Электрондық актілер қойылмаған шарттарды іздеу үшін «Тапсырыс беруші» рөлімен Порталда авторизациялануы және «Жұмыс кабинеті» - «Менің шарттарым (Тапсырыс беруші)» бөліміне өтуі қажет.


Ашылған нысанда «Кеңейтілген іздеу» түймесін басу керек.

Ашылған нысанда «Электрондық актілер қойылмаған шарттар» сүзгісін таңдап, «Іздеу» түймесін басу керек. Егер жасалған электрондық актілері жоқ шарт болған жағдайда, Жүйе шарттың деректерін көрсетеді.