Банк кепілдіктерімен жұмыс істеу үшін «Жұмыс кабинеті» - «Электрондық банк кепілдіктері» мәзіріне өту қажет, бұнда банк кепілдіктерін іздеу нысаны бейнеленеді

№ | Атауы | Сипаттамасы |
«Фильтр» қосымша беті | ||
1 | ЭБК нөмірі | ЭБК нөмірі енгізіледі (тура сәйкестік талап етіледі) |
2 | ЭБК мәртебесі | ЭБК жүйелік мәртебелердің бірі таңдалады |
3 | ЭБК типі | ЭБК типінің бірі таңдалады |
4 | ЭБК шығару күні | Күнтізбеден ЭБК шығару күні таңдалады (тура сәйкестік талап етіледі) |
5 | Өнім жеткізуші | Өнім жеткізушінің БСН/ЖСН енгізіледі (тура сәйкестік талап етіледі) |
6 | Тапсырыс беруші | Тапсырыс берушінің БСН/ЖСН енгізіледі (тура сәйкестік талап етіледі) |
7 | Ұйымдастырушы | Ұйымдастырушының БСН/ЖСН енгізіледі (тура сәйкестік талап етіледі) |
8 | Банк | Банктің БСН/ЖСН енгізіледі (тура сәйкестік талап етіледі) |
9 | Сатып алу | Сатып алу нөмірі енгізіледі (тура сәйкестік талап етіледі) |
10 | Лот | Лоттың нөмірі енгізіледі (тура сәйкестік талап етіледі) |
11 | Шарт | Шарттың нөмірі енгізіледі (тура сәйкестік талап етіледі) |
12 | ЭБК шығару мерзімі («бастап», «дейін») | Банк кепілдіктері шығарылған мерзімінің күндері таңдалады |
13 | Табу | Батырманы басқанда, фильтрлерде барлық көрсетілген мәндер бойынша іздеу орындалады |
14 | Тазалау | Батырманы басқанда, фильтр үшін жолда енгізілген мәндерді жою орындалады |
Рөлдер | ||
15 | БК бастаушысы және БК бекітушісі | Сілтемеге басқан кезде, жүйеге кіру іске асырылған, банк қызметкерлерімен шығарылған, банк кепілдіктері ғана бейнеленеді. Әрбір рөлге сәйкесінше қызметтер қол жетімді болады. |
16 | Тапсырыс беруші үшін | Сілтемеге басқан кезде, жүйеге кіру іске асырылған, тапсырыс беруші мекенжайына шығарылған, банкілік кепілдіктер ғана бейнеленеді. |
17 | Ұйымдастырушы үшін | Сілтемеге басқан кезде, жүйеге кіру іске асырылған, ұйымдастырушы мекенжайына шығарылған, банкілік кепілдіктер ғана бейнеленеді. |
18 | Өнім жеткізуші үшін | Сілтемеге басқан кезде, жүйеге кіру іске асырылған, өнім жеткізушінің мекенжайына шығарылған, банкілік кепілдіктер ғана бейнеленеді. |
Іздеу нәтижелері | ||
19 | БК нөмірі | Банк кепілдігінің нөмірі бейнеленеді |
20 | Банк | Банк атауы бейнеленеді |
21 | Өнім жеткізуші | Өнім жеткізушінің атауы бейнеленеді |
22 | Ұйымдастырушы/Тапсырыс беруші | Банк кепілдігінің типіне байланысты ұйымдастырушы, немесе тапсырыс берушінің атауы бейнеленеді (банк кепілдігі шығарылған мекенжайына қарай) |
23 | Сома | Банк кепілдігі сомасы теңгемен бейнеленеді |
24 | БК типі | Банк кепілдігінің типі бейнеленеді (шартты қамсыздандыру, өтінімді қамсыздандыру) |
25 | БК мәртебесі | Банк кепілдігінің ағымдағы мәртебесі бейнеленеді |
26 | Шығару күні | Банк кепілдігінің шығару күні бейнеленеді |
27 | Қолданыс мерзімі | Банк кепілдігінің әрекет ету мерзімі бейнеленеді |
28 | Қарап шығу | Банк кепілдігінің деректері бейнеленеді |
29 | Банк кепілдігін құру | Батырманы басқанда, жаңа банк кепілдігін құру үшін деректерді енгізудің нысаны бейнеленеді |
Электрондық банк кепілдігін банк қызметкерлерімен бекіткенінен кейін өнім берушінің жеке кабинетіне хабарлама жіберіледі, сонымен қатар банкпен шығарылған кепілдік «Жұмыс кабинеті» - «Электрондық банк кепілдіктері» іздеу нысанда бейнеленеді.

Банк кепілдігін растауды банк кепілдігін қарап шығу нысанында іске асыру қажет.

Растау – батырмаға басқаннан кейін банк кепілдігі «Қолданыста» мәртебеге ауысып, бекітушіге және банк кепілдігін құрушыға хабарлама жіберіледі.

Бас тарту – батырмасын басқаннан кейін банк кепілдігі «Өнім берушімен бас тартылды» мәртебеге ауыстырылып, бекітушіге және бакн кепілдігін құрушыға хабарлама жіберіледі.

Электронды банктік кепілдікті қайтару үшін «Жұмыс кабинеті» - «Электронды банктік кепілдіктер» мәзірі арқылы банктік кепілдікті қарау нысанына өту қажет (назар аударыңыз, бір мезгілде бірнеше рөл–тапсырыс беруші, өнім беруші, ұйымдастырушы - болған кезде іздеу нысанында сіз одант арғы әрекетті жасайтын рөлді таңдау қажет).

Электрондық банктік кепілдікті қарау нысанына өту үшін пиктограмманы және одан әрі «Қарап шығу» батырмасын не банктік кепілдік нөмірінің белсенді сілтемесін басу керек. Көрсетілген нысанның төменгі жағында «Қайтару» батырмасы қолжетімді болады.
![]()
Назар аударыңыз! Өнім берушінің өтінімі берілмеген жағдайда ғана электронды банктік кепілдікті қайтару қолжетімді.
«Қайтару» батырмасын басқан кезде банктік кепілдік бойынша ақшаны қайтару (күшін жою) себебін және растаушы құжаттарды қоса тіркеу мүмкіндігін көрсету үшін нысан көрсетіледі. Себебі көрсетілгеннен кейін сіз банктік кепілдікті қайтару (күшін жою) үшін сіз құжаттың электрондық нысанын (банкке сауалды) қалыптастыра аласыз.

Банктік кепілдікті қайтаруға (күшін жоюға) құжатты қалыптастырғаннан кейін қалыптасқан құжатқа қол қою қажет.
![]()
Қажет болған жағдайда, Сіз «Нысанды алып тастау» батырмасын пайдалана отырып, банктік кепілдікті қайтару (күшін жою) нысанын алып тастай аласыз.
Құжатқа қол қойған жағдайда мынадай нысан көрсетілетін болады.

Банктік кепілдікті қайтару (күшін жою) нысанына қол қойғаннан кейін «Қайтару (банкте растауда)» мәртебесі берілетін болады. Банк қызметкерлеріне кепілдіктің күшін жою хабарламасы жіберілетін болады.
Банк қызметкері қайтарудан (күшін жоюдан) бас тарта алады, бұл ретте сізге бас тарту себебін көрсете отырып, хабарлама жіберілетін болады. Электронды банктік кепілдік мәртебесі «Қолданыста» дегенге қайтарылады.
Банк қызметкері қайтаруды растаған (күшін жойған) кезде Сізге қайтару (күшін жою) туралы хабарлама жіберілетін болады, кепілдіктер (лоттар) мәртебесі «Қайтарылды» деп өзгереді. Кепілдік мәртебесі «Пайдаланылды» деп өзгереді.
Өтініміңізде электрондық банк кепілдігін көрсету үшін «Қолданыста» мәртебедегі өнім берушімен расталған банк кепілдігінің бар болуы қажет етіледі. Өнім беруші қатысуға өтінімді құрып, құжаттаманы толтыру қадамына өтіп, «Өтінімді қамсыздандыру, немесе кепілдеме ақшалай төлем» құжатына өту қажет.

Одан кейін құжатты қосуға өтіп, «Қосу» батырмасын басу қажет:

Қамсыздандыру типін таңдауға өту:

«Электрондық банк кепілдігі» тармағын таңдағанда - көрсетілген хабарландыруға және сәйкесінше лотқа өнім берушіге берілген, «Қолданыста» мәртебесіне ие банк кепілдіктерін таңдауға функционалдылық бейнеленеді.

Кепілдікті таңдағаннан (қанатбелгісін қойғаннан) кейін «Тіркеу» батырмсы басылады. «Тіркеу» батырмасы басылғанынан кейін, таңдалған кепілдік өтінімге тіркеліп, «Тіркелген мәліметтер» қосымша парағында бейнеленеді.

Егер таңдалған кепілдікті өтінімнен жою қажет болған жағдайда – кепілдіктерді таңдап (қанатбелгісін қойып), «Таңдалғандарды тіркеуден алу» басыңыз.
Ұйымдастырушы сауалы бойынша банк қызметкерлерімен электрондық банк кепілдігі бойынша кері қайтару (жою)/ шегеру (ақша аудару) жағдайда, Сізге сәйкесінше хабарлама жіберіледі. Бұл жағдайда электрондық банк кепілдіктің мәртебесі «Қайтарылды»/ «Шегерілді» (немесе кепілдік бойынша қаражаттар жартылай шегерілсе, ал қалған лоттар бойынша кепілдік кері қайтарылса (жойылса) «Орындалды») дегенге өзгертіледі.
Банк шығарған электронды банктік кепілдіктің (бұдан әрі – ЭБК) «Банк шығарды» деген мәртебесі бар. ЭБК-ні қарау үшін Өнім берушіге «Электронды банктік кепілдік» тарауында «Жұмыс кабинеті» мәзіріне өту қажет.
ЭБК тізімінде, талап етілген ЭБК бар жолдағы «Қарап шығу» батырмасын басу керек.
ЭБК қарап шығу нысаны мынадай түрде болады:
Растағаннан кейін ЭБК «Қолданыста» мәртебесіне ауысады және шартқа/қосымша келісімге қоса тіркеу үшін қолжетімді болады.
Назар аударыңыз! Жүйе қосымша келісімде ЭБК қоса тіркеуге мүмкіндік береді, бұл ретте ата-ана шартының ЭБК қосымша келісім құру үшін көшіріледі.
Шарттың орындалуын қамтамасыз ету түріне «электронды банктік кепілдік» дегенді таңдаған кезде, Жүйе анықтамалықтан кепілдіктің кіші түрін таңдауға мүмкіндік береді:
- шарттың жалпы сомасының 3%-на;
- шарт бойынша аванс сомасына;
- демпингіге қарсы сомаға.
ЭБК кіші түрін таңдағаннан кейін Жүйе Өнім берушіде ЭБК қоса тіркелетін шартқа/қосымша келісімге байланыстырылған «Қолданыста» мәртебесіндегі таңдалған кіші түрмен ЭБК бар болуын тексеруді жүзеге асырады. Өнім берушіде талап етілген ЭБК болған жағдайда, Жүйе оны шартқа/қосымша келісімге қоса тіркеу үшін көрсетеді. ЭБК таңдау ЭБК бар жолдағы «Қоса тіркеу» батырмасын басу арқылы жүзеге асырылады.
Деректер қорында талап етілген ЭБК болмаған жағдайда, Жүйе ЭБК көрсетпейді.
Қоса тіркегеннен кейін, ЭБК «Қоса тіркелген құжат» тарауында көрсетіледі.
Қажет болған жағдайда қоса тіркелген ЭБК-ны шарттың орындалуын қоса тіркеуді аяқтағанға дейін алып тастауға болады.
Назар аударыңыз! Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қоса тіркеуді аяқтағаннан кейін шартты алып тастау және қоса тіркеу мүмкін емес.
Қажетті ЭБК шартқа/қосымша келісімге қоса тіркелгеннен кейін «Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қоса тіркеуді аяқтау» батырмасын басу талап етіледі. Жүйе шарт бойынша ҚР МС туралы заңның 26-бабына сәйкес сома мен аванс болуын тексеруді жүзеге асырады («шарттың жалпы сомасынан 3% -ға» кіші түрдегі ЭБК) және талап етілген кіші түрдегі ЭБК болмаған жағдайда қатені көрсетеді.
«Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қоса тіркеуді аяқтау» батырмасын басқанда, Жүйе растауды сұрайды.
Жүйе барлық қажетті ЭБК болған кезде, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қоса тіркеуді аяқтау әрекетін орындағаннан кейін шарт мәртебесін «Қол қойылды» дегеннен «Қолданыста» деп өзгертеді.