Дерево страниц
Перейти к концу метаданных
Переход к началу метаданных

Назар аударыңыз! 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап өтінімді қамтамасыз етуді екі жолмен енгізуге болады: 1) Электрондық банк кепілдігі 2) Электрондық әмияндағы ақшадан.

Назар аударыңыз! Электрондық банктік кепілдік ұсыну арқылы өтінімді қамтамасыз етуді енгізу сілтеме бойынша келтірілген

Өтінімді электрондық әмияндағы ақшадан қамтамасыз етуді енгізу

Электрондық әмияндағы ақшадан өтінімді қамтамасыз етуді енгізу үшін мемлекеттік сатып алу операторының банктік шотына тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың 1% немесе одан да көп ақша қаражатын қолма-қол ақшасыз төлеммен мемлекеттік сатып алу операторының төменде көрсетілген банктік шотына аудару қажет.

Өтінімдерді қамтамасыз етуді енгізу үшін мемлекеттік сатып алу операторының банктік деректемелері:

Бенефициардың атауы

«Электрондық қаржы орталығы» АҚ

Бенефициардың БСН

071140005693

ЖСК (IBAN)

KZ736010111000171681

Бенефициар банктің атауы

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

БСК 

HSBKKZKX

Кбе

16

ТТК

171 (Кепілдік жарнасы)

Төлемнің мән

Мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін өтінімді қамтамасыз етуді енгізу

Аударым негізі

Мемлекеттік сатып алу туралы заңға сәйкес

Назар аударыңыз! Өтінімді қамтамасыз етуді енгізу үшін ТТК 171 көрсету қажет. 

Ақша қаражатын аударғаннан кейін веб-порталдағы сіздің дербес шотыңызда үш жұмыс күні ішінде (банк аударымдарын жүргізу мерзімі) Сіз аударған ақша қаражат көрсетіледі. Дербес шоттағы қол жетімді соманы «Қатысушының бейіні –дербес шот» бөліміне өту арқылы қарауға болады.

Ашылған нысанда Жүйе дербес шот туралы ақпаратты көрсетеді:

Дербес шоттың нөмірі. Оператордың банктік шотына төлем жасалған кезде, төлем мәнінде дербес шоттың нөмірін көрсетуге болады

Сомасы

Дербес шоттағы жалпы сома, оның ішінде бұғатталған сома көрсетіледі

Бұғатталған сома

Өтінімді қамтамасыз ету бойынша бұғатталған сома, оның ішінде ақшаны қайтару өтініштері бойынша бұғатталған сома көрсетіледі

Қолжетімді сома

Қол жетімді сома көрсетіледі

Бұдан әрі, тиісті сатып алу үшін өтінімді құрып, құжаттаманы толтыру қадамында құжатты таңдау керек:

БҰС сатып алу тәсілі үшін құжат: Өтінімді қамтамасыз ету деп аталады.

Аукцион сатып алу тәсілі үшін: 6-қосымша (Өтінімді қамтамасыз ету).

Ашық конкурс, БАІЖК сатып алу тәсілі үшін: 8-қосымша (Өтінімді қамтамасыз ету)



Жүйе лоттардың тізімін көрсетеді. Лоты бар жолда «Қарау» батырмасын басу қажет.

Бұдан әрі, ашылмалы тізімнен қосылатын құжат түрін таңдау қажет:

Электрондық әмияндағы ақша не Электрондық банк кепілдігі.

«Электрондық әмияндағы ақша» өтінімді қамтамасыз ету түрін таңдаңыз.

Жүйе «Сақтау» батырмасын көрсетеді. «Электрондық әмияндағы ақша» өтінімді қамтамасыз етудің таңдалған түрін сақтау үшін «Сақтау» батырмасын басыңыз.

«Өтінімді алдын-ала қарау» қадамына өтіп, «Өтінімді ұсыну» батырмасын басқаннан кейін Жүйе Сіздің электрондық әмияныңыздағы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға бөлінген соманың 1% бұғаттайды.

Назар аударыңыз! Егер өтінімді қамтамасыз ету сомасы < 1 (бір) теңгеге болса, онда Жүйе өтінімді қамтамасыз ету сомасын 1 (бір) теңгеге дейін дөңгелектейді және 1 (бір) теңгені бұғаттайды. Уәкілетті органмен келісілген 1 (бір) теңге сомасын оқшаулау. Егер сома 

Назар аударыңыз! Егер сіздің жеке шотыңыздағы бұғаттау сәтінде сатып алуға қатысуға өтінім берілетін барлық лоттар бойынша 1% мөлшеріндегі соманы бұғаттау үшін жеткіліксіз болса, Жүйе қате туралы хабарламаны көрсетеді және өтінімді ұсынуға мүмкіндік бермейді. Өтінімді қамтамасыз етуді енгізу үшін қажетті соманы мемлекеттік сатып алу операторының банктік шотына алдын ала аударуды ұсынамыз.

Өтінімдер бөлінісінде өтінімді қамтамасыз ету бойынша бұғатталған сомаларды қарау үшін «Электрондық әмияндағы өтінімдерді қамтамасыз ету бойынша бұғатталған/бұғаттан шығарылған сомалар» гиперсілтемесі бойынша өту қажет. Ашылған нысанда өтінім ұсынылған сатып алулардың тізімі көрсетіледі. Өтінімде лоттар бөлінісінде бұғатталған соманы қарау үшін «Лоттар» бағанындағы «Қарау» батырмасын басу қажет.

Ашылған нысанда лоттар бөлісіндегі бұғатталған соманы қарауға болады.

Өтінімді қамтамасыз етуді бұғаттаудан шығару себептері

 Веб-портал автоматты түрде өтінімді қамтамасыз етуді бұғаттаудан шығарады және мына жағдайлардың бірі басталған кезде сіздің жеке шотыңыздағы қолжетімді соманы көрсетеді:

1) сатып алуға қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін сатып алуға қатысуға өзінің өтінімін кері қайтарып алған жағдайларда жүзеге асырады;

2) мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қою арқылы жүзеге асырылады:

- егер сатып алу барлық ұтылған қатысушылар мен екінші жеңімпазға өткізілген болса. Көрсетілген жағдай сатып алудың жеңімпазы болып айқындалған сатып алуға қатысушыға қолданылмайды;

- егер сатып алу өткізілмесе, онда сатып алудың барлық қатысушыларына;

3) Тапсырыс беруші жеңімпазбен шартты мынадай себептер бойынша бұзған а) заңды күшіне енген сот актісі бойынша не б) көрсетілетін қызметтер шартын оны одан әрі орындаудың орынсыздығына байланысты бұзу;

4) Тапсырыс беруші жеңімпазбен шарт жасасудың күші жойылған кезде мынадай себептер бойынша жүзеге асырылады:

- МС туралы заңның 6-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген шектеулерді бұзу;

- МС туралы заңның 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген шектеулерді бұзу;

- МС туралы заңның 6-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген шектеулерді бұзу;

- МС туралы заңның 6-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көзделген шектеулерді бұзу;

- МС туралы заңның 6-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында көзделген шектеулерді бұзу;

- МС туралы заңның 6-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көзделген шектеулерді бұзу;

- МС туралы заңның 6-бабы 1-тармағының 10) тармақшасында көзделген шектеулерді бұзу;

- МС туралы заңның 6-бабы 2-тармағында көзделген шектеулерді бұзу;

- МС туралы заңның 6-бабы 3-тармағында көзделген шектеулерді бұзу;

- МС туралы заңның 6-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген шектеулерді бұзу.

Төмендегі жағдайлар орын алған кезде:

1)  Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 26-бабына сәйкес әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қоюы және оның мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ сомасы енгізуі (болған кезде). Егер өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді тіркесе, онда Портал өтінімді қамтамасыз етуді автоматты түрде бұғаттаудан шығарады, бұл ретте тіркелген файлдар тексерілмейді. МС Заңына және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына, сондай - ақ Портал әкімшісімен-Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісілген талаптарға сәйкес іске асырылды.

2) егер жеңімпаз шартты қазынашылықта тіркегеннен кейін қазынашылықта тіркелген  шарттар үшін немесе шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ұсынғанға дейін қазынашылықта тіркелмеген  шарттар үшін 10 жұмыс күні ішінде шарттық міндеттемелерді орындаса, яғни тауарды жеткізсе / қызмет көрсетсе/жұмысты орындаса және Тапсырыс беруші шартты «Орындалды / ішінара орындалды (бұл статус шарт сомасының азаюымен орындалған кезде қойылады)» статусына ауыстырса, онда өтінімді қамтамасыз ету бұғатталады;

Жүйе Тапсырыс беруші үшін «Шартты қамтамасыз ету» қосымша парақшасындағы «Өтінімді қамтамасыз етуді бұғаттан шығару», сондай-ақ «Назар аударыңыз! Өтінімді қамтамасыз ету өнім беруші шартты орындауды қамтамасыз етуді Тапсырыс берушіге ғана бекіткеннен кейін бұғаттан шығару үшін қолжетімді» батырмасын көрсетеді. 

Өтінімді қамтамасыз етуді шегеру себептері

Сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету мынадай жағдайлардың бірі басталған кезде жеңімпазға қайтарылмайды:

1)  сатып алудың жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса, яғни әлеуетті өнім беруші Шарт жіберілген күннен кейінгі келесі күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде шартқа қол қоймады және ЖҚТ енгізілді; 

2) мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, сатып алудың жеңімпазы:

   2.1) орындамады немесе тиісті түрде орындамады (МС туралы 12-бабының 4-тармағы 3) тармақшасында көзделген шектеулерді бұзу, Өнім берушінің шартты орындаудан бас тарту, Жұмыстарды орындау мерзімін бірнеше рет бұзғаны үшін жұмыстар шартын бұзу бойынша);

   2.2) конкурстық құжаттамада белгіленген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды уақтылы орындамады (МС туралы 43-бабының 19-тармағы 4) тармақшасында көзделген шектеулерді бұзу).

Назар аударыңыз! Дербес шоттағы қолжетімді соманы қайтару үшін веб-порталға ақшалай қаражатты қайтаруға өтініш жіберу қажет. Өтініш беру тәртібі сілтеме бойынша келтірілген  

Назар аударыңыз! Өтінімді қамтамасыз ету бойынша бұғаттан шығарылған соманы басқа сатып алуға қатысу үшін өтінімді қамтамасыз ету ретінде пайдалануға болады.


  • Нет меток