Сатып алуды іздеу үшін жалпыға қолжетімді «Сатып алу» - «Лоттарды іздеу» немесе «Хабарландыруларды іздеу» бөліміне өту қажет.

«Лоттарды іздеу» бөлімінде сүзгінің көмегімен тапсырыс берушінің БСН, лоттардың атауы немесе ТЖҚК бойынша, тәсіл бойынша және т.б. лоттарды іздеу функционалын пайдалануға болады. Ол үшін іздеу параметрлерін көрсетіп, «Табу» батырмасын басу қажет.

«Хабарландыруларды іздеу» бөлімінде берілген параметрлер бойынша да іздеуге болады.

Егер сатып алудың барлық түрлері үшін «Хабарландырудың қазақ және орыс тілдеріндегі атауы» жолдарында:

- үш сөзден кем көрсетілген болса,

- бір сөзде кириллица мен латын әріптері болса,

- арнайы символдар пайдаланылған болса, Жүйе хабарландыру жобасын сақтауға және келесі қадамға көшуге мүмкіндік бермейді.