Дерево страниц
Перейти к концу метаданных
Переход к началу метаданных


Деректерді ҚМЖ және жобалау бойынша сатып алу белгісі бар сатып алуға қатысу үшін өнім берушілер толтырады.

Электрондық депозитарийді толтыру үшін өнім беруші «Жұмыс кабинеті – Электрондық депозитарий» бөліміне өтуі қажет

image2019-8-29_19-45-46.png

Электрондық депозитарий парақшасы жұмыс тәжірибесін өңдеуге/жоюға және қосуға арналған белсенді әрекеттері бар бұрын қосылған жұмыстардың тізімін көрсетеді:

 image2019-8-29_19-46-15.png

Жұмыс тәжірибесін қосу үшін «Жұмыс тәжірибесін қосу» батырмасын пайдалану қажет

image2019-8-29_19-46-38.png

Ашылған парақшада орындалған жұмыс туралы деректерді толтыру, файлды тіркеу және деректерді сақтау қажет

image2019-8-29_19-46-59.png

image2019-8-29_19-47-14.png


Деректерді сақтағаннан кейін ескерту хабарламасы көрсетіледі:

image2019-8-29_19-47-30.png

Расталғаннан кейін жүйе «Жоба» статусы бар жұмыс тәжірибесін сақтайды және жұмыс тәжірибесіне қол қою қажеттілігі туралы «Басшы» рөліне ие пайдаланушыға хабарлама жібереді

image2019-8-29_19-47-48.png

Жұмыс тәжірибесіне қол қою үшін «Басшы» рөліне ие пайдаланушы «Жұмыс кабинеті – Электрондық депозитарий» бөліміне өтіп, келесі түзету әрекетін

қолдануы тиіс:

image2019-8-29_19-48-22.png

Ашылған нысанда жұмыс тәжірибесіне қол қою қажет

image2019-8-29_19-48-35.png

Ұйым басшысы қол қойғаннан кейін жұмыс тәжірибесінің статусы «Жіберілді» деп өзгереді.

«Жіберілді» статусындағы жұмыс тәжірибесі, егер жұмыс тәжірибесі бұрын өтінімде қолданылмаған жағдайларда ғана редакциялауға және/немесе жойлуы тиіс. Редакциялау және/немесе жою алдында басшының қолтаңбасын жою қажет. Егер Жұмыс тәжірибесі өтінімге қосылған болса, тек «Қарау» әрекеті қол жетімді.

image2019-8-29_19-48-54.png

 

Орындалған жұмыстар бойынша мәліметтерді келісуге жіберу

 

Мәліметтерді толтыру кезінде, ағымдағы жылды қоспағанда, алдыңғы 10 жылды таңдаған жағдайда (Мысалы: егер ағымдағы жыл 2020 болса, 2020 жылды қоспағанда, 2010-2019 жж. бірін таңдау кезінде) Басшы орындаған жұмыстар бойынша мәліметтерге қол қойғаннан кейін орындалған жұмыстар бойынша мәліметтердің статусы (бұдан әрі – Мәліметтер) «Қол қойылған» статусын ауысып, «Келісуге жіберу» батырмасы пайда болады.

image2020-2-28_17-27-44.png

Егер мәліметтер статусы «Қол қойылған» статусында болса, Басшының қолын жою қол жетімді, қолтаңба жойылғаннан кейін Мәліметтерді редакциялау және жою қол жетімді болады.

«Келісуге жіберу» батырмасын басқан кезде растау терезесі көрсетіледі:

image2020-2-28_17-28-4.png

Расталғаннан кейін мәліметтердің статусы «Келісуде» болып өзгереді.

Назар аударыңыз: Егер «Келісуде» статусындағы орындалған жұмыстар бойынша мәліметтер редакциялауға, жоюға және келісімді кері қайтарып алу үшін қол жетімді болмайды.  

Өнім берушінің Жеке кабинетіне мәліметтерді қарау нәтижесі бар хабарламалар түсетін болады

image2020-2-28_17-28-23.png

Жұмыс тәжірибесін Қазынашылық комитетінің қызметкерлері бекіткен жағдайда мәліметтер «Расталды» статусында болып, оларды сатып алуға қатысу өтініміне қосу қолжетімді болады.

Жұмыс тәжірибесінен бас тартқан жағдайда мәліметтер «Қабылданбаған» статусында болады.

image2020-2-28_17-28-34.png

«Қабылданбаған» статусындағы мәліметтер өзгертуге және келісуге қайта жіберу үшін қолжетімді болады. Ол үшін мәліметтерді қарау нысанында «Өзгерту» батырмасын басу қажет.

image2020-2-28_17-28-46.png

«Өзгерту» батырмасын басқан кезде қалқымалы терезе ашылады

image2020-2-28_17-28-56.png

Расталған жағдайда мәліметтерді редакциялау мүмкіндігімен «Жоба» статусында бірдей нөмірі бар жаңа жазба құрылып, бұл ретте ескі жазба «Жоба. Өзгерту» статусында сақталады.

image2020-2-28_17-29-9.png

Мәліметтер өзгергеннен кейін Басшының қолын қойып, келісуге қайта жіберу қажет. Жаңа жазбаны келісуге жіберген жағдайда, ескі жазба «Өзгертілген» статусында қалады.

Жұмыс тәжірибесінің статусы «Жіберілді», «Расталды», «Алынып тасталды» статусына ауысқаннан кейін, ол порталдың сыртқы бетіндегі авторизациядан өтпеген пайдаланушылар үшін «Тізілімдер – Электрондық депозитарий» бөлімінде қарау үшін қолжетімді болады

image2019-8-29_19-49-12.png

Ашылған нысанда белгілі бір өнім берушіні іздеуге арналған іріктеу және қосылған жұмыс туралы ақпаратты қарауға арналған белсенді сілтеме қолжетімді болады.

 

  • Нет меток