Дерево страниц
Перейти к концу метаданных
Переход к началу метаданных

 

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу» тәсілімен сатып алу ұйымдастыру және өткізу

          Хабарландыру жасау және жариялау

       Хабарландыру жасау

Хабарландыру жасау жүйеде «Ұйымдастырушы» рөлімен пайдаланушы жүзеге асырады. Хабарландыру жасау үшін пайдаланушының жеке кабинетінде  «Жұмыс кабинеті» тарауына өтіп, «Хабарландыру жасау» мәзірін таңдау керек.

Ескертпе:  Мемлекеттік сатып алудың веб-порталында бірдей жолдары бар бірнеше өтінімде сатып алу, оның ішінде  әр түрлі тапсырыс берушіге жіберілген өтінімдерді құруға мүмкіндік беріледі.

 Экранда хабарлама жасау нысаны бейнеленеді.

 «Хабарландыру жобасын жасау»  тарауы мынадай басқару элементтерінен тұрады

Элемент

Әрекет

Сатып алу өткізу тәсілі

Қолмен толтырылады. Түсіп тұратын тізімнен мәні таңдалады.

Сатып алу типі

Қолмен толтырылады.  Мәндерінің бірі таңдалады:

Алғашқы немесе қайта.

Сатып алу мәнінің түрі

Қолмен толтырылады. Бір мәнді ғана   «Көрсетілетін қызмет» көрсетуше болады.

Қазақ тілінде хабарландыру (сатып алу) атауы

Қолмен толтырылады

Орыс  тілінде хабарландыру (сатып алу) атауы

Қолмен толтырылады

Сатып алу өткізу белгісі

 Сатып алу  мүгедектер ұйымы арасында өткізілген жағдайда, «Мүгедектер қоғамдық бірлестігі құрған ұйымдар арасында сатып алу» белгісін қою қажет.

Бұдан әрі

Батырманы басқан кезде, жүйе міндетті жолдардың толтырылғанына тексеру жүргізеді.

 

 Ұйымдастырушы бірыңғай ұйымдастырушы тізілімінде тұрған жағдайда, жүйе  бірыңғай ұйымдастырушы сияқты хабарландыру жариялауға мүмкіндік береді, бұл үшін «бірыңғай ұйымдастырушы» белгісін қою қажет.

«Бұдан әрі» батырмасын басқаннан кейін тәсілі, сатып алу өткізу мәнінің  тәсілі, түрі бойынша  және белгісі бойынша  берілген өлшемдерге жауап беретін лоттар бейнеленеді.

Ескертпе: Келесі қадамға өткеннен кейін, «Бұдан әрі» батырмасын басқанда, жүйе хабарландыруды «Жұмыс кабинеті» - «Менің хабарландыруларым (ұйымдастырушы) тарауында «Жоба» мәртебесінде автоматты түрде сақтайды:

Пиктограмма  редакциялауға мүмкіндік береді, пиктограмма   «Жоба» мәртбесі бар хабарландыруларды алып тастауға мүмкіндік береді

    Лоттар мен хабарландыру жобасын қосу

  «Бұдан әрі»  батырмасын басқаннан кейін Жүйе хабарландыруды тиісті параметрлері бойынша (сатып алу мәнінің түрі мен тәсілі)  қолжетімді лоттар тізімі  бар («Өтінім» мәртебесімен тапсырыс берушінің бекітілген сатып алулары) хабарландыруға лоттар қосу терезесіне өтеді.

Өтінімдерді таңдауды жүзеге асыру үшін талап етілген өтінімді қанат белгімен белгілеп, «Белгіленген лоттарды қосу» батырмасын басу керек.   Бұдан соң қосылған лоттарды қарау бетіне өту болады. Таңдалған лотты алып тастау қажет болған жағдайда талап етілген лотты қанат белгісімен белгілеп, «Белгіленген лоттарды алып тастау» батырмасын басу қажет,  сатып алу жобасына лоттарды қосымша қосу қажет болған жағдайда, «Қолжетімді лоттар» қосымша бетіне өтіп, қосымша лоттарды таңдауды жүзеге асыру керек. Келесі бетке өту үшін «Бұдан әрі» батырмасын басу қажет.

 «Бұдан әрі» батырмасын басқаннан кейін қосылған лоттарды қарау үшін «Лоттар бойынша деректер» нысанына өту жүзеге асырылады.

 «Бұдан әрі» батырмасын басқаннан кейін өкілдер бойынша деректерді қосу нысанына өту жүзеге асырылады.

      Өкілдер бойынша деректер қосу

 Өкілдер бойынша деректерді қосу бетінде өтінімнің әрекет ету мерзімін көрсету және ұйымдастырушы мен тапсырыс беруші өкілдері туралы деректерді толтыру қажет.

 Ұйымдастырушы туралы деректерді толтыру үшін ұйымдастырушының аты белсенді сілтемесін басу қажет. Келесі нысан бейнеленеді.

Бұл нысанның мынадай жолдары мен басқару элементтері бар

Жол атауы

Сипаттама

Өтінімнің әрекет ету мерзімі

Қолмен толтырылады. Өтінімнің әрекет етуінің ең аз  мерзімі күнтізбелік күн. Сандық мән.

Ұйымдастырушы туралы ақпарат

Өкілдің аты-жөні

Қолмен толтырылады. «Қосу» батырмасын басқан кезде қалқыма терезе бейнеленеді. Үндемеуі бойынша Ұйымдастырушы өкілеттігі бар пайдаланушылар ғана бейнеленеді. Пайдаланушыны таңдау «Таңдау» батырмасының көмегімен жүзеге асырылады  Пайдаланушыны іздеуді сүзгілер жинағының көмегімен (ЖСН немесе Аты-жөні бойынша) жүзеге асыруға болады).

Лауазымы

Өкілдің тіркеу деректерінен автоматты түрде толтырылады.

Байланысу телефоны

Өкілдің тіркеу деректерінен автоматты түрде толтырылады..

E-mail

Өкілдің тіркеу деректерінен автоматты түрде толтырылады.

Ұйымдастырушының банк деректемелеріі

Қолмен толтырылады. Түсіп тұратын тізімнен шот таңдалады.

Өтінімді қамтамасыз ету үшін банк деректемелеріі

Қолмен толтырылады. Түсіп тұратын тізімнен шот таңдалады.

 

«Қосу» батырмасын белсенді еткеннен кейін келесі терезе бейнеленеді.


 

Тапсырыс беруші туралы деректерді толтыру үшін, Тапсырыс берушінің атауына белсенді сілтемені басу қажет. Төменде көрсетілген нысан бейнеленеді.


 

Бұл нысанның мынадай жолдары мен басқару элементтері бар

Жол атауы

Сипаттама

Өкілдің аты-жөні, Лауазымы,  Байланысу телефоны,  E-mail

«Ұйымдастырушы туралы ақпарат» нысаны сияқты толтырылады

Құжаттаманы бекіткен адам

Қолмен толтырылады.

Бұйрық нөмірі

Қолмен толтырылады.

Бұйрықтың күні

Қолмен толтырылады немесе күнтізбеден таңдалады.

Банк деректемелері

«Банктік шоттар» кестесінен  негізгі есеп автоматты түрде толтырылады. Түсіп тұратын тізімнен басқа шоттың таңдау мүмкіндігі бар.

 

Ескертпе: Егер Ұйымдастырушыда бірыңғай ұйымдастырушы белгісі болса, онда «Құжаттаманы бекіткен адам», «Бұйрық нөмірі», «Бұйрықтың күні жолдары «Ұйымдастырушы туралы ақпарат» тарауында ғана толтырылады.

Егер Ұйымдастырушыда бірыңғай ұйымдастырушы белгісі  болмаса, онда «Құжаттаманы бекіткен адам», «Бұйрық нөмірі», «Бұйрықтың күні жолдары «Тапсырыс беруші туралы ақпарат» тарауында ғана толтырылады.

       Конкурстық комиссияны қосу

Хабарландыру жобасын жасаудың келесі қадамы Конкурстық комиссияны қосу болып табылады. Комиссияның ең аз құрамы -  Төраға және комиссияның екі мүшесі. Тақ сан.

Конкурстық комиссия мүшесін таңдау «Қосу» батырмасының көмегімен жүзеге асырылады. Қалқыма терезе бейнеленеді. Іздеуді мәндерін сүзгіден өткізудің енгізілген параметрлері бойынша жүзеге асыруға болады.

 Комиссия мүшелерін қосу «Комиссия мүшелерін қосу» батырмасының көмегімен жүзеге асырылады.

  Конкурстық құжаттаманы дайындау

«Конкурстық құжаттаманы дайындау» қадамында Электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларына сәйкес  конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың қалыптасқан тізімі бейнеленеді.

Өнім беруші сатып алуға қатысу үшін, «Өнім беруші үшін міндеттілік» белгісі қойылған белгілі бір міндетті құжаттарды ұсыну талап етіледі. 

Құжат туралы ақпаратты қарау үшін «Құжаттар атауы» жолында оның атауын басу қажет.

 «Конкурстық құжаттама» сілтемесін басқан кезде,  Жүйеде автоматты түрде қалыптасқан ЭЦҚ құжатқа қол қоюды талап ететін терезе бейнеленеді.  Бұл құжат мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық құжаттаманың дайын үлгілік үлгісі бойынша қалыптасады.  

Құжатқа қол қойылғаннан кейін ЭЦҚ туралы ақпаратты «Көрсету» батырмасының көмегімен қарауға болады

       Шарт жобасын қалыптастыру

Жүйе автоматты түрде қалыптастырған Шарт жобасын редакциялау және қарау үшін  «Конкурстық құжаттаманы дайындау»  қадамында «Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасы» белсенді сілтемесін басу керек

 Толтыру үшін міндетті жолдарды «Деректерді енгізу нысаны» қосымша бетінен қарауға болады .

  Белсенді сілтемені басып, жолды толтыру және сақтау қажет.

Шарт жобасына тармақтар мен тармақшалар қосуға рұқсат етіледі, бұл үшін «Тармақ қосу» белсенді сілтемесін басу қажет.

«Пайдаланушы үлгісін сақтау» батырмасының көмегімен жиі пайдаланылатын шарттар нысанын сақтауға болады. Сақталған үлгіні қолдану немесе алып тастау үшін,  «Шарттың пайдалану  үлгісі» терезесінде  Түсіп тұратын тізімнен  үлгіні таңдап, тиісті батырманы басуды жүзеге асыру қажет.

Шартты толтырғаннан кейін «Шарт жобасын бекіту» батырмасын басу қажет.

Бекітілген шарт жобасына «Қол қою» батырмасының  көмегімен қолтаңба қоюға болады.

Ескертпе:  бекітілген шартты қажет болғанда «Шарт жобасын шақырып алу» батырмасының көмегімен шақырып алуға болады.

ЭЦҚ туралы ақпаратты «Көрсету» батырмасының көмегімен қарауға болады.

Ескертпе:  қол қойылған шартты қажет болғанда «Шарт жобасын шақырып алу» батырмасының көмегімен  шақырып алуға болады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

 Шарт мәтініне тармақтар қосуға/алып тастауға сатып алуды жариялау сатысында шарт жобасын қалыптастырған кезде ғана болады!

Егер Ұйымдастырушы шарт жобасында айқын анықталған шарттармен сатып алуды жарияласа және өнім беруші шарт жобасында анықталған талаптармен келіссе , онда шарт жасасқан кезде шартқа өткізілетін мемлекеттік сатып алу мазмұны өзгеруіне әкелетін өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

Шарт жасасқан кезде байланысу деректері және Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес рұқсат етілген жолдар бөлігінде «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» ММ атынан өзгеріс енгізіледі, атап айтқанда: қол қоюшы адам туралы деректер, тараптардың деректемелері,  төлеу шарты, кепілдік мерзімі, қамтамасыз ету жарнасы үшін шот.

 Осыған байланысты шарт жасасу сатысында сомаларды,ішінара төлемдерді және басқаларды анықтау бөлігінде тармақтар қосу мүмкін емес, яғни шартта ерекше талаптарды, мысалы ай сайынғы төлем сомасын, анықтау үшін, сатып алу жариялаған кезде егер бұл сомалар сатып алу қорытындыларына байланысты болса, төлемдер мен жарналар есебін сипаттайтын тармақтарды енгізуді  алдын ала жасау қажет. Егер бұл сомалар сатып алу қорындыларына байланысты болмаса, онда хабарландыру шартының жобасында оларды көрсету қажет. Көрсетілген цифрлар шарт жасасқан кезде редакцияланбайтынын  ескеру қажет.

Үлгілік шарттың осы мәтіні Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында  үлгілік үлгілермен қатаң регламенттелгендіктен және өнім берушінің әрекеттеріне байланысты (аванстан бас тарту) өзгеру мүмкін болғандықтан, аванстау бөлігінде талаптарды көрсетуге тыйым салынады.    

       Лоттар тізбесі

 «Конкурстық құжаттаманы дайындау» қадамында «1-қосымша. Лоттар тізбесі» белсенді сілтемесін басу қажет. Қалқыма терезеде   *pdf форматында автоматты түрде қалыптасқан, сатып алудың лоттар тізбесі қамтылған құжатқа ЭЦҰ қою талап етіледі. 

        Техникалық өзіндік ерекшелікті қалыптастыру

 «Техникалық өзіндік ерекшелік» тарауына өту үшін құжаттаманың жалпы тізімінде   «2-қосамша. Техникалық өзіндік ерекшелік» белсенді гипер сілтемесін басу керек.

Бұдан әрі қызметтер сипаттамасымен техникалық өзіндік ерекшелік файлын қоса тіркеу қажет,  бұл үшін «Лоттар бойынша құжаттарды қосу» нысанында «Қоса тіркеу» батырмасын басу талап етіледі. Құжаттардың жалпы тізіміне оралу үшін «Артқа оралу» батырмасын басу қажет.

Техникалық өзіндік ерекшелік  файлын қосу үшін терезе бейнеленеді. «Файлды таңдаңыз» батырмасын басу қажет, талап етілген файлды іздеу үшін терезе ашылады. Файл таңдалғаннан кейін ЭЦҚ көмегімен  қол қою және «Сақтау» батырмасын басу қажет.

    Лицензияларды қосу

  Өнім беруші сатып алуға қатысу үшін қосымша лицензиялар ұсыну талап етілген жағдайда,  Ұйымдастырушыға хабарландыру жобасында   «Конкурстық құжаттаманы дайындау» қадамында «Бірінші санаттың рұқсаты (Лицензиялар)»  белсенді сілтемесін басу және талап етілген лицензияны қанат бегімен белгілеу, «Белгіленген лицензияларды қосу» батырмасын басу қажет.  Талап етілген лицензияны сүзгілер жинағының көмегімен жүзеге асыруға болады.

   Рұқсаттар туралы деректерді толтыру

Өнім беруші сатып алуға қатысу үшін қосымша рұқсат ұсыну талап етілген жағдайда,   Ұйымдастырушыға хабарландыру жобасында   «Конкурстық құжаттаманы дайындау» қадамында «Екінші санаттың рұқсаты» белсенді сілтемесін басу және талап етілген рұқсатты қана белгімен бегілеп, «Белгіленген рұқсаттарды қосу» батырмасын басу қажет.    Талап етілген рұқсатты іздеуді сүзгілер жинағының көмегімен жүзеге асыруға болады.

     Хабарландыруды алдын ала қарау

Хабарландырулы алдын ала қарау нысанында сатып алу туралы жалпы мәлімет, ұйымдастырушы және конкурстық комиссия туралы ақпарат қамтылған. Лот туралы ақпаратты қарау үшін  Лоттар қосымша бетіне, құжаттаманы қарау үшін сәйкесінше Құжаттама қосымша бетіне өту қажет.

Алдын ала қарау нысанына өтінімдерді қабылдау басталуы мен аяқталуының алдын ала мерзімін белгілеу қажет.

Өтінімер қабылдаудың басталу және аяқталу мерзімі арасындағы ең аз аралық – 20 күнтізбелік күн.

Өтінімдерді қабылдаудың басталу мерзімі жұмыс күні және жұмыс уақыты (18.00-ді қоса есептегенде) болуы тиіс.

       Хабарландыру жариялау

Назар аударыңыз! Хабарландыруды жариялар алдында енгізілген деректердің дұрыстығын тексеріңіз. Жарияланған сатып алу редакциялауға жатпайды.

Хабарландыру жариялау үшін «Жариялау» батырмасын басу қажет Деректерді редакциялау талап етілген жағдайда «Артқа» батырмасын басу қажет, жүйе алдындағы қадамға қайта әкеледі.

Хабарландыруды ойдағыдай жариялаған жағдайда «Жарияланды» мәртебесі беріледі, лотқа (лоттарға) «Жарияланды» мәртебесі беріледі. Олай болмаған жағдайда жүйе қате туралы хабарлама береді .

Сатып алуды жариялау мерзімі «Сатып алуды жариялаудың жоспарланған мерзімі (ай)»  жолындағы жоспар тармағында көрсетілген мерзімдерге сәйкес келмеген жағдайда, жүйе тиісті қатені көрсетеді:

Өнім берушілердің МЕМЛЕКЕТТІК әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алуға қатысу өтінімдерін қарау

Конкурстық комиссия мүшелеріне өтінімдерді қабылдаудың аяқталу мерзімі басталғаннан кейін жүйе Өнім берушілердің өтінімдерін қарау қажеттігі туралы хабарламаларды автоматты түрде таратуды жүзеге асырады. "Хабарламалар" бөліміне өту үшін "Қатысушы профилі" мәзірін ашу қажет.

    

Сондай-ақ, хабарландыруларды беттің жоғарғы оң жақ бұрышында келіп түскен хабарламалар саны түрінде пиктограмманы басу арқылы қарауға болады. Пиктограммаға басқаннан кейін алынған соңғы 5 хабарламаның тізімі бейнеленеді. Барлық хабарламаларды қарау үшін "Барлық хабарламалар" сілтемесіне басу қажет. 

Хабарландыруға өтуді сілтемесі бойынша хабарландырудан немесе "Жұмыс кабинеті" және "Хабарландыру іздеу (жалпы)" бөліміне өту арқылы жүзеге асыруға болады.

Өнім берушілермен ұсынылған өтінімдерді қарау үшін хабарландыруларды қарау нысанында "Қол жетімді әрекеттер" бөліміндегі тізімнен "Өтінімді қарауды" таңдау қажет

Конкурсқа өтінім берген Өнім берушілер туралы ақпаратты қарау үшін өтінім нөмірінің сілтемесіне басу қажет

"Өнім беруші туралы мәліметтер" қосымшасында өнім берушінің атауы, деректемелері, мекенжайы және өнім берушінің өкілі туралы ақпарат көрсетілген

"Өнім берушінің сатып алуға қатысу үшін лоттар" қосымшасында өнім беруші өтінім берген лоттар орналастырылады.

"Құжаттама" қосымшасында өнім беруші ұсынған құжаттар орналастырылады. Құжаттың атауы бар жолда қоса берілген файлдардың саны көрсетіледі. Қоса берілген файлдарды көрсету үшін бөлімнің атауын басу қажет. Құжатты қарау және жүктеу үшін құжат атауының белсенді сілтемесіне басу қажет

Өнім берушіні жіберу/қабылдамау бойынша дауыс беруді жүзеге асыру үшін "Өнім берушіні лоттар бойынша жіберу" қосымшасына өту қажет.

Лот бойынша өнім берушіге рұқсат беру екі бөлімнен тұрады:

-     Барлық лоттар бойынша жалпы құжаттар;

-     Әрбір лот бойынша құжаттар.

"Барлық лоттар бойынша жалпы құжаттар" бөлімі мынадай санаттардан тұрады:

  •  Ұйым миссиясы мен Тапсырыс берушінің салалық мамандануына сәйкестігі;
  •  МСА туралы Заңның 6-бабы бойынша шектеулердің болмауы

"Ұйым миссиясы мен Тапсырыс берушінің салалық мамандануына сәйкестігі" санаты бойынша шешім қабылдау үшін "Ескерту" алабында ашылмалы тізімнен келесі мәндердің бірін таңдау талап етіледі:

  •  Жіберілді
  • Қабылданбады

"Ұйым миссиясының және Тапсырыс берушінің салалық мамандануына сәйкестігі" санаты "Құрылтай құжаттары" қосалқы бөлімін қамтиды. Егер "Қабылданбады" мәні таңдалған жағдайда "Құрылтай құжаттары" чекбоксінде белгі қою және "Ескерту" алабында бас тарту себебін жазу қажет. Қажет болған жағдайда құжатты "Файлды тіркеу" батырмасын басу арқылы тіркеуге болады.

"МСА туралы Заңның 6-бабы бойынша шектеулердің болмауы" санаты бойынша шешім қабылдау үшін "Ескерту" алабында ашылмалы тізімнен келесі мәндердің бірін таңдау талап етіледі:

  • Жіберілді
  •  Қайта беру құқығынсыз қабылданбады

Егер "Қайта беру құқығынсыз қабылданбады" мәні таңдалған жағдайда тиісті жолға белгі қойып және ауытқу себебін толтыра отырып, Заң бабының тармағын көрсету талап етіледі. Қажет болған жағдайда құжатты "Файлды тіркеу" батырмасын басу арқылы тіркеуге болады.

"Файлды тіркеу" батырмасы қосымша функция болып табылады және өнім берушінің өтінімін кері қайтару негіздемесін толтыру кезінде міндетті шарт болып табылмайды.

Егер конкурстық комиссияның ең болмағанда бір мүшесінен МСА Заңының 6-бабы бойынша "Қайта беру құқығынсыз қабылданбаған" шешімі бар болса, жүйе осы өнім берушіге комиссия мүшелерінің көпшілігінің жол бергеніне қарамастан, "Қайта беру құқығынсыз қабылданбаған" қорытынды шешімін беруге тиіс. Жүйе осы шешімді өнім беруші қатысатын барлық лоттарға автоматты түрде қолданады.

Бөлімде барлық санаттар бойынша шешім қабылданғаннан кейін "Сақтау" бастырмасына басу қажет. Шешім сақталғаннан кейін бөліммен жолда қабылданған шешім көрсетіледі (жіберілген, қайта беру құқығынсыз қабылданбаған)

"Әрбір лот бойынша құжаттар" бөліміне өту үшін лот нөмірінің белсенді сілтемесіне басу қажет.

Бұл бөлім келесі санаттардан тұрады:

- Конкурстық құжаттаманың сәйкестігі;

- Біліктілік талаптарына сәйкестігі;

- МСА туралы Заңның 6 бабы бойынша шектеулердің болмауы.

"Конкурстық құжаттаманың сәйкестігі" санаты бойынша шешім қабылдау үшін "Ескерту" ашық жолағында ашылмалы тізімнен келесі мәндердің бірін таңдау талап етіледі:

  • Жіберілді;
  • Қабылданбады.

"Конкурстық құжаттамаға сәйкестігі" санаты мынадай құжаттарды қамтиды:

-        2-қосымша (Техникалық сипаттама)

Бұл тізім өнім берушіні бір немесе бірнеше құжат бойынша қабылдамауға шешім қабылданған жағдайда көрсетіледі. Егер "Қабылданбады" мәні таңдалған жағдайда тиісті жолаққа белгі қою және ауытқу себебін толтыру қажет. Қажет болған жағдайда құжатты "Файлды тіркеу" батырмасын басу арқылы тіркеуге болады.

"Біліктілік талаптарына сәйкестік" санаты бойынша шешім қабылдау үшін "Ескерту" жолында ашылмалы тізімнен келесі мәндердің бірін таңдау қажет:

  • Жіберілді;
  • Қабылданбады.

"Біліктілік талаптарына сәйкестігі" санаты мынадай құжаттарды қамтиды:

- 6-қосымша (Қызметтерді сатып алу кезіндегі Өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер);

- Бірінші санаттағы рұқсаттар (лицензиялар);

- 10-қосымша. Жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер, бірлесіп орындаушылар туралы мәліметтер, сондай-ақ әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін қызметтер түрлер);

- Екінші санаттағы рұқсаттар;

- Куәліктер, сертификаттар, дипломдар және басқа да құжаттар.

Бұл тізім Өнім берушіні бір немесе бірнеше құжат бойынша қабылдамауға шешім қабылданған жағдайда көрсетіледі. Егер "Қабылданбады" мәні таңдалған жағдайда тиісті жолаққа белгі қою және ауытқу себебін толтыру қажет. Қажет болған жағдайда құжатты "Файлды тіркеу" батырмасын басу арқылы тіркеуге болады.

"МСА туралы Заңның 6-бабы бойынша шектеулердің болмауы" санатында "Ескерту" алабында мынадай мәндердің бірін таңдау талап етіледі:

  • Жіберілді;
  •  Қайта беру құқығынсыз қабылданбады.

"Қайта беру құқығынсыз бас тартылды" мәнін таңдаған кезде Заңның 6-бабының 6-тармағын көрсету және бас тарту себебін толтыру талап етіледі. Қажет болған жағдайда құжатты "Файлды тіркеу" батырмасын басу арқылы тіркеуге болады.

Егер конкурстық комиссияның бір мүшесінен МСА Заңының 6-бабы бойынша "Қайта беру құқығынсыз қабылданбаған" шешімі бар болса, жүйе осы Өнім берушіге комиссия мүшелері көпшілігінің жол бергеніне қарамастан, "Қайта беру құқығынсыз қабылданбаған" қорытынды шешімін беруге тиіс.

Бөлімде барлық санаттар бойынша шешім қабылданғаннан кейін, "Сақтау" батырмасына басу қажет. Шешім сақталғаннан кейін, бөліммен жолда қабылданған шешім көрсетіледі (жіберілген, қабылданбаған, қайта беру құқығынсыз қабылданбаған).

Барлық бөлімдер бойынша дауыс беруді аяқтау үшін "Дауыс беру" батырмасына басу қажет.

"Кері қайту" батырмасы өтінімдер тізіміне қайтаруға арналған.

Комиссияның  дауыс беруді аяқтағанға дейін,  «Дауысты кері қайтару» қызметін пайдалана отырып, ,  өз даусын кері қайтару мүмкіндігі беріледі.


Өтінімдерді қарауды бақылау

Хатшыға "Өтінімдерді қарау" мәртебесі бар хабарландыруды қарау нысанында дауыс беру барысын қадағалау функционалы қолжетімді. Осы функционалды пайдалану үшін "Қол жетімді әрекеттер" бөлімінде "Өтінімдерді қарау" тармағын таңдау қажет.

Жүйе ұсынылған өтінімдерді қарау нысаны бейнеленеді. Өтінім туралы ақпаратты қарау үшін өтінім нөміріне басу қажет

Конкурстық комиссия мүшелерінің дауыс беруі бойынша ақпаратты қарау үшін "Дауыс беруді бақылау" қосымша бетіне өтіп, Лот нөмірі бар жолға басу қажет

Жүйе өтінімдер тізімімен бірге мынадай нысанды бейнелейді:

"Шешім" жолында келесі мәндер болуы мүмкін:

-     Кворумға қол жеткізілді – егер конкурстық комиссия мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе (бұл ретте комиссия төрағасы міндетті) .

-     Кворум жоқ – дауыс беру басталды, дауыс беру бойынша кворумға қол жеткізілген жоқ.

"Қолдағандар" өрісі – Әлеуетті Өнім берушіге өтінім берген лот бойынша сатып алуға қатысуға рұқсат берген Конкурстық комиссия мүшелерінің саны туралы мәліметтерді қамтиды.

"Қарсы" өрісі – Әлеуетті Өнім берушіге өтінім берген лот бойынша сатып алуға қатысуға жібермеген Конкурстық комиссия мүшелерінің саны туралы мәліметтерді қамтиды.

"Төмен емес" өрісі – өтінім берген лот бойынша Өнім берушіні сатып алуға қатысуға жіберу/қабылдамау жөнінде шешім қабылдамаған комиссия мүшелерінің саны туралы мәліметтерді қамтиды.

Конкурстық комиссияның әрбір мүшесі бойынша дауыс беру нәтижелерін қарау үшін өнім берушінің атауы бар гиперсілтемеге басу қажет, осы өнім беруші қатысқан лоттар бейнеленеді

Лоттың нөмірі бар жолға басу қажет

Егер конкурстық комиссияның мүшесі Өнім берушінің өтінімін қабылдамауға шешім қабылдаған жағдайда, қабылдамау себебі өрісі белсенді сілтемемен толтырылады.

"Мәртебе" өрісі мынадай мәндерді қамтуы мүмкін:

  • Қабылданбады;
  • Жіберілді;
  • Қайта беру құқығынсыз қабылданбады;
  • Дауыс жоқ

 Егер конкурстық комиссияның ең болмағанда бір мүшесінен МСА Заңының 6 – бабы бойынша "Қайта беру құқығынсыз қабылданбады" шешімі бар болса, жүйе Конкурстық комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен - "Жіберілгенге" қарамастан, "Қайта беру құқығынсыз қабылданбады"қорытынды шешімін беруге тиіс.

Толығырақ қарау үшін "Ауытқу себебі" белсенді сілтемесіне басу қажет. Өнім берушіні қабылдамау туралы шешім қабылданған құжаттар тізімі бар қалқымалы терезе бейнеленеді:

Дауыс беруді аяқтау

Дауыс беруді аяқтау үшін Конкурстық комиссияның хатшысына хабарландыруды қарау нысанында "Қол жетімді әрекеттер" өрісінде "Өтінімдерді қарау" әрекетін таңдау қажет.

Бұдан әрі "Дауыс беруді бақылау" қосымшасына өту қажет:

Өнім берушілерді жіберу/қабылдамау бойынша дауыстар кворумы болған кезде Конкурстық комиссияның хатшысына "Дауыс беруді бақылау" қосымшасында "Дауыс беруді аяқтау" батырмасы қолжетімді болады.

Егер әрбір лот бойынша конкурстық комиссия мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, Кворум қол жеткізілген деп есептеледі. Бұл ретте Төраға міндетті түрде дауыс беруге тиіс.

Дауыс беру аяқталғаннан кейін "Шешім" жолында келесі мәндер болуы мүмкін:

-        Жіберілді – өнім беруші көпшілік дауыспен жіберілген жағдайда шығарылады.

-        Қабылданбады - өнім беруші біліктілік талаптарына немесе конкурстық құжаттамаға сәйкессіздігі бойынша көпшілік дауыспен қабылданбаған жағдайда шығарылады;

-        Қайта беру құқығынсыз қабылданбады - МСА Заңының 6-бабы бойынша қабылданбаған жағдайда немесе конкурстық комиссияның ең болмағанда бір мүшесіне өтінімді қамтамасыз етуді ұсынбау себебі бойынша қабылданбаған кезде шығарылады

Егер конкурстық комиссияның ең болмағанда бір мүшесінен МСА Заңының 6-бабы бойынша "Қайта беру құқығынсыз қабылданбады" шешімі бар болса, жүйе Конкурстық комиссия мүшелерінің көпшілігінің өнім берушіге жол бергеніне қарамастан, "Қайта беру құқығынсыз қабылданбады" қорытынды шешімін береді.

Дауыс беру аяқталғаннан кейін,  қажет болған жағдайда тиісті батырма арқылы дауыс беруді қайта бастауға болады


Шартты жеңілдіктерді толтыру

Өтінімдерді қарастыру нысанында  шартты жеңілдіктің пайызын енгізу үшін дауыс беруді аяқтағаннан кейін Хатшы «Шартты жеңілдіктер» өрісінде «Толтыру қажет» сілтемесін басу қажет:

Нәтижесінде экранда әр белгілері бойынша шартты жеңілдіктерді толтыру үшін нысан пайда болады. Шартты жеңілдіктерді толтыру нысаны әр лот бойынша көрсетіледі, белгілі бір лотты ашу үшін, лот нөміріне басу қажет:

Әр белгі төмендегі кестеде көрсетілген, деректерге сәйкес мәндерді құрайды:

Бағалауөлшемшарты

Балл

 

Балдардытаратыпжазу

 

1

 

Әлеуетті өнім беруші ұсынатын жобаның Тапсырыс берушінің техникалық ерекшелік талаптарына сәйкестігі

 

0-ден 2-ге дейін

0

Әлеуетті өнім беруші ұсынатын жоба Тапсырыс берушінің техникалық ерекшелік талаптарына сәйкес келмейді (сәйкес келмеген жағдайда әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға жіберілмейді)

1

Әлеуетті өнім беруші ұсынатын жобаТапсырысберушініңтехникалықерекшелігініңталаптарынасәйкескеледі

2

Әлеуеттіөнімберушіұсынатынжобанеғұрлымүздік сипаттамалардықамтиды

 

2

 

Әлеуетті өнім берушінің қызметі мақсатының (құрылтай құжаттарына сәйкес) Тапсырыс берушінің сатып алынатын қызметтеріне сәйкес келуі

 

0-ден 2-ге дейін

0

ҚызметмақсаттарыТапсырысберушініңсатыпалатынқызметтерінесәйкескелмейді (сәйкес келмеген жағдайда әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға жіберілмейді)

1

Қызметмақсаттары Тапсырысберушініңсатыпалатынқызметтерінеішінара сәйкескеледі

2

Қызмет мақсаттары Тапсырыс берушінің сатып алатын қызметтеріне сәйкес келеді

 

3

 

Тапсырысберушіқойғанмақсаттарғақолжеткізубойыншаегжей-тегжейлііс-шараларжоспарыныңсәйкестігі (іс-шараларатауыжәненысаны, өткізуорны мен мерзімі, жауаптытұлғалардыңтегіаты, әкесінің аты)

 

0-ден 6-ға дейін

0

Тапсырысберушініңқойғанмақсаттарғақолжеткізуібойыншаегжей-тегжейлііс-шараларжоспарыжоқ не конкурстыққұжаттаманыңтехникалықерекшелігіндекөзделгенбарлықталаптардықамтымайды (сәйкес келмеген жағдайда әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға жіберілмейді)

3

Тапсырыс беруші қойғанмақсаттарғақолжеткізубойыншаегжей-тегжейлііс-шараларжоспары
конкурстыққұжаттаманыңтехникалықерекшелігіндекөзделгенбарлықталаптардықамтиды

6

Тапсырысберушініңқойғанмақсаттарғақолжеткізуібойыншаегжей-тегжейлііс-шараларжоспары
техникалық ерекшеліктіңбарлық талаптарынқамтидыжәнеқызметкөрсетусапасынжақсартатынқосымшаіс-шаралардыкөздейді, әрбіржобатапсырмасындаіс-шараныңатауынжәнетүрін, мерзімінжәнеөткізуорнынсипаттайды

 

4

 

Әлеуеттіөнімберушінің«Үкіметтікемесұйымдардыңдерекқорында»болуытуралымәліметтер

 

0-ден 2-ге дейін

0

Әлеуеттіөнімберушітуралы мәліметтер «Үкіметтікемесұйымдардыңдерекқорында» қамтылмайды (сәйкес келмеген жағдайда әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға жіберілмейді)

1

Әлеуеттіөнімберуші«Үкіметтікемесұйымдардыңдерекқорына»мәліметтердіуақтылы ұсынбаған

2

Әлеуеттіөнімберуші«Үкіметтікемесұйымдардыңдерекқорына»мәліметтердіуақтылы ұсынған

 

5

 

Әлеуеттіөнімберушініңжұмыстәжірибесініңболуы (бірөлшемшартғанатаңдап алынады)

 

0-ден 6-ға дейін

0

Әлеуеттіөнімберушініңжұмыстәжірибесініңболмауы

1

Әлеуеттіөнімберушініңәлеуметтікбағдарламалар мен жобалардыіскеасырусаласындаекіжылды қоса алғанға дейінгі жұмыстәжірибесі

2

Әлеуеттіөнімберушініңәлеуметтікбағдарламалар мен жобалардыіскеасырусаласындағыекіжылданастам бес жылды қоса алғанғадейінгіжұмыстәжірибесі

3

Әлеуеттіөнімберушініңәлеуметтікбағдарламалар мен жобалардыіскеасырусаласында бес жылданастамжұмыстәжірибесі

4

Әлеуеттіөнімберушініңсатыпалынатынқызметтердіңмәнінесәйкескелетінұқсас қызметнарығындағыекіжылды қоса алғанға дейінгі жұмыстәжірибесі

5

Әлеуеттіөнімберушініңсатыпалынатынқызметтердіңмәнінесәйкескелетін ұқсасқызметтер көрсетунарығындағыекіжылдан астам және бес жылды қоса алғанға дейінгі жұмыстәжірибесі

6

Әлеуеттіөнімберушініңсатыпалынатынқызметтердіңмәнінесәйкескелетінұқсас қызметтернарығындағы бес жылданастам жұмыстәжірибесі

 

6.

 

Жобаны белгілі бір аумақта (астана, республикалық маңызы бар қала, облыс аудан, қала) іске асырған жағдайда – үкіметтік емес ұйымның тиісті өңірдегі жұмыс тәжірибесі *

 

0-ден 3-ке дейін

0

Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген аумақта әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ 

1

Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген аумақта әлеуметтік жобаларды іске асыруда екі жылды қоса алғанға дейін жұмыс тәжірибесі бар

 

2

Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген аумақта әлеуметтік жобаларды іске асыруда екі жылдан астам және бес жылды қоса алғанға дейін жұмыс тәжірибесі бар

 

3

Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген аумақта әлеуметтік жобаларды іске асыруда бес жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар

 

7

Әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны  іске асыруға тартылатын мамандардың** тәжірибесі мен біліктілігі (Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарттарына (ҚР Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 19 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандартына сәйкес (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 тамызда
№ 17314 болып тіркелген)

 

0-ден 4-ке дейін

0

Әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыруға тартылатын мамандардың ұсынылатын әлеуметтік жобаның және (немесе) бағдарламаның қызмет түрлеріне сәйкес келетін практикалық жұмыс тәжірибесі мен біліктілігі жоқ немесе мамандардың тәжірибесі мен біліктілігі сәйкесінше құжаттармен расталмаған

2

Жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыруға тартылатын мамандардың ұсынылатын әлеуметтік жобаның және (немесе) бағдарламаның қызмет түрлеріне сәйкес келетін практикалық жұмыс тәжірибесі немесе біліктілігі бар, олар сәйкесінше құжаттармен расталған

4

Әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны  іске асыруға тартылатын мамандардың ұсынылатын әлеуметтік жобаның және (немесе) бағдарламаның қызмет түрлеріне сәйкес келетін практикалық жұмыс тәжірибесі мен біліктілігі бар, олар сәйкесінше құжаттармен расталған

 

8

 

Жобаны  іске асыру нәтижелерін тиімді бағалау бойынша индикаторлардың болуы

 

0-ден 6-ғадейін

0

техникалықерекшеліктеиндикаторларжоқ

2

Сандықнемесесапалықиндикаторлардыңболуы

4

Сандықжәне сапалықиндикаторлардыңболуы

6

Барлықдеңгейлердегісандықжәнесапалықиндикаторлардың, оның ішінде салым, процесс, қысқамерзімдіжәнеұзақмерзімдінәтижелериндикаторларыныңболуы

 

Ескерту:

* Сатып алынатын көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесін растаушы құжаттар көрсетілген қызметтердің актілері мен шот-фактураларының электрондық көшірмелері болып табылады.

Тиісті өңірде жұмыс тәжірибесін растау үшін Тапсырыс берушінің ресми хаты қосымша беріледі.

** Мамандардың тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар білімі туралы дипломдар, тиісті курстардан, семинарлардан өткені туралы сертификаттар болып танылады.

 

Көрсетілген белгілердің негізінде, келесі өрістер автоматты түрде есептелінеді:

  • Жалпы бал;
  • ТС белгілерін бағалау бойынша өнім берушіге рұқсат беру және қабыл алмау бойынша мәртебесі;
  • Шартты қысқарту өлшемі, %.
    Аталмыш өрістер пайдаланушыға түзету үшін қолжетімді емес.

 Ереженің   233 тарауының  1), 2), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген, белгілердің біреуінен бір балдан төмен алған конкурстық өтінімдері бар, Әлеуетті өнім берушілер, жиналған балдың жалпы санына қарамастан, конкурсқа жіберілмейді.

Конкурстық комиссияның әр белгі бойынша қойылған, баллдар автоматты түрде веб-порталмен қорытындыланады, оның нәтижесінде әлеуетті өнім берушіге оның техникалық сипаттамасына балмен көрсетілген, жалпы бағасы қойылады.

Техникалық сипаттамасының қорытынды бағасы  11 баллдан төмен болған, әлеуетті өнім беруші конкурсқа жіберілмейді.

     Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін қарастыру және олардың техникалық сипаттамасын бағалау нәтижесі бойынша конкурсқа қатысуға рұқсат етілген, әлеуетті өнім берушілерге конкурстық ұсыныстардың  келесі  шартты қысқартулар қолданылады:

      1) егер әлеуетті өнім берушінің техникалық сипаттамасының қорытынды бағасы 13-тен 17 баллды қоса алғанда құрайтын болса, онда әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы шартты түрде  10% қысқартылады;

      2) егер әлеуетті өнім берушінің техникалық сипаттамасының қорытынды бағасы 18-тен 22 баллды қоса алғанда құрайтын болса, онда әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы шартты түрде  20% қысқартылады;

      3) егер әлеуетті өнім берушінің техникалық сипаттамасының қорытынды бағасы 23-тен 27 баллды қоса алғанда құрайтын болса, онда әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы шартты түрде  30% қысқартылады;

      4) егер әлеуетті өнім берушінің техникалық сипаттамасының қорытынды бағасы 28 баллдан жоғары баллды құрайтын болса, онда әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы шартты түрде  40% қысқартылады;

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінім ұсынған, әр әлеуетті өнім берушіге қатысты баллдарды санайды, оның ішінде конкурсқа қатысуға  бір ғана өтінім берілген жағдайда.

Шартты жеңілдіктерді толтырғаннан кейін «Толтырылған» мәнге ауысады:

Егер Өнім беруші конкурстық комиссия мүшелерімен қабыл алынбаса, оның ішінде ТС бағалау белгілері бойынша Жалпы балл 11 баллдан артық болса, онда аталмыш Өнім беруші конкурсқа жіберілмейді.

Егер Өнім беруші конкурстық комиссия мүшелерімен қабыл алынса, оның ішінде ТС бағалау белгілері бойынша Жалпы балл 11 баллдан төмен болса, онда Өнім берушінің өтінімі автоматты түрде веб-порталмен қабыл алынбайды.

Қорытынды хаттамасын қалыптастыру

Әлеуетті Өнім берушілер ұсынған техникалық сипаттамаларды бағалау үшін белгілер қою бойынша рәсім аяқталғаннан кейін хатшыға "Қол жетімді әрекеттер" бөлімінде "Қорытындылар хаттамасын қалыптастыру" әрекеті қолжетімді болады:

Егер хатшы шартты жеңілдіктер критерийлерін қою рәсімін аяқтамаған жағдайда, іс-қимылдар тізімінде "Қорытынды хаттамасын қалыптастыру" бейнеленбейді.

"Қорытынды хаттамасын қалыптастыру" әрекетін таңдағаннан кейін өтінімдердің, лоттың (лоттардың) және хабарландырулар мәртебелері "Қорытындылар хаттамасын қалыптастыру" деп өзгереді.

Нәтижесінде хабарландыруды қарау нысанында "Хаттамалар" қосымшасында мемлекеттік және орыс тілдерінде PDF форматында қорытындылар хаттамасының файлы жасалады. Конкурстық комиссияның хатшысы осы Хаттамаға қол қоюы қажет.

Егер сараптамалық комиссия (сарапшы) тартылса және сараптамалық қорытынды болса, оны "Хаттамалар" қосымша бетінде "Сараптамалық пікір" бөлімінде тіркеуге болады:

Файлды бекіткеннен кейін "Сақтау" батырмасын басу қажет.

МАҢЫЗДЫ!!! Сақталған файлды жою мүмкін емес.

"Жою" батырмасы бекітілген файл сақталғанға дейін қол жетімді.


Қорытынды хаттамасына қол қойғанға дейін де, қорытынды хаттамасына қол қойылғаннан кейін де хатшыға сараптамалық пікірді қоса беруге болады.

Комиссия мүшелерінің қорытынды хаттамасына қол қоюы

Конкурстық комиссия мүшелері танысу және қорытындылар хаттамасына қол қою үшін хабарландыруды қарау нысанына өту және ҚР ҰКО ЭЦҚ-мен қорытындылар хаттамасына қол қою қажет

Егер конкурстық комиссия мүшесінің ерекше пікірі болса, "Ерекше пікір" бөлімінде "Файлды бекіту" батырмасының көмегімен файлды тіркеу қажет.

Файл бекітілгеннен кейін, бекітілген файлдың дұрыстығын тексеру қажет. Дұрыс болған жағдайда "Сақтауды" басу қажет.

МАҢЫЗДЫ!!! Сақталған файлды жою мүмкін емес.

"Жою" батырмасы бекітілген файл сақталғанға дейін қол жетімді.

Қорытынды хаттамасына қол қойғанға дейін де, Қорытынды хаттамасына қол қойылғаннан кейін де ерекше пікірді бекітуге болады..

Қорытынды хаттамасын жариялау

Қорытындылар хаттамасына қол қойылғаннан кейін, жүйе қол қою кворумының болуын тексереді және егер кворум қатысып отырса, конкурстық комиссияның хатшысына "Қорытындылар хаттамасын жариялау" әрекеті қолжетімді болады.

Егер Комиссия төрағасы хаттамаға қол қоймаған жағдайда, хатшының "Қорытындылар хаттамасын жариялау" әрекеті болмайды.

Қорытынды хаттамасы жарияланғаннан кейін хабарландыру мәртебесі "Аяқталды" деп өзгереді:

Лоттардың мәртебелері "Сатып алу өтті" немесе "Сатып алу өтпеді" деп өзгереді.

Егер сатып алу өткізілген жағдайда (жоспар тармағының "Сатып алу өтті" мәртебесі), жүйеде жеңімпаз өнім берушімен шарт жасау мүмкіндігі болады.

Егер сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда (жоспар тармағының "Сатып алу өтпеді" мәртебесі) лоттар хабарландыру жасау үшін қолжетімді болады.

Егер сатып алуға бірде-бір өтінім берілмеген жағдайда, қорытындылар хаттамасы Жүйемен автоматты түрде қалыптастырылады және жарияланады, бұл ретте осы Хаттамаға хатшы да, Конкурстық комиссия мүшелерінің де қол қою мүмкіндігі болмайды.

"Сараптамалық пікір" және "Ерекше пікір" бөлімдерінде тіркелген файлдарды қарау үшін "Хаттамалар" қосымша бетіне өту қажет және "Қорытындылар хаттамасы" бөлімінде "Қосымша мәліметтер" батырмасына басу қажет:

Диалог терезесі ашылады:

Ерекше пікір бағанында тіркелген файлды жүктеу үшін құжаттың атауын гиперсілтемеге басу қажет.

Сараптамалық пікірді, сондай-ақ хаттамалар қойындысындағы сараптамалық пікір бөлімінен көруге болады:

 

         Сатып алуды болдырмау

Сатып алуды болдырмау рәсімі  1.3.18, 1.4.17 Сатып алуды болдырмау тарауларына ұқсас.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сатып алуды болдырмау  «Қорытындылар хаттамасын қалыптастыру»  мәртебесімен жасалған жағдайда, жүйе  хаттаманы сатып алуды болдырмау туралы басқа хаттамаға қайта қалыптастырады.

Ескертпе: Жүйе бұрын қол қойылған хаттаманы  болдырмау туралы ақпарат бар өзекті хаттамаға автоматты түрде қайта қалыптастырады. Бұдан соң хаттамаға қайтадан  хатшы  мен конкурстық комиссия мүшелері қолдарын қоюлары қажет. Сатып  алуды болдырмау немесе сатып алудан бас тартқаннан кейін барлық сатып алу тәсіліне қатысты қорытындылар хаттамасын  қайта қарау .

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! «Аяқталды» мәртебесіндегі хабарландыру бойынша сатып алуды болдырмау ішінара емес толықтай барлық лоттар бойынша жүргізілген жағдайда. жүйе сатып алуды болдырмауды есепке ала отырып, қорытындылар хаттамасының барлық нұсқаларын бейнелейді. Бұл ретте жүйе болдырмаусыз ақпараты бар қорытындылар хаттамасының алғашқы нұсқасын, сондай-ақ болдырмау туралы ақпаратпен екінші хаттаманы бейнелейтін болады. Қорытындылар хаттамасының барлық нұсқаларын бейнелеу сатып алудың барлық тәсілдеріне қатысты.

Болдырмау туралы ақпаратсыз алдындағы қорытындылар хаттамасы  «Жарамсыз» мәртебесімен бейнеленетін болады. Болдырмау туралы ақпараты бар қорытындылардың өзекті хаттамасы «Жарамды» мәртбесінде болады.

          Ұйымдастырушы/Тапсырыс беруші өкілі деректерінің өзгеруі

 

Ұйымдастырушы/Тапсырыс беруші өкілін өзгерту үшін «Ұйымдастырушы» рөлімен Жүйеде авторландыру қажет.

Назар аударыңыз! Өзгерту   Хатшыға не хабарландыруды Жасаушыға ғана  қолжетімді.

  «Жұмыс кабинеті – Менің хабарландыруларым (Ұйымдастырушы)» мәзіріне өту.

 

Хабарландыруды ашу қажет.  Хабарландыруда «Қолжетімді әрекеттер» мәзірінде  «Өкілдің деректерін өзгерту» тармағын басу керек

 «Өкілдің деректерін өзгерту» нысанында Тапсырыс берушінің/Ұйымдастырушының өкілін өзгерту және «Өзгерістерді сақтау» батырмасын басу. Жүйе енгізілген деректерді сақтайды

Қорытындыларды қайта қарау

Егер пайдаланушы мемлекеттік аудит шешімі бойынша Қорытындыларды қайта қарау туралы шешім қабылдаса, қол жетімді әрекеттерде "Қорытындыларды қайта қарауды" таңдау қажет

Қайта қарауға жіберілген хабарландыру мен лот мәртебесі "Қорытындыларды қайта қарауға" өзгереді

Комиссия мүшелері өтінімдерді қайта қарауы үшін қол жетімді әрекеттер тізімінде хабарландыруды қарау нысанында "Өтінімдерді қарау (қайта қарау)" батырмасын таңдау қажет.

Құжаттарды қарау үшін өтінім нөміріне басу қажет. Қайта қарауға жіберілген Өнім берушілердің өтінімдері бойынша ғана қорытындыларды қайта қарауға болады.

Комиссия мүшелерінің өтінімдерді қайта қарауы өтінімдерді қарауға ұқсас. Сипаттама "Өтінімдерді қарау" бөлімінде келтірілген. Өтінімдерді қайта қарау үшін комиссия мүшелері "Қорытындыларды қайта қарау" мәртебесімен хабарландыруды таңдау қажет.

Ескерту: жүйе бұрын қабылданған шешімдерді бейнелейді. Дауысты қайтарып алу және қайтадан дауыс беру қажет.

Өтінімдерді қайта қарауды бақылау рәсімі "Қорытындыларды қайта қарау" мәртебесі бар хабарландыруды таңдау қажеттігін қоспағанда, "Өтінімдерді қарауды бақылау" бөлімінде келтірілген сипаттамаға ұқсас.

Өтінімдерді қайта қарағаннан кейін шартты жеңілдіктерді толтыру "Шартты жеңілдіктерді толтыру" бөлімінде келтірілген сипаттамаға ұқсас.

Назар аударыңыз! Өтінімдерді қайта қараусыз тек шартты жеңілдіктерді өзгерту қажет болған жағдайда, пайдаланушы "Хатшы" рөлімен дауыс беруді аяқтауы және өтінімдерді қарау нысанында "Өнім берушілердің өтінімдері" қосымша бетіне өтіп, "Толтырылған" сілтемесіне басу қажет.

Ескерту: жүйе редакциялауға жататын бұрын енгізілген мәндерді көрсетеді.

Ескерту: жүйе қажет болған жағдайда редакциялануы мүмкін бұрын енгізілген мәндерді көрсетеді.

Қорытындылар хаттамасын қалыптастыру, қол қою және жариялау бөлімдерде Қорытындылар хаттамасын қалыптастыру, комиссия мүшелерінің қорытындылар хаттамасына қол қоюы және Қорытындылар хаттамасын жариялау келтірілген.

Назар аударыңыз! Егер сатып алу қайта қарауға және "Қорытындыларды қайта қарау" хабарландыру мәртебесіне жіберілген жағдайда, жүйе жаңа қалыптастырылған қорытындылар хаттамасын жоюға мүмкіндік береді және конкурстық комиссия мүшелерінің қайта дауыс беруіне не шартты жеңілдіктерді өзгертуге мүмкіндік береді. Алдыңғы қорытындылар хаттамасы өзгерістер туралы ақпаратсыз "Жарамды емес" мәртебесімен бейнеленеді. Өзгерістер туралы ақпараты бар қорытындының өзекті хаттамасы "Жарамды" мәртебесіне ие болады.

Ескерту: жарияланғанға дейін жүйе қол қойылған қорытынды хаттамасын жоюға мүмкіндік береді.

Ескерту: Қайта қараудан кейін қалыптастырылған қорытындылар хаттамасын жойғаннан кейін жүйе хабарландыру мәртебесін "Шартты жеңілдіктерді толтыруға" өзгертеді.

Өтінімдерді қайта қарау үшін хатшыға "Дауыс беруді бақылау" қосымша бетінде дауыс беруді қайта бастау қажет.

Өтінімдерді қайта қарауынсыз тек шартты жеңілдіктерді өзгерту қажет болған жағдайда, хатшыға өтінімдерді қарау нысанында "Өнім берушілердің өтінімдері" қосымша парағына өтіп, "Толтырылған" сілтемесіне басу қажет.

Комиссияның өзгеруі

Хатшыға хабарландыруды қарау нысанында "Комиссия өзгертілсін" әрекеті қолжетімді:

Осы іс-әрекет орындалғаннан кейін экранда конкурстық комиссияны өзгерту нысаны бейнеленеді:

 

Конкурстық комиссия мүшесін өзгерту үшін "Өкілді өзгерту" бастырмасына басу қажет. Біліктілік комиссиясының жаңа мүшесін қосу "Комиссия мүшесін қосу" батырмасының көмегімен орындалады, жою "Жою" батырмасының көмегімен орындалады.

"Шешім нөмірі", "Шешім күні" өрістері, файлды бекіту (конкурстық комиссияны өзгертуге негіз болып табылады) міндетті болып табылады. Өзгерістерді сақтау үшін "Өзгерістерді сақтау" бастырмасына басу қажет.

Әрбір тіркелген енгізу көлемі 20 мб аспауы тиіс.

Комиссияның өзгергені туралы тіркелген файлды хабарландыруды қарау нысанында " алпы мәліметтер" қосымшасынан көруге болады.

Хабарландыру хатшысын тек Біліктілік комиссиясының төрағасы ғана өзгерте алады.

Егер дауыс беру және "Өтінімдерді қарау" хабарландыру мәртебесі әлі аяқталмаған болса, жүйе комиссияның жаңа мүшесін алып тастауға немесе қосуға мүмкіндік береді. Егер комиссияның шығарылған мүшесі дауыс берген жағдайда, жүйе дауыс беру нәтижелерін тастайды және біліктілік комиссиясының осы мүшесіне қайтадан дауыс беруге тыйым салады. Егер комиссияның шығарылған мүшесі әлі дауыс бермесе, жүйе жеткізушілерді жіберу/қабылдамау бойынша шешім енгізу үшін қолжетімділікті жабады.

       Бір архивпен Барлығын жүктеп алу» батырмасы

Жүйе хабарландыру кезеңіне  байланысты  хабарландырудағы барлық бар құжаттарды жүйтеп алуға мүмкіндік береді:

- Хабарландыру құжаттар (шарт жобасы/техникалық өзіндік ерекшелік және т.б.);

- Өнім берушілердің өтінімдері;

- Хаттамалар;

- Шарттар.

Құжаттарды жүктеп алу үшін «Құжаттама» қосымша бетіне өту және «Барлығын жүктеп алу» батырмасын басу. Батырманы басқаннан кейін Жүйе құжаттарды компьютерге жүктейді. Құжаттарды қарау үшін архивтен шығару қажет. 


  • Нет меток