Өтінімді іздеу


Конкурстық өтінім беру үшін Өнім беруші талап етілетін сатып алуды іздеуді жүзеге асыруы қажет. Бұл үшін жеке кабинеттің бас бетінде «Жұмыс кабинеті» деген мәзірге өту және «Хабарландыруларды іздеу» деген бөлімді таңдау талап етіледі.


Экранда Сатып алулар беті бейнеленеді. Талап етілетін сатып алуды фильтрлер  жиынтығының көмегімен жүзеге асыруға болады, бұл үшін «Сатып алуды көрсету» батырмасын басу қажет. Іздеудің қандай да болмасын бір немесе бірнеше критерийін көрсету және «Табу» батырмасын басу жеткілікті. Егер іздеу критерийлерін өзгерту талап етілсе, «Іздеу параметрлерін алып тастау» батырмасын басу қажет.


Іздеу нәтижесі шыққаннан кейін сатып алу туралы ақпаратты қарау үшін «Хабарландыру аты» деген алаптағы белсенді сілтемені басу қажет.



Таңдаулылар


Ыңғайлы болу үшін керекті хабарландыруларыңызды «Таңдаулылар» тізіміне қосуға болады. Ол үшін барлық хабарландыруларды көру формасында «Хабарландыру аты» уяшығының жоғарғы оң жақ бұрышындағы жалаушыға белгі қойыңыз.

 


Жалаушаға басқан кезде, жалауша қызғылт сары түске толтырылады, яғни бұл хабарландыру «Таңдаулылар» бөліміне қосылған дегенді білдіреді.


«Таңдаулыларға» қосылған хабарландыруларды көру үшін «Таңдаулылар» бөліміндегі «Хабарландырулар» бөліміндегі мәзір жолына өту керек:


 

немесе жоғарғы оң жақ бұрышта ТАЖ гиперсілтемесіне басып, «Таңдаулылар» бөлімін таңдаңыз:

 

 


 Таңдалған жарнаманы жою үшін, құсбелгіні алып тастау керек.

 

Хабарландыруды қарау


Хабарландыруды қарау нысаны сатып алу мерзімдері, атауы, хабарландыру нөмірі және жариялау күні туралы деректерді қамтиды.


«Жалпы мәліметтер» деген қосымша бетте сатып алу туралы жалпы ақпарат, Ұйымдастырушы және конкурстық комиссия құрамы туралы мәліметтер бейнеленеді.

«Лоттар» деген қосымша бетте хабарландыру жөніндегі лоттар тізімі бейнеленеді, анағұрлым егжей-тегжейлі қарау үшін лот нөмірінің белсенді сілтемесін басу қажет.


«Құжаттама» деген қосымша бетте құжаттар тізімі бейнеленеді.


Құжат шаблонын қарау үшін құжат атауының белсенді сілтемесін басу қажет.

Конкурста қатысу үшін міндетті құжаттар «Иә» деген белгіге ие.

Қалыптастырылған құжатты қарау үшін «Өту» батырмасын басу қажет. Қол қоюшының ЭЦҚ туралы ақпарат және ол бойынша файлды жүктеп алуға болатын сілтеме бар нысан бейнеленеді.



Конкурстық өтінімдерді құру және беру


Өтінімді хабарландыру нысанында беру үшін қолжетімді іс-әрекеттерден «Өтінімді құру» таңдау қажет.

Ескертпе: осы әрекет өтінімдерді қабылдауды бастау күні орын алған бойдан қол жетімді болады, бұл ретте хабарландырудың мәртебесі «Жарияланды (өтінімдер қабылдау)» болуы тиіс.


Экранда өтінімді құру нысаны бейнеленеді. Заңды мекенжай мен банк шотын көрсету қажет.


Келесі қадамға өту үшін «Әрі қарай» батырмасына басу қажет. Сатып алуға қатысу үшін лоттарды қосу нысаны бейнеленеді.

Өтінім жобасын жою және редакциялау

Өтінімдерді қарап шығу үшін «Жұмыс кабинеті» - «Менің өтінімдерім» бөліміне өтуіңіз қажет.


Өтінімдерді іздеуді фильтрлер жиынтығы көмегімен жүзеге асыруға болады, ол үшін «Фильтрді көрсету» батырмасына басу қажет.


Өтінімді жою  пиктограмманың көмегімен, редакциялау  пиктограмманың көмегімен орындалады.

Сатып алуға қатысу үшін лоттарды қосу

«Сатып алуға қатысу үшін лоттар қосу» нысанында Өнім берушінің талап етілетін лотты (лоттарды) белгілеуі және «Таңдалғандарды қосу» батырмасын басуы талап етіледі. Бұдан кейін «Бұдан әрі» батырмасын басу керек.


Жүйе «Таңдалғандарды қарау» қосымша бетіне өтуді жүзеге асырады. Таңдалған лотты жою қажет болған жағдайда талап етілген лотты қанатша белгісімен белгілеген және «Лоттарды өтінімнен алып тастау» батырмасын басқан жөн, өтінім жобасына қосымша лоттар қосу қажет болған жағдайда «Лоттар» қойындысына өткен және лоттар таңдауды жүзеге асырған жөн.

Келесі бетке өту үшін «Бұдан әрі» батырмасын басу қажет.


«Бұдан әрі» батырмасын басқан кезде Жүйе  егер сол бір лотта оның бас ұйымы, филиалы қатысса, әлеуетті өнім берушіні (филиалды, бас ұйымды) тексеруді жүзеге асырады.  

Тексеру мынадай жағдайларда белгіленген: 

- егер бас ұйымнан өтінім берілсе және бас ұйымның филиалы өтінімді жасамақ болса;

- егер филиалдан өтінім берілсе және осы филиалдың бас ұйымы өтінімді  жасамақ болса;  - егер филиалдан өтінім берілсе және  осындай бас ұйыммен филиал өтінімді жасамақ болса. 

Тексеру өтпейтін болған жағдайда, Жүйе келесі қадамға өту мүмкіндігінсіз қатенің мәтіні көрсетеді. 

Конкурсқа қатысу туралы келісімді қалыптастыру

Конкурсқа қатысу туралы келісімді қалыптастыру және оған қол қою үшін құжаттардың жалпы тізіміндегі 4-қосымша (Қатысу туралы келісім) деген сілтемені басу қажет.

 

 Қазақ және орыс тілдеріндегі келісім бейнеленеді. Келісіммен танысу және «Келісімді қабылдау» батырмасын басу қажет.


Жүйе PDF форматындағы файлды қалыптастырады. Келісімді қарау үшін файлдың белсенді сілтемесін басу қажет, қол қою үшін «Қол қою» батырмасын басу қажет.


Қатысу үшін міндетті құжаттарды қоса тіркеу

Егер сатып алуға қатысу үшін өнім беруші қандай да бір құжатты ұсыну қажет болған жағдайда, «Міндеттілік» бағанында «Міндетті» белгісі қойылатын болады.


Құжаттаманың қандай да болмасын бөлімі файлдарды қоса тіркеуді талап еткен жағдайда құжаттардың жалпы тізімінде құжат атауының белсенді сілтемесін басу қажет. Бейнеленген терезеде файлды қоса тіркеу үшін «Файлды таңдаңыз» деген батырманы басу талап етіледі. Қосымша файлдар «Файлды қосу» деген батырманың көмегімен қосылады.


Осы файлға қол қою, сонан соң «Сақтау» батырмасын басу талап етіледі. Құжаттар тізіміне қайта оралу үшін «Құжаттар тізіміне қайта оралу» батырмасын басу керек.

Назар аударыңыз! Әрбір тіркелетін қосымшаның көлемі 20мб-дан аспауы қажет.

Лоттар тізбесін қалыптастыру

Лоттар тізбесін қалыптастыру үшін құжаттардың жалпы тізбесінде «1-қосымша. Лоттар тізбесі» деген белсенді сілтемені басу талап етіледі.


Ашылған терезеде өнім беруші қатысатын лоттар тізбесі бейнеленеді. «Құжатты қалыптастыру» батырмасын басу қажет. Файл қалыптасқаннан кейін оған ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет.

Техникалық ерекшелікті қалыптастыру

Техникалық ерекшелікті қалыптастыру үшін құжаттардың жалпы тізімінде «2-қосымша (Техникалық ерекшелік)» деген белсенді сілтемені басу талап етіледі.

 


Сатып алуда техникалық ерекшелікті әрбір лот бойынша бөлек қоса тіркеу қажет. Құжатты қоса тіркеу үшін «Қосу» батырмасын басу қажет.


Ашылған терезеде «Файлды таңдаңыз» батырмасын басу қажет, талап етілетін файлды іздеуге арналған терезе ашылады. Файл таңдалғанынан кейін, оған ЭЦҚ көмегімен қол қойып, «Сақтау» батырмасын басу қажет.

Назар аударыңыз! Әрбір тіркелетін қосымшаның көлемі 20мб-дан аспауы қажет.


Қызметтерді сатып алу кезіндегі өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер

Жұмыстарды сатып алу кезіндегі біліктілік туралы мәліметтерді қосу үшін құжаттарды қоса тіркеу нысанында 6-қосымша (Қызметтер сатып алу кезіндегі біліктілік туралы мәліметтер) белсенді сілтемесін басу қажет.


Ашылған нысанда лот туралы деректерді толтыру үшін «іс-әрекет» бағанасындағы редакциялау пиктограммасына басу қажет.


Бұдан әрі «өнім беруші көрсеткен қызметтер көлемі», «жабдықтың бар болуы туралы мәліметтер», «білікті қызметкерлер туралы мәліметтер» деген қосымша беттері бар нысан бейнеленеді.

− Өнім беруші көрсеткен қызметтер көлемі туралы деректерді қосу үшін «өнім беруші көрсеткен қызметтер көлемі» деген қосымша бетке өту қажет.


Бұдан әрі   пиктограмманың көмегімен деректерді қосу үшін нысан көрсетіледі

Ашылған нысанда мәліметтерді толтыру керек. Сақтау үшін «Сақтау» батырмасын басу, сонан соң «Қайта оралу» батырмасын басу қажет.


−       Жабдықтың бар болуы туралы мәліметтерді қосу үшін «жабдықтың бар болуы туралы мәліметтер» деген қосымша бетке өту қажет.


Бұдан әрі   пиктограмманың көмегімен деректерді қосу үшін нысан көрсетіледі.

Сақтау үшін «Сақтау» батырмасын басу, сонан соң «Қайта оралу» батырмасын басу қажет.


−       Білікті қызметкерлер туралы мәліметтерді қосу үшін «білікті қызметкерлер туралы мәліметтер» деген қойындыға өту қажет.


Бұдан әрі  пиктограмманың көмегімен деректерді қосу үшін нысан көрсетіледі

Білікті қызметкерлер туралы мәліметтерді толтыруға арналған ашылған нысанда ЖСК бар қызметкерлердің ЖСК толтырып, «Табу» батырмасын басу қажет. Жүйе аты-жөні, азаматтығы, құжаттары туралы мәліметтерді автоматты түрде толтырады. Одан кейін жүйемен толтырылмаған қалған мәліметтерді толтыру қажет.

Сақтау үшін «Сақтау» батырмасын басу, сонан соң «Қайта оралу» батырмасын басу қажет.


ЖСК жоқ қызметкерлер туралы мәліметтерді толтыру үшін, «ҚР азаматы болып табылмайды (ЖСК жоқ)» батырмасын басу қажет.

Ашылған нысанда мәліметтерді толтыру керек. Сақтау үшін «Сақтау» батырмасын басу, сонан соң «Қайта оралу» батырмасын басу қажет.


«Файлды таңдаңыз» батырмасының көмегімен растау құжаттарды тіркеу қажет. Біліктілігі туралы мәлімет толтырылғаннан кейін «Қосымшаны қалыптастыру» батырмасына басу қажет. Файлды жасағаннан кейін қалыптастырылған файлға қол қою қажет. Файлға қол қою үшін «Қол қою» батырмасына басыңыз.


Жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер  (қызмет көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтер

 Қосалқы мердігерлер туралы мәліметтерді қосу үшін құжаттарды қоса тіркеу нысанында 10-қосымша (Жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар» туралы мәліметтер) деген белсенді сілтемені басу қажет.


Ашылған нысанда лот туралы деректерді толтыру үшін «іс-әрекет» бағанасындағы редакциялау пиктограммасына басу қажет.


Бұдан әрі  пиктограмманың көмегімен деректерді қосу үшін нысан көрсетіледі


Ашылған нысанда Жүйеде тіркелген  қосалқы мердігерлер туралы мәліметтерді толтыру үшін, «Жүйеде тіркелген заңды (жеке) тұлғаларға арналған» қосымша бетке өту қажет.


ЖСН/БСН енгізіңіз және  батырмаға басыңыз.

Деректерді сақтау үшін «Сақтау» батырмасына басуыңыз қажет.


 

 

Жүйеде тіркелмеген қосалқы мердігерлер туралы мәліметтерді толтыру үшін «Жүйеде тіркелмеген зт (жт) үшін» деген қосымша бетке өту қажет. Мәліметтерді толтыру және деректерді сақтау үшін «Сақтау» батырмасын басу, сонан соң «Қайта оралу» батырмасын басу керек.


«Файлды таңдаңыз» батырмасының көмегімен растаушы құжаттарды тіркеу қажет. Біліктілігі туралы мәлімет толтырылғаннан кейін «Қосымшаны қалыптастыру» батырмасына басу қажет. Файлды жасағаннан кейін қалыптастырылған файлға қол қою қажет. Файлға қол қою үшін «Қол қою» батырмасына басыңыз.


Бірінші санаттағы рұқсатқа (Лицензиялар) сауал жіберу  және қосу

Өтінімге лицензияларды қоса тіркеу үшін құжаттарды тіркеу нысанында «Бірінші санаттағы рұқсаттар (лицензиялар)» деген белсенді сілтемені басу қажет.


Қоса тіркеу нысаны бейнеленеді. Қолданыстағы (соңғы 24 сағатта алынған) лицензиялар бар болған жағдайда осы лицензия бар жолда қанатбелгісін қою арқылы талап етілген лицензияны таңдауды жүзеге асыру қажет. Қоса тіркелген лицензияны қарау «Өтінімге қоса тіркелген лицензиялар» деген қосымша бетте жүзеге асырылады.


Егер қолданыстағы лицензиялар болмаған жағдайда, «Басқа лицензияларды алу» батырмасына басу қажет.


Іздеуді фильтрлер жиынтығының көмегімен жүзеге асыруға болады. Лицензияны жаңарту үшін «Жаңарту» батырмасына басуыңыз қажет. Жіберілген сауалдар «Лицензиялар бойынша сұратулар» қосымша бетінде көрсетіледі.


Лицензияның «Өңдеуге жіберілді» деген мәртебесі сауалдың жіберілгендігін және жүйенің оны өңдеп жатқандығын білдіреді. «Өңделді» деген мәртебе сұрау салудың орындалғандығын білдіреді. Алынған лицензиялар «Алынған (соңғы 24 сағатта) лицензиялар» деген терезеде бейнеленеді.


Екінші санаттағы рұқсатқа сауал жіберу және қосу

Рұқсат беру құжаттарына сұрау салу және қосу жөніндегі функционал лицензияларды қосу жөніндегі функционалға ұқсас орындалады.

Құрылтай құжаттары

Өтінімге құрылтай құжаттарын қоса тіркеу үшін құжаттарды тіркеу нысанында «Құрылтайшылық құжаттар» деген белсенді сілтемені басу қажет.

Құжаттарды қоса тіркеу нысаны бейнеленеді. Құжатты әрбір лот үшін бөлек қоса тіркеу және ЭЦҚ қою қажет.


Құжаттарды қоса тіркеу нысаны бейнеленеді. Құжатты қоса тіркеу және ЭЦҚ қою қажет.

Критерийлер туралы мәлімет

Өтінімге қоса берілген критерийлер туралы мәліметтерді қоса тіркеу үшін құжаттарды қоса тіркеу нысанында «Критерийлер туралы мәліметтер» деген белсенді сілтемені басу қажет.


Құжаттарды қоса тіркеу нысаны бейнеленеді. Құжатты әрбір лот үшін бөлек қоса тіркеу және ЭЦҚ қою қажет.

Баға ұсынысын толтыру

Барлық міндетті құжаттар қоса тіркелгеннен және оларға қол қойылғаннан кейін экранда баға ұсынысын толтыру нысаны бейнеленеді. «Өнім беруші бірлігі үшін баға» деген жолда бағаны көрсету қажет.


НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Өтінімді бергеннен кейін енгізілген баға ұсыныстары шифрланатын болады және сіз оларды көре алмайсыз. Өнім берушінің берген бағасы туралы ақпаратты сақтау үшін «Басып шығару» батырмасына басу қажет.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысуға арналған өтінімі, ұсынылған конкурстық баға ұсынысы демпингтік болып танылса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді. Жүйе өнім берушінің баға ұсынысын конкурсқа бөлінген жоспарлы сомамен салыстыруды жүзеге асырады:

Лот бойынша баға ұсынысының сомасы (өнім беруші ұсынған сома) конкурсқа бөлінген сомадан 70 % төмен. Егер төмен болса, мынадай ақпараттық хабарлама бейнеленеді: Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысуға арналған өтінім конкурсқа қатысуға жіберілмейді, себебі № _____ лот бойынша ұсынылған конкурстық баға ұсынысы демпингтік болып танылады.

Өтінімді беру


Өтінімді беру алдында Өтінімді алдын ала қарап шығу бейнеленеді. Деректерді тексергеннен кейін «Өтінімді беру» командасын басу қажет.


«Өтінім беру»-ді басқаннан кейін «Сіз лот (лоттар) үшін көрсетілген баға ұсынысының сомасымен келісесіз бе?» деген растау бейнеленеді.


«Иә» деген батырманы басқаннан кейін өтінім жіберілетін болады және «Менің өтінімдерім» деген бөлімде өтінім мәртебесі «Берілді» болып бейнеленеді.

 

  • No labels