Сатып алуды іздеу


Конкурстық өтінім беру үшін Өнім беруші талап етілетін сатып алуды іздеуді жүзеге асыруы қажет. Ол үшін жеке кабинеттің бастапқы бетінде «Жұмыс кабинеті» мәзіріне өтіп, «Хабарландыруларды іздеу» бөлімін таңдауы талап етіледі.



Экранда Сатып алу беті бейнеленеді. Талап етілетін сатып алуды іздеу фильтрлер жинағы көмегімен жүзеге асыруға болады, ол үшін «Іздеуді көрсету» батырмасына басу қажет. Іздеудің қандай да бір немесе бірнеше критерийін көрсетіп, «Табу» батырмасына басу жеткілікті. Егер іздеу критерийін өзгерту талап етілсе, «Іздеу параметрлерін алып тастау» батырмасына басу қажет.



Іздеу нәтижесі шыққаннан кейін сатып алу туралы ақпаратты қарау үшін «Хабарландырудың аты» жолындағы белсенді сілтемеге басу қажет.


Таңдаулылар

Ыңғайлы болу үшін керекті хабарландыруларыңызды «Таңдаулылар» тізіміне қосуға болады. Ол үшін барлық хабарландыруларды көру формасында «Хабарландыру аты» уяшығының жоғарғы оң жақ бұрышындағы жалаушыға белгі қойыңыз.


 

Жалаушаға басқан кезде, жалауша қызғылт сары түске толтырылады, яғни бұл хабарландыру «Таңдаулылар» бөліміне қосылған дегенді білдіреді.


«Таңдаулыларға» қосылған хабарландыруларды көру үшін «Таңдаулылар» бөліміндегі «Хабарландырулар» бөліміндегі мәзір жолына өту керек:

 


 немесе жоғарғы оң жақ бұрышта ТАЖ гиперсілтемесіне басып, «Таңдаулылар» бөлімін таңдаңыз:

  


Таңдалған жарнаманы жою үшін, құсбелгіні алып тастау керек.

 

Хабарландыруды қарау

 

Хабарландыруды қарау нысанда сатып алу мерзімдері, атауы, хабарландыру нөмірі, жариялану күні  туралы деректері болады.


«Жалпы мәліметтер» қосымша бетінде сатып алу туралы жалпы ақпарат, Ұйымдастырушы және конкурстық комиссияның құрамы туралы мәліметтер көрсетіледі.

«Лоттар» қосымша бетінде хабарландыру бойынша лоттардың тізімі көрсетіледі, барынша егжей-тегжейлі қарау үшін лот нөмірінің белсенді сілтемесіне басу қажет.


«Құжаттама» қосымша бетінде құжаттардың тізімі көрсетіледі.


Құжат үлгісін қарау үшін құжат атауының белсенді сілтемесіне басу қажет.

Конкурсқа қатысуға міндетті құжаттарда «Иә» белгісі болады.

Қалыптастырылған құжатты қарау үшін «Өту» батырмасына басу қажет. ЭСҚ қол қоюшы туралы ақпараты және файлды жүктей алатын сілтемесі бар нысан көрсетіледі.

 

Талқылау

 

Өнім беруші жариялану күнінен бастап, 5 күн ішінде конкурстық құжаттама ережелердің түсіндірмесін немесе конкурстық құжаттама жобасына ескертулеріне сауал жіберуге құқылы, бұл кезде хабарландыру мәртебесі «Жарияланған» болып, талқылау жүргізу мерзімі аяқталмаған болуы керек.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құжаттама ережелерін талқылау функционалы қол жетімсіз болады:

-       егер қайталап сатып алулар жүргізілсе;

-       егер барлық лоттар хабарладыруда «ТЭН және ЖСҚ-мен жұмыс» белгісіне ие болса.

Сауалды жіберу үшін хабарландыруды қарап шығу нысанда «Өнім беруші» рөлді пайдаланушыға «Құжаттаманың ережелерін талқылау» қосымша бетіне өту қажет.



«Хабарлама алуға жазылу» батырмасын басқанда, Жүйе жеткізушіге аталмыш сұратуға басқа жеткізушілермен сауал жіберу туралы хабарлама алуға жазылу мүмкіндігін береді.

«Хабарлама алудан бас тарту» батырмасын басқанда, Жүйе жеткізушіге басқа жеткізушілермен сауал жіберу туралы хабарлама алудан бас тартуға мүмкіндік береді.

«Хабарлама жасау» батырмасына басқаннан кейін келесі нысан көрсетіледі

 

Осы нысан мынадай жолақтар мен басқару элементтерін қамтиды:

Жолдың атауы

Сипаттамасы

Сауал типі

Қолмен толтырылады. Мынадай мәндер таңдап алынады:

КҚ түсіндіру туралы сұрату;

  КҚ-ге қойылатын ескерту;

Сауал тақырыбы

Қолмен толтырылады

Сауал мәтіні

Қолмен толтырылады

Жіберу

Батырманы басқанда Жүйе міндетті жолдардың толтырылғанына тексеру жүргізеді.

Егер тексеру сәтті өтсе, Жүйе:

Сауалды сақтайды және сауал жіберу күні мен уақытын тіркейді, Хатшының, Тапсырыс беруші мен Ұйымдастырушының жеке кабинетіне сауалдың келіп түскендігі туралы хабарлама жібереді.

Бас тарту

Батырмаға басқан кезде Жүйе мынадай хабарламаны көрсетеді: «Сіз шынымен де іс-әрекетті жойғыңыз келе ме?», бұл әрекетті растаған кезде, Жүйе «Сауалды қалыптастыру» модальді терезені енгізілген деректерді сақтамастан жабады және «Құжаттаманы талқылау» қосымша бетін көрсетеді.

 

Сауалды  жасағаннан және жібергеннен кейін, «Хабарламаны қарау» нысаны көрсетіледі.


Конкурстық өтінімді құру және беру

 

Өтінімді хабарландыру нысанында беру үшін қолжетімді іс-әрекетерден «Өтінімді құру» таңдау қажет.

Ескертпе: осы іс-әрекет өтінімдерді қабылдауды бастау күні келгенге дейін қолжетімді, бұл ретте хабарландырудың мәртебесі «Жарияланды (өтінімдерді қабылдау)» болуы тиіс.

 



Ашылған нысанда мәтінмен танысып, белсенді «Растаймын» дегенді белгілеп, «Ок» батырмасын басу қажет (толыққанды сипаттамасы 1.2.5 алдын ала рұқсат беру хаттамасын қайта қарау бөлігінде келтірілген).


Экранда өтінімді құру нысаны көрсетіледі. Өнім берушінің заңды мекенжайын және банкілік шотын көрсету қажет.


 

Ескертпе: Егер «Консорциум болып табыламын» белгісін көрсеткен жағдайда, «Міндеттілік» жолындағы міндетті құжаттарды тіркеу қадамында, «Консорциалдық келісім» құжатына қарама қарсы жүйе «Міндетті» белгісін қояды.

Келесі қадамға өту үшін «Әрі қарай» батырмасына басу қажет. Сатып алуға қатысуға арналған лоттарды қосу нысаны көрсетіледі.

 Егер сатып алу мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері арасында жүргізілсе, Жүйе сатып алуға консорциумдардың қатысуын шектейді. «Өтінімді құру» қадамында жүйе үнсіз келісім бойынша «Консорциум болып табылмаймын» белсенді жолын бейнелейді,  және «Консорциум болып табыламын» дегенді таңдауға жол бермейді.


 

Өтінім жобасын жою және редакциялау

Өтінімдерді қарап шығу үшін «Жұмыс кабинеті» - «Менің өтінімдерім» бөліміне өтуіңіз қажет.

 


Өтінімді іздеуді фильтрлер жиынтығы көмегімен орындауға болады, ол үшін «Фильтрді көрсету» батырманы басу қажет.

Өтінімді жою  пиктограмма көмегімен, ал редакциялануы  пиктограмма көмегімен орындалады.


Сатып алуға қатысу үшін лоттарды қосу

Өнім беруші «Сатып алуға қатысу үшін лоттарды қосу» нысанында талап етілетін лотты (тарды) белгілеуі және «Таңдалғанды қосу» батырмасына басу қажет. Бұдан кейін «Әрі қарай» батырмасына басыңыз.

Жүйе «Таңдап алынғанды қарап шығу» қосымша бетіне өтуді жүзеге асырады. Таңдап алынған лотты жою қажеттілік туындаған жағдайда талап етілетін лотты қанатбелгімен белгілеген және «Өтінімнен лоттарды жою» батырмасына басу қажет, ал қосымша лотты өтінімдер жобасына қосу қажет болған жағдайда «Лоттар» қосымша бетіне өтіп, және лотты таңдауды жүзеге асырған жөн.


Келесі бетке көшу үшін «Әрі қарай» батырмасына басу қажет.

«Бұдан әрі» батырмасын басқан кезде Жүйе  егер сол бір лотта оның бас ұйымы, филиалы қатысса, әлеуетті өнім берушіні (филиалды, бас ұйымды) тексеруді жүзеге асырады.  

Тексеру мынадай жағдайларда белгіленген: 

- егер бас ұйымнан өтінім берілсе және бас ұйымның филиалы өтінімді жасамақ болса;

- егер филиалдан өтінім берілсе және осы филиалдың бас ұйымы өтінімді  жасамақ болса;  - егер филиалдан өтінім берілсе және  осындай бас ұйыммен филиал өтінімді жасамақ болса. 

Тексеру өтпейтін болған жағдайда, Жүйе келесі қадамға өту мүмкіндігінсіз қатенің мәтіні көрсетеді. 

Сатып алуға қатысу үшін міндетті құжаттарды бекіту 

Назар аударыңыз! Әрбір тіркелетін қосымшаның көлемі 20мб-дан аспауы қажет.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Салық берешегі және міндетті зейнетақылық жарналар, міндетті кәсіби зейнетақылық жарналар және әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі туралы мәліметтерді өнім берушінің өтініміне тіркелмейді, осыған байланысты бұл құжат «Құжаттама» қадамында жойылған. Алайда, «Өтінімді алдын ала қарап шығу» қадамында өнім берушімен өтінімді беру кезде, Жүйе жеке кабинетінде соңғы 24 сағат ішінде ОСШД АЖ-мен салық берешегі бар болуы және міндетті зейнетақылық жарналар, міндетті кәсіби зейнеақылық жарналар және әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар болуы туралы мәліметтердің бар болуын тексереді.  Бар болған жағдайда, Жүйе бір теңге және одан да жоғары көлемде салық берешегі бар болуы және міндетті зейнетақылық жарналар, міндетті кәсіби зейнеақылық жарналар және әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар болуы туралы мәліметтердің бар болуын тексереді.

 

Егер Өнім берушінің салық берешегі және міндетті жарналар бойынша берешегі болмаса, немесе төлеу мерзімін ұзарту келісімі бар болса, онда Жүйе лотқа (тарға) көрсетілген баға ұсынысы сомасымен келісімін растау туралы нысанын бейнелейді.

Егер Өнім берушіде салық берешегі және міндетті төлемдер бойынша берешегі, немесе төлеу мерзімін ұзарту келісімі бар болса, онда Жүйе қате туралы хабарландыруды бейнелейді. Осыған байланысты өтінім беру күні жеке кабинетте  салық берешегі туралы өзекті мәліметтерді сұрастыру қажет («Жеке кабинеттегі салық берешегі туралы мәліметтерге сауал беру» бөлімінде қара).

Егер сатып алуға қатысу үшін өнім беруші қандай да бір құжатты ұсыну қажет болған жағдайда, «Міндеттілік» бағанында «Міндетті» белгісі қойылатын болады.

 


Егер құжаттаманың қандай да бір бөліміне файлдарды тіркеу талап етілген жағдайда, құжаттардың жалпы тізімінде құжаттың атауы белсенді сілтемесіне басу қажет. Файлды тіркеу үшін бейнеленген терезеден «Файлды таңдаңыз» батырмасына басу талап етіледі. Қосымша файлдар «Файлды қосыңыз» батырмасының көмегімен қосылады.


Осы файлға қол қойып, одан кейін «Сақтау» батырмасына басыңыз. Құжаттардың тізіміне қайтарылу үшін «Құжаттардың тізіміне қайтару» батырмасына басу керек.

Конкурсқа қатысу туралы келісімді жасау

Конкурсқа қатысу туралы келісімді жасау және қол қою үшін құжаттардың жалпы тізіміндегі 4-қосымша (Қатысу туралы келісім) сілтемесіне басу қажет.

 

 

Келісім қазақ және орыс тілдерінде бейнеленеді. «Келісіммен танысу» және «Келісімді қабылдау» батырмасына басу қажет.

 

Жүйеде PDF форматындағы файл қалыптастырылады. Келісімді қарау үшін файлдың белсенді сілтемесіне басу қажет, қол қою үшін «Қол қою» батырмасына басу қажет.

 


Техникалық ерекшелікті қалыптастыру

Техникалық ерекшелікті қалыптастыру үшін, құжаттардың жалпы тізімінде «3 Қосымша (Техникалық ерекшелік)» белсенді сілтемені басу қажет.

 

Лоттар тізбесі көрсетіледі. Әрбір лот бойынша техникалық ерекшелік жеке толтырылады. Толтыру үшін «Техникалық ерекшелік» бағанындағы  «қосу» сілтемесін басу қажет. 

 

Ескертпе: Жүйе сатып алу мәнінің барлық түрлері бойынша  «Техникалық ерекшелікке толықтыру» менюінде қосымша файлдарды қоса тіркеуге мүмкіндік береді. 

Ашылған терезеде «Тауар» мәні түрімен сатып алуда мынадай нысан көрсетіледі. 


Толтырғаннан кейін техникалық ерекшелікті сақтау және бекіту талап етіледі.

Техникалық ерекшелікті бекіткеннен кейін бекіту туралы хабарлама бейнеленеді.

 


Қалыптастырылған техникалық ерекшелікке қол қою қажет. Қол қою «Қол қою» батырмасы көмегімен орындалады. Қажет болған жағдайда техникалық ерекшелік «Техникалық ерекшелікті жою» батырмасы көмегімен жойылу мүмкін. 

Қалыптастырылған файлды белсенді сілтемеге басып, жүктеуге және қарап шығуға болады.

Ескерту: Егер сатып алу нысанының түрі Жұмыс немесе Қызмет болып табылса, онда Тапсырыс берушінің техникалық сипаттамасы Өнім беруші тарапынан қосымша құжаттарды редакциялау және қосу мүмкіндігінсіз өнім берушінің өтініміне көшіріледі. Көшірілген техникалық сипаттамаға қол қою керек.


Өтінімді қамтамасыздандыруды ұсыну

 Өнім беруші өтінімдерді қамтамасыз етуді беру үшін құжаттардың жалпы тізімінен «8-қосымша (өтінімді қамтамасыз ету. Не кепілдік ақша жарнасы)» бөлімін таңдау қажет.


Жүйеде лоттар тізімі көрсетіледі, лоты бар жолдан «Қарау» батырмасына басу қажет.


Бұдан әрі қосылатын құжаттың түрін түсірмелі тізімнен таңдау қажет:

 Электрондық банк кепілдігі;

 Төлем тапсырмасы/банк кепілдігі (электрондық көшірмесі).


«Файлды таңдаңыз» батырма көмегімен құжатты тіркеу қажет.

Назар аударыңыз! Әрбір тіркелетін қосымшаның көлемі 20мб-дан аспауы қажет.

 

Тауарларды сатып алу кезіндегі өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер

 Өнім берушінің біліктілігі туралы деректерді қосу үшін құжаттарды тіркеу нысанында «7-қосымша (Тауарларды сатып алу кезіндегі Өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер)» белсенді сілтемесіне басу қажет.

 


Лоттың тізімі бар нысан көрсетіледі.

Назар аударыңыз! Тауарды жеткізу (өндіру) жұмыс тәжірибесі жоқ болған жағдайда, Жүйе, егер «Лот бойынша деректер жоқ» мәртебесі орнатылса, бос қосымшаны қалыптастырып, тауарды сатып алу кезде біліктілік туралы мәліметтерсіз өтінімді беруге  мүмкіндік береді.

«Деректер жоқ» мәртебесін толтыру үшін, «Лотты таңдау» бағанда тауарды жеткізу (өндіру) жұмыс тәәжірибесі жоқ лотты немесе бірнеше лотты таңдау қажет. «Таңдалған лоттар бойынша қол жетімді әрекеттер» бөлімінде «Деректер жоқ» мәнін таңдап, «Қолдану» батырмасын басу қажет.


Қолданғанынан кейін, Жүйе таңдалған лоттар бойынша мәртебені «Лот бойынша деректер жоқ» дегенге ауыстырады.


 

Лот туралы деректерді толтыру үшін, «Әрекеттер» бағанда редакциялау пиктограммасына басу қажет.


Одан әрі «Жеткізілген (өндірілген) тауарлар бойынша деректер» қосымша бетімен нысан бейнеленеді.

Деректерді қосу үшін   пиктограммаға басу қажет.

«Жеткізілген (өндірілген) тауарлар бойынша деректер» нысанында тауарлар, жеткізу орны, Тапсырыс беруші және растау құжаты туралы ақпаратты толтыру қажет. Ақпаратты сақтау үшін, «Сақтау» батырмасын басып, «Қайта оралу» батырмасын басу қажет.


Ескертпе: «Тапсырыс беруші» бөлімінде «Атауы» жолы егер Тапсырыс беруші жүйеде тіркелген жағдайда батырмаға басқаннан кейін автоматты түрде толтырылуы мүмкін. Бұл ретте «ЖСН/БСН» жолы Тапсырыс берушінің ЖСН/БСН дұрыс мәнімен толтырылуы тиіс.

Жодарды толтырғаннан кейін «Сақтау» батырмасына басып, одан соң «Қайта оралу» батырмасына басу қажет.

«Жеткізілген (өндірілген) тауарлар бойынша деректер» нысанында деректер сақталғаннан кейін файлды редакциялау және жою мүмкіндігі қол жетімді болады.

 пиктограмманың көмегімен басқа тауар бойынша деректерді қосуға болады.


«Жұмыстарды сатып алу кезде біліктілік туралы мәліметтер» нысанына ауысу кезде «Қайта оралу» батырмасын басу қажет.

«Әрбір лот бойынша біліктілік туралы мәліметтерді толтыру» бөлімінің «Мәртебе» бағандағы бейнеленген нысанда, Жүйе мәліметтерді толтыру сатысымен әрбір лот бойынша ақпаратты бейнелейді.

-       Егер мәліметтер толтырылмаса, «Деректер толтырылмады» мәртебесі бейнеленеді.

-       Егер деректер жартылай толтырылған болса, «Деректер жартылай толтырылған» мәртебесі бейнеленеді.

-       Егер деректер толығымен толтырылса, «Деректер толтырыды» мәтебесі бейнеленеді.


«Файлды таңдаңыз» батырмасы көмегімен, бар болған жағдайда, растау құжаттарын қоса тіркеуге болады. Тіркелген файлдарға қол қойып, сақтау қажет.

Назар аударыңыз! Әрбір тіркелетін қосымшаның көлемі 20мб-дан аспауы қажет.


Назар аударыңыз! Растау құжаттарын қосымшаны қалыптастыруға дейін тіркеуге болады. Егер қосымша қалыптасқан болса, онда «Қосымшаны жою» батырма көмегімен қосымшаны жою қажет, Жүйе растау құжаттарын тіркеуге немесе мәліметтерді редакциялауға  рұқсат береді.

Қосымшаны қалыптастыру үшін «Қосымшаны қалыптастыру» батырмасын басу қажет.

Назар аударыңыз! Егер барлық лоттар бойынша «Мәртебе» бағанында «Деректер толтырылған» немесе «Лот бойынша деректер жоқ» мәні  орнатылса, қосымшаны қалыптастыруға мүмкіндік береді (егер тауарды жеткізу (өндіру) жұмыс тәжірибесі жоқ болса).


Қосымшаны қалыптастырғанынан кейін, оған қол қою қажет. Қалыптасқан қосымшаға қол қою үшін «Қол қою» батырмасын басу қажет. Файлды жою үшін «Қосымшаны жою» батырмасына басу қажет.


Назар аударыңыз! Барлық немесе бірнеше лоттар бойынша қызметтерді сатып алу кезде біліктілігі туралы ұқсас немесе жекелей ұқсас мәліметті толтыру жағдайда, бірдей мәліметтерді қайта-қайта толтыра бермей үшін, бір лоттан екінші лотқа (тарға) деректерді көшіру қызметін пайдалану қажет. Ол үшін «Әрбір лот бойынша мәліметтерді толтырыңыз» бөліміндегі «Лотты таңдау» бағанында мәліметтерді көшіру қажет лоттарды таңдау қажет.



Одан әрі «Таңдалған лоттар бойынша қол жетімді әрекеттер» бөлімінде «Лоттан деректерді қою» мәнін таңдау қажет. «Лотты таңдау» бағанда белгіленген лоттарға деректерді көшіру қажет лотты таңдап, «Қолдану» батырмасын басу қажет. «Қолдану» батырмасы басылғанынан кейін, Портал деректерді көшіреді. Деректерді көшіргенінен кейін, Портал жеке әрбір лот бойынша көшірілген  мәліметтерді редакциялуға мүмкіндік береді.

Назар аударыңыздар! Осыған сәйкес сатып алуларда қатысуға оның алдында берген өтінімдерден жұмыстарды сатып алу кезде Өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерін көшіру қажеттілігі туындағанда, басқа сатып алудан мәліметтерді көшіру функционалын қолдану қажет. Ол үшін «Басқа сатып алудан мәліметтерді көшіру» батырма қолданылады.


 Ашылған нысанда, оның алдында  сатып алуға өтінімді берген, хабарландырудың нөмірін толтырып, «Табу» батырманы басу қажет.


«№ {оның алдында өтінім  берілген хабарландыру нөмірі} хабарландыру бойынша лоттан біліктілігі туралы мәліметтерді көшіру»  кестелеп ашылған нысанда, Жүйе Сіз қатысқан лоттарды бейнелейді. Деректерді көшіру қажет лотты таңдау қажет.


«№ {оның алдында өтінім  берілген хабарландыру нөмірі} хабарландыру бойынша лоттан біліктілігі туралы мәліметтерді көшіру» кестеде Жүйе Сіз өтінім беріп отырған, лоттарды бейнелейді. Оның алдындағы өтінімнен мәліметтер көшірілетін, лотты таңдау қажет. Алдындағы өтінімнен мәліметтері көшірілетін, лотты таңдау қажет. Егер бірнеше лоттарды көшіру қажет болса, онда бірнеше лотты таңдап алыңыз. Деректерді көшіру үшін «Қолдану» батырмасын басу қажет. Жүйе деректерді көшіріп, «Деректер толтырылған» деп лоттың мәртебесін өзгертеді.


Жүйе деректерді көшіріп, лоттың мәртебесін «Деректер толтырылған» дегенге өзгертеді.

Назар аударыңыз! Өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді Жүйе сатып алу тәсілі мен сатып алу нысан түрінің сәйкес келгенде ғана көшіруге мүмкіндік береді.

Назар аударыңыз! Егер әртүрлі өтінімдерден Өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді көшіру қажет болса, онда оларды кезекпен көшіру қажет, нақтылап айтқанда алдымен жаңа өтінімде қажетті лотқа бір өтінімнен көшіріп, одан кейін келесі өтінімнің нөмірін таңдап, жаңа өтінімде келесі лотты таңдау қажет.

 

Жұмыстарды сатып алу кезіндегі өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер

 Жұмыстарды сатып алу кезіндегі біліктілік туралы мәліметтерді қосу үшін құжаттарды тіркеу нысанында 5-қосымша (Жұмыстарды сатып алу кезіндегі өнім берушінің біліктіліг туралы мәліметтер) белсенді сілтемесіне басу қажет.


Ашылған нысанда лот туралы деректерді толтыру үшін «іс-әрекет» бағанасындағы редакциялау пиктограммасына басу қажет.

Бұдан әрі:

Назар аударыңыздар! «Жабдықтардың бар екіндігі туралы мәліметтер», «Еңбек қорлары туралы деректер» қосымша беттерінде мәліметтерді толтыру міндетті болып табылады. Осы қосымша беттер бойынша мәліметтерді толтырмайынша, Жүйе қосымшаны қалыптастыруға және өтінімді беруге жол бермейді. «Орындалған жұмыстар бойынша деректер» қосымша бетінде мәліметтерді толтыру міндетті болып табылмайды (орындалған жұмыстар бойынша тәжірибесі жоқ болғанда).

 

Назар аударыңыздар! «Орындалған жұмыстар бойынша деректер» қосымша бетінде мәліметтерді толтырмаған, бірақ «Жабдықтардың бар екіндігі туралы мәліметтер», «Еңбек қорлары туралы деректер»  қосымша беттерінде мәліметтерді толтырған  жағдайда, Портал «Мәртебе» бағанында «Деректер толтырылған» деп бейнелейді, өйткені «Орындалған жұмыстар бойынша деректер» қосымша беті толтыруға міндетті  болып табылмайды.

Орындалған жұмыстар бойынша деректерді қосу үшін, «Орындалған жұмыстар бойынша деректер» қосымша бетке өтіп,    пиктограммаға басу қажет.


«Орындалған жұмыстар бойынша деректер» нысанда мәліметтерді толтыру қажет. Мәліметтерді сақтау үшін «Сақтау» батырманы басып, одан кейін «Қайта оралу» батырма арқылы келесі терезе ауысуға болады.


Жабдықтардың бар болуы туралы мәліметтерді қосу үшін «Жабдықтардың бар екіндігі туралы мәліметтер»  қосымша бетке өтіп,    пиктограммаға басу қажет.

Ашылған нысанда мәліметтерді толтыру қажет. Мәліметтерді сақтау үшін, «Сақтау» батырмасы қолданылып, «Қайта оралу» батырмасы арқылы алдындағы терезеге өтуге болады.


Енгізілген деректер   пиктограмма көмегімен редакциялануы немесе  пиктограмма көмегімен жойылуы мүмкін. Қосымша мәліметтер   пиктограмма көмегімен қосылады.



 Еңбек қорлары туралы мәліметтерді қосу үшін, сәйкесінше қосымша бетке ауысып,    пиктограмманы басу қажет.


Ашылған нысанда толтыруға міндетті жолдарды толтыру қажет.


«Жүйеде «Тіркелмеген» батырмасы жүйеде тіркелмеген тұлға туралы мәліметті енгізуге арналған. Батырманы белсендендіру жағдайда келесі терезе бейнеленеді.


Мәліметтерді сақтау үшін «Сақтау» батырмасын пайдаланып, «Қайта оралу» батырмасы арқылы алдындағы терезеге өтуге болады.

Еңбек қорлары туралы мәліметтер   пиктограмма көмегімен редакциялануы немесе  пиктограмма көмегімен жойылуы мүмкін. Қосымша мәліметтер  пиктограмма көмегімен қосылады. 


Тиісті рұқсат (лицензия) болуы туралы мәліметтерді қосу үшін тиісті қосымша бетке өтіп, image2017-6-29_9-14-25.png пиктограммасын басу қажет.

Ашылған нысанда міндетті жолақтарды толтыру талап етіледі: Рұқсат (лицензия) атауы, Қызмет түрі, Ерекше шарттар (санат), Құжаттың берілген күні мен нөмірі.

Нысанды толтырғаннан кейін «Сақтау» батырмасын басу қажет.

«Жұмыстарды сатып алу кездегі біліктілік туралы мәліметтер» нысанына ауысу кезде «Қайта оралу» батырмасын басу қажет.

«Әрбір лот бойынша біліктілік туралы мәліметтерді толтыру» бөлімінің «Мәртебе» бағандағы бейнеленген нысанда, Жүйе мәліметтерді толтыру сатысымен әрбір лот бойынша ақпаратты бейнелейді.

-       Егер мәліметтер толтырылмаса, «Деректер толтырылмады» мәртебесі бейнеленеді.

-       Егер деректер жартылай толтырылған болса, «Деректер жартылай толтырылған» мәртебесі бейнеленеді.

-       Егер деректер толығымен толтырылса, «Деректер толтырыды» мәтебесі бейнеленеді.


«Файлды таңдаңыз» батырмасы көмегімен, бар болған жағдайда, растау құжаттарын қоса тіркеуге болады. Тіркелген файлдарға қол қойып, сақтау қажет.

Назар аударыңыз! Әрбір тіркелетін қосымшаның көлемі 20мб-дан аспауы қажет.


Назар аударыңыз! Растау құжаттарын қосымшаны қалыптастыруға дейін тіркеуге болады. Егер қосымша қалыптасқан болса, онда «Қосымшаны жою» батырма көмегімен қосымшаны жою қажет, Жүйе растау құжаттарын тіркеуге немесе мәліметтерді редакциялауға  рұқсат береді. 

Қосымшаны қалыптастыру үшін «Қосымшаны қалыптастыру» батырмасын басу қажет.

Назар аударыңыз! Егер барлық лоттар бойынша «Мәртебе» бағанында «Деректер толтырылған» мәні  орнатылса, қосымшаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.


Қосымшаны қалыптастырғанынан кейін, қалыптасқан қосымшаға қол қою қажет. Қалыптасқан қосымшаға қол қою үшін «Қол қою» батырмасын басу қажет. Файлды жою үшін «Қосымшаны жою» батырмасына басу қажет.


Назар аударыңыз! Барлық немесе бірнеше лоттар бойынша қызметтерді сатып алу кезде Өнім берушінің біліктілігі туралы ұқсас немесе жекелей ұқсас мәліметті толтыру жағдайда, бірдей мәліметтерді қайта-қайта толтыра бермей үшін, бір лоттан екінші лотқа (тарға) деректерді көшіру қызметін пайдалану қажет. Ол үшін «Әрбір лот бойынша мәліметтерді толтырыңыз» бөліміндегі «Лотты таңдау» бағанында мәліметтерді көшіру қажет лоттарды таңдау қажет.


Одан әрі «Таңдалған лоттар бойынша қол жетімді әрекеттер» бөлімінде «Лоттан деректерді қою» мәнін таңдау қажет. «Лотты таңдау» бағанында белгіленген лоттарға деректерді көшіру қажет лотты таңдап, «Қолдану» батырмасын басу қажет. «Қолдану» батырмасы басылғанынан кейін, Портал деректерді көшіреді. Деректерді көшіргенінен кейін, Портал жеке әрбір лот бойынша көшірілген  мәліметтерді редакциялуға мүмкіндік береді.

 


Назар аударыңыздар! Осыған сәйкес сатып алуларда қатысуға оның алдында берген өтінімдерден жұмыстарды сатып алу кезде Өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерін көшіру қажеттілігі туындағанда, басқа сатып алудан мәліметтерді көшіру функционалын қолдану қажет. Ол үшін «Басқа сатып алудан мәліметтерді көшіру» батырма қолданылады.


Ашылған нысандасатып алуға қатысуға оның алдында өтінім берілген,  хабарландыру нөмірін толтырып, «Табу» батырмасын басу қажет.


«№ {оның алдында өтінім  берілген хабарландыру нөмірі} хабарландыру бойынша лоттан біліктілігі туралы мәліметтерді көшіру»  кестелеп ашылған нысанда, Жүйе Сіз қатысқан лоттарды бейнелейді. Деректерді көшіру қажет лотты таңдау қажет.


«№ {оның алдында өтінім  берілген хабарландыру нөмірі} хабарландыру бойынша лоттан біліктілігі туралы мәліметтерді көшіру» кестеде Жүйе Сіз өтінім беріп отырған, лоттарды бейнелейді. Оның алдындағы өтінімнен мәліметтер көшірілетін, лотты таңдау қажет. Алдындағы өтінімнен мәліметтері көшірілетін, лотты таңдау қажет. Егер бірнеше лоттарды көшіру қажет болса, онда бірнеше лотты таңдап алыңыз. Деректерді көшіру үшін «Қолдану» батырмасын басу қажет.


Жүйе деректерді көшіріп, лоттың мәртебесін «Деректер толтырылған» дегенге өзгертеді.


Назар аударыңыз! Өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді Жүйе сатып алу тәсілі мен сатып алу нысан түрінің сәйкес келгенде ғана көшіруге мүмкіндік береді.

Назар аударыңыз! Егер әртүрлі өтінімдерден Өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді көшіру қажет болса, онда оларды кезекпен көшіру қажет, нақтылап айтқанда алдымен жаңа өтінімде қажетті лотқа бір өтінімнен көшіріп, одан кейін келесі өтінімнің нөмірін таңдап, жаңа өтінімде келесі лотты таңдау қажет.

 

Қызметтерді сатып алу кезіндегі өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер

Сатып алу кезіндегі біліктілік туралы мәліметтерді қосу үшін құжаттарды тіркеу нысанында 6-қосымша (Қызметтерді сатып алу кезіндегі өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер) белсенді сілтемесіне басу қажет


Ашылған нысанда лот туралы деректерді толтыру үшін «іс-әрекет» бағанасындағы редакциялау пиктограммасына басу қажет.


Бұдан әрі «өнім беруші көрсеткен қызметтердің көлемі», «жабдықтардың бар екендігі туралы мәліметтер», «білікті қызметкерлер туралы мәліметтер» қосымша беттері бар нысан көрсетіледі.

Назар аударыңыздар! «Жабдықтардың бар екіндігі туралы мәліметтер», «Білікті қызметкерлер туралы мәліметтер» қосымша беттерінде мәліметтерді толтыру міндетті болып табылады. Осы қосымша беттер бойынша мәліметтерді толтырмайынша, Жүйе қосымшаны қалыптастыруға және өтінімді беруге жол бермейді. «Өнім беруші көрсеткен қызметтердің көлемі» қосымша бетінде мәліметтерді толтыру міндетті болып табылмайды (өнім берушімен көрсеткен қызметтер тәжірибесі жоқ болғанда).

Назар аударыңыздар! «Өнім беруші көрсеткен қызметтердің көлемі» қосымша бетінде мәліметтерді толтырмаған, бірақ «Жабдықтардың бар екіндігі туралы мәліметтер», «Білікті қызметкерлер туралы мәліметтер»  қосымша беттерінде мәліметтерді толтырған  жағдайда, Портал «Мәртебе» бағанында «Деректер толтырылған» деп бейнелейді, өйткені «Орындалған жұмыстар бойынша деректер» қосымша беті толтыруға міндетті  болып табылмайды.

Өнім беруші көрсеткен қызметтердің көлемі туралы деректерді қосу үшін, «Өнім беруші көрсеткен қызметтердің көлемі» қосымша бетіне өту қажет.


Одан әрі деректерді     пиктограмма көмегімен қосуға арналған нысан бейнеленеді. Ашылған нысанда мәліметтерді тотырып, сақтау үшін «Сақтау» батырмасына, одан кейін «Қайта оралу» батырмасын басу қажет.


Енгізілген деректер  пиктограмма көмегімен редакциялануы немесе   пиктограмма көмегімен жойылуы мүмкін. Қосымша мәліметтер  пиктограмма көмегімен қосылады.


Жабдықтардың бар екіндігі туралы мәліметтерді қосу үшін, «Жабдықтардың бар екіндігі туралы мәліметтер» қосымша бетіне өту қажет.


Бұдан әрі  пиктограмма көмегімен деректерді қосуға арналған нысан ашылады. Ашылған нысанда мәліметтерді толтыру. Мәліметтерді сақтау үшін «Сақтау» батырмасына басып, одан кейін «Қайта оралу» батырмасын  пайдалану қажет.


Енгізілген деректер   пиктограмма көмегімен редакциялануы немесе  пиктограмма көмегімен жойылуы мүмкін. Қосымша мәліметтер  пиктограмма көмегімен қосылады.


 

Білікті қызметкерлер туралы мәліметтерді қосу үшін «Білікті қызметкерлер туралы мәліметтер» қосымша бетіне өту қажет.

Бұдан әрі  пиктограмма көмегімен деректерді қосуға арналған нысан ашылады.

Білікті қызметкерлер туралы мәліметтерді толтыруға арналған ашылған нысанда ЖСК бар қызметкерлердің ЖСК толтырып, «Табу» батырмасын басу қажет. Жүйе аты-жөні, азаматтығы, құжаттары туралы мәліметтерді автоматты түрде толтырады. Одан кейін жүйемен толтырылмаған қалған мәліметтерді толтыру қажет.

Мәліметтерді сақтау үшін «Сақтау» батырмасына басып, «Қайта оралу» батырмасына басу қажет.



ЖСК жоқ қызметкерлер туралы мәліметтерді толтыру үшін, «ҚР азаматы болып табылмайды (ЖСК жоқ)» батырмасын басып, ашылған нысанда мәліметтерді толтырып, «Сақтау» батырмасын басу қажет.

Енгізілген деректер   пиктограмма көмегімен редакциялануы немесе  пиктограмма көмегімен жойылуы мүмкін. Қосымша мәліметтер  пиктограмма көмегімен қосылады.


«Қызметтерді сатып алу кезіндегі біліктілігі туралы мәліметтер» нысанға ауысу үшін, «Қайта оралу» батырмасына басу қажет.

«Файлды таңдаңыз» батырмасы көмегімен, бар болған жағдайда, растау құжаттарын қоса тіркеуге болады. Тіркелген файлдарға қол қойып, сақтау қажет.

Назар аударыңыз! Әрбір тіркелетін қосымшаның көлемі 20мб-дан аспауы қажет.


Назар аударыңыз! Растау құжаттарын қосымшаны қалыптастыруға дейін тіркеуге болады. Егер қосымша қалыптасқан болса, онда «Қосымшаны жою» батырма көмегімен қосымшаны жою қажет, Жүйе растау құжаттарын тіркеуге немесе мәліметтерді редакциялауға  рұқсат береді. 

Қосымшаны қалыптастыру үшін «Қосымшаны қалыптастыру» батырмасын басу қажет.

Назар аударыңыз! Егер барлық лоттар бойынша «Мәртебе» бағанында «Деректер толтырылған» мәні  орнатылса, қосымшаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 


Қосымшаны қалыптастырғанынан кейін, қалыптасқан қосымшаға қол қою қажет. Қалыптасқан қосымшаға қол қою үшін «Қол қою» батырмасын басу қажет. Файлды жою үшін «Қосымшаны жою» батырмасына басу қажет.

 

 

«Әрбір лот бойынша біліктілік туралы мәліметтерді толтыру» бөлімінің «Мәртебе» бағандағы бейнеленген нысанда, Жүйе мәліметтерді толтыру сатысымен әрбір лот бойынша ақпаратты бейнелейді.

-       Егер мәліметтер толтырылмаса, «Деректер толтырылмады» мәртебесі бейнеленеді.

-       Егер деректер жартылай толтырылған болса, «Деректер жартылай толтырылған» мәртебесі бейнеленеді.



Назар аударыңыз! Барлық немесе бірнеше лоттар бойынша қызметтерді сатып алу кезде Өнім берушінің біліктілігі туралы ұқсас немесе жекелей ұқсас мәліметті толтыру жағдайда, бірдей мәліметтерді қайта-қайта толтыра бермей үшін, бір лоттан екінші лотқа (тарға) деректерді көшіру қызметін пайдалану қажет. Ол үшін «Әрбір лот бойынша мәліметтерді толтырыңыз» бөліміндегі «Лотты таңдау» бағанында мәліметтерді көшіру қажет лоттарды таңдау қажет.

Одан әрі «Таңдалған лоттар бойынша қол жетімді әрекеттер» бөлімінде «Лоттан деректерді қою» мәнін таңдау қажет. «Лотты таңдау» бағанында белгіленген лоттарға деректерді көшіру қажет лотты таңдап, «Қолдану» батырмасын басу қажет. «Қолдану» батырмасы басылғанынан кейін, Портал деректерді көшіреді. Деректерді көшіргенінен кейін, Портал жеке әрбір лот бойынша көшірілген  мәліметтерді редакциялуға мүмкіндік береді.


Назар аударыңыздар! Осыған сәйкес сатып алуларда қатысуға оның алдында берген өтінімдерден жұмыстарды сатып алу кезде Өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерін көшіру қажеттілігі туындағанда, басқа сатып алудан мәліметтерді көшіру функционалын қолдану қажет. Ол үшін «Басқа сатып алудан мәліметтерді көшіру» батырма қолданылады.


Ашылған нысанда, оның алдында  сатып алуға өтінімді берген, хабарландырудың нөмірін толтырып, «Табу» батырманы басу қажет.


«№ {оның алдында өтінім  берілген хабарландыру нөмірі} хабарландыру бойынша лоттан біліктілігі туралы мәліметтерді көшіру»  кестелеп ашылған нысанда, Жүйе Сіз қатысқан лоттарды бейнелейді. Деректерді көшіру қажет лотты таңдау қажет.


«№ {оның алдында өтінім  берілген хабарландыру нөмірі} хабарландыру бойынша лоттан біліктілігі туралы мәліметтерді көшіру» кестеде Жүйе Сіз өтінім беріп отырған, лоттарды бейнелейді. Оның алдындағы өтінімнен мәліметтер көшірілетін, лотты таңдау қажет. Алдындағы өтінімнен мәліметтері көшірілетін, лотты таңдау қажет. Егер бірнеше лоттарды көшіру қажет болса, онда бірнеше лотты таңдап алыңыз. Деректерді көшіру үшін «Қолдану» батырмасын басу қажет. Жүйе деректерді көшіріп, «Деректер толтырылған» деп лоттың мәртебесін өзгертеді.


Жүйе деректерді көшіріп, лоттың мәртебесін «Деректер толтырылған» дегенге өзгертеді.


Назар аударыңыз! Өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді Жүйе сатып алу тәсілі мен сатып алу нысан түрінің сәйкес келгенде ғана көшіруге мүмкіндік береді.

Назар аударыңыз! Егер әртүрлі өтінімдерден Өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді көшіру қажет болса, онда оларды кезекпен көшіру қажет, нақтылап айтқанда алдымен жаңа өтінімде қажетті лотқа бір өтінімнен көшіріп, одан кейін келесі өтінімнің нөмірін таңдап, жаңа өтінімде келесі лотты таңдау қажет.

 

Жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезінде тең орындаушылар) туралы мәліметтер

 Қосалқы мердігерлер туралы мәліметтерді қосу үшін құжаттарды тіркеу нысанында 10-қосымша (Жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезінде тең орындаушылар) туралы мәліметтер) белсенді сілтемесіне басу қажет


Ашылған нысанда лот туралы деректерді толтыру үшін «іс-әрекет» бағанасындағы редакциялау пиктограммасына басу қажет.


 

Бұдан әрі  пиктограмманың көмегімен деректерді қосу үшін нысан көрсетіледі


Ашылған нысанда ЖСН/БСН бар қосалқы мердігерлер туралы мәліметтерді толтыру үшін «ЖСН/БСН жоқ заңды тұлғаларға (жеке тұлғаларға) арналған» қосымша бетіне өту қажет.


ЖСН/БСН енгізіңіз және  батырмаға басыңыз.

Деректерді сақтау үшін «Сақтау» батырмасына басуыңыз қажет.


ЖСН/БСН бар қосалқы мердігерлер туралы мәліметтерді толтыру үшін «ЖСН/БСН жоқ заңды тұлғаларға (жеке тұлғаларға) арналған» қосымша бетіне өту қажет. Мәліметтерді толтыру және деректерді сақтау үшін «Сақтау» батырмасына басыңыз, одан кейін «Қайта оралу» батырмасына басыңыз.


«Файлды таңдаңыз» батырмасының көмегімен растау құжаттарды тіркеу қажет. Біліктілігі туралы мәлімет толтырылғаннан кейін «Қосымшаны қалыптастыру» батырмасына басу қажет. Файлды жасағаннан кейін қалыптастырылған файлға қол қою қажет. Файлға қол қою үшін «Қол қою» батырмасына басыңыз

Назар аударыңыз! Әрбір тіркелетін қосымшаның көлемі 20мб-дан аспауы қажет.


Екінші санаттағы рұқсаттарды сұрату және қосу

Өтінімге рұқсат берілген құжаттарды тіркеу үшін құжаттарды тіркеу нысанында «Рұқсаттар» белсенді сілтемесіне басу қажет. Тіркеу нысаны көрсетіледі. Егер қолданыстағы рұқсаттар (соңғы 24 сағат ішінде алынған) болса, рұқсат деректері бар жолға қанатбелгі қою арқылы талап етілетін рұқсатты таңдауды жүзеге асыру қажет. Тіркелген рұқсатты қарап шығу «Өтінімге тіркелген рұқсат құжаттары» қосымша бетінде жүзеге асырылады.


Егер қолданыстағы рұқсаттар болмаған жағдайда, «Рұқсат құжаттарды алу» батырмасына басу қажет.


Іздеуді фильтрлер жиынтығының көмегімен жүзеге асыруға болады. Рұқсатты жаңарту үшін «Жаңарту» батырмасына басуыңыз қажет. Жіберілген сұратулар «Рұқсат берілген құжаттар бойынша сұратулар» қосымша бетінде көрсетіледі.


«Өңдеуге жіберілді» рұқсатының мәртебесі сауалдың жіберілгенін және жүйеде өңделетіндігін білдіреді. «Өңделді» мәртебесі сауалдың орындалғанын білдіреді. Алынған рұқсаттар «алынған рұқсат құжаттары» терезесінен көрсетіледі.


Бірінші санаттағы рұқсатты сұрату және қосу (лицензиялар)

 Лицензияларды сұрату және қосу бойынша функционал рұқсаттарды қосу бойынша функционалға ұқсас орындалады.

Консорциалық келісімді қалыптастыру

Негізгі қатысушының әрекеті

«Жұмыс» сатып алу мәнінің түрімен «Ашық конкурс», «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен сатып алуға қатысу сатып алу тәсіліне өтінім құру сатысында «Консорциум болып табыламын» белгісі қойылса, онда «Консорциялық келісім» тарауы тым болмағанда бір лотты толтыру үшін міндетті болып табылады. 

Консорциалық келісімді қалыптастыру үшін құжаттар тізімінде Консорциалық келісім сілтемесін басу қажет.

Көрсетілген терезеде «Қосу» батырмасын басу қажет.

Ескертпе: Әрбір лот бойынша консорциалық келісім жеке қалыптасады

«Консорциалық келісім» тарауында енгізу нысаны және консорциалық келісім үлгісі көрсетіледі.

Негізгі қатысушыға «Басшы» рөлімен  қызметкерді таңдау қажет (таңдалған басшы ғана одан әрі консорциалық келісімге қол қоя алады), міндетті жолдарды толтыру: «Телефон», «Жарғы, куәлік (негізінде)», қатысушының салымын қосу және деректерді сақтау. 

Деректерді сақтағаннан кейін консорциумға қатысушыларды қосу талап етіледі. Қатысушылардың ең көп саны - 7.

Қатысушыларды іздеуді Ұйымның БСН бойынша жүргізу талап етіледі. 

Қатысушыларды қосқан кезде Жосықсыз қатысушылар тізілімінен (бұдан әрі – ЖҚТ) және Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен (бұдан әрі – ББТ) таңдалған ұйымға тексеру жүргізіледі.  Қатысушы ЖҚТ-да немесе ББТ-да тұрған жағдайда, Жүйе бұл ұйымды консорциумға қатысушы ретінде қосуға мүмкіндік бермейді. 

Қатысушыларды таңдағаннан кейін әр ұйымның салымын қосу талап етіледі.

Қатысушылардың салымын қосқаннан кейін деректерді сақтау және консорциялық келісім жобасын бекіту қажет. 

Консорциялық келісім жобасына өзгерістер енгізу талап етілген жағдайда, «Консорциалық келісімді кері қайтарып алу» батырмасын басу қажет.

Консорциялық келісім консорциумға қатысушыларға жіберіліп қойғанда, құжаттамаға өзгеріс енгізу талап етілген жағдайда,  онда алдымен жобаны кері қайтарып алу қажет. Бұдан соң құжаттаманы түзетіп, келісуге консорциалық келісім жобасын қайтадан жіберу қажет.   

Жобаны бекіткеннен кейін құжаттама тізіміне оралу және қорытындыға консорциалық келісімді жіберу талап етіледі. Консорциалық келісімді жіберер алдында барлық міндетті құжаттар қалыптасып, қоса тіркелгеніне көз жеткізу қажет. 

Консорциялық келісімді қорытындыға жібергеннен кейін Жүйе  келесі қадамға «Консорциалық келісімнің қорытындысы» дегенге өтеді. Бұл қадамда таңдалған қатысушылар бойынша ақпаратты қарау мүмкіндігі бар. 

«Оқиғалар журналы» тарауында консорциалық келісімді келісу, қол қою, кері қайтарып алу жөніндегі ақпарат, сондай-ақ қабыл алмау жөніндегі ақпарат көрсетіледі.

Қорытындыға консорциалық келісімді жіберген жағдайда, консорциумға қатысушыға пайдаланушының жеке кабинетіне консорциалық келісім жобасын келісу қажеттігі туралы хабарлама келеді. 

Негізгі қатысушыға консорциумның барлық қатысушылары жобаны келіскеннен кейін консорциалық келісімді қалыптастыру қолжетімді болады.

«Басшы» рөлімен бұрын таңдалған пайдаланушыда қалыптасқаннан кейін қалыптасқан консорциалық келісімді қарау және қолтаңба қою мүмкіндігі пайда болады.  

Консорциумның барлық қатысушылары сенімхатты, консорциалық келісімді қалыптастырып, жүргізгеннен кейін, Негізгі қатысушыда басу үшін нұсқасын қалыптастыру мүмкіндігі пайда болады. 

Басу үшін қалыптасқан нұсқада қол қойылған сенімхаттар мен консорциалық келісімдер көрсетіледі. 

Басу үшін нұсқаны қалыптастырғаннан кейін «Бұдан әрі» батырмасын басу арқылы бағаны көрсету қадамына өту мүмкіндігі пайда болады. 

Консорциумға қатысушылардың әрекеті

Өтінім жобасы «Жұмыс кабинеті» - «Менің өтінімдерім» - «Консорциумның өтінімдері» тарауында көрсетіледі.

Өтінімге өткен кезде өтінім бойынша құжаттама  және консорциалық келісім жобасы көрсетіледі  

Қатысушыға «Енгізу нысаны» қосымша бетінде міндетті жолдарды толтыру қажет.

Бұдан соң консорциалық келісім жобасын келісуді растау мүмкіндігі пайда болады

Консорциумға қатысушыға сондай-ақ жобаны келісуді растағанға дейін консорциумға қатысуға шақыруды  қабыл алмау қолжетімді.

Қабыл алмаған кезде консорциумға қатысудан бас тарту себебін міндетті түрде енгізу  талап етіледі. 

Негізгі қатысушы консорциалық келісімді қалыптастырып, қол қойғаннан кейін, консорциумға қатысушыларға сенімхатты қалыптастыру мүмкіндігі қолжетімді болады. 

Қалыптасқаннан кейін «Басшы» рөлімен  бұрын таңдалған қызметкер  сенімхат пен консорциалық келісімге қол қоюы қажет. 

Қол қойғаннан кейін қолтаңбаны сақтау талап етіледі

Стті сақталған кезде Жүйе расталған хабарламаны береді

«Қолтаңбаны сақтау» батырмасын басқаннан кейін, Жүйе жеке кабинетте соңғы 24 сағат ішінде ОСДШ АЖ-дан салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша  берешек бар болуы туралы сұратылған мәлімет бар ма екенін тексереді. 

Егер жоқ болса, Жүйе консорциумға Қатысушыға қате туралы хабарламаны көрсетеді. 

Егер бар болса, Жүйе  бір теңге және одан көп мөлшерде  салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша  берешек бар болуын тексереді.   

Егер консорциумға Қатысушының  салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша  берешек бар болса,  қате туралы хабарламаны көрсетеді.   

Сәтті тексергеннен кейін қолтаңба сақталады, консорциалық келісімдер Негізгі қатысушыға жіберілетін болады. 

«Салық берешегінің жоқ екендігі туралы мәліметтерді» жеке кабинетінен  сұрату

 Салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді жеке кабинетінен алу үшін «Қатысушы бейіні – Салық берешегі туралы деректер» бөлігіне өту қажет.


 

Көрсетілген нысанда «Жаңа мәліметтерді алу» батырмасына басыңыз.

 

Жүйе МКК ОСДШ АЖ-не сауалды жібереді, және сауалдың сәтті жіберілгені туралы төмендегі хабарламаны көрсетеді, сауалдың мәртебесі «Өңделуге жіберілді» болады.

Ескертпе: сауалдың өңделуі 5-10 минут ішінде орындалады.


Сауал өңделгенінен кейін, сәтті өңделуден өткенде сауал мәртебесі «Өңделген» дегенге өзгеріп,  жүйемен сауалды қабылдау күні және уақыты тіркеледі.

Салық берешегі жоқ (бар) туралы мәліметтерді алу барысында қателер туындаған жағдайда, сауалдың мәртебесі «Қате» дегенге өзгеріп, салық берешегі туралы мәліметті қайтадан алуға болады.

Салық берешегі туралы мәліметтерді қарап шығу үшін «Қарап шығу» батырмасын қолданып орындауға болады.



Баға ұсынысын толтыру

 Экранға барлық міндетті құжаттарды тіркегеннен және қол қойғаннан кейін баға ұсынысын толтыру нысаны көрсетіледі. «Өнім берушінің бір бірлігі үшін бағасы» жолында бағаны көрсету қажет.


Егер хабарландыруда бірлескен лот жарияланған жағдайда баға ұсынысын толтырудың мынадай нысаны бейнеленеді

Назар аударыңыз: бірлескен лоттың әрбір тармағы бойынша баға ұсынысын толтыру міндетті шарт болып табылады.

Біріккен лоттың барлық тармақтары бойынша бағалар толтырылғаннан кейін бағаларға қол қою қажет.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Өтінімді бергеннен кейін енгізілген баға ұсыныстары шифрланатын болады және сіз оларды көре алмайсыз. Өнім берушінің берген бағасы туралы ақпаратты сақтау үшін «Басып шығару» батырмасына басу қажет.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жүйе келесі жағдайларда демпингке тексеруді жүзеге асырады:

Егер сатып алу мәнінің түрі «Жұмыс», және хабарландыруда «ТЭН-мен және ЖСҚ-мен жұмыс» жолы толтырылса, онда жүйе мынаны салыстырады: лот бойынша (өнім беруші ұсынған) баға ұсынысының сомасы «Демпингті есептеуге арналған сома» жолында көрсетілген бағаның 10 %-на қарағанда, төмен. Егер төмен болса, онда ақпараттық хабарламаны көрсетеді: Сіз көрсеткен баға ұсынысы демпингті есептеу үшін бөлінген соманың 10%-на қарағанда, төмен. Осыған байланысты өтінім беру мүмкін емес.

Өтінімді берердің алдында Өтінімді алдын ала қарау көрсетіледі. Деректерді тексергеннен кейін «Өтінімді беру» командасына басу қажет.


«Өтінімді беру» басқаннан кейін «Сіз лотқа (тарға) арналған баға ұсынысының көрсетілген сомасымен келісесіз бе?» растамасы көрсетіледі


«Иә» батырмасын басқаннан кейін, Жүйе соңғы 24 сағат ішінде ОСШД АЖ-нен сұрастырылған салық берешегі және міндетті зейнетақылық жарналар, міндетті кәсіби зейнетақылық жарналар мен әлеуметтік төлемдері бойынша берешегі бар болуы туралы мәліметтердің жеке кабинетте болуын тексереді.

Егер жоқ болса, онда Жүйе Өнім берушіге қате туралы хабарламаны бейнелейді.

 

Егер бар болса, Жүйе  бір теңге және одан жоғары көлемде салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары және әлеуметтік төлемдері бойынша берешектің бар болуына тексереді.

Егер Өнім берушінің салық берешегі және міндетті жарналар бойынша берешегі болмаса, немесе төлеу мерзімін ұзарту келісімі бар болса, онда Жүйе лотқа (тарға) көрсетілген баға ұсынысы сомасымен келісімін растау туралы нысанын бейнелейді.

Егер Өнім берушіде салық берешегі және міндетті төлемдер бойынша берешегі, немесе төлеу мерзімін ұзарту келісімі бар болса, онда Жүйе қате туралы хабарландыруды бейнелейді.

Егер Өнім берушінің салық берегі және міндетті жарналар бойынша берешегі бар болса, немесе төлеу мерзімін ұзарту келісім бар болса, онда Жүйе қате туралы хабарландыруды бейнелейді.


 Тексеріс сәтті өткенінен кейін, өтінім жіберіліп, «Менің өтінімдерім» бөлімінде өтінім мәртебесі «Берілді» деп бейнеленеді.

Конкурстық өтінімді толықтыру


НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Үш жұмыс күн ішінде алдын ала рұқсат беру хаттамасы жариялануынан кейін Камералды бақылаумен жүргізілетін тексерістер негізінде хабарландырудың мәртебесі «Жарияланды (өтінімдерді толықтыру)» болғанда өтінімдерді толықтыру кезде, алдын ала рұқсат беру хаттамасы өтінімдерді толықтырылуы аяқталғанынан кейін қайта қаралуы мүмкін. Осыған байланысты, хабарландыру және лоттардың мәртебесі төмендегі мәртебелерге ауысады:

-       Хабарландыру мен лоттардың мәртебесі «АРХ (алдын ала рұқсат беру хаттамасы) қайта қарау бойынша шешімді қабылдау» - бұл хабарлама Камералды қадағалаумен жіберіліп, МС Ұйымдастырушысы АРХ қайта қарау шешімін немесе сатып алуды қайта қараусыз жалғастыру шешімін қабылдайтынын білдіреді.

-       Хабарландыру мен лоттардың мәртебесі  «АРХ қайта қарау» - бұл алдын ала рұқсат беру хаттамасы қайта қаралуда болып, жаңа алдын ала рұқсат беру хаттамасы жарияланатынын білдіреді. Нақтылап айтқанда, Әлеуетті өнім берушіге алдын ала рұқсат беру хаттамасы жарияланғанынан кейін жаңа қорытындыларды қарап шығу қажет болады.

Жаңа алдын ала рұқсат беру хаттамасын қайта қарау және жариялаудан кейін өтінімдерді толықтыруға қайта үш жұмыс күні беріледі. Бұл АХР қайта қаралған жағдайда ғана орындалады.

Жаңа АРХ жариялаудан кейін:

-       Егер оның алдында бас тартылған өнім берушіге барлық бас тартылған лоттар бойынша рұқсат етілсе, онда оның толықтырылған өтінімі қорытындылау кезде өтінімдерді қайта  қарау үшін бейнеленбейді.

-       Егер оның алдында рұқсат етілген өнім берушіден бас тартылса, онда өнім берушіге үш жұмыс күн ішінде толықтыруға өтінімді беру қажет. Өтінімдерді толықтыру мерзімдері хабарландыруда келтіріледі.

-       Егер оның алдында бас тартылған өнім берушіге тағы басқа құжаттар бойынша ХХХХ лоты бойынша рұқсат берілмесе; мысалы, бірінші АРХ өнім берушіден «техникалық ерекшелік» құжаты бойынша бас тартылды, ал екінші АРХ-да «өтінімді қамсыздандыру», «Біліктілігі туралы мәліметтер» құжаттары бойынша бас тартылды, сонымен қатар «техникалық ерекшелік» құжаты бойынша өзгеріссіз бас тартуын қалдырғанда, нәтижесінде жаңа АРХ-да өнім берушіден үш құжат бойынша: ТЕ, өтінімді қамсыздандыру және Біліктілігі туралы мәліметтер бас тарту болады. Ол үшін өнім берушіге толықтыруға өтінімді қайта беріп (оның алдында берілген өтінім комиссия мүшелері мен өнім берушіге бейнеленбейді), өтінімді толықтыруға лотты таңдап, құжатты толтыру қадамында өтінімді қамсыздандыру және біліктілігі туралы мәлімет құжаттары бойынша файлдарды ғана толықтыруға болады.  Оның алдында толықтырлған техникалық ерекшелік толықтыруға алдында берілген өтінімнен автоматты түрде көшіріледі. Оны алмастыруға немесе өзгертусіз қалдыруға болады.

-       Егер оның алдында өнім берушіден ХХХХ лоты бойынша бас тартылған болса, ал АРХ қайта қаралғанынан кейін ХХХХ лоты бойынша жіберіп, УУУУ лоты бойынша бас тартса, онда өнім берушіге үш жұмыс күн ішінде  толықтыруға өтінімді қайта беру қажет (оның алдында берілген өтінім комиссия мүшелері мен өнім берушіге бейнеленбейді). Өтінімдерді толықтыру мерзімдері хабарландыруда келтіріледі.

 

Біліктілік талаптары немесе конкурстық құжаттама талаптары бойынша өнім берушіден бас тартылған жағдайда, өнім берушінің өтініміне «Бас тартылды» мәртебесі тағайындалады.

Ескертпе: хабарландырудың мәртебесі «Жарияланды (өтінімдерді толықтыру)» болуы тиіс.


Өтінімді іздеу үшін «Жұмыс кабинеті» бөліміне өтіп, «Менің өтінімдерім» мәзірін таңдап, фильтрлер жиынтығы көмегімен өтінімді іздеу қажет. «Әрекет» жолындағы бас тартылған өтінімнің жолында өтінімдерді қайта қабылдау басталу мерзімінде өтінімді толықтыруға арналған   пиктограммасы қол жетімді болады.

Пиктограммаға басқаннан кейін «Сіз шын мәнінде өтінімді толықтырғыңыз келе ме?» іс-әрекетін растау талабы бар терезе көрсетіледі.

Растаған жағдайда лоттарды қосу нысаны бейнеленеді.

Өнім беруші толықтыру жүргізілетін лоттарды қанабелгісімен белгілеп, «Таңдалғандарды қосу» батырмасын басу қажет. Жүйе «Таңдалғандарды қарап шығу» бетіне  автоматты түрде ауысуды іске асырады, «Әрі қарай» батырманы басу қажет. Жүйе «Бас тартылған құжаттар» нысанына ауысуы іске асырылады.

Назар аударыңыздар! Құжаттар үнсіз келісім бойынша  белгісі қойылады.


Құжаттың белсенді сілтемесіне басып, құжаттарды редакциялау қажет.

Барлық құжаттар қосылғанынан кейін, «Өтінімді толықтыру» батырмасын басу қажет.

Сәтті ұсыну жағдайда өтінімге «Берілді (толықтыру)» мәртебесі тағайындалады.

Ескертпе: қажет болған жағдайда толықтырылған өтінім   көмегімен өтінімдерді толықтыру қабылдау мерзімі аяқталғанына дейін кері шақыртыла алады.

 


«Менің өтінімдерім» бөлігінде хабарландырудың осы нөмірі бойынша барабар нөмірлі екі өтінім бейнеленеді. Бірінші өтінім «Бас тартылды» мәртебесіне ие болады.

Өтінімді кері қайтару

 

«Менің өтінімдерім» бөлімінде өтінімдерді (толықтырулар) қабылдауды аяқтау мерзімі басталғанға дейін берілген өтінімді кері қайтару қажет болған жағдайда  пиктограмма түріндегі «Кері қайтару» іс-әрекеті қолжетімді болады.

Ескертпе: хабарландыру мәртебесі «Жарияланды (өтінімдерді қабылдау)» немесе «Жарияланды (өтінімдерді толықтыру)», өтінім мәртебесі не «Берілді», не «Берілді (толықтыру)» болуы тиіс.


«Іс-әрекет» жолындағы пиктограммаға басқаннан кейін «Сіз шын мәнінде өтінімді кері қайтарғыңыз келе ме?» іс-әрекетін растау талабы бар терезе көрсетіледі.


Бұл функционал «Өтінімді кері қайтару» батырма көмегімен, өтінімді қарап шығу нысанда да қол жетімді.


Егер әрекет расталатын болса, өтінім мәртебесі «Кері қайтарылды» («Кері қайтарылды (Толықтыру)») дегенге ауыстырылып, «Әрекет» жолында өтінімді редакциялауға  пиктограмма қол жетімді болады.

Ашу хаттамасын жариялағаннан кейін өтінімдерді қарап шығу


Ашу хаттамасын жариялағаннан кейін Жүйе өнім берушіге,  ол осы сатып алуға қатысқан жағдйда, басқа да өнім берушілердің өтінімдерін қарап шығуға мүмкіндік береді. Басқа өнім берушілердің өтінімдерін қарап шығу үшін жарияланған ашу хаттамасы бар хабарландыруды ашу және «Рұқсат етілген іс-әрекеттер» мәзірінен «Өтінімдерді қарап шығу» батырмасына басу қажет.


Ашылған нысанда өтінім нөмірі арқылы сілтемеге басыңыз.


 НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! «Аяқталды» мәртебесіндегі хабарландыру бойынша барлық лоттар бойынша толықтай немесе жартылай сатып алудан бас тарту жүргізілсе, жүйе сатып алудан бас тартуын ескере отырып, қорытындылар хаттамасының барлық нұсқаларын бейнелейді. Бұл кезде жүйе бас тартуынсыз ақпаратпен хаттама қортытындыларының бірінші нұсқасын, сонымен қатар бас тарту туралы ақпараты бар екінші хаттаманы  бейнелейді. Қорытындылар хаттаманың барлық нұсқаларын бейнелеу сатып алулардың барлық тәсілдеріне қатысты.

Бас тарту туралы ақпаратынсыз алдыңғы қорытындылар хаттамасы «Заңды күші жоқ» мәртебемен бейнеленеді. Бас тарту ақпараты бар Қорытындылар соңғы хаттамасы «Заңды күшке ие» мәртебесіне ие болады.