Дерево страниц
Перейти к концу метаданных
Переход к началу метаданных

 

 Қорытындыларды қайта қарау


Қорытындыларды қайта қарау    «Ашық конкурс», «Аукцион», «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу»  сатып алу тәсілдері үшін «Қорытындыларды қайта қарау»  мәртебесі бар хабарландырулар үшін қолжетімді.

Қорытындыларды қайта қарау үшін «Хатшы» рөліндегі пайдаланушыға/комиссия мүшелеріне  «Хабарландыруларды іздеу» тарауына,  «Жұмыс кабинеті» мәзіріне өту қажет.

Бұдан әрі  «Іздеуді көрсету» батырмасын басу қажет.

Ашылған терезеде сүзгі параметрлерін енгізу («Хабарландыру мәртебесін таңдаңыз» жолында «Қорытындыларды қайта қарау» мәнін таңдаңыз) және «Табу» батырмасын басу керек.

Іздеу нәтиждесі бейнеленгеннен кейін хабарландыру атауының гиперсілтемесін шерту керек.

 

Ашылған нысанда «Қолжетімді әрекеттер» тарауында «Өтінімді қарау (қайта қарау) батырмасын басу керек.

 Өтінімдерді қайта қарау

 

Комиссия мүшелері өтінімді қайта қарай алуы үшін, дауыс беруді жаңғырту қажет. Бұл үшін «Хатшы» рөліндегі пайдаланушыға  хабарландыруды қарау нысанында  қолжетімді әрекеттер тізімінен «Өтінімді қарау (қайта қарау)»  таңдау қажет.

Одан соң «Дауыс беруді бақылау» қосымша бетіне өтіп, «Дауыс беруді жаңғырту» батырмасын басу керек.

Батырманы басқаннан кейін, Жүйе комиссия мүшелеріне  Өтінімдерді қайта қарауды  белсенді етеді.

Комиссия мүшелерінің өтінімдерді қайта қарауы өтінімдерді қарауға ұқсас.  Сипаттамасы  1.3.6 «Өтінімдерді қарау» тарауында берілген. Бұдан басқа комиссия мүшелеріне өтінімдерді қайта қарау үшін,   «Қорытындыларды қайта қарау» мәртебесі бар хабарландыруды таңдау қажет.

Ескертпе: Жүйе бұрын қабылданған шешімдерді бейнелейді. Бұл шешімдерді өзгертуге және қайтадан дауыс беруге болады.

  Шартты жеңілдіктерді толтыру

 

Өтінімдерді қайта қарағаннан кейін шартты жеңілдіктерді толтыру   1.3.13 «Шартты жеңілдіктерді толтыру» тарауында берілген сипаттамаға ұқсас.

Назар аударыңыз! Жүйе өтінімдерді қарамай шартты жеңілдіктерді ғана өзгертуге мүмкіндік береді, қажет болған жағдайда шартты жеңілдіктерді ғана өзгертеді. Бұл үшін «Хатшы» рөліндегі пайдаланушыға  өтінімдерді қарау нысанында   «Өнім берушілердің өтінімдері» қосымша бетіне өтіп,  «Толтырылды» сілтемесін басу керек.

Ескертпе: Жүйе редакциялауға жататын бұрын енгізілген деректерді бейнелейді.

Ескертпе: Жүйе  қажет болғанда редакциялануы мүмкін бұрын енгізілген мәндерді бейнелейді.

Өтінімдердің қайта қаралуын бақылау

 

Өтінімдердің қайта қаралуын бақылау рәсімі «Қорытындыларды қайта қарау» мәртебесіне хабарландыру қажеттігін қоспағанда,  1.3.7 «Өтінімдердің қаралуын бақылау» тарауында берілген сипаттамаға ұқсас

  Қорытындылар хаттамасын қалыптастыру және жариялау

 

Қорытындылар хаттамасын  қалыптастыру, қол қою және жариялау   1.3.15 Қорытындылар хаттамасын қалыптастыру, 1.3.16 Комиссия мүшелерінің қорытындылар хаттамасына қол қоюы және  1.3.17 Қорытындылар хаттамасын жариялау  тарауларында берілген.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сатып алуды қайта қарауға  жіберсе және хабарландыру мәртебесі     «Қорытындыларды қайта қарау» болса, Жүйе жаңа қалыптасқан қорытындылар хаттамасын алып тастауға мүмкіндік береді және конкурстық комиссия мүшелеріне  қайтадан дауыс беруге не  шартты белгілерді өзгертуге мүмкіндік береді. Өзгерістер туралы ақпаратсыз алдындағы қорытындылар хаттамасы «Жарамсыз» мәртебесімен бейнеленетін болады. Өзгерістер туралы ақпараты бар өзекті хаттаманың «Жарамды» мәртебесі болады.

Ескертпе: Жариялағанға дейін Жүйе қол қойылған қорытындылар хаттамасын алып тастауға мүмкіндік береді.

 

 

  • Нет меток