Электрондық банк кепілдіктерімен жұмыс істеу

Электрондық банк кепілдіктерін қарап шығу


Банк кепілдіктерімен жұмыс істеу үшін «Жұмыс кабинеті» - «Электрондық банк кепілдіктері» мәзіріне өту қажет, бұнда банк кепілдіктерін іздеу нысаны бейнеленеді



Атауы

Сипаттамасы

«Фильтр» қосымша беті

1

ЭБК нөмірі

ЭБК нөмірі енгізіледі (тура сәйкестік талап етіледі)

2

ЭБК мәртебесі

ЭБК жүйелік мәртебелердің бірі таңдалады

3

ЭБК типі

ЭБК типінің бірі таңдалады

4

ЭБК шығару күні

Күнтізбеден ЭБК шығару күні таңдалады (тура сәйкестік талап етіледі)

5

Өнім жеткізуші

Өнім жеткізушінің БСН/ЖСН енгізіледі (тура сәйкестік талап етіледі)

6

Тапсырыс беруші

Тапсырыс берушінің БСН/ЖСН енгізіледі (тура сәйкестік талап етіледі)

7

Ұйымдастырушы

Ұйымдастырушының БСН/ЖСН енгізіледі (тура сәйкестік талап етіледі)

8

Банк

Банктің БСН/ЖСН енгізіледі (тура сәйкестік талап етіледі)

9

Сатып алу

Сатып алу нөмірі енгізіледі (тура сәйкестік талап етіледі)

10

Лот

Лоттың нөмірі енгізіледі (тура сәйкестік талап етіледі)

11

Шарт

Шарттың нөмірі енгізіледі (тура сәйкестік талап етіледі)

12

ЭБК шығару мерзімі («бастап», «дейін»)

Банк кепілдіктері шығарылған мерзімінің күндері таңдалады

13

Табу

Батырманы басқанда, фильтрлерде барлық көрсетілген мәндер бойынша іздеу орындалады

14

Тазалау

Батырманы басқанда, фильтр үшін жолда енгізілген мәндерді жою орындалады

Рөлдер

15

БК бастаушысы және БК бекітушісі

Сілтемеге басқан кезде, жүйеге кіру іске асырылған,  банк қызметкерлерімен шығарылған, банк кепілдіктері ғана бейнеленеді. Әрбір рөлге сәйкесінше қызметтер қол жетімді болады.

16

Тапсырыс беруші үшін

Сілтемеге басқан кезде, жүйеге кіру іске асырылған, тапсырыс беруші мекенжайына шығарылған, банкілік кепілдіктер ғана бейнеленеді.

17

Ұйымдастырушы үшін

Сілтемеге басқан кезде, жүйеге кіру іске асырылған, ұйымдастырушы мекенжайына шығарылған, банкілік кепілдіктер ғана бейнеленеді.

18

Өнім жеткізуші үшін

Сілтемеге басқан кезде, жүйеге кіру іске асырылған, өнім жеткізушінің мекенжайына шығарылған, банкілік кепілдіктер ғана бейнеленеді.

Іздеу нәтижелері

19

БК нөмірі

Банк кепілдігінің нөмірі бейнеленеді

20

Банк

Банк атауы бейнеленеді

21

Өнім жеткізуші

Өнім жеткізушінің атауы бейнеленеді

22

Ұйымдастырушы/Тапсырыс беруші

Банк кепілдігінің типіне байланысты ұйымдастырушы, немесе тапсырыс берушінің атауы бейнеленеді (банк кепілдігі шығарылған мекенжайына қарай)

23

Сома

Банк кепілдігі сомасы теңгемен бейнеленеді

24

БК типі

Банк кепілдігінің типі бейнеленеді (шартты қамсыздандыру, өтінімді қамсыздандыру)

25

БК мәртебесі

Банк кепілдігінің ағымдағы мәртебесі бейнеленеді

26

Шығару күні

Банк кепілдігінің шығару күні бейнеленеді

27

Қолданыс мерзімі

Банк кепілдігінің әрекет ету мерзімі бейнеленеді

28

Қарап шығу

Банк кепілдігінің деректері бейнеленеді

29

Банк кепілдігін құру

Батырманы басқанда, жаңа банк кепілдігін құру үшін деректерді енгізудің нысаны бейнеленеді

 

Шығарылған электрондық банк кепілдігін растау

 

Электрондық банк кепілдігін банк қызметкерлерімен бекіткенінен кейін өнім берушінің жеке кабинетіне хабарлама жіберіледі, сонымен қатар банкпен шығарылған кепілдік «Жұмыс кабинеті» - «Электрондық банк кепілдіктері» іздеу нысанда бейнеленеді.


Банк кепілдігін растауды банк кепілдігін қарап шығу нысанында іске асыру қажет.

 

Растау – батырмаға басқаннан кейін банк кепілдігі  «Қолданыста» мәртебеге ауысып, бекітушіге және банк кепілдігін құрушыға хабарлама жіберіледі.

 


Бас тарту – батырмасын басқаннан кейін банк кепілдігі «Өнім берушімен бас тартылды» мәртебеге ауыстырылып, бекітушіге және бакн кепілдігін құрушыға хабарлама жіберіледі.


 

Қате шығарған жағдайда «Өтінімді қамтамасыз ету» түрімен электронды банктік кепілдікті қайтару

Электронды банктік кепілдікті қайтару үшін «Жұмыс кабинеті» - «Электронды банктік кепілдіктер» мәзірі арқылы банктік кепілдікті қарау нысанына өту қажет (назар аударыңыз, бір мезгілде бірнеше рөл–тапсырыс беруші, өнім беруші, ұйымдастырушы - болған кезде іздеу нысанында сіз одант арғы әрекетті жасайтын рөлді таңдау қажет).

Электрондық банктік кепілдікті қарау нысанына өту үшін пиктограмманы және одан әрі «Қарап шығу» батырмасын не  банктік кепілдік нөмірінің белсенді сілтемесін басу керек.  Көрсетілген нысанның төменгі жағында «Қайтару» батырмасы қолжетімді болады. 

Назар аударыңыз! Өнім берушінің өтінімі берілмеген жағдайда ғана электронды банктік кепілдікті қайтару қолжетімді. 

«Қайтару» батырмасын басқан кезде банктік кепілдік бойынша  ақшаны қайтару (күшін жою) себебін және растаушы құжаттарды қоса тіркеу мүмкіндігін көрсету үшін нысан көрсетіледі.   Себебі көрсетілгеннен кейін сіз банктік кепілдікті қайтару (күшін жою) үшін сіз құжаттың электрондық нысанын  (банкке сауалды) қалыптастыра аласыз.  

Банктік кепілдікті қайтаруға (күшін жоюға) құжатты қалыптастырғаннан кейін қалыптасқан құжатқа қол қою қажет. 

Қажет болған жағдайда, Сіз «Нысанды алып тастау» батырмасын пайдалана отырып, банктік кепілдікті қайтару (күшін жою) нысанын  алып тастай аласыз. 

Құжатқа қол қойған жағдайда мынадай нысан көрсетілетін болады. 

Банктік кепілдікті қайтару (күшін жою) нысанына қол қойғаннан кейін «Қайтару (банкте растауда)» мәртебесі берілетін болады. Банк қызметкерлеріне кепілдіктің күшін жою хабарламасы жіберілетін болады.

Банк қызметкері қайтарудан (күшін жоюдан) бас тарта алады, бұл ретте сізге бас тарту себебін көрсете отырып, хабарлама жіберілетін болады. Электронды банктік кепілдік мәртебесі «Қолданыста»  дегенге қайтарылады. 

Банк қызметкері қайтаруды растаған (күшін жойған) кезде Сізге қайтару (күшін жою) туралы хабарлама жіберілетін болады, кепілдіктер  (лоттар) мәртебесі  «Қайтарылды» деп өзгереді. Кепілдік мәртебесі «Пайдаланылды» деп өзгереді. 

«Ашық конкурс», «Аукцион» тәсілдерімен сатып алуға қатысу кезде банк кепілдігін қолдану


Өтініміңізде электрондық банк кепілдігін көрсету үшін «Қолданыста» мәртебедегі өнім берушімен расталған банк кепілдігінің бар болуы қажет етіледі. Өнім беруші қатысуға өтінімді құрып, құжаттаманы толтыру қадамына өтіп, «Өтінімді қамсыздандыру, немесе кепілдеме ақшалай төлем» құжатына өту қажет.

 

Одан кейін құжатты қосуға өтіп, «Қосу» батырмасын басу қажет:


Қамсыздандыру типін таңдауға өту:

 


«Электрондық банк кепілдігі» тармағын таңдағанда  -  көрсетілген хабарландыруға және сәйкесінше лотқа өнім берушіге берілген, «Қолданыста» мәртебесіне ие банк кепілдіктерін таңдауға функционалдылық бейнеленеді.



Кепілдікті таңдағаннан (қанатбелгісін қойғаннан) кейін «Тіркеу» батырмсы басылады. «Тіркеу» батырмасы басылғанынан кейін, таңдалған кепілдік өтінімге тіркеліп, «Тіркелген мәліметтер» қосымша парағында бейнеленеді.



Егер таңдалған кепілдікті өтінімнен жою қажет болған жағдайда – кепілдіктерді таңдап (қанатбелгісін қойып), «Таңдалғандарды тіркеуден алу» басыңыз.

Ұйымдастырушы сауалы бойынша банк қызметкерлерімен электрондық банк кепілдігі бойынша кері қайтару (жою)/ шегеру (ақша аудару) жағдайда, Сізге сәйкесінше хабарлама жіберіледі. Бұл жағдайда электрондық банк кепілдіктің мәртебесі «Қайтарылды»/ «Шегерілді» (немесе кепілдік бойынша қаражаттар жартылай шегерілсе, ал қалған лоттар бойынша кепілдік кері қайтарылса (жойылса) «Орындалды») дегенге өзгертіледі.

«Шарттар» модулінде банк кепілдігін пайдалану

Банк шығарған электронды банктік кепілдіктің (бұдан әрі – ЭБК) «Банк шығарды» деген мәртебесі бар. ЭБК-ні қарау үшін Өнім берушіге «Электронды банктік кепілдік» тарауында «Жұмыс кабинеті» мәзіріне өту қажет. 

ЭБК тізімінде, талап етілген ЭБК бар жолдағы «Қарап шығу» батырмасын басу керек. 

ЭБК қарап шығу нысаны мынадай түрде болады:

Растағаннан кейін ЭБК «Қолданыста» мәртебесіне ауысады және шартқа/қосымша келісімге қоса тіркеу үшін қолжетімді болады. 

Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қоса тіркеуді Өнім беруші  іс жүзінде сатып алу тәсілі «Баға ұсыныстарын сұрату», «Ашық конкурс», «Аукцион» немесе «Өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден алу» (өткізілмеген сатып алу тәсілі «Ашық конкурс» не «Аукцион») болатын,   «Қолданыста»  немесе «Қолтаңба қойылды» мәртебесі бар шарттарда орындайды. 

Шартты орындауды қамтамасыз етуді қоса тіркеу үшін Өнім берушіге шарт карточкасында «Шарттың орындалуын қамтамасыз ету» қосымша бетіне өту қажет. 

Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қоса тіркеу нысаны жолақтары мен іс-қимылдарының сипаттамасы төмендегі кестеде берілген. 

Р/с №  

Жолақ атауы

Сипаттамасы

1

Тип

Қамтамасыз етуді қоса тіркегеннен кейін Жүйе автоматты түрде толтырады.  Электронды банктік кепілдікті (бұдан әрі – ЭБК) қоса тіркеген жағдайда, қамтамасыз ету типі «Банктік кепілдік» типіне сәйкес келетін болады. Кепілді ақша жарнасы (бұдан әрі – КАЖ) файлын қоса тіркеген жағдайда, қамтамасыз ету типі  «Кепілді ақша жарнасы» типіне сәйкес келетін болады.    

2

Кіші тип

Шарттың орындалуын қамтамасыз ету 3 кіші типке бөлінеді: 

- шарттың жалпы сомасынан   3%-ға;

- шарт бойынша аванс сомасына;

- Заңның 26 бабына сәйкес сомаға.

3

Сипаттамасы

Осы жолақта шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қоса тіркеу жөнінде, шарт бойынша РҚ МС туралы заңның 26-бабына сәйкес сома мен аванстың болуы не жоқтығы туралы түсініктеме беріледі.   

4

ЭБК болуы

Егер осы кіші тип бойынша «Қолданыста» мәртебесінде ЭБК болса, Жүйе «Иә» белгісін көрсетеді.

5

Талап етіледі

Егер қамтамасыз етудің кіші типі осы шартқа қоса тіркеу үшін  міндетті болып табылса, Жүйе «Иә» белгісін көрсетеді.  

6

Қоса тіркелген

Егер қоса тіркелген қамтамасыз ету болса, Жүйе «Иә» белгісін көрсетеді.   

7

Іс-қимыл

«ЭБК-ның таңдау» батырмасын басқан кезде, Жүйе осы кіші тип бойынша «Қолданыста» мәртебесіндегі қолжетімді ЭБК-ні көрсетеді. «КАЖ-ды қоса тіркеу» батырмасын басқан кезде кепілді ақша жарнасы файлын қоса тіркеу үшін нысан көрсетіледі. 

8

Қоса тіркеуді аяқтау

Қамтамасыз етудің міндетті кіші типтері қоса тіркелмесе, батырма белсенді емес. Іс-қимылды орындағаннан кейін Жүйе қамтамасыз етуді алып тастауға және қоса тіркеуге тыйым салады.  Шарттың «Қазынашылықта тіркеусіз» белгісі болған жағдайда, Жүйе қамтамасыз етуді қоса тіркеуді аяқтағаннан кейін шарттың мәртебесін   «Қолтаңба қойылды» дегеннен «Қолданыста» деп өзгертеді. 

 

Растағаннан кейін ЭБК «Қолданыста» мәртебесіне өтеді және шартқа/қосымша келісімге қоса тіркеу үшін қолжетімді. 

ЭБК-ні қоса тіркеу қамтамасыз етуді қоса тіркеу  нысанында белгілі бір тип бар жолақта «ЭБК-ны таңдау» батырмасының көмегімен орындалады, Жүйе  «Қолданыста» мәртебесінде осы шартқа/қосымша келісімге байланыстырылған, «Қолданыста» мәртебесінде осы кіші типпен қолжетімді ЭБК-ні көрсетеді.   

Ескертпе: қолданыстағы ЭБК («Қолданыста» мәртебесінде) болмаған кезде, «ЭБК-ні таңдау» батырмасы көрсетілмейді.   

«Кепілді ақша жарнасын қоса тіркеу» батырмасын басқан кезде файлды қоса тіркеу нысаны көрсетіледі. «Файлды табу» батырмасының көмегімен файлды таңдағаннан кейін «Файлды жүктеу» батырмасын басу талап етіледі. 

Қоса тіркелген қамтамасыз етулер «Қоса тіркелген құжаттар» кестесінде көрсетілген.

Назар аударыңыз! Жүйе бір шартта әр түрлі кіші типтер бойынша қамтамасыз етулердің түрлі типтерін құрамдастыруға мүмкіндік береді.  

Назар аударыңыз!  Жүйе қосымша келісімге қамтамасыз етуді қоса тіркеуге мүмкіндік беруі тиіс, бұл ретте ата-ана шартын қамтамасыз ету қосымша келісімді құрған кезде көшіріледі. 

Қоса тіркелген қамтамасыз етуді қажет болған жағдайда шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қоса тіркеуді аяқтағанға дейін алып тастауға болады.  

Назар аударыңыз! Шарттың орындалуын қоса тіркеуді аяқтағаннан кейін қамтамасыз етуді алып тастау және қоса тіркеу мүмкін емес. 

Қажетті ЭБК шартқа/қосымша келісімге қоса тіркелгеннен кейін Жүйе  «Қоса тіркеуді аяқтау» батырмасын белсенді етеді. Жүйе шарт бойынша («шарттың жалпы сомасынан  3%-ға» кіші типімен ЭБК үндемеуі бойынша міндетті болып табылады) ҚР МС туралы заңның 26-бабына сәйкес сома мен аванстың болуын не жоқтығын тексеруді  жүзеге асырады және талап етілген кіші типпен қамтамасыз ету болмаған жағдайда, «Қоса тіркеуді аяқтау» батырмасы белсенді емес болады. 

«Қоса тіркеуді аяқтау» батырмасын басқанда, Жүйе  растауды сұрайды. 

Жүйе  шарттың «Қазынашылықта тіркеусіз» белгісі болған жағдайда, қамтамасыз етуді қоса тіркеуді аяқтау әрекетін орындауды растағаннан кейін  шарт мәртебесін «Қолтаңба қойылды» дегеннен «Қолданыста» деп өзгертеді. 

  • No labels