Дерево страниц

Сравнение версий

Ключ

  • Эта строка добавлена.
  • Эта строка удалена.
  • Изменено форматирование.

...

Тіркелмеген тұтынушыларға ақша қаражатын кері қайтару

Порталда ақшаны жөнелтуші тіркелмегендіктен, электронды әмиянға есепке алынбаған немесе есептелмеген мемлекеттік сатып алу веб-порталының пайдалануына (кіруіне) қызмет көрсетуге қатысты дұрыс емес мәліметтерді көрсетумен төленген ақшаны қайтару үшін Порталда тіркелу қажет. Порталда тіркеу тәртібі осы сілтеме бойынша берілген. Сонымен қатар, тіркеуден өткеннен кейін «Пайдаланушы профилі» - «Электрондық әмиян» бөліміне баруыңыз керек.

Image Modified

Ашылған түрде Жүйе Сіздің жеке шотыңыз туралы ақпаратты көрсетеді.

Image Modified

Назар аударыңыз! Электронды әмиян құрылмаған жағдайда, Сізге Оператордың банктік шотына ақша аудару үшін электронды әмиян жасау қажет.  Электрондық әмиян жасау үшін «Электрондық әмиян» бөліміндегі «Жаңа» түймесін басыңыз. Бұдан кейін ақша қайтару үшін бөлімде берілген қадамдарды орындаңыз. 


Image Modified

Ақша электрондық әмиянда болған жағдайда Порталда тіркелген пайдаланушыларға электрондық әмияннан ақша қаражатын кері қайтару

Назар салыңыз!  Электрондық әмияннан ақша қаражатын кері қайтаруға өтінішті  «ЭҚО» АҚ-ы үш жұмыс күнінен бес жұмыс күніне дейін қарайды.

Электрондық әмияннан кейін/қате есептелген ақша қаражатын қайтару үшін «қатысушының профиліне» - «электрондық әмиянға»  ауысу қажет.

Назар салыңыз! Егер электрондық әмиянда ақша болса ғана ақша қаражатын кері қайтаруға Порталда өтініш беруге болады. Егер электрондық әмиянда ақша (яғни нөлдік баланс) болмаса, онда ақша Сіздің электрондық әмияныңызға аударылмаған. Жағдайды анықтау үшін техникалық қолдау көрсету қажет.

Image Modified


«Ақша қаражатын кері қайтаруға өтініштер» бөліміне ауысу.

Image Modified

«Ақшаны кері қайтаруға өтініш жасау» батырмасын басыңыз.

Image Modified


Өтініште ақша қаражатын кері қайтаруға арналған міндетті жолақтарды толтырыңыз.

...

Image Modified


Деректерді сақтау үшін «Сақтау»  батырмасын басыңыз.

Image Modified


Жүйе «Шимай қағаз» мәртебесі бар өтінішті сақтайды.


Өтінішті жіберу үшін өтінішке қол қою қажет. Өтінішке қол қою үшін «өтінішке қол қою» батырмасын басыңыз.

Image Modified


Өтінішке сәтті қол қойылғаннан кейін Жүйе өтініштің  «Шимай қағаз» мәртебесін «Қаралуда» мәртебесіне өзгертеді және кері қайтару сомасын бұғаттайды.  Өтінішті «Электрондық қаржы орталығы» АҚ қарайтын болады.

...

Банкке ақшаны кері қайтаруға өтініш жібергеннен кейін жүйе өтініштің мәртебесін «Банкке жіберілді» мәртебесіне өзгертеді.  Банкке өтініш жібергеннен кейін, егер барлық деректер дұрыс көрсетілсе, яғни көрсетілген банк шоты ақша алушыға тиесілі болса, онда Банк Сіздің шотыңызға ақша қаражатын аударады. Егер Сіз, Сізге тиесілі емес  шотты көрсеткен болсаңыз, онда банк кері қайтарады. Банк кері қайтаруға өтінішті қабылдаған кезде көрсетілген банк деректемелері ақша алушыға тиесілі болуын тексереді. Сондықтан өтініште алушыға тиесілі банк деректемелерін көрсету қажет. Егер банк ақша қаражатын қайтарудан бас тартса, жүйе өтініштің «Бас тартылды» мәртебесін өзгертеді және ақша қаражатын кері қайтару себебін көрсетеді.