Дерево страниц

Сравнение версий

Ключ

  • Эта строка добавлена.
  • Эта строка удалена.
  • Изменено форматирование.

...

Егер өнім жеткізуші шартқа қол қоюдан кейін ЖҚТ-ға қосылған болса, атап айтқанда «Қолданыста» мәртебесіне ие болғанда, Тапсырыс беруші тарапынан шартты тоқтату, орындау бойынша, қосымша келісімді құруға, сонымен қатар МС туралы есепті тіркеуге байланысты  әрекеттер қол жетімді болады.


Өнім берушінің шартқа қол қоюы


«Өнім берушіде қол қойылуда» мәртебесінде өнім беруші «Шарт және келісу» - «Шарт» қойындысында шартқа қол қоюы қажет.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер Тапсырыс беруші қол қоюға шартты жіберу кезінен бастап 3 жұмыс күні ішінде, Өнім беруші шартқа қол қоюды жүзеге асырмаса, осы Өнім берушіні жүйе жосықсыз өнім берушілердің тізіліміне (бұдан әрі - ЖҚТ) автоматты қосады.

Егер Өнім беруші шартқа мерзімінде қол қойса, бірақ қандай да бір себептер бойынша шартты Тапсырыс беруші кері қайтарса және қол қойылуға қайтадан жіберілсе, жүйе шартқа алғашқы қол қою кезін бекітеді, және өнім берушіні ЖҚТ қосуға рұқсат бермейді.

МАҢЫЗДЫ: Нақты сатып алу тәсілі «Конкурс», «Аукцион», сондай-ақ «Өтпеді деп танылған сатып алу бойынша бір көзден алу» болған «Конкурс», «Аукцион» жоспарланған тәсілмен «Қазынашылықта тіркеусіз» белгісімен шарт өнім беруші шартқа қол қойғаннан кейін «Қол қойылды» мәртебесіне өтеді. Осы мәртебе үшін шартты «Жасалмады» мәртебесіне ауыстыру және шартты екінші жеңімпазбен жасасу мүмкіндігі үшін «Жасасудан бас тарту/Шартты мерзімінен бұрын тоқтату» әрекеті қолжетімді (Өнім беруші шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайда).

Осы жағдайларда ЭБК немесе банк кепілдемесінің көшірмесімен файлды қоса жалғағаннан немесе өнім беруші қамтамасыз етуді енгізгеннен және Тапсырыс беруші басып шығаруға арналған нұсқаны кейіннен қалыптастырғаннан кейін шарт «Қолданыста» мәртебесіне өтеді.

ЕСКЕРТУ: Егер өнім беруші шарт жасасқаннан кейін ЖҚТ қосылған, яғни «Қолданыста» мәртебесі болса, Тапсырыс берушіге шартты тоқтату, орындау, қосымша келісімді құру, сондай-ақ МС туралы есепті қоса жалғау бойынша әрекеттер қолжетімді.