылыс үшін жобалау жұмыстарының құнын анықтау жөніндегі мемлекеттік нормативтерге сәйкес есептейді. 

Ескертпе: өнім берушілерге сатып алуға қатысу үшін белгілі бір жұмыс тәжірибесі талап етілген жағдайда, Ұйымдастырушыға  толтыру үшін «Жұмыс тәжірибесі»  жолы (міндетті болып табылмайды) қолжетімді. Жұмыс тәжірибесін  – қосымшадан қарауға болады (Лоттар тізбесі).

«Ағымдағы жөндеу бойынша жұмыс және құрылыспен байланысты емес жұмыс» / «Қолданыстағы көпшілік пайдаланатын автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмысы (ЖСҚ-сыз жұмыс)»

Егер  «Жұмыс» алабында «Ағымдағы жөндеу бойынша жұмыс және құрылыспен байланысты емес жұмыс» / «Қолданыстағы көпшілік пайдаланатын автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмысы (ЖСҚ-сыз жұмыс)» мәні көрсетілген жағдайда, Портал «Демпингті есептеу үшін сома» алаңын толтыру үшін белсенді емес етеді.

Ескертпе: егер сатып алуға қатысу үшін өнім берушілерге ұйымдастырушыға белгілі бір жұмыс тәжірибесі талап етілген жағдайда, «Жұмыс тәжірибесі» алаңын толтыру үшін қол жетімді (міндетті болып табылмайды). Жұмыс тәжірибесін 1 қосымшада (лоттар тізімі) көруге болады.

Назар аударыңыз! Өнім беруші өтінім берген кезде Портал өнім берушінің көрсетілген баға ұсынысын конкурсқа бөлінген соманың 40% - ынан төмен немесе жоқ деп тексереді.

 Лот туралы ақпаратты қарау нысанынан лот бойынша белгіні қарауға болады. Бұл үшін лот нөміріне белсенді сілтемені басу қажет.

Егер сатып алу тәсілі "Ашық конкурс", сатып алу нысанының түрі "Жұмыс" болып және "Құрылыс-монтаж жұмыстарын және жобалауды сатып алу" белгісі қойылса, лоттар бойынша деректерді қосу нысанында әр лоттың жолында түзету пиктограммасын басу арқылы ақпаратты толтыру қажет:

Нысанды толтырып, "Сақтау" бастырмасына басу қажет:

Құрылыс-монтаж жұмыстарын сатып алу бойынша деректерді толтыру нысаны мынадай басқару элементтерін қамтиды:

Жиектің атауы

Толтыру

Жұмыстардың қазақ тіліндегі атауы

Қолмен толтырылады

Жұмыстардың орыс тіліндегі атауы

Қолмен толтырылады

Құрылыстың түрі

Ашылмалы тізімнен мәндердің бірі таңдалады:

  1. жаңа құрылыс
  2. кеңейту
  3. техникалық қайта жарақтандыру
  4. жаңғырту
  5. қайта жаңарту
  6. қолданыстағы объектілерді қалпына келтіру және күрделі жөндеу

Ғимараттар мен құрылыстардың жауапкершілік деңгейі

Қолмен толтырылады. Ашылмалы тізімнен мәндердің бірі таңдалады:

  1. бірінші (жоғары)
  2. екінші (қалыпты)
  3. үшінші – (төмен)

Объектілердің техникалық күрделілігі

Ашылмалы тізімнен мәндердің бірі таңдалады:

  1. техникалық күрделі объектілерге жататын ғимараттар мен құрылыстар
  2. техникалық күрделі объектілерге жатпайтын ғимараттар мен құрылыстар

Функционалдық мәні

Ашылмалы тізімнен мәндердің бірі таңдалады:

  1. өнеркәсіп объектілері
  2. өндірістік ғимараттар
  3. үй-жай
  4. тұрғын үй-азаматтық мәндегі объектілер
  5. басқа да үй-жайлар

 

Көрсетілген ақпарат КҚ-ның 1-қосымшасында көрсетіледі (Лоттар тізбесі):

  «Көрсетілетін қызмет» мәнінің түрі үшін лоттар бойынша деректер қосу

 Егер сатып алу мәнінің  түрі  «Көрсетілетін қызмет» болып табылған жағдайда,  «Демпинг» белгісі редакциялауға жатпайды,  үндемеуі бойынша мәні -   «Демпингті есепке алғандағы көрсетілетін қызмет   (демпингті жүйе лот бойынша бөлінген сомадан есептейді).


 

  «Инжинирингтік қызмет» жолына қанат белгісін қойған жағдайда, жүйе «Демпингті есептеуге арналған сома» жолын толтыруда талап етеді.

Назар аударыңыз! Демпингті есептеуге арналған сома ТЭН мен ЖСҚ сәйкес көрсетіледі. ТЭН мен ЖСҚ болмаған жағдайда сома өздігінен есептеледі.

 


 Лот туралы ақпаратты қарау нысанынан лот бойынша белгіні қарауға болады. Бұл үшін лот нөміріне белсенді сілтемені басу қажет

«Бұдан әрі» батырмасын басқаннан кейін өкілдер бойынша деректерді қосу нысанына өту жүзеге асырылады. 



 Өкілдер бойынша деректерді қосу

 Өкілдер бойынша деректерді қосу бетінде өтінімнің әрекет ету мерзімін көрсету және ұйымдастырушы мен тапсырыс беруші өкілдері туралы деректерді толтыру қажет.

 Ұйымдастырушы туралы деректерді толтыру үшін ұйымдастырушының аты белсенді сілтемесін басу қажет. Келесі нысан бейнеленеді.

 

Бұл нысанның мынадай жолдары мен басқару элементтері бар

 

Жол атауы

Сипаттама

Өтінімнің әрекет ету мерзімі

Қолмен толтырылады. Өтінімнің әрекет етуінің ең аз  мерзімі күнтізбелік күн. Сандық мән.

Ұйымдастырушы туралы ақпарат

Өкілдің аты-жөні

Қолмен толтырылады. «Қосу» батырмасын басқан кезде қалқыма терезе бейнеленеді. Үндемеуі бойынша Ұйымдастырушы өкілеттігі бар пайдаланушылар ғана бейнеленеді. Пайдаланушыны таңдау «Таңдау» батырмасының көмегімен жүзеге асырылады  Пайдаланушыны іздеуді сүзгілер жинағының көмегімен (ЖСН немесе Аты-жөні бойынша) жүзеге асыруға болады).

Лауазымы

Өкілдің тіркеу деректерінен автоматты түрде толтырылады.

Байланысу телефоны

Өкілдің тіркеу деректерінен автоматты түрде толтырылады..

E-mail

Өкілдің тіркеу деректерінен автоматты түрде толтырылады.

Ұйымдастырушының банк деректемелері

Қолмен толтырылады. Түсіп тұратын тізімнен шот таңдалады.

Өтінімді қамтамасыз ету үшін банк деректемелеріі

Қолмен толтырылады. Түсіп тұратын тізімнен шот таңдалады.

 

«Қосу» батырмасын белсенді еткеннен кейін келесі терезе бейнеленеді.


 

Тапсырыс беруші туралы деректерді толтыру үшін, Тапсырыс берушінің атауына белсенді сілтемені басу қажет. Төменде көрсетілген нысан бейнеленеді.

 

 

Бұл нысанның мынадай жолдары мен басқару элементтері бар

Жол атауы

Сипаттама

Өкілдің аты-жөні, Лауазымы,  Байланысу телефоны,  E-mail

«Ұйымдастырушы туралы ақпарат» нысаны сияқты толтырылады

Құжаттаманы бекіткен адам

Қолмен толтырылады.

Бұйрық нөмірі

Қолмен толтырылады.

Бұйрықтың күні

Қолмен толтырылады немесе күнтізбеден таңдалады.

Банк деректемелері

«Банктік шоттар» кестесінен  негізгі есеп автоматты түрде толтырылады. Түсіп тұратын тізімнен басқа шоттың таңдау мүмкіндігі бар.

 

Ескертпе: Егер Ұйымдастырушыда бірыңғай ұйымдастырушы белгісі болса, онда «Құжаттаманы бекіткен адам», «Бұйрық нөмірі», «Бұйрықтың күні жолдары «Ұйымдастырушы туралы ақпарат» тарауында ғана толтырылады.

Егер Ұйымдастырушыда бірыңғай ұйымдастырушы белгісі  болмаса, онда «Құжаттаманы бекіткен адам», «Бұйрық нөмірі», «Бұйрықтың күні жолдары «Тапсырыс беруші туралы ақпарат» тарауында ғана толтырылады.


Конкурстық комиссияны қосу

Хабарландыру жобасын жасаудың келесі қадамы Конкурстық комиссияны қосу болып табылады.

 Егер сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы өткізсе, онда комиссияның ең аз құрамы комиссияның бес адамынан тұруы тиіс:  Төраға және комиссияның екі мүшесі. Тақ сан.

 Егер сатып алуды   ұйымдастырушы өткізсе, онда комиссияның ең аз құрамы -  Төраға және комиссияның екі мүшесі. Тақ сан.

 

Конкурстық комиссия мүшесін таңдау «Қосу» батырмасының көмегімен жүзеге асырылады. Қалқыма терезе бейнеленеді. Іздеуді мәндерін сүзгіден өткізудің енгізілген параметрлері бойынша жүзеге асыруға болады.

 Комиссия мүшелерін қосу «Комиссия мүшелерін қосу» батырмасының көмегімен жүзеге асырылады.



       Конкурстық құжаттаманы дайындау

«Конкурстық құжаттаманы дайындау» қадамында Электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларына сәйкес  конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың қалыптасқан тізімі бейнеленеді.

Өнім берушіге сатып алуға қатысу үшін белгілі бір құжаттарды ұсыну талап етілген жағдайда, Хатшыға «өнім беру үшін міндеттілік» белгісін қою қажет. 

Құжат туралы ақпаратты қарау үшін Құжат туралы ақпаратты қарау үшін «Құжаттар атауы» жолында оның атауын басу қажет. 


  Техникалық өзіндік ерекшелікті қалыптастыру

«Техникалық сипаттама» бөліміне өту үшін құжаттаманың жалпы тізімінде белсенді гиперсілтемеге басу қажет (тауар түрі үшін – 2-қосымша, қызмет түрі үшін – 2-3-қосымша, құрылыс-монтаж жұмыстары және жобалау бойынша жұмыстар үшін – 2-1-қосымша, құрылыспен байланысты емес жұмыстар үшін – 2-2-қосымша).

Жүйе өтінімде лоттар тізімін көрсетеді. Техникалық сипаттама әрбір лотқа жеке толтырылады. Техникалық сипаттаманы толтыру нысанын ашу үшін лот бар жолда «Қосу» батырмасына басу керек.

2-қосымшаны толтыру нысаны (Сатып алынатын тауарлардың техникалық сипаттамасы) төмендегідей:

 

 

Барлық өрістерді толтыру, енгізілген деректерді сақтау, техникалық сипаттаманы қалыптастыру және қол қою талап етіледі.

Қалыптасқан техникалық сипаттаманы белсенді сілтемеге басу арқылы көшіріп алуға болады.

Техникалық сипаттаманы түзету қажет болған жағдайда оны жою және қайта қалыптастыру керек.

Ескерту: Егер сатып алу нысанының түрі жұмыс болып табылса және жоспар тармағында «ТЭН және ЖСҚ-мен жұмыс істеу/Қолданыстағы автомобиль жолдарын орташа жөндеу бойынша жұмыс» белгісі бар болса, онда жүйе лоттар бойынша техникалық сипаттаманы толтыру нысанында«ТЭН/ЖСҚ» өрісінде жоспар тармағында қоса берілген файлды бейнелейді. Бұл құжат сондай-ақ Өнім берушіге техникалық сипаттамамен бірге қарау үшін қолжетімді болады.

Қосымша файлдарды қоса тіркеу «Қосымша файлдар» жиегінде «Жұмыс» және «Көрсетілетін қызмет» мәні түрлері үшін қолжетімді. 

2-1-қосымшасын толтыру нысаны (құрылыс саласында сатып алынатын жұмыстар тізімі (құрылыс-монтаж жұмыстары және жобалау бойынша жұмыстар) төменде берілген:


 

 

2-2 қосымшасын толтыру (Құрылыспен байланысты емес сатып алынатын жұмыстардың техникалық  сипаттамасы):

 

 

2-3-қосымшасын толтыру  нысаны (Сатып алынатын қызметтердің  техникалық  сипаттамасы):

 


    Лицензияларды қосу

Сатып алуға қатысу Өнім берушілерден лицензия ұсынуды талап еткен жағдайда, онда Ұйымдастырушыға хабарландыру жобасында «Конкурстық құжаттаманы дайындау» қадамында өнім беруші үшін міндеттілік белгісін қою қажет.

Лицензиялар түрін (–лерін) анықтау үшін «Лицензия» белсенді сілтемесін басу қажет.   Талап етілген лицензияны сүзгілер жинағының көмегімен жүзеге асыруға болады. Талап етілген лицензияны қанат белгісімен белгілеп, «Белгіленген лицензияларды қосу» батырмасын басу қажет. 


 Рұқсаттар туралы деректерді толтыру

 Сатып алуға қатысу Өнім берушіден рұқсат ұсынуды талап еткен жағдайда, онда Ұйымдастырушыға хабарландыру жобасында «Конкурстық құжаттаманы дайындау» қадамында өнім беруші үшін міндеттілік белгісін қою қажет .

«Рұқсаттар» тізімін (-дерін) анықтау үшін «Рұқсат» белсенді сілтемесін басу қажет.  Талап етілген рұқсатты сүзгілер жинағының көмегімен жүзеге асыруға болады. Талап етілген рұқсатты қанат белгісімен белгілеп, «Белгіленген рұқсаттарды қосу» батырмасын басу қажет. 


    Конкурстық құжаттама мен 1-қосымшаны қалыптастыру.

 Конкурстық құжаттаманы дайындау қадамында жүйе конкурстық құжаттама мен 1-қосымшаны автоматты түрде қалыптастырады. Файлды қарау және қол қою үшін белсенді сілтеме түріндегі құжат атауын басу қажет.

 Құжатқа қол қою нысаны бейнеленеді. Қарау үшін құжатқа белсенді сілтемені, құжатқа қол қою үшін «Қолтаңба қою» батырмасын басу қажет.

Құжатқа қол қойылғаннан кейін ЭЦҚ туралы ақпаратты «Көрсету» батырмасының көмегімен қарауға болады.



   Шарт жобасын қалыптастыру

Жүйе автоматты түрде қалыптастырған Шарт жобасын редакциялау және қарау үшін  «Конкурстық құжаттаманы дайындау»  қадамында «Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасы» белсенді сілтемесін басу керек.

Ескертпе:  Егер сатып алу мәнінің  түрі  «жұмыс»  болып табылса, «Шарт үлгісі» бағанында түсіп тұратын тізімнен шарттың типін таңдау.

«Пайдаланушы үлгісін сақтау» батырмасының көмегімен жиі пайдаланылатын шарттар нысанын сақтауға болады.  Сақталған үлгіні қолдану немесе алып тастау үшін «Шарттың пайдаланушылық үлгісі» терезесінде түсіп тұрған тізімнен  үлгіні таңдауды жүзеге асыру және тиісті батырманы басу қажет.


 

 Толтыру үшін міндетті жолдарды «Деректерді енгізу нысаны» қосымша бетінен қарауға болады .

  Белсенді сілтемені басып, жолды толтыру және сақтау қажет.


Шарт жобасына тармақтар мен тармақшалар қосуға рұқсат етіледі, бұл үшін «Тармақ қосу» белсенді сілтемесін басу қажет.

 

 

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

 Шарт мәтініне тармақтар қосуға/алып тастауға сатып алуды жариялау сатысында шарт жобасын қалыптастырған кезде ғана болады!

Егер Ұйымдастырушы шарт жобасында айқын  анықталған шарттармен сатып алуды жарияласа және өнім беруші шарт жобасында анықталған талаптармен келіссе, онда шарт жасасқан кезде шартқа өткізілетін мемлекеттік сатып алу мазмұны өзгеруіне әкелетін өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

Шарт жасасқан кезде байланысу деректері және Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес рұқсат етілген жолдар бөлігінде «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» ММ атынан өзгеріс енгізіледі, атап айтқанда: қол қоюшы адам,  тараптардың деректемелері, төлем шарты, кепілдік мерзімі, қамтамасыз ету жарнасы үшін шот.

 Осыған байланысты шарт жасасу сатысында сомаларды,ішінара төлемдерді және басқаларды анықтау бөлігінде тармақтар қосу мүмкін емес, яғни шартта ерекше  жағдайларды, мысалы, ай сайынғы төлем сомасын  анықтау үшін, сатып алуды жариялаған кезде егер  бұл сомалар сатып алу қорытындыларына байланысты болса, төлемдер мен жарналар үшін есептерді сипаттайтын тармақтар енгізу қажет.    Егер бұл сомалар сатып алу қорындыларына байланысты болмаса, онда хабарландыру шартының жобасында оларды көрсету қажет. Көрсетілген цифрлар шарт жасасқан кезде редакцияланбайтынын  ескеру қажет.

Аванс беру және шартты қамтамасыз ету ұсыну бөлігінде шарттарды көрсетуге тыйым салынады, өйткені үлгілік шарттың бұл мәтіні Мемлекеттік сатып алды жүзеге асыру қағидаларының 19,20,21 қосымшаларындағы үлгілік үлгілермен қатаң регламенттелген және өнім берушінің іс-әрекетіне байланысты (аванстан бас тарту) өзгеруі мүмкін.   

Шартты толтырғаннан кейін «Шарт жобасын бекіту» батырмасын басу қажет.

Бекітілген шарт жобасына «Қол қою» батырмасының  көмегімен қолтаңба қоюға болады.

Ескертпе:  бекітілген шартты қажет болғанда «Шарт жобасын шақырып алу» батырмасының көмегімен шақырып алуға болады.

ЭЦҚ туралы ақпаратты «Көрсету» батырмасының көмегімен қарауға болады.

Құжаттар тізіміне оралу үшін «Құжаттар тізіміне оралу» батырмасын басу қажет.

Ескертпе:  қол қойылған шартты қажет болғанда «Шарт жобасын шақырып алу» батырмасының көмегімен  шақырып алуға болады.

Тауарларды сатып алу кезінде ұйымдастырушының біліктілік талаптарын қалаптастыру

Біліктілік туралы деректерді енгізу үшін құжаттарды тіркеу нысанында Қосымша 1-1 белсенді сілтемесін басу қажет (Тауарларды мемлекетік сатап алу кезінде әлеуетті өнім берушіге қоылатын біліктілік талаптары).

Лоттар тізімі көрсетілген нысан көрсетіледі.

Толтыру үшін қажетті лот бойынша "Іс-әрекет" бағанындағы "Енгізу" батырмасын басу қажет.

Одан әрі мынадай қосымша парақтары бар нысандар көрсетіледі:

  • тауарды жеткізу рұқсатының (хабардар етудің) болуы;
  • материалдық ресурстар;
  • еңбек ресурстары;
  • сатып алынатын тауарлардың мәніне сәйкес келетін жұмыс тәжірибесінің болуы.

Назар аударыңыз!

«Материалды ресурстар», «Еңбек ресурстары», «Сатып алынатын тауарлар мәніне сәйкес келетін жұмыс тәжірибесінің болуы» қосымша парақтарындағы мәліметтерді толтыру, толтыру үшін міндетті болып табылады.

Деректер толтырылып, сақталғаннан кейін файлды түзету және сақтау мүмкіндігі пайда болады.   пиктограмманың көмегімен басқа тауар бойынша деректерді енгізуге болады.

Одан әрі "Қосымшаны қалыптастыру" батырмасын басу қажет болады.

Қосымшаны қалыптастырғаннан кейін қалыптасқан қосымшаға қолтаңба қою қажет. Қосымшаға қолтаңба қою үшін "Қол қою" батырмасын басу қажет. Файлды жою үшін "Қосымшаны жою" батырмасын басу қажет.

Жұмыстарды сатып алу кезінде ұйымдастырушының біліктілік талаптарын қалаптастыру

Құрылыс саласындағы (құрылыс-жөндеу жұмыстары мен жобалау жұмыстары) жұмыстарды сатып алу кезінде ұйымдастырушыға қойылатын біліктілік талаптарын қалаптастыру

Біліктілік туралы деректерді қосқаннан кейін құжаттарды тіркеу нысанында Қосымша 1-2 белсенді сілтемесін басу қажет (Құрылыс саласындағы (құрылыс-жөндеу жұмыстары мен жобалау жұмыстары) жұмыстарды сатып алу кезінде әлеуетті өнім берушіге қоылатын біліктілік талаптары).

Лоттар тізімі көрсетілген нысан көрсетіледі.

Толтыру үшін қажетті лот бойынша "Іс-әрекет" бағанындағы "Енгізу" батырмасын басу қажет.

Одан әрі мынадай қосымша парақтары бар нысандар көрсетіледі:

  • құрылыс саласындағы (құрылыс-жөндеу жұмыстары мен жобалау жұмыстары) жұмыстарды орындауға арналған рұқсаттардың (хабардар етудің) болуы;
  • соңғы он жылда конкурста сатып алынатын (ұқсас) жұмыстарды орындау тәжірибесінің болуы.

Назар аударыңыз!

"Құрылыс саласындағы (құрылыс-жөндеу жұмыстары мен жобалау жұмыстары) жұмыстарды орындауға арналған шешімдердің болуы", "Соңғы он жылда конкурста сатып алынатын (ұқсас) жұмыстарды орындау тәжірибесінің болуы" қосымша парақшасындағы мәліметтерді толтыру. толтыру үшін міндетті болып табылады.

-----------------

Деректер толтырылып, сақталғаннан кейін файлды түзету және сақтау мүмкіндігі пайда болады.   пиктограмманың көмегімен басқа жұмыс бойынша деректерді енгізуге болады.

Одан әрі "Қосымшаны қалыптастыру" батырмасын басу қажет болады.

Қосымшаны қалыптастырғаннан кейін қалыптасқан қосымшаға қолтаңба қою қажет. Қосымшаға қолтаңба қою үшін "Қол қою" батырмасын басу қажет. Файлды жою үшін "Қосымшаны жою" батырмасын басу қажет.

Құрылыспен байланысты емес жұмыстарды сатып алу кезінде ұйымдастырушыға қойылатын біліктілік талаптарын қалаптастыру

Біліктілік туралы деректерді енгізу үшін құжаттарды тіркеу нысанында Қосымша 1-3 белсенді сілтемесін басу қажет (Құрылыспен байланысты емес жұмыстарды сатап алу кезінде әлеуетті өнім берушіге қоылатын біліктілік талаптары).

Лоттар тізімі көрсетілген нысан көрсетіледі.

Толтыру үшін қажетті лот бойынша "Іс-әрекет" бағанындағы "Енгізу" батырмасын басу қажет.

Одан әрі мынадай қосымша парақтары бар нысандар көрсетіледі:

  • тжұмыстарды орындау рұқсатының (хабардар етудің) болуы;
  • материалдық ресурстар;
  • еңбек ресурстары;
  • соңғы он жылда конкурста сатып алынатын (ұқсас) жұмыс тәжірибесінің болуы.

Назар аударыңыз!

«Материалды ресурстар», «Еңбек ресурстары», «Соңғы он жылда конкурста сатып алынатын (ұқсас) жұмыс тәжірибесінің болуы» қосымша парақтарындағы мәліметтерді толтыру, толтыру үшін міндетті болып табылады.

Деректер толтырылып, сақталғаннан кейін файлды түзету және сақтау мүмкіндігі пайда болады.   пиктограмманың көмегімен басқа жұмыс бойынша деректерді енгізуге болады.

Одан әрі "Қосымшаны қалыптастыру" батырмасын басу қажет болады.

Қосымшаны қалыптастырғаннан кейін қалыптасқан қосымшаға қолтаңба қою қажет. Қосымшаға қолтаңба қою үшін "Қол қою" батырмасын басу қажет. Файлды жою үшін "Қосымшаны жою" батырмасын басу қажет.

Қызметтерді сатып алу кезінде ұйымдастырушының біліктілік талаптарын қалаптастыру

Біліктілік туралы деректерді енгізу үшін құжаттарды тіркеу нысанында Қосымша 1-4 белсенді сілтемесін басу қажет (Қызметтерді мемлекетік сатап алу кезінде әлеуетті өнім берушіге қоылатын біліктілік талаптары).

Лоттар тізімі көрсетілген нысан көрсетіледі.

Толтыру үшін қажетті лот бойынша "Іс-әрекет" бағанындағы "Енгізу" батырмасын басу қажет.

Одан әрі мынадай қосымша парақтары бар нысандар көрсетіледі:

  • қызметтерді көрсетуге арналған рұқсатының (хабардар етудің) болуы;
  • материалдық ресурстар;
  • еңбек ресурстары;
  • сатып алынатын қызметтер мәніне сәйкес келетін жұмыс тәжірибесінің болуы.

Назар аударыңыз!

«Материалды ресурстар», «Еңбек ресурстары», «Сатып алынатын қызметтер мәніне сәйкес келетін жұмыс тәжірибесінің болуы» қосымша парақтарындағы мәліметтерді толтыру, толтыру үшін міндетті болып табылады.

Деректер толтырылып, сақталғаннан кейін файлды түзету және сақтау мүмкіндігі пайда болады.   пиктограмманың көмегімен басқа тауар бойынша деректерді енгізуге болады.

Одан әрі "Қосымшаны қалыптастыру" батырмасын басу қажет болады.

Қосымшаны қалыптастырғаннан кейін қалыптасқан қосымшаға қолтаңба қою қажет. Қосымшаға қолтаңба қою үшін "Қол қою" батырмасын басу қажет. Файлды жою үшін "Қосымшаны жою" батырмасын басу қажет.

"Ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы" құжатын қалаптастыру

"ТЭН жұмыс және ЖСҚ/Қолда бар автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары" белгісімен "Ашық конкурс" және "Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс" тәсілімен сатып алулар "Ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы" құжатын тіркеу міндетті болып табылады.


 


      Хабарландыруды алдын ала қарау

 

 Хабарландыруды алдын ала қарау нысаны сатып алу туралы жалпы мәлімет, ұйымдастырушы және конкурстық комиссия туралы ақпарат қамтылған. Лот туралы ақпаратты қарау үшін Лоттар қосымша бетіне, құжаттаманы қарау үшін сәйкесінше Құжаттама қосымша бетіне өту қажет.

Алдын ала қарау нысанына өтінімдердің қабылдау басталуы мен аяқталуының алдын ала мерзімін белгілеу қажет.


 

 

Хабарландыру  жариялау күні мен өтінімдерді қабылдауды бастаудың алдын ала мерзімі арасындағы ең аз аралық  жұмыс күні. Өтінімдер қабылдауды бастау және аяқтау мерзімі арасындағы ең аз аралық 15 күнтізбелік күн. 

Өтінімдерді қабылдаудың басталу мерзімі жұмыс күні болуы тиіс.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! «талқылауды бастау мерзімі» мен «талқылауды аяқтау мерзімі» жолдары мына жағдайларда бейнеленбейді:

-        егер хабарландырудағы барлық лоттардың   «ТЭН және ЖСҚ-мен жұмыс» белгісі болса.

-        егер қайта сатып алу жүзеге асырылса.


      Хабарландыру жариялау

Назар аударыңыз! Хабарландыруды жариялар алдында енгізілген деректердің дұрыстығын тексеріңіз.

Хабарландыру жариялау үшін «Жариялау» батырмасын басу қажет Деректерді редакциялау талап етілген жағдайда «Артқа» батырмасын басу қажет, жүйе алдындағы қадамға қайта әкеледі.

Хабарландыруды ойдағыдай жариялаған жағдайда «Жарияланды» мәртебесі беріледі, лотқа (лоттарға) «Жаарияланды» мәртебесі беріледі. Олай болмаған жағдайда жүйе қате туралы хабарлама береді .


 

Сатып алуды жариялау мерзімі «Сатып алуды жариялаудың жоспарланған мерзімі (ай)»  жолындағы жоспар тармағында көрсетілген мерзімдерге сәйкес келмеген жағдайда, жүйе тиісті қатені көрсетеді:

   Құжаттаманың ережелерін талқылау

Назар аударыңыз! Құжаттаманы талқылау мерзімі аяқталғаннан кейін Жүйе өнім берушілерден сауал бар-жоқтығын тексереді:

-         Егер өнім берушілерден сауалдар болмаса және хабарландыруды бір де бір лот бойынша жіберілген хабарламалар болмаса, онда құжаттаманы талқылауды аяқтау төменде берілген сипаттамаға сәйкес орындалады.

-        Егер өнім берушілерден сауалдар жоқ болса, бірақ хабарландырудағы бір лот бойынша белгілі бір хабарлама болса, онда құжаттаманы талқылау «Құжаттаманы талқылауды аяқтау» батырмасына сипаттама тарауда келтірілген сипаттамаға сәйкес орындалады.

Егер сатып алу бойынша конкурстық құжаттама жобасына ескерту, сондай-ақ конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру туралы сауалдар болса, Өнім беруші жариялған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей ұйымдастырушыға хабарлама жаза алады. 

Назар аударыңыз! Құжаттама ережелерін талқылау атқарымы қолжетімді емес:

−        қайта сатып алу өткізу жағдайында.

Келіп түскен сауалдар туралы хабарлама ұйымдастырушы хатшысына, Төрағасына және Тапсырыс беруші өкіліне келеді.  Өнім берушілердің сауалдарын қарау үшін «Құжаттаманың ережелерін талқылау» қосымша бетінде, хабарлама тақырыбын басу керек.

Өнім берушінің деректері туралы хабарлама мәтіні бейнеленеді.

Сауалға жауап беру үшін «Жауап беру» батырмасын басу талап етіледі.

Назар аударыңыз! «Жауап беру» батырмасы құжаттаманы талқылау мерзімі аяқталғаннан кейін ғана қолжетімді болады.

Өнім берушінің сауалына жауапты Хатшы не Тапсырыс беруші өкілі не Ұйымдастырушы өкілі 1 рет қана бере алады. Батырма белсенді болысымен,  шешім таңдау үшін мәзір бейнеленеді.

Түсіп тұратын тізімнен келесі мәндердің бірін таңдау қажет:

-        Конкурстық құжаттама жобасына өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізу;

-        Ескертуді қабыл алмау;

-        Конкурстық құжаттама ережелеріне түсініктеме беру.

  Ескертуді қабыл алмау немесе конкурстық құжаттама ережелеріне түсініктеме беру туралы шешім қабылдаған жағдайда, «қабыл алмау себебі/түсіндіру мәтіні» міндетті жолын толтыру қажет».

Шешімді көрсеткеннен кейін «Жауап беру» батырмасын басу қажет. Жүйе әрекетті растауды талап етумен қалқыма терезені бейнелейді.

Талқылау хаттамасы әлі қалыптаспаған жағдайда, Хатшыға «Редакциялау» батырмасының көмегімен сауалды қарау нысанында берілген жауаптарды редакциялау қолжетімді.


 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! 1-бағыт бойынша камералық бақылау жөнінде жіберілген хабарламалар болса,  онда өнім берушілердің сауалына  жауаптар ұсынғаннан кейін құжаттаманы талқылауды аяқтау атқарымы «Құжаттаманы талқылауды аяқтау» батырмасына сипаттама тарауында берілген сипаттамаларға сәйкес жұмыс істейді.

        «Құжаттаманы талқылауды аяқтау» батырмасына сипаттама

Өнім берушілер Хатшыға жіберген Барлық сауалдарға жауаптар бергеннен кейін «Қолжетімді әрекеттер» мәзірінде «Құжттаманы талқылауды аяқтау» әрекеті қолжетімді болады.

Сатып алуды жалғастыру үшін «Қолжетімді әрекеттер» тарауында - «Құжаттаманы талқылауды аяқтау» басу қажет.


 

Бұдан әрі Өкілге қол қою үшін талқылау хаттамасын қосу қажет, бұл үшін «Қосу» батырмасын басу керек.  Пайдаланушыны іздеуді сүзгілер жинағының көмегімен (ЖСН немесе Аты-жөні бойынша) жүзеге асыруға болады. Тағы бір өкілді қосу қажет болған жағдайда     пиктограммасын, алып тастау  үшін   басу қажет. Қосылған өкілді сақтау үшін «Сақтау» батырмасын басу қажет. Талқылау нысаны «Талқылау хаттамасын қалыптастыру» батырмасының көмегімен қалыптасады.


 

Талқылау хаттамасы «Хаттамалар» қосымша бетіне орналасады.

Назар аударыңыз! Талқылау хаттамасын  қажет болған жағдайда   қол қойғанға дейін  ғана Хатшы алып тастай алады. Хаттама алып тасталғаннан кейін сауалдарға  арналған жауапты редакциялау мүмкіндігі пайда болады.

Хаттаманы жүктеп алу және қарау үшін PDF форматында құжатқа белсенді сілтемені басу қажет.

Талқылау хаттамасы қалыптасқаннан кейін, Жүйе талқылау хаттамасына қол қою қажеттігі туралы қосылған өкілге жеке кабинетіне хабарлама жібереді. Өкілге (дерге) хабарламадағы сілтеме бойынша өту немесе «Жұмыс кабинеті» - «Менің хабарландыруым» тарауында хабарландыруды іздеуді жүзеге асыру, хабарландыруды қарау нысанында «Хаттамалар» қосымша бетіне өту және хаттамаға қол қою қажет.  Танысу үшін PDF форматында құжатқа белсенді сілтемені басу қажет.

Талқылау хаттамасына қол қойғаннан кейін, Хатшының жеке кабинетіне хаттамаға қол қойылғаны туралы хабарлама келеді. «Хаттамалар» қосымша бетінде хабарландыруды қарау нысанында «Жариялау» батырмасы қолжетімді болады.

 


 

Талқылау хаттамасын жариялағаннан кейін конкурстық құжаттама жобасына өзгеріс немесе толықтру енгізу туралы шешім қабылданған жағдайда, жүйе 2 индексімен сатып алу жобасын автоматты түрде жасайды. 

Бастапқы хабарландыруға (1 индексімен) «Құжаттама өзгертілді» мәртебесі беріледі.  Қарау нысанында хабарландыруға сілтемелермен және талқылау хаттамасына жүктеп алу мүмкіндігімен хабарландыру бойынша  шешім қабылданғаны туралы хабарлама бейнеленеді .

Хабарландыру жобасына өзгеріс енгізу үшін «Жұмыс кабинеті» - «Менің хабарландыруларым» тарауына өту, хабарландыруды іздеуді жүзеге асыру және  пиктограмманы басу талап етіледі.


 

Жүйе хабарландыруды редакциялау нысанын бейнелейді.

Алдындағы қадамға өту үшін «Артқа» батырмасын басу талап етіледі.

Хабарландыру хатшысына хабарландыру жобасында мынадай мәліметтерді өзгертуге мүмкіндік беріледі:

­   Лот туралы мәлімет;

­   Ұйымдастырушы мен тапсырыс беруші өкілі туралы деректер;

­   Кокнурстық комиссия мүшелері;

­   Өтінімдерді қабылдау мерзімінің аяқталуы;

­   Конкурстық құжаттама.

 

Редакциялауға тыйым салынады:

­   Сатып алу өткізу тәсілі;

­   Сатып алу мәнінің түрі;

­   Мүгедектік белгісі;

­   Қазақ және орыс тілдерінде хабарландыру (сатып алу) атауы.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

-        Егер сатып алу мәнінің түрі «Жұмыс» болып, хабарландыруда  «Жұмыс» жолында  «Лоттар бойынша деректерді енгізу» қадамында   «ТЭН және ЖСҚ-мен жұмыс» (№1 индексі бар хабарландыруда) мәні толтырылған  болса, онда жүйе осы лоттар бойынша мәліметтерді редакциялауға тыйым салуы тиіс.

-        Егер сатып алу мәнінің түрі «Жұмыс» болып,  №1 индексі бар хабарландыруда  «Лоттар бойынша деректерді енгізу» қадамында, «Демпинг белгісі» жолында  «Демпингті есептемегендегі жұмыс» мәні толтырған болса, онда № 2 индекспен хабарландыруды редакциялаған кезде жүйе  «Демпингті есептегендегі жұмыс» мәнін таңдауға мүмкіндік береді және «Жұмыс» жолында,   «ТЭН/ ЖСҚ әзірлеуге арналған жұмыс» мәнін автоматты түрде толтырады, «Демпинг есебімен сома» жолы толтыру үшін қолжетімді болады.

-        Егер сатып алу мәнінің түрі «Жұмыс» болып,  №1 индексі бар хабарландыруда  «Лоттар бойынша деректерді енгізу»  қадамында «Демпинг белгісі» жолында    «Демпингті есептегендегі жұмыс» мәні, ал «Жұмыс»  жолында «ТЭН/ЖСҚ әзірлеуге арналған жұмыс» мәні толтырылған болса, № 2 индексі бар хабарламаны редакциялаған кезде Жүйе «Демпингті есептемегендегі жұмыс» мәнін таңдауға мүмкіндік береді.

-        Егер сатып алу мәнінің түрі «Көрсетілетін қызмет» болса, Жүйе «Лоттар бойынша деректерді енгізу» қадамында келесі мәліметтерді редакциялауға мүмкіндік береді:

-         «Инжинирингтік қызмет» белгісін алып тастау немесе керісінше қосуға мүмкіндік беру (белгіні қосқан жағдайда, «Демпинг еебімен сома жолын міндетті түрде толтыру).

 

Хабарландыру жобасына өзгерістер енгізгеннен кейін «Жариялау» батырмасын басу талап етіледі. Бұл ретте өтінімдерді қабылдаудың басталу мерзімі ағымдағы күн мен уақытқа сәйкес келеді (редакциялауға жатпайды).

 

 Өзгерістер лот туралы мәліметтерге қатысты болған жағдайда, Тапсырыс берушіге жылдық жоспар жобасын (жоба болмаған жағдайда) жасап, жоспардың тиісті тармағын редакциялау және жылдық жоспарды бекіту қажет.

Жүйе әр қадамда  «Хатшы» рөлімен редакциялу режимінде келесі хабарламаны бейнелейді: Назар аударыңыз! Жоспар тармақтарында мәліметтер өзгерді, осыған байланысты лоттарда мәлімет автоматты түрде жаңартылды. Өзгерген лоттар үшін техникалық өзіндік ерекшелікті жаңарту,  автоматты түрде қалыптасқан құжаттарға қайтадан қол қою қажет: Конкурстық құжаттама, 1-қосымша, шарттағы мәліметтерді жаңарту, лицензиялар мен рұқсаттарды жаңарту.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Құжаттаманы талқылау кезеңінде өнім берушілерден сауалдар келіп түспеген жағдайда, талқылау хаттамасын  жүйе талқылау мерзімі аяқталуына қарай автоматты түрде  қалыптастырады және жариялайды. Бұл хаттама «Хаттамалар» қосымша бетіне орналасады.

Жүйе «Өтінімдерді  қабылдау басталуының алдын ала мерзімі»  жолының атауын  «Өтінімдерді қабылдаудың басталу мерзіміне» және «Өтінімдерді қабылдау мерзімінің  аяқталуының алдын ала мерзімі» атауын «Өтінімдерді қабылдау мерзімінің аяқталуы»  атауына өзгертеді.  Өтінімдер қабылдауды  бастау мерзімі басталғанда хабарландыру мәтіні автоматты түрде Жарияланды (өтінімдер қабылдау) болып  өзгерді.  

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Талқылау хаттамасын автоматты түрде жариялағаннан кейін,  егер өтінімдер қабылдаудың басталу мерзімі хаттаманы талқылауды жариялау күнінен көп болса, Жүйе  өтінімдерді қабылдаудың басталу мерзімін талқылау хаттамасын жариялау күніне тең күнге ауыстырады. Бұл ретте өтінімдерді қабылдаудың басталу уақыты мен талқылау хаттамасын жариялау уақыты арасында  «Жарияланды» мәртебесінен «Жарияланды (өтінімдер қабылдау» мәртебесіне  ойдағыдай өзгеру үшін жарты сағат айырмашылық бар. 
Өтінімдерді қабылдаудың басталу мерзімі мен өтінімдерді қабылдау аяқталуы арасындағы аралық бұрын Ұйымдастырушы өтінімдерді қабылдаудың алдын ала мерзімі кезінде  көрсеткен аралыққа тең. Өтінімдерді қабылдау басталуының алдын ала мерзімі 2016 жылғы 01.03. көрсетіле, ал өтінімдерді қабылдаудың алдын ала мерзімінің аяқталуы 2016 ж. 20.03.  көрсетілсе, онда олардың арасындағы аралық 20 күнтізбелік күн болады. 


         Мемлекеттік сатып алудан бас тарту

«Сатып алудан бас тарту» рәсімі  «Тапсырыс беруші» рөлімен пайдаланушыға қолжетімді. Толық нұсқаулық «Тапсырыс беруші» нұсқаулығында сипатталған.

Назар аударыңыз! Хабарландыру бойынша «Аяқталды» мәртебесінде барлық лоттар бойынша немесе ішінара сатып алудан бас тарту жасалса, жүйе сатып алудан бас тарту есебімен қорытындылар хаттамасын қайта қалыптастырады.

Комиссияны өзгерту

Хатшыға хаттаманы қарау нысанында «Комиссияны өзгерту» әрекеті қолжетімді.

Осы әрекетті толтырғаннан кейін экранда конкурстық комиссияның өзгеруі нысаны бейнеленеді.

Конкурстық комиссия мүшесін өзгерту үшін «өкілді өзгерту» батырмасын басу қажет. Аукциондық комиссияның жаңа мүшесін қосу «комисссия мүшесін қосу» батырмасының, алып тастау батырмасының көмегімен орындалады .

«Шешім нөмірі», «шешімнің күні» жолдары міндетті болып табылады. Өзгерістерді сақтау үшін конкурстық комиссияны өзгертуге негіз болып табылатын файлды қоса тіркеу және «Өзгерісті сақтау» батырмасын басу қажет.

Ескертпе:

−        хабарландыру Хатшысын Конкурстық комиссия төрағасы ғана өзгерте алады.

−        Егер дауыс беру   және «Өтінімдерді қарау»/»Өтінімдерді толықтыруды қарау» хабарландыру мәртебесі аяқталмаса, жүйе конкурстық комиссияның  жаңа мүшесін шығарып тастауға немесе қосуға мүмкіндік береді. Конкурстық комиссияның шығарылған мүшесі дауыс берген жағдайда, Жүйе  дауыс беру нәтижелерін тастауы тиіс және  осы конкурстық комиссия мүшесіне қайтадан дауыс беруге тыйым салынады. Егер комиссияның шығарылған мүшесі әлі дауыс бермесе, Жүйе өнім берушілерді жіберу/қабыл алмау бойынша шешімдерді енгізу үшін қолжетімділіктерді жабуы тиіс.

Комиссияның жаңа мүшесін қосқан жағдайда, Жүйе конкурстық комиссияның осы мүшесіне дауыс беруі тиіс.

 

       Өнім берушілердің ашық конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерін қарау

Конкурстық комиссия мүшелері Өтінімдерді қабылдау мерзімі  басталысымен Жүйе Өнім берушілердің өтінімдерін қарау қажеттігі туралы хабарламаларды автоматты түрде жібереді. «Хабарландыру» тарауына өту үшін «Хабарлама» тарауында «Қатысушының бейіні» мәзірін ашу керек.

Хабарламаларды  қарауды сондай-ақ беттің оң жақ жоғары бұрышындағы  келіп түскен хабарламалар саны түрінде пиктограмманы басып орындауға болады. Пиктограммаға басқан соң соңғы 5 алынған хабарлама тізімі бейнеленеді. Барлық хабарламаларды көру үшін «Барлық хабарламалар» сілтемесін басу қажет.


 Хабарламаға өтуді сілтеме бойынша хабарландырудан жүзеге асыруға болады, немесе «Жұмыс кабинеті» тарауына өтіп, «Хабарландыруларды іздеу» (жалпы) мәзірін таңдау керек.

 Өнім берушілер ұсынған өтінімдерді қарау үшін хабарландыруды қарау нысанында «Қолжетімді әрекеттер» тарауында тізімнен «Өтінімді қарау» таңдау кажет.

 Конкурсқа өтінім берген  Өнім берушілер туралы ақпаратты қарау үшін өтінім нөмірі сілтемесіне басу қажет.

«Өнім беруші туралы мәлімет» қосымша бетінде өнім берушінің атауы, деректемелері, мекенжайы және өнім беруші өкілі туралы ақпарат көрсетілген.

«Өнім беруші сатып алуға қатысу үшін лоттар» қосымша бетіне өнім беруші өтінім берген лоттар орналасады.

«Құжаттама» қосымша бетіне өнім беруші берген құжаттар орналасады. Құжат атауы бар жолда қоса берілген файлдар саны көрсетіледі. Қоса берілген файлдар бейнеленуі үшін тарау атауын басу қажет. Құжатты қарау және жүктеп алу үшін құжат атауының белсенді сілтемесін басу талап етіледі.


 

 Өнім берушіні жіберу/қабыл алмау бойынша дауыс беруді жүзеге асыру үшін  «Лоттар бойынша өнім берушіні жіберу» қосымша бетіне өту талап етіледі.

Лоттар бойынша өнім берушіні жіберу екі тарауды қамтиды:

-        Барлық лоттар бойынша жалпы құжаттар;

-        Әрбір лот бойынша құжаттар.

  «Барлық лоттар бойынша жалпы құжаттар» тарауы  мынадай санаттардан тұрады:

-        МС туралы Заңның 6 т. бойынша шектеулер болмауы.

«МС туралы Заңның 6 т. бойынша шектеулер болмауы» санаты бойынша шешім қабылдау үшін «Ескертпе» жолында Түсіп тұратын тізімнен келесі мәндердің бірін таңдау талап етіледі:

-Жіберілді

-Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады .

«Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады» мәні таңдалған жағдайда, тиісті жолға қанат белгісін қойып, Заңның тармақшасын көрсету көрсету және ауытқу себебін толтыру талап етіледі.

Ескертпе:  «Файлды қоса тіркеу» батырмасы өнім берушінің өтінімін қабыл алмау негіздемесін толтырған кезде міндетті шарт болып табылмайды.

Назар аударыңыз! МС Заңының 6-бабы бойынша  конкурстық комиссия мүшесінің тым болмағанда біреуі бойынша «Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады»  шешімі болған жағдайда,  Жүйе комиссия мүшелерінің көпшілігі осы өнім берушіні жібергеніне байланыссыз  «Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады»  қорытынды шешімін беруі тиіс Жүйе  бұл шешімді өнім беруші қатысатын  барлық лоттарға  автоматты түрде қолданады. Бұл өнім беруші қайтадан сатып алуға қатысуға өтінім бере алмайды .

Барлық санаттар бойынша шешім қабылданған соң, тарауда «Сақтау» батырмасын басу талап етіледі. Шешімді сақтағаннан кейін тарауы бар жолда қабылданған шешім бейнеленеді (Жіберілді, Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады).

 

«Әрбір лот бойынша құжаттар» тарауына өту үшін лот нөмірінің белсенді сілтемесін басу талап етіледі.

Бұл тарау мынадай санаттардан тұрады:

-        Конкурстық құжаттаманың сәйкестігі;

-        Біліктілік талаптарына сәйкестік;

-        МС туралы Заңның 6 т. бойынша шектеулер болмауы.

 


 

  «Конкурстық құжаттаманың сәйкестігі»  санаты бойынша шешім қабылдау үшін «Ескертпе» жолында Түсіп тұратын тізімнен келесі мәндердің бірін таңдау қажет:

-Жіберілді;

- Қабыл алынбады.

  «Конкурстық құжаттаманың сәйкестігі» санаты мынадай құжаттардан тұрады

-        2-қосымша (Техникалық өзіндік ерекшелік) не Жобалау-сметалық құжаттама/Техникалық-экономикалық негіздеме

-        8-қосымша (Өтінімді қамтамасыз ету,кепілді  емес ақшалай жарна)

Ескертпе: бұл тізім өнім берушіні бір немесе бірнеше құжат бойынша қабыл алмауға шешім қабылдаған  жағдайда бейнеленеді.

 


 

8-қосымша бойынша қайта беру құқығынсыз өнім берушінің қабыл алмау қажеттілігі жағдайында, «Жіберу» жолына қанат белгісін қою талап етіледі, жүйе «қайта беру құқығынсыз» қосымша жолын бейнелейді, онда да қанат белгісін қою талап етіледі.Қабыл алынбады себебін көрсетуге арналған жол міндетті болып табылады.

 

 

Назар аударыңыз!  Конкурстық комиссиясының тым болмағанда бір мүшесі бойынша «Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады» шешімі  болса,  Жүйе комиссия мүшелерінің көпшілігі осы өнім берушіні жібергеніне байланыссыз  «Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады»  қорытынды шешімін береді . Қабыл алынбаған өнім беруші осы лот бойынша өтінім толтыруға бере алмайды. Бұл шешім өтінімдегі басқа лоттарға таралмайды.

  «Біліктілік талаптарына сәйкестік»  санаты бойынша шешім қабылдау үшін, «Ескертпе» жолында Түсіп тұратын тізімнен келесі мәндердің бірін таңдау қажет:

- Жіберілді;

- Қабыл алынбады.

Категория «Біліктілік талаптарына сәйкестік» мынадай құжаттардан тұрады:

-          5/6/7 қосымша (Жұмыстар/көрсетілетін қызметтер/тауарлар сатып алған кезде Өнім берушінің біліктілігі туралы мәлімет)

-        10-қосымша  (Жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсеткен кезде бірге орындаушылар) туралы мәлімет) / Қосалқы мердігерлердің біліктілік талаптары бойынша құжаттар. Ескертпе: сатып алу мәнінің түрі   көрсетілетін қызмет немесе жұмыс болып табылған жағдайда ғана бейнеленеді.

-        Бірінші санаттың рұқсаты (Лицензиялар)

-        Екінші санаттың рұқсаты

-        Куәлік, сертификаттар, дипломдар және басқа құжаттар

Ескертпе: бұл тізім өнім берушіні бір немесе бірнеше құжат бойынша қабыл алмауға шешім қабылдаған  жағдайда бейнеленеді.

«МС туралы Заңның 6 т. бойынша шектеулер болмауы»  санатында «Ескертпе» жолында келесі мәндердің бірін таңдау талап етіледі:

­   Жіберілді;

­   Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады.

 Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады» мәнін таңдаған кезде Заң бабының 6-тармақшасын көрсету және қабыл алынбау себебін көрсету талап етіледі.

Назар аударыңыз!   «Әрбір лот бойынша құжаттар» тарауында Заңның 6-бабы бойынша  қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады жасалған жағдайда,  өнім беруші осы лот бойынша өтінімге толықтыру бере алмайды.  Қалған лоттарға бұл шешім қолданылмайды.

МС Заңының 6-бабы бойынша  конкурстық комиссия мүшесінің тым болмағанда біреуі бойынша «Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады»  шешімі болған жағдайда, Жүйе комиссия мүшелерінің көпшілігі осы өнім берушіні жібергеніне байланыссыз  «Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады»  қорытынды шешімін беруі тиіс.

 

Барлық санаттар бойынша шешім қабылданған соң, тарауда «Сақтау» батырмасын басу талап етіледі. Шешімді сақтағаннан кейін тарауы бар жолда қабылданған шешім бейнеленеді (Жіберілді, Қабыл алынбады, Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады).

Барлық тараулар бойынша дауыс беруді аяқтау үшін, «Дауыс беру» батырмасын басу қажет.

 «Артқа оралу» батырмасы өтінімдер тізіміне оралуға арналған.

Назар аударыңыз! Дауыс беру аяқталғанға дейін Комиссияға «Дауысты шақырып алу» атқарымын пайдаланып, өз дауысын шақырып алу мүмкіндігі беріледі.


    Өтінімдердің қаралуын бақылау

Хатшыға «Өтінімдерді қарау»/Өтінімдерді толықтыруды қарау» мәртебесімен хабарландыруды қарау нысанында дауыс беру барысын қадағалау атқарымы қолжетімді. Осы атқарымды пайдалану үшін «Қолжетімді әрекеттер» тарауында «Өтінімді қарау» тармағын таңдау қажет.

Жүйе ұсынылған өтінімдерді қарау нысанын бейнелейді. Өтінім туралы ақпаратты қарау үшін өтінім нөмірін басу талап етіледі.

Конкурстық комиссия мүшелерінің дауыс беруі бойынша ақпаратты қарау үшін «Дауыс беруді бақылау» қосымша бетіне өтіп, лот нөмірі бар жолды басу қажет.

Жүйе өтінімдер тізімімен келесі нысанды бейнелейді.

«Шешім» жолы келесі мәндерді қамтуы мүмкін:

-        Кворумға қолжеткізілді – егер Конкурстық  комиссия мүшелерінің көбі дауыс берсе (бұл ретте комиссия төрағасы міндетті) .

­   Кворум жоқ – дуыс беру басталды, дауыс беру бойынша кворумға қолжеткізілмеді.

«Жақтап» жолы – әлеуетті өнім берушіні ол өтінім берген лот бойынша сатып алуға қатысуға жіберген Конкурстық комиссия мүшелерінің саны туралы мәліметті қамтиды.

«Қарсы» жолы – әлеуетті өнім берушіні ол өтінім берген лот бойынша сатып алуға қатысуға жібермеген Конкурстық комиссия мүшелерінің саны туралы мәліметті қамтиды.

«Дауыс бермеді» жолы – әлеуетті өнім берушіні ол өтінім берген лот бойынша сатып алуға қатысуға жіберу/қабыл алмау жөнінде шешім қабылдамаған Конкурстық комиссия мүшелерінің саны туралы мәліметті қамтиды.

Назар аударыңыз! Конкурстық комиссияның әрбір мүшесі бойынша дауыс беру нәтижелерін қарау үшін лот нөмірі бар жолды басу қажет.


 

Конкурстық комиссия мүшесі өнім берушінің шешімін қабыл алмау туралы шешім қабылдаған жағдайда, қабыл алынбау себебі жолы белсенді сілтемемен толтырылатын болады.

«Мәртебе» жолында мынадай мәндер қамтылуы мүмкін:

-        Қабыл алынбады;

-        Жіберілді;

-        Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады;

-        Дауыс берген жоқ.

Ескертпе:

­   МС Заңының 6-бабы бойынша  конкурстық комиссия мүшесінің тым болмағанда біреуі бойынша «Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады»  шешімі болған жағдайда,  Жүйе Конкурстық комиссия мүшелерінің көпшілігінің дауысы  -«Жіберілді» болғанына қарамастан,  «Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады»  қорытынды шешімін беруі тиіс.  

­   «Өтінімді қамтамасыз ету» құжаты бойынша  конкурстық комиссия мүшесінің тым болмағанда біреуі бойынша «Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады»  шешімі болған жағдайда, Жүйе комиссия мүшелерінің көпшілігінің дауысы  -«Жіберілді» болғанына қарамастан,  «Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады»  қорытынды шешімін беруі тиіс.  

Толығырақ қарау үшін «Қабыл алынбау себебі» белсенді сілтемесін басу қажет. 

Өнім беруі қабыл алмау туралы шешім қабылдаған құжаттар тізімімен  қалқыма терезе бейнеленеді.

    Дауыс беруді аяқтау

Дауыс беруді аяқтау үшін Конкурстық комиссия хатшысына «Қолжетімді әрекеттер» жолында хабарландыруды қарау нысанында «Өтінімі қарау» әрекетін таңдау қажет.

Бұдан әрі «Дауыс беруді бақылау» қосымша бетіне өту қажет.

Өнім берушілерді жіберу/қабыл алмау бойынша дауыстар кворумы болған кезде, конкурстық комиссия хатшысына «Дауыс беруді бақылау» қосымша бетінде «Дауыс беруді аяқтау» батырмасы қолжетімді болады.

Назар аударыңыз!  Егер конкурстық комиссия мүшелерінің көбі дауыс берсе, кворум қолжеткізілді деп саналады. Бұл ретте Төраға міндетті түрде дауыс беруі тиіс.

 

Дауыс беру аяқталғаннан кейін «Шешім» жолы келесі мәндерді қамтуы мүмкін:

-        Жіберілді – көпшілік дауыспен өнім беруші жіберілген жағдайда шығарылады.

-        Қабыл алынбады – біліктілік талаптарға немесе конкурстық құжаттама сәйкес болмауынан көпшілік дауыспен қабыл алынбаған жағдайда шығарылады; 

-        Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады – МС заңының 6-бабы бойынша  қабыл алынбаған жағдайда немесе  тым болмағанда бір конкурстық комиссия мүшесі бойынша өтінімге қамтамасыз ету ұсынбауына байланысты қабыл алынбаған кезде шығарылады.

Ескертпе:

­   МС Заңының 6-бабы бойынша  конкурстық комиссия мүшесінің тым болмағанда біреуі бойынша «Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады»  шешімі болған жағдайда,  Жүйе комиссия мүшелерінің көпшілігі осы өнім берушіні жібергеніне байланыссыз  «Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады»  қорытынды шешімін беруі тиіс.

­   «Өтінімді қамтамасыз ету» құжаты бойынша  конкурстық комиссия мүшесінің тым болмағанда біреуі бойынша «Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады»  шешімі болған жағдайда, Жүйе комиссия мүшелерінің көпшілігімен  жіберілгеніне байланыссыз,  «Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады»  қорытынды шешімін  беруі тиіс.

Дауыс беру аяқталғаннан кейін қажет болған жағдайда тиісті батырма арқылы дауыс беруді жаңғыртуға болады.

Ескертпе: «Алдын ала жіберу хаттамасын қалыптастыру» батырмасы хабарландыру бойынша қабыл алынбаған өнім берушілер болған жағдайда қолжетімді.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сатып алуға біреуден көп өнім беруші қатысса, бұл ретте  барлық өнім берушілер барлық лоттар бойынша жіберілсе не қайта беру құқығынсыз қабыл алынбаса, Дауыс беру аяқталғаннан кейінгі қадам шартты жеңілдіктерді толтыру, одан соң   Қорытындылар хаттамасын қалыптастыру және жариялау болады.

Шартты жеңілдіктерді толтыру сатып алуға бір ғана өнім беруші қатысқан жағдайда ғана талап етілмейді.

 

      Алдын ала рұқсат ету хабарламасын қалыптастыру

Хабарландыруда бір және одан көп әлеуетті өнім берушілер жіберілмесе,  дауыс беру аяқталғаннан кейін  Конкурстық комиссия хатшысына әрекеттер тізімінде «Алдын ала жіберу хаттаамсын қалыптастыру» қолжетімді болады. 

Ескертпе: Бұл әрекетті сондай-ақ «Дауыс беруді бақылау» қосымша бетінде «Алдын ала жіберу хаттамасын қалыптастыру» батырмасын басып, орындауға болады.

Нәтижесінде жүйе    PDF  форматында қазақ және орыс тілдерінде алдын ала жіберу хаттамасын қалыптастырады, хабарландыру, өтінімдер мен лоттар мәртебесі  «Жіберу алдындағы хаттаманы қалыптастыруға» өзгереді.

Талқылау хаттамасы «Хаттамалар» қосымша бетіне орналасады.

Хаттамамен танысу және жүктеу үшін құжат атауы белсенді сілтемесін басу талап етіледі. Сараптамалық қорытындыны қоса тіркеу қажет болған жағдайда Хатшыға «Файлды таңдаңыз» батырмасын басу талап етіледі. Хаттамаға қол қою үшін «Қолтаңба қою» батырмасын басу, одан соң «Сақтау батырмасын басу қажет. Жүйе комиссия мүшелері тізімімен келесі нысанды бейнелейді.

Комиссияның қандай да бір мүшесі болмаған жағдайда «Файлды таңдаңыз» батырмасының көмегімен «Қолтаңба жоқ болу себебі» тарауында файлды қоса тіркеу мүмкіндігі ұсынылады.

 

 

           Комиссия мүшелерінің алдын ала рұқсат ету хабарламасына қол қоюы

Хатшы конкурстық комиссия мүшелерінің алдын ала жіберу хаттамасына қол қойғаннан кейін жүйе хаттамаға қол қою қажеттігі туралы  хабарлама жіберуді жүзеге асырады.

Хаттамалар қосымша бетінде хабарландыруды қарау нысанында құжаттың белсенді сілтемесін басып, хаттаманы қарау мүмкіндігі ұсынылады.

Конкурстық комиссия мүшелері алдына ала жіберу хаттамасына қол қояр алдында құжаттың дұрыстығын тексерулері қажет.   Құжатқа электрондық-цифрлық қолтаңба қойып, Сіз электрондық құжаттың бүтіндігін және түпнұсқалығын растайсыз.

 Конкурстық комиссия мүшесінде ерекше пікір болмаған жағдайда, файлды «Шолу» батырмасының көмегімен қоса тіркеу қажет.

Назар аударыңыз!

Өнім берушіні конкурстық комиссия мүшелері «Жіберілді» немесе «Қабыл алынбады» шешімімен жіберген    (өз өтініміңізді қабыл алынбаған лоттар бойынша қайта беруге мүмкіндік бар), бірақ алдын ала жіберу хаттамасын қалыпастырар алдында Веб-портал  ЖҚТ және ББТ –да бар-жоқтығына өнім берушіні тексерген кезде, МС Заңының 6-бабы 1-тармағының 3, 4, 5, 6 тармақшалары бойынша ЖҚТ-да, сондай-ақ ББТ-да табылған жағдайда, Жүйе:

−                  Өтінімдер мен өтінімдегі  лоттардың өздерінің мәртебесін алдын ала жіберу хаттамасы жарияланғаннан кейін  «Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады»  мәртебесіне өзгертеді;

−                  «Қабыл алмау» шешімімен конкурстық комиссия мүшелері қабыл алмаған өтінім берушілерге өтінімді толықтыруға және қайтадан беруге тыйым салу;

−                  Алдын ала жіберу хаттамасында өнім берушіні қабыл алмау себебін көрсету:

−         Әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қарау/дауыс беру нәтижесі бар кестеде:

−                  ЖҚТ-да ол бойынша деректер табылған өнім берушінің ЖСН/БСН;

−                  Аты-жөні, лауазымы, комиссия мүшелерінің рөлдерінің орнына «Веб-портал» көрсетілген болуы тиіс;

−                  Комиссия мүшесінің шешімі -  «Қабыл алынбады» мәні;

−                  талаптарға сәйкес келмеу себебі: «МС туралы Заңның 6-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы бойынша шектеу (4) тармақша бойынша 5) тармақша бойынша емес 6) тармақша бойынша емес бейнеленуі тиіс)».

−         Өнім берушінің қабыл алынбаған өтінімдері кестесінде

−                  ол бойынша (оның қосалқы мердігерлері емес)  ЖҚТ-да деректер табылған  өнім берушінің атауы, ЖСН/БСН;

қабыл алынбау себебі: «МС туралы Заңның 6-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы бойынша шектеу (4) тармақша бойынша 5) тармақша бойынша емес 6) тармақша бойынша емес бейнеленуі тиіс)».


           Алдын ала рұқсат ету хабарламасын  жариялау

Конкурстық комиссия мүшелері алдын ала жіберу хаттамасына қол қойғаннан кейін жүйе қолтаңбалар кворумы болуына тексереді және кворум болса, конкурстық комиссия мүшесіне «Алдын ала жіберу хаттамасын жариялау» әрекеті қолжетімді болады. Конкурстық комиссия мүшелері алдын ала жіберу хаттамасына қол қойғаннан кейін жүйе қолтаңбалар кворумы болуына тексереді және кворум болса, конкурстық комиссия хатшысына «Алдын ала жіберу хаттамасын жариялау» әрекеті қолжетімді болады. 

Ескертпе:  бұл әрекет сондай-ақ әрекеттер тізімінде қолжетімді.

«Жіберер алдында хаттаманы жариялау» батырмасы белсенді болғаннан кейін жүйе  өтінімдерді екінші рет ұсынуды  (толықтыруды) бастау және аяқтау мерзімдерін қалыптастырады.

 «Болдырмау» батырмасы алдындағы мәзірге оралуға арналған  (дауыс беруді жаңғырту мүмкіндігі пайда болады).

Растаған жағдайда алдын ала жіберу хаттамасын жариялау жүзеге асырылады және хабарландыру мен лоттар мәртебесі «Жарияланды (өтінімдерді толықтыру) мәртебесіне ауысады.

Хабарландыруды қарау нысанында өтінімдерді толықтыруды қабылдаудың басталу және аяқталу мерзімі мен қалған уақыт бейнеленеді.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Үшінші бағыт бойынша, егер хабарлама «Жарияланды  (өтінімдерді толықтыру)» хабарландыру мәртебесімен алдын ала жіберу хаттамасын орналастырған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберілсе, онда Ұйымдастырушы өтінімдерді толықтыру мерзімі аяқталғаннан кейін алдын ала жіберу хаттамасын қайта қарауды енгізу жолымен бұзушылықты жоюы тиіс. Әр түрлі уақытта  бірнеше хабарлама, бірақ бір хабарландырудан барлық лоттар бойынша жіберілетін болған жағдайда, онда алдын ала жіберу хаттамасын қайта қарау жолымен хабарламаны орындау бірден барлық үш лот бойынша жүзеге асырылуы тиіс. 

Хабарлама жіберіп, алдын ала жіберу хаттаамсын қайта қарау үшін өтінімдерді толықтыру мерзімі аяқталғаннан кейін  Жүйе:

  1.   Лоттар  мен хабарландыру мәртебесін «ААЖХ қайта қарау бойынша шешім қабылдау» деп өзгертеді.
  2. «ААЖХ қайта қарау» және «ААЖХ қайта қарамай сатып алуды жалғастыру» батырмаларын белсенді етеді.
  3. Хабарлама негізінде бұзушылықты жою тәсіліне сипаттама 5.4.3 тарауда берілген.

            Ашық конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді екінші рет қарау

Өтінімдерді толықтыруларды қабылдаудың аяқталу мрезімі басталғанда, хабарландыру мәртебесі «Өтінімдер толықтыруларын қарау» мәртебесіне өзгереді, конкурстық комиссия мүшелеріне жүйе  өтінімді қарау қажеттігі туралы хабарламалар жіберуді жүзеге асырады. 

Өтінімдер толықтыруларын қарау үшін хабарландыруды қарау нысанында қолжетімді әрекеттер тізімінен «Өтінімдерді қарау» таңдау керек.

Жүйе келесі нысанды бейнелейді.

Өтінімді Өтінімдерді қарау (Толықтыру) мәртебесінен қарау қажет. Конкурсқа қатысуға өтінім толтырған өнім берушілер туралы ақпаратты қарау үшін өтінім нөмірінің сілтемесіне басу қажет.

«Құжаттама (қайтадан қарау үшін)» қосымша бетінде толықтырылған және бұрын қабыл алынбаған құжаттар қамтылған. Құжаттарды қарау үшін тарау атауын басу талап етіледі.  


 

 «Құжаттама» қосымша бетінде өзекті (толықтырулар есепке алынған)  құжаттар бар.


 

Жіберу/қабыл алмау бойынша дауыс беруді жүзеге асыру үшін «Лоттар бойынша өнім берушілерді жіберу» қосымша бетіне өту керек.

Жүйе ол бойынша өнім беруші қабыл алынбаған   тараулар мен олардағы құжаттарды бейнелейді.

Ескертпе: екінші рет дауыс беру   1.3.6. Ашық конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарау тармағы сияқты жүзеге асырылады  

         Шартты жеңілдіктерді толтыру

Дауыс беру аяқталғаннан кейін өтінімдерді қарау нысанында шартты жеңілдік пайызын енгізу үшін Хатшыға «Шартты жеңілдіктер» жолында «Толтыру талап етіледі» сілтемесін басу қажет. 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жүйе осы лот бойынша өнім берушінің өтінімі қабыл алынбағанына немесе жіберілгеніне байланыссыз,  бір өтінімнен көп берілген лоттар бойынша ғана шартты жеңілдіктерді толтыру нысанын белсенді етеді. 

Нәтижесінде экранда өлшемдердің әрбірі бойынша шартты жеңілдіктерді толтыру  үшін нысан бейнеленеді. Шартты жеңілдіктерді толтыру нысаны  әрбір лот бойынша бөлек бейнеленеді, белгілі бір лот нысанын ашу үшін, лот нөмірін басу талап етіледі. 

Шартты жеңілдіктерді толтыру нысанында өлшемдер сатып алу мәнінің түріне байланысты бейнеленетін болады:

Жол атауы

Сипаттама

Жұмыс тәжірибесі (жыл)

Үндемеуі бойынша бос бейнеленеді. 0-ден 15-ке дейін қолмен толтырылады.

Сатып алу мәнінің түрі үшін: тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет.

Жұмыс тәжірибесі (пайыз)

Үндемеуі бойынша бос бейнеленеді. Тауар мен көрсетілетін қызмет мәнінің түрі үшін   0-ден    5%-ке дейін толтырылады,   жұмыс  мәнінің түрі үшін   0-ден 10%-ға дейін толтырылады.

Сатып алу мәнінің түрі үшін: тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет.

Сертификатталған СМЖ болуы

Үндемеуі бойынша бос бейнеленеді. 0 %  немесе 2 % қолмен толтырылады.

Сатып алу мәнінің түрі үшін: тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет.

СЭМ сәйкестегін растайтын құжаттың болуы

Үндемеуі бойынша бос бейнеленеді. 0 немесе 1 % қолмен толтырылады.

Сатып алу мәнінің түрі үшін: тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет.

СЭЧП сәйкестігін растайтын құжаттың болуы

Үндемеуі бойынша бос бейнеленеді. 0 % немесе  1 %  қолмен толтырылады.

Сатып алу мәнінің түрі үшін: тауар

Ұсынылатын тауарлардың сәйкестігін ерікті растау туралы құжаттың болуы 

Үндемеуі бойынша бос бейнеленеді.  0 % немесе 2 % қолмен толтырылады.

Сатып алу мәнінің түрі үшін: тауар

                  

Тауарлардың атқарымдық сипаттамасы

Үндемеуі бойынша бос бейнеленеді. 0 %-дан 3 %-ға дейін қолмен толтырылады.

Сатып алу мәнінің түрі үшін: тауар

Тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық сипаттамалары

Үндемеуі бойынша бос бейнеленеді.   0 %-дан  3 %-ға дейін қолмен толтырылады.

Сатып алу мәнінің түрі үшін: тауар, көрсетілетін қызмет

Тауарлар, көрсетілетін қызметтердің сапалық сипаттамалары

Үндемеуі бойынша бос бейнеленеді. 0 немесе 5 % қолмен толтырылады.

Сатып алу мәнінің түрі үшін: тауар, көрсетілетін қызмет

Тауарлардың пайдалану сипаттамалары

Үндемеуі бойынша бос бейнеленеді. 0 %-дан  3 %-ға дейін қолмен толтырылады.

Сатып алу мәнінің түрі үшін: тауар

Жалпы шартты жеңілдік, %

Жолдар сомасымен автоматты түрде толтырылады.  Өнім беруші үшін жиынтық шартты жеңілдік

 

Мәндерін қойғаннан кейін «Сақтау» батырмасын басу қажет. Шартты жеңілдіктер барлық лоттар бойынша толтырылғаннан кейін «Аяқтау» батырмасын басу талап етіледі.

Назар аударыңыз! Шартты жеңілдіктерді толтыру нысанында барлық жолдар міндетті болып табылады. Қандай да бір өлшем бойынша жеңілдік жоқ болса, бұл жолға 0 қою қажет.

Шартты жеңілдіктер өлшемдерін қою рәсімі аяқталғаннан кейін «Шартты жеңілдіктер» тарауында мәртебесі «Толтырылды» болып өзгереді. 


 


         Конкурстық комиссияның сауалдары туралы деректерді толтыру

Бұл атқарым алдын ала жіберу хаттамасы жарияланған   және өнім берушілер өтінімінді қайта берген жағдайда қолжетімді. Хатшы конкурстық комиссия мүшелері (бұдан әрі - ККМ)  біліктілік талаптарына және конкурстық комиссия талаптарына сәйкес келтірілген  не конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерде  қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында жеке немесе заңды тұлғаларға, мемлекеттік органдарға сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерге конкурстық комиссия мүшелері жіберген суалдар туралы деректер енгізіледі.   

ККМ сауалдары туралы деректерді толтыру үшін «Деректерді қосу» батырмасын басу қажет.

Нәтижесінде экранда ККМ сауалдары туралы деректерді толтыру үшін нысан бейнеленеді

ККМ сауалдары туралы деректерді толтыру нысанында мынадай жолдар бейнеленеді:

Жол атауы

Сипаттама

Лоттар тізімі

Үндемеуі бойынша хаьарландыруда жарияланған лоттар бейнеленеді. ККМ ол бойынша  сауал жіберген  лот таңдалады

Сауал жіберілді

Үндемеуі бойынша бос бейнеленеді. Тізімнен мына мәндердің бірі таңдалады:

- Өнім беруші;

- Сауал жіберілген ұйым/адам.

Сауал жіберілген ұйым/адам атауы

Үндемеуі бойынша бос бейнеленеді. «Сауал жіберілді» жолында «Өнім беруші» мәні таңдалған кезде, Жүйе «Лоттар тізімі» жолында таңдалған лотқа қатысуға өтінім берген Өнім берушілер атауын бейнелейді.

Өнім берушілер тізімінен қолмен Өнім беруші таңдалады.

Қазақ тілінде сауал жіберілген ұйым/адам атауы 

Қолмен толтырылады. «Сауал жіберілді»  жолында «Сауал жіберілген ұйым/адам» мәні таңдалса, толтыру үшін қолжетімді.

Орыс тілінде сауал жіберілген ұйым/адам атауы 

Қолмен толтырылады. «Сауал жіберілді»  жолында «Сауал жіберілген ұйым/адам» мәні таңдалса, толтыру үшін қолжетімді.

Қазақ тілінде сауал туралы ақпарат

Қолмен толтырылады.

Орыс тілінде сауал туралы ақпарат

Қолмен толтырылады.

Сауалды жолдау күні

Күнтізбеден таңдау.

Қазақ тілінде жауап туралы ақпарат

Қолмен толтырылады.

Орыс тілінде жауап туралы ақпарат

Қолмен толтырылады.

ККМ сауалдары туралы деректерді толтырғаннан кейін деректерді сақтау үшін «Сақтау» батырмасын басу қажет. Жүйе деректерді сақтайды. Сауалдар туралы жаңа мәліметтерді қосу үшін «Деректерді қосу» батырмасын басу қажет.



     Қорытындылар хаттамасын қалыптастыру

Шартты жеңілдіктерді қою рәсімі аяқталғаннан кейін Хатшыға «Қолжетімді әрекеттер» тарауында «Қорытындылар хаттамасын қалыптастыру» әрекеті қолжетімді болады.

Ескертпе: Хатшы шартты жеңілдіутер өлшемдерін қою рәсімін аяқтамаған жағдайда,  әрекеттер тізімінде «Қорытындылар хаттамасын қалыптастыру бейнеленбейді.    

«Қорытындылар хаттамасын қалыптастыру» әрекеті таңдалғаннан кеін, өтінімдер, лот (тар) және хабарландыру мәртебесі     «Қорытындылар хаттамасын қалыптастыру» мәртебесіне өзгереді.

Нәтижсінде хабарландыруды қарау нысанында «Хаттамалар» қосымша бетінде мемлекеттік және орыс тілдерінде  PDF форматында қорытындылар хаттамасы файлы жасалатын болады. Конкурстық комиссия хатшысына осы хаттамаға қол қою қажет.

Сарапшылық пікір болған жағдайда, Хатшыға «Қорытындылар хаттамасы» тарауында «Файлды таңдаңыз» батырмасының көмегімен файлды қоса тіркеу қолжетімді. Файлды қорытындыларды жариялағанға дейін ғана қоса тіркеуге болады («Қорытындылар хаттамасын қалыптастыру» хабарландыру мәртебесінде).

Назар аударыңыз! Қорытындылар хаттамасын қалыптастырған кезде жүйе  Өнім берушінің Жосықсыз өнім берушілер тізілімінде  болуына тексеру жүргізеді.   

Қорытындылар хаттамасы қалыптасқаннан кейін барлық қатысқан Өнім берушілер мен конкурстық комиссия мүшелеріне  хаттама жасалғаны туралы хабарлама тарату жүзеге асырылады.

Назар аударыңыз! Сатып алуға бір де бір өтінім берілмеген жағдайда, Қорытындылар хаттамасын жүйе автоматты түрде қалыптастырады және жариялайды, бұл ретте осы хаттамаға не хатшы, не конкурстық комиссия мүшелері қол қоюға мүмкіндік жоқ және талап етілмейді.

Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру

Конкурстық баға ұсынысын веб-портал біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі мәніне конкурсқа қатысуға өтінімді қарау қорытындылары бойынша автоматты түрде ашады.

Веб-портал конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын автоматты түрде салыстырады және ең төмен шартты баға негізінде конкурс жеңімпазын айқындайды.

Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру қорытындылары бойынша екінші орын алған конкурсқа қатысушы ең төмен шартты бағадан кейінгі шартты баға негізінде айқындалады.

Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде төленген салықтардың үлкен көрсеткіші бар конкурсқа қатысушы жеңімпаз деп танылады.

Төленген салықтардың көрсеткіштері тең болған кезде қатысуға өтінім басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінен бұрын түскен конкурсқа қатысушы жеңімпаз деп танылады.

       Комиссия мүшелерінің қорытындылар хаттамасына қол қоюы

Конкурстық комиссия мүшелеріне қорытындылар хаттамасымен танысу және қол қою үшін хабарландыруды қарау нысанына өту қажет. 


 

      Қорытындылар хаттамасын жариялау

Қорытындылар хаттамасына қол қойғаннан кейін жүйе қолтаңбалар кворумы болуын тексереді, кворум болса, конкурстық комиссия хатшысына «Қорытындылар хаттамасын жариялау» әрекеті қолжетімді болады.

Қорытындылар хаттамасын жариялағаннан кейін хабарландыру мәртебесі «Аяқталды» мәртебесіне өзгереді.

Сатып алу болған жағдайда (жоспардың «Сатып алу болды»  тармағының мәртебесі), жүйеде Өнім берушімен – жеңімпазбен шарт жасау мүмкіндігі болады.

Сатып алу болмады деп танылған жағдайда (жоспардың «Сатып алу болмады»  тармағының мәртебесі), лоттар хабарландыру жасау үшін қолжетімді болады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сатып алуға бір де бір өтінім берілмеген жағдайда, Қорытындылар хаттамасын жүйе автоматты түрде қалыптастырады және жариялайды, бұл ретте осы хаттамаға не хатшы, не конкурстық комиссия мүшелері қол қоюға мүмкіндік жоқ және талап етілмейді.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! «Ашық конкурс» тәсілімен өткізілмеген сатып алу бойынша қорытындылар хаттамасын жариялаған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Жүйе «Өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден алу» тәсілімен және бірінші/қайталама сатып алу түрі бар «Ашық конкурс» тәсілімен сатып алуды құруға тыйым салады.   

Мыналарды қоспағанда:

- егер сатып алу қатысуға өтінімдер болмағандықтан өткізілмеді деп танылса және алдын ала талқылау барысында конкурстық құжаттамаға ескертулер болмаса;

- егер сатып алу екі өтінімнен аз берілуіне байланысты өткізілмеді деп танылса және егер алдын ала талқылау барысында конкурстық құжаттамаға ескерту болмаса, сондай-ақ өнім беруші жіберілсе. 

Өткізілмеген сатып алуда жоғарыда санамаланып берілген шарттар болса, онда Жүйе сатып алу құруға тыйым салмайды (қорытындылар хаттамасын жариялаған күннен бастап 5 жұмыс күні өтуі талап етілмейді). 

5 жұмыс күні өткеннен кейін шағымдар болмаса және осы сатып алу бойынша шарт жасасуды тоқтата тұру шаралары қабылданбаса, Жүйе Өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден алу» тәсілімен және бірінші/қайталама сатып алу түрі бар «Ашық конкурс» тәсілімен сатып алуды құруға мүмкіндік береді. 

Сатып алу тоқтатылған және жоспардың тармақтары/лоттар жариялау мәртебесі «Шағымдануда» мәртебесіне өзгерсе, онда жүйе  «Болмаған сатып алу бойынша бір көзден»  тәсілімен хабарландыру  жасауға тыйым салады. Бұл талаптар МС туралы заңның 47-бабына сәйкес іске асырылған.       

   Сатып алуды болдырмау

Сатып алуды болдырмау атқарымы  хабарландыру жариялаған күннен бастап акт бойынша мемлекеттік сатып алу туралы  заңнаманы бұзушылықты анықтауға байланысты, шартты жасағанға дейін қолжетімді:

-        сот органдарының;

-        прокуратура органдарының;

-        қаржылық бақылау органдарының.

Сатып алуды болдырмауды жүргізу үшін Хатшыға хабарландыруды қарау нысанындағы әрекеттер тізімінен «Сатып алуды болдырмау» әрекетін таңдау қажет.

Сатып алуда бірнеше лот болған жағдайда, барлық сатып алуға, сондай-ақ жекелеген лоттарға сатып алуды болдырмауға болады.

 Осы әрекетті орындағаннан кейін ескерту хабарламасы бейнеленеді.

«Жоқ» батырмасын басқан кезде, жүйе сатып алуды қарау нысанына қайта әкеледі. Болдырмауды орындау үшін «Иә» батырмасын басу қажет, лоттарды таңдау үшін нысан бейнеленеді.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер сатып алу  болмай қалса және лот бір көзден алу (БКА) тәсілімен  не хабарландыруды қайталап жариялау үшін сатып алуға қосылса , «Ашық конкурс» тәсілімен сатып алуды болдырмау үшін қайта сатып алуды емес, бір көзден сатып алуды болдырмау қажет, одан соң «Ашық конкурс» тәсілімен сатып алуды болдырмау керек.  БКА лоты сатып алуға не қайта сатып алуға қосылса, Жүйе келесі хабарламамен нысанды бейнелейді:

Қайталама емес сатып алудың бір көзден сатып алуын  болдырмағаннан кейін «Ашық конкурс» тәсілімен сатып алуды болдырмау үшін лот қолжетімді болады.

Лоттарды таңдау лоты бар жолға қанат белгісін қою арқылы жүзеге асырылады, одан соң «Таңдалған лоттар бойынша сатып алуды болдырмауды жүргізу» батырамасын басу қажет.


 

Болдырмау нысаны бейнеленеді, онда болдырмауға негіз болып табылатын сканирленген электрондық құжатты қоса тіркеу және болдырмау негіздері бойынша ақпаратты толтыру қажет.

Сатып алуды болдырмау нысаны келесі жолдардан тұрады:

Жол атауы

Жолдың мәні

Шешім нөмірі

Жол қолмен енгізу үшін мәтіндік және қолжетімді болып табылады. Бұл жолда акт нөмірін көрсету қажет.

Шешімнің күні

Бұл жолда тиісті актіні шығару күні көрсетіледі, «Күнтізбе» пиктограммасының көмегімен толтырылады.

Акт

 Түсіп тұратын тізімнен мәндерімен актілер түрлері анықтамалығының позициясы таңдалады:

- Шешім;

- Анықтама;

- Ұсыным;

- Хабарлама;

- Қаулы.

Орган

Бұл жолда мәндерімен органдар анықтамалығынан орган таңдалуы тиіс:

- Сот органы;

- Прокуратура органы;

- Мем. қарж. бақылау органы.

Орган атауы

Жол мәтіндік және қолмен енгізу үшін  қолжетімді болып табылады. Бұл жолда орган атауын толық көрсету қажет.

Файлды таңдаңыз

Батырма болдырмау негізі болып табылатын құжатты қоса тіркеуге арналған.

 

 Барлық жолдарды толтырып, қажетті файлды қоса тіркегеннен кейін «Болдырмау жүргізу» батырмасын басу қажет

 Барлық лоттарды болдырмаған кезде, сатып алуда  болдырмау себептерін көрсете отырып, автоматты түрде қорытындылар хаттамасы қалыптасады . Сатып алуда бірнеше лот болған жағдайда, бір лоттың болдырмаған кезе, лот мәртебесі Болдырмадыға өзгереді және қорытындылар хаттамасында жариялағаннан кейін осы лоттың болдырмау себебі көрсетіледі.

Сондай-ақ болдырылмаған лот жаңа сатып алу жариялау үшін пулға оралады.

Ескертпе. »Шарт жобасы» мәртебесімен шарт болған кезде, сатып алуда болдырмауды орындау үшін осы шартты алып тастау қажет.

 Тоқтата тұру, жалғастыру және болдырмау әрекеті «Тоқтата тұру/Жалғасы/сатып алуды болдырмау» қосымша бетінде бейнеленеді

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сатып алуды болдырмау  «Қорытындылар хаттамасын қалыптастыру»  мәртебесімен жасалған жағдайда, жүйе  хаттаманы сатып алуды болдырмау туралы басқа хаттамаға қайта қалыптастырады.

Ескертпе: Жүйе бұрын қол қойылған хаттаманы  болдырмау туралы ақпарат бар өзекті хаттамаға автоматты түрде қайта қалыптастырады. Бұдан соң хаттамаға қайтадан  хатшы  мен конкурстық комиссия мүшелері қолдарын қоюлары қажет. Сатып  алуды болдырмау немесе сатып алудан бас тартқаннан кейін барлық сатып алу тәсіліне қатысты қорытындылар хаттамасын  қайта қарау.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! «Аяқталды» мәртебесіндегі хабарландыру бойынша сатып алуды болдырмау ішінара емес толықтай барлық лоттар бойынша жүргізілген жағдайда, жүйе болдырмауды есепке ала отырып,  сатып алу қорытындылары хаттамасының барлық нұсқаларын бейнелейтін болады. Бұл ретте жүйе болдырмаусыз ақпараты бар қорытындылар хаттамасының алғашқы нұсқасын, сондай-ақ болдырмау туралы ақпаратпен екінші хаттаманы бейнелейтін болады. Қорытындылар хаттамасының барлық нұсқаларын бейнелеу сатып алудың барлық тәсілдеріне қатысты.

Болдырмау туралы ақпаратсыз алдындағы қорытындылар хаттамасы  «Жарамсыз» мәртебесімен бейнеленетін болады. Болдырмау туралы ақпараты бар қорытындылардың өзекті хаттамасы «Жарамды» мәртбесінде болады.



      Сатып алуды тоқтата тұру

Сатып алуды тоқтата тұру атқарымы жариялағаннан бастап  қорытындылар хаттамасын қалыптастырғанға дейін қолжетімді.  Сатып алуды тоқтата тұру барлық сатып алуға жасалады.Тоқта тұруды орындау үшін хабарландыруды қарау нысанында  қолжетімді әрекеттерден «Сатып алуды тоқтата тұру» әрекетін таңдау қаже. 

Осы әрекетті таңдағаннан кейін әрекетті растау қажеттігімен Қалқыма терезе бейнеленеді.

 

Сатып алуды тоқтата тұру үшін «Иә» батырмасын басу қажет.

Тоқтаттұруға негіз болып табылатын  сканирленген электрондық құжатты қоса тіркеу және тоқтата тұру жөніндегі ақпаратты толтыру қажет нысан бейнеленеді.

Сатып алуды тоқтата тұру нысаны мынадай жолдардан тұрады:

Жол атауы

Жолдың мәні

Шешім нөмірі

Жол қолмен енгізу үшін мәтіндік және қолжетімді болып табылады. Бұл жолда акт нөмірін көрсету қажет.

Шешімнің күні

Бұл жолда тиісті актіні шығару күні көрсетіледі, «Күнтізбе» пиктограммасының көмегімен толтырылады.

Акт

 Түсіп тұратын тізімнен мәндерімен актілер түрлері анықтамалығының позициясы таңдалады:

- Шешім;

- Анықтама;

- Ұсыным;

- Хабарлама;

- Қаулы.

Орган

Бұл жолда мәндерімен органдар анықтамалығынан орган таңдалуы тиіс:

- Сот органы;

- Прокуратура органы;

- Мем. қарж. бақылау органы.

Сатып алуды тоқтата тұру жөнінде шешім қабылдаған орган атауы

Жол мәтіндік және қолмен енгізу үшін  қолжетімді болып табылады. Бұл жолда орган атауын толық көрсету қажет.

Файлды таңдаңыз

Батырма тоқтата тұруға негіз болып табылатын құжатты қоса тіркеуге арналған.

 

Деректерді толтырып, құжатты қоса тіркегеннен кейін «Сатып алуды тоқта тұру» батырмасын басу қажет. Бұдан әрі жүйе растайтын хабарламаны бейнелейді: «Сатып алу ойдағыдай тоқтатылды» және лот пен сатып алу мәртебесін «Тоқтатылды» мәртебесіне өзгертеді.

 Тоқтата тұру, жалғастыру және болдырмау әрекеті «Тоқтата тұру/Жалғасы/сатып алуды болдырмау» қосымша бетінде бейнеленеді


 



   Сатып алуды жалғастыру

Сатып алуды тоқтатқанан кейін Хатшыға сатып алуды жаңғырту үшін, сондай-ақ сатып алуды болдырмау үшін әрекеттер қолжетімді болады.

Сатып алуды жаңғырту үшін хабарландыруды қарау нысанында қолжетімді әрекеттерден «Сатып алуды жаңғырту» әрекетін таңдау қажет.

Әрекетті таңдаған кезде жүйе әрекетті растау қажеттілігімен қалқыма терезені бейнелейді.

«Иә» батырмасын басқан кезде, сатып алуды жаңғырту үшін нысан бейнеленеді. «Жоқ»  батырмасын басқан кезде, жүйе  сатып алуды қарау нысанына қайта әкеледі. Жаңғырту үшін «Иә» батырмасын  басу қажет.

Мынадай нысан пайда болады, сатып алуды жаңғырту үшін негіз болып табылатын сканирленген электрондық құжатта қоса тіркеу және сатып алуды жаңарту үшін негіз бойынша ақпаратты толтыру қажет.

 


Сатып алуды тоқтата тұру нысаны мынадай жолдардан тұрады:

 

Жол атауы

Жолдың мәні

Шешім нөмірі

Жол қолмен енгізу үшін мәтіндік және қолжетімді болып табылады. Бұл жолда акт нөмірін көрсету қажет.

Шешімнің күні

Бұл жолда тиісті актіні шығару күні көрсетіледі, «Күнтізбе» пиктограммасының көмегімен толтырылады.

Акт

 Түсіп тұратын тізімнен мәндерімен актілер түрлері анықтамалығының позициясы таңдалады:

- Шешім;

- Анықтама;

- Ұсыным;

- Хабарлама;

- Қаулы.

Орган

Бұл жолда мәндерімен органдар анықтамалығынан орган таңдалуы тиіс:

- Сот органы;

- Прокуратура органы;

- Мем. қарж. бақылау органы.

Сатып алуды тоқтата тұру жөнінде шешім қабылдаған орган атауы

Жол мәтіндік және қолмен енгізу үшін  қолжетімді болып табылады. Бұл жолда орган атауын толық көрсету қажет.

Файлды таңдаңыз

Батырма тоқтата тұруға негіз болып табылатын құжатты қоса тіркеуге арналған.

 

Деректерді толтырып, құжатты қоса тіркегеннен кейін «Сатып алуды жаңғырту» батырмасын басу қажет. Хабарландыру мен лоттар мәртебесі  алдындағы сатып алуды тоқтатқанға дейінгі мәртебеге өзгереді.

 


             «Ашық конкурс» тәсілімен хабарландыруды екінші рет жариялау

Ашық конкурс тәсілімен қайтадан хабарлама жасау үшін, «Жұмыс кабинеті» тарауына өтіп, «Хабарлама жасау» тармағын таңдау қажет. 

 

Бұдан әрі хабарландыру  жобасын жасау нысаны ашылады, онда төмендегілерді көрсету қажет:

Сатып алу өткізу тәсілі

Сатып алу типі  - «Қайта сатып алу»

Қазақ тілінде хабарландыру (сатып алу) атауы;

Орыс  тілінде хабарландыру (сатып алу) атауы;

Сатып алу өткізу белгісі  және «Бұдан әрі» батырмасын басу

«Бұдан әрі» батырмасын басқан кезде сатып алу жүргізу  мәнінің түрі мен  белгісі, тәсілі бойынша берілген өлшемдерге жауап беретін лоттар бейнеленеді.

Назар аударыңыз! Лоттар тізімінде «Ашық конкурс» тәсілімен болмаған сатып алулар бойынша лоттар ғана бейнелетін болады.

Лотты (тарды) белгілеп, «Таңдалғандарды қосу» батырмасын басу керек.

Бұдан әрі қайта хабарламаны жасау және жариялау рәсімі  сатып алуды бастапқы жариялау рәсіміне ұқсас.

Хабарландыру қайта жарияланған кезде жүйе келесі тексерулерді жүзеге асырады:

- Өтінімдерді қабылдаудың басталу/өтінімдерді қабылдаудың аяқталу мерзімі-жұмыс күні;

- Өтінімдерді қабылдаудың басталу мерзімі мен аяқталу аралығы 5 жұмыс күнінен кем емес және 30 жұмыс күнінен артық емес.

Егер хабарландыруды демалыс немесе мереке күні Жариялау күні болса, онда жүйе әдепкі бойынша өтінімдерді қабылдаудың басталу мерзімін келесі жұмыс күні, сағат 9.00-ден бастап қояды.

Ескертпе: Қайта сатып алуды құру кезінде қажет болған жағдайда "Құрылыс-монтаждай жұмыстарын және жобалауды сатып алу" белгісін қоюға болады.

Егер белгі қойылса және таңдалған лоттар бойынша алдыңғы сатып алуда құрылыс-монтаждау жұмыстары мен жобалау бойынша ақпарат толтырылған болса, онда толтырылған деректер редакциялау мүмкіндігімен көшіріледі.

       Ұйымдастырушы/Тапсырыс беруші өкілінің өзгеруі 

Ұйымдастырушы/Тапсырыс беруші өкілін өзгерту үшін «Ұйымдастырушы» рөлімен Жүйеде авторландыру қажет.

Назар аударыңыз! Өзгерту   Хатшыға не хабарландыруды Жасаушыға ғана  қолжетімді.

  «Жұмыс кабинеті– Менің хабарландыруым (Ұйымдастырушы)» мәзіріне өту.


 

Хабарландыруды ашу қажет.  Хабарландыруда «Қолжетімді әрекеттер» мәзірінде  «Өкілдің деректерін өзгерту» тармағын басу керек

 «Өкілдің деректерін өзгерту» нысанында Тапсырыс берушінің/Ұйымдастырушының өкілін өзгерту және «Өзгерістерді сақтау» батырмасын басу. Жүйе енгізілген деректерді сақтайды 



       Бір архивпен «Барлығын жүктеп алу» батырмасы

Жүйе хабарландыру кезеңіне  байланысты  хабарландырудағы барлық бар құжаттарды жүктеп алуға мүмкіндік береді:

- Хабарландыру құжаттары (конкурстық құжаттама/ шарт жобасы / Техникалық өзіндік ерекшелік және т.б.);

- Өнім берушілердің өтінімдері;

- Хаттамалар;

- Шарттар.

Құжаттарды жүктеп алу үшін «Құжаттама» қосымша бетіне өту және «Барлығын жүктеп алу» батырмасын басу. Батырманы басқаннан кейін Жүйе құжаттарды компьютерге жүктейді. Құжаттарды қарау үшін архивтен шығару қажет. 




Қызметтерді сатып алу кезінде ұйымдастырушының біліктілік талаптарын қалаптастыру


  • Нет меток