Skip to end of metadata
Go to start of metadata

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 23 тамыздағы № 516 бұйрығы
мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай операторды айқындау туралы

«Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Электрондық коммерция орталығы» акционерлік қоғамы Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор болып белгіленсін.
«Электрондық коммерция орталығы» акционерлік қоғамының атауын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 қарашадағы № 792 қаулысын қараңыз

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаменті (С. М. Ахметов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің веб-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. «Электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай операторды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 668 бұйрығының күші жойылсын.

4. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрі                                                           Б. Сұлтанов


  • No labels