Дерево страниц
Перейти к концу метаданных
Переход к началу метаданных

Мемлекеттiк сатып алу веб-порталы  - электрондық мемлекеттiк сатып алудың электрондық қызмет көрсетулеріне қол жеткiзудiң бірыңғай нүктесiн ұсынатын мемлекеттiк ақпараттық жүйе.   

«Электрондық мемлекеттік сатып алу»  автоматтандырылған интеграцияланған  ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЭМС АИАЖ) мемлекеттік сатып алуды нақты уақыт режимінде жүргізуге арналған. Жүйе тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізуге деген тапсырыс берушілердің қажеттіліктері туралы электрондық шарттардың жасалуын, олардың шоғырлануын, сатып алу рәсімдерінің жүргізілуін, өнім берушінің белгіленуін, жасасылған шарттар және олардың мемлекеттік сатып алу веб-порталында орындалу нәтижелері туралы мәліметтердің жариялануын қамтамасыз етеді. 

«ЭМС» АИАЖ мемлекеттік ақпараттық жүйе және электрондық мемлекеттiк сатып алудың электрондық қызмет көрсетулеріне қол жеткiзудiң бірыңғай нүктесiн ұсынатын электрондық үкіметтің жалпы ландшафының  ажырамайтын бөлігі болып табылады. 

Мемлекеттік сатып алу веб-порталы мынадай функционалдылықты қамтамасыз етеді:

  • мемлекеттік сатып алу процесінің қатысушыларын тіркеу;
  • мемлекеттік сатып алуларды жоспарлау;
  • өткізілген мемлекеттік сатып алу туралы ақпарат жинау;
  • электрондық мемлекеттік сатып алуды, соның ішінде тапсырыс беруші мен әлеуетті өнім беруші арасында электрондық құжат алмасуды жүргізу;
  • мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жоспарланған, өткізіліп отырған және жүзеге асырылған мемлекеттік сатып алу туралы ақпарат ұсыну;
  • өткізілген мемлекеттік сатып алу бойынша статистика мен есептілікті қалыптастыру;
  • мемлекеттік сатып алу саласында түсіндірулер мен нормативтік-анықтамалық ақпаратты жариялау;
  • мемлекеттік сатып алу тізіліміне енгізілетін мәліметтерді ұсыну мен жариялау.


Жүйе шешетін міндеттер:

  • мемлекеттік мұқтаждықтар үшін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға арналған бюджет шығыстарын азайту;
  • мемлекеттік тапсырысты қалыптастырудың және орналастырудың бірыңғай тәртібі;
  • мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізуге арналған шығындарды қысқарту;
  • өнім жеткізушілер арасында тең бәсекелестік жағдайларын жасау;
  • жинақталған ақпаратқа тез қол жеткізу;
  • қағаз жүзіндегі құжат айналымын барынша қысқарту;
  • мемлекеттік сатып алу процесінің транспаренттілігін және ашықтығын арттыру;
  • мемлекеттік сатып алу процесіндегі құқық бұзушылықтар санын азайту.



Бұл қалай жұмыс істейді?

Электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін талап етіледі: 

  • Ұлттық куәландырушы орталықтан  электрондық сертификаттарды алу. 
  • Пайдаланушы ретінде тіркелу және тапсырыс беруші, ұйымдастырушы немесе өнім беруші ролімен мемлекеттік сатып алудың веб-порталында қатысушы ретінде өзінің ұйымын тіркеу.
  • Сертификат бойынша жүйеге кіру және электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу талап етіледі.
  • Сертификат бойынша жүйеге кіру және электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу.

Қағаз тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін өнім берушілерге веб-порталда тіркелу талап етілмейді. Осындай сатып алулар үшін өнім берушілерге өтінімдер және баға ұсыныстарын беру қағаз түрінде жүзеге асырылады. 

Өткізілетін сатып алулар туралы ақпаратты қарау үшін хабарландырулар, лоттар, қорытындылар, сатып алу жоспарлары, шарттар тарауларына өту қажет.


  • Нет меток