Дерево страниц
Перейти к концу метаданных
Переход к началу метаданных


Хабарландыруды іздеу

 

Өтінімді беру үшін қажетті сатып алуды іздеу қажет. Ол үшін Өнім беруші жеке кабинеттің бас бетінде «Жұмыс кабинеті» - «Хабарландыруларды іздеу» бөлімінде фильтрмен пайдалану талап етіледі.

 


Іздеу салынған хабарландыру табылғаннан кейін ол жөнінде ақпаратты қарап шығу мүмкіндігі болады, ол үшін «Хабарландырудың атауы» жолындағы сілтемеге басу қажет.

Экранда хабарландыруды қарап шығу нысаны көрсетіледі, мұнда өтінімдерді қабылдауды бастау және аяқтау күні мен уақыты туралы ақпарат көрсетіледі.


 

«Жалпы мәліметтер» қосымша бетінде сатып алудың ұйымдастырушысы туралы жалпы ақпарат көрсетіледі.

«Лоттар» қосымша бетінде сатып алудағы лоттың (тардың) тапсырыс берушісі туралы ақпаратты қарап шығуға болады.


Лот бойынша толық ақпаратты және тапсырыс беруші туралы мәліметтерді қарап шығу үшін лоттың нөмірімен белсенді сілтемеге басу қажет.


 

Құжаттама қосымша бетінде сатып алуға қатысу үшін қажетті құжаттардың тізімі көрсетіледі. Міндет бағанында құжат беру міндеті көрсетіледі.

Техникалық ерекшелікпен танысу үшін «Көшу» батырамасына басу қажет.


«Көшу» батырмасына басқанда ұйымдастырушы жасаған техникалық ерекшелікті жүктеуге рұқсат етіледі.



Өтінімді құру және беру


Өнім берушінің жеке кабинетіне веб-портал көмегімен бір көзден тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыруы бар хабарлама келген кезде, Өнім берушіде сатып алуға қатысуға мүмкіндік туындайды.


Қатысуға өтінімді беру үшін хабарландыруды қарау нысанында «Қол жетімді әрекеттер» батырманы басып, «Өтінімді құру» әрекетін таңдау қажет.


Бұдан әрі экранда өтінімді құру нысаны бейнеленеді. Өнім берушінің реквизиттерін көрсетіп, «Әрі қарай» батырманы басу қажет.


 

«Әрі қарай» батырмасына басқан кезде жүйе міндетті жолдардың толтырылуына тексеруді жүзеге асырады және сатып алуға қатысуға лоттарды қосу нысанын бейнелейді.

Қатысуға лотты қанатбелгісімен белгілеп, «Таңдалғандарды қосу» батырманы басу қажет. Лоттарды қайталап таңдау үшін «Таңдалғандарды алып тастау» батырманы қолдану қажет.  


Бұдан кейін «Әрі  қарай» батырманы басыңыз.


Техникалық ерекшелікті қалыптастыру үшін «Техникалық ерекшелік» сілтемені басу қажет.


Жаңа терезеде пайдаланушыға қазақ және орыс тілдерінде сатып алынатын лот туралы сипаттамасы тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) және талап етілетін қызметтік, техникалық, сапалық және пайдаланушылық сипаттарын міндетті толтыруымен, ақпарат бейнеленетін, техникалық ерекшеліктің шаблоны көрсетіледі:


Бұдан әрі «Сақтау» батырмасына басу қажет. Деректерді сақтағаннан соң «Техникалық ерекшелікті бекіту» батырмасына басқан кезде жүйе .pdf. форматындағы құжатты жасайды.

 


Бұдан әрі техникалық ерекшелікке электрондық-цифрлік қолтаңбамен қол қою қажет.


Назар аударыңыз! Жасалған және қол қойылған техникалық ерекшелікті редакциялауға тыйым салынады. Қалыптасқан техникалық ерекшелікке өзгерістер енгізу қажеттілігі болған жағдайда «Техникалық ерекшелікті жою» батырмасын пайдаланыңыз.

Назар аударыңыздар! Баға ұсыныстарын беру тәсілімен жүргізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден тәсілмен сатып алуға өтінімді беру кезде, Жүйе Ұйымдастырушының техникалық ерекшелігін автоматты түрде бейнелейді. Өнім берушімен өзінің техникалық ерекшелігін тіркеуі немесе Ұйымдастырушының техникалық ерекшелігін жою қол жетімсіз болады.

Техникалық ерекшелікке қол қойылғаннан кейін «Өтінімге қайта оралу» батырмасына басу қажет.

Егер құжаттың бөліміне файл тіркелген жағдайда, жүйе құжаттың қосылғанын білдіретін құжаттың мәртебесін  дегенге автоматты түрде өзгертеді, бұл құжаттың қосылғанын білдіреді.

Бұдан әрі «Бағаны негіздеу» тармағында құжатты тіркеу және ЭЦҚ қол қою қажет.


Одан кейін мемлекеттік сатып алуда қатысуға келісімді ЭЦҚ қол қою қажет.


«Әрі қарай» батырмасына басар алдында барлық міндетті құжаттардың  мәртебесі болғанына көз жеткізу қажет:


Жүйе «Баға ұсыныстарын толтыру» терезесін бейнелейді. Тауардың бірлігіне бағасын көрсетіп, баға ұсынысына қол қою қажет.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жүйе келесі жағдайларда демпингке тексеруді жүзеге асырады:

Егер сатып алу мәнінің түрі «Жұмыс», және хабарландыруда «ТЭН-мен және ЖСҚ-мен жұмыс» жолы толтырылса, онда жүйе мынаны салыстырады: лот бойынша (өнім беруші ұсынған) баға ұсынысының сомасы «Демпингті есептеуге арналған сома» жолында көрсетілген бағаның 5 %-на қарағанда, төмен. Егер төмен болса, онда ақпараттық хабарламаны көрсетеді: Сіз көрсеткен баға ұсынысы демпингті есептеу үшін бөлінген соманың 5%-на қарағанда, төмен. Осыған орай, келісім жасау кезінде келісімнің орындалуын қамтамасыз етуге қосымша ретінде {келісімді қамтамасыз ету сомасы есептеледі} теңге көлеміндегі соманы енгізу қажет.

  • Егер сатып алу мәнінің түрі «Жұмыс», және хабарландыруда «ТЭН/ЖСҚ әзірлеуге арналған жұмыс» жолы толтырылса, онда жүйе мынаны салыстырады: лот бойынша (өнім беруші ұсынған) баға ұсынысының сомасы «Демпингті есептеуге арналған сома» жолында көрсетілген бағаның 10 %-на қарағанда, төмен. Егер төмен болса, онда ақпараттық хабарламаны көрсетеді: Сіз көрсеткен баға ұсынысы демпингті есептеу үшін бөлінген сомадан 10%-ға қарағанда, төмен. Осыған орай, келісім жасау кезінде келісімнің орындалуын қамтамасыз етуге қосымша ретінде {келісімді қамтамасыз ету сомасы есептеледі} теңге көлеміндегі соманы енгізу қажет.
  • Егер «Жұмыс» сатып алу нысанасының түрі және хабарландыруда «Ағымдағы жөндеу бойынша жұмыс және құрылыспен байланысты емес жұмыс» / «Қолданыстағы көпшілік пайдаланатын автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмысы (ЖСҚ-сыз жұмыс)» алабы толтырылған болса, онда жүйе мыналарды салыстырады: лот бойынша баға ұсынысының (өнім беруші ұсынған) сомасы конкурсқа бөлінген соманың 40% - ынан төмен. Егер төменде болса, онда ақпараттық хабарламаны көрсетеді: Сіз көрсеткен баға ұсынысы демпингті есептеу үшін бөлінген сомадан 40% - дан төмен. Осыған байланысты шарт жасасу кезінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуге қосымша {шартты қамтамасыз ету сомасы} теңге мөлшерінде соманы енгізу қажет болады.
  • Егер «Жұмыс» сатып алу нысанасының түрі және хабарландыруда «Объектілер салу  жобаларының кешенді ведомстволық емес/қала құрылысы сараптамасы бойынша» алабы толтырылған болса, онда жүйе: лот бойынша баға ұсынысының (өнім беруші ұсынған) сомасы «Демпингті есептеуге арналған сома» алабында көрсетілген бағадан төмен. Егер төменде болса, онда ақпараттық хабарламаны көрсетеді: Сіз көрсеткен баға ұсынысы демпингті есептеу үшін бөлінген сомадан төмен. Осыған байланысты өтінім беру мүмкін емес.
  • Егер сатып алу мәнінің түрі «Қызмет», және хабарландыруда «Инжинирингілік қызмет», «Демпингті есебімен қызмет» жолақтары ғана толтырылса, онда жүйе мынаны салыстырады: лот бойынша (өнім беруші ұсынған) баға ұсынысының сомасы демпингті есептеуге арналған соманың 10 %-на қарағанда, төмен. Егер төмен болса, онда ақпараттық хабарламаны көрсетеді: Сіз көрсеткен баға ұсынысы демпингті есептеу үшін бөлінген сомадан 10%-ға қарағанда, төмен. Осыған орай, келісім жасау кезінде келісімнің орындалуын қамтамасыз етуге қосымша ретінде {келісімді қамтамасыз ету сомасы есептеледі} теңге көлеміндегі соманы енгізу қажет.
  • Егер сатып алу мәнінің түрі «Қызмет», және хабарландыруда «Демпинг есебімен қызмет» жолағы ғана толтырылса, онда жүйе мынаны салыстырады: лот бойынша (өнім беруші ұсынған) баға ұсынысының сомасы конкурсқа бөлінген соманың 50 % қарағанда төмен. Егер төмен болса, онда ақпараттық хабарламаны көрсетеді: Сіз көрсеткен баға ұсынысы конкурсқа бөлінгенсоманың 50 %-ға қарағанда, төмен. Осыған орай, келісім жасау кезінде келісімнің орындалуын қамтамасыз етуге қосымша ретінде {келісімді қамтамасыз ету сомасы есептеледі} теңге көлеміндегі соманы енгізу қажет.


Жүйе егер өнім беруші демпингті бағаны көрсеткен жағдайда ақпараттық хабарламаны көрсетеді:

Баға ұсынысына сәтті қол қоюдан және «Әрі қарай» батырманы басқанынан кейін өнім берушіге лоттар бойынша ақпараты бар өтінімдер және қоса тіркелген құжаттарды алдын ала қарау терезесі ашылады.


Алдын ала құрылған өтінім жобасын тексеріп,  «Өтінімді беру» батырманы басу қажет. Жүйе баға ұсынысының сомасын растаумен хабарламаны бейнелейді. 


Баға ұсынысының сомасын оң растауынан кейін, Сіздің өтініміңіз «Берілді» мәртебемен «Жұмыс кабинет» бөлімінің «Менің өтінімдерім» кіші бөлімінде бейнеленеді.


Өтінім жобасын жою және редакциялау


Өтінімдерді қарап шығу үшін «Жұмыс кабинеті» - «Менің өтінімдерім» бөліміне өтуіңіз қажет.


Өтінімдерді іздеуді фильтрлер жиынтығы көмегімен жүзеге асыруға болады, ол үшін «Фильтрді көрсету» батырмасына басу қажет.

Өтінімді жою  пиктограмманың көмегімен, редакциялау  пиктограмманың көмегімен орындалады.


Өтінімді кері қайтару


Егер берілген өтінімді кері қайтару қажет болған жағдайда, өтінімдерді қабылдауды аяқтау күні басталғанға дейін «Өтінімді кері қайтару» функционалы қолжетімді болады.

Ол үшін «Жұмыс кабинеті» - Менің өтінімдерім» бөліміндегі өтінімдерді қарау нысанында талап етілетін өтінімді табу және  кері қайтару пиктограммасына басу керек.

Пиктограммаға басқан кезде жүйе іс-әрекетті растау қажеттілігімен қалқыма терезені шығарады.


 «Иә» батырмасына басқан кезде жүйе өтінімді кері қайтарады және өтінімге «Кері қайтарылды» мәртебесі беріледі.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! Егер «Аяқталды» мәртебелі хабарландыруда барлық лоттар бойынша толықтай немесе жартылай сатып алудан бас тартылған жағдайда, жүйе сатып алуды ескере отырып, қорытындылар хаттамасының барлық нұсқаларын бейнелейді. Бұл кезде жүйе бас тартуынсыз ақпаратпен, хаттаманың бірінші нұсқасын, сонымен қатар бас тарту ақпаратымен екінші хаттаманы бейнелейді. Хаттаманың барлық нұсқаларын бейнелеу барлық сатып алу тәсілдеріне қатысты.

Бас тарту туралы ақпаратынсыз алдыңғы қорытындылар хаттамасы «Заңды күші жоқ» мәртебемен бейнеленеді. Бас тарту ақпараты бар Қорытындылар соңғы хаттамасы «Заңды күшке ие» мәртебесіне ие болады.


  • Нет меток