Есепті іздеу және қарау

Есепті қалыптастыру

Тапсырыс беруші рөлі бар пайдаланушы есепті құру үшін пайдаланушы «Жұмыс кабинеті» мәзіріндегі Ерекше тәртіпті қолдана отырып, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың тоқсан сайынғы есебі бөліміне кіруі қажет.

«Ерекше тәртіпті қолдана отырып тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың тоқсан сайынғы есебі» бөліміне ауысқан кезде пайдаланушыға оның ұйымына жататын есептердің тізімі ашылады.

Есепті іздеу және қарау

Бөлімде пайдаланушыға қажетті есепті іздеу үшін сүзгі қолжетімді. 

Есепті іздеу үшін міндетті өлшемшарттар жоқ, пайдаланушы бір мезгілде бір немесе бірнеше өлшемшарттарды таңдап, «Табу» әрекетін баса алады.

«Есептер тізімі» жолдарының сипаты 

Жолдың атауы

Сипаты

1

Есеп туралы мәлімет

1.1

Есептің №

Жүйеде автоматты түрде толтырылады

1.2

Статусы

Автоматты түрде толтырылады, мынадай статустары бар:

  • Жоба
  • Қалыптастырылды
  • Бекітілді
  • Өзекті емес

2

Өлшемшарт


2.1

Қаржылық жыл

Есеп қалыптастырылатын қаржы жылы. Қолмен толтырылады. Мән ашылмалы тізімнен таңдалады

2.2

Тоқсан

Есеп қалыптастырылатын тоқсан. Қолмен толтырылады. Мән ашылмалы тізімнен таңдалады.

3

Статустары


3.1

Жоба

Статусқа ауысады, «Сақтау» әрекетін басқаннан кейін пайдаланушы жоюы тиіс, қалыптастырылғанға дейін өңделуі тиіс

3.2

Қалыптастырылды

Статусқа ауысады, «Қалыптастыру» әрекетін басқаннан кейін, пайдаланушы жоюы тиіс, өңделмейді

3.3

Бекітілді

Статусқа ауысады, «Қол қою» әрекетін басқаннан кейін, пайдаланушы жоюы тиіс, өңделмейді

Егер бұрын «Бекітілді» статусында есеп болған жағдайда, жүйе алдыңғы есептің статусын «Өзекті емес» статусына ауыстырады, жаңа есепке «Бекітілді» статусы беріледі

3.4

Өзекті емес

Тарих үшін сақталады. Егер «Бекітілді» статусында бұрын бекітілген есеп болған жағдайда, жүйе алдыңғы «Бекітілді» статусын «Өзекті емес» статусына ауыстырады, жаңа есепке «Бекітілді» статусы беріледі

4

Функциялары


4.1

Есеп құру

Әрекет жаңа есепті қалыптастыру бетіне қайта бағыттайды

4.2

Жою

Әрекет «Жоба», «Қалыптастырылды» статусында қолжетімді

4.3

Қарау

Әрекет «Қалыптастырылды», «Бекітілді», «Өзекті емес» статусында қолжетімді

Қалыптастырылған есеп бетіне қайта бағыттайды

Пайдаланушы «Қалыптастырылды», «Бекітілді», «Өзекті емес» статусындағы есеппен танысу үшін «Қарау» әрекетін басуы қажет



Есепті қалыптастыру

Пайдаланушы есеп құру үшін «Есеп құру» батырмасын басуы керек.

Пайдаланушы есепті қалыптастыру нысанында:

Пайдаланушы Есепті толтырғаннан кейін «Сақтау» батырмасын басуы қажет. Жүйе «Жоба» статусымен көрсетілген өлшемшарттар бойынша есепті қалыптастырады.

Ескертпе: 

«Жиыны» жолын есептеу - бағанның барлық жолдары қосылады

Шартты жеңілдік бағанын есептеу = (Сатып алу жоспарында бекітілген сома конкурс + (қосылады) Сатып алу жоспарында бекітілген сома бір көз) - (алынады) (Шарт бойынша сома конкурс + (қосылады) Шарт бойынша сома бір көз)

Назар аударыңыз! «Жыл ішінде барлығы» жолы есепті бекіту бірізділігіне қарамастан, «Бекітілді» статусындағы жыл ішіндегі барлық есептерді жинақтайды. Жол pdf.есепте көрсетілмейді.

Ары қарай пайдаланушы ЭЦҚ арқылы есепке қол қоюы қажет.

Қол қойылғаннан кейін жүйе есептің баспа нысанын қалыптастырады және есептің статусын «Бекітілді» деп ауыстырады.

Ескертпе: Егер «Бекітілді» статусында бұрын бекітілген есеп болған жағдайда, жүйе алдыңғы «Бекітілді» статусын «Өзекті емес» статусына ауыстырады, жаңа есепке «Бекітілді» статусын береді