"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 16-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

       1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидалары бекітілсін.

       2. "Мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай республикалық тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 237 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10820 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 мамырда жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

       3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу заңнамасы департаментi (С.М. Ахметов) заңнамада белгiленген тәртiппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң Эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.


Министр                                                                                                                                                                      Б. Сұлтанов


Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 694 бұйрығымен
бекітілген


1. Жалпы ережелер Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидалары

       1. Осы Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай республикалық тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің тәртібін айқындайды.

       2. Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) мемлекеттік сатып алу веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы электрондық түрде, мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырады және жүргізеді әрі олар Заңның 12-бабының талаптарына сәйкес болуы тиіс.

      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдерде қамтылған мәліметтер веб-порталда орналастырылады және олар мүдделі тұлғаларға танысу үшін төлемақы алынбастан қол жетімді.

2. Мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдердің түрлері

      4. Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдер (бұдан әрі – тізілімдер) мынадай түрлерге бөлінеді:

      1) тапсырыс берушілер тізілімі;

      2) мемлекеттік сатып алу туралы шарттар тізілімі;

      3) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімі;

      4) білікті әлеуетті өнім берушілер тізілімі;

      5) шағымдар тізілімі.

3. Тапсырыс берушілердің тізілімін қалыптастыру және оны жүргізу тәртібі

      5. Тапсырыс берушілердің тізілімі тапсырыс беруші туралы мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:

       1) тапсырыс берушінің атауы;

       2) тапсырыс берушінің мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күні;

      3) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН);

      4) тапсырыс берушінің аумақтық тиесілігі туарлы мәліметтер (әкiмшiлiк-аумақтық бiрлестiктердiң жiктеуiшi (ӘАБЖ) бойынша коды, өңір, заңды мекенжайы)

      5) есептілік әкімшісінің атауы;

      6) шаруашылық етудің ұйымдастыру құқықтық нысанының коды (ҰҚНК);

      7) меншiк нысандарын жiктеу (МНЖ) бойынша коды;

      8) кәсiпкерлiк субъектiнің санаты;

      9) экономика секторының коды;

      10) тапсырыс берушінің басшысы туралы мәліметтер:

      жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)

      басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде);

      басшының лауазымы;

      деректер көзі;

      электрондық почта;

      телефон (жұмыс, ұялы).

      6. Тапсырыс берушілердің тізілімін қалыптастыру веб-портал арқылы тапсырыс берушінің веб-порталдағы тіркеу деректері негізінде автоматты түрде жүзеге асырылады.

      Бұл ретте тапсырыс беруші веб-порталда әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей тіркеледі. Тапсырыс беруші қайта ұйымдастырылған (таратылған) не әділет органындағы тіркеу деректері өзгерген жағдайда, тапсырыс беруші осындай жағдайлар әділет органдарында тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде тапсырыс берушінің веб-порталдағы тіркеу деректеріне өзгертілген мәліметтерді енгізеді.

       7. Тапсырыс берушілер тізілімін жүргізу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-портал арқылы жүзеге асырылады.

       8. Тапсырыс берушілердің тізіліміне енгізілген тапсырыс беруші туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен бекітілген Электрондық құжат айналымы ережесiнде (бұдан әрі – Электрондық құжат айналымы ережесі) белгіленген тәртіппен электрондық түрде сақталады.

4. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімін қалыптастыру және оны жүргізу тәртібі

       9. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізіліміне мәліметтер енгізуді тапсырыс беруші осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік сатып алудың веб-порталындағы шарттар тізілімінің электрондық нысанын толтыру жолымен:

      тиісті қаржы жылында мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттар бойынша – мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей;

      мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау бойынша (тауарларды қабылдау-тапсыру актісі немесе орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі) – қол қойған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей;

      мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша жүзеге асырылған төлемдер бойынша – төлем жүргізілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.

      Мыналар:

      1) жедел-іздестіру қызметін, сондай-ақ тергеу іс-қимылдарын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұларды жүзеге асыруға уәкілетті органдардың;

      2) мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық және мемлекеттiк ұйымдар, қызметi қайырымдылық және халықаралық сипаттағы шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар өтеусiз негiзде Қазақстан Республикасының Үкiметiне беретін грант ақшаларын, сондай-ақ оларды беру туралы келiсiмдерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алудың өзге рәсiмдерi көзделген жағдайларда, осы гранттарды қоса қаржыландыруға бөлiнетін ақшаны пайдаланумен байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алу;

      3) Қазақстан Республикасы Президентін, өзге де күзетілетін адамдарды және күзетілетін адамдардың болуына арналған объектілерді күзетуді және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету (оның ішінде қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу) үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің бейнеархивін қалыптастыру және ақпараттық қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      4) Қазақстан Республикасы Президентінің және өзге де күзетілетін адамдардың қызметін қамтамасыз ету үшін, Қазақстан Республикасының Президенті мен өзге де күзетілетін адамдарға қызмет көрсетуге арналған мемлекеттік резиденцияларды, автокөлік құралдары мен әуе кемелерін күтіп-ұстау, оларға қызмет көрсету және олардың жұмыс істеуі үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті мен өзге де күзетілетін адамдардың қатысуымен іс-шаралар өткізу үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      5) талқылаулар перспективаларын бағалау, төрелікте, шетелдік төреліктерде, шетелдік мемлекеттік және сот органдарында, сондай-ақ дауларды төрелікте (сотта) реттегенге дейінгі процесте мемлекеттің не тапсырыс берушілердің мүдделерін қорғау және білдіру жөніндегі консультациялық және заңдық көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      6) Ерекше тәртіпті қолданумен мемлекеттік сатып алу бойынша жасалған шарттар туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізіліміне енгізуге жатпайды.

       10. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, шарт (оның өзгеруі) туралы мынадай мәліметтер қамтылады:

       1) тапсырыс берушінің атауы;

      2) тапсырыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН);

      3) қаржыландыру көзі – республикалық бюджет, жергілікті бюджет, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен қаражаты, мемлекеттік мекемелер үшін демеушілік, қайырымдылық көмектен түскен қаражат (бұдан әрі – бюджеттен тыс қаражат), меншікті қаражат;

      4) мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарламаның нөмірі;

      5) конкурс қорытындылары, аукцион қорытындылары, бір көзден сатып алуды өткізу қорытындылары, баға ұсыныстарын сұратуды жүргізу қорытындылары шығарылған күн, сондай-ақ шарттың жасалу негізін растайтын құжаттың деректемелері;

      6) шартты жасасудың негізін растайтын құжаттың деректемелері;

       7) шарттың жасалған күні және нөмірі – шарттың жасалған күні, айы, жылы;

      8) шарт валютасының коды;

      9) аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде мемлекеттік мекемелердің шартты тіркегені туралы мәліметтер – өтінім нөмірі мен тіркеу күнін қоса алғанда, тіркеу туралы хабарламалардың деректемелері;

      10) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың мәні:

      сатып алу мәнінің түрі;

      жіктеуіш бойынша өнімнің коды;

      тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы;

      тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша және қосымша сипаттамасы;

      өлшем бірлігі;

      бір бірлік үшін бағасы;

      саны;

      егер өнім беруші ҚҚС төлеушісі болып табылған жағдайда, қосылған құн салығы (ҚҚС) туралы мәліметтер;

      11) өнім берушілер (орындаушылар, мердігерлер) туралы ақпарат:

      заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты;

      Қазақстан Республикасының резиденттері үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) (жеке тұлға үшін);

      Ресей Федерациясының резиденттері үшін – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (СТС) (заңды тұлғалар үшін), дара жеке шоттың сақтандыру нөмірі (ДЖШСН) (жеке тұлғалар үшін);

      Беларусь Республикасының резиденттері үшін – төлеушінің есепке алу нөмірі (ТЕН) (заңды тұлғалар үшін);

      Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және олардың өнім берушілерінің дерекқорындағы жазба нөмірі;

      резиденттілік елі және заңды мекенжайы;

      байланыс ақпараты;

      12) шарттың орындалуы:

      тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы және сипаттамасы;

      сатып алынған тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің қысқаша сипаттамасы;

      тауар белгісінің атауы;

      тауар өндірушінің, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің елі;

      төлем сомасы;

       шартты орындаудың жобаланған және нақты күні;

      13) шарттың қолданылуын тоқтату туралы мәліметтер:

      күні, негіздеме және себебі.

      11. Тапсырыс беруші шарт қолданылуын тоқтатқан (орындалған немесе орындалмаған) күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алу туралы шарттар тізілімінің электрондық нысанын толтыру жолымен шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтерді веб-портал арқылы енгізеді.

      12. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу веб-порталына шарттың өзгеруі туралы мәліметтерді немесе шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтерді ұсынған жағдайда, шарт туралы бастапқы мәліметтер мұрағатын сақтай отырып, тізілімдегі жазбаны автоматты түрде жаңарту жүргізіледі.

      13. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізіліміне енгізілген шарт (оның өзгеруі) туралы мәліметтер және (немесе) шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтер шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтерді оған енгізген күнінен бастап үш жыл бойы мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімінде сақталады.

       14. Осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген мерзім өткен соң мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімінен шығарылған шарт (оның өзгеруі) туралы мәліметтер немесе шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтер Электрондық құжат айналымы ережесiнде белгіленген тәртіппен электрондық түрде сақталады.

5. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімін қалыптастыру және оны жүргізу тәртібі

      15. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі өзімен мыналарды:

      1) біліктілік талаптары және (немесе) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша дұрыс емес ақпарат берген әлеуетті өнім берушілер немесе өнім берушілер;

      2) жеңімпаз деп айқындалған, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушілер;

      3) мемлекеттік сатып алу туралы өздерімен жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған өнім берушілер тізбесін білдіреді.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 01.03.2019 № 160 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       16. Осы Қағидалардың 15-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі заңды күшіне енген сот шешімдерінің негізінде қалыптастырылады.

       15-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы оларға белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, мұндай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап-арызбен жүгінуге міндетті.

       15-тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда тапсырыс беруші өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, жиынтығында мынадай талаптарды қанағаттандыратын:

      1) өнім берушінің тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеуі;

      2) шарттық міндеттемелерді толық орындау;

      3) тапсырыс берушіге келтірілген залалдың болмауы жағдайларын қоспағанда, мұндай өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге міндетті.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 01.03.2019 № 160 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Осы Қағиданың 15-тармағының 2) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі уәкілетті органның әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімі негізінде қалыптастырылады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 02.02.2016 № 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

        18. Тапсырыс берушілер әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы заңды күшіне енген соттың шешімін (бұдан әрі – Сот шешімі) веб-портал арқылы алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы алған Сот шешімінің электрондық көшірмесін, сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мұндай әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші туралы мәліметтерді электрондық түрде веб-портал арқылы уәкілетті органға ұсынады.

       19. Тапсырыс берушіге электрондық көшірмесі веб-портал арқылы келіп түспеген Сот шешімі қағаз түрінде келіп түскен жағдайда, тапсырыс берушілер аталған Сот шешімін алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Сот шешімінің көшірмесін және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мұндай әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші туралы мәліметтерді электрондық түрде веб-портал арқылы уәкілетті органға ұсынады.

      20. Тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар туралы мәліметтерді веб-портал арқылы ұсынған күнінен бастап жеті жұмыс күн ішінде уәкілетті орган оларды қарайды және осындай мәліметтерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізеді.

       21. Уәкілетті органға мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізу үшін толық емес (қате) мәліметтер ұсынған жағдайда, уәкілетті орган веб-портал арқылы тапсырыс берушіге осы Қағидалардың 27-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы туралы мәліметтерді бес жұмыс күн ішінде қайта беру қажеттігі туралы хабарламаны жеті жұмыс күн ішінде жібереді.

       22. Егер жеңімпаз деп танылған не екінші орын алған әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы шартқа веб-портал арқылы қол қоймаған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкілетті органның веб-портал арқылы қабылдаған шешімімен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне автоматты түрде енгізіледі.

       23. Егер әлеуетті өнім беруші қағаз түріндегі мемлекеттік сатып алу туралы шартына қол қоюдан жалтарған немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбеу жолымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаудан жалтарған жағдайда, тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаудан жалтарған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мұндай әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші туралы мәліметтерді электрондық түрде веб-портал арқылы уәкілетті органға береді.

      24. Заңнамаға сәйкес уәкілетті органға ұсынған мәліметтердің дұрыстығы үшін тапсырыс беруші жауапты болады.

      Тапсырыс берушінің ұсынған мәліметтерін қарау кезінде уәкілетті орган оның толтырылуының толықтығы мен дұрыстығын тексеруде форматты-логикалық бақылауды жүзеге асырады.

       25. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбеу жолымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаудан жалтарған әлеуетті өнім беруші осы Қағиданың  5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкілетті органның веб-портал арқылы қабылдаған шешімімен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізіледі.

       26. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімін жүргізу осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.

      27. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне мәліметтерді енгізген кезде:

      1) жосықсыз өнім беруші туралы ақпарат:

      өнім берушінің атауы;

      резиденттік елі;

      Қазақстан Республикасының резиденттері үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) (жеке тұлға үшін);

      Ресей Федерациясының резиденттері үшін – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (СТС) (заңды тұлғалар үшін), дара жеке шоттың сақтандыру нөмірі (ДЖШСН) (жеке тұлғалар үшін);

      Беларусь Республикасының резиденттері үшін – төлеушінің есепке алу нөмірі (ТЕН) (заңды тұлғалар үшін);

      2) тапсырыс беруші туралы ақпарат;

      3) өткізілген сатып алу туралы мәліметтер:

      сатып алуды жүзеге асыру тәсілі;

      сатып алу туралы хабарландырудың нөмірі;

      сатып алу туралы хабарландырудың күні;

      сатып алу қорытындыларын шығару күні;

      4) Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар тізіліміндегі шарттың нөмірі (болған жағдайда);

      5) өнім берушіні (әлеуетті) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану негіздемесі;

      6) сот шешімі/уәкілетті органның шешімі туралы мәліметтер:

      соттың/ уәкілетті органның атауы;

      соттың/уәкілетті органның шешімінің нөмірі;

      соттың/уәкілетті органның шешімінің күні;

      сот шешімінің заңды күшіне енген/ уәкілетті орган шешімінің заңды күшіне енген күні;

      7) Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен алып тасталған күн.

      28. Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы туралы мәліметтерді Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен алып тастауға мыналар:

      1) Заңда белгіленген мерзімнің аяқталуы;

       2) мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы шешімді жою туралы не апеляциялық шағым беру мерзімін қалпына келтіру туралы заңды күшіне енген сот актісінің болуы негіз болып табылады.

      29. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар туралы мәліметтер Заңда белгіленген мерзім өткен соң тізілімнен автоматты түрде алынып тасталады.

      30. Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы шешімді жою туралы не апеляциялық шағымды беру үшін мерзімін қалпына келтіру туралы заңды күшіне енген сот актісі болған жағдайда, мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы туралы мәліметтер әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) сұрау салуы бойынша уәкілетті орган сотпен расталған тиісті сот актісінің көшірмесін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде алынып тасталады.

6. Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі

       31. Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізілімінде Заңда және осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен біліктілік іріктеуінен өткен өнім берушілердің тізілімін қамтуға тиіс.

      32. Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізілімін жүргізу осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.

      33. Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізіліміне мәліметтер енгізу кезінде мыналар көрсетіледі:

       1) Заңның 31-бабының 1-тармағында көзделген Мемлекеттік сатып алу алдын ала біліктілік іріктеуі арқылы конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) сәйкес әлеуетті өнім берушінің қызмет саласы;

      2) білікті әлеуетті өнім беруші туралы ақпарат:

      әлеуетті өнім берушінің атауы;

      әлеуетті өнім берушінің елі;

      Қазақстан Республикасының резиденттері үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) (жеке тұлға үшін);

      Ресей Федерациясының резиденттері үшін – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (СТС) (заңды тұлға үшін), дара жеке шоттың сақтандыру нөмірі (ДЖШСН) (жеке тұлға үшін);

      Беларусь Республикасы резиденттері үшін – төлеушінің есепке алу нөмірі (ТЕН) (заңды тұлға үшін);

      3) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттар туралы мәліметтер:

      тиісті қызмет саласындағы тәжірибесі туралы мәліметтер (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң атауы, уақыт кезеңі (тауарды жеткізу күні, қызметтер көрсетілетін жыл мен ай, жұмыстар аяқталатын жыл мен ай, шарт сомасы);

      Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес берілген ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң стандарттарына сәйкестікті растайтын (ұлттық немесе үкіметтік емес стандарттарға сәйкестігін, сапа менеджменті жүйесінің ұлттық стандарттарға сәйкестігін, экологиялық менеджмент жүйесінің ұлттық стандарттарға сәйкестігін, ұсынылатын тауарлардың экологиялық таза өнім стандарттарына сәйкестігін ерікті растау туралы) құжаттар туралы мәліметтер.

      34. Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізілімін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, өзге де коммерциялық емес ұйымдардың және тиісті қызмет саласындағы уәкілетті (салалық) орган өкілдерінің қатысуымен қалыптастырылады.

      35. Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізілімі Тізбеге сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң бөлінісінде қалыптастырылады.

       36. Біліктілік іріктеуде қатысатын әлеуетті өнім берушілерге Заңның 9-бабында белгіленген біліктілік талаптардан басқа Тізбеде көзделген біліктілік талаптары қойылады.

      37. Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізілімін қалыптастыру тәртібінде мынадай дәйекті іс-шаралардың орындалуы көзделеді:

      1) білікті әлеуетті өнім берушілерді іріктеу жөніндегі біліктілік комиссиясының құрамын (бұдан әрі – Комиссия), Комиссияның хатшысын қалыптастыру және бекіту;

      2) біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың бірінші кезеңінде қатысуға әлеуетті өнім берушілердің веб-портал арқылы электрондық құжат нысанында берілетін өтінім (бұдан әрі – өтінім) ұсынуы;

      3) өтінімдерді веб-порталда автоматты түрде тіркеу;

      4) білікті іріктеу рәсімдерін жүзеге асыруға веб-портал арқылы Комиссия мүшелерінің атына уәкілетті органның хабарлама жіберуі;

      5) өтінімдерді ашу және тиісті ашу хаттамасын веб-порталда орналастыруы;

      6) Комиссияның өтінімдерді мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулердің болуы тұрғысынан қарауы;

      7) Комиссияның өтінімдерді қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарауы;

      8) біліктілік комиссиясының, олардың сәйкес келмеу себептерін және жетіспейтін құжаттар туралы ақпаратты не мәліметтерді толық сипаттай отырып, біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді айқындауы;

      9) біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындауы;

      10) біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді білікті әлеуетті өнім берушілердің тізілімі енгізу.

      38. Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізіліміне енгізуге өтінімдерді қабылдау тоқсан сайын тоқсанның бірінші айы ішінде жүзеге асырылады.

      39. Осы Қағидалардың 38-тармағында белгіленген мерзім өткен соң ұсынылған өтінімдер тіркелмейді.

      40. Комиссия өтінімдерді (олар бар болса) әр тоқсанның екінші, үшінші айларының ішінде қарайды.

      41. Өтінімдерді ұсыну мерзімі өткенге дейiн әлеуетті өнім берушілердің қажет болған кезде өтінімдеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуіне немесе оны кері қайтарып алуына рұқсат етіледі.

       42. Өтінім әлеуетті өнім берушінің ол туралы біліктілік талаптарына және Заңның 6-бабының 1-тармағы 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында белгіленген шектеулерге сәйкестігін растайтын мәліметтерді алуға келісімін білдіру нысаны болып табылады.

      43. Өтінім мыналарды:

      1) мынадай:

      әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге құқығын растайтын рұқсаттар (хабарламалар) және (немесе) патенттер, куәліктер, сертификаттар, дипломдар, басқа да құжаттардың;

       өтінімдерді қабылдау басталған күнінен кейін берілген, әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі бар әлеуетті берушінің осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 болып тіркелген) "Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылған жағдайда, осындай анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылмауы) анықтаманың;

      өтінімдерді қабылдау басталған күнінен кейін алынған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтердің;

       осы Қағидаларға 8, 9 және 10-қосымшаларға сәйкес біліктілігі туралы мәліметтердің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін әлеуетті өнім беруші ұсынатын электрондық қолтаңбамен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмесін не электрондық құжаттарды;

      2) Тізбеде көзделген біліктілік талаптарын растайтын құжаттарды;

       3) Заңның 21-бабы 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген конкурстық баға ұсынысына ықпал ететін өлшемшарттарды растайтын құжаттарды (бар болса) қамтиді.

      44. Егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылған жағдайда, оның біліктілік талаптарға сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденттері ұсынатын құжаттарды не нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріне аудармасымен Қазақстан Республикасының бей резиденті әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы ұқсас мәліметтерді қамтитын құжаттарды ұсынады. Бұл ретте құжат құжаттың электрондық көшірмесі нысанында ұсынылады.

      45. Өтінім:

      1) ағымдағы тоқсанда әлеуетті өнім беруші алдында өтінім ұсынған;

      2) өтінім веб-порталда өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін түскен;

       3) Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген шектеулер болған жағдайларда веб-порталдың автоматты түрде қабылдамауына жатады.

      46. Комиссияның құрамын қалыптастыру үшін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, өзге коммерциялық емес ұйымдарға және тиісті қызмет саласындағы уәкілетті (салалық) органға Комиссия құрамына кандидатуралар беру туралы сұрау салу жібереді.

       Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, өзге коммерциялық емес ұйымдар, тиісті қызмет саласындағы уәкілетті (салалық) орган сұрау салуды алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтерді көрсете отырып, Комиссияның құрамына кандидатураларды жібереді.

      47. Комиссияны құру туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды.

      48. Комиссияның төрағасы мен басқа да мүшелері Комиссияның мүшелері болып табылады. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, бірақ кемінде жеті адамды құрайды.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен өзге коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінің жалпы саны кемінде екі адамды құрайды.

      49. Комиссияның төрағасы болып уәкілетті орган айқындаған лауазымды адам шығады.

      Комиссия төрағасы:

      1) Комиссияның хатшысын айқындайды;

      2) Комиссияның қызметін басқарады;

      3) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      50. Комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап әрекет етеді.

      51. Комиссияның шешімі веб-портал пайдаланыла отырып, дауыс берумен қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санынан көп дауыс берілсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      52. Комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы Комиссияның кез келген мүшесі құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталда орналастырылатын ерекше пікір ұсынады.

      53. Комиссияның тиісті хаттамаларында Комиссияның қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда Комиссияның хатшысы веб-порталда қолдың болмауы себебін қамтитын құжатты немесе ақпаратты орналастырады.

      54. Комиссияның ұйымдастырушылық қызметін уәкілетті органның лауазымды адамдары санынан тағайындалатын хатшысы қамтамасыз етеді. Комиссияның хатшысы Комиссияның мүшесі болып табылмайды.

      55. Комиссияның хатшысы:

      1) веб-портал арқылы Комиссияның мүшелеріне хабарлама жібереді;

      2) веб-порталда біліктілік іріктеу хаттамасын, сондай-ақ бар болса, басқа да құжаттарды орналастырады;

      3) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      56. Өтінімдерді ашу біліктілік іріктеуге қатысуға өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін келесі күні автоматты түрде веб-порталмен жүргізіледі.

      57. Өтінімдерді ашу хаттамасы осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес ашу күні автоматты түрде веб-порталмен орналастырылады. Бұл ретте веб-портал Комиссия мүшелеріне, Комиссияның хатшысына, өтінім берген әлеуетті өнім берушілерге автоматты хабарламалар таратады.

      58. Комиссия осы Қағидалармен белгіленген мерзімде өтінімді қарайды және білікті әлеуетті өнім берушілер тізіліміне әлеуетті өнім берушілерді енгізу туралы шешім қабылдайды.

      Қажет болған жағдайда, Комиссия төрағасының шешімі бойынша өтінімді қарау мерзімі ұзартылады, бірақ бір ай аспайтын мерзімге ұзартылады.

      59. Комиссия өтінімді ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, онда оны біліктілік талаптарына жауап беруші ретінде қарайды.

      60. Комиссия:

      1) Өтінімді құжаттардың толықтығы және тиісінше ресімделуі тұрғысынан қарайды;

      2) толық емес құжаттар тізбесін ұсынған және (немесе) тиісінше ресімделмеген құжаттарды ұсынған әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;

      3) өтінімдердегі мәліметтерді нақтылау мақсатында Комиссия жазбаша нысанда тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпарат сұратады. Өтінімді осы Қағидалардың 43-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келтіруге байланысты сұрау салуларға және Комиссияның өзге әрекеттеріне жол берілмейді;

      4) Біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды білікті әлеуетті өнім берушілер тізіліміне енгізу туралы шешім қабылдайды.

      61. Әлеуетті өнім беруші білікті әлеуетті өнім берушілердің тізіліміне енгізілмейді, егер:

      1) ол біліктілік талаптарына мынадай негіздер бойынша сәйкес келмейді деп анықталса:

       Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жолданған), мемлекеттік органдардың ақпараттар жүйесінде расталатын мәліметтердің электрондық көшірмелерін не электрондық түрдегі рұқсаттарды (хабарламаларды) ұсынбауы. Мемлекеттік органдардың ақпараттар жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда, әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жолданған) тиісті рұқсаттардың (хабарламалардың) нотариалдық куәландырылған көшірмелерін ұсынады;

      әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және сатуға, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, басқа да құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынбауы;

       осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес өтінімдерді қабылдау басталған күнінен кейін берілген әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қолы және мөрі бар, (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 28 ақпанда № 6793 тіркелген) "Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша әлеуетті өнім берушінің анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы анықтаманың электрондық көшірмесін ұсынбауы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады);

      банктің немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасында осындай анықтаманы беру күнінің алдындағы үш айдан астам созылатын әлеуетті өнім берушінің міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің болуы;

      өтінімдерді қабылдау басталған күнінен кейін алынған, салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді ұсынбауы;

      тиісті мемлекеттік кірістер органының мәліметтерінде (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) бір теңге мөлшерінде және одан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің бар екендігі туралы ақпараттың болуы;

       осы Қағидаларға 8, 9 және 10-қосымшаларына сәйкес біліктілігі туралы мәліметтерді ұсынбауы;

      әлеуетті өнім берушінің Тізбеде көзделген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынбауы;

      әлеуетті өнім берушінің Тізбеде көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;

      біліктілік талаптары бойынша дұрыс ақпараттың берілмеу фактісі анықталса;

      2) банкроттық не тарату рәсіміне жатса;

       3) Заңның 6-бабының 1-тармағының 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларының талаптарын бұзса.

      62. Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесіне дәйексіз ақпарат беру негізінде енгізілген әлеуетті өнім берушілер осындай факті анықталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесінен шығарылуға жатады.

      Әлеуетті өнім берушімен дәйексіз ақпаратты беру фактісі іріктеудің кезкелген сатысында Комиссия, немесе мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кез келген сатысында тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы, мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау органдары белгілейді.

      Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесіне дәйексіз ақпарат беру негізінде енгізілген әлеуетті өнім берушілердің дәйексіз ақпаратты беру фактісін анықтаған тұлғалар осындай факті анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға хабарлайды.

       63. Біліктілік іріктеу хаттамасы осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес ресімделеді және Комиссияның мүшелерімен қол қойылған күнде өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерге электрондық почта бойынша автоматты хабарлама жібере отырып Комиссия хатшысымен орналастырылады.

      64. Егер әлеуетті өнім беруші білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесіне енгізілмеген жағдайда, онда біліктілік іріктеу хаттамасында нақты себептер және өтінімнен бас тарту негіздері көрсетіледі.

      65. Комиссияның білікті әлеуетті өнім берушілер тізіліміне енгізу (енгізбеу) туралы шешімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдалуы мүмкін.

      66. Біліктілік іріктеуінен өткен өнім берушілер туралы мәлімттер білікті әлеуетті өнім берушілер тізіліміне веб-порталмен автоматты түрде біліктілік іріктеу хаттамасында көрсетілген мәлімттер негізінде енгізіледі.

      67. Әлеуетті өнім берушілердің білікті әлеуетті өнім берушілер тізілімінде болу мерзімі ол білікті әлеуетті өнім берушілер тізіліміне енгізілген күннен бастап он екі айды құрайды.

      68. Білікті әлеуетті өнім берушілер тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілер білікті әлеуетті өнім берушілер тізілімінде болу кезеңінің үздіксіздігі мақсатында өтінімді оны аталған тізілімге енгізген күннен бастап тоғыз айы өткеннен кейін беруге құқылы.

      69. Әлеуетті өнім берушілер білікті әлеуетті өнім берушілер тізілімінен:

      1) осы Қағидалардың 67-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін;

      2) әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енген;

       3) Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), және 10) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуларға қатысуына байланысты шектеулер болған жағдайларда автоматты түрде алып тасталады.

7-тарау. Шағымдар тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі

       Ескерту. Қағида 7-тараумен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 01.03.2019 № 160 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      70. Шағымдардың тізілімі өзімен әлеуетті өнім берушілер мен өнім берушілер уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы берген шағымдарының тізбесін білдіреді және шағымдарды қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдер мен берілген ұйғарымдар (хабарламалар) туралы мәліметтерді қамтиды


Мемлекеттік сатып алу саласында
тізілімдерді қалыптастырудың және
оларды жүргізудің қағидаларына
1-қосымша

Нысан

 


Тапсырыс берушілер тізілімі


Р/с

Тізілімдегі жазба нөмірі

Тапсырыс берушінің атауы

мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күні

БСН

тапсырыс берушінің аумақтық тиесілігі туралы мәліметтер

Есептілік әкімшісінің атауы

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

ӘАБЖ

өңір

заңды мекенжайы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10












      кестенің жалғасы

ҰҚНК

МНЖ

кәсiпкерлiк субъектiнің санаты

Экономика секторының коды

Тапсырыс берушінің басшысы туралы мәліметтер

 

ЖСН

Т.А.Ә.

Лауазымы

Деректер көзі

Электрондық почта

телефон (жұмыс)

телефон (ұялы)

 

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

 












 

 















     

Мемлекеттік сатып алу саласында
тізілімдерді қалыптастырудың және
оларды жүргізудің қағидаларына
2-қосымша

Нысан


 Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімі


Тізілімдегі жазбаның нөмірі

Жазбаның соңғы өзгерген күні

Тапсырыс беруші

Шартты қаржыландыру көзі

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі

Мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарламаның нөмірі

Мемлекеттік сатып алудың қорытындыларын шығару күні

Шартты жасасудың негізін растайтын құжаттың деректемелері

Шарт

атауы

БСН

нөмірі

күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11













      кестенің жалғасы

Шарт валютасының коды

Шарттың мәртебесі

Шарттың аумақтық қазынашылық органдарында тіркелгені туралы мәліметтер (мемлекеттік мекемелер үшін)

Шарттың мәні

Қазынашылықтың аумақтық бөлімшесінде шартты тіркеуге берген өтінім

Қазынашылықтың аумақтық бөлімшесінде шартты тіркеуге берген өтінім

Сатып алу мәнінің түрі

жіктеуіш бойынша өнімнің коды

тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер атауы

тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы

тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қосымша сипаттамасы

өлшем, бірлігі

нөмірі

күні

нөмірі

күні

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23














      кестенің жалғасы

Шарттың мәні

бір бірлік үшін бағасы, теңге

саны

сома, теңге (егер өнім беруші ҚҚС төлеушісі болып табылған жағдайда, ҚҚС ескере отырып, соманы көрсету қажет)

Оның ішінде ҚҚС сомасы, теңге

Сонымен бірге: үшжылдық кезеңнің бірінші жылының сомасы, теңге

Сонымен бірге: үшжылдық кезеңнің екінші жылының болжамды сомасы, теңге

Сонымен бірге: үшжылдық кезеңнің үшінші жылының болжамды сомасы, теңге

24

25

26

27

28

29

30









      кестенің жалғасы

Шарт бойынша өнім берушілер (орындаушылар, мердігерлер) туралы ақпарат

Заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның Т.А.Ә.)

БСН, ЖСН (РФ – үшін СТС, ДЖШСН, БР үшін – ТЕН, РН)

Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер және олардың өнім берушілерінің дерекқорындағы жазба нөмірі

өнім берушінің резиденттілік елі

Заңды мекен жайы

Іс жүзін дегі мекен жайы

электрондық поштаның мекенжайы

Мәртебесі

Телефоны (факс)

31

32

33

34

35

36

37

38

39











      кестенің жалғасы

Шарттың орындалуы

тауардың, жұмыстың, көрсетіле тін қызметтің атауы және сипаттамасы

Сатып алынған тауарлардың, жұмыстар дың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы

 Тауарлық белгінің атауы

 Тауар өндірушінің, жұмыстар, қызметтер бойынша өнім берушілердің елі

Тапсырыс беруші іс жүзінде төледі, теңге (егер өнім беруші ҚҚС төлеушісі болып табылған жағдайда, ҚҚС ескере отырып, соманы көрсету қажет)

Оның ішінде ҚҚС сомасы, теңге

40

41

42

43

44

45








      кестенің жалғасы


Шарттың қолданысын тоқтату

 

Сонымен бірге: үшжылдық кезеңнің бірінші жылында төленген сома, теңге

Сонымен бірге: үшжылдық кезеңнің екінші жылында төленген сома, теңге

Сонымен бірге: үшжылдық кезеңнің үшінші жылында төленген сома, теңге

шарт бойынша орындалу күні

іс жүзінде орындалу күні

күні

негіздеме және себебі

 

46

47

48

49

50

51

52

 








 

 











     

Мемлекеттік сатып алу саласында
тізілімдерді қалыптастырудың және
оларды жүргізудің қағидаларына
3-қосымша

Нысан

 

Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар туралы мәліметтер


Жосықсыз өнім беруші туралы ақпарат

Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 4), 5) тармақшаларына сәйкес адамдар туралы мәліметтер

Тапсырыс беруші туралы ақпарат

Өнім берушінің атауы

Өнім берушінің елі

БСН, ЖСН (РФ үшін – СТС, ДЖШСН, БР үшін – ТЕН, РН)

Т.А.Ә.

РФ үшін – СТС, ДЖШСН, БР үшін – ТЕН, РН

Тапсырыс берушінің атауы

Тапсырыс берушінің елі

1

2

3

4

5

6

7









      кестенің жалғасы

Өткізілген сатып алу туралы мәліметтер

БСН, ЖСН (РФ үшін – СТС, ДЖШСН, БР үшін – ТЕН, РН)

Сатып алу тәсілі

Веб-порталдағы сатып алу туралы хабарламаның нөмірі

Сатып алуды хабарлау күні

Сатып алу қорытындыларын жасау күні

8

9

10

11

12







      кестенің жалғасы

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың тізіліміндегі шарттың нөмірі

Шарттың әлеуетті өнім берушіге қол қоюға жіберілген күні

Өнім берушінің шартқа қол қою үшін мерзімінің бітетін күні

Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу үшін мерзімнің бітетін күні

(Әлеуетті) өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушысы деп тану негізі

13

14

15

16

17







      кестенің жалғасы

Сот шешімі туралы мәліметтер

Тізілімнен алып тастау күні

Соттың атауы

Сот шешімінің нөмірі

Сот шешімінің күні

Сот шешімінің заңды күшіне енген күні

18

19

20

21

22







      * әлеуетті өнім берушінің шартты жасасудан жалтарған жағдайда тапсырыс беруші 1-14,17-тармақтарды толтырады.

       * Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңның 26-бабында көзделген соманы енгізбеу жолымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жағдайда 1-17-тармақтар толтырылады.

      * сот шешімі бойынша өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізген жағдайда 14,15,16-тармақтар толтырылмайды.


Мемлекеттік сатып алу саласында
тізілімдерді қалыптастырудың және
оларды жүргізудің қағидаларына
 4-қосымша

Нысан

 


Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі

Жосықсыз өнім беруші туралы ақпарат

Тапсырыс беруші туралы ақпарат

Өткізілген сатып алу туралы мәліметтер

Өнім берушінің атауы

Өнім берушінің елі

БСН, ЖСН  (РФ үшін – СТС, ДЖШСН,БР үшін – ТЕН, РН)

Тапсырыс берушінің атауы

Тапсырыс берушінің елі

БСН, ЖСН (РФ үшін – СТС, ДЖШСН, БР үшін – ТЕН, РН)

Сатып алу тәсілі

Веб-порталдағы сатып алу туралы хабарламаның нөмірі

Сатып алуды хабарлау күні

Сатып алу қорытындыларын жасау күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10












      кестенің жалғасы

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың тізіліміндегі шарт нөмірі

Шарттың әлеуетті өнім берушіге қол қоюға жіберілген күні

Өнім берушінің шартқа қол қою үшін мерзімінің бітетін күні

Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу үшін мерзімнің бітетін күні

(Әлеуетті) өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушысы деп тану негізі

11

12

13

14

15







      кестенің жалғасы

Сот шешімі/уәкілетті органның шешімі туралы мәліметтер

Тізілімнен алып тастау күні

 

Соттың/Уукілетті органның атауы

Соттың/уәкілетті органның шешімінің нөмірі

Соттың/уәкілетті органның шешімінің күні

Сот шешімінің заңды күшіне енген/уәкілетті орган шешімінің заңды күшіне енген күні

 

16

17

18

19

20

 






 




Мемлекеттік сатып алу саласында
тізілімдерді қалыптастырудың және
оларды жүргізудің қағидаларына
 5-қосымша

Нысан



Уәкілетті органның бұйрығы

      Бұйрық: №

       Уақыты: күні/айы/жылы

       "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12, 44-баптарына сәйкес, мемлекеттік сатып алудың қорытындылары бойынша:

      Сатып алу туралы хабарландыру нөмірі:

      Сатып алу тәсілі:

      Тапсырыс беруші қол қойған мемлекеттік сатып алу туралы шартты әлеуетті өнім берушіге қол қоюға жіберген күні: күні/айы/жылы

       "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленген өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қоюы үшін мерзімнің бітетін күні: күні/айы/жылы

       Не:

       Шартты жасасу күні: күні/айы/жылы

       "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңның 26-бабында көрсетілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімінің бітетін күні: күні/айы/жылы

      Тапсырыс беруші:

      Атауы:

      БСН:

      Мекенжайы:

      Телефоны:

 Бұйырамын:

       1. "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 1-тармағына сәйкес "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңда белгіленген мерзімде ______ тәсілмен жүргізілген №____сатып алу бойынша № ______ мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қоймауына/ не: ______ тәсілмен жүргізілген күні/айы/жылғы _____ лот бойынша "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңның 26-бабында көрсетілген соманы немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбеуге байланысты _________ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаудан жалтарды деп танылсын.

       2. "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңның 12-бабының 4-тармағы 2) тармақшасына, 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес_________ мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылсын.

      3. Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылар тізіліміне "Әлеуетті өнім беруші туралы мынадай мәліметтер енгізілсін:

Атауы/ТАӘ:


БСН/ЖСН:


Басшысының ТАӘ:


Басшысының ЖСН:


Құрылтайшының ТАӘ (құрылтайшылардың)/атауы:


Құрылтайшының (құрылтайшылары) БСН/ЖСН-і:


Мекенжайы:


Телефоны:



      4. Тізілімде болу мерзімін бұйрық бекітілген күннен бастап 24 ай етіп белгіленсін.

      5. Бұйрық қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

            Уәкілетті тұлға                            ТАӘ (қолы)


 

Мемлекеттік сатып алу саласында
тізілімдерді қалыптастырудың және
оларды жүргізудің қағидаларына
 6-қосымша

Нысан



Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізілімі

       _____________________________________________________________________

      (Мемлекеттік сатып алу алдын ала біліктілік іріктеуі арқылы конкурс

      тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін

      қызметтердің тізбесіне сәйкес қызмет саласы)


Білікті әлеуетті өнім беруші туралы ақпарат

Конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттары туралы мәліметтер

Тиісті қызмет саласындағы жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтер

 Әлеуетті өнім берушінің атауы

Әлеуетті өнім берушінің елі

БСН, ЖСН (РФ – үшін СТС, ДЖШСН, БР үшін – ТЕН)

Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атауы

Уақытша кезеңі (тауарды жеткізген күні, қызметті көрсеткен жылы және айы, жұмысты аяқтау жылы, айы)

Шарттың сомасы

1

2

3

4

5

6








      кестенің жалғасы

Конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттары туралы мәліметтер

Тізілімге енгізу және алып тастау күні

 

Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес берілген ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң стандарттарына сәйкестікті растайтын құжаттар туралы мәліметтер

 

ұлттық немесе үкіметтік емес стандарттарына ерікті түрде ұсынылатын тауарлар туралы

сапа менеджменті жүйесінің ұлттық стандартқа сәйкестігі

экологиялық менеджменті жүйесінің ұлттық стандартқа сәйкестігі

ұсынылған тауарлардың экологиялық таза өнім стандарттарына сәйкестігі

 

7

8

9

10

11

 




Мемлекеттік сатып алу саласында
тізілімдерді қалыптастырудың және
оларды жүргізудің қағидаларына
 7-қосымша

Нысан


Берешектің жоқ екендігі туралы анықтама

       Банктің атауы _______________________________________________________

      Банктің деректемелері _______________________________________________

      Банк (атауы) ___________ жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық

      Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі

      банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің үлгі

      шот жоспарына сәйкес (осы Банкте қызмет көрсетілетін заңды тұлғаның

      толық атауын, телефонын, мекенжайын көрсету керек) банк алдында

      анықтама берілген айдың алдындағы үш айдан артық созылған мерзімі

      өткен берешегінің жоқтығын растайды.

      Күні _____________ Қолы __________ МО (болған жағдайда)


 

Мемлекеттік сатып алу саласында
тізілімдерді қалыптастырудың және
оларды жүргізудің қағидаларына
 8-қосымша

Нысан



Біліктілігі туралы мәліметтер

      (жұмыстарды білікті әлеуетті өнім берушілерді біліктілік іріктеуге

      қатысу кезінде әлеуетті өнім беруші толықтырады)

       1. Растаушы құжаттардың (болған жағдайда толтырылады) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, әлеуетті өнім берушінің соңғы он бес жыл ішінде орындаған жұмыстарының (ұқсас, осындай) көлемі.

Жұмыстың атауы

Жұмысты орындау орны (объектінің орналасқан жері)

Тапсырыс берушінің атауы

Жұмысты аяқтау жылы, айы

Растаушы құжаттың атауы, күні және нөмірі

Шарттың құны, теңге








      2. Әлеуетті өнім беруші жұмыстарды орындау үшін қажетті растаушы қағаз құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, жабдықтың (тетіктердің, машиналардың) не ұқсас (қосымша) жабдықтың (тетіктердің, машиналардың) болуы туралы мәліметтерді көрсетеді.

Жабдықтардың (тетіктердің, машиналардың) атауы

Қолда бар бірліктердің саны

Жай-күйі (жаңа, жақсы, нашар)

Жеке меншік (меншік құқығын растаушы құжаттар қоса берілсін), жалға алынған (кімнен және жалға берушінің меншік құқығын растаушы құжаттар қоса берілсін)

Растаушы құжаттың атауы, күні және нөмірі








      3. Растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, еңбек ресурстары туралы мәліметтер.

Қызметкердің Т.А.Ә. (болған жағдайда) жеке куәлігінің электрондық көшірмесі қоса берілсін

Лауазымы

 Азаматтығы

Білімі туралы құжат бойынша біліктілігі (білімі туралы құжаттың электрондық көшірмесін қоса беру)

 

1





 

2





 





 




Мемлекеттік сатып алу саласында
тізілімдерді қалыптастырудың және
оларды жүргізудің қағидаларына
 9-қосымша

Нысан


 Біліктілігі туралы мәліметтер

      (көрсетілетін қызметтерді білікті әлеуетті өнім берушілерді

      біліктілік іріктеуге қатысу кезінде әлеуетті өнім беруші толықтырады)

       1. Растаушы құжаттардың (болған жағдайда толтырылады) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, әлеуетті өнім берушінің соңғы он бес жыл ішінде көрсеткен қызметтерінің (ұқсас, осындай) көлемі

Қызметтің атауы

Қызметті көрсеткен орны

Тапсырыс берушінің атауы

Қызметті көрсеткен жылы

Растаушы құжаттың атауы, күні және нөмірі

Шарттың құны, теңге








      2. Әлеуетті өнім беруші қызметті көрсету үшін қажетті растаушы қағаз құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, жабдықтың (материалдардың) не ұқсас (сол сияқты, қосымша) жабдықтың (материалдардың) болуы туралы мәліметтерді көрсетеді

Жабдықтың (материалдардың) атауы

Қолда бар бірліктердің саны (дана)

Жай-күйі (жаңа, жақсы, нашар)

Жеке меншік (меншік құқығын растаушы құжаттар қоса берілсін), жалға алынған (кімнен және жалға берушінің меншік құқығын растаушы құжаттар қоса берілсін)

Растаушы құжаттың атауы, күні және нөмірі








      3. Әлеуетті өнім беруші растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, қызметтерді көрсету мақсатында қажетті өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін білікті қызметкерлер туралы мәліметтерді көрсетеді.

р/с

 Қызметкердің Т.А.Ә. (болған жағдайда) жеке куәлігінің электрондық көшірмесі қоса берілсін

Осы конкурста сатып алынатын қызметтерді көрсету саласындағы жұмыс өтілі

Білімі туралы дипломы, куәлігі және басқа да құжаттары бойынша біліктілігі (мамандығы)

Мамандығы бойынша санаты, разряды сыныбы

 






 




Мемлекеттік сатып алу саласында
тізілімдерді қалыптастырудың және
оларды жүргізудің қағидаларына
 10-қосымша

Нысан



 Біліктілігі туралы мәліметтер

      (тауарларды білікті әлеуетті өнім берушілерді біліктілік іріктеуге

      қатысу кезінде әлеуетті өнім беруші толықтырады)


       1. Растаушы құжаттардың (болған жағдайда толтырылады) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, әлеуетті өнім берушінің соңғы он бес жыл ішінде жеткізген (өндірген) тауарларының (ұқсас, осындай) көлемі.

Тауардың атауы

Тапсырыс берушінің атауы

Тауарды жеткізген орны

Тауарды жеткізген күні

Растаушы құжаттың атауы, күні мен нөмірі

 Шарттың құны, теңге

 







 




 

Мемлекеттік сатып алу саласында
тізілімдерді қалыптастырудың және
оларды жүргізудің қағидаларына
 11-қосымша

Нысан


Білікті әлеуетті өнім берушілерді іріктеу жөніндегі біліктілік
комиссиясының құрамына жіберілетін кандидаттар
туралы мәліметтер


р/с №

Ұйымның атауы

Ұйымның БСН

Кандидаттың Т.А.Ә.

Лауазымы

Байланыс деректері (телефон)

Кандидаттың ЖСН

 








 








 








 



                                                                      

Мемлекеттік сатып алу саласында
тізілімдерді қалыптастырудың және
оларды жүргізудің қағидаларына
 12-қосымша

Нысан


Өтінімдерді ашу хаттамасы (нөмірі, күні)

       Өтінімді қабылдау мерзімі __________ бастап _________ дейін

Т.А.Ә.

Ұйымдағы лауазымы

Комиссиядағы рөлі






      Біліктілік іріктеуге қатысуға өтінімдерді мынадай әлеуетті өнім берушілер берді:

Өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН

Деректемелерi

Конкурстық құжаттама алынған күн мен уақыт







      Әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін ол ұсынатын құжаттардың болуы (болмауы) туралы ақпарат:

Өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН

Құжаттың атауы

Болу белгісі

 



                                                                      

 

Мемлекеттік сатып алу саласында
тізілімдерді қалыптастырудың және
оларды жүргізудің қағидаларына
 13-қосымша

Нысан


Біліктілік іріктеу хаттамасы (нөмірі, күні)

       Өтінімді қабылдау мерзімі __________ бастап _________ дейін

      Комиссияның құрамы:

Т.А.Ә.

Ұйымдағы лауазымы

Комиссиядағы рөлі










      Өтінімдер туралы ақпарат:

Өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / СЖН/ СЕН

Деректемелері

Өтінімді ұсыну күні мен уақыты

Тиісті қызмет саласындағы жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтер

Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атауы

Уақытша кезеңі (тауарды жеткізген күні, қызметті көрсеткен жылы және айы, жұмысты аяқтау жылы, айы)

Шарттың сомасы


















      Комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелері:

Әлеуетті өнім берушінің атауы (әлеуетті өнім берушілер тізбесі)

БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН

Т.А.Ә. лауазымы, комиссиядағы рөлі

Комиссия мүшесінің шешімі

Біліктілік талаптарына сәйкес келмеу себебі

Бас тарту себептеріне негіздеме

Әлеуетті өнім берішінің өтінімінде біліктілік талаптарына сәйкес келтіру үшін қажетті құжаттар тізбесі


















      Қабылданбаған өтінімдер:

Өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН)/СЖН/СЕН

Ауытқу себебі










      Тиісті біліктілік талаптарына сәйкес келетін өтінімдер:

 Өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН)/СЖН/СЕН








      Комиссия өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша ШЕШТІ:

Өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН

Деректемелері

Комиссияның шешімі

Тиісті қызмет саласындағы жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтер

Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атауы

Уақытша кезеңі (тауарды жеткізген күні, қызметті көрсеткен жылы және айы, жұмысты аяқтау жылы, айы)

Шарттың сомасы


















      кестенің жалғасы

Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес берілген ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң стандарттарына сәйкестікті растайтын құжаттар туралы мәліметтер

ұлттық немесе үкіметтік емес стандарттарына ерікті түрде ұсынылатын тауарлар туралы

сапа менеджменті жүйесінің ұлттық стандартқа сәйкестігі

 экологиялық менеджменті жүйесінің ұлттық стандартқа сәйкестігі

ұсынылған тауарлардың экологиялық таза өнім стандарттарына сәйкестігі