Дерево страниц

Сравнение версий

Ключ

  • Эта строка добавлена.
  • Эта строка удалена.
  • Изменено форматирование.

...

      ТЕН – төлеушінің есеп нөмірі.



 

Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 5-қосымша


Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт

      _____________________________ _____ жылғы "___"__________ қ.

       (орналасқан жері)  

       Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын______________________

                                        (тапсырыс берушінің толық атауы)

      атынан_______________________________________________________,

      (уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      бір тараптан және бұдан әрі өнім беруші деп аталатын

      ____________________________________________________________ атынан

      (өнім беруші – конкурс жеңімпазының толық атауы)

      __________________________________________ негізінде әрекет ететін

      (Жарғының, Ереженің және т.с.с.)

      ___________________________________________________________________

      (уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

       екінші тараптан 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) және ___жылғы "__"_______ өткен _______ (конкурс, баға ұсыныстары, бір көзден алу тәсілімен) мемлекеттік сатып алу қорытындыларының негізінде осы Мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі – шарт) жасасты және мына төмендегі келісімге келді:

      1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы – (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауын көрсету керек) Тапсырыс беруші үшін осы жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды (жұмыстардың қысқаша сипаттамасы) жариялады және оларды орындауға сомасы (сомасын сандармен және жазумен көрсету керек) (бұдан әрі – шарттың бағасы) мөлшерінде Мердігердің конкурсқа қатысуға өтінімін қабылдады.

            2. Жұмыстар Жоба бойынша орындалады (жобаның аты, объектінің атауы мен орналасқан жері) _________________________________________

                                Бас жобалаушы (ұйымның атауы мен мекенжайы)

      ___________________________________________________________________

       3. Осы шартта төменде келтірілген ұғымдар мынадай түсіндірмені білдіретін болады:

      1) "тапсырыс беруші" – мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар;

       2) "бас мердігер" (бұдан әрі – Мердігер) Тапсырыс берушімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін заңды тұлға, сондай-ақ консорциум;

      3) "қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы)" шарт бойынша учаскеде (объектіде) жұмыстардың бір бөлігін орындауға Мердігермен шарты және (немесе) келісімі бар адамды немесе ұйымды білдіреді;

      4) "техникалық қадағалаушы" Тапсырыс беруші тағайындаған және мердігерлік жұмыстарды Мердігердің шарт талаптарына сәйкес орындауы жөніндегі бақылауды жүзеге асыруға Мердігерге хабарланған тұлғаны білдіреді;

      5) "объект" – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы салуға, қайта жаңғыртуға жататын ретінде айқындаған және Тапсырыс берушіге Мердігер шартта көзделген түрде беретін ғимарат, құрылыс;

      6) "учаске" – Объект салу немесе жұмыстарды жүргізу үшін бөлінген аумақты білдіреді;

      7) "шарттың құны" – Мердігер өзінің конкурстық өтінімінде көрсеткен және Тапсырыс беруші қабылдаған шарттың жалпы сомасын білдіреді;

       8) "шарт" – "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Тапсырыс беруші мен Мердігердің арасында ғимараттар мен құрылыстарды салуға және жөндеу-құрылыс жұмыстарына жасалған азаматтық-құқықтық шарт. Қол қойылғаннан кейін шарттағы барлық өзгерістер мен толықтырулар өзгерістер қабылдау жолымен жасалуы мүмкін. Шарт Жобалаушы мен Мердігер, Тапсырыс берушілер мен Қосалқы мердігерлер арасында қандай да бір шарттық қатынастар жасайтындай етіп түсіндірілмейді;

      9) "уақытша құрылыстар" – Объектіні салу мен жөндеу үшін қажетті, тұрғызылатын, орнатылатын және Объектіні салуды аяқтағаннан кейін Мердігер алып тастайтын барлық уақытша ғимараттар мен құрылыстарды білдіреді;

      10) "материалдар" – Объектіні салу үшін Мердігер мен Қосалқы мердігер пайдаланатын барлық шығыс материалдарын білдіреді;

      11) "жабдық" – Мердігер мен Қосалқы мердігердің Объектіні салу үшін учаскеде уақытша тұрған барлық машиналары мен тетіктерін білдіреді;

      12) "құрылыстың ұзақтық мерзімі" Мердігер Объектіні салуды аяқтауға тиіс мерзімді білдіреді;

      13) "күндер" – күнтізбелік күндер, "айлар" – күнтізбелік айлар;

      14) "өзгерістер" – Тапсырыс беруші шартқа қол қойылғаннан кейін берген өзгерістер;

      15) "ақау" – жұмыстардың шарт талаптарын бұзып орындалған бөлігі;

      16) "кемшіліктер мен ақауларды жою кезеңі" – жұмыстардың орындалуын тексеру процесінде табылған кемшіліктер мен ақауларды жою кезеңі.

      4. Төменде тізбеленген құжаттар мен оларда айтылған талаптар осы шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда:

      1) осы шарт;

      2) шарттың нысанасы/сатып алынатын жұмыстардың тізбесі;

      3) техникалық ерекшелік;

      4) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының, Кеден одағының кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының талаптарына сәйкес шарттың сомасы, қосылған құн салығының сомасы, акциздер сомасы;

      5) шарттың орындалуын қамтамасыз ету (бұл тармақша, егер шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу конкурстық құжаттамада көзделген болса көрсетіледі);

      6) жобалау-сметалық құжаттама/жұмыс сызбалары (сызбалардың нөмірлері мен олардың күндерін көрсету керек):

      Құжат

      Атауы

      Нөмірі мен күні

      7) Толықтырулар (ол бар болса):

      Құжат

      Атауы

      Нөмірі мен күні

      8) Өзге де құжаттар: (Тапсырыс беруші шарттың құжаттарына енгізгісі келетін қосымша құжаттарды көрсету керек)

      ___________________________________________________________

      5. Өнiм берушi Қағидаларда белгіленген жағдайларда және мөлшерде шарттың орындалуын қамтамасыз етудi шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде енгiзеді. Өнiм берушi шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн таңдауға құқылы:

      1) Тапсырыс берушінің банк шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілді ақшалай жарна;

      2) банк кепілдігі;

      3) Заңның 43-бабы 11-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жасалатын өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты.

       6. Өнім берушінің шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғалардың енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай не бір бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді. Өнім беруші енгізген кепілдік ақшалай жарнаны Тапсырыс берушінің Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берілмейді.

      7. Мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамада оларды аяқтау мерзімі келесі (кейінгі) қаржылық жылда (жылдарында) көзделген жұмыстарды сатып алған жағдайда мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер және жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттік сатып алу шартын бір қаржы жылынан астам мерзімге жасауы мүмкін.

       Бұл ретте, жоғарыда көзделген жағдайларда, қолданылу мерзімі бір қаржы жылынан астам мемлекеттік сатып алу туралы мұндай шарттарды бәсекелестік негізінде өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша анықталған өнім берушілермен ғана жасасуға рұқсат етіледі.

      Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар көрсетілген тұлғалардың басқару органы немесе жоғары органы бекіткен даму жоспарында (бизнес-жоспарында) оларды аяқтау мерзімі келесі (кейінгі) қаржы жылына (жылдарына) белгіленген іс-шараларды орындау үшін қажетті жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарт жасасуы мүмкін.

      8. Мердігер осы шартта көзделген барлық жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

      9. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасы салық заңнамасының, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының талаптарына сәйкес қосылған құн салығын және акциздерді төлеу шарттарын қамтиды.

       10. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасының бейрезидентімен жасалған жағдайда, мемлекеттік сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол ұсынған нысанда ресімдеуге жол беріледі.

      11. Шарт қазақ және/немесе орыс тiлдерiнде жасалады. Шартты төрелiкте қарау қажет болған жағдайда шарттың қазақ және/немесе орыс тiлдерiндегi данасы қаралады. Шартқа қатысты барлық хат алмасу және тараптар алмасатын басқа құжаттама осы талаптарға сәйкес болуға тиiс.

      12. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа өзгерiстер енгiзу талаптарын көздейді.

       Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа өткізілген мемлекеттiк сатып алу шарттарының мазмұнын және (немесе) өнiм берушiні таңдау үшiн негiз болған ұсынысын өзгертетiн өзгерiстердi Заңның 45-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделмеген негiздер бойынша енгiзуге жол берiлмейдi.

      13. Объектіні салу мәселелеріне қатысты Тапсырыс беруші мен Мердігер арасындағы ресми қатынастың жазбаша түрде ғана күші болады.

      14. Бас мердігер Тапсырыс берушіге аталған шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттарының көшірмелерін береді.

      15. Мердігер қосалқы мердігер ұйымдармен жұмыстардың жалпы көлемінің (мердігерлік бағасының) екіден бір бөлігінен аспайтын көлемінде ғана шарт жасаса алады және Тапсырыс берушінің жазбаша рұқсатынсыз шартты үшінші тұлғаға бере алмайды. Қосалқы мердігерлердің болуы Тапсырыс беруші мен Мердігер арасындағы шарттың талаптарын өзгертпейді.

       16. Учаскеде қосалқы мердігерлер бар болса Мердігер өзінің жұмыстарын олармен үйлестіріп отырады.

       17. Тапсырыс беруші Мердігерге объектінің құрылысын салуға (жөндеуге, қайта жаңартуға) жобалау-сметалық құжаттаманы береді (мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс құрылысты "дайын тапсыру" шартымен өткізілген кезде бұл талап осы шартта ескерілуге тиіс).

      18. Мердігер негізгі лауазымдарға біліктілік туралы мәліметтерде көрсетілген қызметкерлерді жалдайды. Бұл тұлғаларды басқалармен алмастырған кезде Мердігер мұндай алмастыруға Тапсырыс берушінің келісімін алады. Жаңа қызметкерлердің біліктілігі біліктілік туралы мәліметтерде тізбеленген қызметкерлердің біліктілігіне тең немесе одан жоғары болуға тиіс.

      19. Егер Тапсырыс беруші себептерін көрсете отырып, Мердігерден Мердігердің немесе қосалқы мердігердің қызметкері болып табылатын тұлғаны Объектідегі жұмыстарды орындаудан шеттетуді сұрайтын болса, Мердігер бұл тұлғаны 72 сағат ішінде құрылыс объектісінен шығаруға міндетті, одан кейін осы шарт бойынша жұмыстарды орындаумен бұл тұлғаның ешқандай байланысы болмауға тиіс.

      20. Мердігер Тапсырыс берушінің мүлкіне, меншігіне шығын немесе залал келтірумен және өз қызметкерлерінің денсаулығына, сондай-ақ өз қызметкерлерінің мерт болуымен байланысты және шартты орындау ағымында және салдарынан туындайтын барлық тәуекел үшін жауапты болады.

      21. Тапсырыс беруші тәуекелдің ерекше түрлері үшін, атап айтқанда: соғыс, көтеріліс, революция, азаматтық соғыс, бүлік, тәртіпсіздіктер (егер онда Тапсырыс берушінің қызметкерлері қатысса) тәуекелі үшін жауапты болады. Мердігер тапқан және конкурстық құжаттамада көрсетілмеген топырақтың уытты және жарылғыш заттармен улануы және егер осы табылғандар жұмыстарды орындауға тікелей әсер ететін болса, Тапсырыс берушінің тәуекелі болып табылады.

      22. Мердігер ақауларды жою кезеңін қоса алғанда, жұмыстар басталған күннен жұмыстар толық аяқталғанға дейінгі кезеңге Тапсырыс берушінің атына сақтандыру өтемін қамтамасыз етеді.

      Сақтандыру объектілері және сомасы __________________________

      __________________________________________________________________

      (жабдықтар беруді сақтандыру, адамдарды және т.б. сақтандыру)

       23. Мердігер сақтандыру полистері мен сертификаттарын бекіту үшін Тапсырыс берушіге жұмыстар басталатын Күнге дейін ұсынуға тиіс.

       24. Егер Мердігер талап етілетін сертификаттарды ұсынбаса, Тапсырыс беруші Мердігер қамтамасыз ететін сақтандыруды жүргізуіне және бұл шығыстарды шарттың құнынан ұстап қалуына болады.

       25. Мердігер Тапсырыс берушінің келісімінсіз сақтандыру шарттарына ешқандай өзгеріс жасай алмайды.

      26. Екі тарап та сақтандыру полистерінің барлық шарттарын сақтауға тиіс.

      27. Тараптардың әрқайсысы өздерінің бірлескен іс-қимылының немесе кемшіліктерінің нәтижелері болып табылған шығындар, шығыстар және шығындар бойынша қуынымдар, адамдардың денсаулығына келтірілген залал мен олардың өлімі үшін жауапты болады және екінші тарапқа оларды өтейді.

      28. Мердігер Объектідегі жұмыстар өндірісінің қауіпсіздік техникасы үшін толығымен жауапты болады.

      29. Тапсырыс беруші Мердігерге Объектіні салуға бөлінген Учаскені толық пайдалануға рұқсат етеді. Егер Учаске берілетін күнге құрылысқа берілген Учаскенің бір бөлігі берілмеген болса және осы себеппен жұмыстардың орындалуы кідірсе, онда бұл жағдайда Тапсырыс беруші жұмыстарды аяқтау мерзімін осы Учаскені беру кідіртілген мерзімге ұзартады.

      30. Тапсырыс беруші немесе оның уәкілетті тұлғасы, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеушілер Учаскеге немесе шарт бойынша жұмыстар орындалып жатқан немесе орындалатын кез келген басқа орынға әрқашан кіре алады.

      31. Тапсырыс беруші мен Мердігер шарт бойынша немесе оған байланысты өздерінің арасында туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды тікелей келіссөздер процесінде шешуге барлық күш-жігерін салуға тиіс.

      32. Егер Тапсырыс беруші мен Өнім беруші осындай бейресми келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде шарт бойынша дауды бейбіт жолмен шеше алмаса, тараптардың кез келгені осы мәселенің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуін талап ете алады.

      33. Егер Мердігер шарттық құжаттардың талаптарын бұзып орындалған жұмыстарды түзету жөніндегі өз міндеттемелерін орындамаса, сондай-ақ егер Мердігер жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жұмысты соңына дейін орындауға қабілетсіз болып шықса, Тапсырыс беруші жазбаша нұсқамамен Мердігерге жұмыстарды тұтастай немесе тоқтап қалу себептерін жойғанға дейін бір бөлігін тоқтату туралы өкім бере алады.

      34. Егер Мердігер жұмысты түзете алмаса немесе түзеткісі келмесе (оны жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестендіру) және тапсырыс берушіден бұл туралы жазбаша ескерту алғаннан кейін жеті күн ішінде жазбаша немесе әрекетімен жауап бермесе, Тапсырыс беруші көрсетілген жеті күн мерзім өткеннен кейін өзінің талабын қайталауға құқылы. Егер Мердігер келесі жеті күн мерзімі ішінде көрсетілген Ақауларды түзетуге жағдайы болмаса, Тапсырыс беруші өзінің басқаша ықпал ету әдістерін қолдану құқығынан бас тартпастан, осы жұмысты өз күшімен орындауы мүмкін. Мұндай жағдайларда өзгерістер туралы тиісті бұйрық шығарылады, оның негізінде Мердігерге төленуге тиіс сомадан Тапсырыс берушінің қосымша қызметтер үшін мәжбүрлі шығындарын өтеуді қоса алғанда, көрсетілген Ақауларды түзету құны шегеріледі. Егер Мердігерге төленуге тиіс сома көрсетілген шығыстарды жабу үшін жеткіліксіз болса, Мердігер Тапсырыс берушіге айырманы өз қаражатынан төлеуге міндетті.

      35. Мердігер_____________________ мерзім ішінде Тапсырыс берушіге Объектіні салу бойынша жұмыстарды орындау тәртібі мен мерзімі, сондай-ақ Тапсырыс беруші тарапынан өзінің конкурстық өтініміне сәйкес төлемдерді жүргізу кестесі баяндалған жұмыстардың өндіріс кестесін бекітуге ұсынады.

      36. Егер форс-мажор мән-жайлары орын алса немесе ол ұсынған ауытқулар жұмыстарды орындау үшін қосымша мерзімдер талап етсе, сондай-ақ егер, жұмыстарды орындау процесінде қосымша еңбек шығындарын талап ететін жасырын Ақаулар анықталған жағдайларда, Тапсырыс беруші жұмыстарды орындау мерзімін ұзартады. Бұл ретте Мердігер азаматтық заңнамада көрсетілген рәсімге сәйкес Тапсырыс берушіні жазбаша хабардар етеді.

      37. Мердігер білімін және қолда бар барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жұмысты бақылап және бағыттап отыруға міндетті. Мердігер құралдар, әдістер, техника, дәйектілік және жұмыстардың орындалу сапасы, сондай-ақ шарт бойынша барлық жұмыстарды үйлестіру үшін толығымен жауапты болады және бақылауды жүзеге асырады.

      38. Мердігер Тапсырыс берушінің алдында өз қызметкерлерінің, Қосалқы мердігер(лер)дің, Қосалқы мердігер(лер)дің қызметкерлері мен сенім білдірілген тұлғаларының, сондай-ақ Мердігермен шарт негізінде шарт шеңберіндегі жұмыстардың бір бөлігін орындайтын басқа да тұлғалардың іс-әрекеті мен кемшіліктері үшін жауапты болады.

      39. Тапсырыс беруші жұмысты немесе конструкцияны тексеру үшін сынақ жүргізе алады. Егер тексеруден кейін тексерілген жұмыс немесе конструкция ақаулы болып шықса, Мердігер жұмыстардың Ақауын түзетеді және (немесе) конструкцияны алмастырады.

      40. Тапсырыс беруші табылған кез келген Ақаулар туралы Ақауларды түзету мерзімін көрсете отырып, Мердігерді жазбаша түрде хабардар етеді.

      41. Мердігер Ақаулар туралы хабарламаны алып, Ақауды Тапсырыс беруші көрсеткен уақыт кезеңі ішінде жоюға міндетті.

       42. Ақы төлеу нысаны________________________________________

                             (аудару, қолма-қол есеп айырысу және т.б.)

      43. Төлемдердің түрлері мен мерзімі_________________________  (төлемдердің қалай жүргізілетінін және төлеу мерзімін көрсету керек: аванстық төлем, ағымдағы төлемдер, соңғы төлемақы)

      44. Ақы төлеу алдындағы қажетті құжаттар:____________________  (шот-фактура немесе орындалған жұмыстарды қабылдап алу-беру актісі немесе т.с.с.)

      45. Тапсырыс беруші Мердігерге ___ сомасында аванстық төлем (алдын ала төлем) жүргізуі мүмкін. Мердігер төленген авансты осы шарт бойынша жұмыстарды орындау үшін талап етілетін материалдарға, жабдықтар мен еңбекақы төлеуге ғана пайдаланады.

      46. Тапсырыс беруші аванстық төлемдерді жүзеге асырған жағдайда, ай сайынғы төлемдер____орындалған жұмыстардың көлеміне тепе-тең мөлшерде аванстық төлемдердің сомасын шегере отырып түзетіледі. Төлем мерзімі____.

      47. Егер Тапсырыс беруші Мердігерге тиесілі соманы шартта көрсетілген мерзімде төлемесе, онда бұл жағдайда ол Мердігерге мерзімі өткен әрбір күн үшін тиесілі ____ сомасының 0,1 %-ы мөлшерінде кідіртілген төлемдер бойынша тұрақсыздық айыбын төлейді. Тұрақсыздық айыбы келесі төлеммен бірге жүргізіледі. Тұрақсыздық айыбының пайызы төлем жүргізілуге тиіс болған күннен бастап есептеледі және соңғы төлем жүргізілген күнмен аяқталады.

      48. Мынадай оқиғалар жұмыстардың ұзақтық мерзімін өзгертуге немесе Мердігерге ақшалай өтемақы төлеуге алып келеді:

      1) Тапсырыс беруші Объектінің барлық учаскелерін пайдалануға рұқсат етпесе, бұл жұмыстардың орындалуын кідіртеді. Бұл жағдайда Тапсырыс беруші осы шарт бойынша жұмыстардың орындалу мерзімін ұзартуға міндетті;

       2) Тапсырыс беруші Мердігерге шартта жоспарланбаған сынақтарды өткізу үшін жұмыстарды тоқтатуға нұсқама берсе. Егер осы сынақта қандай да бір ақаулар анықталмаса, онда сынақ өткізу үшін жұмыстарды тоқтату уақыты жұмыстарды орындаудың шарттық мерзіміне қосылады;

       3) аванстық төлем кешіктірілсе;

      4) Объектіде бірнеше мердігерлер болса, Тапсырыс берушінің басқа мердігерлер үшін жасаған жұмыстар кестесі осы шарт бойынша Мердігердің жұмыстарды орындау мерзіміне келеңсіз әсер етсе.

      Өтемақылар сомасы Мердігермен келісіледі.

      49. Ақшалай өтемақы Мердігерге барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін және кемшіліктер мен Ақаулар тізбесі жойылғаннан кейін ғана төленеді.

      50. Мердігер Тапсырыс берушіге шарт бойынша жеткізілетін материалдар мен жабдықтардың техникалық ерекшеліктер мен жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес келетініне, жұмыс оның сапасын жобалау-сметалық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін деңгейге дейін төмендететін ақауларсыз орындалатынына кепілдік береді. Осы талаптарға сәйкес келмейтін, оның ішінде жеткіліксіз негізделген және рұқсатсыз өзгертілген жұмыс ақаулы деп танылады. Мердігер беретін кепілдіктерге, Мердігер (Қосалқы мердігер) жүзеге асырмаған пайдалану, түрлендіру ережелерін бұзу, дұрыс ұстамау немесе жеткіліксіз техникалық қызмет көрсету себебінен, сондай-ақ жабдықты қалыпты пайдалану кезінде оның жол берілетін тозуы немесе бүлінуі себебінен залалды өтеу немесе Ақауды түзету кірмейді. Тапсырыс берушінің талап етуі бойынша Мердігер материалдар мен жабдықтар сапасының техникалық ерекшеліктерге және/немесе жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестігін куәландыратын құжаттарды береді.

      Мердігер Тапсырыс берушіге ____ жыл мерзімге пайдалануға кепілдік береді.

      51. Егер екінші тарап шарттың талаптарын шартта көзделген қағидатты талаптардан айыратындай едәуір бұзушылық жасаған болса, Тапсырыс беруші немесе Мердігер шартты шартта көрсетілген мерзімге дейін бұза алады.

      52. Шарттың талаптарын едәуір бұзу мынаны қамтиды, бірақ тізбеленгенмен шектелмейді:

      1) егер Мердігер жұмыстар кестесін орындау мерзімін бірнеше рет бұзса, Тапсырыс беруші шартты бұза алады;

      2) Мердігер Тапсырыс берушінің тоқтатуға рұқсатын алмай __________ дейінгі мерзімге жұмысты тоқтата тұрса;

      3) Мердігер Тапсырыс беруші белгілеген негізді уақыт кезеңі ішінде Тапсырыс беруші көрсеткен Ақауларды жоймаса;

      4) Тапсырыс беруші Мердігерге жұмыстар барысын кідіртуге нұсқама берсе және мұндай нұсқама_______________ күн ішінде күшін жоймаса;

      5) не Тапсырыс беруші, не Мердігер оның қайта ұйымдастырылуын немесе бірлесуін қоспағанда, банкротқа ұшыраса немесе қандай да бір себептермен таратылса;

      6) Тапсырыс беруші Мердігерге Тапсырыс берушінің Техникалық бақылаушысы растаған соманы сома расталған күннен кейінгі ______ күн ішінде төлемесе;

      7) Мердігер жобалау құжаттамасында және шарттық құжаттамада көрсетілген жұмыстарды жүргізу қағидаларын, нұсқаулықтарын және ережелерін ескермейтін болса.

      53. Егер шарт Мердігердің шартты едәуір бұзуы себебінен бұзылса, Тапсырыс берушінің жаңа Мердігерді таңдауына аванстар мен шығындарды шегере отырып, Тапсырыс беруші Мердігерге іс жүзінде орындалған жұмыстар үшін қалған соманы төлейді. Егер Тапсырыс берушінің шартты бұзуға байланысты шығындарының жалпы сомасы Мердігерге тиесілі жалпы сомадан асып түссе, айырма Тапсырыс берушіге төленуге жататын борышты құрайды.

      54. Тапсырыс беруші Мердігерге оның шартты бұдан әрі орындауының орынсыздығына орай тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, Заңның 5-бабының 13-тармағына сәйкес кез келген уақытта шартты бұза алады, хабарламада шартты бұзу себебі көрсетіледі, шарттың күші жойылған жұмыстарының көлемі, сондай-ақ шартты бұзудың күшіне енетін күні баяндалады.

      55. Мұндай жағдайларда Тапсырыс беруші орындалған барлық жұмыстардың, сатып алынған жабдықтардың құнын, Объектіден машиналар мен механизмдерді шығаруға шығыстарды және Объектіні консервациялау құнын төлейді.

      56. Шарт жоғарыда тізбеленген мән-жайларға байланысты күшін жойған кезде, Мердігер шарт бұзылған күнге оны бұзуға байланысты іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы талап етуге құқылы.

      57. Мына фактілердің бірі анықталған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт кез келген кезеңде бұзылады:

       1) Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы;

      2) сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге Заңда көзделмеген жәрдем көрсетсе;

      Егер шарт бұзылса, Мердігер дереу жұмысты тоқтатып, Объектіні консервациялауды және оны Тапсырыс берушіге белгіленген тәртіппен тапсыруды қамтамасыз етеді.

      58. Егер шарт Мердігердің шарт талаптарын едәуір бұзуы себебінен бұзылатын болса, Объектідегі барлық материалдар мен Жабдық, сондай-ақ уақытша құрылыстар мен орындалған құрылыс жұмыстары Тапсырыс берушінің меншігі болып саналады және шартты бұзуға байланысты қаржылық талқылаулар шешілгенге дейін оның иелігінде болады.

      59. Егер дүлей апат, ұрыс қимылдары немесе Тапсырыс беруші немесе Мердігер бақылай алмайтын қандай бір басқа форс-мажорлық оқиға шарттың орындалуын бұзса, Тапсырыс беруші шарттың тоқтатыла тұруын куәландырады. Мердігер тоқтата тұру туралы хабарлама алғаннан кейін аса қысқа мерзімде Объектіні консервациялауды қамтамасыз етеді және жұмысты тоқтатады. Тапсырыс беруші Мердігерге Объектіні тоқтатқан күнге дейін орындалған жұмыстардың барлық көлемі үшін және Объектіні консервациялауға байланысты жұмыстар үшін ақы төлеуді жүргізеді.

      60. Мердігер орындалған жұмыстарды және жұмыстарға байланысты барлық материалдарды, жабдықтарды, ресурстарды және өзге де позицияларды жаңбырға, су тасқынына, аязға, өртке, ұрлыққа және өзге де себептерге байланысты зиянның, зақымданудың, жойылудың барлық түрлерінен қорғауды қамтамасыз етуге міндетті. Мердігер өзінің жұмыстарын жүргізу кезінде жоба бойынша басқа жұмыстарды, сондай-ақ Тапсырыс берушіге тиесілі меншікті және оған тиесілі құрылыстарды қандай да бір зақымдану түрлерінен және жолды, ғимараттарды, материалдардың қоймаларын және жылжымалы және жылжымайтын мүліктің өзге де түрлерін қоса алғанда (бірақ, онымен шектелмей) басқа да себептерден қорғауды қамтамасыз етеді. Мердігер жоғарыда айтылғандарға байланысты шеккен барлық шығындар Тапсырыс берушінің тарапынан қосымша өтелуге жатпайды.

      61. Жоғарыда айтылған себептер бойынша жұмыстар толық аяқталғанға және қабылданғанға дейін Мердігер жұмыстарына қандай да бір нұқсан тигені немесе олардың зақымданғаны үшін Тапсырыс беруші жауапты болмайды және Мердігер қандай да бір зиянды барлық түзетуді, қандай да бір зақымдануды және өзге де жоғары айтылғандар нәтижесінде өзге де ақауларды қосымша өтеусіз жүзеге асырады.

      62. Мердігер жеткізетін, Объектіге жеткізілуге тиіс барлық материалдар мен жабдықтарды жеткізуді, тасымалдауды, түсіруді және сақтауды ұйымдастыру үшін Мердігер жауапты болады. Жеткізу Мердігердің атына ғана жүзеге асырылады. Жеткізумен, өңдеумен, сақтаумен және көлік құралдарының тұрып қалуына ақы төлеумен байланысты шығыстар үшін Тапсырыс беруші ешбір жағдайда жауапты болмайды. Ешбір жағдайда жеткізу Тапсырыс берушінің атына жіберілмейді.

      63. Мердігер Тапсырыс берушіге Учаскеде материалдар мен жабдықтар алу кестесін береді. Сақтау, төсеу немесе қатарлап жинау үшін Тапсырыс беруші рұқсат берген учаскелер ғана пайдаланылуы мүмкін. Егер Мердігер өзінің материалдары мен жабдықтарын түсіруді және сақтауды кідіртетін болса, және егер мұндай кідірту тұтастай алғанда жұмыстарды жүзеге асыруға зиян келтіретін болса, Тапсырыс беруші Мердігердің материалдары мен жабдықтарын тиеу мен сақтауды Мердігердің есебінен жүзеге асыруы мүмкін (бірақ мұны жасауға міндетті емес). Бұл жағдайда Тапсырыс беруші кемінде бір жұмыс күні бұрын Мердігерді жұмыстардың басталған күнін және орнын көрсете отырып, мұндай жұмыстардың жүзеге асырылуы туралы хабардар етуге міндетті. Егер мұндай түсіруді немесе сақтауды Тапсырыс беруші жүзеге асыратын жағдайда, жоғарыда айтылғанның зиянына немесе зақымдануына байланысты бүкіл тәуекелді Мердігер көтереді.

      64. Тапсырыс беруші беретін материалдар мен жабдықтарды Тапсырыс беруші мен Мердігер бірлесіп қабылдайды және тексереді. Құрылыс алаңында түсіруді Мердігер жүзеге асырады. Мұндай қабылдау қабылдап алу туралы Мердігер дайындайтын жазбаша құжатпен куәландырылуға тиіс. Мұндай материалдар мен жабдықтарға қолданылатын кез келген кемшілік немесе зақымдану қабылдап алу туралы жазбаша құжатта нақты белгіленуге тиіс. Мұндай материалдар мен жабдықтарды қабылдағаннан кейін Мердігер осындай материалдар мен жабдықтардың өңделуі мен сақталуы үшін және жоғарыда көрсетілгендер жоғалған немесе зақымданған жағдайда толық жауапты болады. Мердігер өзінің жұмыстарын аяқтағаннан кейін қалатын материалдардың немесе жабдықтардың кез келген артық саны Тапсырыс берушіге қайтарылуға тиіс.

      65. Егер шартта Тапсырыс берушінің материалдарын немесе жабдықтарын жеткізу көзделген болса, Мердігер оларды жеткізу үшін қажет болуы мүмкін мерзімдер туралы Тапсырыс берушіні алдын ала хабардар етеді. Бұл мерзімдер Мердігердің жұмыс кестесінде көзделеді.

      66. Егер шартқа сәйкес Тапсырыс беруші осы шартта көзделген жұмыстарды орындау үшін негізді көлемде электр энергиясымен және сумен қамтамасыз ететін болса, Мердігер қосуды орындау үшін және су мен электр энергиясын Тапсырыс беруші белгілеген қосу нүктесінен бөлу үшін жауап береді. Осы көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етудегі үзілістер жұмыстардың ұзақтығын өзгерту үшін негіз болып табылады.

      67. Мердігер Учаскенің аумағын таза ұстайды. Мердігер Учаскеден барлық құрылыс қоқысын жоюға және Учаскені жедел түрде тәртіпке келтіруге міндетті.

      68. Егер Мердігер Учаскені осы шарт талап ететіндей таза ұстауға жағдайы келмесе, шығыстарды Мердігердің есебіне жатқыза отырып, осы жұмысты Тапсырыс беруші орындауы мүмкін.

      69. Мердігер шартта баяндалған барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін жұмыстардың аяқталғаны туралы Тапсырыс берушіге хабарлама жібереді. Тапсырыс беруші жеті күн мерзімнен кешіктірмей шартқа сәйкес жұмыстардың аяқталуын бағалау жөніндегі комиссияны (жұмыс комиссиясы) тағайындайды.

      70. Жұмыс комиссиясы Мердігердің қатысуымен өткізіледі.

      71. Жұмыс комиссиясы Актісінің күні жұмыстар аяқталған күн болып саналады.

      72. Жұмыс комиссиясы кемшіліктердің тізбесін жасайды және оларды жою мерзімін көрсетеді. Кемшіліктерді жою күні шарттың аяқталған күні болып саналады. Барлық кемшіліктерді жою фактісі Объектіні пайдалануға түпкілікті қабылдау актісімен (Мемлекеттік комиссия актісімен) анықталады.

      73. Форс-мажор жағдайларды қоспағанда, Өнім берушінің тарапынан шарт бойынша Жұмыстарды орындау не орындалған Жұмыстар бойынша кемшіліктерді жою жөніндегі міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін Тапсырыс беруші шарт шеңберіндегі өзінің басқа да құқықтарына нұқсан келтірмей, тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) өнім беруші міндеттемені орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін шарт сомасының 0,1 %-ы мөлшерінде не мерзімі өткен әрбір күн үшін тиісінше орындамаған міндеттеменің 0,1 %-ы мөлшерінде өндіріп алады.

      74. Осы шарттың күшіне енетін күні жұмыстардың басталған мерзімі болып саналады (не осы күн шартта айқындалады).

      75. Мердігер осы шарт бойынша жұмыстардың барлық түрлерін жұмыстар басталғаннан кейін күнтізбелік (күн санын көрсету керек) күннен кешіктірмей аяқтауды қамтамасыз етуге міндеттенеді.

      Бұл ретте, мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша жұмыстарды орындаудың ең аз мерзімі кемінде күнтізбелік он бес күн.

      76. Өнім беруші (мердігер) конкурстық өтінімге сәйкес жергілікті қамтуды (ол бар болса) қамтамасыз етуге міндеттенеді*.

      *Ескертпе: осы норма мемлекеттік сатып алуды мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар өткізген кезде қолданылады.

       77. Тапсырыс беруші осы шарт бойынша орындалған көлем үшін осы шартта айтылған соманы төлеуге міндеттенеді.

      78. Мердігер орындаған жұмыстардың сомасынан ай сайын (немесе басқа кезеңді көрсету керек) Тапсырыс беруші орындалған жұмыстар құнының 5 %-ын ұстап қалады, бұл Мердігерге барлық жұмыстар орындалғаннан және кемшіліктер мен ақаулар тізбесі жойылғаннан кейін төленеді (бұдан әрі – түпкілікті ақы төлеу).

      79. Осы шарт бойынша Мердігерге түпкілікті төлеуді Тапсырыс беруші Мердігер осы шарт бойынша міндеттемелерді және Ақауларды түзету жөніндегі өзінің барлық міндеттемелерін толық орындаған жағдайда жүргізеді.

      80. Осы шартта Тапсырыс беруші мен Мердігер белгіленген тәртіппен келіскен өзге де айыппұл санкциялары не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де талаптар көзделуі мүмкін.

      81. Мердігер конкурстық құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және шарттарда шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуге міндетті (егер осындай қамтамасыз ету енгізу конкурстық құжаттамада көзделсе).

      82. Осы шарт Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында тіркегеннен кейін (мемлекеттік органдар мен мекемелер үшін) және Өнім беруші Қағидалардың 121-тармағында көрсетілген жағдайларда шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін күшіне енеді.

      83. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері:

            Тапсырыс беруші              Өнім беруші

            _____________________________  ________________________

                    (толық атауы)               (толық атауы)

            _____________________________  ________________________

            _____________________________  ________________________

                    (мекенжайы)                   (мекенжайы)

            _____________________________  ________________________

                  (телефоны, факсі)           (телефоны, факсы)

            _____________________________  ________________________

                       (Т.А.Ә. (бар болса))         (Т.А.Ә. (бар болса))

            _____________________________  ________________________

                       (қолы)                       (қолы)

            ________ж. "__"__________      _________ж. "___" ______

            М.О.                            М.О

            Аумақтық қазынашылық органында тіркелген күні (мемлекеттік органдар мен мекемелер үшін): ___________________

      Осы Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт Тапсырыс берушінің жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруы процесінде Тапсырыс беруші мен Мердігер арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді. Осы шартты пайдалана отырып, Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу қорытындылары негізінде өзінің жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шартының түпкілікті жобасын әзірлейді. Бұл ретте осы шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының, оның ішінде мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнамасына, Тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамасына, Өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтініміне және Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес болуға тиіс. Осы шартта курсивпен бөліп көрсетілген түсіндірулерді Тапсырыс беруші толтыруға тиіс.


Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 6-қосымша



Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт


      _________________ ______ ж. "___" ___________________________          (орналасқан жері)

      Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын_______________________

                                         (тапсырыс берушінің толық атауы)

      атынан ____________________________________________________________

      (уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      бір тараптан және бұдан әрі өнім беруші деп аталатын_______________

                        (өнім беруші – конкурс жеңімпазының толық атауы)

      атынан ____________________________ негізінде әрекет ететін________           (Жарғының, Ереженің және т.б.)                  (уәкілетті

      __________________________________________________ екінші тараптан

      адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

       2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) және _____жылғы___ _______ өткен _______________________________ (конкурс, баға ұсыныстары, бір көзден алу тәсілімен) мемлекеттік сатып алу қорытындылары негізінде осы мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі – шарт) жасасты және мына төмендегілер туралы келісімге келді:

      1. Өнім беруші Тапсырыс берушіге мөлшері (соманы цифрмен және жазбаша көрсету керек) сомаға (бұдан әрі – шарттың бағасы) қызметтерді көрсетуге міндеттенеді.

      Бұл ретте, ҚҚС сомасы (соманы цифрмен және жазбаша көрсету), акциз сомасы (сома цифрмен және жазбаша көрсету керек) құрайды.

      2. Осы шартта төменде келтірілген ұғымдар мынадай түсіндірмені білдіретін болады:

      1) шарт – Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалған, жазбаша нысанда тіркелген, тараптар оған барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бірге, сондай-ақ шартта сілтеме бар барлық құжаттамамен бірге қол қойған азаматтық-құқықтық акт;

      2) шарттың бағасы – шарт шеңберінде өзінің шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін Өнім берушіге Тапсырыс беруші төлеуге тиіс соманы білдіреді;

      3) көрсетілетін қызметтер – Тапсырыс берушінің талаптарын қанағаттандыруға бағытталған, заттық нәтижесі жоқ қызмет;

      4) тапсырыс беруші – мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар;

      5) өнім беруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, онымен мемлекеттік сатып алу туралы жасасқан шартта Тапсырыс берушінің контрагенті ретінде әрекет ететін заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум).

      3. Төменде тізбеленген құжаттар мен оларда айтылған талаптар осы шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:

      1) осы шарт;

      2) сатып алынатын тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің тізбесі;

      3) техникалық ерекшелік;

      4) шарттың орындалуын қамтамасыз ету.

      4. Өнiм берушi Қағидаларда белгіленген жағдайларда және мөлшерде шарттың орындалуын қамтамасыз етудi шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде енгiзеді. Өнiм берушi шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн:

      1) Тапсырыс берушінің банк шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілді ақшалай жарнаны;

      2) банк кепілдігін;

      3) Заңның 43-бабы 11-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жасалатын өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын таңдауға құқылы.

      5. Өнім берушінің шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғалардың енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай не бір бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді. Өнім беруші енгізген кепілдік ақшалай жарнаны Тапсырыс берушінің Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берілмейді.

      6. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер және жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындармен бір қаржы жылынан асатын мерзімге мемлекеттік сатып алу туралы шарт мынадай:

      1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен басқа да әскери құралымдарының жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді. Мұндай мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданылу мерзімі үш жылдан аспайды;

      2) көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда бір қаржы жылынан асатын мерзімге сатып алған жағдайда жасалады.

      Бұл ретте жоғарыда көзделген жағдайларда қолданылу мерзімі бір қаржы жылынан астам мұндай мемлекеттік сатып алу туралы шартты бәсекелестік негізде жүргізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша белгіленген өнім берушілермен ғана жасасуға жол беріледі.

      7. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар басқару органдары немесе көрсетілген тұлғалардың жоғары органдары бекіткен даму жоспарында (бизнес-жоспарда) белгіленген, мерзімі келесі (кейінгі) қаржы жылында (жылдарында) аяқталатын іс-шараны орындау үшін қажетті тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарт жасасуы мүмкін.

      8. Жылдық қаржылық есептілік аудиті бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарт үш жылдан аспайтын мерзімге жасалуы мүмкін.

      9. Өнім беруші қызметті көрсетуге, ал Тапсырыс беруші осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Өнім берушінің конкурстық өтінімі мен Тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамасына сәйкес сан мен сапада көрсетілген қызметті қабылдап алуға және оған ақы төлеуге міндеттенеді. Ақы төлеу нысаны

      __________________________________________________________                      (аударым, қолма қол есеп айырысу және т.б.)

      10. Төлеу мерзімі_____________________________________________(мысал: қызметтер межелі пунктте көрсетілгеннен кейін % немесе алдын ала төлеу немесе т.б).

      11. Төлеу алдындағы қажеттi құжаттар: ________________________

      (шот-фактура немесе қабылдап алу-беру актiсi немесе т.б.)

      Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа өзгерiстер енгiзу талаптарын көздейді.

       Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа өткізілген мемлекеттiк сатып алу шарттарының мазмұнын және (немесе) өнiм берушiні таңдау үшiн негiз болған ұсынысын өзгертетiн өзгерiстердi Заңның 45-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделмеген негiздер бойынша енгiзуге жол берiлмейдi.

      12. Осы шарт шеңберінде көрсетілетін қызметтер техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сәйкес келуге немесе олардан жоғары болуға тиіс.

       13. Өнім беруші шарттың мазмұнын немесе оның қандай да бір ережелерін, сондай-ақ Тапсырыс беруші немесе осы шартты орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналды қоспағанда, оның атынан басқа тұлғалар берген техникалық құжаттаманы, жоспарларды, сызбаларды, модельдерді, үлгілерді немесе ақпаратты Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз ешкімге ашпайды.

      Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және шарттық міндеттемелерді орындау үшін қажетті шамада берілуге тиіс.

      14. Өнім беруші қандай да бір жоғарыда келтірілген құжаттарды немесе ақпаратты Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз шартты іске асыру мақсатынан басқа мақсатқа пайдаланбайды.

      15. Жоғарыда көрсетілген тармақтардың ешқайсысы Өнім берушіні осы шарт бойынша кепілдіктерден немесе басқа да міндеттемелерден босатпайды.

      16. Осы шарт шеңберінде Өнім беруші конкурстық құжаттамада көрсетілген қызметтерді көрсетеді.

       17. Тапсырыс берушінің шартта көрсеткен бағалары Өнім беруші өзінің конкурстық өтінімінде көрсеткен бағаларға сәйкес болуға тиіс.

      18. Екі тарап қол қойған жазбаша өзгерістерді қоспағанда, шарттың құжаттарына ешқандай (сызбалар, жобалар немесе техникалық ерекшеліктер тиеу, орау әдістері, жеткізілетін орны немесе Өнім беруші көрсететін қызметтер және т.б.) ауытқуларға немесе өзгерістерге жол берілмейді.

      19. Егер кез келген өзгеріс Өнім берушіге шарт бойынша қызметтерді көрсету үшін қажетті құнның немесе мерзімнің азаюына әкеп соғатын болса, шарттың бағасы немесе жеткізу кестесі немесе екеуі де тиісті түрде түзетіледі, ал шартқа тиісті түзетулер енгізіледі.

      Осы бап шеңберінде түзету жүргізуге Өнім берушінің барлық сұрау салулары Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкімді Өнім беруші алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде берілуге тиіс.

      20. Өнім беруші қандай да болмасын біреуге осы шарт бойынша өзінің міндеттемелерін Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз толық та, ішінара да бермейді.

       21. Егер бұл конкурстық өтінімнің құжаттарында айтылған болса, Өнім беруші Тапсырыс берушіге осы шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмесін береді.

      Қосалқы мердігерлердің болуы Өнім берушіні шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.

      22. Қызметтерді көрсетуді Өнім беруші кестеге сәйкес жүзеге асыруға тиіс.

       23. Өнім беруші тарапынан қызметтерді көрсетудің орындалуын кідірту оған жүктелетін мынадай санкцияларға әкеп соқтыруы мүмкін:

      шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ұстап қала отырып, Тапсырыс берушінің шартты бұзуы не уақтылы жеткізбегені үшін тұрақсыздық айыбын төлеу.

      24. Форс-мажор мән-жайларды қоспағанда, шарт бойынша қызметтерді көрсету жөніндегі міндеттемелердің Өнім беруші тарапынан орындалмағаны не тиісінше орындалмағаны үшін Тапсырыс беруші шарт шеңберіндегі өзінің басқа да құқықтарына нұқсан келтірмей, тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) өнім беруші міндеттемені орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін шарт сомасының 0,1 %-ы мөлшерінде не мерзімі өткен әрбір күн үшін тиісінше орындалмаған міндеттеменің 0,1 %-ы мөлшерінде өндіріп алады.

      25. Шарттың талаптарын бұзғаны үшін басқа қандай да бір санкцияларға нұқсан келтірмей, Өнім берушіге міндеттемелерді орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып, Тапсырыс беруші:

      а) егер Өнім беруші көрсетілетін қызметтердің бір бөлігін немесе бәрін шартта көзделген мерзім(дер)де немесе Тапсырыс беруші берген осы шартты ұзарту кезеңі ішінде көрсете алмаса;

      б) егер Өнім беруші шарт бойынша өзінің қандай да бір басқа міндеттемесін орындай алмаса, осы шартты толық немесе ішінара бұза алады.

      26. Егер шарттың орындалуын кешіктіру форс-мажор мән-жайларының нәтижесі болып табылса, Өнім беруші өзінің шарттың орындалуын қамтамасыз етуінен айырылмайды және шарт талаптарының орындалмауына байланысты тұрақсыздық айыбын төлеу немесе оны бұзу үшін жауапты болмайды.

      27. Осы шарттың мақсаттары үшін "форс-мажор" Өнім берушінің тарапынан бақылауға болмайтын, Өнім берушінің қателігі немесе ұқыпсыздығына байланысты емес және күтпеген сипаттағы оқиғаны білдіреді.

      Мұндай оқиғалар әскери іс-қимылдар, табиғи немесе зілзала апаттары, індет, карантин, тауарды жеткізуге эмбарго сияқты әрекеттерді қамтиды, бірақ олармен шектелмейді.

      28. Форс-мажор мән-жайлар орын алған кезде Өнім беруші Тапсырыс берушіге мұндай мән-жайлар мен олардың себептері туралы тез арада жазбаша хабарлама жібереді.

      Егер Тапсырыс берушіден өзгеше жазбаша нұсқаулықтар түспесе, бұл қаншалықты орынды болуына қарай Өнім беруші шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауды жалғастырады және шартты орындаудың форс-мажор мән-жайларына тәуелді емес баламалы тәсілдерін іздестіруді жүргізеді.

      29. Егер Өнім беруші банкрот немесе төлемге қабілетсіз болса, Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, Тапсырыс беруші шартты кез келген уақытта бұза алады.

      Бұл жағдайда бұзу дереу жүзеге асырылады және егер шарттың бұзылуы залал келтірмесе немесе Тапсырыс берушінің іс-қимылдар жасауға қандай да бір құқықтарын немесе оған қойылған немесе кейіннен қойылуы мүмкін санкцияларды қолдануды қозғамауы шартымен, Тапсырыс беруші Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндетті көтермейді.

      30. Заңның 5-бабы 13-тармағына сәйкес шартты одан әрі орындаудың орынсыздығына орай Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, оны кез келген уақытта бұза алады.

      Хабарламада шартты бұзудың себебі көрсетіледі, күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ шарттың бұзылуы күшіне енген күн баяндалады.

      31. Шарт жоғарыда көрсетілген мән-жайларға байланысты күшін жойған кезде, Өнім беруші шарт бұзылған күнге оны бұзуға байланысты іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы талап етуге құқылы.

       32. Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы анықталған, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Өнім берушіге Заңда көзделмеген жәрдем көрсеткен жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін.

      Өнім берушінің осы негіздер бойынша шарттың бұзылуына байланысты болған шығындар үшін ғана ақы төлеуді талап етуге құқығы жоқ.

      33. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші өздерінің арасында шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды тікелей келіссөздер процесінде шешуге бар күш-жігерін жұмсауға тиіс.

      34. Егер осындай келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші шарт бойынша дауды шеше алмаса, тараптардың кез келгені осы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.

      35. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасының салық заңнамасының, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының талаптарына сәйкес қосылған құн салығын және акциздерді төлеу талаптарын қамтиды.

      36. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасының бейрезидентімен жасалған жағдайда, мемлекеттік сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол ұсынған нысанда ресімдеуге жол беріледі.

      37. Шарт қазақ және/немесе орыс тiлдерiнде жасалады. Шартты төрелiкте қарау қажет болған жағдайда шарттың қазақ және/немесе орыс тiлдерiндегi данасы қаралады. Шартқа қатысты барлық хат алмасу және тараптар алмасатын басқа құжаттама осы талаптарға сәйкес болуға тиiс.

      38. Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалады.

      39. Шартқа сәйкес бір тарап екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама кейіннен түпнұсқасын бере отырып, хат, жеделхат, телекс немесе факс түрінде жөнелтіледі.

      40. Хабарлама мына күндердің қайсысы кешірек басталатынына қарай, жеткізілгеннен кейін немесе күшіне ену көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілсе) күшіне енеді.

      41. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төленуге жатады.

      42. Өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді конкурстық құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және шарттарда енгізуге міндетті.

      43. Осы шартта Тапсырыс берушімен және Өнім берушімен белгіленген тәртіппен келісілген өзге де айыппұл санкциялары не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де талаптар көзделуі мүмкін.

      44. Осы шарт Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде (мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер үшін) тіркегеннен кейін және Қағидалардың 121-тармағында көрсетілген жағдайларда Өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін күшіне енеді.

      45. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелерi:

       Тараптардың деректемелері:

Тапсырыс беруші:

<Тапсырыс берушінің толық атауы>

 <Тапсырыс берушінің толық заңды мекенжайы>

 Тапсырыс берушінің БСН <БСН>

 Тапсырыс берушінің БСК <БСК>

 Тапсырыс берушінің ЖСК <ЖСК>

 <Банктің атауы>

 Тел.: <Тапсырыс берушінің телефоны>

<Тапсырыс берушінің лауазымы>

<Тапсырыс берушінің Т.А.Ә. (бар болса)>

Өнім беруші:

 <Өнім берушінің толық атауы>

<Өнім берушінің толық заңды мекенжайы>

БСН/ЖСН/ТЕН < Өнім берушінің БСН/ЖСН/ТЕН>

Өнім берушінің БСК <БСК>

Өнім берушінің ЖСК <ЖСК>

<Банктің атауы>

<Өнім берушінің телефоны>

<Өнім берушінің лауазымы>

 <Өнім берушінің Т.А.Ә. (бар болса) >


            Аумақтық қазынашылық органында тіркелген күні (мемлекеттік органдар мен мекемелер үшін): ___________________

      Осы Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт Тапсырыс берушінің тауарларды/көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруы процесінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді.

      Осы шартты пайдалана отырып, Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу қорытындылары негізінде, өзінің тауарларды/көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартының түпкілікті жобасын әзірлейді.

      Бұл ретте осы шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының, оның ішінде мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнамасына, Тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамасына, Өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтініміне және Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес болуға тиіс. Осы шартта курсивпен бөліп көрсетілген түсіндірулерді Тапсырыс беруші толтыруға тиіс.


 

Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 7-қосымша


Конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарламаның нысаны

      ___________________________________________________________

      (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы, пошта және электрондық мекенжайлары)

      мынадай:___________________________________________________________

      (жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың атауы)

      тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) мемлекеттік сатып алу өткізілетіні туралы хабарлайды.

      Тауарлар, жұмыстар /қызметтер:

      _____________________________ жеткізіледі (орындалады/көрсетіледі)

      (тауарлар жеткізілетін, жұмыстар, қызметтер

      көрсетілетін орны мен олардың көлемін көрсету керек)

      (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің толық тізбесі, олардың саны мен толық ерекшелігі конкурстық құжаттамада көрсетілген деп сілтеме жасауға құқылы).

            Тауарларды жеткізудің (жұмыстарды орындаудың/қызметтерді көрсетудің) талап етілетін мерзімі_________________________________

       Конкурсқа "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына сай барлық әлеуетті өнім берушілер жіберіледі.

      Конкурстық құжаттама көшірмесінің пакетін әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттамаға ақы төлегені туралы құжатты (егер бұл конкурстық құжаттамада көзделген жағдайда) бергеннен кейін ___жылғы "____"___________ дейінгі мерзімді қоса алғанда

      (конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашуға дейін 24 сағат қалғандағы уақыт пен күнді көрсету керек)

      сағат____-дан____-ге дейін мына мекенжайдан:________, №__ бөлме және/немесе электрондық поштамен мына мекенжайдан_______ алуға болады.

            Конкурстық құжаттаманың көшірмесі пакетінің құны____________ теңгені құрайды және мына шотқа ____________________________________

      (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының тиісті шотын көрсету керек)

      енгізіледі (егер төлем көзделмеген болса, бұл абзац алып тасталады).

      Конверттерге желімделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер_____________________________________________      (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауын көрсету керек)

       мына мекенжайға___________________________________________ береді.

      (толық мекенжайын, бөлменің № көрсету керек)

      Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі________________

      (уақыты мен күнін ______________дейін.

      көрсету керек)

      Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер______________

                                          (уақыты мен күнін көрсету керек)

       мына мекенжайда ___________________________________ашылатын болады.

      (толық мекенжайын, бөлменің № көрсету керек)

      Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады:

       ___________________________________________________________________.

      (қаланың коды мен телефон нөмірін көрсету керек)

       Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі_______________________.

        (Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы мен байланыс телефоны көрсетіледі).


 

Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 8-қосымша



Конкурстық құжаттаманы түсіндіру жөнінде әлеуетті өнім берушілермен кездесу хаттамасы

      _______________________

      (Конкурстың атауы)

      __________________________                     ____________________

      (Кездесу өтетін орын)                           (уақыты мен күні)

            1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны білдіретін тұлғалар: _________________________________________________________

      (олардың Т.А.Ә. (бар болса), байланыс телефондарын көрсете отырып, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өзге де мамандары мен әлеуетті өнім берушілермен кездесуде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны білдірген, тартылған сарапшылар)

      мынадай тұлғаларға:

      ____________________________________________________________________

      (олардың Т.А.Ә. (бар болса), сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөніндегі мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушымен кездесуде мұндай тұлғаның әлеуетті өнім берушіні білдіруге өкілеттігін растайтын құжатты көрсете отырып, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушымен кездесуге қатысқан әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдері туралы)

      конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөнінде кездесу өткізді.

      2. Кездесуде әлеуетті өнім берушілер конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөнінде мынадай сұрақтар қойды:

      ___________________________________________________________________

      (қандай ережелер бойынша сұрақтар қойылды)

      3. Қойылған сұрақтарға мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілдері мынадай жауаптар берді:

      ___________________________________________________________________

      (олардың Т.А.Ә. (бар болса), байланыс телефондарын көрсете отырып, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының қатысып отырған өкілдерінің қайсысы жауап бергенін көрсету керек).

      4. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілдері конкурстық құжаттаманы түсіндіру жөніндегі кездесу нәтижесінде мынадай шешімге келді:

            1) конкурстық құжаттама өзгертуді (толықтыруды) талап етеді деп тану керек ________________________________________________________

      (атап айтқанда, конкурстық құжаттаманың қандай ережесін өзгерту  (толықтыру) қажеттігін көрсету керек)

            2) конкурстық құжаттамаға өзгеріс (толықтыру) енгізудің қажеті жоқ деп тану керек ________________________________________________

      (олардың Т.А.Ә. (бар болса), сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөніндегі мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушымен кездесуде мұндай тұлғаның әлеуетті өнім берушіні білдіруге өкілеттігін растайтын құжатты көрсете отырып, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушымен кездесуге қатысқан әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдерінің қолдары) _______________________

      (олардың Т.А.Ә. (бар болса), байланыс телефондарын көрсете отырып, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өзге де мамандарының мен әлеуетті өнім берушілермен кездесуде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны білдірген, тартылған сарапшылардың қолдары)


 

Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 9-қосымша



Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа

қатысуға өтінімдер салынған конверттерді aшу хаттамасы

      ___________________________

      (конкурстың атауы)

       ___________________________                _______________________

      (Ашу орны)                                     (Уақыты мен күні)

      1. Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия: ___________________

      (конкурстық комиссия төрағасының, оның орынбасарының, мүшелерінің Т.А.Ә. (бар болса), конкурсқа қатысуға өтінімдер ашылатын күн, уақыт пен орын көрсетіледі) конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жүргізді.

      2. Конкурстық құжаттаманың көшірмесі мынадай әлеуетті өнім берушілерге берілді:______________________________________________.

      (конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекенжайы)

            3. Мынадай әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдері _______________________________________________________

      (конкурсқа қатысуға өтінімдерін конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі өткеннен кейін берген барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекенжайы көрсетіледі)___________негізінде ашылмай қайтарылды.

      4. Конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі  өткенге дейін, оларды белгіленген мерзімде берген мынадай әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдері:

      ____________________________________________________________________

      (конкурсқа қатысуға өтінімдерін конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі өткенге дейін берген барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекенжайы, конкурсқа қатысуға өтінім берген уақыты конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына сәйкес хронологиялық тәртіппен) ашылды және мыналарды:

      ____________________________________________________________________

      (өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесі, конкурсқа қатысуға өтінімдерді кері қайтарып алу және өзгерту туралы ақпарат, конкурсқа қатысуға өтінім құжаттарының парақ саны көрсетіледі) қамтиды, олар конкурсқа қатысуға өтінімдер ашылған кезде қатысып отырғандардың барлығына жария етілді.

            5. Конкурсқа қатысуға өтінімдер ашылған кезде мынадай әлеуетті өнім берушілер қатысты:_____________________________________________

      (конкурсқа қатысуға өтінімдер ашылған кезде қатысқан барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекенжайы, олардың уәкілетті өкілдерінің Т.А.Ә. (бар болса).

      Конкурстық комиссия төрағасының, мүшелерінің және хатшысының Т.А.Ә. (бар болса), қолдары.


Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 10-қосымша



Конкурсқа қатысуға рұқсат берудің алдын ала хаттамасы 

(әрбір лотқа жеке қалыптастырылады)

 (нөмірі мен күні)


      Конкурсқа қатысуға рұқсат берудің алдын ала хаттамасы

      Конкурстың № _______________________________________________________

      Конкурстың атауы____________________________________________________

      Лоттың № ___________________________________________________________

      Лоттың атауы________________________________________________________

      Конкурстық комиссияның құрамы:

Р/с №

Т.А.Ә. (бар болса)

Ұйымдағы лауазымы

Комиссиядағы рөлi





      Конкурсқа қатысуға берілген өтінімдер туралы ақпарат:

Р/с №

Өнім берушінің атауы

Деректемелерi

Өтінім берілген күні мен уақыты





      Конкурстық комиссия мүшелерінің алдын ала дауыс беру нәтижелері:

Р/с №

Әлеуетті өнім берушінің атауы (әлеуетті өнім берушілер тізбесі)

Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы, комиссиядағы рөлі

Комиссия мүшесінің шешімі

№ лот бойынша конкурстық құжаттама талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес келмеу себептерінің толық сипаттамасы

№ лот бойынша қарамай қайтару себептерінің негіздемесі

№ лот бойынша біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілуі қажет әлеуетті өнім берушінің өтініміндегі құжаттар тізбесі








      Конкурсқа қатысуға қабылданбаған өтінімдер:

Р/с №

Өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / СЖН / ТБН

Қабылданбау себебі





      Біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер:

Р/с №

Өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / СЖН / ТБН




      Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді алдын ала қарау нәтижелері бойынша былай деп ШЕШТІ:

Р/с №

Өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / СЖН / ТБН

Деректемелері

Конкурстық комиссияның шешімі






      Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттама талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерін берудің соңғы күні мен уақыты: алдын ала рұқсат беру хаттамасына қол қойылған күннен бастап кемінде 7 жұмыс күні.


 

Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 11-қосымша



Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама


      _________________________________ сатып алу жөніндегі конкурс

      (конкурстың атауы)

      __________________________            ____________________

                 (Орналасқан жері)                 (Уақыты мен күні)

            1. Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия:

      __________________________________________________________________

      (Конкурстық комиссияның құрамын тізбелеу керек)

      ______________________________ мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарады.

      2. Сарапшыларды тарту, конкурсқа қатысуға өтінімдерде ұсынылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелікке сәйкестігі бойынша олар берген қорытындылар туралы ақпарат.

            3. Оларды белгіленген мерзімде, конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі өткенге дейін берген мынадай әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдері:________________________

      (конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына сәйкес хронологиялық тәртіппен конкурсқа қатысуға өтінімдерін конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі өткенге дейін берген барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекенжайы, конкурсқа қатысуға өтінім берген уақыты, өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесі, конкурстық құжаттамада көзделген қандай да бір құжаттың жоқтығы туралы ақпарат, конкурсқа қатысуға өтінімдерді кері қайтарып алу және өзгерту туралы ақпарат және басқа да ақпарат көрсетіледі) конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырғандардың барлығына жария етілген.

             4. Конкурсқа қатысуға мынадай өтінімдер конкурсқа қатысуға жіберілмейді:_______________________________ ______________________

       (себебін көрсете отырып, конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдері қабылданбаған әлеуетті өнім берушілер (оның деректемелері) көрсетіледі: біліктілік талаптарына сәйкес келмейді; конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді, Заңның 6-бабының талаптары бұзылған).

      5. Әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың өзге де талаптарына сәйкес келетін конкурстық өтінімдері___________________________________ (әрбір лот бойынша әлеуетті өнім берушілердің тізбесі жеке көрсетіледі).

      6. Әрбір лот бойынша конкурсқа қатысушыларды көрсеткен кезде конкурсқа қатысуға жіберу туралы жалпы хаттаманы ресімдеуге жол беріледі.

      Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға берілген өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша ашық дауыс беру жолымен былай деп шешті:

      1. мынадай әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға жіберілсін:__________________________ (конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің тізбесі көрсетілсін).

      2. мынадай әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға

      жіберілмесін:______________________________________________________

      (конкурсқа қатысуға жіберілмеген әлеуетті өнім берушілердің тізбесі көрсетілсін).

      3. конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді қабылдау орны,

      күні, уақыты________________________________________ белгіленсін.

      4. конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы______________ белгіленсін.

      (конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі

      конкурстық комиссияның отырысының уақыты, күні, орны көрсетілсін,

      бірақ мүдделі адамдарға хабарлаған күннен бастап үш жұмыс күнінен

      ерте емес).

      5. мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға жіберу туралы осы хаттаманың көшірмелері

      _____________________________________________________________

      (олар туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеужурналына енгізілген әлеуетті өнім берушілерді көрсетілсін)

      Осы шешімге дауыс бергендер:

      Жақтаушы дауыс ________ (конкурстық комиссия мүшелерінің

      Т.А.Ә. (бар болса)

      Қарсы дауыс __________ (конкурстық комиссия мүшелерінің Т.А.Ә. (бар болса)

      Конкурстық комиссия төрағасының, оның орынбасарының, мүшелерiнiң және хатшысының қолдары.


Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 12-қосымша


_________________ сатып алу жөніндегі конкурс (конкурстың атауы) тәсілімен өткізілетін

мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттама

      ___________________________ ________________________

            (Орналасқан жері)           (Уақыты мен күні)

      1. Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия:___________________

                                 (конкурстық комиссия құрамы тізбеленсін)

      ___________________________________________________________________

      (сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер қысқаша сипатталсын)

      (екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып) мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс.

      2. Әрбір лот бойынша жеке сатып алу үшін теңгемен бөлінген сома (сома көрсетілсін).

      3. Мынадай өтінімдер конкурсқа қатысуға жіберілді:

      ___________________________________________________________________

      (рұқсат беру туралы хаттамаға сәйкес конкурсқа жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдері көрсетілсін).

      4. Конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу үшін соңғы уақыт өткеннен

      кейін берілуіне байланысты бағалауға және салыстыруға қабылданбаған

      әлеуетті өнім берушілердің ________________________________________

      (әлеуетті өнім берушілердің атаулары көрсетіледі) конкурстық баға ұсыныстары бар конверттері.

      5. Конкурстық комиссияның отырысына қатысуға конкурстық бағаұсыныстарын тіркеу үшін соңғы уақыт өткенге дейін оларды берген

      конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары:_______________

      (конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді тіркеу журналына сәйкес конкурсқа қатысушылардың не олардың уәкілетті өкілдерінің Т.А.Ә. (бар болса) хронологиялық тәртіппен көрсетіледі)

            ашылды және конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді ашу кезінде барлық қатысушыларға жарияланған мыналарды қамтиды:_______________________________________

      (конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді тіркеу журналына оларды тіркеудің хронологиялық тәртібімен конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары көрсетіледі).

      6. Мыналардың конкурстық баға ұсыныстары қабылданбады:

      ___________________________________________________________________

      (мынадай себептерді: конкурстық баға ұсынысы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түсуін; демпингтік болып табылатын конкурстық баға ұсынысын көрсете отырып, конкурстық баға ұсыныстары қабылданбаған конкурсқа қатысушылардың не олардың уәкілетті өкілдерінің Т.А.Ә. (бар болса) көрсетіледі).

      Конкурстық комиссия бағалау және салыстыру нәтижелері бойынша ашық дауыс беру жолымен былай деп шешті:

      1)___________________________________________________________

      (конкурсқа қатысушының атауы мен орналасқан жерін, сондай-ақ ол жеңімпаз деп танылған шарттарды көрсетілсін)

      конкурсқа қатысушының конкурстық өтінімі жеңімпаз деп танылсын немесе __________________ мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс

      (конкурстың атауы)

      өтпеді деп танылсын.

      (Егер конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын қарау, бағалау және салыстыру кезінде конкурс жеңімпазы анықталмаса немесе барлық конкурстық баға ұсыныстары қабылданбаса, тиісті себебін көрсетілсін)

      2) Тапсырыс беруші (тапсырыс берушілер)

      _____________________________________________________________

      (әрбір тапсырыс берушінің атауын және орналасқан жері тізбеленсін)

       ____________ жылға дейінгі мерзімде________________________________

                                  (конкурс жеңімпазының атауын көрсетілсін)

      -мен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасассын.

      3) Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ____________________

      ___________________________________________________________________

      (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетілсін)

      Осы шешімге дауыс бергендер:

      Жақтаушы дауыс_______(конкурстық комиссия мүшелерінің Т.А.Ә. (бар болса))

      Қарсы дауыс _________(конкурстық комиссия мүшелерінің Т.А.Ә. (бар болса))

      Конкурстық комиссия төрағасының, мүшелерінің және хатшысының қолдары.


Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 12-1-қосымша

       

___________________сатып алу жөніндегі Қарулы Күштердің (конкурстың атауы)

 жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді

конкурс тәсiлiмен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттама

      _________________________________________________________________________

      (Орналасқан жері) (Уақыты мен күні)

      1. Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия:_________________________________

      (конкурстық комиссия құрамын атап көрсетіледі) ______________________________

      мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс (сатып алынатын көрсетілетін қызметтер қысқаша сипаттау керек)

      2. Әрбір лот бойынша сатып алу үшін теңгемен бөлінген сома (сома көрсетіледі).

      3. Мынадай өтінімдер конкурсқа қатысуға жіберілді:

      ________________________________________________________________________

      (конкурсқа жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдер көрсетіледі)

       4. Конкурсқа қатысушылардың өнім берушісін таңдау өлшемшарттары бойынша балдарды есептеу_______________________________________________________________

      (конкурсқа әрбір қатысушының балдар саны көрсетіледі)

      Конкурстық комиссия бағалау және салыстыру нәтижелері бойынша ашық дауыс беру жолымен былай деп шешті:

      1) _______________________________________________________________________

      (конкурсқа қатысушының атауы мен орналасқан жері, сондай-ақ ол жеңімпаз деп танылған шарттар көрсетіледі)

      конкурсқа қатысушының конкурстық өтінімі жеңімпаз деп танылсын немесе __________  (конкурстың атауы)

      мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс өтпеді деп танылсын.

      (Егер конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын қарау, бағалау және салыстыру кезінде конкурс жеңімпазы анықталмаса немесе барлық конкурстық баға ұсыныстары қабылданбаса, тиісті себебі көрсетіледі)

      2) Тапсырыс беруші (тапсырыс берушілер) ___________________________________

      (әрбір тапсырыс берушінің атауы және орналасқан жері атап көрсетіледі)

      _________ жылға дейінгі мерзімде________________________ (кіммен) мемлекеттік сатып   (конкурс жеңімпазының атауы көрсетіледі) алу туралы шарт жасассын.

      3) Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оның көшірмесін тапсырыс берушіге (тапсырыс берушілерге) жібереді.

      Осы шешімге дауыс бергендер:

      Жақтап дауыс бергендер ______ (конкурстық комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса));

      Қарсы дауыс бергендер ______ (конкурстық комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)).

      Конкурстық комиссия төрағасының, мүшелерінің және хатшысының қолдары.


Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 13-қосымша



Бір көзден алу тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама

      _______________________________

      (конкурстың атауы)

      _____________________________        _______________________

         (Орналасқан жері)                   (Уақыты мен күні)

      1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: ___________________

                                                      (атауы, мекенжайы)

      ___________________________________________________________________

      (сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер қысқаша сипатталсын)

      сатып алуды бір көзден алу тәсілімен жүргізді.

      2. Сатып алуға бөлінген сома (сомасы көрсетілсін) теңге.

      3. Осы тәсілді қолдануға негіздеме __________________________

                              (Тапсырыс берушінің бір көзден мемлекеттік ___________________________________________________________________

      сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімі, бұйрықтың нөмірі, күні қоса берілсін)

      4. Өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуі _______

       (Заңның 9-бабы 1-тармағында

      ___________________________________________________________________

      көзделген талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес келмеуі көрсетіледі)

            5. Шарт жасалатын өнім берушінің атауы және орналасқан жері және осындай шарттың бағасы:_______________________________________

      5-1. Екінші жеңімпаздың (әрбір лот бойынша) атауы, орналасқан орны және бағасы: _________________________

      6. Сарапшыларды тарту, олар ұсынған қорытындылар туралы ақпарат.

      7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы бір көзден алу тәсілімен сатып алу нәтижесі бойынша шешті:

      1) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер)_______________

                                             (өнім берушінің атауы және

      _________________________________ өнім берушіден сатып алынсын.

      орналасқан жері көрсетілсін)

             немесе бір көзден алу тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылсын ___________________________________________

      (тиісті себебі көрсетілсін)

      2) Тапсырыс берушіге (тапсырыс берушілерге)

      _____________________________________________________________

      (әрбір тапсырыс берушінің атауы және орналасқан жері көрсетілсін)

      _________ жылға дейінгі мерзімде __________________________________

                                        (өнім берушінің атауы көрсетілсін)

      3) Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ____________________

      ___________________________________________________________________

        (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауын көрсетілсін)

      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің және бірінші басшының не жауапты хатшының немесе жауапты хатшының

      өкілетін жүзеге асыратын лауазымды адамның, тапсырыс берушінің не

      оның міндетін атқарушы тұлғаның қолдары.


Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 14-қосымша



Көрсетілетін қызметтің өнім берушісін таңдау өлшемшарттары 


Р/с №

Өлшемшарттар

Балдар

Растаушы құжат

1

2

3

4

5

1.

Еттен жасалатын тамақ өнімдерін  өндірудің және/немесе қайта өңдеудің бар-жоғы

Жоқ  (0 балл)

Меншігінде бар –  3 балл

1. Объектінің техникалық паспорты (көшірме).
2. Объектінің меншік иесі туралы мәліметтер (көшірме).
3. Нормада қолданылатын өнімге тауардың шығу тегінің қолданыстағы сертификаты.

Жалға алған –  1 балл

1. ҚР әділет органдарында тіркелген жалға беру шарты (көшірме).
2. Объектінің техникалық паспорты (көшірме).
3. Объектінің меншік иесі туралы мәліметтер (көшірме).
4. Нормада қолданылатын өнімге тауардың шығу тегінің қолданыстағы сертификаты.

2.

Сүт өнімдері тағамдарын  өндірудің және/немесе қайта өңдеудің бар-жоғы

Жоқ  (0 балл)

Меншігінде бар –  3 балл

1. Объектінің техникалық паспорты (көшірме)
2. Объектінің меншік иесі туралы мәліметтер (көшірме).
3. Нормада қолданылатын өнімге тауардың шығу тегінің қолданыстағы сертификаты.

Жалға алған –  1 балл

1. ҚР әділет органдарында тіркелген жалға беру шарты (көшірме).
2.Объектінің техникалық паспорты (көшірме).
3. Объектінің меншік иесі туралы мәліметтер (көшірме).
4. Нормада қолданылатын өнімге тауардың шығу тегінің қолданыстағы сертификаты.

1

2

3

4

5

3.

Нан-тоқаш өнімдері өндірісінің  бар-жоғы

Жоқ  (0 балл)

Меншігінде бар –  3 балл

1. Объектінің техникалық паспорты (көшірме)
2. Объектінің меншік иесі туралы мәліметтер (көшірме).
3. Нормада қолданылатын өнімге тауардың шығу тегінің қолданыстағы сертификаты.

Жалға алған –  1 балл

1. ҚР әділет органдарында тіркелген жалға беру шарты (көшірме).
2.Объектінің техникалық паспорты (көшірме).
3. Объектінің меншік иесі туралы мәліметтер (көшірме).
4. Нормада қолданылатын өнімге тауардың шығу тегінің қолданыстағы сертификаты.

4.

Өзінің  жеміс-көкөніс өнімдерін өсіру немесе жеміс-көкөніс өнімдерін өсіретін отандық өндірушімен келісімшарттардың бар-жоғы

Жоқ  (0 балл)

Меншігінде бар –  3 балл

1. 29-СХ есептің статистикалық нысаны немесе өткен жылғы А-005 нысаны

 
Жалға алған –  1 балл

1. Отандық өндірушімен жасасқан шарт (көшірме).
2. 29-СХ есептің статистикалық нысаны немесе отандық өндірушілердің өткен жылғы А-005 нысаны

5.

Өзінің ірі қара малын өсіру немесе отандық ірі қара мал өндірушілермен келісімшарттардың бар-жоғы

Жоқ  (0 балл)

Меншігінде бар–  3 балл

1. 29-СХ есептің статистикалық нысаны немесе өткен жылғы А-008 нысаны

Жалға алған –  1 балл

1. Объектінің техникалық паспорты (көшірме).
2. 24-СХ есептің статистикалық нысаны немесе отандық өндірушілердің өткен жылғы А-008 нысаны

6.

Көкөніс қоймаларының бар-жоғы

Жоқ  (0 балл)

Меншігінде бар –  3 балл

1. Объектінің техникалық паспорты (көшірме).
2. Объектінің меншік иесі туралы мәліметтер (көшірме).
3. ҚР әділет органдарында тіркелген жалға беру шарты (көшірме).

Шарт бар –  1 балл

1. Объектінің техникалық паспорты (көшірме).
2. Объектінің меншік иесі туралы мәліметтер (көшірме).
3. ҚР әділет органдарында тіркелген жалға беру шарты (көшірме).

7.

Азық-түлік сақтауға арналған қойма үй-жайларының бар-жоғы

 
Жоқ  (0 балл)

Меншігінде бар –  3 балл

1. Объектінің техникалық паспорты (көшірме).
2. Объектінің меншік иесі туралы мәліметтер (көшірме).

Шарт бар –  1 балл

1. Объектінің техникалық паспорты (көшірме).

1

2

3

4

5





2. Объектінің меншік иесі туралы мәліметтер (көшірме).
3. ҚР әділет органдарында тіркелген жалға беру шарты (көшірме).

8.

Мынадай түрлер бойынша азық-түлік жеткізуге арналған арнайы автокөліктің  бар-жоғы *: 1. рефрижератор, 2. наубайхана өнімін жеткізу үшін машина, 3. изотермиялық шанағы бар машина

Болмауына жол берілмейді (0 балл болмаған кезде саны 50 адамнан кем әскери бөлімдер үшін)

Болуы,  автокөлік құралдарының санына қарамастан (меншігінде бар - автокөліктің әрбір түріне 1 баллдан, жалға алған –автокөліктің әрбір түріне 0,5 баллдан)

1. Көлік құралын немесе жалға беру шартын тіркеу туралы куәлік.

9.

Бөлімшелер орналасқан орындарда қоғамдық тамақтандыру объектісінің  бар-жоғы (ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бөлімшелері үшін ғана қолданылады)

Жоқ (0 балл)

(меншігінде бар - 3 балл;  жалға алған - 1 балл)  бар

1. Объектінің техникалық паспорты (көшірме).
2. Объектінің меншік иесі туралы мәліметтер (көшірме).
3. ҚР әділет органдарында тіркелген жалға беру шарты (көшірме).

10.

Әлеуетті өнім берушінің тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында, қызмет көрсету орны бойынша аумақтық әділет органында тіркелуінің  бар-жоғы

Жоқ  (0 балл)

(3 балл) бар

Заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлік және жеке куәліктің көшірмесі (жеке тұлға үшін). Бұл ретте, дара кәсіпкер ретінде тіркеудің бар болуы туралы ақпаратты тапсырыс беруші қажет болған жағдайда www.kgd.gov.kz сайтындағы "Электрондық сервис/салық төлеушілерді іздеу" қосымша парағынан алады.

11.

Әрбір лотқа бөлек білікті аспаздарының бар-жоғы *

Болмауға жол берілмейді

Бар (3 разрядты аспаз - 1 балл; 4 разрядты аспаз - 2 балл; 5 разрядты аспаз - 3 балл), (бірақ техникалық ерекшелікте белгіленген аспаздар санынан артық емес)

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген еңбек шарты немесе басқа да құжаттар (көшірме).
2. Арнайы білімін және разряд берілгенін растайтын құжаттар (көшірме).

1

2

3

4

5

12.

Әрбір лотқа бөлек білікті технологтардың бар-жоғы (техникалық ерекшелікте талаптар болған жағдайда)

Жоқ (0 балл)

Бар  (1 технолог - 3 балл) (бірақ техникалық ерекшелікте белгіленген технолог санынан көп емес)

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген еңбек шарты немесе басқа да құжаттар (көшірме).
2. Арнайы білімін растайтын диплом (құжат) (көшірме).

13.

Әрбір лотқа бөлек "Қоғамдық тамақтандыру технологиясы" мамандығы бойынша технолог біліктілігі бар өндіріс меңгерушісінің  бар-жоғы (техникалық ерекшелікте талаптар болған жағдайда)

Жоқ  (0 балл)

Бар  (1 өндіріс меңгерушісі - 3 балл) (бірақ техникалық ерекшелікте белгіленген өндіріс меңгерушілері санынан артық емес)

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген еңбек шарты немесе басқа да құжаттар (көшірме).
2. Арнайы білімін растайтын диплом (құжат) (көшірме).

14.

Ұқсас қызметтерді көрсету нарығындағы жұмыс тәжірибесі

Жоқ  (0 балл)

Бар  (Қарулы Күштердің жеке құрамын, басқа әскерлер мен әскери құралымдарды тамақтандыру қызметін көрсету – әрбір жұмыс істеген жылға 0,5 баллдан, бірақ 5 баллдан артық емес), (қоғамдық тамақтандыру қызметтерін көрсету - әрбір жұмыс істеген жылға 0,3 баллдан, бірақ 3 баллдан артық емес)

1. Орындалған жұмыстар актісі (әрбір жыл үшін) (көшірме).
2. Шот-фактура (әрбір жыл үшін) (көшірме).

      Ескертпе

      * осы өлшемшарттар бойынша растайтын құжаттардың болмауы әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімінің автоматты түрде қаралмай қайтарылуына әкеп соқтырады.