Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу» тәсілімен сатып алу ұйымдастыру және өткізу
Хабарландыру жасау және жариялау
Хабарландыру жасау
Хабарландыру жасау жүйеде «Ұйымдастырушы» рөлімен пайдаланушы жүзеге асырады. Хабарландыру жасау үшін пайдаланушының жеке кабинетінде «Жұмыс кабинеті» тарауына өтіп, «Хабарландыру жасау» мәзірін таңдау керек.
Ескертпе: Мемлекеттік сатып алудың веб-порталында бірдей жолдары бар бірнеше өтінімде сатып алу, оның ішінде әр түрлі тапсырыс берушіге жіберілген өтінімдерді құруға мүмкіндік беріледі.
Экранда хабарлама жасау нысаны бейнеленеді.
«Хабарландыру жобасын жасау» тарауы мынадай басқару элементтерінен тұрады
Элемент | Әрекет |
Сатып алу өткізу тәсілі | Қолмен толтырылады. Түсіп тұратын тізімнен мәні таңдалады. |
Сатып алу типі | Қолмен толтырылады. Мәндерінің бірі таңдалады: Алғашқы немесе қайта. |
Сатып алу мәнінің түрі | Қолмен толтырылады. Бір мәнді ғана «Көрсетілетін қызмет» көрсетуше болады. |
Қазақ тілінде хабарландыру (сатып алу) атауы | Қолмен толтырылады |
Орыс тілінде хабарландыру (сатып алу) атауы | Қолмен толтырылады |
Сатып алу өткізу белгісі | Сатып алу мүгедектер ұйымы арасында өткізілген жағдайда, «Мүгедектер қоғамдық бірлестігі құрған ұйымдар арасында сатып алу» белгісін қою қажет. |
Бұдан әрі | Батырманы басқан кезде, жүйе міндетті жолдардың толтырылғанына тексеру жүргізеді. |
Ұйымдастырушы бірыңғай ұйымдастырушы тізілімінде тұрған жағдайда, жүйе бірыңғай ұйымдастырушы сияқты хабарландыру жариялауға мүмкіндік береді, бұл үшін «бірыңғай ұйымдастырушы» белгісін қою қажет.
«Бұдан әрі» батырмасын басқаннан кейін тәсілі, сатып алу өткізу мәнінің тәсілі, түрі бойынша және белгісі бойынша берілген өлшемдерге жауап беретін лоттар бейнеленеді.
Ескертпе: Келесі қадамға өткеннен кейін, «Бұдан әрі» батырмасын басқанда, жүйе хабарландыруды «Жұмыс кабинеті» - «Менің хабарландыруларым (ұйымдастырушы) тарауында «Жоба» мәртебесінде автоматты түрде сақтайды:
Пиктограмма редакциялауға мүмкіндік береді, пиктограмма «Жоба» мәртбесі бар хабарландыруларды алып тастауға мүмкіндік береді
Лоттар мен хабарландыру жобасын қосу
«Бұдан әрі» батырмасын басқаннан кейін Жүйе хабарландыруды тиісті параметрлері бойынша (сатып алу мәнінің түрі мен тәсілі) қолжетімді лоттар тізімі бар («Өтінім» мәртебесімен тапсырыс берушінің бекітілген сатып алулары) хабарландыруға лоттар қосу терезесіне өтеді.
Өтінімдерді таңдауды жүзеге асыру үшін талап етілген өтінімді қанат белгімен белгілеп, «Белгіленген лоттарды қосу» батырмасын басу керек. Бұдан соң қосылған лоттарды қарау бетіне өту болады. Таңдалған лотты алып тастау қажет болған жағдайда талап етілген лотты қанат белгісімен белгілеп, «Белгіленген лоттарды алып тастау» батырмасын басу қажет, сатып алу жобасына лоттарды қосымша қосу қажет болған жағдайда, «Қолжетімді лоттар» қосымша бетіне өтіп, қосымша лоттарды таңдауды жүзеге асыру керек. Келесі бетке өту үшін «Бұдан әрі» батырмасын басу қажет.
«Бұдан әрі» батырмасын басқаннан кейін қосылған лоттарды қарау үшін «Лоттар бойынша деректер» нысанына өту жүзеге асырылады.
«Бұдан әрі» батырмасын басқаннан кейін өкілдер бойынша деректерді қосу нысанына өту жүзеге асырылады.
Өкілдер бойынша деректер қосу
Өкілдер бойынша деректерді қосу бетінде өтінімнің әрекет ету мерзімін көрсету және ұйымдастырушы мен тапсырыс беруші өкілдері туралы деректерді толтыру қажет.
Ұйымдастырушы туралы деректерді толтыру үшін ұйымдастырушының аты белсенді сілтемесін басу қажет. Келесі нысан бейнеленеді.
Бұл нысанның мынадай жолдары мен басқару элементтері бар
Жол атауы | Сипаттама |
Өтінімнің әрекет ету мерзімі | Қолмен толтырылады. Өтінімнің әрекет етуінің ең аз мерзімі күнтізбелік күн. Сандық мән. |
Ұйымдастырушы туралы ақпарат | |
Өкілдің аты-жөні | Қолмен толтырылады. «Қосу» батырмасын басқан кезде қалқыма терезе бейнеленеді. Үндемеуі бойынша Ұйымдастырушы өкілеттігі бар пайдаланушылар ғана бейнеленеді. Пайдаланушыны таңдау «Таңдау» батырмасының көмегімен жүзеге асырылады Пайдаланушыны іздеуді сүзгілер жинағының көмегімен (ЖСН немесе Аты-жөні бойынша) жүзеге асыруға болады). |
Лауазымы | Өкілдің тіркеу деректерінен автоматты түрде толтырылады. |
Байланысу телефоны | Өкілдің тіркеу деректерінен автоматты түрде толтырылады.. |
Өкілдің тіркеу деректерінен автоматты түрде толтырылады. | |
Ұйымдастырушының банк деректемелеріі | Қолмен толтырылады. Түсіп тұратын тізімнен шот таңдалады. |
Өтінімді қамтамасыз ету үшін банк деректемелеріі | Қолмен толтырылады. Түсіп тұратын тізімнен шот таңдалады. |
«Қосу» батырмасын белсенді еткеннен кейін келесі терезе бейнеленеді.
Тапсырыс беруші туралы деректерді толтыру үшін, Тапсырыс берушінің атауына белсенді сілтемені басу қажет. Төменде көрсетілген нысан бейнеленеді.
Бұл нысанның мынадай жолдары мен басқару элементтері бар
Жол атауы | Сипаттама |
Өкілдің аты-жөні, Лауазымы, Байланысу телефоны, E-mail | «Ұйымдастырушы туралы ақпарат» нысаны сияқты толтырылады |
Құжаттаманы бекіткен адам | Қолмен толтырылады. |
Бұйрық нөмірі | Қолмен толтырылады. |
Бұйрықтың күні | Қолмен толтырылады немесе күнтізбеден таңдалады. |
Банк деректемелері | «Банктік шоттар» кестесінен негізгі есеп автоматты түрде толтырылады. Түсіп тұратын тізімнен басқа шоттың таңдау мүмкіндігі бар. |
Ескертпе: Егер Ұйымдастырушыда бірыңғай ұйымдастырушы белгісі болса, онда «Құжаттаманы бекіткен адам», «Бұйрық нөмірі», «Бұйрықтың күні жолдары «Ұйымдастырушы туралы ақпарат» тарауында ғана толтырылады.
Егер Ұйымдастырушыда бірыңғай ұйымдастырушы белгісі болмаса, онда «Құжаттаманы бекіткен адам», «Бұйрық нөмірі», «Бұйрықтың күні жолдары «Тапсырыс беруші туралы ақпарат» тарауында ғана толтырылады.
Конкурстық комиссияны қосу
Хабарландыру жобасын жасаудың келесі қадамы Конкурстық комиссияны қосу болып табылады. Комиссияның ең аз құрамы - Төраға және комиссияның екі мүшесі. Тақ сан.
Конкурстық комиссия мүшесін таңдау «Қосу» батырмасының көмегімен жүзеге асырылады. Қалқыма терезе бейнеленеді. Іздеуді мәндерін сүзгіден өткізудің енгізілген параметрлері бойынша жүзеге асыруға болады.
Комиссия мүшелерін қосу «Комиссия мүшелерін қосу» батырмасының көмегімен жүзеге асырылады.
Конкурстық құжаттаманы дайындау
«Конкурстық құжаттаманы дайындау» қадамында Электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларына сәйкес конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың қалыптасқан тізімі бейнеленеді.
Өнім беруші сатып алуға қатысу үшін, «Өнім беруші үшін міндеттілік» белгісі қойылған белгілі бір міндетті құжаттарды ұсыну талап етіледі.
Құжат туралы ақпаратты қарау үшін «Құжаттар атауы» жолында оның атауын басу қажет.
«Конкурстық құжаттама» сілтемесін басқан кезде, Жүйеде автоматты түрде қалыптасқан ЭЦҚ құжатқа қол қоюды талап ететін терезе бейнеленеді. Бұл құжат мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық құжаттаманың дайын үлгілік үлгісі бойынша қалыптасады.
Құжатқа қол қойылғаннан кейін ЭЦҚ туралы ақпаратты «Көрсету» батырмасының көмегімен қарауға болады
Шарт жобасын қалыптастыру
Жүйе автоматты түрде қалыптастырған Шарт жобасын редакциялау және қарау үшін «Конкурстық құжаттаманы дайындау» қадамында «Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасы» белсенді сілтемесін басу керек
Толтыру үшін міндетті жолдарды «Деректерді енгізу нысаны» қосымша бетінен қарауға болады .
Белсенді сілтемені басып, жолды толтыру және сақтау қажет.
Шарт жобасына тармақтар мен тармақшалар қосуға рұқсат етіледі, бұл үшін «Тармақ қосу» белсенді сілтемесін басу қажет.
«Пайдаланушы үлгісін сақтау» батырмасының көмегімен жиі пайдаланылатын шарттар нысанын сақтауға болады. Сақталған үлгіні қолдану немесе алып тастау үшін, «Шарттың пайдалану үлгісі» терезесінде Түсіп тұратын тізімнен үлгіні таңдап, тиісті батырманы басуды жүзеге асыру қажет.
Шартты толтырғаннан кейін «Шарт жобасын бекіту» батырмасын басу қажет.
Бекітілген шарт жобасына «Қол қою» батырмасының көмегімен қолтаңба қоюға болады.
Ескертпе: бекітілген шартты қажет болғанда «Шарт жобасын шақырып алу» батырмасының көмегімен шақырып алуға болады.
ЭЦҚ туралы ақпаратты «Көрсету» батырмасының көмегімен қарауға болады.
Ескертпе: қол қойылған шартты қажет болғанда «Шарт жобасын шақырып алу» батырмасының көмегімен шақырып алуға болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Шарт мәтініне тармақтар қосуға/алып тастауға сатып алуды жариялау сатысында шарт жобасын қалыптастырған кезде ғана болады!
Егер Ұйымдастырушы шарт жобасында айқын анықталған шарттармен сатып алуды жарияласа және өнім беруші шарт жобасында анықталған талаптармен келіссе , онда шарт жасасқан кезде шартқа өткізілетін мемлекеттік сатып алу мазмұны өзгеруіне әкелетін өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Шарт жасасқан кезде байланысу деректері және Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес рұқсат етілген жолдар бөлігінде «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» ММ атынан өзгеріс енгізіледі, атап айтқанда: қол қоюшы адам туралы деректер, тараптардың деректемелері, төлеу шарты, кепілдік мерзімі, қамтамасыз ету жарнасы үшін шот.
Осыған байланысты шарт жасасу сатысында сомаларды,ішінара төлемдерді және басқаларды анықтау бөлігінде тармақтар қосу мүмкін емес, яғни шартта ерекше талаптарды, мысалы ай сайынғы төлем сомасын, анықтау үшін, сатып алу жариялаған кезде егер бұл сомалар сатып алу қорытындыларына байланысты болса, төлемдер мен жарналар есебін сипаттайтын тармақтарды енгізуді алдын ала жасау қажет. Егер бұл сомалар сатып алу қорындыларына байланысты болмаса, онда хабарландыру шартының жобасында оларды көрсету қажет. Көрсетілген цифрлар шарт жасасқан кезде редакцияланбайтынын ескеру қажет.
Үлгілік шарттың осы мәтіні Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында үлгілік үлгілермен қатаң регламенттелгендіктен және өнім берушінің әрекеттеріне байланысты (аванстан бас тарту) өзгеру мүмкін болғандықтан, аванстау бөлігінде талаптарды көрсетуге тыйым салынады.
Лоттар тізбесі
«Конкурстық құжаттаманы дайындау» қадамында «1-қосымша. Лоттар тізбесі» белсенді сілтемесін басу қажет. Қалқыма терезеде *pdf форматында автоматты түрде қалыптасқан, сатып алудың лоттар тізбесі қамтылған құжатқа ЭЦҰ қою талап етіледі.
Техникалық өзіндік ерекшелікті қалыптастыру
«Техникалық өзіндік ерекшелік» тарауына өту үшін құжаттаманың жалпы тізімінде «2-қосамша. Техникалық өзіндік ерекшелік» белсенді гипер сілтемесін басу керек.
Бұдан әрі қызметтер сипаттамасымен техникалық өзіндік ерекшелік файлын қоса тіркеу қажет, бұл үшін «Лоттар бойынша құжаттарды қосу» нысанында «Қоса тіркеу» батырмасын басу талап етіледі. Құжаттардың жалпы тізіміне оралу үшін «Артқа оралу» батырмасын басу қажет.
Техникалық өзіндік ерекшелік файлын қосу үшін терезе бейнеленеді. «Файлды таңдаңыз» батырмасын басу қажет, талап етілген файлды іздеу үшін терезе ашылады. Файл таңдалғаннан кейін ЭЦҚ көмегімен қол қою және «Сақтау» батырмасын басу қажет.
Лицензияларды қосу
Өнім беруші сатып алуға қатысу үшін қосымша лицензиялар ұсыну талап етілген жағдайда, Ұйымдастырушыға хабарландыру жобасында «Конкурстық құжаттаманы дайындау» қадамында «Бірінші санаттың рұқсаты (Лицензиялар)» белсенді сілтемесін басу және талап етілген лицензияны қанат бегімен белгілеу, «Белгіленген лицензияларды қосу» батырмасын басу қажет. Талап етілген лицензияны сүзгілер жинағының көмегімен жүзеге асыруға болады.
Рұқсаттар туралы деректерді толтыру
Өнім беруші сатып алуға қатысу үшін қосымша рұқсат ұсыну талап етілген жағдайда, Ұйымдастырушыға хабарландыру жобасында «Конкурстық құжаттаманы дайындау» қадамында «Екінші санаттың рұқсаты» белсенді сілтемесін басу және талап етілген рұқсатты қана белгімен бегілеп, «Белгіленген рұқсаттарды қосу» батырмасын басу қажет. Талап етілген рұқсатты іздеуді сүзгілер жинағының көмегімен жүзеге асыруға болады.
Хабарландыруды алдын ала қарау
Хабарландырулы алдын ала қарау нысанында сатып алу туралы жалпы мәлімет, ұйымдастырушы және конкурстық комиссия туралы ақпарат қамтылған. Лот туралы ақпаратты қарау үшін Лоттар қосымша бетіне, құжаттаманы қарау үшін сәйкесінше Құжаттама қосымша бетіне өту қажет.
Алдын ала қарау нысанына өтінімдерді қабылдау басталуы мен аяқталуының алдын ала мерзімін белгілеу қажет.
Өтінімер қабылдаудың басталу және аяқталу мерзімі арасындағы ең аз аралық – 20 күнтізбелік күн.
Өтінімдерді қабылдаудың басталу мерзімі жұмыс күні және жұмыс уақыты (18.00-ді қоса есептегенде) болуы тиіс.
Хабарландыру жариялау
Назар аударыңыз! Хабарландыруды жариялар алдында енгізілген деректердің дұрыстығын тексеріңіз. Жарияланған сатып алу редакциялауға жатпайды.
Хабарландыру жариялау үшін «Жариялау» батырмасын басу қажет Деректерді редакциялау талап етілген жағдайда «Артқа» батырмасын басу қажет, жүйе алдындағы қадамға қайта әкеледі.
Хабарландыруды ойдағыдай жариялаған жағдайда «Жарияланды» мәртебесі беріледі, лотқа (лоттарға) «Жарияланды» мәртебесі беріледі. Олай болмаған жағдайда жүйе қате туралы хабарлама береді .
Сатып алуды жариялау мерзімі «Сатып алуды жариялаудың жоспарланған мерзімі (ай)» жолындағы жоспар тармағында көрсетілген мерзімдерге сәйкес келмеген жағдайда, жүйе тиісті қатені көрсетеді:
Шартты жеңілдіктерді толтыру
Өтінімдерді қарастыру нысанында шартты жеңілдіктің пайызын енгізу үшін дауыс беруді аяқтағаннан кейін Хатшы «Шартты жеңілдіктер» өрісінде «Толтыру қажет» сілтемесін басу қажет:
Нәтижесінде экранда әр белгілері бойынша шартты жеңілдіктерді толтыру үшін нысан пайда болады. Шартты жеңілдіктерді толтыру нысаны әр лот бойынша көрсетіледі, белгілі бір лотты ашу үшін, лот нөміріне басу қажет:
Әр белгі төмендегі кестеде көрсетілген, деректерге сәйкес мәндерді құрайды:
№ | Бағалауөлшемшарты | Балл |
| Балдардытаратыпжазу |
1 |
Әлеуетті өнім беруші ұсынатын жобаның Тапсырыс берушінің техникалық ерекшелік талаптарына сәйкестігі |
0-ден 2-ге дейін | 0 | Әлеуетті өнім беруші ұсынатын жоба Тапсырыс берушінің техникалық ерекшелік талаптарына сәйкес келмейді (сәйкес келмеген жағдайда әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға жіберілмейді) |
1 | Әлеуетті өнім беруші ұсынатын жобаТапсырысберушініңтехникалықерекшелігініңталаптарынасәйкескеледі | |||
2 | Әлеуеттіөнімберушіұсынатынжобанеғұрлымүздік сипаттамалардықамтиды | |||
2 |
Әлеуетті өнім берушінің қызметі мақсатының (құрылтай құжаттарына сәйкес) Тапсырыс берушінің сатып алынатын қызметтеріне сәйкес келуі |
0-ден 2-ге дейін | 0 | ҚызметмақсаттарыТапсырысберушініңсатыпалатынқызметтерінесәйкескелмейді (сәйкес келмеген жағдайда әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға жіберілмейді) |
1 | Қызметмақсаттары Тапсырысберушініңсатыпалатынқызметтерінеішінара сәйкескеледі | |||
2 | Қызмет мақсаттары Тапсырыс берушінің сатып алатын қызметтеріне сәйкес келеді | |||
3 |
Тапсырысберушіқойғанмақсаттарғақолжеткізубойыншаегжей-тегжейлііс-шараларжоспарыныңсәйкестігі (іс-шараларатауыжәненысаны, өткізуорны мен мерзімі, жауаптытұлғалардыңтегіаты, әкесінің аты) |
0-ден 6-ға дейін | 0 | Тапсырысберушініңқойғанмақсаттарғақолжеткізуібойыншаегжей-тегжейлііс-шараларжоспарыжоқ не конкурстыққұжаттаманыңтехникалықерекшелігіндекөзделгенбарлықталаптардықамтымайды (сәйкес келмеген жағдайда әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға жіберілмейді) |
3 | Тапсырыс беруші қойғанмақсаттарғақолжеткізубойыншаегжей-тегжейлііс-шараларжоспары | |||
6 | Тапсырысберушініңқойғанмақсаттарғақолжеткізуібойыншаегжей-тегжейлііс-шараларжоспары | |||
4 |
Әлеуеттіөнімберушінің«Үкіметтікемесұйымдардыңдерекқорында»болуытуралымәліметтер |
0-ден 2-ге дейін | 0 | Әлеуеттіөнімберушітуралы мәліметтер «Үкіметтікемесұйымдардыңдерекқорында» қамтылмайды (сәйкес келмеген жағдайда әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға жіберілмейді) |
1 | Әлеуеттіөнімберуші«Үкіметтікемесұйымдардыңдерекқорына»мәліметтердіуақтылы ұсынбаған | |||
2 | Әлеуеттіөнімберуші«Үкіметтікемесұйымдардыңдерекқорына»мәліметтердіуақтылы ұсынған | |||
5 |
Әлеуеттіөнімберушініңжұмыстәжірибесініңболуы (бірөлшемшартғанатаңдап алынады) |
0-ден 6-ға дейін | 0 | Әлеуеттіөнімберушініңжұмыстәжірибесініңболмауы |
1 | Әлеуеттіөнімберушініңәлеуметтікбағдарламалар мен жобалардыіскеасырусаласындаекіжылды қоса алғанға дейінгі жұмыстәжірибесі | |||
2 | Әлеуеттіөнімберушініңәлеуметтікбағдарламалар мен жобалардыіскеасырусаласындағыекіжылданастам бес жылды қоса алғанғадейінгіжұмыстәжірибесі | |||
3 | Әлеуеттіөнімберушініңәлеуметтікбағдарламалар мен жобалардыіскеасырусаласында бес жылданастамжұмыстәжірибесі | |||
4 | Әлеуеттіөнімберушініңсатыпалынатынқызметтердіңмәнінесәйкескелетінұқсас қызметнарығындағыекіжылды қоса алғанға дейінгі жұмыстәжірибесі | |||
5 | Әлеуеттіөнімберушініңсатыпалынатынқызметтердіңмәнінесәйкескелетін ұқсасқызметтер көрсетунарығындағыекіжылдан астам және бес жылды қоса алғанға дейінгі жұмыстәжірибесі | |||
6 | Әлеуеттіөнімберушініңсатыпалынатынқызметтердіңмәнінесәйкескелетінұқсас қызметтернарығындағы бес жылданастам жұмыстәжірибесі | |||
6. |
Жобаны белгілі бір аумақта (астана, республикалық маңызы бар қала, облыс аудан, қала) іске асырған жағдайда – үкіметтік емес ұйымның тиісті өңірдегі жұмыс тәжірибесі * |
0-ден 3-ке дейін | 0 | Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген аумақта әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ |
1 | Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген аумақта әлеуметтік жобаларды іске асыруда екі жылды қоса алғанға дейін жұмыс тәжірибесі бар
| |||
2 | Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген аумақта әлеуметтік жобаларды іске асыруда екі жылдан астам және бес жылды қоса алғанға дейін жұмыс тәжірибесі бар
| |||
3 | Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген аумақта әлеуметтік жобаларды іске асыруда бес жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар | |||
7 | Әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыруға тартылатын мамандардың** тәжірибесі мен біліктілігі (Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарттарына (ҚР Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 19 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандартына сәйкес (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 тамызда |
0-ден 4-ке дейін | 0 | Әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыруға тартылатын мамандардың ұсынылатын әлеуметтік жобаның және (немесе) бағдарламаның қызмет түрлеріне сәйкес келетін практикалық жұмыс тәжірибесі мен біліктілігі жоқ немесе мамандардың тәжірибесі мен біліктілігі сәйкесінше құжаттармен расталмаған |
2 | Жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыруға тартылатын мамандардың ұсынылатын әлеуметтік жобаның және (немесе) бағдарламаның қызмет түрлеріне сәйкес келетін практикалық жұмыс тәжірибесі немесе біліктілігі бар, олар сәйкесінше құжаттармен расталған | |||
4 | Әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыруға тартылатын мамандардың ұсынылатын әлеуметтік жобаның және (немесе) бағдарламаның қызмет түрлеріне сәйкес келетін практикалық жұмыс тәжірибесі мен біліктілігі бар, олар сәйкесінше құжаттармен расталған | |||
8 |
Жобаны іске асыру нәтижелерін тиімді бағалау бойынша индикаторлардың болуы |
0-ден 6-ғадейін | 0 | техникалықерекшеліктеиндикаторларжоқ |
2 | Сандықнемесесапалықиндикаторлардыңболуы | |||
4 | Сандықжәне сапалықиндикаторлардыңболуы | |||
6 | Барлықдеңгейлердегісандықжәнесапалықиндикаторлардың, оның ішінде салым, процесс, қысқамерзімдіжәнеұзақмерзімдінәтижелериндикаторларыныңболуы |
Ескерту:
* Сатып алынатын көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесін растаушы құжаттар көрсетілген қызметтердің актілері мен шот-фактураларының электрондық көшірмелері болып табылады.
Тиісті өңірде жұмыс тәжірибесін растау үшін Тапсырыс берушінің ресми хаты қосымша беріледі.
** Мамандардың тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар білімі туралы дипломдар, тиісті курстардан, семинарлардан өткені туралы сертификаттар болып танылады.
Көрсетілген белгілердің негізінде, келесі өрістер автоматты түрде есептелінеді:
- Жалпы бал;
- ТС белгілерін бағалау бойынша өнім берушіге рұқсат беру және қабыл алмау бойынша мәртебесі;
- Шартты қысқарту өлшемі, %.
Аталмыш өрістер пайдаланушыға түзету үшін қолжетімді емес.
Ереженің 233 тарауының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген, белгілердің біреуінен бір балдан төмен алған конкурстық өтінімдері бар, Әлеуетті өнім берушілер, жиналған балдың жалпы санына қарамастан, конкурсқа жіберілмейді.
Конкурстық комиссияның әр белгі бойынша қойылған, баллдар автоматты түрде веб-порталмен қорытындыланады, оның нәтижесінде әлеуетті өнім берушіге оның техникалық сипаттамасына балмен көрсетілген, жалпы бағасы қойылады.
Техникалық сипаттамасының қорытынды бағасы 11 баллдан төмен болған, әлеуетті өнім беруші конкурсқа жіберілмейді.
Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін қарастыру және олардың техникалық сипаттамасын бағалау нәтижесі бойынша конкурсқа қатысуға рұқсат етілген, әлеуетті өнім берушілерге конкурстық ұсыныстардың келесі шартты қысқартулар қолданылады:
1) егер әлеуетті өнім берушінің техникалық сипаттамасының қорытынды бағасы 13-тен 17 баллды қоса алғанда құрайтын болса, онда әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы шартты түрде 10% қысқартылады;
2) егер әлеуетті өнім берушінің техникалық сипаттамасының қорытынды бағасы 18-тен 22 баллды қоса алғанда құрайтын болса, онда әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы шартты түрде 20% қысқартылады;
3) егер әлеуетті өнім берушінің техникалық сипаттамасының қорытынды бағасы 23-тен 27 баллды қоса алғанда құрайтын болса, онда әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы шартты түрде 30% қысқартылады;
4) егер әлеуетті өнім берушінің техникалық сипаттамасының қорытынды бағасы 28 баллдан жоғары баллды құрайтын болса, онда әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы шартты түрде 40% қысқартылады;
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінім ұсынған, әр әлеуетті өнім берушіге қатысты баллдарды санайды, оның ішінде конкурсқа қатысуға бір ғана өтінім берілген жағдайда.
Шартты жеңілдіктерді толтырғаннан кейін «Толтырылған» мәнге ауысады:
Егер Өнім беруші конкурстық комиссия мүшелерімен қабыл алынбаса, оның ішінде ТС бағалау белгілері бойынша Жалпы балл 8 баллдан артық болса, онда аталмыш Өнім беруші конкурсқа жіберілмейді.
Егер Өнім беруші конкурстық комиссия мүшелерімен қабыл алынса, оның ішінде ТС бағалау белгілері бойынша Жалпы балл 8 баллдан төмен болса, онда Өнім берушінің өтінімі автоматты түрде веб-порталмен қабыл алынбайды.
Сатып алуды болдырмау
Сатып алуды болдырмау рәсімі 1.3.18, 1.4.17 Сатып алуды болдырмау тарауларына ұқсас.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сатып алуды болдырмау «Қорытындылар хаттамасын қалыптастыру» мәртебесімен жасалған жағдайда, жүйе хаттаманы сатып алуды болдырмау туралы басқа хаттамаға қайта қалыптастырады.
Ескертпе: Жүйе бұрын қол қойылған хаттаманы болдырмау туралы ақпарат бар өзекті хаттамаға автоматты түрде қайта қалыптастырады. Бұдан соң хаттамаға қайтадан хатшы мен конкурстық комиссия мүшелері қолдарын қоюлары қажет. Сатып алуды болдырмау немесе сатып алудан бас тартқаннан кейін барлық сатып алу тәсіліне қатысты қорытындылар хаттамасын қайта қарау .
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! «Аяқталды» мәртебесіндегі хабарландыру бойынша сатып алуды болдырмау ішінара емес толықтай барлық лоттар бойынша жүргізілген жағдайда. жүйе сатып алуды болдырмауды есепке ала отырып, қорытындылар хаттамасының барлық нұсқаларын бейнелейді. Бұл ретте жүйе болдырмаусыз ақпараты бар қорытындылар хаттамасының алғашқы нұсқасын, сондай-ақ болдырмау туралы ақпаратпен екінші хаттаманы бейнелейтін болады. Қорытындылар хаттамасының барлық нұсқаларын бейнелеу сатып алудың барлық тәсілдеріне қатысты.
Болдырмау туралы ақпаратсыз алдындағы қорытындылар хаттамасы «Жарамсыз» мәртебесімен бейнеленетін болады. Болдырмау туралы ақпараты бар қорытындылардың өзекті хаттамасы «Жарамды» мәртбесінде болады.
Ұйымдастырушы/Тапсырыс беруші өкілі деректерінің өзгеруі
Ұйымдастырушы/Тапсырыс беруші өкілін өзгерту үшін «Ұйымдастырушы» рөлімен Жүйеде авторландыру қажет.
Назар аударыңыз! Өзгерту Хатшыға не хабарландыруды Жасаушыға ғана қолжетімді.
«Жұмыс кабинеті – Менің хабарландыруларым (Ұйымдастырушы)» мәзіріне өту.
Хабарландыруды ашу қажет. Хабарландыруда «Қолжетімді әрекеттер» мәзірінде «Өкілдің деректерін өзгерту» тармағын басу керек
«Өкілдің деректерін өзгерту» нысанында Тапсырыс берушінің/Ұйымдастырушының өкілін өзгерту және «Өзгерістерді сақтау» батырмасын басу. Жүйе енгізілген деректерді сақтайды
Бір архивпен Барлығын жүктеп алу» батырмасы
Жүйе хабарландыру кезеңіне байланысты хабарландырудағы барлық бар құжаттарды жүйтеп алуға мүмкіндік береді:
- Хабарландыру құжаттар (шарт жобасы/техникалық өзіндік ерекшелік және т.б.);
- Өнім берушілердің өтінімдері;
- Хаттамалар;
- Шарттар.
Құжаттарды жүктеп алу үшін «Құжаттама» қосымша бетіне өту және «Барлығын жүктеп алу» батырмасын басу. Батырманы басқаннан кейін Жүйе құжаттарды компьютерге жүктейді. Құжаттарды қарау үшін архивтен шығару қажет.





































