Дерево страниц

Сравнение версий

Ключ

  • Эта строка добавлена.
  • Эта строка удалена.
  • Изменено форматирование.

...

Назар салыңыз! Мемлекеттік сатып алулар веб-порталын пайдалану (қолжетімділік) бойынша көрсетілетін қызметтер үшін төлем жүргізген кезде, егер жеке тұлға ақшаны ұйымнан атынан жіберетін болса, онда ақшаны жөнелтуші ретінде мыналарды міндетті түрде көрсету қажет: аударылған ақша электрондық әмиянына түсетін ЗТ/ЖТ атауы, БСН/ЖСН. 

Көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және көрсетілетін қызметтердің актісіне қол қою

Актіге қол қою үшін шартты қарау нысанында «Көрсетілген қызметтердің актісі» батырмасын басу қажет.

Image Added

 Сондай-ақ қарау/қол қою үшін көрсетілетін қызметтердің актісін «Менің көрсетілетін қызметтерім» – «Қолжетімді әрекеттер» - «Актіні қарау» бөлімінде ашуға болады.

Image Added

Назар салыңыз! Егер көрсетілген қызметтердің актісіне қол қойылмаған болса және Сіз өзге тарифті таңдайыңыз қажет болса, онда шарт – офертаны жою қажет. Шартты  – оферталарды жою үшін «Менің көрсетілетін қызметтерім» - «Қолжетімді әрекеттер» - «Шартты жою» бөліміне ауысыңыз (жоғарыда суретті қараңыз). Көрсетілетін қызметтердің кестесінде жою үшін қажетті  шартты таңдаңыз. «Шартты жою» батырмасын басыңыз.

Image Added

Ашылған нысанда көрсетілген қызметтердің актісімен танысыңыз. Көрсетілген қызметтердің актісіне қол қою үшін көрсетілетін қызметтердің бектілетін актісін таңдау қажет. Бектілетінді сақтау үшін «Бекітілетін актіні сақтау» батырмасын басу қажет.

Image Added

Бекітілетінді сақтағаннан кейін көрсетілетін қызметтердің актісіне қол қою қажет. Актіге қол қою және көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу үшін «Актіні бекіту және көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу » батырмасын басу қажет.

Image Added

Түймені басқаннан кейін Жүйе таңдалған тарифке сәйкес Сіздің мемлекеттік сатып алулар веб-порталындағы электрондық әмияныңызда қажетті сома бар не жоғын тексереді. Егер тексеру сәтті болған жағдайда, Жүйе ЭЦҚ таңдау үшін модальдық терезені көрсетеді. ЭЦҚ-ға жолды таңдаңыз. Көрсетілген қызметтердің актісіне қол қойыңыз.

 Актіге қол қойғаннан кейін, Жүйе:  

-       «Қолданыста» деген мәртебесі бар шарт – офертаны сақтайды;

-         тарифтің мәртебесін «Төленді» деген мәртебеге өзгертеді;

-       қажетті соманы алады;

-       актінің мәртебесі «Бекітілді» деген мәртебені өзгереді;

-        Жүйе функцияларға  қолжетімділікті ашады: 1) мемлекеттік сатып алуларға қатысуға өтінім беру/қосымша, 2) бір көзден алудан мемлекеттік сатып алуларға қатысуға келісім беру, 3) баға ұсынысын беру, 4) мемлекеттік сатып алулар туралы шартты келісу және қол қою.

Назар салыңыз!  Егеркөрсетілген қызмет үшін жүргізілген төлемі бар қолданыстағы шарт/тариф бар болса, онда басқа тарифке ауысу кезінде Сіз көрсетілетін қызметке қайта төлем жүргізуіңіз қажет, бұл ретте алдыңғы шарттың қолданысы аяқталады.

Назар салыңыз! Көрсетілетін қызмет шартқа қол қойылған сәттен бастап ағымдағы жылғы 31 желтоқсанға дейін ұсынылады.