Жауап: Осы хабар бейнеленбеуі үшін мыналарды орындау қажет:
1) www.pki.gov.kz сайтынан ҰКО (RSA), ҰКО (GOST), НКО (RSA), НКО (GOST) негізгі сертификаттарын жүктеу және орнату;
2) www.goszakup.gov.kz сайтынан қол қою үшін бағдарламаны жүктеу және оны әкімшінің атынан іске қосу.
Жауап: 1) қол қою үшін ЭЦҚ таңдаудың дұрыстығына көз жеткізіңіз (GOST - заңды тұлғалар үшін, RSA – жеке тұлғалар үшін (ЖТ)). Мүмкін Сіз деректерді AUTH RSA сертификатымен қол қоюға талпынған шығарсыз.
2) Шығарылған GOST сертификатындағы деректерге қол қою бөлігінде тіркеу куәліктерін қолдану саясаты жоқ. Осы жағдайда ҰКО-да (ХҚО-да) ЭЦҚ қайта шығару талап етіледі.
Жауап: ММ кодтарының анықтамалығына Қазынашылық жүйесінен деректер автоматты жүктеледі. Пайдаланушы көрсеткен ММ коды болмаған жағдайда ММ қайта тіркеу үшін Қазынашылық органдарына өтініш жасау қажет
Жауап: Осындай жағдайларда Тапсырыс беруші тауарларды 2 лотқа бөлуі тиіс, өйткені бұл әртүрлі тауарлар. Сатып алудың өзі (хабарландыру) «Жұмыс станцияларын сатып алу» немесе «Компьютерлік техниканы сатып алу» және т.б. деп аталуы мүмкін.
Жауап: Тапсырыс берушіге кіру және жылдық жоспар жобасын құру, онда осы жоспар тармағын табу қажет. Ол Жарияланған мәртебесінде болады. Жоспар тармағына қарама-қарсы әрекеттерде «ББС өзгеріс енгізу» әрекетін таңдау қажет, содан кейін пайдаланушыда ББС деректерімен жолдар ғана ашылады, олар редакциялануға жатады. Осы жолдарға түзету енгізгеннен кейін, «Сақтау» бастырмасына басу қажет және деректер өтінімде де, және жарияланған сатып алудың лотында да редакцияланатын болады. Осы әрекет сондай-ақ «Сатып алу өтті», «Сатып алу өтпеді», «Шарт жасалмады» мәртебелерімен жоспар тармақтарында қолжетімді.
2.3 Егер ММ ұйымына бір жоспар тармағында ерекшеліктер бойынша соманы бөлу қажет болса, осылай істеуге бола ма?
Жауап: Иә, ағымдағы уақытта бұл іске асырылған. Жоспар тармағын құрған кезде немесе оны редакциялаған кезде бірнеше алаптарды қосу мүмкіндігі бар, онда жоспар тармағының жалпы сомасын ерекшеліктерге бөлуге болады. Осы ақпарат бұдан әрі шартта бейнеленеді.
Жауап: Бекітілген жылдық жоспарға өзгерістер енгізу үшін жылдық жоспар жобасын құру қажет. Бұл ретте осы жобаға бекітілген жылдық жоспардан жоспардың барлық тармақтары қосылатынын атап айтамыз.
Жоспар тармақтарына өзгерістер енгізу қажет, олар жылдық жоспар жобасында бейнеленеді. Ол үшін талап етілетін әрекетті таңдау қажет. Бұл ретте «Бекітілді» мәртебесінде жоспар тармағын жою техникалық түрде мүмкін емес.
ҚР МС туралы Заңына сәйкес - Тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен, айына бір реттен асырмай мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы екеніне назар аударамыз. Бірақ жүйе шектеусіз өзгеріс енгізуге мүмкіндік береді, бірақ бұл ретте енгізілген өзгерістердің санын көрсетумен ескерту бейнеленетін болады.
Жауап: «Тіркеуге жіберуге дайын» мәртебесін қосқанда ММ үшін, «Өнім берушіде қол қойылуда» мәртебесін қосқанда ММ болып табылмайтындар үшін, екі жағдайда да шарт күшіне енгенге дейін («Қолданыста» мәртебесі)
Жауап: «Демеушiлiк және қайырымдылық көмек қаражаттары есебінен», «Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер есебінен» мәндерін таңдаған кезде бағдарлама, кіші бағдарлама, ерекшелік алаптары толтырылмайды.
Жауап: Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу қорытындылары туралы есепке қатысты осы есептің нысаны №64 Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінің 17-қосымшасының құрамында бейнеленеді. Осы қосымшаны Тапсырыс беруші өздігінен онда бар ақпаратты есепке алып толтырады және ол «Жалпы» қойындысындағы шарт карточкасына қоса жалғанады.
Мысалы: Егер осы есеп Шартты тікелей жасау жолымен бір көзден алу бойынша қалыптастырылса, онда лот № немесе шақыру № жолдарында сатып алу рәсімі осы себеп бойынша жүргізілмеді ақпарат жоқ екенін жазбаша көрсету қажет. Егер ақпарат болса, онда оны толтырады.
Жауап: Егер Тапсырыс берушінің/өнім берушінің банк деректемелері және мекенжайы өзгермесе, онда жүйе «Қазынашылықта тіркеусіз» белгісін автоматты белгілейді, яғни осындай қосымша келісім Қазынашылық органдарында тіркеуге жатпайды. Сондай-ақ, бұзуға қосымша келісімді құрған кезде жүйе «Қазынашылықта тіркеусіз» белгісін автоматты белгілейтінін ескеру керек, оның нәтижесінде тапсырыс берушілерге Порталдан тыс Қазынашылық органдарында азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімді жабу қажет.
Жауап: Келісуді кері қайтару функционалы, егер шарт «Қазынашылықта тіркеусіз» белгісімен құрылған жағдайда ғана қолжетімді, сондай-ақ мынаны тексеру қажет:
1. Шартта бекітілген электрондық актілердің болуы. Олар болған жағдайда, алдымен актілерді кері қайтаруды орындау, содан кейін шарт бойынша келісуді кері қайтару қажет.
2. Қазынашылық органдарында шартта көрсетілген қаржыландыру көзі тіркеуге жата ма. 3. Тапсырыс берушінің тарабынан бұдан бұрын келісуді кері қайтару орындалған және Өнім беруші тарабынан растау талап етілетін шығар. Осы ақпарат «Шарт және келісу/келісу» бөлімінде қарауға қолжетімді.
Жауап: «Қалпына келтіру» әрекеті, жоспар тармағында «Негіз» алабы толтырылған, сондай-ақ «Жоба» мәртебесімен жылдық жоспар жоқ болған жағдайда, «Бекітілді» мәртебесімен жоспар тармақтарында ғана бейнеленеді.
Жауап: Осы жағдайда пайдаланушыға мынадай ақпаратты ескеру ұсынылады:
1. Сомалар Тапсырыс беруші «Авансты алып тастағандағы төлем сомасы» алабында көрсеткен сомалардың негізінде бөлінеді, тиісінше егер Тапсырыс беруші осы алапта 0 көрсетсе, онда сомалар бөлінбейді.
2. Бірыңғай бюджеттік сыныптама бөлігінде өзгерістердің болуын тексеру қажет (ББС өзгерген кезде пайдаланушы жоспар тармағына өзгерістер енгізген кезде нақты төлемдерді ескеру – «Ерекшелікті қосу» бастырмасын басу және жүйеде ескі ерекшелік бойынша нақты төлем сомасы, ал жаңа ерекшелікте қалдық сомасы ескерілген болатындай етіп ерекшеліктер бойынша соманы бөлу қажет).
Жауап: Осы жағдайда тапсырыс берушіге қосымша келісім карточкасының «Жалпы» қойындысындағы «Шарттың қолданылу мерзімі» алабында ұзарту жүзеге асырылған келесі қаржы жылының күнін көрсету ұсынылады.
Жауап: Мемлекеттік мекеме болып табылатын ұйымдар және «Қолданыста» мәртебесіндегі шарттар үшін, егер шарт «Қазынашылықта тіркелусіз» белгісімен көрсетілген болса, «Шарт және Келісу» қойындысында «Келісуді кері қайтару» әрекеті бейнеленеді. Тапсырыс беруші «Қолданыста» мәртебесінде шартты келісуді кері қайтару бойынша бастырманы басқан кезде жүйе келісуді кері қайтаруды растауға сұрау салады. Егер тапсырыс беруші кері қайтаруды растау нысанында «Иә» таңдаса, онда жүйе өнім берушіге хабарлама жібереді және кері қайтаруды растауды келісуде шартты келісуді бекітеді. Өнім берушінің тарабынан растағаннан кейін, шарт мәртебесі «Шарт жобасы»-на ауыстырылады. Жасасудың үлгілік емес нысаны үшін тапсырыс беруші қоса жалғаған, шарт мәртебесімен файлды жою әрекеті қолжетімді. Қолданыстағы шартты кері қайтарғаннан кейін жүйе «Шарт жобасы» мәртебесімен шартты жоюды бұғаттайды.
Жауап: Мемлекеттік сатып алу веб-порталында кез келген соманы енгізген кезде үтірден кейін екі белгіден артық болмайтын белгіні енгізу қолжетімді.
Жауап: Шарт мәтініне тармақты қосу бойынша функционал Шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен жасасқан шарттарда ғана бар. Қалған жағдайларда тармақты қосу шарт жобасының үлгісін бекіту кезінде сатып алуды құру кезеңінде қолжетімді.
Жауап: 2017 жылғы 27 қыркүйекте мемлекеттік сатып алу веб-порталында мынадай шарттарда ЖҚТ-ға өнім берушілерді қосуға тексеріс жүргізу алынып тасталған:
- шартты құрған кезде
-шартқа қол қойған кезде
Осылайша, егер өнім беруші бұдан бұрын ЖҚТ-қосылса, шарт жасасқан кезде осы өнім берушімен жұмыс істеу бойынша шектеулер болмайды.
Жауап: Жоқ, сатып алу бойынша қорытындыларды қайта қарағаннан кейін, шартты сатып алуды аяқтағаннан кейін дереу құруға болады.
Жауап: Жүйенің бекітілген функционалына сәйкес, егер шарттағы бірнеше нысандардан ТЖҚЖ бірі бойынша электрондық актілердің функционалдылығы алынып тасталса, онда шартта төлемдерді енгізу функционалы ғана бейнеленетін болады.
Жауап: Бұл сатып алу ережесінің талабы. Ол мемлекеттік сатып алудың өмірлік тәжірибесінен шықты.
1) Кейбір өнім берушілер өз бағасын қойғанда Тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігінің талаптарын оқымайды және, тиісінше, Тапсырыс берушінің міндетті талаптарын шартты жасау кезеңінде анықтайды. Бұл шартты жасаудан жалтаруға және кейіннен сатып алу рәсімдерінің созылуына әкеліп соғады. Модельді, өндіруші зауытты, шығу елін көрсету Өнім берушілерді Тапсырыс берушілердің барлық талаптары бойынша ақпаратты «өзі арқылы өткізуге», лайықты модельдерді анықтауға, және Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес келетін тауарлар туралы бәрін білуге ынталандырады.
2) Бір өнім берушіге ғана «тауарды қайраған» жағдайда – осындай жағдайлар бірден анықталады.
3) Бұдан әрі тауардың белгісін, және тауар туралы өзге құраушыларды көрсету – техникалық ерекшеліктің талаптарына Өнім берушінің тауары толық сәйкес келген кезде – қабылдаудан негізсіз бас тартқан Тапсырыс берушінің лауазымдық тұлғаларына тиісті шаралар қабылдау үшін негіз болып табылады. Егер жеткізілетін өнім сапасы өзгермеген кезде – шығу елі өзгеретін болса, онда осындай жағдайды Тапсырыс беруші техникалық ерекшелік талаптарына сәйкестік ретінде қабылдауы тиіс.
Жауап: Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінде электрондық почтаға хабарлама жасауға болмайды. Бұл тәжірибеде, өз почталық мекенжайларын жасаған мемлекеттік сатып алу қатысушыларының барлық сыртқы ақысыз почталық қызметтеріне хабарламаларды жеткізуге кепілдік беру мүмкін емес екенімен байланысты. Көбінесе портал жіберетін хаттардың көлемі үлкен болғандықтан, жоғарыда көрсетілген шетелдік почталық серверлер Портал серверлерінің IP-мекенжайларынан бас тартады, бұғаттайды және SPAM-парақтарға енгізеді. Осыған байланысты Порталдың өзінде тұрған пайдаланушының жеке бөлмесіне ғана хабарламалар кепілдендірілген түрде жеткізіле алады.
Қазіргі уақытта Орталық ҚР ҚМ әдіснамашысымен бірге, орыс және мемлекеттік тілдерінде хабарламалар мәтіндерін пысықтауда. Алдағы уақытта барлық маңызды хабарламалар (алдын ала талқылау, ашу хаттамалары, рұқсат, алдын-ала рұқсат, қорытындылар хаттамалары, Тапсырыс берушінің Шарттарды жасауға жіберуі туралы 1 және 2 жеңімпаздарға хабарламасы) – электрондық почтаға осы сатып алудың барлық қатысушыларына жіберіледі және қайталанады. Сонымен қатар, пайдаланушылардың ұялы құрылғыларына СМС-хабарламаларды қаржыландыру мәселесі талқылануда.