Дерево страниц
Перейти к концу метаданных
Переход к началу метаданных

Вы просматриваете старую версию данной страницы. Смотрите текущую версию.

Сравнить с текущим просмотр истории страницы

« Предыдущий Версия 12 Текущий »


Тіркелмеген пайдаланушыларға ақшалай қаражатты қайтару

Ақша жөнелтушінің порталда тіркелмеуіне байланысты жеке шотқа есепке жатқызылмаған не есепке алынбаған Мемлекеттік сатып алу веб – порталын пайдалану (қол жеткізу) бойынша қызмет көрсеткені үшін қате деректемелерді көрсете отырып төленген ақша қаражатын қайтару үшін Порталда тіркелу қажет. Порталда тіркелу тәртібі сілтеме бойынша келтірілген. 

Одан әрі тіркеуден кейін «Қатысушы профилі» - «Дербес шотқа» өту қажет. 


Ашылған нысанда Жүйе Қызметтің дербес шоты туралы ақпаратты көрсетеді.

Назар аударыңыз! Егер дербес шот құрылмаған бола, Оператордың банктік шотына аударылған ақша қаражаты Сіздің дербес шотыңызға аударылуы үшін Сізге дербес шотты құру қажет. Дербес шотты құру үшін «Дербес шот» бөлімінде «Құру» батырмасын басыңыз. Әрі қарай, ақшаны қайтару үшін бөлімде көрсетілген әрекеттерді орындаңыз 

Порталда тіркелген пайдаланушылардың артық/қате есептелген ақша қаражатының немесе ақша қаражатының қалдығын қайтарады, оның ішінде жеке шоттан өтінімді қамтамасыз етеді

Назар аударыңыз! Дербес шоттан ақшалай қаражатты қайтаруға өтінішті «ЭҚО» АҚ үш күннен бес жұмыс күні ішінде қарайды. 

Артық/қате / есепке алынған ақша қаражатының қалдығын қайтару, оның ішінде өтінімді дербес шоттан қамтамасыз ету үшін «Қатысушының профилі» - «Дербес шотқа» өтуі қажет. 

Назар аударыңыз! Дербес шотта ақша болған жағдайда ғана Порталда ақшаны қайтару туралы өтінішті ұсыну. Егер дербес шотта ақша болмаса (яғни нөлдік баланс), онда ақша Сіздің дербес шотыңызға аударылмаған. Жағдайды анықтау үшін техникалық қолдау көрсетуге жүгіну қажет. 



«Ақшалай қаражатты қайтаруға өтініш» бөліміне өту. 

«Ақшаны қайтаруға өтініш жасау» батырмасын басу. 

Өтініште ақшаны қайтару үшін міндетті жолдарды толтырыңыз. 

Жиектің атауы

Міндетті

Ескертпе

Алушының банктік деректемелері

Иә

Өтініш берілетін жеткізушінің банктік шотын көрсету қажет

Қайтару сомасы

Иә

Төлемнің мән

Иә

Тізімнен таңдалады

Заңды мекенжайы

Иә

Телефон нөмірі

Иә

Қайтару туралы сұрақтар туындаған жағдайда хабарласуға болатын  байланыс телефоны

Құжат

Жоқ

Қажет болған жағдайда төлем туралы растайтын құжат қоса тіркеледі

Жеке тұлғалар үшін жеке куәліктің көшірмесін бекіту міндетті

Өтінішті бекітушіні таңдау

Иә

«Басшы» рөліне ие қызметкерлердің Т.А.Ә. көрсетіледі

   Деректерді сақтау үшін «Сақтау» батырмасын басыңыз. 

Жүйе өтінішті «Шимай қағаз» статусында сақтайды. 

Өтінішті жіберу үшін өтінішке қол қою қажет. Өтінішке қол қою үшін «Өтінішке қол қою» батырмасын басыңыз. 

Өтінішке сәтті қол қойылғаннан кейін Жүйе өтініштің статусын «Шимай қағаз»  статусынан «Қарауда» статусына өзгертеді және қайтару сомасын бұғаттайды.  Өтініш «Электрондық қаржы орталығы» АҚ қаралады. 

Егер өтініш дұрыс толтырылса (банк деректемелері дұрыс көрсетілген), онда өтініш қабылданады. Өтінішті қабылдағаннан кейін Жүйе өтініштің статусын «Расталды» деп өзгертеді.

Егер өтініш дұрыс толтырылмаған жағдайда (мысалы, банктік шот болмаса), онда Сізге бас тарту себебін көрсете отырып, қайтарудан бас тартылады, Жүйе шегерілген соманы бұғаттаудан шығарады және өтініштің статусын «Бас тартылды» статусына өзгертеді. Бұдан әрі, Сіз дұрыс банктік деректемелерді көрсете отырып, өтінішті қайта жіберу қажет болады. 

Егер өтінішті «ЭҚО» АҚ қабылдаған жағдайда, өтініш банкке жіберілетін болады. Өтінішті Банкке жібергеннен кейін Портал өтініштің статусын «Банк жіберді» статусына өзгертеді. 

Банк өтінішті алғаннан кейін Банк банктік шоттың ақша алушыға тиесілігін тексереді. Егер тексеру сәтті болса, онда Банк Сіздің шотыңызға ақша қаражатын аударады. Егер Сіз өзіңізге тиесті емес шотты көрсетсеңіз, онда Банк ақшаны кері қайтарады. Өтінішті жібермес бұрын, банктік деректемелердің дұрыс көрсетілгенін тексеріңіз. Егер банк ақша қаражатын қайтарудан бас тартса, Жүйе «Қайтару банкпен жүргізілген жоқ» өтінішінің статусын өзгертеді және Банктің ақша қаражатын қайтару себебін көрсетеді. 


  • Нет меток