Дерево страниц
Перейти к концу метаданных
Переход к началу метаданных

Вы просматриваете старую версию данной страницы. Смотрите текущую версию.

Сравнить с текущим просмотр истории страницы

« Предыдущий Версия 22 Текущий »

Жасаудың типтік немесе типтік емес нысанын таңдаумен шарт жобасын құру


Типтік, типтік емес (файлды тіркеу жолымен) немесе қағаз жүзіндегі шартты қалыптастыру жағдайлары тармағына сәйкес анықталған жағдайларға Шартты жасаудың типтік немесе типтік емес нысанын таңдау мүмкіндігімен шартты құру қарастырылған:

  • тікелей шарт жасау әдісімен бір көзден тәсілімен жоспар тармағынан;
  • ЭЦҚ бар ҚР салық төлеушілері ретінде тіркелген, ҚР резиденті болып табылмайтындармен сатып алуға қатысқанда;
  • арнайы әлеуметтік тапсырыс бойынша конкурс тәсілімен сатып алуда.

Шартты тікелей жасау әдісімен бір көзден алу шарттың жобасын құру

 

Жоспардың тармағынан шартты тікелей жасау әдісімен бір көзден алу шартты құру үшін Тапсырыс беруші рөлді пайдаланушыға «Жұмыс кабинеті» мәзіріндегі Менің шарттарым бөлігіне кіріп, «Шартты тікелей жасау әдісімен бір көзден» тәсілін, жоспар тармағының типін және сатып алудың  нысан түрін таңдай отырып,  2.3.1 Типтік электрондық нысанды шарт жобасын құру тармағындағыдай іс-әрекеттерді орындау қажет.

Назар аударыңыз! «Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу» сатып алу тәсілі бойынша сатып алуды қолданудың әр түрлі негіздемелері бар жоспар тармақтары бойынша шарт жасауға тыйым салынады.  Шартты жасаған кезде жүйе жоспар тармақтарында көрсетілген тәсілді қолдану негіздемесін салыстырады және жоспар тармақтарындағы негіздемелер  сәйкес келмеген жағдайда, таңдалған жоспар тармақтары бойынша бір шарт жасау мүмкін еместігі туралы қатені көрсетеді. 

Назар аударыңыз: Тауар мәнінің түрі бойынша ЖТЖЖ БКА тәсілімен шартты құру кезінде Жүйе ұлттық режимнен алынған тауарлар тізбесінде (тізбемен сілтемесі бойынша танысуға болады) таңдалған ТЖҚЖ-ның болуын тексеруді жүзеге асырады. Тізбеден таңдалған қандай да болмасын ТЖҚЖ болған жағдайда және таңдалған ТЖҚЖ тізбеде қалған кезде, Жүйе шартты құруға тиым салады және «Жоспардың таңдалған тармақтары {ЖТ нөмірлері} оларға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ұлттық режимнен алу белгіленген тауарлар жатады. Осындай тауарларға жеке шарт құру қажет» мәтіні бар қатені көрсетеді. Осылайша, Жүйе бір шартта ұлттық режимнен алынған және оған жатпайтын басқаларды бір шартқа жинақтауға тиым салады.

Назар аударыңыз! Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілін қолдану негіздемесін қарау үшін «Шарттың мәні» қосымша бетіне өту қажет. Белгіні шерту. 

Ашылған нысанда Жүйе шарттың мәні туралы мәліметті, оның ішінде сатып алу тәсілін қолдану негіздемесін көрсетеді. 

Шарт жобасын құрғанынан кейін «Тапсырыс беруші және өнім жеткізуші» қойындысында Өнім жеткізушіні таңдау қажет: «Өнім жеткізушіні таңдау, БСН, ЖСН, ИНН, ТЕН (төлеушінің есептік нөімір) бойынша іздеу» жолында мәнді енгізіп, «Іздеу» басу.

Нәтижелері бейнеленгеннен кейін шартқа Өнім жеткізушінің дерекетерін қосу мақсатында «Таңдау» батырмасын басу қажет, одан кейін «Сақтау» батырмасы басылады. Өнім жеткізушіні өзгерту қажет болған жағдайда «Өнім жеткізушіні жою» батырмасын басу қажет.

Назар аударыңыз: өнім берушіні шарҚОа қосқан кезде жүйе әлеуетті өнім берушінің қаржылық орнықтылығына тексеруді жүзеге асырады. «Тікелей қорытынды жолымен бір көзден алу» тәсілі бойынша қаржылық орнықтылығына тексеру жоспардың әрбір тармағы бойынша және мынадай шарттар орындалған кезде табысқа сәйкестігіне ғана (қалған көрсеткіштер тексерілмейді) жүзеге асырылады:

1) Егер заттың түрі «Тауар» болса, онда ҚО тексеру жоспар тармағының бөлінген (жоспарлы) сомасынан (ҚҚС-пен) 4 000 АЕК-тен асқан жағдайда жүзеге асырылады;

2) Егер заттың түрі «Жұмыс» болса, онда ҚО-ны тексеру жоспар тармағының бөлінген (жоспарлы) сомасы (ҚҚС-пен) 20 000 АЕК-тен асқан жағдайда жүзеге асырылады;

3) Егер заттың түрі «Қызмет көрсету» болса, онда ҚО-ны тексеру жоспар тармағының бөлінген (жоспарлы) сомасы (ҚҚС-пен) 8 000 АЕК-тен асқан жағдайда жүзеге асырылады.

Ескертпе: Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы үш жыл ішінде әлеуетті өнім берушінің кірістері Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде екінші бөлігінің бірін құрауға тиіс.


Жүйе ұлттық режимнен алынған (тізбемен сілтемесі бойынша танысуға болады) тауарлар бойынша құрылған шартқа өнім берушіні қосу кезінде шарттық барлық мәндері бойынша сертификаттардың (индустриалды немесе СТ-KZ сертификаты) Өнім берушіде болуын тексеруді жүзеге асырады. Жүйе Өнім берушіде шарттың не СТ-KZ сертификатың не индустриалды сертификаттың әрбір мәні бойынша Өнім берушіде ұлттық режимнен алынған тауарлар бойынша құрылған шартты қосуға рұқсат береді. Шарттың қандай да бір мәні бойынша сертификат болмаған жағдайда Жүйе Өнім берушіні шартқа қосуға мүмкіндік бермейді.

Жүйе Өнім берушінің БСН бойынша отандық тауарларды, жұмыстарды жән қызметтерді өндірушілердің тізілімінде индустриалды сертификаттың болуын және индустриалды сертификаттың ЭҚТӨЖ-інің шарттар мәніндегі ТЖҚ БНА-ның алғашқы 6 таңбасына сәйкестігін тексереді.

Индустриалды сертификат болған жағдайда Жүйе мәні бойынша егжей-тегжейлі ақпараттың «Шарттың мәндері» қосымша парақшасында келесі деректерді көрсетеді.

СТ-KZ сертификатының болуы «Қазақстандық қамтылым» интернет-порталымен интеграция арқылы анықталады.

СТ-KZ сертификаты болған жағдайда Жүйе мәні бойынша егжей-тегжейлі ақпараттың «Шарттың мәндері» қосымша парақшасында келесі деректерді көрсетеді.

Өнім берушіде ТЖҚЖ мен индустриалды сертификат пен СТ-KZ сертификат болған кезде Жүйе мәні бойынша екі сертификатты да көрсетуі тиіс.

Өнім жеткізушіні таңдаудан кейін «Жалпы» қойындысына өтіп, түсірмелі тізімнен шарт жасау нысанын таңдап:

 Типтік электронды

 Типтік емес электронды,

«Сақтау» басу

 


МАҢЫЗДЫ!

43 бап 1 тармаққа сәйкес шарттың типтік нысаны Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкес құрылатын, жария шарттарға жатқызылатын, мемлекеттік сатып алулар туралы шарттарға таралмайды. Шарттың жариялылығы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 387 бабымен реттеледі. Осыған байланысты, Тапсырыс беруші шарттың жариялылығын анықтап, шартты жасау барысында типтік немесе типтік емес жасау нысанын таңдайды.

Бұдан әрі «Шарт және келісу» қойындысына ауысу қажет.

Шарттың типтік нысанын таңдаған кезде толтырылуға міндетті жолдарды толтыру қажет.

Сатып алу нысанының түріне сәйкес шарттың үлгі нысаны Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидатына сәйкес бейнеленеді.

«Басшы» жолында шартқа қол қоятын қызметкерді таңдау қажет.

Ескерту: «Басшы (қол қою құқығы)» өкілеттігін қоюы ұйымның әкімшісімен «Қатысушының-Қызметкердің бейіні» бөлігінде жүзеге асырылады. Қол қою құқығы бар осы қызметкерлер қол қою үшін үлгі шарттың мәтінінде басшылар тізімінде бейнеленеді.

«Мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы шешім» жиегінде (Шарт жасасу негізі)  редакциялау мүмкіндігінсіз «Сатып алу тәсілін қолдану негіздемесі» жиегінде жоспар тармағында көрсетілген мән автоматты түрде көрсетіледі. 

Шарттың үлгілік емес нысанын таңдаған кезде Портал «Шарт және келісу» қосымша бетінде шарттың үлгілік нысанына ұқсас шарт үлгісін көрсетеді. Шарттың бұл үлгісін Портал редакциялауға немесе шарттың бүкіл мәтінін алып тастауға және өз мәтінін толтыруға (яғни Сізге керек шарт мәтінін толтыру) мүмкіндік береді. Шартты редакциялау үшін «Редакциялау» батырмасын басу қажет.  

 

Жүйе шарттың мәтінін ішінара немесе толықтай редакциялауға мүмкіндік беретін редакциялау режимінде шартты көрсетеді. Шартты редакциялағаннан кейін өзгерістерді сақтау үшін «Сақтау» батырмасын басу қажет. 

Шартты сақтағаннан кейін «Бекіту» батырмасын басу қажет. 

Назар аударыңыз! Шартты бекітер алдында техникалық ерекшелікті қоса тіркеу және қолтаңба қою қажет. 

Батырманы басқаннан кейін, Портал үлгілік емес шарт нысанының мәртебесін «Жоба» мәртебесінен «Тапсырыс берушіде қолтаңба қоюда» мәртебесіне өзгертеді және «Шартты қалыптастыру» батырмасын көрсетеді. Шартты қалыптастыру үшін «Шартты қалыптастыру» батырмасын басу қажет. 

Шартқа қолтаңба қойғаннан кейін, Портал шарттың «Тапсырыс берушіде қолтаңба қоюда» мәртебесін «Өнім берушіде қолтаңба қоюда» мәртебесіне өзгертеді. Өнім беруші шартқа және техникалық ерекшелікке қолтаңба қойғаннан кейін, Портал шарттың «Өнім берушіде қолтаңба қоюда» мәртебесін «Басуға арналған нұсқасын қалыптастыру» мәртебесіне өзгертеді.   

«Шартты қалыптастыру» батырмасын басқаннан кейін, Жүйе шартты қалыптастырады және «Қолтаңба қою» батырмасын көрсетеді. «Қолтаңба қою» батырмасын басу қажет.  Шартқа «Басшы (қолтаңба қою құқығы)» өкілеттігі бар қызметкерлер тізбесі ғана қолтаңба қоюға құқылы. 

Бұдан әрі басуға арналған нұсқаны қалыптастыру қажет. «Басуға арналған нұсқаны қалыптастыру» батырмасын басу.  

Басуға арналған  нұсқаны  қалыптастырғаннан кейін, Портал егер қазынашылықта тіркеумен болса, шарт  шарттың мәртебесін «Тіркеуге жіберуге дайын» мәртебесіне, егер қазынашылықта тіркеусіз болса, шарттың мәртебесін «Қолданыста» мәртебесіне өзгертеді.  


 Көпжақты шартты жасу

 

Көпжақты шартты жасау үшін «Жалпы» қойындысындағы «Шартты жасау нысаны» жолында «Электрондық, типтік емес» мәнін таңдап, одан кейін «Тапсырыс беруші және өнім жеткізуші» қойындысында үшінші қол қоюшы тараптың ЖСН/БСН қосу қол жетімді болады. Қол қоюшы бірнеше ұйымды қосу мүмкіндігі бар. Бұл тараптар шартқа міндетті түрде қол қою қажет, алайда шартты келісу іс-әрекеттеріне олар қатыспайды.

 

 


Ескертпе: үшінші тарап шартты жүктеуге дейін көрсетіледі.

Үшінші қол қоюшы тараптың ЖСН/БСН көрсетуден кейін «Іздеу» батырмасын басу қажет. Іздеу нәтижесі бейнеленгеннен кейін «Таңдау» батырмасын басқанда, жүйе ұйым туралы ақпаратты бейнелейді.

Көпжақты шартқа қол қоюшы үшінші тарап шартты Тапсырыс беруші немесе Ұйымдастырушы рөлдегі (Менің шарттарым (тапсырыс беруші ретінде), Менің шарттарым (өнім жеткізуші ретінде))  пайдаланушы ретінде қарап шығуға мүмкіндігі бар.

Үшінші тараптан қол қою  құқығына ие қызметкер (басшы) шартқа қол қою қажеттілігі утралы хабарлама алады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Шартқа қол қоюға қол қою құқығына ие (басшы рөлі) қызметкерлер ғана құқылы.

Шартты келісу нысанында қол қойылғанынан кейін шартқа қол қойған қосымша тарап туралы ақпарат бейнеленеді.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Көпжақты шартқа қосымша келісімді құру кезде үшінші тарап автоматты түрде оған тіркеледі, бұл кезде үшінші тарапты өзгерту мүмкіндігі болмайды.

 Қаржылық қызметтер көрсетуге шартты жасау

 

Жүйе рейтинг агенттіктердің қызметтері үшін шарт шаблонын, «39 бап 3 тармақ 11 тармақша рейтинг агенттіктердің қызметтер, қаржылық қызметтерді сатып алу» негіздемесі ретінде таңдалып, «Шартты тікелей жасау әдісімен бір көзден алу» тәсілімен жоспардың тармағы құрылғанда қолданады. Бұл кезде шартты жасау үшін «Бекітілді» мәртебелердегі жоспар тармақтары қол жетімді, олардың қосымша келісімді құру негіздемесімен немесе «Шарт жасалмады», «Шарт жасалмады. Төлемдер жоқ» мәртебелерімен байланысты жоспар тармақтары болмайды.

Шартта осындай негіздеу үшін шартты жасаудың типтік емес нысанын (файлды тіркеу) таңдауға мүмкіндік болады.

Сақтандыру қызметтері  мен мерзімдік басылымдар қызметтерін  көрсетуге шарт жасасу 

Жүйе шарт «Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу» тәсілі бойынша құрылған және шарт бойынша барлық ТЖҚК  мерзімдік басылымдар қызметтері мен сақтандыру қызметтері тізбесінде (тізбе Порталдың сыртқы бетіне орналасқан) болған жағдайда,   шарттың әрекет ету мерзімін, сондай-ақ  шартты/мәнін орындаудың жоспарланған күнін ағымдағы жылдан артық, бірақ келесі жылдың 31 желтоқсанынан артық емес, белгілеуге мүмкіндік береді.  

Назар аударыңыз! Егер   шарттағы ТЖҚК-ның тым болмағанда біреуі тізбеде болмаған жағдайда, Жүйе ағымдағы жылдан көп күнді белгілеуге мүмкіндік бермейді.  

МС туралы Заңның 39-бабы 3-т., 42-тш. бойынша «Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу»  тәсілімен  біртекті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға шарт жасасу 

«Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу»  тәсілі бойынша шарт жасаған кезде, жоспар тармағында   «39-бап 3-т., 42 тш. егер біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетiн қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен, ал аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары үшін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің  үш мың еселенген мөлшерінен аспаса, осындай біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу»   сатып алу тәсілін қолдану негізі көрсетілген жағдайда

Жүйе сатып алу мәнінің түріне байланысты қаржы жылына  арналған жалпы сома бойынша әрбір ТЖҚК бойынша тексеруді жүзеге асырады:  

- «Тауар» мәнінің түрі үшін таңдалған ТЖҚК бойынша қаржы жылына арналған жалпы сома 100 АЕК-тен аспауы тиіс;

- «Жұмыс/Көрсетілетін қызмет» мәнінің түрі үшін таңдалған ТЖҚК бойынша қаржы жылына арналған жалпы сома 500 АЕК-тен аспауы тиіс;

- аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары үшін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің  үш мың еселенген мөлшерінен аспайды,  таңдалған ТЖҚК бойынша қаржы жылына арналған жалпы сома сатып алу мәнінің түріне байланыссыз 300 АЕК-тен аспауы тиіс (бұл шектеу 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін әрекет етеді).   

Олай болмаған жағдайда, Жүйе қатені көрсетеді.


МС туралы Заңның 39-бабы 3-т., 54 тш. сәйкес Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерімен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған  ұйымдармен «Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу» тәсілімен шарт жасасу  

Жоспар тармағында «39-бап 3-т., 54 тш. техникалық көмекші (орын толтырушы) құралдар (протездік-ортопедиялық құралдардан басқа) мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын, мүгедектерге берілетін жеке көмекші мен ымдау тілі маманы көрсететін әлеуметтік қызметтерді, мүгедектерге арналған такси көрсететін қызметтерді, мүгедектерге берілетін санаторий-курорттық жолдамаларды сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерімен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған  ұйымдардан тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу» сатып алу тәсілін қолдану негіздемесі көрсетілген жағдайда, Жүйе «Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу» тәсілі бойынша шартта «Тапсырыс беруші және Өнім беруші» қосымша бетінде өнім берушіні таңдаған кезде қатысушының атрибуттарында  Өнім берушіде «Мүгедектер бірлестігі» белгісі болуын тексеруді жүзеге асырады (Қатысушының бейіні – Қатысушының атрибуттары дегенді қараңыз).  

Өнім берушіде «Мүгедектер бірлестігі» белгісі болған жағдайда, Жүйе өнім берушінің деректерін сақтайды, олай болмаған жағдайда, Жүйе қатені көрсетеді.  

Веб-порталды қолданбай шартты жасау

 

Заңнын 39 бабының 3 тармағының 4), 9), 17), 18), 20), 21), 23), 26), 31), 32), 35), 40) және 41) тармақшаларындағы негіздеудің біреуі жоспарда көрсетілген жағдайда.

«Жалпы» қойындысындағы шарт карточкасының «Шартты жасау нысаны» жолында «Портал көмегінсіз» деп көрсетіледі.

Шарт тек Тапсырыс берушімен тіркеледі және қолымен расталады (шарттың қағаз жүзіндегі нысаны). Шартты тіркеу үшін «Шарт және келісу» қойындысында «Файлды таңдаңыз» батырмасын, содан кейін міндетті жолдарды қосымша толтырып, «Шартты жүктеу» батырмасын басу қажет.

Сәтті жүктелген және қол қойылған  жағдайда келесідей хабарлама бейнеленеді.

Шартқа «Қол қойылды» мәртебесі меншіктелетін болады. Бұл ретте шарттың қате қоса жалғанған файлын жоюға болады.  «Қол қойылды» мәртебесінде «Шарт және келісу» - «Шарт» қойындысында «Шарт қолданыста» әрекетін таңдау қажет.

Шартқа «Қолданыста» мәртебесі тағайындалады.

 ҚР тіркелген резидент болып табылмайтындар  үшін және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша конкурс тәсілімен шарт жобасын құру

ЭЦҚ-мен ҚР салық төлеушілері ретінде тіркелген, ҚР резиденттері болып табылмайтындардың қатысуымен (осы өнім жеткізушілер үшін «Қатысушының бейіні» - «Қатысушының атрибуттары» бөлігінде «Резидент» белгісі көрсетілмеген) сатып алу бойынша, сондай-ақ «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша конкурс» сатып алу тәсілі бойынша шартты құрған кезде, «Жалпы» қойындысында 2.4.1 Шартты тікелей жасау әдісімен бір көзден алу шарттың жобасын құру шартына ұқсас шартты жасау нысанын таңдау үшін түсірмелі тізім бейнеленеді.

Тікелей жасау жолымен бір көзден алу шартқа техникалық ерекшелік

Тікелей шарт жасау әдісімен бір көзден типтік нысанын таңдау кезде Тапсырыс беруші рөлді пайдаланушыға шартқа техникалық ерекшелікті тіркеу қажет, ол үшін «Шарт нысандары» қойындысына өтіп, шарт нысанын (лотты) таңдау қажет.

Шарт нысаны бойынша ашылған деректерде шарттың осы нысаны бойынша техникалық ерекшелігі бар файлды тіркеу үшін нысан бейнеленеді.

 

Файлды тіркеуден және қол қойғаннан кейін «Техникалық ерекшелікті жүктеу» басу қажет.

Ескертпе: Тікелей шарт жасау әдісімен бір көзден шартқа қосымша келісімде техникалық ерекшелігі бар файлдарды қосымша тіркеуге мүмкіндік бар.

  • Нет меток