Дерево страниц

Сравнение версий

Ключ

  • Эта строка добавлена.
  • Эта строка удалена.
  • Изменено форматирование.

...

      Ескертпе: "бағасы, барлық" деген жолды конкурстық комиссия әлеуеттi өнiм берушiнiң барлық шығындарын есепке ала отырып айқындалған және қайта қарауға жатпайды деп қарайды.

...

 


Ерекше тәртіпті

...

қолдана отырып, мемлекеттік

...

сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 2-1-қосымша

...

 


Бекітемін

 

...

___________________________

...

 

(Тапсырыс берушінің толық атауын және оның

осы конкурстық құжаттаманы бекіткен лауазымды

...

 

...

 адамының тегі, аты, әкесінің

...

аты 

...

 

(бар болса) көрсетіледі)

...



20 ___ жылғы " " ___ № шешім Қарулы Күштердің жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі

көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша үлгі конкурстық құжаттама

       Ескерту. Қағида 2-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 910 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      _________________________________________________________________________

...

      2) мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруы арқылы келтірілген залалдарды өтеу туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.

...

 


Ерекше тәртіпті

...

қолдана отырып,

...

мемлекеттік

...

сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 3-қосымша

...

  

Банк кепілдігі (мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету нысаны)

       Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 910 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


      Банктің атауы:__________________________________________________________

...

      Кепілгерлердің қолы/электронды-цифрлық, күні және мекенжайы, қолтаңбасы, мөрі (қағаз жеткізгіште) (Банктің (банк филиалының) атынан оның бірінші басшысы немесе оның орынбасары және банктің бас бухгалтері).


 

Ерекше тәртіпті

...

қолдана отырып,

...

мемлекеттік

...

сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 4-қосымша

...



Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт

       Ескерту. 4-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 06.05.2019 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      __________________ ______ ж. "___" __________________________

...

      ТЕН – төлеушінің есеп нөмірі.

 

Үлгілік конкурстық құжаттамаға
9-қосымша

 Біліктілік туралы мәліметтер (тауарларды сатып алған кезде әлеуетті өнім беруші толтырады)

       Ескерту. 9-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 06.05.2019 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Конкурс № ______________________________

      Конкурстың атауы ______________________

      Лот № __________________________________

      Лоттың атауы ___________________________

      1. Әлеуетті өнім беруші туралы жалпы мәліметтер:

      Атауы _________________________________

      БСН/ЖСН/ССН/СЕН _______________________

      2. Растаушы құжаттардың (бар болған жағдайда толтырылады) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, әлеуетті өнім берушінің соңғы он жыл ішінде жеткізген (шығарған), конкурста сатып алынатындарға ұқсас (сол сияқты) тауарлар көлемі.

...

Тауардың атауы

...

Алушының атауы

...

Тауарды жеткізу орны

...

Тауарды жеткізу күні

...

Растаушы құжаттың атауы, күні мен нөмірі

...

Шарттың құны, теңге

...

Біліктілік туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын

      Ескертпе:

      Сатып алынатын тауарлар нарығында тауарлар мен шот-фактураларды қабылдап алу актілерінің көшірмелері жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар болып табылады. 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін сатып алынатын тауарлар нарығында жұмыс тәжірибесі бар болса, жүкқұжаттар мен шот-фактуралардың көшірмелері де жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар болып табылуы мүмкін.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕН – төлеушінің есеп нөмірі.

 

Үлгілік конкурстық құжаттамаға
10-қосымша

 Банк кепілдігі

      Банктің атауы:_______________________________________________

      (банктің атауы мен деректемелері)

      Кімге:_______________________________________________________

      (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен деректемелері)

      № _________кепілдік міндеттеме

      ______________________________ ____ж. "___"______________

      (орналасқан жері)

      Біз, бұдан әрі "Өнім беруші" деп аталатын,_________________,

                                         (әлеуетті өнім берушінің атауы)

      _________________________ұйымдастырған______________________

      (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы)

      сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысатыны және

      ___________________________________________________________________

      конкурс (лот/лоттар) бойынша тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы жеткізуді (жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді) жүзеге асыруға дайын екені туралы хабардар етілгенбіз.

      Жоғарыда аталған конкурсты өткізу жөніндегі ________ж.

      "___"______________ конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді банк кепілдігі түрінде енгізуі көзделген.

      Осыған байланысты біз____________________осы арқылы Сіздің ақы

      (банктің атауы)

      төлеуге жазбаша талабыңызды, сондай-ақ Өнім берушінің:

             конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алғанын не өзгерткенін және (немесе) толықтырғанын;

             конкурсқа қатысушы деп танылған тұлға белгіленген мерзімде өзінің конкурстық баға ұсынысын бермегенін не кері қайтарып алғанын;

             конкурстың жеңімпазы деп айқындалған тұлға мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарғанын;

            мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімі туралы конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарды орындамағанын не тиісінше орындамағанын жазбаша растауыңызды алғаннан соң Сіздің талап етуіңіз бойынша

      ____________________________________________________________

      (сома цифрмен және жазумен)

      тең соманы төлеуге кері қайтарып алынбайтын міндеттемені өзімізге аламыз.

      Осы кепілдік міндеттеме конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылған күннен бастап күшіне енеді.

      Осы кепілдік міндеттеме Өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылуының соңғы мерзіміне дейін қолданылады және егер Сіздің жазбаша талабыңызды біз ________ аяғына дейін алмасақ, осы құжаттың бізге қайтарылуына немесе қайтарылмауына қарамастан, толық және автоматты түрде күшін жояды. Егер конкурсқа қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі ұзартылса, онда осы кепілдік міндеттеме сондай мерзімге ұзартылады.

      Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

      Кепілгердің қолы мен мөрі                  Күні мен мекенжайы

 

Үлгілік конкурстық құжаттамаға
11-қосымша

 Берешектің жоқ екені туралы анықтама

       Ескерту. 11-қосымша алып тасталды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 910 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

 

Үлгілік конкурстық құжаттамаға
12-қосымша

 Конкурста сатып алу нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтер, сондай-ақ әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің түрлері (конкурстың толық атауын көрсету керек)

       Ескерту. 12-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 06.05.2019 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

...

Р/с №

...

Қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) – заңды тұлғаның атауы не жеке тұлға болып табылатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

...

Қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушы) бизнес-сәйкестендіру нөмірі, оның толық заңды және пошта мекенжайы, байланыс телефоны

...

Техникалық ерекшелікке сәйкес орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) атауы

...

Техникалық ерекшелікке сәйкес орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) ақшалай мәндегі көлемі

...

Техникалық ерекшелікке сәйкес орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) пайыздық мәндегі көлемі

...

Осы қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) бойынша барлығы

...

теңге

...

көлемінің %

...

Осы қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) бойынша барлығы

...

теңге

...

көлем %-ы

...

Барлық қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) бойынша жиыны

...

теңге

...

көлем %-ы

      Осы арқылы конкурсқа (конкурстың толық атауын көрсету) қатысуға өтінім беретін әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігер(лер)і (бірлесіп орындаушы(лар)ы) конкурс (конкурстың толық атауын көрсету керек) тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу шарттары туралы өзінің хабардар екенін білдіреді және өзіне әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлеріне (бірлесіп орындаушыларына) қатысты бөлігінде конкурстық құжаттамада көзделген талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілікті қабылдайды.

...

Қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) – заңды тұлғаның атауы не жеке тұлға болып табылатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

...

Қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

...

Қолы

      Әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің шекті көлемі жиынтығында орындалатын жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер көлемінің екіден бірінен аспауға тиіс.

      Осы талап Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес операторлар болып айқындалған заңды тұлғалармен Заңның 39-бабы 3-тармағының 36) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу жағдайларына қолданылмайды.

      Бұл ретте қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) өткізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету көлемдерін өзге қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беруіне тыйым салынады.

 

Үлгілік конкурстық құжаттамаға
13-қосымша

 Әлеуеттi өнiм берушi бағаларының кестесi

       Ескерту. 13-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 910 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      _______________________________________________________

      (әлеуеттi өнiм берушiнiң атауы)

      (лоттың нөмірін көрсете отырып, әрбір лотқа жеке толтырылады)

...

Р/с

...

Мазмұны

...

 Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтердің атауы

...

1

...

Қысқаша сипаты

...

 2

...

Шығарылған елi (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сатып алынатын кезде алып тасталады)

...

 3

...

Дайындаушы зауыт (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сатып алынатын кезде алып тасталады)

...

 4

...

Өлшем бiрлiгi

...

 5

...

_______бiрлiктің бағасы ___________
ИНКОТЕРМС 2000 ___________
шарттарында (межелі пункті)

...

 6

...

Саны (көлемi)

...

 7

...

Бағасы, барлығы =__________5-жол х 6-жол, әлеуетті өнім берушінің тасымалдауға, сақтандыруға, кедендік баждарды төлеуге, салықтарды (ҚҚС-сыз), төлемдер мен алымдарды төлеуге жұмсаған барлық шығыстарын, жиынтықтаушы бөлшектер мен міндетті қосалқы бөлшектердің, пайдаланудың бастапқы мерзімінде өлшем бірлігіне қызмет көрсету құнын, басқа шығыстарды қосқанда

...

 8

...

 Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 910 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 

      Бiз сiздердiң конкурстық құжаттамада айтылған төлем шарттарыңызбен келiсемiз.

      ________________        _____________________________

            (Қолы)                  (лауазымы, Т.А.Ә. (бар болса)

            М.О.

      Ескертпе: "бағасы, барлығы" деген жолды конкурстық комиссия әлеуеттi өнiм берушiнiң барлық шығындарын ескере отырып айқындалған және қайта қарауға жатпайды деп қарайды.

 

Үлгілік конкурстық құжаттамаға
14-қосымша

 Әлеуеттi өнiм берушi бағаларының кестесi ______________________________________________________ (әлеуетті өнім берушінің атауы)

       Ескерту. 14-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 910 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

...

Лот №

...

Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы

...

Мазмұны

...

Қысқаша сипаттамасы

...

Шығарылған елі (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алатын кезде алып тастау керек)

...

Дайындаушы зауыт (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi сатып алатын кезде алып тасталады)

...

Өлшем бірлігі

...

___________ ИНКОТЕРМС 2000
___________ шарттарында бiрлiктің бағасы
(межелі пункті)

...

Саны (көлемі)

...

Бағасы, барлығы =__________7-жол х 8-жол, әлеуетті өнім берушінің тасымалдауға, сақтандыруға, кедендік баждарды төлеуге, салықтарды (ҚҚС-сыз), төлемдер мен алымдарды төлеуге жұмсаған барлық шығыстарын, жиынтықтаушы бөлшектер мен міндетті қосалқы бөлшектердің, пайдаланудың бастапқы мерзімінде өлшем бірлігіне қызмет көрсету құнын, басқа шығыстарды қосқанда

      Бiз сiздердiң конкурстық құжаттамада айтылған төлем шарттарыңызбен келiсемiз.

      ________________ ______________________________________

      (Қолы) (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мөр орны (бар болса)

      Ескертпе: "бағасы, барлық" деген жолды конкурстық комиссия әлеуеттi өнiм берушiнiң барлық шығындарын есепке ала отырып айқындалған және қайта қарауға жатпайды деп қарайды.

 

Ерекше тәртіпті қолдана
отырып, мемлекеттік сатып
алуды жүзеге асыру
қағидаларына
2-1-қосымша

 

Бекітемін

 

___________________________

 

(Тапсырыс берушінің толық атауын және оның осы конкурстық құжаттаманы бекіткен лауазымды

 

адамының тегі, аты, әкесінің аты

 

(бар болса) көрсетіледі)

 20 ___ жылғы " " ___ № шешім Қарулы Күштердің жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша үлгі конкурстық құжаттама

       Ескерту. Қағида 2-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 910 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      _________________________________________________________________________

      (конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың атауы)

      Тапсырыс беруші _______________________________________________________

      (тапсырыс берушінің толық атауы, орналасқан жері, БСК, банктік деректемелері)

      Тапсырыс берушінің өкілі ________________________________________________

      (Тапсырыс берушінің өкілі – лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), байланыс телефондарын және бар болса, электрондық поштасының мекенжайы)

       Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы___________________________________

      (толық атауы, орналасқан жері, БСК, банктік деректемелері)

      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі___________________________

      (Лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі, лауазымы, байланыс телефондары және бар болса, электрондық поштаның мекенжайы)

      Конкурстық құжаттаманың құны ____________________________________________

      (конкурстық құжаттаманың құны теңгемен көрсетіледі, егер конкурстық құжаттаманы бергені үшін ақы алу көзделмеген болса, онда бұл тармақты мынадай редакцияда жазу қажет: "Конкурстық құжаттама тегін ұсынылады").

 1. Жалпы ережелер

       1. Конкурс өнім берушіні (лерді) таңдау мақсатында өткізіледі (көрсетілетін қызметтердің атауы көрсетіледі).

       2. Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша осы конкурс (лот) үшін бөлінген сома___________ теңгені құрайды (көрсетілетін қызметтерді лоттарға бөлген жағдайда сома әрбір лот үшін бөлек көрсетіледі).

      3. Осы конкурстық құжаттамада қамтылады:

       1) лот нөмірін, өлшем бірлігін, санын, қызмет көрсету шарттарын, көрсету мерзімі мен орнын, төлем шарттарын және сатып алу үшін бөлінген соманы көрсете отырып, үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес сатып алынатын қызметтердің тізбесі;

      2) бар болса, ұлттық стандартты немесе Қазақстан Республикасы өндірушілерінің коммерциялық емес ұйымдары бекіткен үкіметтік емес стандартты көрсете отырып, ал қажет болған кезде үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес нормативтік-техникалық құжаттаманы көрсете отырып, сатып алынатын қызметтердің сипаттамасы және талап етілетін техникалық, сапалық және функционалдық сипаттамалары, техникалық ерекшеліктері;

       3) үлгілік конкурстық құжаттамаға 5 және 6-қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға өтінімдер;

      4) үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес қызметтер көрсету үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер қамтылады.

      4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен қоса төменде көрсетілген нысандардың бірінде қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді:

       1) мынадай банк шотында __________________ (тапсырыс берушінің не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотының толық деректемелері көрсетіледі) орналастырылатын ақшаның кепілдік берілген ақшалай жарнасы;

       2) үлгілік конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес банк кепілдігі.

      5. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға өтінімнің өзінің қолданылу мерзімінен кем болмайды.

 2. Конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған  әлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін  мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының түсіндіруі

      6. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші қажет болған жағдайда конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы 20__ жылғы "__" __________, _____ сағат ___ минуттан кешіктірмей жазбаша сұрау салумен жүгінеді. Әлеуетті өнім берушілердің сұрау салулары мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберіледі: (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының пошталық мекенжайы, сұрау салуларды қабылдау жүргізілетін бөлімше мен бөлменің нөмірі көрсетіледі).

      7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап береді және сұрау салудың кімнен келіп түскенін көрсетпестен, олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді жібереді.

      8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 20__ "__" __________, _____ сағат ___ минуттан кешіктірілмейтін мерзімде өз бастамасымен немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті өнім берушінің сұрау салуына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекіту сияқты тәртіппен ресімделеді.

      Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесі ұсынылған барлық әлеуетті өнім берушілерге өтеусіз негізде жібереді. Бұл ретте, әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді есепке алуы үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімін кемінде күнтізбелік он күн мерзімге ұзартады.

      9. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген әлеуетті өнім берушілермен не олардың уәкілетті өкілдерімен конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін ___________ (кездесуді өткізу орны, күні мен уақыты көрсетіледі) кездесу өткізеді.

      10. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен кездесу хаттамасын жасайды, онда көздерін көрсетпей, әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы ұсынылған сұрау салулары, сондай-ақ осы сұрау салуларға жауаптар көрсетіледі. Хаттама әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей конкурстық комиссияға және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы алған әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналында көрсетілген пошта деректемелері бойынша конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберіледі.

 3. Қарулы Күштердің жеке құрамы үшін тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдері бар конверттерді беруі 1. Конкурсқа қатысуға өтінім

      11. Конкурсқа қатысуға өтінім конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызметтер көрсетуге келісім білдіру нысаны болып табылады.

      12. Үлгілік конкурстық құжаттамаға 5 және 6-қосымшаларға сәйкес әлеуетті өнім беруші толтырған және қол қойған конкурсқа қатысуға өтінімде мыналар қамтылуы тиіс:

      1) әлеуетті өнім беруші өзінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін ұсынатын құжаттардың тізбесі:

      құқық қабілеттілігін растайтын нотариат куәландырған құжаттар (заңды тұлғалар үшін), жеке куәліктің көшірмесі (жеке тұлға үшін). Бұл ретте, дара кәсіпкер ретінде тіркеудің бар екені туралы ақпаратты тапсырыс беруші қажет болған кезде www.kgd.gov.kz сайтындағы "Электрондық сервистер/салық төлеушілерді іздеу" бөлімінен алады:

      заңды тұлға қызметті үлгілік жарғының негізінде жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген жарғының нотариат куәландырған көшiрмесiн ұсынады, Қазақстан Республикасының бейрезиденттері қазақ және (немесе) орыс тiлдерiндегі аудармасымен сауда тiзiлiмiнен нотариат куәландырған, заңдастырылған үзiндiні қоса ұсынады;

      Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген), олар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі рұқсаттар (хабарламалар) (мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде болмаған жағдайда, әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшiрмелерiн ұсынады);

      сатып алынатын тауарларды өндіруге, өңдеуге, жеткізуге және өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын патенттерінің, куәліктерінің, сертификаттарының, басқа құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері;

      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың нотариат куәландырған көшірмесі (егер заңды тұлға қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген Үлгілік жарғының негізінде жүзеге асырса, мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариат куәландырған көшірмесі);

      құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтер қамтылған құрылтай құжаттарынан (егер жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы қамтылмаса) нотариат куәландырған үзіндіні не конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдың ішінде берілген, акция ұстаушылардың тізілімінен белгіленген тәртіппен қол қойылған және куәландырылған үзіндінің түпнұсқасы;

      конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдың ішінде алынған салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы мәліметтер;

       әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен бірге өткізілетін мемлекеттік сатып алу сомасының жүз пайызына тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше

      резидент банктерінің банк кепілдіктері түрінде шартты орындауды қамтамасыз етуді беру арқылы төлем қабілеттілігі туралы жалпы біліктілік талабына сәйкестігін растауға құқылы;

      мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етуді әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толық орындау үшін конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімге береді;

      1) үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiгi туралы мәлiметтер;

       2) үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес техникалық ерекшелік;

      3) конкурсқа қатысуға өтінімді банк кепілдігі не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банк шотына орналастырылатын кепілдік берілген ақшалай жарнаны растайтын төлем құжаты түрінде "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңда белгіленген мөлшерде қамтамасыз ету;

      4) Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 14-қосымшаға сәйкес қызмет көрсетушілерді таңдау өлшемшарттарын растайтын құжаттар;

      5) әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүдделерін білдіретін тұлғаға (тұлғаларға) конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берілетін сенімхат.

      13. Қызметтерді бірлесіп орындаушыларды тартуға жол берілмейді.

 2. Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар

      14. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, беттерін нөмірлеп береді және соңғы бетін өзінің қолын қойып, мөрмен (егер бар болса) куәландырады.

      Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық бөлігі (тігілген түрде, беттері нөмірленіп, соңғы беті әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөрімен (егер бар болса) куәландырылған түрде) және конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке беріледі.

      15. Конкурсқа қатысуға өтінім басып шығарылуға немесе өшірілмейтін сиямен жазылуға және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюға және мөрімен бекітуге (егер бар болса) тиіс.

      16. Әлеуетті өнім берушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болған жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтінімде жолдар арасында ешқандай қыстырмалар, өшірулер немесе қосымша жазулар болмауға тиіс.

      17. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке салып желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен пошталық мекенжайы (егер ол "кешіккен" болып жарияланатын болса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпай қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: "(конкурстың атауы көрсетіледі) сатып алу жөніндегі конкурс" және "(конкурсқа қатысуға өтінім ашылатын күн мен уақыты көрсетіледі) дейін ашпаңыз".

 3. Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі

      18. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық пошталық мекенжайы, бөлме нөмірі, конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдау мен тіркеуге жауапты адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсету керек) мекенжайы бойынша тапсырысты пошта байланысын пайдалана отырып, (конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталатын күні мен уақыты көрсетіледі) қоса алғандағы мерзімге дейін береді.

      19. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі өткеннен кейін алған конкурсқа қатысуға өтінімдердің барлығы ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуетті өнім берушіге не алғаны туралы қолхатпен әлеуетті өнім берушілердің тиісті уәкілетті өкілдерінің жеке өздеріне қайтарылады.

      20. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының жауапты адамы, ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда – конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тиісті журналға тіркейді.

      21. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді ресімдеуге қойылатын талаптар бұзылған конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер қабылдауға және тіркелуге жатпайды.

 4. Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу

      22. Әлеуетті өнім берушінің өзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтаруға құқықтарын жоғалтпай, конкурстық өтінімдер берудің соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертуіне немесе қайтарып алуына болады. Өзгерістер енгізу конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалуға, желімделуге және ұсынылуға тиіс.

      Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атына еркін нысандағы өтініш түрінде ресімделеді, оған әлеуетті өнім берушінің қолы қойылады және мөрмен (егер бар болса) бекітіледі.

      Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге дейін алса, жарамды болып табылады.

      23. Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті берудің соңғы мерзімі өткеннен кейін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге, сол сияқты оларды қайтарып алуға жол берілмейді.

      24. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі өткенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, қажет болған жағдайда, нақты уақыт кезеңіне өтінімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы әлеуетті өнім берушілерге сұрау салу жібереді. Әлеуетті өнім беруші мыналарға:

      1) өзінің конкурсқа қатысуға өтінімінің мерзімі ішінде конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуға;

      2) осындай өтінімнің қолданылу мерзімі өткеннен кейін өзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алуға құқығын жоғалтпай, осындай сұрау салуды қабылдамауға құқылы.

      25. Әлеуетті өнім беруші өзінің конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптау комиссиясы, сарапшы конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу қорытындыларына қарамастан, осы шығыстарды өтеу бойынша міндеттемелерді көтермейді.

 5. Конкурс тәсілмен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді конкурстық комиссияның ашуы

      26. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды конкурстық комиссия келген барлық әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен жүргізеді (конкурс өткізілетіні туралы хабарландыруда (хабарламада) көрсетілген конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу және конкурстық комиссияның отырысы өткізілетін күні, уақыты және орны көрсетіледі). Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді берудің соңғы мерзімі мен конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу арасындағы кезең екі сағаттан аспайды.

      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында (хабарламасында) және осы конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері салынған конверттер ашылуға жатады.

      Егер конкурсқа (лотқа) конкурсқа қатысуға бiр ғана өтiнiм берілсе, осы конкурсқа қатысуға өтiнiм де ашылады және қаралады.

      27. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдері өздерінің қатысуын растай отырып, олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттарды көрсетуге және әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналына тіркелуге тиіс (тіркелетін орны, күні және уақыты көрсетіледі, бұл уақыт конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашатын уақыттан бұрын болуға тиіс, ал тіркеу орны конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімі өткізілетін орынмен бірдей болуға тиіс).

      Әлеуетті өнім берушілер мен олардың уәкілетті өкілдерінің конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімінің аудиожазбасы мен бейнетүсірілімін пайдалануына жол берілмейді.

      28. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі отырысына қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің және оның уәкілетті өкілдерінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметіне араласуына жол берілмейді.

      29. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:

      1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі, ал тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде бір тұлға әрекет еткен жағдайларда ол туралы мәліметтер осы конкурстық құжаттамада көрсетілген конкурстық комиссияның хатшысы қатысушыларды:

      конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы;

      конкурстық құжаттама көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілер саны;

       әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларының бар не жоқ екені, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру бойынша әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізуі;

      конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің бар не жоқ екені, сондай-ақ себептері;

       белгіленген мерзімде конкурсқа қатысуға өтінім берген, тиісті тіркеу журналында тіркелген әлеуетті өнім берушілер туралы хабардар етеді;

       2) конкурстық комиссия төрағасы не конкурстық комиссия мүшелерінің арасынан төраға анықтаған тұлға:

       конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді;

      3) конкурстық комиссияның хатшысы:

      тиісті конверттерді ашу хаттамасын ресімдейді;

      әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілдерін конкурстық комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін алуға болатын мерзім туралы хабардар етеді.

      Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу бойынша отырысының хаттамасына отырысқа қатысып отырған конкурстық комиссия мүшелерiнің бәрі, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды және әр парағын дәйектейді.

      Көрсетілген конкурстық комиссия отырысы хаттамасының көшірмесі конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы өткізілген күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі отырысына қатысқан әлеуетті өнім берушілерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне, ал болмағандарға – олардың жазбаша сұрау салуы бойынша сұрау салу алынған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде беріледі.

 6. Конкурс тәсілмен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан конкурстық комиссияның қарауы және әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға жіберу. Өлшемшарттар бойынша есептеу нәтижелерінде конкурсқа қатысушылар жинаған балдар санын, конкурсқа қатысушыларды конкурстық комиссияның бағалауы мен салыстыруы және конкурс жеңімпазын анықтау

      30. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілердің арасынан біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.

      31. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия:

      1) конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілерден олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда сұратуға;

      2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратуға құқылы.

      Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұратулары мен өзге де әрекеттеріне жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі.

      Егер конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық комиссия оны конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келеді деп қарайды.

      32. Конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушіні мынадай:

      1) әлеуетті өнім берушінің және ол тартқан көрсетілетін қызметтерді бірлесіп орындаушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растауға арналған құжатты (құжаттарды) әлеуетті өнім беруші ұсынбаған;

      2) әлеуетті өнім беруші өзі тартқан бірлесіп орындаушының біліктілік талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ сәйкессіздігін растау үшін ұсынған құжаттарда қамтылған ақпарат негізінде біліктілік талаптарына сәйкессіздік фактісі анықталған;

      3) біліктілік талаптары жөнінде дұрыс емес ақпаратты ұсыну фактісі анықталған жағдайларда біліктілік талаптарына сәйкес емес деп таниды.

      Әлеуеттi өнiм берушiнi Заңның 10-бабының 1-тармағында көзделмеген негiздер бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берiлмейдi.

      Өтінімді қамтамасыз ету соманың бір пайызынан астам мөлшерде енгізілген жағдайда конкурстық комиссия енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келеді деп таниды.

       33. Конкурстық комиссия мынадай:

      1) банк кепілдігі түрінде берілген конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi жеткiлiксiз болған;

      2) конкурстық комиссияға:

      конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;

      қатысу үшiн банк кепілдігі түрінде берілген өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлетiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың атауын;

      банк кепілдігі түрінде берілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) өтiнiмдi қамтамасыз ету сомасын, сондай-ақ оны беру шарттарын;

      конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлғаны;

      пайдасына конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін тұлғаны айқындауға мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауынан көрініс табатын конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген жағдайларда, енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды.

      Өзге негіздер бойынша конкурсқа қатысуға өтінімге енгізілген қамтамасыз етуді конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берілмейді.

      34. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші, егер:

      1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушы біліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындалса;

      2) Заңның 6-бабының және Заңның 6-бабы 1-тармағының 7), 8), 9) және 10) тармақшаларының талаптарын бұзса;

      3) оның конкурсқа қатысуға өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп айқындалса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы деп танылмайды).

      Егер әлеуетті өнім беруші осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негіздемелер бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмесе, онда:

       конкурс қорытындылары туралы хаттамада осындай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін қабылдамау негіздемесі көрсетіледі;

      Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізілуге жатады.

      35. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешім қабылдайды (техникалық сипаттамалары мен ерекшелігі күрделі көрсетілетін қызметтерді күрделі мемлекеттік сатып алуды өткізген жағдайда, мұндай өтінімдер конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде қаралады).

      Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттама Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 10-қосымшаға сәйкес ресiмделедi, оған конкурстық комиссияның төрағасы мен отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні қол қояды. Сараптамалық қорытынды не сарапшының (сараптау комиссиясы мүшесiнiң) ерекше пiкiрi бар болса, конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамаға қоса берілуі мүмкiн.

      Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы әлеуетті өнім берушілер біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес болған жағдайда ресімделмейді.

      36. Біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілер анықталған жағдайда конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушілерге алдын ала рұқсат беру хаттамасында көрсетілген, алдын ала рұқсат беру хаттамасына қол қойылған күннен бастап кемінде жеті жұмыс күні болуға тиіс мерзімде конкурсқа қатысуға өтінімдерін біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығын береді.

      Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығы мынадай:

      1) Заңның 6-бабының талаптарын бұзған;

      2) біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптары бойынша дәйексіз ақпарат берген;

      3) конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді енгізбеген не оны Қағидаларда белгіленген мөлшерде енгізбеген әлеуетті өнім берушілерге берілмейді.

...

      37. Конкурстық комиссия өлшемшарттар бойынша есептеу нәтижелері бойынша, оның ішінде конкурсқа қатысуға бір өтінім берілгенде конкурсқа қатысушылар жинаған балдар санын бағалайды және салыстырады.

      38. Өнім берушіні таңдау өлшемшарттары бойынша балдарды есептеу Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 14-қосымшаға сәйкес есептеледі.

      39. Әлеуетті өнім беруші өнім берушіні таңдау өлшемшарттарын растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда конкурстық комиссия оларды бағалау үшін тиісті балдарды есептемейді.

      40. Балдар саны тең болған кезде өтінімі басқа әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерінен бұрын түскен конкурсқа қатысушы жеңімпаз деп танылады.

      41. Өтінімдерді қарау, конкурсқа қатысуға балдарды бағалау және санын салыстыру нәтижелері бойынша конкурстық комиссия:

      1) біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін, конкурсқа қатысуға жіберілетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды конкурсқа қатысушылар деп таниды;

      2) конкурсқа қатысуға бір өтінім жіберілген жағдайларды қоспағанда, өлшемшарттар жөнінде есептеу нәтижелері бойынша конкурсқа қатысушылар жинаған балдарды бағалайды және олардың санын салыстырады;

       3) конкурстық комиссияның төрағасы, ол болмаған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының орынбасары конкурстық комиссия отырысына қатысып отырған тұлғаларға конкурс тәсілімен өткізілген қызметтерді мемлекеттік сатып алу нәтижелерін жариялайды және қатысушыларға конкурс жеңімпазын жариялайды.

      42. Конкурстық комиссияның хатшысы:

      1) конкурстық комиссияның біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттама талаптарына әлеуетті өнім берушілерді айқындау және конкурсқа қатысушылардың балдарын бағалау және салыстыру жөніндегі отырысы өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 12-1-қосымшаға сәйкес Қарулы Күштердің жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманың жобасын жасайды және оған отырысқа қатысқан конкурстық комиссияның барлық мүшелерінің, сондай-ақ конкурстық комиссия хатшысының қол қоюын және әрбір парағын дәйектеуін қамтамасыз етеді;

      2) ол туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген, конкурсқа қатысуға өтінім берген кез келген әлеуетті өнім берушінің талап етуі бойынша осындай жазбаша сұрау салуды алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде осындай әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдеріне өткізілген көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесін өтеусіз негізде жібереді не ұсынады;

       3) өткізілген көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге көрсетілген хаттаманың көшірмесін ұсынуды қамтамасыз етеді.

 7. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару

      43. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әлеуетті өнім берушіге мынадай:

      1) осы әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi өткенге дейiн керi қайтарып алған;

      2) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған (аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды);

      3) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енген және конкурс жеңiмпазы конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзген;

      4) әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiнiң қолданылу мерзiмi өткен жағдайлардың бірі басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады.

      44. Егер:

      1) әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi өткеннен кейiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдi керi қайтарып алған не өзгертсе және (немесе) толықтырса;

      2) конкурс жеңiмпазы деп айқындалған әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса;

       3) конкурс жеңiмпазы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгiленген, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу және (немесе) енгiзу мерзiмдерi туралы талаптарды орындамаса не уақтылы орындамаса, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтармайды.

 8. Конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт

      45. Қарулы Күштердің жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде тапсырыс беруші Заңның талаптарына сәйкес және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы үлгiлік шарт негiзiнде көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасына қол қояды және өнім берушіге жібереді.

      46. Өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде тапсырыс беруші енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім берушіге қайтарады.

      Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда, енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбын тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға немесе олармен үлестес заңды тұлғалар кірісіне төлеу фактісі анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайтарады.

      47. Заңның 43-бабының 14, 15 және 16-тармақтарында көзделген жағдайларда шартта оны бiр қаржы жылынан артық мерзiмге жасасу туралы ережелер қамтылады.

       48. Шарт мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы жағдайларды қамтиды.

      49. Отандық тауар өндірушілермен және отандық қызметтерді жеткізушілермен шарт алдын ала ақы төлеуді және қызметтерді көрсеткені үшін толық ақы төлеуді қамтуы тиіс. Бұл ретте толық ақы төлеу мерзімі осы шарт бойынша міндеттемелер орындалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды.

      50. Егер әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде қол қойылған мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс берушіге ұсынбаған немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайда, мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған болып танылады.

       51. Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда тапсырыс беруші:

      1) ол енгiзген конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi ұстап қалады және осындай әлеуеттi өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгiнедi;

      2) мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруы арқылы келтірілген залалдарды өтеу туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.

 

Ерекше тәртіпті қолдана отырып,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
3-қосымша

  Банк кепілдігі (мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету нысаны)

       Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 910 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Банктің атауы:__________________________________________________________

      (банктің атауы мен деректемелері)

      Кімге: ________________________________________________________________

      (тапсырыс берушінің атауы мен деректемелері)

      Кепілді міндеттеме № _____________

      ___ жылғы "___" _______ (орналасқан жері)

      "Өнім беруші" __________________ (өнім берушінің атауы)_____________________

      (тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы) жеткізуге (орындауға, көрсетуге) _____ жылғы __________ ___ № ___ мемлекеттік сатып алу туралы шарт (бұдан әрі – Шарт) жасасқанын (жасасатынын) және Сіз Шартта Өнім беруші жалпы сомасы________________________________ теңгеге банк кепілдігі түрінде оның орындалуын қамтамасыз етеді деп көздегеніңізді назарға ала отырып,

      ___________________________________________________________________

      (банктің атауы) жоғарыда көрсетілген Шарт бойынша кепілгер болып табылатынымызды және Сіздің төлеуге жазбаша талабыңызды, сондай-ақ Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағанын немесе тиісінше орындамағанын жазбаша растауды алғаннан кейін Сізге _______________________________ (сомасы цифрмен және жазумен) тең соманы төлеуге өзімізге кері қайтарылмайтын міндеттеме аламыз.

      Осы кепілді міндеттеме қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданыста болады.

      Осы кепілді міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

      Кепілгерлердің қолы/электронды-цифрлық, күні және мекенжайы, қолтаңбасы, мөрі (қағаз жеткізгіште) (Банктің (банк филиалының) атынан оның бірінші басшысы немесе оның орынбасары және банктің бас бухгалтері).

 

Ерекше тәртіпті қолдана отырып,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
4-қосымша

 Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт

...

      __________________ ______ ж. "___" __________________________

      (Орналасқан жері)

       Бұдан әрі тапсырыс беруші деп аталатын ______________________

                                         (тапсырыс берушінің толық атауы)

      атынан ____________________________________________________________

        (уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      бір тараптан және бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын_______________

                       (өнім беруші – конкурс жеңімпазының толық атауы)

      атынан ___________________________ негізінде әрекет ететін ________

            (Жарғының, Ереженің және т.б.)                    (уәкілетті

      __________________________________________________ екінші тараптан,

      адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

       2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) және _____жылғы___ _______ өткен _______________________________ (конкурс, баға ұсыныстары, бір көзден алу тәсілімен) мемлекеттік сатып алу қорытындылары негізінде осы мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі – шарт) жасасты және мына төмендегілер туралы келісімге келді:

      1. Өнім беруші (сома цифрмен және жазбаша көрсету керек) мөлшердегі сомаға (бұдан әрі – шарттың бағасы) тауарларды Тапсырыс берушіге жеткізуге міндеттенеді.

       2. Осы шартта төменде келтірілген ұғымдар мынадай түсіндірмені білдіретін болады:

      1) "шарт" – Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалған, жазбаша нысанда тіркелген, тараптар оған барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бірге, сондай-ақ шартта сілтеме бар барлық құжаттамамен бірге қол қойған азаматтық-құқықтық акт;

      2) "шарттың бағасы" шарт шеңберінде өзінің шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін Өнім берушіге Тапсырыс беруші төлеуге тиіс соманы білдіреді;

      3) "тауарлар" нәрселерді (заттарды), оның ішінде жартылай фабрикаттарды немесе қатты, сұйық немесе газ тәріздес күйдегі шикізатты, электр және жылу энергиясын, шығармашылық зияткерлік қызметтің объектіленген нәтижелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу-сату мәмілелерін жасасуға болатын заттық құқықтарды білдіреді;

      4) "ілеспе көрсетілетін қызметтер" Тауарларды беруді қамтамасыз ететін мәселен, тасымалдау және сақтандыру және мәселен, монтаждау, іске қосу, техникалық көмек көрсету, оқыту қамтылатын кез келген басқа да қосалқы көрсетілетін қызметтерді және Өнім берушінің осы шартта көзделген басқа да осыған ұқсас міндеттерін білдіреді;

      5) "тапсырыс беруші" – мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар;

      6) "өнім беруші" – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, мемлекеттік сатып алу туралы жасасқан шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум).

      3. Төменде тізбеленген құжаттар мен оларда айтылған талаптар осы шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:

      1) осы шарт;

      2) сатып алынатын тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің тізбесі;

      3) техникалық ерекшелік;

      4. Өнiм берушi Қағидаларда белгіленген жағдайларда және мөлшерде шарттың орындалуын қамтамасыз етудi шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде енгiзеді. Өнiм берушi шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн таңдауға құқылы:

      1) тапсырыс берушінің банк шотына не мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарна;

      2) банк кепілдігі;

      3) Заңның 43-бабы 11-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жасалатын өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты.

      5. Өнім берушінің шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғалардың енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай не бір бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді. Өнім беруші енгізген кепілдік ақшалай жарнаны Тапсырыс берушінің Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берілмейді.

      6. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер және жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар дайындаудың технологиялық мерзімінің ұзақтығы оларды келесі (кейінгі) қаржы жылында (жылдарында) жеткізуді негіздейтін тауарларды (дайындаушының осындай фактіні растайтын анықтамасы болуға тиіс) сатып алған жағдайда мемлекеттік сатып алу шартын бір қаржы жылынан астам мерзімге жасасуы мүмкін.

      Бұл ретте жоғарыда көзделген жағдайларда қолданылу мерзімі бір қаржы жылынан астам мұндай мемлекеттік сатып алу туралы шартты бәсекелестік негізде жүргізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша белгіленген өнім берушілермен ғана жасасуға жол беріледі.

      7. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар басқару органдары немесе көрсетілген тұлғалардың жоғары органдары бекіткен даму жоспарында (бизнес-жоспарда) белгіленген, мерзімі келесі (кейінгі) қаржы жылында (жылдарында) аяқталатын іс-шараны орындау үшін қажетті тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарт жасасуы мүмкін.

      8. Жылдық қаржылық есептілік аудиті бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарт үш жылдан аспайтын мерзімге жасалуы мүмкін.

      9. Өнім беруші тауарды сатуға және жеткізуге, ал Тапсырыс беруші тауарды осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Өнім берушінің конкурстық өтінімі мен Тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамасына сәйкес сан мен сапада қабылдап алуға және ақысын төлеуге міндеттенеді. Ақы төлеу нысаны

      __________________________________________________________

      (аударым, қолма қол есеп айырысу және т.б.)

      10. Төлеу мерзімі_____________________________________________ (мысал: тауар межелі пунктте қабылданғаннан кейін % немесе алдын ала төлеу немесе т.б).

      11. Төлеу алдындағы қажеттi құжаттар:

      _______________________________________________________________

      (шот-фактура немесе қабылдап алу-беру актiсi немесе т.б.)

      Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа өзгерiстер енгiзу талаптарын көздейді.

       Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа өткізілген мемлекеттiк сатып алу шарттарының мазмұнын және (немесе) өнiм берушiні таңдау үшiн негiз болған ұсынысын өзгертетiн өзгерiстердi Заңның 45-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделмеген негiздер бойынша енгiзуге жол берiлмейдi.

      12. Осы шарт шеңберінде жеткізілетін тауарлар техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сәйкес келуге немесе олардан жоғары болуға тиіс.

       13. Өнім беруші шарттың мазмұнын немесе оның қандай да бір ережелерін, сондай-ақ Тапсырыс беруші немесе осы шартты орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналды қоспағанда, оның атынан басқа тұлғалар берген техникалық құжаттаманы, жоспарларды, сызбаларды, модельдерді, үлгілерді немесе ақпаратты Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз ешкімге ашпауға тиіс. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және шарттық міндеттемелерді орындау үшін қажетті шамада берілуге тиіс.

       14. Өнім беруші қандай да бір жоғарыда келтірілген құжаттарды немесе ақпаратты Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз шартты іске асыру мақсатынан басқа мақсатқа пайдаланбауға тиіс.

      15. Тапсырыс беруші немесе оның өкілдері тауарларға, егер бұл техникалық ерекшелікте айтылса, олардың техникалық ерекшелікке сәйкестігін растау үшін техникалық бақылау және/немесе сынақ жүргізуі мүмкін. Осы сынақтарға жұмсалатын барлық шығыстарды Өнім беруші көтереді. Техникалық ерекшелікте Тапсырыс берушіге қандай түрдегі тексеру мен сынақ талап етілетіндігі, сондай-ақ олар қай жерде жүргізілуге тиіс екендігі көрсетіледі. Тапсырыс беруші Өнім берушіні осы мақсаттарға арналған өзінің өкілдері туралы жазбаша түрде және уақтылы хабардар етеді.

      16. Техникалық бақылау мен сынақ Өнім берушінің немесе оның қосалқы мердігерінің (мердігерлерінің) аумағында, тауарларды жеткізу орнында және/немесе соңғы пунктінде жүргізілуі мүмкін. Егер олар Өнім берушінің немесе оның қосалқы мердігер(лер)інің аумағында жүргізілсе, Тапсырыс берушінің инспекторларына Тапсырыс берушінің тарапынан қандай да болмасын қосымша шығынсыз сызбаларға және өндірістік ақпаратқа қол жеткізуді қоса алғанда, барлық қажетті құралдар берілетін және жәрдем көрсетілетін болады.

      17. Егер техникалық бақылаудан немесе сынақтан өткен тауарлар техникалық ерекшелікке сай келмесе, Тапсырыс беруші олардан бас тарта алады және Өнім беруші ақаулы тауарды не алмастырады, не Тапсырыс берушінің тарапынан қандай да болмасын қосымша шығынсыз техникалық ерекшеліктің талаптарына сәйкес қажетті өзгерістер енгізеді.

      18. Жоғарыда көрсетілгендердің бір де бір тармағы Өнім берушіні осы шарт бойынша кепілдіктерден немесе басқа да міндеттемелерден босатпайды.

      19. Өнім беруші тауарларды оларды соңғы межелі пунктіне тасымалдау кезінде зақымдануды немесе бұзылуды болдырмауға қабілетті орамын қамтамасыз етеді. Орам қандай да болмасын шектеулерсіз қарқынды көтергіш-көлік өңдеуіне және тасымалдау кезіндегі экстремалды температураның, тұз бен жауын-шашынның, сондай-ақ ашық сақтаудың әсеріне төзуге тиіс. Оралған жәшіктердің ауқымын және олардың салмағын анықтау кезінде соңғы жеткізу пунктінің алыстығы және тауарларды алып жүрудің барлық пункттерінде қуатты жүк көтергіш құралдардың болуы ескерілуі қажет.

      20. Жәшіктерді орау мен таңбалау, сондай-ақ ішіндегі және сыртындағы құжаттама Тапсырыс беруші белгілеген арнайы талаптарға қатаң сәйкес келуге тиіс.

      21. Тапсырыс берушінің сатып алынатын Тауарлардың тізбесінде айтылған шарттарына сәйкес Тауарларды жеткізуді Өнім беруші былайша жүзеге асырады:

      а) шетелден жеткізілетін Тауарлар үшін:

      тауарды түсіргеннен кейін Өнім беруші Тапсырыс берушіге және сақтандыру компаниясына телекспен немесе факспен шарттың нөмірін, тауарлардың сипаттамасын, санын, кемені, коносамент нөмірін және оның күнін, тиеп жөнелтілетін порты мен күнін, түсірілетін портын және т.б. қоса алғанда, тасымалдаудың барлық мән-жайлары туралы хабардар етеді:

      1) Тауарлардың сипаттамасы, Тауардың санын, бірлігінің бағасын және жалпы сомасын көрсете отырып, Өнім берушінің шот-фактурасының көшірмесі;

      2) көліктік жүкқұжаттардың түпнұсқасы мен 3 көшірмесі;

      3) әрбір орамның құрамын көрсетіп, орау парағының көшірмесі;

      4) сақтандыру Сертификаты;

      5) Дайындаушының немесе Өнім берушінің кепілдік сертификаты;

      6) уәкілетті инспекциялық қызмет берген техникалық бақылау жүргізілгені туралы куәлік, сондай-ақ Өнім берушінің зауытында техникалық бақылау жүргізілгені туралы есеп (егер мұндайлар орын алса);

      7) тауардың шыққан жері туралы сертификат.

      Жоғарыда көрсетілген құжаттарды Тапсырыс беруші Тауарлар портқа немесе жеткізу пунктіне келгенге дейін ең болмағанда бір апта бұрын алуға тиіс және олар алынбаған жағдайда, Өнім беруші осыған байланысты барлық шығыстар үшін жауапты болады;

       б) Жергілікті Тауарлар үшін:

      1) тауарлардың сипаттамасымен, тауарлардың санын, тауарлардың бір бірлігінің бағасын және жалпы сомасын көрсетіп, Өнім берушінің шот-фактурасының көшірмесі;

      2) көліктік жүкқұжат, теміржол түбіртегі немесе автожүк түбіртегі;

      3) дайындаушының немесе Өнім берушінің кепілдік сертификаты;

      4) уәкілетті инспекциялық қызмет берген техникалық бақылау жүргізілгені туралы куәлік, сондай-ақ Өнім берушінің зауытында техникалық бақылау жүргізілгені туралы есеп (егер мұндайлар орын алса);

      5) тауардың шыққан жері туралы сертификат.

      22. Шартқа сәйкес жеткізілетін тауарлар оларды дайындауға, сатып алуға, тасымалдауға, сақтауға және жеткізуге байланысты бүлінуден немесе бұзылудан теңгемен (немесе еркін айырбасталатын валютамен) толық сақтандырылуға тиіс (сақтандырудың қажетті түрін көрсету керек). Сақтандыру полисінде Тапсырыс беруші Өнім берушімен бірге сақтандыру компаниясынан өтемақы алатын тарап ретінде аталады.

      23. Сақтандыру, әскери іс-қимылдар мен көтерілістерге байланысты тәуекелдерді қоса алғанда, "барлық тәуекелдерден" сақтандыру кезінде "қоймадан қоймаға дейін" шарт сомасының 110 %-ы мөлшерінде болуға тиіс.

      24. Өнім беруші Тауарларды межелі пунктіне дейін жеткізеді. Осы тауарларды межелі пунктіне дейін тасымалдауды Өнім беруші жүзеге асырады және ақысын төлейді, ал оған байланысты шығыстар шарттың бағасына қосылады.

      25. Осы шарттың шеңберінде Өнім беруші конкурстық құжаттамада көрсетілген көрсетілетін қызметтерді ұсынады.

      26. Ілеспе көрсетілетін қызметтердің бағасы шарттың бағасына қосылуға тиіс.

      27. Тапсырыс беруші Өнім беруші дайындайтын немесе өткізетін қосалқы бөлшектер туралы мынадай ақпаратты, атап айтқанда Тапсырыс беруші сатып алу үшін Өнім берушіден таңдай алатын және оларды кепілдік мерзімі өткеннен кейін пайдалана алатын қосалқы бөлшектердің құны мен номенклатурасын беруді Өнім берушіден талап етуі мүмкін.

      28. Өнім беруші қосалқы бөлшектердің өндірісін тоқтатқан жағдайда:

      а) Тапсырыс берушіні өзіне қажетті санда қажетті сатып алуды жүргізе алуына мүмкіндік беру үшін өндірістің алдағы уақыттағы тоқтауы туралы алдын ала хабардар етеді;

      б) қажет болған жағдайда өндіріс тоқтағаннан кейін артынша Тапсырыс берушіге қосалқы бөлшектерге жоспарларды, сызбалар мен техникалық құжаттаманы тегін ұсынады.

      29. Егер шартта өзгеше көзделмесе, Өнім беруші шарт шеңберінде жеткізілген Тауарлар жаңа, пайдаланылмаған, конструкциялар мен материалдардың барлық соңғы модификациялары көрсетілген жаңа не сериялық модель болып табылатындығына кепілдік береді. Өнім беруші, бұдан әрі, осы шарт бойынша берілген Тауарлар Тапсырыс берушінің елі үшін әдетте қолайлы жағдайларда берілген Тауарларды қалыпты пайдаланған кезде конструкцияларына, материалдары мен жұмысына байланысты ақаулары болмайтындығына кепілдік береді. Тапсырыс беруші берген техникалық ерекшелікке қатаң сәйкестікте Өнім беруші дайындаған конструкцияларда, материалдарда ақау пайда болған жағдайда, өзінің (Тапсырыс берушінің) техникалық ерекшелігінде Тапсырыс берушінің қателік жібергені үшін Өнім беруші жауапты болмайды.

      30. Бұл кепілдік нақты жағдайға қарай, Тауарлардың бүкіл партиясын немесе оның бір бөлігін жеткізгеннен және оларды шартта көрсетілген соңғы межелі пунктінде қабылдап алғаннан кейін

      _________________________ішінде

      (қажетті кепілдік мерзімі көрсетілсін) жарамды.

      31. Тапсырыс беруші осы кепілдікке байланысты барлық наразылықтар туралы Өнім берушіні жазбаша түрде жедел хабардар етуге міндетті.

      32. Мұндай хабарламаны алғаннан кейін Өнім беруші ақау шыққан Тауарды немесе оның бір бөлігін Тапсырыс берушінің тарапынан ешқандай шығынсыз жедел жөндейді немесе ауыстырады.

      33. Егер Өнім беруші хабарламаны алып, Тапсырыс беруші талап еткен мерзімде ақау(лар)ды түзетпесе, Тапсырыс беруші ақауларды жөндеу жөніндегі қажетті санкциялар мен шараларды Өнім берушінің есебінен және шарт бойынша Тапсырыс берушінің Өнім берушіге қатысты иеленуі мүмкін басқа да құқықтарына ешқандай залалсыз қолдана алады.

      34. Жеткізілген Тауарлар үшін Өнім берушіге ақы төлеу осы шарттың ____ және________ -тармақтарында көрсетілген нысанда және мерзімде жүргізілетін болады.

      35. Тапсырыс берушінің шартта көрсеткен бағалары Өнім беруші өзінің конкурстық өтінімінде көрсеткен бағаларға сәйкес болуға тиіс.

      36. Екі тарап қол қойған жазбаша өзгерістерді қоспағанда, шарттың құжаттарына ешқандай (сызбалар, жобалар немесе техникалық ерекшеліктер, тиеу, орау әдістері, жеткізілетін орны және т.б.) ауытқуларға немесе өзгерістерге жол берілмейді.

      37. Егер кез келген өзгеріс Өнім берушіге шарт бойынша тауарлардың кез келген бөлігін жеткізу үшін қажетті құнның немесе мерзімнің азаюына әкеп соғатын болса, шарттың бағасы немесе жеткізу кестесі немесе екеуі де тиісті түрде түзетіледі, ал шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. Осы бап шеңберінде түзету жүргізуге Өнім берушінің барлық сұрау салулары Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкімді Өнім беруші алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде берілуге тиіс.

      38. Өнім беруші қандай да болмасын біреуге осы шарт бойынша өзінің міндеттемелерін Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз не толық, не ішінара бермейді.

       39. Егер бұл конкурстық өтінімнің құжаттарында айтылған болса, Өнім беруші Тапсырыс берушіге осы шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмесін береді. Қосалқы мердігерлердің болуы Өнім берушіні шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.

      40. Тауарларды жеткізуді Өнім беруші кестеге сәйкес жүзеге асырады.

      41. Өнім беруші тарапынан жеткізудің орындалуын кідірту, оған жүктелетін мынадай санкцияларға әкеп соқтыруы мүмкін: шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ұстап қала отырып, Тапсырыс берушінің шартты бұзуы не уақтылы жеткізбегені үшін тұрақсыздық айыбын төлеу.

      42. Форс-мажорлық жағдайларды қоспағанда, егер Өнім беруші шартта көзделген мерзімде Тауарды жеткізе алмаса, Тапсырыс беруші шарт шеңберіндегі өзінің басқа да құқықтарына залалсыз, өнім беруші міндеттемені орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін шарт сомасының 0,1 %-ы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) өндіріп алады не мерзімі өткен әрбір күн үшін тиісінше орындамаған міндеттеменің 0,1 %-ы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) өндіріп алады.

       43. Шарттың талаптарын бұзғаны үшін басқа қандай да бір санкцияларға залалсыз, Өнім берушіге міндеттемелерді орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып, Тапсырыс беруші:

       а) егер Өнім беруші Тауардың бір бөлігін немесе барлығын шартта көзделген мерзім(дер)де немесе Тапсырыс беруші берген осы шартты ұзарту кезеңі ішінде жеткізе алмаса;

      б) егер Өнім беруші шарт бойынша өзінің қандай да бір басқа міндеттемесін орындай алмаса, осы шартты толық немесе ішінара бұза алады.

      44. Егер шарттың орындалуын кешіктіру форс-мажор жағдаяттардың нәтижесі болып табылса, Өнім беруші өзінің шарттың орындалуын қамтамасыз етуінен айырылмайды және шарттың талаптары орындалмауына байланысты тұрақсыздық айыбын төлеу немесе оны бұзу үшін жауапты болмайды.

      45. Осы шарттың мақсаттары үшін "форс-мажор" Өнім берушінің тарапынан бақылауға бағынышты емес, Өнім берушінің қателігі немесе ұқыпсыздығына байланысты емес және күтпеген сипаттағы оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар әскери іс-қимылдар, табиғи немесе зілзала апаттары, індет, карантин, тауарды жеткізуге эмбарго сияқты әрекеттерді қамтиды, бірақ олармен шектелмейді.

       46. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде Өнім беруші Тапсырыс берушіге мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы тез арада жазбаша хабарлама жібереді. Егер Тапсырыс берушіден өзгеше жазбаша нұсқаулықтар түспесе, бұл қаншалықты орынды болуына қарай Өнім беруші шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауды жалғастырады және шартты орындаудың форс-мажор жағдаяттарға тәуелді емес баламалы тәсілдерін іздестіруді жүргізеді.

      47. Егер Өнім беруші банкрот немесе төлемге қабілетсіз болса, Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарламаны жібере отырып, Тапсырыс беруші шартты бұза алады. Бұл жағдайда бұзу дереу жүзеге асырылады және егер шарттың бұзылуы залал келтірмесе немесе Тапсырыс берушінің іс-қимылдар жасауға қандай да бір құқықтарын немесе оған қойылған немесе кейіннен қойылуы мүмкін санкцияларды қолдануды қозғамауы шартымен, Тапсырыс беруші Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндетті көтермейді.

       48. Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, оның бұдан әрі шартты орындауы орынсыздығына байланысты Тапсырыс беруші кез келген уақытта оны бұза алады. Хабарламада Шартты бұзудың себебі көрсетіледі, күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ шарттың бұзылуы күшіне енген күн баяндалады.

      49. Шарт жоғарыда көрсетілген жағдаяттарға байланысты күшін жойған кезде, Өнім беруші шарт бұзылған күнге оны бұзуға байланысты іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы талап етуге құқылы.

      50. Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы анықталған, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Өнім берушіге Заңда көзделмеген жәрдем көрсеткен жағдайда, мемлекеттік сатып алу туралы шарт кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін. Осы негіздер бойынша шарттың бұзылуына байланысты болған шығындар үшін ғана Өнім беруші ақы талап етуге құқығы жоқ.

       51. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші тікелей келіссөздер процесінде өздерінің арасында шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешуге бар күш-жігерін жұмсауға тиіс.

      52. Егер осындай келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші шарт бойынша дауды шеше алмаса, тараптардың кез келгені осы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.

      53. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт отандық тауар өндірушілермен немесе отандық қызмет көрсетушілермен жасалған жағдайда, шартта алдын ала ақы төлеу және тауарларды жеткізгені не қызметтерді көрсеткені үшін толық ақы төлеу туралы талап қамтылады. Бұл ретте толық ақы төлеу мерзімі осы шарт бойынша міндеттемелер орындалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды.

      54. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасының салық заңнамасының, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының талаптарына сәйкес қосылған құн салығын және акциздерді төлеу талаптарын қамтиды.

       55. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасының бейрезидентімен жасалған жағдайда, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шартты ол ұсынған нысанда ресімдеуге жол беріледі.

      56. Шарт қазақ және/немесе орыс тiлдерiнде жасалады. Шартты төрелiкте қарау қажет болған жағдайда шарттың қазақ және/немесе орыс тiлдерiндегi данасы қаралады. Шартқа қатысты барлық хат алмасу және тараптар алмасатын басқа құжаттама осы талаптарға сәйкес болуға тиiс.

      57. Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалады.

      58. Шартқа сәйкес бір тарап екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама кейіннен түпнұсқасын бере отырып, хат, жеделхат, телекс немесе факс түрінде жөнелтіледі.

      59. Хабарлама, күндердің қайсысы кеш болуына қарай, жеткізілгеннен кейін немесе күшіне ену көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілсе) күшіне енеді.

      60. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төленуге жатады.

      61. Өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді конкурстық құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және шарттарда енгізуге міндетті.

      62. Өнім беруші жергілікті қамтуды (ол бар болса) конкурстық өтінімге сәйкес қамтамасыз етуге міндеттенеді.

      63. Өнім беруші жеткізілетін тауардың бүкіл (барлық) партиясына (партияларына) тауардың шығарылған жері туралы CT-KZ нысанындағы сертификатты ұсынуға міндеттенеді.

      64. Осы шартта Тапсырыс берушімен Өнім берушімен белгіленген тәртіппен келісілген өзге де айыппұл санкциялары не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де талаптар көзделуі мүмкін.

      65. Осы шарт Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде (мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер үшін) тіркегеннен кейін және Қағидалардың 121-тармағында көрсетілген жағдайларда Өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін күшіне енеді.

      66. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері:

                  Тапсырыс беруші              Өнім беруші

            _____________________________  ________________________

                    (толық атауы)               (толық атауы)

            _____________________________  ________________________

            _____________________________  ________________________

                    (мекенжайы)                   (мекенжайы)

            _____________________________  ________________________

                  (телефоны, факсі)           (телефоны, факсі)

            _____________________________  ________________________

                       (Т.А.Ә. (бар болса))        (Т.А.Ә. (бар болса))

            _____________________________  ________________________

                       (қолы)                       (қолы)

            ________ж. "__"__________      _________ж. "___" ______

            М.О.                            М.О

            Аумақтық қазынашылық органында тіркелген күні (мемлекеттік органдар мен мекемелер үшін): ___________________

      Осы Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт Тапсырыс берушінің тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруы процесінде Тапсырыс беруші мен Мердігер арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді. Осы шартты пайдалана отырып, Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу қорытындылары негізінде, өзінің тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы шартының түпкілікті жобасын әзірлейді. Бұл ретте осы шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының, оның ішінде мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнамасына, Тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамасына, Өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтініміне және Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес болуға тиіс. Осы шартта курсивпен бөліп көрсетілген түсіндірулерді Тапсырыс беруші толтыруға тиіс.