Versions Compared

Key

  • This line was added.
  • This line was removed.
  • Formatting was changed.

...

Техникалық өзіндік ерекшелік «Техникалық өзіндік ерекшелікті алып тастау» батырмасының көмегімен қол қойғаннан кейін алып тасталуы мүмкін.


 


       Лицензияларды қосу

Сатып алуға қатысу Өнім берушілерден лицензия ұсынуды талап еткен жағдайда, онда Ұйымдастырушыға хабарландыру жобасында  «Аукциондық құжаттаманы дайындау» қадамында «Бірінші санаттың рұқсаты (Лицензиялар)» жолында Өнім беруші үшін міндеттілік белгісін қою қажет.

...

Хабарландыру ойдағыдай жарияланған жағдайда, «Жарияланды» мәртебесі беріледі. Олай болмаған жағдайда жүйе қате туралы хабарлама береді.

             Құжаттаманың ережелерін талқылау

Назар аударыңыз! Құжаттаманы талқылау мерзімі аяқталғаннан кейін Жүйе өнім берушілерден сауал бар-жоқтығын тексереді:

-         Егер өнім берушілерден сауалдар болмаса және хабарландыруды бір де бір лот бойынша жіберілген хабарламалар болмаса, онда құжаттаманы талқылауды аяқтау төменде берілген сипаттамаға сәйкес орындалады.

-        Егер өнім берушілерден сауалдар жоқ болса, бірақ хабарландырудағы бір лот бойынша белгілі бір хабарлама болса, онда құжаттаманы талқылау 5.4.1.1 тарауда келтірілген сипаттамаға сәйкес орындалады

Сатып алу бойынша аукциондық құжаттамасының жобасына ескерту, сондай-ақ аукциондық құжаттама ережелерін түсіндіру туралы сауалдар Өнім беруші жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей ұйымдастырушыға хабарлама жаза алады.     

 

Назар аударыңыз! Құжаттама ережелерін талқылау атқарымы  қайта сатып жүргізілген жағдайда қолжетімді емес.   

Келіп түскен сауалдар туралы хабарлама ұйымдастырушы хатшысына, Төрағасына және Тапсырыс беруші өкіліне келеді. Өнім берушілердің сауалдарын қарау үшін «Құжаттаманың ережелерін талқылау» қосымша бетінде, хабарлама тақырыбын басу керек.

Image Added

Өнім берушінің деректері туралы хабарлама мәтіні бейнеленеді.

Image Added

Сауалға жауап беру үшін «Жауап беру» батырмасын басу талап етіледі.

Назар аударыңыз! «Жауап беру» батырмасы құжаттаманы талқылау мерзімі аяқталғаннан кейін ғана қолжетімді болады.

Өнім берушінің сауалына жауапты Хатшы не Тапсырыс беруші өкілі не Ұйамдастырушы өкілі 1 рет қана бере алады. Батырма белсенді болысымен,  шешім таңдау үшін мәзір бейнеленеді.

Image Added

Түсіп тұратын тізімнен келесі мәндердің бірін таңдау қажет:

-        Аукциондық құжаттама жобасына өзгерістер және (немесе) толықтыру енгізу;

-        Ескертуді қабыл алмау;

-        Аукциондық құжаттама ережелеріне түсініктеме беру.

Ескертуді қабыл алмауға немесе аукциондық құжаттама ережелеріне түсініктеме беруге шешім қабылдаған жағдайда, «қабыл алмау себебі/түсіндіру мәтіні» міндетті жолын толтыру қажет».

Image Added

Шешімді көрсеткеннен кейін «Жауап беру» батырмасын басу қажет. Жүйе әрекетті растауды талап етумен қалқыма терезені бейнелейді.

Image Added

Талқылау хаттамасы әлі қалыптаспаған жағдайда, Хатшыға «Редакциялау» батырмасының көмегімен сауалды қарау нысанында берілген жауаптарды редакциялау қолжетімді.

Image Added

          «Құжаттаманы талқылауды аяқтау» батырмасына сипаттама

Өнім берушілер Хатшыға жіберген Барлық сауалдарға жауаптар бергеннен кейін «Қолжетімді әрекеттер» мәзірінде «Құжттаманы талқылауды аяқтау» әрекеті қолжетімді болады.

Назар аударыңыз!  Сатып алуды болдырмаған жағдайда, хабарламаны орындағаннан кейін  хабарламалардың басқа лоттары бойынша хабарландыруда құжаттамаға өзгеріс енгізу туралы хабарлама болмаса, Жүйе «Құжааттаманы талқылауды аяқтау» белсенді батырмасын жасайды.   

Өнім берушілер Хатшыға жіберген Барлық сауалдарға жауаптар бергеннен кейін «Қолжетімді әрекеттер» мәзірінде «Құжттаманы талқылауды аяқтау» әрекеті қолжетімді болады.


 Image Added

Бұдан әрі Өкілге қол қою үшін талқылау хаттамасын қосу қажет, бұл үшін «Қосу» батырмасын басу керек.  Пайдаланушыны іздеуді сүзгілер жинағының көмегімен (ЖСН немесе Аты-жөні бойынша) жүзеге асыруға болады). Тағы бір өкілді қосу қажет болған жағдайда  Image Added   пиктограммасын, алып тастау  үшін Image Added  басу қажет.  Қосылған өкілді сақтау үшін «Сақтау» батырмасын басу қажет. Талқылау нысаны «Талқылау хаттамасын қалыптастыру» батырмасының көмегімен қалыптасады.


 Image Added

Талқылау хаттамасы «Хаттамалар» қосымша бетіне орналасады.

Image Added

Назар аударыңыз! Талқылау хаттамасын  қажет болған жағдайда   қол қойғанға дейін  ғана Хатшы алып атстай алады. Хаттама алып тасталғаннан кейін сауалдарға  арналған жауапты редакциялау мүмкіндігі пайда болады.

Хаттаманы жүктеп алу және қарау үшін PDF форматында құжатқа белсенді сілтемені басу қажет.

Талқылау хаттамасы қалыптасқаннан кейін, Жүйе талқылау хаттамасына қол қою қажеттігі туралы қосылған өкілге жеке кабинетіне хабарлама жібереді. Өкілге (дерге) хабарламадағы сілтеме бойынша өту немесе «Жұмыс кабинеті» - «Менің хабарландыруым» тарауында хабарландыруды іздеуді жүзеге асыру, хабарландыруды қарау нысанында «Хаттамалар» қосымша бетіне өту және хаттамаға қол қою қажет.  Танысу үшін PDF форматында құжатқа белсенді сілтемені басу қажет.

Image Added

Талқылау хаттамасына қол қойғаннан кейін, Хатшының жеке кабинетіне хаттамаға қол қойылғаны туралы хабарлама келеді «Хаттамалар» қосымша бетінде хабарландыруды қарау нысанында «Жариялау» батырмасы қолжетімді болады.

 


 Image Added

Аукциондық құжаттама жобасына өзгеріс немесе толықтыру енгізу туралы шешім қабылданған жағдайда, талқылау хаттамасын жариялағаннан кейін жүйе 2 индексімен сатып алу жобасын автоматты түрде жасайды.

Image Added

Бастапқы хабарландыруға (1 индексімен) «Құжаттама өзгертілді» мәртебесі беріледі.  Қарау нысанында хабарландыруға сілтемелермен және талқылау хаттамасына жүктеп алу мүмкіндігімен хабарландыру бойынша  шешім қабылданғаны туралы хабарлама бейнеленеді .

Хабарландыру жобасына өзгеріс енгізу үшін «Жұмыс кабинеті» - «Менің хабарландыруларым» тарауына өту, хабарландыруды іздеуді жүзеге асыру және пиктограмманы басу талап етіледі .


 Image Added

Жүйе хабарландыруды редакциялау нысанын бейнелейді.

Image Added

Алдындағы қадамға өту үшін «Артқа» батырмасын басу талап етіледі.

Хабарландыру хатшысына хабарландыру жобасында мынадай мәліметтерді өзгертуге мүмкіндік беріледі:

­   Лот туралы мәлімет;

­   Ұйымдастырушы мен тапсырыс беруші өкілі туралы деректер;

­   Аукциондық комиссия мүшелері;

­   Өтінімдерді қабылдау мерзімінің аяқталуы;

­   Аукциондық құжаттама.

 

Редакциялауға тыйым салынады:

­   Сатып алу өткізу тәсілі;

­   Сатып алу мәнінің түрі;

­   Мүгедектік белгісі;

­   Қазақ және орыс тілдерінде хабарландыру (сатып алу) атауы.

 

Хабарландыру жобасына өзгерістер енгізгеннен кейін «Жариялау» батырмасын басу талап етіледі. Бұл ретте өтінімдерді қабылдаудың басталу мерзімі ағымдағы күн мен уақытқа сәйкес келеді (редакциялауға жатпайды).

 

 Өзгерістер лот туралы мәліметтерге қатысты болған жағдайда, Тапсырыс берушіге жылдық жоспар жобасын (жоба болмаған жағдайда) жасап, жоспардың тиісті тармағын редакциялау және жылдық жоспарды бекіту қажет.

Жүйе әр қадамда  «Хатшы» рөлімен редакциялу режимінде келесі хабарламаны бейнелейді: Назар аударыңыз! Жоспар тармақтарында мәліметтер өзгерді, осыған байланысты лоттарда мәлімет автоматты түрде жаңартылды. Өзгерген лоттар үшін техникалық өзіндік ерекшелікті жаңарту,  автоматты түрде қалыптасқан құжаттарға қайтадан қол қою қажет: Аукциондық құжаттама, 1-қосымша, шарттағы мәліметтерді жаңарту, лицензиялар мен рұқсаттарды жаңарту.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Құжаттаманы талқылау кезеңінде өнім берушілерден сауалдар келіп түспеген жағдайда, талқылау хаттамасын  жүйе талқылау мерзімі аяқталуына қарай автоматты түрде  қалыптастырады және жариялайды. Бұл хаттама «Хаттамалар» қосымша бетіне орналасады.

Image Added

Жүйе «Өтінімдерді қабылдауды бастаудың алдын ала мерзімі»  жолының атауын «Өтінімдерді қабылдаудың басталу мерзіміне және «Өтінімдерді алдын  ала қабылдау мерзімінің аяқталуы» жолын «Өтінімдерді қабылдау мерзімінің аяқталуы» атауына өзгертеді. Өтінімдер қабылдауды  бастау мерзімі басталғанда хабарландыру мәтіні автоматты түрде Жарияланды (өтінімдер қабылдау) болып  өзгерді.  

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Талқылау хаттамасын автоматты түрде жариялағаннан кейін,  егер өтінімдер қабылдаудың басталу мерзімі хаттаманы талқылауды жариялау күнінен көп болса, Жүйе  өтінімдерді қабылдаудың басталу мерзімін талқылау хаттамасын жариялау күніне тең күнге ауыстырады. Бұл ретте өтінімдерді қабылдаудың басталу уақыты мен талқылау хаттамасын жариялау уақыты арасында  «Жарияланды» мәртебесінен «Жарияланды (өтінімдер қабылдау» мәртесіне  ойдағыдай өзгеру үшін жарты сағат айырмашылық бар. 
Өтінімдерді қабылдаудың басталу мерзімі мен өтінімдерді қабылдау аяқталуы арасында аралық бұрын Ұйымдастыруды өтінімдерді қабылдаудың алдын ала мерзімі кезінде  көрсеткен аралыққа тең. Өтінімдерді қабылдау басталуының алдын ала мерзімі 2016 жылғы 01.03. көрсетілме, ал өтінімдерді қабылдаудың алдын ала мерзімінің аяқталуы 2016 ж. 20.03.  көрсетілсе, онда олардың арасындағы аралық 20 күнтізбелік күн болады. 

 

           Мемлекеттік сатып алудан бас тарту

«Сатып алудан бас тарту» рәсімі  «Тапсырыс беруші» рөлімен пайдаланушыға қолжетімді. Толық нұсқаулық «Тапсырыс беруші» нұсқаулығында сипатталған.