Тұрақсыздық айыбының сомасын толтыру
Актіні келісу кезінде Тапсырыс беруші шарт талаптары тиісінше орындалмаған жағдайда акт бойынша тұрақсыздық айыбының сомасын енгізе алады. Бұл үшін «Мәліметтер» бөлімінде «Тұрақсыздық айыбы» өрісін белгімен белгілеу және тұрақсыздық айыбының сомасын толтыру қажет.
ММ болып табылатын ұйымдар үшін тұрақсыздық айыбын толтыру алдында кейіннен ерекшелік бойынша тұрақсыздық айыбын анықтау үшін актідегі ерекшеліктер бойынша соманы толтыру қажет.
ММ болып табылатын ұйымдарға сондай-ақ әрбір ерекшелік бойынша тұрақсыздық айыбының сомасын толтыру қажет.
Тұрақсыздық айыбының сомасы сақталған кезде Жүйе тексерулерді орындайды:
- Тұрақсыздық айыбының сомасы акті сомасының 15% -ынан аспауы тиіс.
- Ерекшелік бойынша тұрақсыздық айыбының сомасы ағымдағы актідегі ерекшелік бойынша соманың 10% -ынан аспауы тиіс.
Ескертпе: отандық тауар өндірушімен тауар бойынша шарт жасасқан кезде тұрақсыздық айыбының сомасы акт сомасының 3% -ынан аспауы тиіс. Егер отандық тауар өндірушімен жасалған шартта шарт бойынша ерекшеліктер болған жағдайда, онда ерекшелік бойынша тұрақсыздық айыбының сомасы ағымдағы актідегі ерекшелік бойынша соманың 3% -ынан аспауға тиіс.
Тапсырыс беруші актіні бекіткеннен және актіні Өнім берушіге бекітуге автоматты түрде жібергеннен кейін Өнім берушінің басшысы актіде тұрақсыздық айыбы актісінде:
- «Тұрақсыздық айыбымен келісемін»
- «Тұрақсыздық айыбымен келіспеймін» таңдай алады.
Тұрақсыздық айыбымен келіскен кезде Өнім беруші бұдан әрі:
- «Қосымша келісім жасасу жолымен ұстап қалу»
- «Тұрақсыздық айыбының сомасын бюджетке өз бетінше енгізу» таңдауы қажет.
Ескертпе: Тапсырыс беруші мен Өнім берушінің тұрақсыздық айыбын ұстап қалу кезіндегі барлық іс-әрекеттері актіні келісу журналында тіркеледі.
МАҢЫЗДЫ: Өнім беруші жеке кабинетіне Тапсырыс берушінің тұрақсыздық айыбын ұстап қалу кезіндегі іс-әрекеттері туралы хабарлама алады.
Қосымша келісім жасасу жолымен тұрақсыздық айыбын ұстап қалу
Өнім беруші тұрақсыздық айыбымен актіде - «Тұрақсыздық айыбымен келісемін» - «Қосымша келісім жасасу жолымен ұстап қалуды» таңдаған кезде Тапсырыс беруші «Қосымша келісімдер» қойындысына көшеді, онда Жүйе олар бойынша қосымша келісім жасауға болатын бекітілген актілердің тізбесін көрсетеді.
МАҢЫЗДЫ! ҰСЫНЫМ! Тұрақсыздыққа арналған бірнеше қосымша келісімдерді тіркеудің қайталануын болдырмау үшін жұмыстарды толық орындағаннан/қызметтер көрсетілгеннен/тауарларды толық жеткізгеннен кейін ММ болып табылатын ұйымдар үшін тұрақсыздыққа бір қосымша келісім жасау ұсынылады.
Жүйе өнім беруші «Тұрақсыздық айыбымен келісемін» - «Қосымша келісім жасасу жолымен ұстап қалуды» таңдаған актілер бойынша ғана қосымша келісімдер жасауға мүмкіндік береді.
Қосымша келісімдер қойындысында негіздемесінде қосымша келісім жасалған акт көрсетілген.
Қосымша келісімнің мәтінінде өнім берушіден тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы тармақ көрсетіледі.
Тұрақсыздық айыбына бірнеше келісімдер жасалған кезде тұрақсыздық айыбының сомасы қосылады және тұрақсыздық айыбының жалпы сомасы қосымша келісу мәтінінде көрсетіледі.
ММ болып табылатын ұйымдар үшін сондай-ақ «Қазынашылық» бөлімінде Салық органын таңдау қажет.
Ескертпе: ММ болып табылатын ұйымдар үшін Қазынашылықта тұрақсыздық айыбына қосымша келісімді тіркеу кезінде Портал арқылы әрбір ерекшелік бойынша 2 өтінім жіберіледі: 1 - шарт бойынша соманың қалдығы, 2 - тұрақсыздық айыбының сомасы.
Бюджетке дербес ақы төлеу
Өнім беруші тұрақсыздық айыбымен актіде «Тұрақсыздық айыбымен келісемін» - «Бюджетке өз бетінше ақы төлеу» деп таңдай алады.
Одан әрі өнім беруші құжатты бекітуі тиіс. Төлемді растайтын.
Төлемді растайтын құжаттың көшірмесін бекіткеннен кейін Жүйе Тапсырыс берушіге хабарлама жібереді және келісу журналына іс-қимылды тіркейді.
Бұдан әрі Тапсырыс берушінің басшысы тұрақсыздық айыбын төлеу фактісін растау үшін осы құжатқа қол қоюы қажет.
Өнім берушінің тұрақсыздық айыбы сомасымен келіспеуі
Өнім беруші тұрақсыздық айыбымен актіде «Тұрақсыздық айыбымен келіспеймін» деп таңдай алады. Өнім беруші тұрақсыздық айыбының болуымен, оның ішінде тұрақсыздық айыбының сомасын төлеумен немесе ұстап қалумен келіспеген кезде Тапсырыс беруші Өнім берушіге бекітуге жіберген акт Өнім берушінің бекітушінің тұлғасы қол қойғаннан кейін «Бекітілген» мәртебесіне көшеді.
Бұдан әрі Тапсырыс беруші Порталдан тыс сот тәртібімен тұрақсыздық айыбын өндіріп алады.
Бұл ретте актіде Тапсырыс беруші ұсынған тұрақсыздық айыбының сомасы және Өнім берушінің тұрақсыздық айыбының сомасымен келіспейтіні туралы жол көрсетіледі.
Өнім берушінің соманы түзетуге жіберуі
Өнім беруші тұрақсыздық айыбының болуымен келіскен, бірақ Тапсырыс беруші актіні Өнім берушіге бекітуге жібергеннен кейін тұрақсыздық айыбының сомасымен ғана келіспеген кезде (әртүрлі себептер бойынша тұрақсыздық айыбының сомасын есептеу бойынша келіспеушіліктер болған кезде), Өнім беруші «Тұрақсыздық айыбының сомасын түзетуге жіберу» әрекетін таңдай алады. Бұл ретте Жүйе Тапсырыс берушіге хабарлама жібереді, келісу журналында іс-қимылды тіркейді және актінің мәртебесін «Тапсырыс берушіде келісуге» көшіреді.
Бұдан әрі Тапсырыс беруші актіге түзетулер енгізе, актіні қайта бекіте алады:
- Тұрақсыздық айыбының сомасы өзгерген кезде акті Тапсырыс беруші бекіткеннен кейін Өнім берушіге бекітуге жіберіледі. Өнім берушіден бекітуші қол қойғаннан кейін акт «Бекітілген» мәртебесіне өтеді.
- Тұрақсыздық айыбын жою кезінде (актідегі тұрақсыздық айыбы белгісін алып тастау) Тапсырыс беруші бекіткеннен кейін акт «Бекітілген» мәртебесіне өтеді және өнім берушіден актіні қайта бекіту талап етілмейді.