Дерево страниц
Перейти к концу метаданных
Переход к началу метаданных

       "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 16-бабы 7-1) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

       1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алынуы кезінде әлеуетті өнім берушілерге және өнім берушілерге қосымша талаптар белгіленуі мүмкін жекелеген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялануы және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізілуі үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

       4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі                                                                                                                   Ә. Смайылов


Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2019 жылғы 28 ақпандағы
№ 155 бұйрығымен бекітілген


Мемлекеттік сатып алынуы кезінде әлеуетті өнім берушілерге және өнім берушілерге қосымша талаптар белгіленуі мүмкін

жекелеген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі


№ р/т

Атауы

Қосымша талап

1.

Көрсетілетін қызметтер:


1.1.

Медициналық қарап тексеру жөніндегі қызметтер

Медициналық қарап тексеру жөніндегі қызметтерді көрсететін әлеуетті өнім берушілер және өнім берушілер көрсетілген қызметтерді сатып алу жоспарланатын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыс, республикалық маңызы бар қала және астана) аумағында болуға тиіс.

1.2.

 Тамақтануды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер

 Тамақтануды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсететін әлеуетті өнім берушілер және өнім берушілер көрсетілген қызметтерді сатып алу жоспарланатын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыс, республикалық маңызы бар қала және астана) аумағында болуға тиіс.

1.3.

Медициналық қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі қызметтер

 Медициналық қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі қызметтерді көрсететін әлеуетті өнім берушілер мен өнім берушілер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыс, республикалық маңызы бар қала және астана) аумағында болуға тиіс.

 

  • Нет меток