Дерево страниц
Перейти к концу метаданных
Переход к началу метаданных

Білікті өнім берушілер тізіліміне кіргізуге  іріктеу ұйымдастыру және өткізу

      Комиссияны өзгерту

 

Хатшыға хаттаманы қарау нысанында «Комиссияны өзгерту» әрекеті қолжетімді.

Осы әрекетті толтырғаннан кейін экранда конкурстық комиссияның өзгеруі нысаны бейнеленеді.

Конкурстық комиссия мүшесін өзгерту үшін «өкілді өзгерту» батырмасын басу қажет. Біліктілік комиссиясының жаңа мүшені қосу «комиссия мүшесін қосу» батырмасының, алып тастау батырмасының көмегімен орындалады.  

«Шешім нөмірі», «шешімнің күні» жолдары міндетті болып табылады. Өзгерістерді сақтау үшін конкурстық комиссияны өзгертуге негіз болып табылатын файлды қоса тіркеу және «Өзгерісті сақтау» батырмасын басу қажет.

Ескертпе:

−        Хатшыны Біліктілік комиссиясының Төрағасы ғана өзгерте алады.

−        Егер дауыс беру әлі аяқталмаса, хабарландыру мәртебесі «Өтінімдерді қарау» болса, жүйе комисияның жаң мүшесін шығаруға немесе қосуға мүмкіндік береді. Комиссияның шығарылған мүшесі дауыс берген жағдайда, Жүйе   дауыс беру нәтижелерін түсіріп тастайды және біліктілік комиссиясының осы мүшесіне қайтадан дауыс беруге тыйым салады. Егер шығарылған комиссия мүшесі әлі дауыс бермесе, Жүйе Өнім берушілерді жіберу/қабыл алмау  бойынша шешім енізу үшін қолжетімділікті жабады.

     Өнім берушілердің іріктеуге қатысуға арналған өтінімдерін қарау

 

Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу мерзімі басталғанда, жүйе комиссия мүшелеріне Өнім берушілердің өтінімдерін қарау қажеттігі туралы хабарламаларды автоматты түрде жіберуді жүзеге асырады. «Хабарлама» тарауына өту үшін «Қатысушы бейіні» мәзірін ашу қажет.

Хабарламаларды  қарауды сондай-ақ беттің оң жақ жоғары бұрышындағы  келіп түскен хабарламалар саны түрінде пиктограмманы басып орындауға болады. Пиктограммаға басқан соң, соңғы 5 алынған хабарлама тізімі бейнеленеді. Барлық хабарламаларды көру үшін «Барлық хабарламалар» сілтемесін басу қажет.

 Хабарламаға өтуді сілтеме бойынша хабарландырудан жүзеге асыруға болады, немесе «Жұмыс кабинеті» тарауына өтіп, «Білікті өнім берушілер тізіліміне енгізу» мәзірін таңдау қажет.

 Өнім берушілер ұсынған өтінімдерді қарау үшін хабарландыруды қарау нысанында «Қолжетімді әрекеттер» тарауында тізімнен «Өтінімді қарау» таңдау кажет.

 Конкурсқа өтінім берген  Өнім берушілер туралы ақпаратты қарау үшін өтінім нөмірі сілтемесіне басу қажет.

«Өнім беруші туралы мәлімет» қосымша бетінде өнім берушінің атауы, деректемелері, мекенжайы және өнім беруші өкілі туралы ақпарат көрсетілген.

«Құжаттама» қосымша бетіне өнім беруші берген құжаттар орналасады. Құжат атауы бар жолда қоса берілген файлдар саны көрсетіледі. Қоса берілген файлдар бейнеленуі үшін тарау атауын басу қажет. Құжатты  қарау және жүктеп алу үшін құжат атауымен сілтемені басу талап етіледі.

 

Ескертпе: Біліктілік комиссиясының барлық мүшелеріне және тексеруші орган қызметкерлеріне  «Құжаттама» қосымша бетінде хабарландыруды қарау нысанында  «Барлығын жүктеп алу» батырмасы қолжетімді.  Батырманы басқан кезде болуына және хабарландыру кезеңіне байланысты хабарламадағы барлық құжаттарды жүктеп алу жүзеге асырылады.

 Өнім берушіні жіберу/қабыл алмау бойынша дауыс беруді жүзеге асыру үшін  «Өнім берушіні жіберу» қосымша бетіне өту талап етіледі.

Бұл тарау мынадай санаттардан тұрады:

-        Біліктілік талаптарына сәйкестік;

-        Банкроттық не тарату рәсімі;

-        МС туралы Заңның 6 т. бойынша шектеулер болмауы


 

Ескертпе:  «Файлды қоса тіркеу» батырмасы өнім берушінің өтінімін қабыл алмау негіздемесін толтырған кезде міндетті шарт болып табылмайды.

 

  «Біліктілік талаптарына сәйкестік» санаты бойынша шешім қабылдау үшін «Ескертпе» жолында Түсіп тұратын тізімнен келесі мәндердің бірін таңдау қажет:

- Жіберілді;

- Қабыл алынбады.

 «Қабыл алынбады» шешімін таңдаған кезде, құжат санатын таңдау, сондай-ақ қабыл алмау үшін негізді толтыру қажет.

 «Біліктілік санаттарына ссәйкестік» санатында барлық міндетті құжаттардан басөа, «Салық жүктемесі коэффициентін есептеу» құжаты қамтылған.

Ескертпе: бұл тізім өнім берушіні бір немесе бірнеше құжат бойынша қабыл алмауға шешім қабылдаған  жағдайда бейнеленеді.

 

  «Банкроттық не тарату рәсімі» санатында  «Ескертпе» жолында келесі мәндердің бірін таңдау талеп етіледі:

­   Жіберілді;

­   Қабыл алынбады.

  «Қабыл алынбады» шешімін таңдаған кезде  қабыл алмау үшін негізді толтыру қажет.

«МС туралы Заңның 6 т. бойынша шектеулер болмауы»  санатында «Ескертпе» жолында келесі мәндердің бірін таңдау талап етіледі:

­   Жіберілді;

­   Қабыл алынбады.

 «Қабыл алынбады» мәнін таңдаған кезде, Заң бабының 6-тармақшасын көрсету және қабыл алынбау себебін көрсету талап етіледі.

  «Қабыл алынбады» шешімін таңдаған кезде құжат санатын таңдау, сондай-ақ қабыл алынбау үшін негізді толтыру қажет.

Дауыс беруді аяқтау үшін «Дауыс беру» батырмасын басу қажет.

«Өтінімдер тізіміне оралу» батырмасы өтінімдер тізіміне оралуға арналған.

Назар аударыңыз! Дауыс беру аяқталғанға дейін Комиссияға «Дауысты шақырып алу» атқарымын пайдаланып, өз дауысын шақырып алу мүмкіндігі беріледі.

     Өтінімдердің қаралуын бақылау

 

Хатшыға хабарландыруды қарау нысанында  «Өтінімдерді қарау» мәртебесімен дауыс беру барысын қадағалау атқарымы қолжетімді. Осы атқарымды пайдалану үшін «Қолжетімді әрекеттер» тарауында «Өтінімді қарау» тармағын таңдау қажет.

 

Жүйе ұсынылған өтінімдерді қарау нысанын бейнелейді. Өтінім туралы ақпаратты қарау үшін өтінім нөмірін басу талап етіледі.

Дауыс беру бойынша ақпаратты қарау үшін Конкурстық комиссия мүшелеріне «Дауыс беруді бақылау» қосымша бетіне өту қажет.


 

«Шешім» жолы келесі мәндерді қамтуы мүмкін:

-        Кворумға қолжеткізілді – егер Конкурстық комиссия мүшелерінің көбі дауыс берсе (бұл ретте комиссия төрағасы міндетті) .

­   Кворум жоқ – дауыс беру басталды, дауыс беру бойынша кворумға қолжеткізілмеді.

«Жақтап» жолы – әлеуетті өнім берушіні ол өтінім берген лот бойынша сатып алуға қатысуға жіберген Конкурстық комиссия мүшелерінің саны туралы мәліметті қамтиды.

«Қарсы» жолы – әлеуетті өнім берушіні ол өтінім берген лот бойынша сатып алуға қатысуға жібермеген Конкурстық комиссия мүшелерінің саны туралы мәліметті қамтиды.

«Дауыс бермеді» жолы – әлеуетті өнім берушіні ол өтінім берген лот бойынша сатып алуға қатысуға жіберу/қабыл алмау жөнінде шешім қабылдамаған Конкурстық комиссия мүшелерінің саны туралы мәліметті қамтиды.

Назар аударыңыз! Әрбір конкурстық комиссия мүшесі бойынша дауыс беру нәтижелерін қарау үшін  өнім беруші атауы бар жолды  басу қажет.


 

«Мәртебе» жолында мынадай мәндер қамтылуы мүмкін:

-        Қабыл алынбады;

-        Жіберілді;

-        Дауыс берген жоқ.

           Дауыс беруді аяқтау

 

Дауыс беруді аяқтау үшін Конкурстық комиссия хатшысына «Қолжетімді әрекеттер» жолында хабарландыруды қарау нысанында «Өтінімді қарау» әрекетін таңдау қажет.

Бұдан әрі «Дауыс беруді бақылау» қосымша бетіне өту қажет.

Өнім берушілерді жіберу/қабыл алмау бойынша дауыстар кворумы болған кезде, конкурстық комиссия хатшысына «Дауыс беруді бақылау» қосымша бетінде «Дауыс беруді аяқтау» батырмасы қолжетімді болады.

Назар аударыңыз!  Егер конкурстық комиссия мүшелерінің көбі дауыс берсе, кворум қолжеткізілді деп саналады. Бұл ретте Төраға міндетті түрде дауыс беруі тиіс.

 

Дауыс беру аяқталғаннан кейін «Шешім» жолы келесі мәндерді қамтуы мүмкін:

-        Жіберілді – көпшілік дауыспен өнім беруші жіберілген жағдайда шығады.

-        Қабыл алынбады – өнім беруші көпшілік дауыспен қабыл алынбаған жағдайда шығарылады;


 

Дауыс беру аяқталғаннан кейін қажет болған жағдайда тиісті батырма арқылы дауыс беруді жаңғыртуға болады.

          Өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді толтыру

 

Дауыс беру аяқталғаннан кейін өтінімдерді қарау нысанында өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді растау үшін  Хатшыға «Біліктілік туралы мәлімет» жолында  «Толтыру талап етіледі» сілтемесін басу қажет. 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жүйе жіберілген өнім берушілер бойынша ғана біліктілік туралы мәліметтерді толтыру нысанын белсенді етеді.

Нәтижесінде экранда біліктілік туралы мәліметтерді толтыру үшін  нысан бейнеленеді.

Бұл нысанда бейнеленеді:

- Жұмыс тәжірибесі туралы мәлімет – орындалған жұмыстар бойынша деректер    (көрсетілген қызметтер, жеткізілген тауарлар бойынша деректер)  өнім беруші өтінім беру кезеңінде толтыратын 8-қосымшадан (Жұмыстарды сатып алған кезде біліктілік туралы мәлімет) автоматты түрде толтырылады;

- Ұсынылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің техникалық реттеу саласындағы ҚР заңнамасына сәйкестігіне берілген стандарттарға сәйкестігін растайтын құжаттар туралы мәлімет – бұл тарау өнім беруші міндетті емес құжаттарды қоса тіркеген жағдайда бейнеленеді:

Ұсынылатын тауарлардың ұлттық немесе үкіметтік емес стандарттарға сәйкестігін ерікті растау туралы мәлімет


Экологиялық менеджмент жүйесінің ұлттық стандартқа сәйкестігі туралы мәлімет


Сапа менеджменті жүйесінің ұлттық стандартқа сәйкестігі туралы мәлімет- жұмыс, көрсетілетін қызмет


Ұсынылатын тауарлардың экологиялық таза өнім стандартына  сәйкестігі туралы мәлімет


 

 

 «Шешім» жолында «Расталды» не «Расталмады» мәндерінің біреуін таңдау қажет. Жүйе барлық жолдар бойынша шешім қабылдау міндеттілігін тексереді.

 

Мәндерін қойғаннан кейін «Сақтау» батырмасын басу қажет.   

Назар аударыңыз! Бұдан әрі расталған деректер «Тізілімдер» – «Білікті өнім берушілер тізілімдері»   тарауында жалпы қолжетімділікте расталған деректер бейнеленетін болады және   Өнім берушілер «Алдын ала білікті  іріктей отырып конкурс» тәсілімен сатып алуға қатысқан кезде, шарты жеңілдіктерге ықпал етеді.

Рәсімді аяқтағаннан кейін тарауда «Біліктілік туралы мәлімет» «Толтырылды» мәртебесіне өзгереді.

             Конкурстық комиссияның сауалдары туралы деректерді толтыру

Хатшы біліктілік комиссиясының мүшелері (бұдан әрі – БКМ) әлеуетті өнім  берушілерге не тиісті жеке немесе заңды тұлғаларға, мемлекеттік органдарға біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген ннемесе конкурсқа қатысға арналған өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында жолдаған сауалдар туралы деректерді енгізеді.  

ККМ сауалдары туралы деректерді толтыру үшін «Деректерді қосу» батырмасын басу қажет.

Нәтижесінде экранда ККМ сауалдары туралы деректерді толтыру үшін нысан бейнеленеді

ККМ сауалдары туралы деректерді толтыру нысанында мынадай жолдар бейнеленеді:

Жол атауы

Сипаттама

Лоттар тізімі

Үндемеуі бойынша хабарландыруда жарияланған лоттар бейнеленеді. ККМ ол бойынша  сауал жіберген  лот таңдалады

Сауал жіберілді

Үндемеуі бойынша бос бейнеленеді. Тізімнен мына мәндердің бірі таңдалады:

- Өнім беруші;

- Сауал жіберілген ұйым/адам.

Сауал жіберілген ұйым/адам атауы

Үндемеуі бойынша бос бейнеленеді. «Сауал жіберілді» жолында «Өнім беруші» мәні таңдалған кезде, Жүйе «Лоттар тізімі» жолында таңдалған лотқа қатысуға өтінім берген Өнім берушілер атауын бейнелейді.

Өнім берушілер тізімінен қолмен Өнім беруші таңдалады.

Қазақ тілінде сауал жіберілген ұйым/адам атауы 

Қолмен толтырылады. «Сауал жіберілді»  жолында «Сауал жіберілген ұйым/адам» мәні таңдалса, толтыру үшін қолжетімді.

Орыс тілінде сауал жіберілген ұйым/адам атауы 

Қолмен толтырылады. «Сауал жіберілді»  жолында «Сауал жіберілген ұйым/адам» мәні таңдалса, толтыру үшін қолжетімді.

Қазақ тілінде сауал туралы ақпарат

Қолмен толтырылады.

Орыс тілінде сауал туралы ақпарат

Қолмен толтырылады.

Сауалды жолдау күні

Күнтізбеден таңдау.

Қазақ тілінде жауап туралы ақпарат

Қолмен толтырылады.

Орыс тілінде жауап туралы ақпарат

Қолмен толтырылады.

ККМ сауалдары туралы деректерді толтырғаннан кейін деректерді сақтау үшін «Сақтау» батырмасын басу қажет. Жүйе деректерді сақтайды. Сауалдар туралы жаңа мәліметтерді қосу үшін «Деректерді қосу» батырмасын басу қажет.


 

       Алдын ала біліктілік іріктеуін қалыптастыру

 

Дауыс беру аяқталғаннан кейін комиссия Хатшысына әрекеттер тізімінде «Білікті іріктеу хаттамасын қалыптастыру» қолжетімді болады. 

Нәтижесінде жүйе   PDF форматында білікті іріктеуді қалыптастырады, хабарландыру, өтінімдер  мәртебесі «Білікті іріктеу хаттамасын қалыптастырыу» мәртебесіне өзгереді.

Талқылау хаттамасы «Хаттамалар» қосымша бетіне орналасады.

Хаттамамен танысу және жүктеу үшін құжат атауы белсенді сілтемесін басу талап етіледі. Сараптамалық қорытындыны қоса тіркеу қажет болғанда,  Хатшыға «Шолу» батырмасын басу талап етіледі. Хаттамаға қол қою үшін «Қолтаңба қою» батырмасын басу, одан соң «Сақтау батырмасын басу қажет. Жүйе комиссия мүшелері тізімімен келесі нысанды бейнелейді.

Комиссияның қандай да бір мүшесі болмаған жағдайда «Шолу» батырмасының көмегімен «Қолтаңба болмау себебі» тарауында файлды қоса тіркеу мүмкіндігі ұсынылады.

Білікті іріктеу хаттамасын жариялағанға дейін Хатшыға «Хаттаманы алып тастау» батырмасы қолжетімді. Жіберілген өтінімдер болған немесе «Өтінімдерді қарау»  жағдайында, жберілген өтінімдер болмаған жағдайда,  Хаттаманы алып тастаған кезде хабарландыру мәртебесі «Біліктілік туралы мәліметтерді толтыру» мәртебесіне өзгереді.  

   Комиссия мүшелерінің біліктілік іріктеу хаттамасына қол қоюы

 

Хатшы хаттамаға қол қойғаннан кейін жүйе біліктілік комиссиясының мүшелеріне хаттамаға қол қою қажеттігі туралы хабарландыру жіберуді жүзеге асырады.  

Хаттамалар қосымша бетінде хабарландыруды қарау нысанында құжаттың белсенді сілтемесін басып, хаттаманы қарау мүмкіндігі ұсынылады.

Конкурстық комиссия мүшелеріне хаттамаға қол қояр алдында құжатты дұрыстығына тексеру қажет. Құжатқа электрондық-цифрлық қолтаңба қойып, Сіз электрондық құжаттың бүтіндігін және түпнұсқалығын растайсыз.

Комиссия мүшесінде ерекше пікір болған жағдайда, «Шолу» батырмасының көмегімен файлды қоса тіркеу қажет.

         Біліктілік іріктеу хаттамасын жариялау

 

Біліктілік комиссиясының мүшелері біліктілік іріктеу  хаттамасына қол қойғаннан кейін жүйе қолтаңбалар кворумы болуын тексереді, кворум болса, комиссия хатшысына «Біліктілік іріктеу хаттамасын жариялау» әрекеті қолжетімді болады.

Жариялағаннан кейін хабарландыру мәртебесі «Аяқталды» мәртебесіне өзгереді.

       Бір архивпен «Барлығын жүктеп алу» батырмасы

Жүйе хабарландыру кезеңіне  байланысты  хабарландырудағы барлық бар құжаттарды жүктеп алуға мүмкіндік береді:

- Хабарландыру құжаттар (шарт жобасы/техникалық өзіндік ерекшелік және т.б.);

- Өнім берушілердің өтінімдері;

- Хаттамалар;

- Шарттар.

Құжаттарды жүктеп алу үшін «Құжаттама» қосымша бетіне өту және «Барлығын жүктеп алу» батырмасын басу. Батырманы басқаннан кейін Жүйе құжаттарды компьютерге жүктейді. Құжаттарды қарау үшін архивтен шығару қажет. 

  • Нет меток