Банк жұмысы бойынша нұсқаулық

Электрондық банк кепілдіктерін қарап шығу

Банк кепілдіктерімен жұмыс істеу үшін «Жұмыс кабинеті» - «Электрондық банк кепілдіктері» мәзіріне өту қажет, бұнда банк кепілдіктерін іздеу нысаны бейнеленеді.

Атауы

Сипаттамасы

«Фильтр» қойындысы

1

ЭБК нөмірі

ЭБК нөмірі енгізіледі (тура сәйкестік талап етіледі)

2

ЭБК мәртебесі

ЭБК жүйелік мәртебелердің бірі таңдалады

3

ЭБК типі

ЭБК типінің бірі таңдалады

4ЭБК шығару мерзімі («бастап», «дейін»)Банк кепілдіктері шығарылған мерзімінің күндері таңдалады
5ЭБК сомасыЭБК сомасы енгізіледі (дәлме-дәл сәйкес келуі талап етіледі)
6ЭБК-ні жасаушы«БК бастамашы» рөлімен қызметкерлер тізімінен таңдалады
7ЭБК-ні бекітуші  «БК бекітуші» рөлімен қызметкерлер тізімінен таңдалады
8БанкБанктің БСН енгізіледі   (дәлме-дәл сәйкес келуі талап етіледі)
9Тапсырыс берушіТапсырыс берушінің БСН немесе атауы енгізіледі (тапсырыс беруші (дәлме-дәл сәйкес келуі талап етіледі)
10ҰйымдастырушыҰйымдастырушының БСН немесе атауы енгізіледі (дәлме-дәл сәйкес келуі талап етіледі)
11Өнім беруші

          Өнім берушінің БСН немесе атауы енгізіледі (дәлме-дәл сәйкес келуі талап етіледі)

12

Сатып алу нөмірі

Сатып алу нөмірі енгізіледі (дәлме-дәл сәйкес келуі талап етіледі)

13

Сатып алу атауы

Сатып алу атауы енгізіледі (дәлме-дәл сәйкес келуі талап етіледі)

14

Сатып алу мәртебесі

Сатып алудың жүйелік мәртебелерінің біреуі таңдалады

15

Сатып алу өтінімдерін қабылдаудың басталу күні

Сатып алу бойынша өтінімдер қабылдау басталатын күн таңдалады

16

Сатып алу өтінімдерін аяқтаудың басталу күні

Сатып алу бойынша өтінімдер қабылдау аяқталатын күн таңдалады

17

Лот нөмірі

Лот нөмірі енгізіледі (дәлме-дәл сәйкес келуі талап етіледі)

18

Лот атауы

Лот атауы енгізіледі (дәлме-дәл сәйкес келуі талап етіледі)

19

Шарт

Шарттың нөмірі енгізіледі (тура сәйкестік талап етіледі)

20Шарттың мәртебесіШарттың жүйелік мәртебелерінің бірі таңдалады

21

Табу

Батырманы басқанда, фильтрлерде барлық көрсетілген мәндер бойынша іздеу орындалады

22

Тазалау

Батырманы басқанда, фильтр үшін жолда енгізілген мәндерді жою орындалады

23Excelде қалыптастыруБатырманы басқанда сүзгілерде көрсетілген мәндер бойынша көрсетілген Excelде деректерді шығару жүргізіледі

Рөлдер

24

БК бастаушысы және БК бекітушісі

Сілтемеге басқан кезде, жүйеге кіру іске асырылған,  банк қызметкерлерімен шығарылған, банк кепілдіктері ғана бейнеленеді. Әрбір рөлге сәйкесінше қызметтер қол жетімді болады.

25

Тапсырыс беруші үшін

Сілтемеге басқан кезде, жүйеге кіру іске асырылған, тапсырыс беруші мекенжайына шығарылған, банкілік кепілдіктер ғана бейнеленеді.

26

Ұйымдастырушы үшін

Сілтемеге басқан кезде, жүйеге кіру іске асырылған, ұйымдастырушы мекенжайына шығарылған, банкілік кепілдіктер ғана бейнеленеді.

27

Өнім жеткізуші үшін

Сілтемеге басқан кезде, жүйеге кіру іске асырылған, өнім жеткізушінің мекенжайына шығарылған, банкілік кепілдіктер ғана бейнеленеді.

Іздеу нәтижелері

28

БК нөмірі

Банк кепілдігінің нөмірі бейнеленеді

29

Банк

Банк атауы бейнеленеді

30

Өнім жеткізуші

Өнім жеткізушінің атауы бейнеленеді

31

Ұйымдастырушы/Тапсырыс беруші

Банк кепілдігінің типіне байланысты ұйымдастырушы, немесе тапсырыс берушінің атауы бейнеленеді (банк кепілдігі шығарылған мекенжайына қарай)

32

Сома

Банк кепілдігі сомасы теңгемен бейнеленеді

33

БК типі

Банк кепілдігінің типі бейнеленеді (шартты қамсыздандыру, өтінімді қамсыздандыру)

34

БК мәртебесі

Банк кепілдігінің ағымдағы мәртебесі бейнеленеді

35

Шығару күні

Банк кепілдігінің шығару күні бейнеленеді

36

Қолданыс мерзімі

Банк кепілдігінің әрекет ету мерзімі бейнеленеді

37

Қарап шығу

Банк кепілдігінің деректері бейнеленеді

38

Банк кепілдігін құру

Батырманы басқанда, жаңа банк кепілдігін құру үшін деректерді енгізудің нысаны бейнеленеді

 Электрондық банк кепілдігін құру

 

Банктік кепілдікті құру функциясы «БК бастамашы» рөлімен банктер филиалдарының қызметкерлеріне және банк қызметкерлеріне қолжетімді. 

Жаңа банк кепілдігін құру үшін, «Банк кепілдігін құру» батырманы басу қажет. Банк кепілдігін құруға арналған деректерді енгізу нысаны бейнеленеді.

Банк кепілдігі типін таңдау кезде сатып алуды таңдауға арналған, сонымен қатар сомалар мен мерзімдерді толтыруға арналған, сәйкесінше жолдар бейнеленеді. Сонымен қатар банк кепілдігін бекітушісін «БК бекітушісі» рөлді банк қызметкерлерінен таңдау қажет.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! Шартты қамтамасыз етуге банктік кепілдікті шығарған кезде қосымша келісімге электронды банктік кепілдік құру мүмкіндігі болады. 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! Шартты қамсыздандыруға банк кепілдігін шығарудың «Банк кепілдігі әрекетінің аяқталу күні» жолдағы мәні шарттың қолданыста болу мерзіміне тең немесе одан аз  күнге толтырылу тиіс.

«Шартты қамтамасыз ету» банктік кепілдігін таңдаған кезде банктік кепілдіктің кіші түрін таңдау талап етіледі. 

Шартта Заңның 26-бабына сәйкес аванс және сома болса, онда әрбір кіші түрге электронды банктік кепілдікті құру талап етіледі. 

Банктік кепілдіктің кіші түрлері:

- шарттың жалпы сомасының  3%-на (банктік кепілдік сомасын толтырған кезде шарттың жалпы сомасының  3 %-ынан  аз емес соманы көрсету талап етіледі); 

- шарт бойынша аванс сомасына (банктік кепілдік сомасын толтырған кезде шарт бойынша аванс сомасынан аз емес соманы көрсету талап етіледі);

- Заңның 26-бабына сәйкес сомаға (банктік кепілдік сомасын толтырған кезде шарт бойынша Заңның 26-бабына сәйкес сомадан аз емес соманы  көрсету талап етіледі).   

Өтінімді қамсыздандыруға банк кепілдігін шығару кезде, «Банк кепілдігін шығару» жолы мен «Банк кепілдігі әрекетінің аяқталу күні» жолы арасында 60 күнтізбелік күннен кем емес және өтінімнің әрекет ету мерзімінен аспайтын мерзім орнатылу қажет. Нақтылап айтқанда, мысалы, хабарландыруда «Өтінім әрекет ету мерзімі» 70 күнтізбелік күн деп берілген, сондықтан жоғарыда аталған жолдар арасындағы интервалы 70 күнтізбелік күннен аспау қажет.

Барлық мәліметтер енгізілгенінен кейін, электрондық банк кепілдігі құжатын қалыптастыру үшін «ЭБК қалыптастыру» батырмасын басу қажет. Осы батырманы басқанда, барлық жолдар редакцияланбайтын болады.

Веб-порталмен қалыптастырылған құжат бейнеленеді, оның атауын басқанда, ол сіздің компьютеріңізге жүктеледі.

Егер құжат дұрыс қалыптастырылмаса, алдымен біріншісін жойып («Файлды жою» батырмасы), оны қайталап қалыптастыруыңызға болады. 

Егер құжаттағы деректер дұрыс болса, онда қол қою үшін «Қол қою» батырманы пайдаланып, кілттерімен қол қою рәсімі іске асырылатын, өз сертификатыңызды көрсетіңіз.

Құжатқа қол қойғаннан кейін «Бекітуге жіберу/Бекіту» функциясы қолжетімді болады. 

Бекітуге жіберу барысында әрекетті растау қажет болады. «Жіберу» батырмасын басқанда, банк кепілдігі «Бекітілуде» мәртебесіне ауыстырылады.

«Бекітілуде» мәртебесіне ауыстырылғанынан кейін банк кепілдігі, хабарламада көрсетілген,  пайдаланушыға бекітуге (қол қоюға)  қол жетімді болады, және оған жеке кабинетіне хабарлама жіберіледі.

Банк кепілдігін бекіту

 

Банк кепілдігін бекіту үшін, хабарламалар батырмасына басу қажет. Қажетті хабарламаны таңдау қажет.

 


Төмендегідей хабарламалар бейнеленеді

Пайдаланушының хабарламасында сілтеме бойынша өткенде, банк кепілдігін қарап шығуға және қол қоюға мүмкіндік туады.

 


Банк кепілдігінен бас тарту үшін «Бас тарту» батырмасын басу қажет, бейнеленген терезеде бас тарту себебін көрсетіп, «Жіберу» батырмасын басу қажет. 

Банк кепілдігіне қол қойғанынан кейін 2 батырма қол жетімді болады:

Бекіту – батырманы басқанынан кейін банк кепілдігі «Банкпен шығарылды» мәртебесіне ауыстырылып, өнім жеткізушісіне және банк кепілдігін құрушысына хабарлама жіберіледі.

Бас тарту – батырманы басқанынан кейін, банк кепілдігі «Бекітушімен бас тартылды» мәртебесіне ауыстырылып, банк кепілдігін құрушысына хабарлама жіберіледі.

 

Кепілдікті бекітуден кейін, өнім жеткізушіге  кепілдіктен  «Бас тарту» немесе «Растау» қызметтері қол жетімді болып, оларды орындау қорытындылары бойынша, банк қызметкерлеріне сәйкесінше хабарламалар жіберіледі.

Кепілдіктерді өнім жіберушімен растауғанынан кейін, кепілдік мәртебесі «Қолданыста» деп өзгертіліп, банк кепілдігін құрушысына және бекітушісіне хабарлама жіберіледі.

Өнім жіберушімен кепілдіктен бас тарту жағдайда, кепілдік мәртебесі «Өнім жіберушімен» бас тартылды деп өзгереді, банк кепілдігін құрушысына және бекітушіге хабарлам жіберіледі.

Банк кепілдігін шегеру

Банктік кепілдікті ұстап қалу қажет болған кезде ұйымдастырушы немесе тапсырыс беруші «БК бастамашы» және «БК бекітуші» рөлімен банктің барлық қызметкерлеріне жеке кабинетке және банктің электрондық почтасына хабарлама жібереді. 

 


Электрондық банк кепілдігін қарап шығу үшін, хабарламадағы банк кепілдігін қарау сілтемесі бойынша өтіңіз, немесе банк кепілдігін іздеу нысанына өтіп, «Шегеру (банкпен растауда)» мәртебедегі банк кепілдігін таңдаңыз. Шегеруді растауға арналған функционалы бар банк кепілдігін қарап шығу терезесі бейнеленеді.

Шегеруден (ақша аударудан) бас тарту үшін, «Бас тарту» батырмасын басып, қалқымалы терезеде себептерін енгізіңіз.

Бас тартқан жағдайда, шегеруге (ақша аударуға) сауал жіберген тапсырыс берушіге/ұйымдастырушыға бас тартудың Сіз көрсеткен себептермен хабарлама жіберіледі. Бас тарту себебі сондай-ақ электрондық банк кепілдігін қарап шығу нысанында да бейнеленеді.

Шегеруді (ақша аударуды) растау үшін, «Растау» батырмасын басыңыз.

Шегеру (ақша аударылуы) расталған жағдайда, шегеру нысанында көрсетілген әрбір лот бойынша кепілдік  мәртебесі «Шегеру» деп ауыстырылып, өнім жіберушіге және ұйымдастырушы/тапсырыс берушіге хабарлама жіберіледі. Барлық лоттарды шегеру/қайтару кезде, кепілдіктің мәртебесі «Орындалды» дегенге өзгереді.

Электронды банкілік кепілдігін қайтару

Банктік кепілдікті қайтару (күшін жою) қажет болған кезде ұйымдастырушы, тапсырыс беруші немесе өнім беруші «БК бастамашы» және «БК бекітуші» орөлімен банктің барлық қызметкерлеріне жеке кабинетке және банктің электрондық почтасына хабарлама жібереді.   

Банк кепілдігін қарап шығу үшін, хабарламалар сілтемесі бойынша банк кепілдігін қарап шығуға, немесе банк кепілдігін іздеу нысанына өтіп, «Қайтару (банкпен растауда)» мәртебесіндегі банк кепілдігін таңдаңыз.  Қайтаруды (жоюды) растауға арналған функционалы бар банк кепілдігін қарап шығу терезесі бейнеленеді.

 


Қайтарудан (жоюдан) бас тарту үшін, «Бас тарту» батырмасын басып, қалқымалы терезеде себептерін енгізіңіз.

Бас тартқан жағдайда, қайтаруға (жоюға) сауал жіберген тапсырыс берушіге/ұйымдастырушыға бас тартудың Сіз көрсеткен себептермен хабарлама жіберіледі. Бас тарту себебі сондай-ақ электрондық банк кепілдігін қарап шығу нысанында да бейнеленеді.

Қайтаруды (жоюды) растау үшін, «Растау» батырмасын басыңыз.

Қайтаруды (жоюды) растаған жағдайда, қайтару (жою) нысанында көрсетілген әрбір лот бойынша кепілдік  мәртебесі «Қайтарылды» деп ауыстырылып, өнім жіберушіге және ұйымдастырушы/тапсырыс берушіге хабарлама жіберіледі. Барлық лоттарды шегеру/қайтару кезде, кепілдіктің мәртебесі «Орындалды» дегенге өзгереді.