Versions Compared

Key

  • This line was added.
  • This line was removed.
  • Formatting was changed.

«Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитеттің» қызметкерлері үшін «НАА әкімшісі» рөлімен  ТЖҚ  тізбесін (Олар бойынша  мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлар, жұмыстар, қызметтер тізбесі) басқару функционалы қолжетімді.  Бұл  «БҰ кабинеті» - «Анықтамалықтарды басқару»  тарауына өту қажет (483-сурет):

Image Added

483-сурет

Нәтижесінде нормативтік-анықтамалық ақпаратты әкімшілендіру нысаны ашылады  (484-сурет)

Image Added

 484-сурет

Нысанның  сол жақ бөлігінен керек анықтамалыты таңдау қажет, бұл үшін анықтамалықтың атауы гиперсілтемесін басыңыз (485-сурет):

Image Added

485-сурет

Деректерді қарау үшін, ашылған нысанда  «Деректерді жүктеу» батырмасын басыңыз (486-сурет):

Image Added

486-сурет

Нәтижесінде анықтамалық деректерімен нысан ашылады (487-сурет):

Image Added

487-сурет

Жаңа жазбаны қосу үшін, тізім соңындағы   «Жазба құру»батырмасын басыңыз (488-сурет):

Image Added

488-сурет

Батырманы басқан кезде, «ББӘ» жолын толтыру қажет жол ашылады (489-сурет):

Image Added

489-сурет

«Басталу күні», «Аяқталу күні», «Жазбаны сәйкестендіргіш» жолдары редакциялау үшін қолжетімді емес:

  •  Басталу күні – жазбаны сақтау үшін автоматты түрде көрсетіледі;
  • Аяқталу күні –   2099 ж. 01.01. датасы автоматты түрде көрсетіледі;
  • Жазбаны сәйкестендіргіш – Жүйе автоматты түрде береді.

Жазбаны белсенді емес ету қажет болған жағдайда, жазба жолындағы пиктограмманы басыңыз (490-сурет):

Image Added

490-сурет

Бұдан әрі әрекетті растау қажет   (491-сурет):

Image Added

491-сурет

Нәтижесінде жазба белсенді емес болады және таңдалған жазбада «Аяқталу күні» жолына ағымдағы күн қойылады.

Тізбе бойынша шарттар анықтамалығымен жұмыс істеу үшін анықтамалықты таңдау және «Деректерді жүктеу» батырмасын басу қажет   (492-сурет):

Image Added

492-сурет

Егер анықтамалықта ТЖҚ жаңа кодын қосу қажет болса, «Жазбаны құру» батырмасын басыңыз.  Нәтижесінде жаңа жолмен нысан ашылады (493-сурет):

Image Added

493-сурет

Жазбаны құру нысаны мынадай жолдардан тұрады:

  •  ТЖҚ коды – ТЖҚ кодын енгізу қажет (іздеу ыңғайлы болуы үшін «ТЖҚ іздеу» батырмасын басыңыз)
  •  АЕК ең жоғары мөлшері – қажет болғанда АЕК мәнін көрсетіңіз; 
  •  ББӘ тексеруді пайдалану – түсіп тұратын тізімнен «Иә»/»Жоқ» мәнін таңдаңыз; 
  •  Жазбаны сәйкестендіргіш –  Жүйе  мәнін автоматты түрде қояды;
  •  Басталу күні – Жүйен мәнін автоматты түрде қояды (жазбаны сақтаған кезде ағымдағы күні);
  •  Аяқталу күні – үндемеуі бойынша 2099 жыл қойылады, жаңа жазбаны  жасаған кезде редакциялауға жатпайды.
  •  Сатып алу тәсілдері -  тексеру таралуы тиіс сатып алу тәсілдерін белгілеу қажет.

Бұдан әрі «Сақтау» батырмасын басыңыз.

Анықтамалық ақпаратты жүргізу

Тапсырыс берушілердің БҰ-мен коммуникациясы

Бірыңғай ұйымдастырушының сатып алуды өткізуі