«Ашық конкурс», «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс», «Аукцион» тәсілімен сатып алу жарияланған сәттен бастап, ІМАД аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерінде «Тыңдау» қойындысындағы хабарландыруды қарау нысанында алдын ала шешімдерді бекіту мүмкіндігі бар.
Егер мемлекеттік сатып алу веб-порталында қорытынды хаттамасы жарияланғаннан кейін әлеуетті өнім берушілер шағым берген жағдайда, тыңдау рәсімі жүргізіледі. Алдын ала шешімдерді «Тыңдау» қойындысына орналастырған кезде, ол мемлекеттік сатып алу веб-порталының барлық пайдаланушыларына қарауға қолжетімді болады.
Ұйымдастырушыға арналған хабарландырулардың жобалары орналастырылған жағдайда, Жүйе «Басшы» рөлі бар пайдаланушының жеке кабинетіне хабарландыру жібереді.
Жүйе «Тыңдау» қойындысында «Алдын ала шешімдер» бөлімінде талқылау үшін орналастырылған жобалардың тізімін көрсетеді.
Сатып алуға қатысушылар алдын ала шешімнің жобасы бекітілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы келіспейтіні туралы өз ұстанымын білдіре алады, Жүйе «Басшы» рөлі бар пайдаланушы үшін «Тыңдау» қойындысында «Хабарлама құру» батырмасын көрсетеді.
«Хабарлама құру» батырмасын басқанда, Жүйе хабарлама құру нысанын ашады.
Алдын ала шешімнің жобасы таңдалған жағдайда Жүйе хабарландырулардың жобалары бекітілген шағым жасалған сатып алу лоттарының тізімін көрсетеді.
Нысан жолдарын толтырғаннан кейін және файлды тіркеу қажет болса, «Сақтау» батырмасын басу қажет.
Бұдан әрі хабарламаны жіберу үшін «Жіберу» батырмасын, хабарламаны жою үшін «Жою» батырмасын басу қажет, бұл жағдайда Жүйе барлық енгізілген деректерді жояды.
Жүйе барлық жіберілген хабарламаларды «Сатып алуға қатысушылардың алдын ала шешімге позициялары» бөлімінде көрсетеді. Бұл хабарламалар мемлекеттік сатып алу веб-порталының барлық пайдаланушыларына қарауға қолжетімді болады.
Назар аударыңыз! Талқылау мерзімі аяқталғаннан кейін – яғни алдын ала шешім жобасы орналастырылған күннен бастап екі жұмыс күнінен кейін «Хабарлама құру» батырмасы қолжетімсіз болады.
Тыңдау рәсімінің нәтижелері бойынша ІМАД қызметкерлері шағым жасалған лоттар бойынша тыңдау хаттамаларын жариялайды, олар мемлекеттік сатып алу веб-порталының барлық пайдаланушыларына жүктеп алу үшін қолжетімді болады.