Versions Compared

Key

  • This line was added.
  • This line was removed.
  • Formatting was changed.

...

Келесі қадамға өту үшін «Әрі қарай» батырмасына басу қажет. Сатып алуға қатысу үшін лоттарды қосу нысаны бейнеленеді.

Өтінім жобасын жою және редакциялау

Өтінімдерді қарап шығу үшін «Жұмыс кабинеті» - «Менің өтінімдерім» бөліміне өтуіңіз қажет.

...

Өтінімді жою  пиктограмманың көмегімен, редакциялау  пиктограмманың көмегімен орындалады.

Сатып алуға қатысу үшін лоттарды қосу

«Сатып алуға қатысу үшін лоттар қосу» нысанында Өнім берушінің талап етілетін лотты (лоттарды) белгілеуі және «Таңдалғандарды қосу» батырмасын басуы талап етіледі. Бұдан кейін «Бұдан әрі» батырмасын басу керек.

...

Келесі бетке өту үшін «Бұдан әрі» батырмасын басу қажет.


Конкурсқа қатысу туралы келісімді қалыптастыру

Конкурсқа қатысу туралы келісімді қалыптастыру және оған қол қою үшін құжаттардың жалпы тізіміндегі 4-қосымша (Қатысу туралы келісім) деген сілтемені басу қажет.

...

Жүйе PDF форматындағы файлды қалыптастырады. Келісімді қарау үшін файлдың белсенді сілтемесін басу қажет, қол қою үшін «Қол қою» батырмасын басу қажет.


Қатысу үшін міндетті құжаттарды қоса тіркеу

Егер сатып алуға қатысу үшін өнім беруші қандай да бір құжатты ұсыну қажет болған жағдайда, «Міндеттілік» бағанында «Міндетті» белгісі қойылатын болады.

...

Осы файлға қол қою, сонан соң «Сақтау» батырмасын басу талап етіледі. Құжаттар тізіміне қайта оралу үшін «Құжаттар тізіміне қайта оралу» батырмасын басу керек.

Лоттар тізбесін қалыптастыру

Лоттар тізбесін қалыптастыру үшін құжаттардың жалпы тізбесінде «1-қосымша. Лоттар тізбесі» деген белсенді сілтемені басу талап етіледі.

...

Ашылған терезеде өнім беруші қатысатын лоттар тізбесі бейнеленеді. «Құжатты қалыптастыру» батырмасын басу қажет. Файл қалыптасқаннан кейін оған ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет.

Техникалық ерекшелікті қалыптастыру

Техникалық ерекшелікті қалыптастыру үшін құжаттардың жалпы тізімінде «2-қосымша (Техникалық ерекшелік)» деген белсенді сілтемені басу талап етіледі.

...

Ашылған терезеде «Файлды таңдаңыз» батырмасын басу қажет, талап етілетін файлды іздеуге арналған терезе ашылады. Файл таңдалғанынан кейін, оған ЭЦҚ көмегімен қол қойып, «Сақтау» батырмасын басу қажет.


Қызметтерді сатып алу кезіндегі өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер

Жұмыстарды сатып алу кезіндегі біліктілік туралы мәліметтерді қосу үшін құжаттарды қоса тіркеу нысанында 6-қосымша (Қызметтер сатып алу кезіндегі біліктілік туралы мәліметтер) белсенді сілтемесін басу қажет.

...

«Файлды таңдаңыз» батырмасының көмегімен растау құжаттарды тіркеу қажет. Біліктілігі туралы мәлімет толтырылғаннан кейін «Қосымшаны қалыптастыру» батырмасына басу қажет. Файлды жасағаннан кейін қалыптастырылған файлға қол қою қажет. Файлға қол қою үшін «Қол қою» батырмасына басыңыз.


Жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер  (қызмет көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтер

 

Қосалқы  Қосалқы мердігерлер туралы мәліметтерді қосу үшін құжаттарды қоса тіркеу нысанында 10-қосымша (Жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар» туралы мәліметтер) деген белсенді сілтемені басу қажет.

...

«Файлды таңдаңыз» батырмасының көмегімен растаушы құжаттарды тіркеу қажет. Біліктілігі туралы мәлімет толтырылғаннан кейін «Қосымшаны қалыптастыру» батырмасына басу қажет. Файлды жасағаннан кейін қалыптастырылған файлға қол қою қажет. Файлға қол қою үшін «Қол қою» батырмасына басыңыз.


Бірінші санаттағы рұқсатқа (Лицензиялар) сауал жіберу  және қосу

Өтінімге лицензияларды қоса тіркеу үшін құжаттарды тіркеу нысанында «Бірінші санаттағы рұқсаттар (лицензиялар)» деген белсенді сілтемені басу қажет.

...

Лицензияның «Өңдеуге жіберілді» деген мәртебесі сауалдың жіберілгендігін және жүйенің оны өңдеп жатқандығын білдіреді. «Өңделді» деген мәртебе сұрау салудың орындалғандығын білдіреді. Алынған лицензиялар «Алынған (соңғы 24 сағатта) лицензиялар» деген терезеде бейнеленеді.


Екінші санаттағы рұқсатқа сауал жіберу және қосу

Рұқсат беру құжаттарына сұрау салу және қосу жөніндегі функционал лицензияларды қосу жөніндегі функционалға ұқсас орындалады.

Құрылтай құжаттары

Өтінімге құрылтай құжаттарын қоса тіркеу үшін құжаттарды тіркеу нысанында «Құрылтайшылық құжаттар» деген белсенді сілтемені басу қажет.

...

Құжаттарды қоса тіркеу нысаны бейнеленеді. Құжатты қоса тіркеу және ЭЦҚ қою қажет.

Критерийлер туралы мәлімет

Өтінімге қоса берілген критерийлер туралы мәліметтерді қоса тіркеу үшін құжаттарды қоса тіркеу нысанында «Критерийлер туралы мәліметтер» деген белсенді сілтемені басу қажет.

...

Құжаттарды қоса тіркеу нысаны бейнеленеді. Құжатты әрбір лот үшін бөлек қоса тіркеу және ЭЦҚ қою қажет.

Баға ұсынысын толтыру

Барлық міндетті құжаттар қоса тіркелгеннен және оларға қол қойылғаннан кейін экранда баға ұсынысын толтыру нысаны бейнеленеді. «Өнім беруші бірлігі үшін баға» деген жолда бағаны көрсету қажет.

...