Электрондық банктік кепілдіктермен жұмыс
Электрондық банктік кепілдіктерді қарау
Банктік кепілдіктермен жұмыс істеу үшін «Жұмыс кабинетіне» өтіп - «Электрондық банктік кепілдіктер» мәзіріне өту қажет, банктік кепілдіктерді іздеу нысаны бейнеленетін болады.
№ | Атауы | Сипаттама |
«Сүзгі» қосымша беті | ||
1 | ЭБК нөмірі | ЭБК нөмірі енгізіледі (дәлме-дәл сәйкес болу талап етіледі) |
2 | ЭБК мәртебесі | ЭБК-ның жүйелік мәртебелерінің бірі таңдалады |
3 | ЭБК типі | ЭБК типтерінің бірі таңдалады |
4 | ЭБК шығарылған күні | Күнтізбеден ЭБК шығарылған күні таңдалады (дәлме-дәл сәйкес болу талап етіледі) |
5 | Өнім беруші | Өнім берушінің БСН/ЖСН енгізіледі (дәлме-дәл сәйкес болу талап етіледі) |
6 | Тапсырыс беруші | Тапсырыс берушінің БСН/ЖСН енгізіледі (дәлме-дәл сәйкес болу талап етіледі) |
7 | Ұйымдастырушы | Ұйымдастырушының БСН/ЖСН енгізіледі (дәлме-дәл сәйкес болу талап етіледі) |
8 | Банк | Банктің БСН/ЖСН енгізіледі (дәлме-дәл сәйкес болу талап етіледі) |
9 | Сатып алу | Сатып алу нөмірі енгізіледі (дәлме-дәл сәйкес болу талап етіледі) |
10 | Лот | Лот нөмірі енгізіледі (дәлме-дәл сәйкес болу талап етіледі) |
11 | Шарт | Шарт нөмірі енгізіледі (дәлме-дәл сәйкес болу талап етіледі) |
12 | ЭБК шығау кезеңі («бастап», «қоса есептегенде») | Банктік кепілдік шығарылған кезеңнің күні таңдалады |
13 | Табу | Батырманы басқанда сүзгілерде барлық көрсетілген мәндері бойынша іздеу жүргізіледі |
14 | Тазалау | Батырманы басқанда сүзгі үшін енгізілген мәндерді алып тастау жүргізіледі |
Роли | ||
15 | БК бастамашы және БК бекітуші | Сілтемені басқан кезде жүйеге кіруді жүзеге асырған банк қызметкерлері шығарған банктік кепілдіктер ғана бейнеленеді. Әрбір рөл үшін тиісті атқарымдар қолжетімді |
16 | Тапсырыс беруші үшін | Сілтемені басқан кезде жүйеге кіруді жүзеге асырған Тапсырыс беруші атына шығарылған банктік кепілдіктер ғана бейнеленеді. |
17 | Ұйымдастырушы үшін | Сілтемені басқан кезде жүйеге кіруді жүзеге асырған Ұйымдастырушы атына шығарылған банктік кепілдіктер ғана бейнеленеді. |
18 | Өнім беруші үшін | Сілтемені басқан кезде жүйеге кіруді жүзеге асырған Өнім беруші атына шығарылған банктік кепілдіктер ғана бейнеленеді. |
Іздеу нәтижелері | ||
19 | БК нөмірі | Банктік кепілдік нөмірі бейнеленеді |
20 | Банк | Банк атауы бейнеленеді |
21 | Өнім беруші | Өнім беруші атауы бейнеленеді |
22 | Ұйымдастырушы/Тапсырыс беруші | Банктік кепілдік типіне байланысты (банктік кепілдік кімнің атына шығарылғанына байланысты) ұйымдастырушы не Тапсырыс беруші атауы бейнеленеді |
23 | Сомасы | Теңгеде банктік кепілдік сомасы бейнеленеді |
24 | БК типі | Банктік кепілдік типі бейнеленеді (шартты қамтамасыз ету, Өтінімді қамтамасыз ету) |
25 | БК мәртебесі | Банктік кепілдіктің ағымдағы мәртебесі бейнеленеді |
26 | Шығарылған күні | Банктік кепілдікті шығару күні бейнеленеді |
27 | Әрекет ету мерзімі | Банктік кепілдіктің әрекет ету мерзімі бейнеленеді |
28 | Қарау | Банктік кепілдік деректері бейнеленеді |
29 | Банктік кепілдік жасау | Батырманы басқанда жаңа банктік кепілдік жасау үшін қолжетімді деректерді енгізу нысаны бейнеленеді |
Шартты қамтамасыз етуге арналған қолданыстағы кепілдіктер шарт карточкасына «Банктік кепілдік» қосымша бетінде қарау үшін қолжетімді. Шарт карточкасына өту үшін «Тізілімдер» - «Шарттар тізілімі», «Жұмыс кабинеті» - «Менің шарттарым (Тапсырыс беруші)» мәзірін пайдалануға болады.
Өтінімді қамтамасыз етуге арналған қолданыстағы кепілдіктер «Ашық конкурс» және «Аукцион» тәсілдерімен сатып алу үшін «Өтінімді қамтамасыз ету» санатында Өнім берушінің өтінімдері құжаттарының тізбесіне қарау үшін қолжетімді.
Электрондық банктік кепілдіктерді ұстап қалу
Электрондық банктік кепілдікті ұстап қалу үшін «Жұмыс кабинеті» - «Электрондық банктік кепілдіктер» мәзірі арқылы емес, хабарламадағы сілтеме бойынша банктік кепілдікті қарау нысанына өту қажет (назар аударыңыз, бір мезгілде бірнеше рөл – Тапсырыс беруші, Өнім беруші, ұйымдастырушы – болған кезде іздеу нысанында сіз одан арғы әрекеттерді жасайтын рөлді таңдау қажет).
Электрондық банктік кепілдікті қарау нысанына өту үшін пиктограммасын және бұдан әрі «Қарау» батырмасын басу керек. Бейнеленген нысанның төменгі жағында «Ұстап қалу» батырмасы қолжетімді болады.
«Ұстап қалу» батырмасын басқан кезде банктік кепілдік бойынша ақша ұстап қалу себептерін және растайтын құжаттарды қоса тіркеу мүмкіндігін көрсету үшін нысан бейнеленеді. Себептерін көрсеткеннен кейін сіз банктік кепілдік бойынша ақша ұстап қалу үшін құжаттың электрондық нысанын (банкке сауал) қалыптастыра аласыз, бұл үшін «Ұстап қалу нысанын қалыптастыру» батырмасын басу керек.
Банктік кепілдік бойынша ақша ұстауға құжатты қалыптастырғаннан кейін, қалыптасқан құжатқа қол қою қажет.
Қажет болған жағдайда, Сіз «Нысанды алып тастау» батырмасын пайдалана отырып, банктік кепілдік бойынша ақша ұстау нысанын алып тастай аласыз.
Құжатқа қол қойған жағдайда келесі нысан бейнеленеді.
Банктік кепілдікті ұстап қалу нысанына қол қойылғаннан кейін, «Ұстап қалу «банкте расталуда) мәртебесі берілетін болады. Банк қызметкерлеріне ақша аудару үшін хабарлама жіберіледі.
Банк қызметкері ақша аударудан бас тарта алады, бұл ретте сізге бас тарту себептерін көрсете отырып, бас тарту туралы хабарлама жіберілетін болады. Электрондық банктік кепілдік мәртебесі «Әрекет етеді» мәртебесіне оралатын болады.
Банк қызметкерлері ақша аударуды растаған кезде Сізге ақша аудару туралы хабарлоама жіберіле, кепілдік (лоттар) мәртебесі «Ұсталды» мәртебесіне өзгереді. Бір кепілдік бойынша бірнеше әрекет ететінді ұстап қалу жүргізілген бірнеше лот болған кезде, кепілдіктегі лоттар мәртебесі ғана өзгереді. Ұсталған лоттардан басқа кепілдік күшін жойған лоттар болған кезде – кепілдік мәртебесі «Орындалды» деп өзгереді.
Электрондық банктік кепілдіктерді қайтару
Электрондық банктік кепілдікті қайтару (күшін жою) үшін «Жұмыс кабинеті» - «Электрондық банктік кепілдіктер» (назар аударыңыз, бір мезгілде бірнеше рөл болған кезде іздеу нысанында – Тапсырыс беруші, Өнім беруші, ұйымдастырушы – сіз одан арғы әрекеттерді жасайтын рөлді таңдау қажет) мәзірі арқылы емес, хабарламадағы сілтеме бойынша банктік кепілдікті қарау нысанына өту қажет.
Электрондық банктік кепілдікті қарау нысанына өту үшін пиктограммасын және бұдан әрі «Қарау» батырмасын басу керек. Бейнеленген нысанның төменгі жағында «Қайтару» батырмасы қолжетімді болады.
«Қайтару» батырмасын басқан кезде банктік кепілдік бойынша ақшаны қайтару (күшін жою) себептерін және растайтын құжаттарды қоса тіркеу мүмкіндігін көрсету үшін нысан бейнеленеді. Себептерін көрсеткеннен кейін сіз банктік кепілдік бойынша ақшаны қайтару (күшін жою) үшін құжаттың электрондық нысанын (банкке сауал) қалыптастыра аласыз, бұл үшін «Күшін жою нысанын қалыптастыру» батырмасын басу керек.
Банктік кепілдікті қайтаруға (күшін жоюға) арналған құжатты қалыптастырғаннан кейін, қалыптасқан құжатқа қол қою қажет.
Қажет болған жағдайда, Сіз «Нысанды алып тастау» батырмасын пайдалана отырып, банктік кепілдік бойынша ақшаны қайтару (күшін жою) нысанын алып тастай аласыз.
Құжатқа қол қойған жағдайда келесі нысан бейнеленеді.
Банктік кепілдікті қайтару (күшін жою) нысанына қол қойылғаннан кейін, «Ұстап қалу» банкте расталуда) мәртебесі берілетін болады. Банк қызметкерлеріне кепілдіктің күшін жою үшін хабарлама жіберіледі.
Банк қызметкері ақшаны қайтарудан (күшін жоюдан) бас тарта алады, бұл ретте сізге бас тарту себептерін көрсете отырып, бас тарту туралы хабарлама жіберілетін болады. Электрондық банктік кепілдік мәртебесі «Әрекет етеді» мәртебесіне оралатын болады.
Банк қызметкерлері қайтаруды (күшін жоюды) растаған кезде Сізге қайтару (күшін жою) туралы хабарлама жіберіледі, кепілдік (лоттар) мәртебесі «Ұсталды» мәртебесіне өзгереді. Бір кепілдік бойынша бірнеше әрекет ететінді ұстап қалу жүргізілген бірнеше лот болған кезде, кепілдіктегі лоттар мәртебесі ғана өзгереді. Ұсталған лоттардан басқа кепілдік күшін жойған лоттар болған кезде – кепілдік мәртебесі «Орындалды» деп өзгереді.









