Мемлекеттік сатып алу саласындағы тізбелер

 Шарттар тізбесі

Қолданыстағы шарттарды қарап шығу сайттың сыртқы бетінде «Тізбелер» - «Шарттар тізімдемесі» бөлігінде бұқаралық қарауға қол жетімді (жүйеде авторлану міндетті емес). 

Жүйе шарттар тізбені қарап шығу нысанын бейнелейді. Шарттарды іздеу үшін фильтрлердің жиынтығын қолдануға болады.

Егжей-тегжейлі іздеу мақсатында «Кеңейтілген іздеу» сілтемесін басу қажет.

Нақты бір шартты қарап шығу үшін, шарттың нөмірімен белсенді сілтемені басу қажет. Жүйе шарттың карточкасын бейнелейді.

Жосықсыз өнім жеткізушілер тізбені қарап шығу

Уәкілетті органмен жосықсыз қатысушылар тізбесіне қосылғанын растаудан кейін, Жүйе бір күн ішінде деректерді өңдеп, мемлекеттік сатып алу веб-порталының Бас бетінде ақпаратты http://www.goszakup.gov.kz/ «2016 Сатып алу» бөлігінде бейнелейді.

Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылар тізбесін қарап шығу және  мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланушысының өтінімдерін іздеу үшін, жалпыға қол жетімді «Тізбелер» - «Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізбесіне» өту қажет.  

 


Фильтр көмегімен Өнім жеткізушінің Атауы, БСН, ЖСН, басшының БСН, ЖСН бойынша, өнім жеткізушінің құрылтайшысы арқылы өтінімдерді іздеуді орындау,а болады. Ол үшін іздеу параметрлерін көрсетіп, «Табу» батырмасын басу қажет.

Жүйе іздеудің берілген шамалары бойынша жазбаны бейнелейді

Әлеуетті өнім жеткізушіні немесе өнім жеткізушіні Жосықсыз қатысушылар тізбесіне қосу өтінімдермен ақпаратты қарап шығу үшін, Нөмірге басу қажет.

Жүйе әлеуетті өнім жеткізушіні немесе өнім жеткізушіні Жосықсыз қатысушылар тізбесіне қосуға өтінімдер тізімін бейнелейді.

Әлеуетті өнім жеткізушіні немесе өнім жеткізушіні Жосықсыз қатысушылар тізбесіне қосу өтінімі бойынша толық ақпаратты қарап шығу үшін Өтінім нөмірін басу қажет.

Жүйе Жосықсыз қатысушылар тізбесіне қосу өтінімін қарап шығуын бейнелейді.

Жосықсыз қатысушылардың тізбесін жүргізу

 

Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізбесі (Бұдан әрі – ЖҚТ):

1) Мемлекеттік сатып алулар туралы шарттар жасалу барысында квалификациялық талаптары мен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттама) талаптарына  сәйкес келмейтіні немесе осындай талаптарға сәйкес келуі туралы дәйексіз ақпаратты ұсыну арқылы, конкурс (аукцион) жеңімпазы болуға мүмкіндік беріп, оның нәтижесінде шарт жасалып, тапсырыс берушілер олармен шартты бір жақты тәртіппен бұзған, өнім жеткізушілер;

2) мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасаудан бас тартқан жеңімпаз атанған, әлеуетті өнім жеткізушілер (екінші орын алған, әлеуетті өнім жеткізуші);

3) олармен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өзінің міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған өнім жеткізушілер тізбесін құрайды.

Әлеуетті өнім жеткізушілерді немесе өнім жеткізушілерді ЖҚТ қосу төмендегі нұсқалар бойынша жүргізіледі:

1)  Автоматты түрде Жүйемен – Жеңімпаз атанған немесе екінші орын иеленген әлеуетті өнім жеткізуші Заңмен орнатылған мерзім ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шартты веб-портал көмегімен қол қоймаса, веб-портал көмегімен қабылданатын, уәкілетті органы шешімімен, осындай өнім жеткізуші автоматты түрде мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізбесіне қосылады;

2)  Уәкілетті органның шешімімен – өнім жеткізуші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасап, шарттың орындауды қамсыздандыруды енгізу туралы және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды уақытында орындамағанда;

3)  Сот шешімімімен – Жосықсыз қатысушылар тізбесін жүргізудің ережелеріне сәйкес Тапсырыс беруші уәкілетті органға Соттың шешімінің көшірмесін (электрондық көшірмесін), сонымен қатар осындай әлеуетті өнім жеткізуші немесе өнім жеткізуші туралы веб-портал көмегімен электрондық түрде ақпаратты ұсынады.

Жосықсыз қатысушылар тізбесіне қосу өтінімдерді іздеу

 

Уәкілетті органның Өтінімдерін басқару нысанында іздеудің келесідей элекменттері орналасқан:

  • Өнім жеткізушінің атауы;
  • Өнім жеткізушінің БСН;
  • Өнім жеткізушінің ЖСН;
  • Тапсырыс берушінің атауы;
  • Тапсырыс берушінің БСН;
  • Сот шешімінің нөмірі;
  • Өтінім мәртебесі;
  • «Бастап» уәкілетті органға жіберу мерзімі;
  • «Дейін» уәкілетті органға жіберу мерзімі.

Уәкілетті орган қызметкерлеріне жосықсыз қатысушылар тізбесіне қосуға өтінімдерді іздеу үшін қажетті мәнді көрсетіп, «Табу» батырмасын басу қажет.

 Жосықсыз қатысушылар тізбесіне автоматты түрде қосу

Жеңімпаз атанған немесе екінші орынды иеленген, әлеуетті өнім жеткізуші мемлекеттік сатып алу туралы шартқа Заңмен орнатылған мерзімдерде қол қоймаса, осындай әлеуетті өнім жеткізуші, веб-портал көмегімен қабылданатын,  уәкілетті органның шешімімен, автоматты түрде мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізбесіне қосылады.

Бұл кезде мемлекеттік сатып алу веб-порталымен автоматты түрде әлеуетті өнім жеткізушіні немесе өнім жеткізушіні Жосықсыз қатысушылар тізбесіне қосылуға өтінім және PDF форматында Уәкілетті органның бұйрығы қалыптасады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Өнім жеткізуші-филиал шартты жасаудан бас тартқан жағдайда, ЖҚТ-ға өнім жеткізуші-филиалдың Бас ұйымы қосылады.

Жосықсыз қатысушылар тізбесіне әлеуетті өнім жеткізушіні немесе өнім жеткізушіні енгізу үшін мәліметтері бар өтінімді құру және жіберу

Веб-портал көмегімен жосықсыз қатысушылар тізбесін жүргізу үшін, «Қатысушының бейіні  - Ұйымның қызметкерлері» бөлігінде «Тапсырыс беруші» өкілеттілігін тағайындау қажет.

«Жосықсыз қатысушылар тізбесіне» қосу үшін мәліметтері бар өтінімді құру  және жіберу үшін, «Жұмыс кабинеті» - «ЖҚТ-ге енгізуге өтінімдер»  бөлігіне өту қажет.

Мәліметтері бар өтінімдерді басқару нысаны осы ұйымның қызметерлерімен жүктелген, функционалдық батырмалары, іздеу фильтрі және мәліметтер тізілімі бар, кесте түрінде берілген  нысан болып табылады:

Оның алдында құрылған өтінімдерді іздеу үшін, қажетті мәнді көрсетіп, «Табу» батырмасын басу қажет.

Мәліметтері бар өтінімдерді басқару нысанында келесідей басқару элементтері орналасқан:

Жолы

Әрекет

«Өтінім нөмірі»

Мәліметтері бар өтінімнің бірегей сәйкестендіру нөмірін енгізуге арналған баған, өтінім «Құрылды» деген мәртебелі болған жағдайда, оны басқанда өтінімдегі мәліметтерді редакциялауға арналған бет  ашылады

«Өнім жеткізушінің атауы»

Мәліметтері бар өтінімді құру кезде таңдалған, өнім жеткізушінің тіркеу деректерінен атауы бейнеленеді

«Өнім жеткізушінің БСН/ЖСН»

Мәліметтері бар өтінімді құру кезде таңдалған, өнім жеткізушінің тіркеу деректерінен БСН/ЖСН бейнеленеді

«Өнім жеткізушінің ССН/ТЕН»

Мәліметтері бар өтінімді құру кезде таңдалған, ҚР резиденті болып табылмайтын қатысушының тіркеу деректерінен ССН/ТЕН бейнеленеді

«Сот шешімінің нөмірі»

Мәліметтері бар өтінімді құру кезде таңдалған, Сот шешімінің нөмірін енгізуге арналған баған

«Мәртебесі»

Мәліметтері бар өтінімнің мәртебесін енгізуге арналған баған

«Өтінімді жіберген, тұлға»

Өтінімді уәкілетті органға жіберген, пайдаланушының тегі, аты-жөнін енгізуге арналған баған

«Тапсырыс берушімен өтінімді жіберу күні мен уақыты»

Мәліметтері бар өтінімді өңдеуге жіберу күнін және уақытын енгізуге арналған баған

«УО өтінімді қосу/бас тарту күні және уақыты»

Уәкілетті органмен мәліметтері бар өтінімді қарастыру күні мен уақытын енгізуге арналған баған

«Қызметтері»

«Құрылды» мәртебелі өтінімді уәкілетті органға жіберу/жоюға арналған бұйрықтары бар баған

Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы ретінде әлеуетті өнім жеткізушіні мақұлдау туралы мәліметтері бар өтінімді уәкілетті органға ұсыну үшін, «ЖҚТ-ге қосуға өтінімдер» бөлігінде «Өтінімді құру» батырмасын басу қажет:

Мәліметтер бойынша өтінімді құруға терезе ашылады:

«Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы ретінде (әлеуетті) өнім жеткізушіні мақұлдау негіздемесі» жолын толтырған кезде, келесідей негіздемелер ұсынылады:

  • Әлеуетті өнім жеткізуші квалификациялық талаптары бойынша дәйексіз ақпаратты ұсынды;
  • Әлеуетті өнім жеткізуші Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 6 бабындағы талаптарын бұзуға жол берді;
  • Өнім жеткізуші онымен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындамады немесе тиісті түрде орындамады;
  • Өнім жеткізуші, мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасап, шарттың орындалуына қамсыздануды енгізу туралы және (немесе) енгізу мерзімдері талаптарын уақытында орындамады.

Негіздеменің біреуін «Әлеуетті өнім жеткізуші квалификациялық талаптары бойынша дәйексіз ақпаратты ұсынды» / «Әлеуетті өнім жеткізуші Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 6 бабындағы талаптарын бұзуға жол берді», «Өнім жеткізуші онымен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындамады немесе тиісті түрде орындамады» таңдаған кезде Сот шешімі туралы мәліметтерді толтыруға жолдар қол жетімді болып, растау құжатын тіркеу міндетті шарты болып табылады.

Ескертпе: «Өнім жеткізуші, мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасап, шарттың орындалуына қамсыздануды енгізу туралы және (немесе) енгізу мерзімдері талаптарын уақытында орындамады» негіздемені таңдаған кезде Сот шешімі туралы мәліметтерді толтыру жолдары қол жетімсіз болып, растау құжатын тіркеу міндетті емес болып табылады. Осындай негіздемелі Өтінімді Уәкілетті органмен растаудан кейін – Жүйе Өтінімге PDF форматында Уәкілетті органның бұйрығын қалыптастырып тіркейді.

Растау құжатын тіркеу үшін (Мысалы, Сот шешімін) «Файлды таңдаңыз» батырмасын басу мүмкіндігі қол жетімді болады:

«Файлды таңдаңыз» батырмасын басып, қатты дисктегі файлға жолды сілтеу жүргізіледі. Файлды таңдаудан кейін, тіркелетін файлды ЭШҚ қол қою қажет. Файлдың жүйеге жүктелуінен кейін, жүктелетін файлдардың зиянды бағдарламалар бар болуына тексеру жүргізіледі. ЭШҚ қойылған файлдың жүктелуінен кейін «Антивирус мәртебесі» бағанда осы файлға «Тексеру жүргізіліп жатыр» мәртебесі беріледі. «Тексеру жүргізіліп жатыр» мәртебесі файлды жүктеген сәтінен бастап, зиянды кодтың бар болуына тексеру үрдісі аяқталғанына дейін бейнеленеді. «Қауіп табылмады» мәртебесі, файлды тексеру барысында зиянды код табылмаған жағдайда, бейнеленеді.

«Қауіп аңғарылды (қауптің атауын көрсете отырып)» мәртебесі, файлды зиянды код болған жағдайда, файл тексеруден өткеннен кейін бейнеленеді. Бұл кезде файл жойлу үдерісіне қол жетімді болады. Ол үшін тіркелген файлдың жолында «Файлды жою» батырмасын басу қажет:

Ескертпе: Сатып алудың "Ерекше тәртіп" тәсілі бойынша ЖҚТ қосу үшін өтінімдерді құру мүмкіндігі бар ("Сатып алу туралы мәлімет" тарауы, "Сатып алу тәсілі" жиегі)
"Сатып алу туралы мәлімет" тарауындағы "Сатып алу тәсілі" жиекте өтінімді құру кезінде ашылатын тізімнен "Ерекше тәртіпті" таңдау қажет.
Егер таңдау "Ерекше тәртіпті" тәсілі таңдалған болса, онда Жүйе "Сатып алу нөмірі" жиегін толтыру үшін белсенді қылады. Енгізілетін символдардың рұқсат етілген ең жоғарғы саны - 10.

Барлық қажетті жолдарды толтырғанынан кейін «Сақтау» батырмасы басылады.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! МС туралы ҚР заңнамасын өнім жеткізуші-филиал бұзса, ЖҚТ-ға өнім жеткізуші-филиалдың Бас ұйымы қосылады. «Сақтау»батырмасын басқанда, Жүйе автоматты түрде БСН, Өнім жеткізуші-филиалдың атауын Бас ұйымға алмастырады, бұл кезде «Жосықсыз филила туралы мәліметтер» бөлігі қосылады


 

            Құрылған Өтінім Өтінімдер тізімінде бейнеленеді:

Өтінімдер бар кестеде «Уәкілетті органға жіберу» және «Жою» қызметтері бар. «Уәкілетті органға жіберу» және «Жою» қызметтері мәліметтері бар өтінімнің мәртебесі «Құрылды» болғанда ғана бейнеленеді.

Одан кейін «Қарастыруға жіберу» батырма көмегімен, Уәкілетті органға Жосықсыз қатысушылар тізбесіне қосуын қарастыруға «Құрылды» мәртебесі бар өтінімді жіберу қажет:

           Егер Уәкілетті органға жіберген кезде Жүйе Өтінімдегі қателерді анықтамаса, онда «Құрылды» мәртебесі «Жіберілді» мәртебеге ауысады:

Орындалған әрекетке байланысты Жүйеде Тапсырыс беруші мен Уәкілетті органның келесідей байланысу мәртебелері қолданылады:

Байланыс мәртебесі

Сипаттамасы

«Құрылды»

Тапсырыс беруші Өтінімді Уәкілетті органға жібермеген кездегі, Тапсырыс беруші мен Уәкілетті органның байланысын бейнелеуге қызмет етеді. Редакциялануы қол жетімді

«Жіберліді»

Уәкілетті органмен Өтінімді тексеруі/растауы/бас тартуы жүргізілмеген кездегі, Тапсырыс беруші мен Уәкілетті органның байланысын бейнелеуге қызмет етеді. Редакциялануы мүмкін емес

«Тексерілді»

Уәкілетті органмен Өтінімді тексеру барысындағы, Тапсырыс беруші мен Уәкілетті органның байланысын бейнелеуге қызмет етеді. Редакциялануы мүмкін емес

«Бас тартылды»

Уәкілетті органмен Өтінімнен бас тарту кездегі, Тапсырыс беруші мен Уәкілетті органның байланысын бейнелеуге қызмет етеді. Редакциялануы мүмкін емес

«ЖҚТ-ға қосылды»

Уәкілетті органмен Өтінімді растауында, Тапсырыс беруші мен Уәкілетті органның байланысын бейнелеуге қызмет етеді. Редакциялануы мүмкін емес

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! «Жіберілді», «Тексерілді», «Бас тартылды» және  «ЖҚТ-ға қосылды» мәртебедегі Өтінімдер редакциялануға және қайта жіберілуі мүмкін емес.

Уәкілетті органда тексеруден сәтті өткенінен кейін Мәдіметтері бар өтінімнің «Мәртебе» бағандағымәні «Жіберілді» дегеннен «Тексерілді» дегенге ауысады:

Уәкілетті органмен бас тартуы жағдайда, Мәліметтері бар өтінімнің «Мәртебе» бағанындағы мәні «Жіберілді» дегеннен «Бас тартылды» дегенге ауысады:

«Өтінімнің нөмірі» белсенді сілтемеге басқан кезде, уәкілетті органмен өтінімнен бас тарту себептермен танысу қажет.


Одан кейін Мәліметтері бар жаңа Өтінімді құруға мүмкіндік туындап, оны қайта Уәкілетті органға жіберуге болады.

Уәкілетті органмен сәтті расталуынан кейін, Өтінімнің «Мәртебе» бағанында мәні «ЖҚТ-ға қосылды» дегенге ауысады:

 

МС веб-порталы арқылы Уәкілетті органымен мәліметтері бар өтінімдерді келісу

Жосықсыз қатысушылар тізбенің веб-порталы арқылы мәліметтері бар өтінімдерді келісу үшін,»Жұмыс кабинеті – ЖҚТ қосуға өтінімдерді қарастыру» бөлігіне кіру қажет:

Өтінімдерді басқару нысаны

Мәліметтері бар өтінімдерді басқару нысаны осы ұйымның қызметерлерімен жүктелген, функционалдық батырмалары, іздеу фильтрі және мәліметтер тізілімі бар, кесте түрінде берілген  нысан болып табылады:

Іздеу үшін, қажетті мәнді көрсетіп, «Табу» батырмасын басу қажет.

Өтінімдерді басқару нысанында келесідей басқару элементтері орналасқан:

Жолы

Әрекет

«Өтінім нөмірі»

Мәліметтері бар өтінімнің бірегей сәйкестендіру нөмірін қорсетуге арналған баған

«Тапсырыс берушінің атауы»

Мәліметтері бар өтінімді құру кезде таңдалған, пайдаланушының тіркеу деректерінен атауы бейнеленеді

«Тапсырыс берушінің БСН/ЖСН»

Мәліметтері бар өтінімді құру кезде таңдалған, пайдаланушының тіркеу деректерінен БСН/ЖСН бейнеленеді

«Өнім жеткізушінің атауы»

Мәліметтері бар өтінімді құру кезде таңдалған, өнім жеткізушінің тіркеу деректерінен атауы бейнеленеді

«Өнім жеткізушінің БСН/ЖСН»

Мәліметтері бар өтінімді құру кезде таңдалған, өнім жеткізушінің тіркеу деректерінен БСН/ЖСН бейнеленеді

«Өнім жеткізушінің ССН/ТЕН»

Мәліметтері бар өтінімді құру кезде таңдалған, ҚР резиденті болып табылмайтын қатысушының тіркеу деректерінен ССН/ТЕН бейнеленеді

«Сот шешімінің нөмірі»

Мәліметтері бар өтінімді құру кезде таңдалған, Сот шешімінің нөмірін көрсетуге арналған баған

«Сот шешімінің мерзімі»

Мәліметтері бар өтінімді құрған кезде пайдаланушымен көрсетілген, сот шешімінің мерзмін егізуге арналған баған

«Мәртебесі»

Мәліметтері бар өтінімнің мәртебесін көрсетуге арналған баған

«Өтінімді тексерген тұлға»

Мәліметтері бар өтінімді уәкілетті органда тексерген, тұлғаның тегі, аты-жөнін енгізуге арналған баған

«Өтінімді қосқан/бас тартақан тұлға»

Мәліметтері бар өтінімді ЖҚТ-ға қосқан немесе өтінімнен бас тартқан уәкілетті органның пайдаланушысының тегі, аты-жөнін енгізуге арналған баған

«Тапсырыс берушіден өтінімді жіберу күні мен уақыты»

«Жосықсыз қатысушылар тізбесін жүргізу» өкілеттігімен өндеуге мәліметтері бар өтінімді жіберу күні мен уақытын көрсетуге арналған баған

«УО өтінімді қосу/бас тарту күні және уақыты»

Уәкілетті органмен мәліметтері бар өтінімді қарастыру күні мен уақытын көрсетуге арналған баған

 

«ЖҚТ-ға енгізуге өтінімдерді қарастыру» бөлігінде өтінімді «Бекіту» немесе «Бас тарту» үшін, «Өтінім нөмірі» жолында «Күту» мәртебелі өтінімге қарама қарсы орналасқан,  Өтінімнің белсенді сілтемесіне басу қажет:

МС веб-портал көмегімен Тапсырыс берушіге жіберілген мәліметтері бар өтінімді қарап шығу нысанында келесідей ақпарат бейнеленеді:

Жолы

Әрекет

«Тапсырыс берушінің БСН»

Қатысушының тіркеу деректерінен тапсырыс берушінің БСН қарап шығуға арналаған жол

«Тапсырыс берушінің атауы»

Қатысушының тіркеу деректерінен тапсырыс берушінің Атауын қарап шығуға арналаған жол

«Тапсырыс берушінің елі»

Қатысушының тіркеу деректерінен тапсырыс берушінің Елін қарап шығуға арналаған жол

«Пайдаланушының тегі, аты-жөні»

Өтінімді құрған, пайдаланушының тіркеу деректерінен пайдаланушының тегі, аты-жөнін қарауға арналған жол

«Тапсырыс берушінің телефоны»

Мәліметтері бар өтінімді құрған кезде көрсетілген, тапсырыс берушінің телефонын қарауға арналған жол

«Өнім жеткізушінің елі»

Өнім жеткізушінің елін қарауға арналған жол

«Өнім жеткізушінің БСН/ЖСН»

Қатысушының тіркеу деректерінен өнім жеткізушінің БСН/ЖСН қарауға арналаған жол

«Өнім жеткізушінің ССН/ТЕН»

Резидент болып табылмайтын өнім жеткізушінің ССН/ТЕН қарауға арналған жол

«Өнім жеткізушінің мемлекеттік тілдегі атауы»

Мәліметтері бар өтінімді құру кезде таңдалған, қатысушының тіркеу деректерінен қазақ тілінде қосу сәтінде өнім жеткізушінің атауын қарауға арналған жол

«Өнім жеткізушінің орыс тіліндегі атауы»

Мәліметтері бар өтінімді құру кезде таңдалған, қатысушының тіркеу деректерінен орыс тілінде қосу сәтінде өнім жеткізушінің атауын қарауға арналған жол

«(Әлеуетті) өнім жеткізушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы ретінде мақұлдау негіздемесі»

Мәліметтері бар өтінімді құру кезде Тапсырыс берушімен таңдалған, мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы ретінде (әлеуетті) өнім жеткізушіні мақұлдау негіздемені қарап шығуға арналған жол

«Басшының тегі, аты-жөні»

Қатысушының тіркеу деректерінен ұйым басшысының тегі, аты-жөнін қарау жолы

«Басшының ЖСН»

Қатысушының тіркеу деректерінен ұйым басшысының ЖСН қарау жолы

«Басшының ЖДШСН»

Резидент болып табылматын ұйым басшысының жеке дербес шотының сақтандыру нөмірін (тек РФ үшін) қарауға арналған жол

«Құрылтайшы тегіғ аты-жөні»

Қатысушының тіркеу деректерінен ұйым құрылтайшысынң тегі, аты-жөнін қарау жолы

«Веб-порталдағы сатып алу туралы хабарландырудың нөмірі»

Мәліметтері бар өтінім құру кезде көрсетілген, веб-порталдағы сатып алу туралы хабарландырудың нөмірін қарауға арналған жол

«Сатып алу тәсілі»

Мәліметтері бар өтінімді құру кезде таңдалған, сатып алу тәсілінқарап шығуға арналған жол

«Сатып алуды жариялаудың күні»

Мәліметтері бар өтінімді құру кезде хабарландырудан толтырылған, сатып алуды қорытындылау күнін қарауға арналған жол

«Сатып алуды қорытындылау күні»

Мәліметтері бар өтінімді құру кезде хабарландырудан толтырылған, сатып алу қорытындылау күнін қарауға арналған жол

«Шарттар тізбесінде жазба нөмірі»

Мәліметтері бар өтінімді құру кезде көрсетілген, Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар тізбесінде  шарттың нөмірін қарауға арналған жол

«Орындалмаған немесе тиісті түрде орындалмаған мемлекеттік шартты жасау күні»

Мәліметтері бар өтінімді құру кезде автоматты түрде толтырылған, орындалмаған немесе тиісті түрде орындалмаған мемлекеттік шартты жасау күнін қарау жолы

«Шарттың сомасы»

Мәліметтері бар өтінімді құру кезде автоматты түрде толтырылған, шарттың сомасын қарау жолы

«Шартты орындау мерзімі»

Мәліметтері бар өтінімді құру кезде автоматты түрде толтырылған, шартты орындау мерзімін қарау жолы

«Әлеуетті өнім жеткізушіге қол қоюға шартты жіберу күні»

Мәліметтері бар өтінімді құру кезде автоматты түрде толтырылған, әлеуетті өнім жеткізушіге қол қоюға шартты жіберу күнін қарауға арналған жол

«Өнім жеткізушімен шартқа қол қою мерзімнің аяқталу күні»

Мәліметтері бар өтінімді құру кезде автоматты түрде толтырылған, өнім жеткізушімен қол қою үшін күнін қарауға арналған жол

«Шартты қамсыздандыруды енгізуге арналған мерзімнің күні»

Мәліметтері бар өтінімді құру кезде автоматты түрде толтырылған, шартты қамсыздандыруды енгізу үшін мерзімнің аяқталу күкнін қарауға арналған жол

«Соттың/уәкілетті органның атауы»

Мәліметтері бар өтінімді құру кезде таңдалған, соттың атауын қарауға арналған жол.

Егер әлеуетті өнім жеткізуші немесе өнім жеткізуші Уәкілетті органның бұйрығы негізінде жосықсыз деп танылса, онда бұл уәкілетті органның атауын қарау жолы болып табылады

«Сот шешімі/уәкілетті органның нөмірі»

Мәліметтері бар өтінімді құру кезде көрсетілген, сот шешімінің нөмірін қарауға арналған жол.

Егер әлеуетті өнім жеткізуші немесе өнім жеткізуші Уәкілетті органның бұйрығы негізінде жосықсыз қатысушы ретінде танылса, онда бұл Уәкілетті органның бұйрығының нөмірін қарау жолы болып табылады.

«Сот/уәкілетті органның   шешімінің күні»

Мәліметтері бар өтінімді құру кезде таңдалған, сот шешімінің күнін қарауға арналған жол.

Егер әлеуетті өнім жеткізуші немесе өнім жеткізуші Уәкілетті органның бұйрығы негізінде жосықсыз қатысушы ретінде танылса, онда бұл Уәкілетті органның бұйрығы күнін қарау жолы болып табылады.

«Соттың/уәкілетті орган шемінің заңды күшіне ену күні»

Мәліметтері бар өтінімді құру кезде таңдалған, сот шешімінің заңды күшіне ену күнін қарауға арналған жол.

Егер әлеуетті өнім жеткізуші немесе өнім жеткізуші Уәкілетті органның бұйрығы негізінде жосықсыз қатысушы ретінде танылса, онда бұл Уәкілетті органның бұйрығының заңды күшіне ену күнін қарау жолы болып табылады.

«Тізбеден шығарудың жоспарланатын күні»

Мәліметтері бар өтінімді құру кезде «Сот/уәкілетті орган шешімінің заңды күшке ену күні» жолында мәнге сүйене отырып, Жүйемен автоматты түрде есептелінетін, Тізбеден шығарудың жоспарланатын күнін қарауға арналған жол

«Өтінімнен бас тарту себептері»

Мәліметтері бар өтінімнен бас тарту кезде Уәкілетті органмен себептерін толтыруға арналған жол

«Соттың сканерленген шешімі»

Мәліметтері бар өтінімді құру кезде тіркелген, файлдарды жүктеуге арналған нысан

МС веб-порталы арқылы Пайдаланушымен жіберілген, мәліметтері бойынша ақпаратты қарап шығу нысанында мәліметтерді тексеру және бекіту немесе бас тарту үшін, басқарудың келесідей элементтері орналасқан:

Объект

Әрекет

«Өтінімнен бас тарту себебі»

Бас тарту кезде «Уәкілетті органмен өтінімнен бас тарту себебі» міндетті толтырылатын жол

«Бас тарту»

Қосқан кезде  «Уәкілетті органмен өтінімнен бас тарту себебі» жолдың міндетті толтырылуына тексеру іске асырылады. Сәтті тексеруден кейін «Бас тартылды» мәртебесі тағайындалады.

«Тексерілді»

Қосқан кезде өтінімге «Текесерілді» мәртебесі тағайындалады. «ЖҚТ-ға қосу» батырмасы белсенді болады.

«Басып шығаруға нұсқа»

Қосқан кезде, басып шығаруға мәліметтері бар өтінім бойынша ақпаратты қарап шығу терезесіне өту іске асырылады.

Назар аударыңыз: Тапсырыс берушілермен уәкілетті органға жіберген өтінімдер редакциялану мен жойылуға мүмкін емес.

Ескертпе! Уәкілетті органмен сәтті расталуынан кейін, ЖҚТ қосылу туралы мәліметтермен өтінімнің «Мәртебе» бағанда «ЖҚТ-ға қосылды» мәнін иеленеді.

Өнім жеткізуші туралы ақпарат «Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылар тізбесіне» жіберіледі.  Өнім жеткізуші қатысуға өтінімді беру мүмкіндігінсіз жосықсыз қатысушы болып танылады. Уәкілетті органмен Жосықсыз қатысушылар тізбесіне қосылуын растаудан кейін, Жүйе бір күн ішінде деректерді өндеп, https://v3bl.goszakup.gov.kz/ru/searchanno мемлекеттік сатып алудың веб-портал бас бетіндегі «Тізбелер» бөлігінде «Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізбесі» кіші мәзірінде ақпаратты бейнелейді.

Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізбесінде өнім жеткізушілерді іздеу

Мемлекеттік сатып алудың веб-порталында Жосықсыз қатысушылар тізбесі бар.

«Конкурс және аукцион» және «Баға ұсыныстарын сұрату» модульдердің сатып алулары мен шарттары бойынша Жосықсыз қатысушылар тізбесіне түскен, өнім жеткізушілер бойынша ақпаратты http://www.goszakup.gov.kz/ МС веб-порталының бас бетіндегі «Тізбелер» бөлігінің «Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылар тізбесі» кіші мәзірден табу қажет.

«2016 сатып алу» модульдің шарттары және сатып алулары бойынша Жосықсыз қатысушылар тізбесіне түскен, өнім жеткізушілер бойынша ақпаратты https://v3bl.goszakup.gov.kz/ru/searchanno МС веб-порталының бас бетіндегі «Тізбелер» бөлігінің «Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылар тізбесі» кіші мәзірден табу қажет.

«Конкурс және аукцион» мен «Баға ұсыныстарын сұрату» модульдері және сатып алулары бойынша іздеуді орындау

МС веб-порталдың бас бетінде http://www.goszakup.gov.kz/ «Тізбелер» бөлігіндегі «Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылар тізбесі» кіші мәзірінде іздеуді орындауға арналған фильтр бар. ФИльтрдің мәзірі беттің сол бұрышында бейнеленіп, төмендегідей түрлі болады:

Іздеу жүйесінде келесідей іздеу элементтері бар:

Объект

Әрекет

Атауы, СТН, БСН,ЖСН

Өнім жеткізушінің атауын, СТН, БСН, ЖСН көрсету қажет

Аумағы

Түсірмелі тізімнен өнім жеткізушінің аумағын табу қажет

ШҰҚНС

Түсірмелі тізімнен өнім жеткізушінің Шаруашылық Ұйымдастыр-Құқықтық Нысандар Сыныпталуын таңдау қажет

Өнім жеткізушінің басшысы, құрылтайшысының СТН, БСН, ЖСН

Өнім жеткізушінің басшысы, құрылтайшысының СТН, БСН, ЖСН көрсету қажет

Байланысқан өнім жеткізушінің СТН, БСН, ЖСН

Байланысқан өнім ебрушінің СТН, БСН, ЖСН көрсету қажет

«Қолдану» батырмасы

Іздеудің көрсетілген/таңдалған шамаларын қолдануға қажет батырма

«Тазалау» батырмасы

Таңдалған шамаларды жоюға арналған батырма

Іздеуді орындау үшін іздеудің белгілі элементтерін көрсету немесе таңдау қажет, және «Қолдану» батырмасын басу – «Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізбесі» бөлігінде іздеу параметрлеріне жауап беретін, барлық өнім жеткізушілер бейнеленеді. Мысалы: басшының ЖСН бойынша іздеуді орындаймыз:

«2016 сатып алу» модулінің сатып алулары мен шарттары бойынша іздеуді пайдалану

МС веб-порталы Бас бетіндегі https://v3bl.goszakup.gov.kz/ru/searchanno «Тізбелер» бөлігінде «Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізбесі» кіші мәзірінде іздеу жүйесі бар. Іздеу жүйесі жосықсыз қатысушылар тізбесі үстінде бейнеленіп, төмендегідей түрде болады:

Іздеу жүйеде келесідей іздеу элементтері бар:

Объект

Әрекет

Атауы

Өнім жеткізушінің атауын көрсету

БСН/ЖСН

Өнім жеткізушінің БСН немесе ЖСН көрсету

ССН/ТЕН

Өнім жеткізушінің ССН немесе ТЕН көрсету

Басшы/құрылтайшы БСН/ЖСН

Құрылтайшының/басшының БСН немесе ЖСН көрсету

Басшының/құрылтайшының ССН/ТЕН

Құрылтайшы/басшының ССН немесе ТЕН көрсету

Басшының/құрултайшының ЖДШСН

Бқұрылтайшы/басшының ЖДШСН көрсету

«Табу» батырмасы

Іздеу үшін аталған шамаларды қолдануға қызмет етеді

«Тазалау» батырмасы

Таңдалған шамаларды жоюға арналған батырма

Іздеуді іске асыру үшін барлық белгілі элементтерді көрсетіп, «Табу» батырмасын басу қажет – «Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізбесі» бөлігінде іздеу шамасына жауап беретін барлық өнім жеткізушілер бейнеленеді. Мысалы: басшы ЖСН шамасы бойынша іздеуді іске асырамыз:

  • No labels