...
«Шарттар» модулінде банк кепілдігін пайдалану
Шартта банк кепілдігін көрсету үшін «Қолданыста» мәртебедегі өнім берушімен растаған банк кепілдігінің бар болуы қажет. Өнім берушіге «Жұмыс кабинеті» - «Менің шарттарым (Өнім беруші)» қолданыстағы немесе орындалған шартқа өту қажет. Шарттың карточкасында «Банк кепілдігі» қосымша бетіне өту қажет.
Егер банкпен электрондық банк кепілдігі шығарылса, «Банк кепілдігі» қосымша бетінде қолданыстағы кепілдік бейнеленеді. Оны шартқа қосу үшін «Шартқа тіркеу» батырмасын қолдану қажет. Кепілдікті шартқа тіркеу кезде – кепілдіктің тіркелуі туралы хабарлама тапсырыс берушіге жіберіледі, сонымен қатар осы кепілдік барлық пайдаланушылармен қарап шығуға шарттың карточкасында қол жетімді болады.
Кепілдікті ауыстыру үшін «Шарттан тіркеуден алу» батырмасы арқылы белгілеп, басқа кепілдікті көрсету қажет.
Ұйымдастырушы сауалы бойынша банк қызметкерлерімен электрондық банк кепілдігі бойынша кері қайтару (жою)/ шегеру (ақша аудару) жағдайда, Сізге сәйкесінше хабарлама жіберіледі. Бұл жағдайда электрондық банк кепілдіктің мәртебесі «Қайтарылды»/ «Шегерілді» (немесе кепілдік бойынша қаражаттар жартылай шегерілсе, ал қалған лоттар бойынша кепілдік кері қайтарылса (жойылса) «Орындалды») дегенге өзгертіледі.
Банк шығарған электронды банктік кепілдіктің (бұдан әрі – ЭБК) «Банк шығарды» деген мәртебесі бар. ЭБК-ні қарау үшін Өнім берушіге «Электронды банктік кепілдік» тарауында «Жұмыс кабинеті» мәзіріне өту қажет.
ЭБК тізімінде, талап етілген ЭБК бар жолдағы «Қарап шығу» батырмасын басу керек.
ЭБК қарап шығу нысаны мынадай түрде болады:
Растағаннан кейін ЭБК «Қолданыста» мәртебесіне ауысады және шартқа/қосымша келісімге қоса тіркеу үшін қолжетімді болады.
Назар аударыңыз! Жүйе қосымша келісімде ЭБК қоса тіркеуге мүмкіндік береді, бұл ретте ата-ана шартының ЭБК қосымша келісім құру үшін көшіріледі.
Шарттың орындалуын қамтамасыз ету түріне «электронды банктік кепілдік» дегенді таңдаған кезде, Жүйе анықтамалықтан кепілдіктің кіші түрін таңдауға мүмкіндік береді:
- шарттың жалпы сомасының 3%-на;
- шарт бойынша аванс сомасына;
- демпингіге қарсы сомаға.
ЭБК кіші түрін таңдағаннан кейін Жүйе Өнім берушіде ЭБК қоса тіркелетін шартқа/қосымша келісімге байланыстырылған «Қолданыста» мәртебесіндегі таңдалған кіші түрмен ЭБК бар болуын тексеруді жүзеге асырады. Өнім берушіде талап етілген ЭБК болған жағдайда, Жүйе оны шартқа/қосымша келісімге қоса тіркеу үшін көрсетеді. ЭБК таңдау ЭБК бар жолдағы «Қоса тіркеу» батырмасын басу арқылы жүзеге асырылады.
Деректер қорында талап етілген ЭБК болмаған жағдайда, Жүйе ЭБК көрсетпейді.
Қоса тіркегеннен кейін, ЭБК «Қоса тіркелген құжат» тарауында көрсетіледі.
Қажет болған жағдайда қоса тіркелген ЭБК-ны шарттың орындалуын қоса тіркеуді аяқтағанға дейін алып тастауға болады.
Назар аударыңыз! Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қоса тіркеуді аяқтағаннан кейін шартты алып тастау және қоса тіркеу мүмкін емес.
Қажетті ЭБК шартқа/қосымша келісімге қоса тіркелгеннен кейін «Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қоса тіркеуді аяқтау» батырмасын басу талап етіледі. Жүйе шарт бойынша ҚР МС туралы заңның 26-бабына сәйкес сома мен аванс болуын тексеруді жүзеге асырады («шарттың жалпы сомасынан 3% -ға» кіші түрдегі ЭБК) және талап етілген кіші түрдегі ЭБК болмаған жағдайда қатені көрсетеді.
«Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қоса тіркеуді аяқтау» батырмасын басқанда, Жүйе растауды сұрайды.
Жүйе барлық қажетті ЭБК болған кезде, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қоса тіркеуді аяқтау әрекетін орындағаннан кейін шарт мәртебесін «Қол қойылды» дегеннен «Қолданыста» деп өзгертеді.









