Versions Compared

Key

  • This line was added.
  • This line was removed.
  • Formatting was changed.

...

  «Хабарландыру жобасын жасау»  тарауы мынадай жолдар мен басқару элементтерінен тұрады:

Элемент

Әрекет

Сатып алу өткізу тәсілі

Қолмен толтырылады. Түсіп тұратын тізімнен мәні таңдалады.

Сатып алу типі

Қолмен толтырылады. Тізімнен мына мәндердің бірі таңдалады:

Бастапқы сатып алу;

Қайта сатып алу.

Сатып алу мәнінің түрі

  «Тауар» мәнінің түрі үндемеуі бойынша белгіленеді. Редакциялауға жатпайды.

Қазақ тілінде хабарландыру (сатып алу) атауы

Қолмен толтырылады

Орыс  тілінде хабарландыру (сатып алу) атауы

Қолмен толтырылады

Бұдан әрі

Батырманы басқан кезде, жүйе міндеттерді жолдардың толтырылғанын текереді.

 

Ескертпе:  Осы жолдарды толтырғаннан кейін,  жүйе хабарландыруды «Жұмыс кабинеті» - «Менің хабарландыруларым (ұйымдастырушы) тарауында «Жоба» мәртебесінде автоматты түрде сақтайды:

...

Бұл нысанның мынадай жолдары мен басқару элементтері бар

 

Жол атауы

Сипаттама

Өтінімнің әрекет ету мерзімі

Қолмен толтырылады. Өтінімнің әрекет етуінің ең аз  мерзімі күнтізбелік күн. Сандық мән.

Ұйымдастырушы туралы ақпарат

Өкілдің аты-жөні

Қолмен толтырылады. «Қосу» батырмасын басқан кезде қалқыма терезе бейнеленеді. Үндемеуі бойынша Ұйымдастырушы өкілеттігі бар пайдаланушылар ғана бейнеленеді. Пайдаланушыны таңдау «Таңдау» батырмасының көмегімен жүзеге асырылады  Пайдаланушыны іздеуді сүзгілер жинағының көмегімен (ЖСН немесе Аты-жөні бойынша) жүзеге асыруға болады).

Лауазымы

Өкілдің тіркеу деректерінен автоматты түрде толтырылады.

Байланысу телефоны

Өкілдің тіркеу деректерінен автоматты түрде толтырылады..

E-mail

Өкілдің тіркеу деректерінен автоматты түрде толтырылады.

Ұйымдастырушының банк деректемелеріі

Қолмен толтырылады. Түсіп тұратын тізімнен шот таңдалады.

Өтінімді қамтамасыз ету үшін банк деректемелеріі

Қолмен толтырылады. Түсіп тұратын тізімнен шот таңдалады.

 

«Қосу» батырмасын белсенді еткеннен кейін келесі терезе бейнеленеді.

...

Бұл нысанның мынадай жолдары мен басқару элементтері бар

Жол атауы

Сипаттама

Өкілдің аты-жөні, Лауазымы,  Байланысу телефоны,  E-mail

«Ұйымдастырушы туралы ақпарат» нысаны сияқты толтырылады

Құжаттаманы бекіткен адам

Қолмен толтырылады.

Бұйрық нөмірі

Қолмен толтырылады.

Бұйрықтың күні

Қолмен толтырылады немесе күнтізбеден таңдалады.

Банк деректемелері

«Банктік шоттар» кестесінен  негізгі есеп автоматты түрде толтырылады. Түсіп тұратын тізімнен басқа шоттың таңдау мүмкіндігі бар.

 

Ескертпе: Егер Ұйымдастырушыда бірыңғай ұйымдастырушы белгісі болса, онда «Құжаттаманы бекіткен адам», «Бұйрық нөмірі», «Бұйрықтың күні жолдары «Ұйымдастырушы туралы ақпарат» тарауында ғана толтырылады.

...

 «Техникалық өзіндік ерекшелік» тарауына өту үшін құжаттаманың жалпы тізімінде  «2-қосымша (Техникалық өзіндік ерекшелік)» белсенді сілтемесін басу қажет. 

Image RemovedImage Added

Бейнеленген нысанда «Толтыру»  белсенді сілтемесін басу қажет.

 

Image RemovedImage Added

Құжаттардың жалпы тізіміне оралу үшін «Артқа оралу» батырмасын басу қажет.

«Толтыру» батырмасын басқаннан кейін Техникалық өзіндік ерекшелік нысаны бейнеленеді, орыс және қазақ тілдерінде сипаттамаларын толтыру қажет.

 Image Removed

Image Added

Image Added

Сипаттамаларын толтырғаннан кейін «Сақтау» батырмасын, одан соң    «Техникалық өзіндік ерекшелікті бекіту» батырмасын басу қажет. Бұдан соң «Қол қою» батырмасы пайда болады.

...

     Хабарландыру жариялау

Назар аударыңыз! Хабарландыруды жариялар алдында енгізілген деректердің дұрыстығын тексеріңіз.

Хабарландыру жариялау үшін «Жариялау» батырмасын басу қажет. Деректерді редакциялау талап етілген жағдайда «Артқа» батырмасын басу қажет, жүйе алдындағы қадамға қайта әкеледі.

...

Хабарландыру ойдағыдай жарияланған жағдайда, «Жарияланды» мәртебесі беріледі. Олай болмаған жағдайда жүйе қате туралы хабарлама береді.

Сатып алуды жариялау мерзімі «Сатып алуды жариялаудың жоспарланған мерзімі (ай)»  жолындағы жоспар тармағында көрсетілген мерзімдерге сәйкес келмеген жағдайда, жүйе тиісті қатені көрсетеді:

Image Added

             Құжаттаманың ережелерін талқылау

...

«Сатып алудан бас тарту» рәсімі  «Тапсырыс беруші» рөлімен пайдаланушыға қолжетімді. Толық нұсқаулық «Тапсырыс беруші» нұсқаулығында сипатталған.

  Аукциондық комиссияны өзгерту

Хатшыға хаттаманы қарау нысанында «Комиссияны өзгерту» әрекеті қолжетімді.

Image Added

Осы әрекетті орындағаннан кейін экранда аукциондық комиссияны өзгерту нысаны бейнеленеді.

Image Added

Аукциондық комиссия мүшесін өзгерту үшін «Өзгерту» батырмасын басу қажет.

Аукциондық комиссияның жаңа мүшесін қосу «комисссия мүшесін қосу» батырмасының, алып тастау батырмасының көмегімен орындалады .

«Шешім нөмірі», «шешімнің күні» жолдары міндетті болып табылады. Өзгерістерді сақтау үшін аукциондық комиссияны өзгертуге  негіз болған  файлды қоса тіркеу және «Өзгерістерді сақтау» батырмасын басу керек. 

Ескертпе:

−        Хабарландыру хатшысын Аукциондық комиссия Төрағасы өзгерте алады. 

−        Егер дауыс беру әлі аяқталмаса және «Өтінімдерді  қарау»/»Өтінімдерді толықтыруды қарау» хабарландыруының мәртебесіне жүйе аукциондық комиссияның жаңа мүшесін  шығаруға немесе қосуға мүмкіндік береді.  Аукциондық комиссияның шығарылған мүшесі дауыс дауыс берген жағдайда, Жүйе  дуыс беру нәтижесін алып тастауға және аукциондық комиссияның осы мүшесіне  қайтадан дауыс беруге тыйым салады.    Егер комиссияның шығарылған мүшесі әлі дауыс бермесе, Жүйе өнім берушілерді жіберу/қабыл алмау бойынша шешімдерді енгізуі үшін қолжетімдіктерді жабуы тиіс.

Комиассияның жаңа мүшесін қосқан жағдайда, Жүйе аукциондық комиссия мүшесіне дауыс беруге мүмкіндік береді. 

             Өнім берушілердің аукционға қатысуға арналған өтінімдерін қарау

Аукциондық комиссия мүшелерінің өтінімдерін қабылдаудың аяқталу мерзімі басталғанда   жүйе Өнім берушілердің өтінімдерін қарау қажеттігі туралы хабарламаларды автоматты түрде жіберуді жүзеге асырады. «Хабарлама» тарауына өту үшін «Қатысушы бейіні» мәзірін ашу қажет.

Image Added

Хабарламаларды  қарауды сондай-ақ беттің оң жақ жоғары бұрышындағы  келіп түскен хабарламалар саны түрінде пиктограмманы басып орындауға болады. Пиктограммаға басқан соң соңғы 5 алынған хабарлама тізімі бейнеленеді. Барлық хабарламаларды көру үшін «Барлық хабарламалар» сілтемесін басу қажет.

Image Added

Аукциондық комиссия мүшелеріне Өнім берушілердің өтінімдерін қарау қажет хабарландыруды іздеуді жүзеге асыру үшін,  «Жұмыс кабинеті» тарауына өтіп, «Хабарландыруларды іздеу» (жалпы) таңдау қажет. 

Image Added

Ұсынылған құжаттарды қарау үшін Өнім берушілерге  хабарландыруды қарау нысанында «Қолжетімді әрекеттер» тарауында тізімнен «Өтінімді қарау» таңдау қажет. 

Ескертпе: «Төраға», «Комиссия» рөліндегі Пайдаланушылар егер хабарландыру мәртебесі «Өтінімдерді қарау» («өтінімдерді толықтыруларды қарау») болса, Өнім берушілердің өтінімдерін қарай алады. 

Image Added

Қатысу үшін берілген өтінімдер тізімі бейнеленеді.

Image Added

Аукционға өтінім берген Өнім берушілер туралы ақпаратты қарау үшін,  өтінім нөмірінің сілтемесені басу қажет. Өтінім нөміріне басқан кезде Өнім берушілерді жіберу бетіне өту жүзеге асырылады.

Image Added

«Құжаттама» тарауында құжаттарды қарау және жүктеп алу мүмкіндігімен Өнім берушілер ұсынған құжаттар тізімі бар. Өтінім бойынша Өнім берушілердің құжаттамасын қарау үшін «Құжаттама» тарауына өту қажет.

Image Added

 «Өнім беруші туралы мәлімет» қосымша бетінде Өнім беруші туралы ақпарат бейнеленеді. «Қатысу үшін лоттар» қосымша бетінде  ол бойынша Өнім беруші сатып алуға қатсатын лот бейнеленеді. «Лоттар бойынша өнім берушілерді жіберу» қосымша бетінде  өтінімдерді жіберу/ қабыл алмау жүзеге асырылады.

Image Added

Жіберу/ қабыл алмау бойынша дауыс беру үшін Өнім берушілерге хабарландыруды қарау нысанында «Лоттар бойынша Өнім берушіні жіберу» тарауына өту қажет.

Image Added

 Жіберу/қабыл алмау бойынша белгіні таңдау үшін «Ескертпе» жолында келесі мәндермен түсіп тұратын тізім қамтылған:

-Жіберілді

-Қабыл алынбады.

Лоттар бойынша өнім берушіні жіберу екі тарауды қамтиды:

-        Барлық лоттар бойынша жалпы құжаттар;

-        Әрбір лот бойынша құжаттар.

  «Барлық лоттар бойынша жалпы құжаттар»  тарауы мынадай санаттардан тұрады:

-        Біліктілік талаптарына сәйкестік;

-        МС туралы Заңның 6 т. бойынша шектеулер болмауы.

  «Біліктілік талаптарына сәйкестік» санаты мынадай тараулардан тұрады:

-        5-қосымша ( Өнім берушілер тауарлар сатып алған кезде біліктілік туралы мәлімет);

-        Куәлік, сертификаттар, дипломдар және басқа құжаттар;

-        Бірінші санаттың рұқсаты (Лицензиялар);

-        Екінші санаттың рұқсаты.

Ескертпе: бұл тізім бір немесе бірнеше құжаттама бойынша Өнім беруші қабыл алмауға шешім қабылдаған жағдайда бейнеленеді.

 

Өнім берушіні  бір немесе бірнеше құжаттар бойынша қабыл алмау туралы шешім қабылданған жағдайда,  құжат бар жолға қанат белгі қойып, қабыл алынбау себебін көрсету талап етіледі.

Image Added

Ескертпе:  «Файлды қоса тіркеу» батырмасы өнім берушінің өтінімін қабыл алмау негіздемесін толтырған кезде міндетті шарт болып табылмайды.

«МС туралы Заңның 6 т. бойынша шектеулер болмауы» санаты бойынша шешім қабылдау үшін «Ескертпе» жолында Түсіп тұратын тізімнен келесі мәндердің бірін таңдау талап етіледі:

-Жіберілді

-Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады .

«Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады» мәні таңдалған жағдайда, тиісті жолға қанат белгі қойып және қабыл алынбау себебін көрсетіп, Заңның 6-бабының тармақшасын көрсету талап етіледі.   

Image Added

Ескертпе:  «Файлды қоса тіркеу» батырмасы өнім берушінің өтінімін қабыл алмау негіздемесін толтырған кезде міндетті шарт болып табылмайды.

Назар аударыңыз! МС Заңының 6-бабы бойынша  конкурстық комиссия мүшесінің тым болмағанда біреуі бойынша «Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады»  шешімі болған жағдайда, Жүйе комиссия мүшелерінің көпшілігі осы өнім берушіні жібергеніне байланыссыз  «Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады»  қорытынды шешімін беруі тиіс. Жүйе  бұл шешімді өнім беруші қатысатын  барлық лоттарға  автоматты түрде қолданады. Бұл өнім беруші қайтадан сатып алуға қатысуға өтінім бере алмайды .

Барлық санаттар бойынша шешім қабылданған соң, тарауда «Сақтау» батырмасын басу талап етіледі. Шешімді сақтағаннан кейін тарауы бар жолда қабылданған шешім бейнеленеді (Жіберілді, Қабыл алынбады, Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады).

«Әрбір лот бойынша құжаттар» тарауына өту үшін лот нөмірінің белсенді сілтемесін басу талап етіледі.

Бұл тарау «Аукциондық құжаттаманың сәйкестігі» санатынан тұрады.  Оған мынадай қосымшалар жатады:

­   6-қосымша (Өтінімді  қамтамасыз ету,кепілді емес ақшалай жарна)

­   2-қосымша (Техникалық өзіндік ерекшелік)

Өтінімді қамтамасыз ету бойынша қайта табыстау құқығынсыз Өнім берушінің қабыл алмау қажет болған жағдайда, «Жіберу» жолында 6-қосымшасы бар жолға қанат белгі қою талап етіледі, жүйе «қайта табыстау құқығынсыз» қосымша жолды бейнелейді, мұнда да қанат белгі қою талап етіледі.   Қабыл алынбады себебін көрсетуге арналған жол міндетті болып табылады.

Image Added

Назар аударыңыз!  Конкурстық комиссиясының тым болмағанда бір мүшесі бойынша «Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады» шешімі болса,  Жүйе комиссия мүшелерінің көпшілігі осы өнім берушіні жібергеніне байланыссыз  «Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады»  қорытынды шешімін береді . Қабыл алынбаған өнім беруші осы лот бойынша өтінім толтыруға бере алмайды. Бұл шешім өтінімдегі басқа лоттарға таралмайды.

Барлық санаттар бойынша шешім қабылданған соң, тарауда «Сақтау» батырмасын басу талап етіледі. Шешімді сақтағаннан кейін тарауы бар жолда қабылданған шешім бейнеленеді (Жіберілді, Қабыл алынбады, Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады).

Image Added

Барлық тараулар бойынша дауыс беруді аяқтау үшін, «Дауыс беру» батырмасын басу қажет.

 «Артқа оралу» батырмасы өтінімдер тізіміне оралуға арналған.

Назар аударыңыз! Дауыс беру аяқталғанға дейін Комиссияға «Дауысты шақырып алу» атқарымын пайдаланып, өз дауысын шақырып алу мүмкіндігі беріледі.

Image Added


 Өтінімдердің қаралуын бақылау

Хатшыға «Өтінімдерді қарау»/Өтінімдерді толықтыруды қарау» мәртебесімен хабарландыруды қарау нысанында дауыс беру барысын қадағалау атқарымы қолжетімді. Осы атқарымды пайдалану үшін «Қолжетімді әрекеттер» тарауында «Өтінімді қарау» тармағын таңдау қажет.


 

 Image Added

 

Жүйе өтінімдерді қарау нысанын бейнелейді.

Image Added

Өтінім туралы ақпаратты  (құжаттама, Өнім беруші туралыы мәлімет, қатысу үшін лоттар, Өнім берушіні лоттар бойынша жіберу) қарау үшін) Өнім берушіге өтінімнің белсенді нөмірін басу қажет.

«Дауыс беруді бақылау» тарауында сатып алу бойынша лоттар тізімі бейнеленеді.

Image Added

Дауыс беру нәтижелерін қарау үшін аукциондық комиссия мүшелеріне лот атуына басу қажет. Өтінім берген Өнім берушілер тізімі бейнеленеді.

Image Added

«Шешім» жолы келесі мәндерді қамтуы мүмкін:

-        Кворумға қолжеткізілді – егер олар қатысқан лоттар бойынша Өнім берушілердің барлық өтінімдеріне аукциондық комиссия мүшелерінің (бұл ретте комиссия төрағасы міндетті)  көпшілігі дауыс берсе.

-        Жіберілді/Қабыл алынбады– дауыс беру жабық;

­   Жіберілді – көпшілік дауыспен өнім беруші жіберілген жағдайда шығады.

­   Қабыл алынбады – Өнім беруші  біліктілік талаптарына немесе аукциондық құжаттама сәйкес болмағандықтан көпшілік дауыспен қабыл алынбаған жағдайда шығарылады;

-        Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады– МС Заңның 6-бабы бойынша қабыл алынбаған жағдайда немесе тым болмағанда бір аукциондық комиссия мүшесі бойынша өтінімге қамтамасыз ету ұсынбауы себепті қабыл алынбаған кезде шығарылады.

­   Кворум жоқ – дуыс беру басталды, дауыс беру бойынша кворумға қолжеткізілмеді.

Ескертпе:

­   МС Заңның 6-бабы бойынша аукциондық комиссияның тым болмағанда бір мүшесі бойынша  «Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады» шешімі болған жағдайда,  Жүйе аукциондық комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен жіберілгеніне қарамастан, «Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады»  қорытынды шешімін беруі тиіс.

­   «Өтінімді  қамтамасыз ету» құжаты бойынша аукциондық комиссияның тым болмағанда бір мүшесі бойынша  «Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады» шешімі болған жағдайда,  Жүйе аукциондық комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен жіберілгеніне қарамастан, «Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады»  қорытынды шешімін беруі тиіс. 

«Жақтап» жолы – әлеуетті Өнім берушіні ол өтінім берген лот бойынша сатып алуға жіберген  аукциондық комиссия мүшелерінің саны туралы мәліметтен тұрады.

«Қарсы» жолы – әлеуетті Өнім берушіні ол өтінім берген лот бойынша сатып алуға жібермеген  аукциондық комиссия мүшелерінің саны туралы мәліметтен тұрады  

«Дауыс бермеді» жолы – әлеуетті өнім берушіні ол өтінім берген лот бойынша сатып алуға қатысуға жіберу/қабыл алмау жөнінде шешім қабылдамаған Конкурстық комиссия мүшелерінің саны туралы мәліметті қамтиды.

Дауыс беру нәтижелерін қарау үшін аукциондық комиссияның әрбір мүшесіне  ұйым атауын, одан соң лот атауын басу қажет. Келесі терезе пайда болады.

Image Added

Лот бойынша Өнім берушілерді жіберу/қабыл алмау бойынша дауыстар кворумы болған кезде  аукциондық комиссия Хатшысына  «Өнім берушілердің қаралуын бақылау» нысанында  «Дауыс беруді аяқтау» батырмасы қолжетімді болады.

Ескертпе:  Лот бойынша аукциондық комиссия мүшелерінің көбі дауыс бергенде кворумға  қолжеткізілді деп саналады. Бұл ретте аукциондық комиссия Төрағасы міндетті түрде дауыс беруі тиіс.

Image Added

Дауыс беру аяқталғаннан кейін қажет болғанда, Хатшыға дауыс беруді жаңғырту  қолжетімді, бұл үшін «Дауыс беруді жаңғырту» батырмасын басу қажет.

Image Added

Ескертпе: сатып алу бойынша дауыс беру нәтижелері негізінде қабыл алынбаған өтінім (-дер) болса, дауыс беруді бақылау нысанында «Алдын ала жіберу хаттамасын қалыптастыру» батырмасы қолжетімді болады».

 

   Алдын ала рұқсат ету хабарламасын қалыптастыру

Ауционда бір және одан көп әлеуетті Өнім беруші жіберілмеген жағдайда,   дауыс беру аяқталғаннан кейін Аукциондық комиссия Хатшысына  әрекеттер тізімінде «Алдын ала жіберу хаттамасын қалыптастыру» батырмасын таңдау қажет.

Ескертпе: бұл батырма сондай-ақ «Дауыс беруді бақылау» қосымша бетінде, өтінімдерді қарау нысанында қолжетімді. «Өтінімдерді қарау» нысанына өту үшін  қолжетімді әрекеттерден «Өтінімді қарау» батырмасын  басу қажет.

Нәтижесінде жүйе мемлекеттік және орыс тілдерінде PDF форматында алдын ала жіберу хаттамасын қалыптастырады.

Жіберу хаттамасын қалыптастырғаннан кейін өтінімдер, лот және хабарландыру мәртебесі «Жіберу алдындағы хаттаманы қалыптастыруға» өзгереді.

 


 Image Added


    Комиссия мүшелерінің алдын ала рұқсат ету хабарламасына қол қоюы

Алдын ала жіберу хаттамасы қалыптасқаннан кейін аукциондық комиссия мүшелеріне хаттамаға қол қою қажеттігі туралы хабарлама жіберу жүзеге асырылады.

Image Added

Ескертпе: Бұл ретте Хатшы қол қойғанша, аукциондық комиссия мүшелеріне қол қою қолжетімсіз болады.

Алдын ала жіберу хаттамасына қол қояр алдында құжаттың дұрыстығын тексеру қажет.   Құжатқа электрондық-цифрлық қолтаңба қойып, Сіз электрондық құжаттың бүтіндігін және түпнұсқалығын растайсыз.

 

Image Added

Назар аударыңыз! Алдын ала жіберу хаттамасын қалыптастырған кезде жүйе Жосықсыз өнім берушілер тізілімінде Өнім берушілер  бар-жоқтығына тексеру жүргізеді.


     Алдын ала рұқсат ету хабарламасын  жариялау


Алдын ала жіберу хаттамасына қол қойғаннан кейін жүйе кворум болуын тексереді,   кворум болса, аукциондық комиссия Хатшысына  «Алдын ала жіберу хаттамасын жариялау» әрекеті қолжетімді болады.

 

Image Added

Назар аударыңыз! Қатысуға өтінімдерді қайтадан беру қабылдаудың басталу және аяқталу күні автоматтты түрде қойылады.

Хабарламаны растаған жағдайда, аукционға қатысуға жіберілмеген, жетіспейтін құжаттарды қосуға Өнім берушілерген шақыруды автоматты түрде жібере отырып,  алдын ала рұқсат ету хабарламасын  жариялау жүзеге асырылады.

Image Added

Хабарлама мен лот мәртебесі «Жарияланды (өтінімдерге толықтыру» мәртебесіне ауысады.

Image Added

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Үшінші бағыт бойынша, егер хабарлама «Жарияланды  (өтінімдерді толықтыру)» хабарландыру мәртебесімен алдын ала жіберу хаттамасын орналастырған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберілсе, онда Ұйымдастырушы өтінімдерді толықтыру мерзімі аяқталғаннан кейін алдын ала жіберу хаттамасын қайта қарауды енгізу жолымен бұзушылықты жоюы тиіс. Әр түрлі уақытта  бірнеше хабарлама, бірақ бір хабарландырудан барлық лоттар бойынша жіберетін болған жағдайда, онда алдын ала жіберу хаттамасын қайта қарау жолымен хабарламаны орындау бірден барлық үш лот бойынша жүзеге асырылуы тиіс. 

Хабарлама жіберіп, алдын ала жіберу хаттамасын қайта қарау үшін өтінімдерді толықтыру мерзімі аяқталғаннан кейін  Жүйе:

  1.   «ААЖХ қайта қарау бойынша шешім қабылдау» лоттары мен хабарландыру мәртебесін өзгертеді.
  2. «ААЖХ қайта қарау» және «ААЖХ қайта қарамай сатып алуды жалғастыру» батырмаларын белсенді етеді.

Хабарлама негізінде бұзушылықты жою тәсіліне сипаттама 5.4.3 тарауда берілген


           Аукционға қатысуға арналған өтінімдерді екінші рет қарау

Өтінімдерді қайтадан қабылдаудың аяқталу мерзімі басталған кезде аукциондық комиссия мүшелеріне  Өнім берушілердің өтінімдерін екінші рет қарау әрекеті қолжетімді.

Бұл үшін «Қолжетімді әрекеттер» тарауында хабарландыруды қарау нысанында «Өтінімді қарау» таңдау қажет. 

Image Added

Аукционға қатысуға қайтадан өтінім берген Өнім берушілер туралы ақпаратты қарау үшін,  өтінім нөміріне сілтемені басу қажет. Өтінім нөміріне басқан  Өнім берушілерді екінші рет жіберу бетіне өту жүзеге асырылады.

Image Added

Жіберу/қабыл алмау бойынша екінші рет дауыс беру үшін қабыл алыбаған Өнім берушілерге хабарландыруды қарау нысанында «Лоттар бойынша Өнім берушіні жіберу» тарауына өту қажет.

Image Added

 Жіберу/қабыл алмау бойынша белгіні таңдау үшін «Ескертпе» жолында келесі мәндермен түсіп тұратын тізім қамтылған:

-Жіберілді

-Қабыл алынбады

-Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады.

  «Біліктілік талаптарына сәйкестік» санатында  «Жіберу», «Қабыл алмау» шешімі бейнеленеді;

«Аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестік» санатында «Жіберу», «Қабыл алмау» шешімі және  құжат үшін «Өтінімді  қамтамасыз ету» қосымша «Қайта табыстау құқығынсыз қабыл алмау» шешімі бейнеленеді;

 МС Заңының 6-бабы бойынша шектеулер болмауы»   санаты үшін «Жіберу», «Қайта табыстау құқығынсыз қабыл алмау» шешімі бейнеленеді.

Image Added

Өнім беруші қабыл алынбаған жағдайда, «Себептерін негіздеу» жолы   толтыру үшін міндетті болып табылады.

Қайта дауыс беруді тараулардың әрқайсысы бойынша бөлек жүргізу қажет: «Барлық лоттар бойынша жалпы құжаттар» және «Әрбір лот бойынша құжаттар».

Image Added

Тараулардың әрқайсысы бойынша қайта дауыс беруді аяқтағаннан кейін «Сақтау» батырмасын басу қажет.  Осы батырманы басқан кезде енгізілген нәтижелерді сақтау жүзеге асырылады.

Бұдан әрі барлық тараулар бойынша қайта жауыс беруді аяқтау үшін «Дауыс беру» батырмасын асу қажет.

Image Added

Назар аударыңыз! Қайта дауыс беруді аяқтағанға дейін Комиссияға  «Дауысты шақырып алу» атқарымын пайдаланып, өз дауысын шақырып алу мүмкіндігі беріледі.   

Image Added

Дауыс беруді аяқтау үшін сатып алу хатшысына хабарландыруды қарау нысанында  «Қолжетімді әрекеттер» әрекеттер тізімінен «Өтінімді қарау» батырмасын таңдау қажет.

Image Added

«Дауыс беруді бақылау» тарауында «Өтінімді қарау» әрекетін таңдаған кезде хатшыға   аукциондық комиссия мүшелерінің дауыс беруі бойынша ақпарат қолжетімді.

Image Added

Өнім берушілерді жіберу бойынша дауыстар кворумы болған кезде,  Аукциондық комиссия Хатшысына «Дауыс беруді бақылау» нысанында «Дауыс беруді аяқтау» батырмасы қолжетімді болады.


 Image Added


      Аукциондық комиссияның сауалдары туралы деректерді енгізу


Бұл атқарым алдын ала жіберу хаттамасы жарияланған   және өнім берушілер өтініміді қайта берген жағдайда қолжетімді. Хатшы аукциондық комиссия мүшелері (бұдан әрі – АКМ) сәйкес келмейтін жеке немесе заңды тұлғаларға,  мемлекеттік органдарға  біліктіліктік  талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына  сәйкес келтірілген  конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында жіберген сауалдар туралы деректерді енгізеді.  

АКМ сауалдары туралы деректерді толтыру үшін «Деректерді қосу» батырмасын басу қажет.

Image Added

Нәтижесінде экранда ККМ сауалдары туралы деректерді толтыру үшін нысан бейнеленеді

Image Added

ККМ сауалдары туралы деректерді толтыру нысанында мынадай жолдар бейнеленеді:

Жол атауы

Сипаттама

Лоттар тізімі

Үндемеуі бойынша хаьарландыруда жарияланған лоттар бейнеленеді. ККМ ол бойынша  сауал жіберген  лот таңдалады

Сауал жіберілді

Үндемеуі бойынша бос бейнеленеді. Тізімнен мына мәндердің бірі таңдалады:

- Өнім беруші;

- Сауал жіберілген ұйым/адам.

Сауал жіберілген ұйым/адам атауы

Үндемеуі бойынша бос бейнеленеді. «Сауал жіберілді» жолында «Өнім беруші» мәні таңдалған кезде, Жүйе «Лоттар тізімі» жолында таңдалған лотқа қатысуға өтінім берген Өнім берушілер атауын бейнелейді.

Өнім берушілер тізімінен қолмен Өнім беруші таңдалады.

Қазақ тілінде сауал жіберілген ұйым/адам атауы 

Қолмен толтырылады. «Сауал жіберілді»  жолында «Сауал жіберілген ұйым/адам» мәні таңдалса, толтыру үшін қолжетімді.

Орыс тілінде сауал жіберілген ұйым/адам атауы 

Қолмен толтырылады. «Сауал жіберілді»  жолында «Сауал жіберілген ұйым/адам» мәні таңдалса, толтыру үшін қолжетімді.

Қазақ тілінде сауал туралы ақпарат

Қолмен толтырылады.

Орыс тілінде сауал туралы ақпарат

Қолмен толтырылады.

Сауалды жолдау күні

Күнтізбеден таңдау.

Қазақ тілінде жауап туралы ақпарат

Қолмен толтырылады.

Орыс тілінде жауап туралы ақпарат

Қолмен толтырылады.

ККМ сауалдары туралы деректерді толтырғаннан кейін деректерді сақтау үшін «Сақтау» батырмасын басу қажет. Жүйе деректерді сақтайды. Сауалдар туралы жаңа мәліметтерді қосу үшін «Деректерді қосу» батырмасын басу қажет.


 Image Added


Рұқсат ету хаттамасын қалыптастыру

Image Added

Қолжетімді әрекеттер тізіміне қол қою бойынша кворумға  қолжетікізілген соң «Жіберу хаттамасын қалыптастыру» қолжетімді болады.

 

Қалыптасқан жіберу хаттамасына Хатшы қол қоюы қажет, бұл үшін «Қол қою» батырмасын, одан соң «Сақтау» батырмасын басу қажет.


 Image Added


 Комиссия мүшелерінің рұқсат ету хаттамасына қол қоюы

Төраға мен аукциондық комиссия мүшелеріне жеке кабинетке жіберу хаттамасына қол қою қажеттігі  туралы хабарлама келеді.

Аукциондық комиссия мүшелеріне жіберу хаттамасымен танысу және қол қою үшін  хабарландыруды қарау нысанына өту қажет.


 Image Added

      Комиссия мүшелерінің рұқсат ету хаттамасын жариялауы

Қол қою бойынша кворумға қол жеткізілгеннен кейін Хатшыда хабарландыруды қарау нысанында «Жіберу хаттамасын жариялау» батырмасы бейнеленеді.

Image Added

Экранда сауда-саттық өткізудің басталу және аяқталу күні мен уақыты бейнеленеді. Растау қажет.

Image Added

Жіберу хаттамасын жариялаумен бірге  аукцион өткізу мерзімі көрсетілген Қосымшаны жариялау жүзеге асырылады.

Image Added

Хаттаманы қарау үшін тиісті батырманы басу қажет.

Хаарландыруға аукциондық сауда-саттық жарияланғанға дейін «Жарияланды (аукцион  өткізу күтілуде) мәртебесі беріледі. 

       Аукциондық сауда-саттық өткізу

Аукциондық сауда-саттықты бастау күні мен уақыты басталғаннан кейін хабарландыруға     «Жарияланды (аукцион өткізу)» мәртебесі беріледі.

Аукционға баға  ұсыныстарын қабылдау уақыты аукцион өткізу басталғаннан бастап 30 минутты  және аукцион өткізу басталуынан 30  минут өткен соң  -  соңғы баға ұсынысы келіп түскеннен кейін 10 минутты құрайды.

Соңғы баға ұсынысы келіп түскеннен кейін 10 минут ішінде анағұрлым төмен бағаман баға ұсынысы келіп түспесе, аукцион автоматты түрде жабылады. 

Аукциондық сауда-саттық басталғаннан кейін  қатысушылардың бір де бірі баға  туралы ұсыныс бермесе, аукцион автоматты түрде аяқталады.

Аукцион аяқталғаннан кейін Жүйе автоматты түрде PDF, XML  форматында қорытындылар хаттамасын қалыптастырады және оны аукцион өткізу туралы хабарлама нысанын  қоса тіркейді.

Аукционға қатысушы  аукционның басқа қатысушылары ұсынған бағаға тең баға туралы ұсыныс берсе, бұрынырақ келіп түскен басқа ұсыныстардың баға туралы ұсынысы  ең жақсысы деп танылуы тиіс. 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! «Аукцион» тәсілімен өткізілмеген сатып алу бойынша қорытындылар хаттамасын жариялаған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Жүйе  Өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден алу» тәсілімен және бірінші/қайталама сатып алу түрі бар «Ашық конкурс» тәсілімен сатып алуды құруға  тыйым салады. 

Мыналарды қоспағанда:

- егер сатып алу қатысуға өтінімдер болмағандықтан өткізілмеді деп танылса және алдын ала талқылау барысында аукциондық құжаттамаға ескертулер болмаса; 

- егер сатып алу екі өтінімнен аз берілуіне байланысты өткізілмеді деп танылса және егер алдын ала талқылау барысында аукциондық құжаттамаға ескерту болмаса, сондай-ақ өнім беруші жіберілсе.

Өткізілмеген сатып алуда жоғарыда санамаланып берілген шарттар болған жағдайда, онда Жүйе сатып алуды құруға тыйым салмайды (қорытындылар хаттамасын жариялаған күннен бастап 5 жұмыс күні өтуі талап етілмейді). 

5 жұмыс күні өткеннен кейін шағымдар болмаса және осы сатып алу бойынша шарт жасасуды тоқтата тұру шаралары қабылданбаса, Жүйе Өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден алу» тәсілімен және бірінші/қайталама сатып алу түрі бар «Аукцион» тәсілімен сатып алуды құруға мүмкіндік береді

   Сатып алуды болдырмау

Акт бойынша мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзушылық айқындалуына байланысты, Сатып алуды болдырмау атқарымы хабарландыру жариялаған сәттен бастап шарт жасасқанға  дейін қолжетімді:

-        сот органдарының;

-        прокуратура органдарының;

-        қаржылық бақылау органдарының.

Сатып алуды болдырмауды жүргізу үшін Хатшыға хабарландыруды қарау нысанындағы әрекеттер тізімінен «Сатып алуды болдырмау» әрекетін таңдау қажет.

Image Added

Сатып алуда бірнеше лот болған жағдайда, барлық сатып алуға, сондай-ақ жекелеген лоттарға сатып алуды болдырмауға болады.

 Осы әрекетті орындағаннан кейін ескерту хабарламасы бейнеленеді.

Image Added

«Жоқ» батырмасын басқан кезде, жүйе сатып алуды қарау нысанына қайта әкеледі. Болдырмауды орындау үшін «Иә» батырмасын басу қажет, лоттарды таңдау үшін нысан бейнеленеді.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер сатып алу  болмай қалса және лот бір көзден алу (БКА) тәсілімен  не хабарландыруды қайталап жариялау үшін сатып алуға қосылса, «Аукцион» тәсілімен сатып алуды болдырмау үшін,  қайта сатып алуды емес, БКА сатып алуды болдырмау, одан соң «Аукцион» тәсілімен с атып алу алуды болдырмау қажет.   БКА лоттары сатып алуға не қайта сатып алуға қосылса, Жүйе келесі хабарламамен нысанды бейнелейді:

Image Added

Қайта сатып алуды еме, БКА сатып алуды болдырмағаннан кейін, лот «Аукцион» тәсілімен сатып алуды болдырмау үшін қолжетімді болады. 

Лоттарды таңдау лоты бар жолға қанат белгісін қою арқылы жүзеге асырылады, одан соң «Таңдалған лоттар бойынша сатып алуды болдырмауды жүргізу» батырамасын басу қажет.


 Image Added

Болдырмау нысаны бейнеленеді, онда болдырмауға негіз болып табылатын сканирленген электрондық құжатты қоса тіркеу және болдырмау негіздері бойынша ақпаратты толтыру қажет.

Image Added

Сатып алуды болдырмау нысаны келесі жолдардан тұрады:

Жол атауы

Жолдың мәні

Шешім нөмірі

Жол қолмен енгізу үшін мәтіндік және қолжетімді болып табылады. Бұл жолда акт нөмірін көрсету қажет.

Шешімнің күні

Бұл жолда тиісті актіні шығару күні көрсетіледі, «Күнтізбе» пиктограммасының көмегімен толтырылады.

Акт

 Түсіп тұратын тізімнен мәндерімен актілер түрлері анықтамалығының позициясы таңдалады:

- Шешім;

- Анықтама;

- Ұсыным;

- Хабарлама;

- Қаулы.

Орган

Бұл жолда мәндерімен органдар анықтамалығынан орган таңдалуы тиіс:

- Сот органы;

- Прокуратура органы;

- Мем. қарж. бақылау органы.

Орган атауы

Жол мәтіндік және қолмен енгізу үшін  қолжетімді болып табылады. Бұл жолда орган атауын толық көрсету қажет.

Файлды таңдаңыз

Батырма болдырмау негізі болып табылатын құжатты қоса тіркеуге арналған.

 

 Барлық жолдарды толтырып, қажетті файлды қоса тіркегеннен кейін «Болдырмау жүргізу» батырмасын басу қажет

 Барлық лоттарды болдырмаған кезде, сатып алуда  болдырмау себептерін көрсете отырып, автоматты түрде қорытындылар хаттамасы қалыптасады . Сатып алуда бірнеше лот болған жағдайда, бір лоттың болдырмаған кезе, лот мәртебесі Болдырмадыға өзгереді және қорытындылар хаттамасында жариялағаннан кейін осы лоттың болдырмау себебі көрсетіледі.

Сондай-ақ болдырылмаған лот жаңа сатып алу жариялау үшін пулға оралады.

Ескертпе. »Шарт жобасы» мәртебесімен шарт болған кезде, сатып алуда болдырмауды орындау үшін осы шартты алып тастау қажет.

 Тоқтата тұру, жалғастыру және болдырмау әрекеті «Тоқтата тұру/Жалғасы/сатып алуды болдырмау» қосымша бетінде бейнеленеді

Image Added

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сатып алуды болдырмау  «Қорытындылар хаттамасын қалыптастыру»  мәртебесімен жасалған жағдайда, жүйе  хаттаманы сатып алуды болдырмау туралы басқа хаттамаға қайта қалыптастырады.

Ескертпе: Жүйе бұрын қол қойылған хаттаманы  болдырмау туралы ақпарат бар өзекті хаттамаға автоматты түрде қайта қалыптастырады.  Бұдан соң хаттамаға хатшы мен аукциондық комиссия мүшесі қайтадан қол қоюлары тиіс. Сатып  алуды болдырмау немесе сатып алудан бас тартқаннан кейін барлық сатып алу тәсіліне қатысты қорытындылар хаттамасын  қайта қарау .

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! «Аяқталды» мәртебесіндегі хабарландыру бойынша сатып алуды болдырмау ішінара емес толықтай барлық лоттар бойынша жүргізілген жағдайда жүйе сатып алуды болдырмауды есепке ала отырып, қорытындылар хаттамасының барлық нұсқаларын бейнелейді. Бұл ретте жүйе болдырмаусыз ақпараты бар қорытындылар хаттамасының алғашқы нұсқасын, сондай-ақ болдырмау туралы ақпаратпен екінші хаттаманы бейнелейтін болады. Қорытындылар хаттамасының барлық нұсқаларын бейнелеу сатып алудың барлық тәсілдеріне қатысты.

Болдырмау туралы ақпаратсыз алдындағы қорытындылар хаттамасы  «Жарамсыз» мәртебесімен бейнеленетін болады. Болдырмау туралы ақпараты бар қорытындылардың өзекті хаттамасы «Жарамды» мәртбесінде болады.

Image Added

 

 


    Сатып алуды тоқтата тұру/ұзарту


      Тоқтата тұру

Image Added

Image Added

Image Added


  Жалғасы

Image Added

Image Added

Image Added


          «Аукцион» тәсілімен екінші рет хабарландыру жариялау

«Аукцион» тәсілімен қайта хабарландыру жасау үшін «Жұмыс кабинеті» тарауына өту және «Хабарландыру жасау» тармағын таңдау қажет.

Image Added

Бұдан әрі хабарландыру  жобасын жасау нысаны ашылады, онда төмендегілерді көрсету қажет:

Сатып алу өткізу тәсілі – «Аукцион»

Сатып алу типі  - «Қайта сатып алу»

Қазақ тілінде хабарландыру (сатып алу) атауы;

Орыс  тілінде хабарландыру (сатып алу) атауы;

Сатып алу өткізу белгісі  және «Бұдан әрі» батырмасын басу

Image Added

«Бұдан әрі» батырмасын басқан кезде сатып алу жүргізу  мәнінің түрі мен  белгісі, тәсілі бойынша берілген өлшемдерге жауап беретін лоттар бейнеленеді.

Назар аударыңыз! Лоттар тізімінде «Аукцион» тәсілімен болмаған сатып алулар бойынша лоттар ғана бейнеленеді

Лотты (тарды) белгілеп, «Таңдалғандарды қосу» батырмасын басу керек.

Бұдан әрі қайтадан хабарламаны жасау және жариялау рәсімі  сатып алуды бастапқы жариялау рәсіміне ұқсас.

Хабарландыру қайта жарияланған кезде жүйе келесі тексерулерді жүзеге асырады:

- Өтінімдерді қабылдаудың басталу/өтінімдерді қабылдаудың аяқталу мерзімі-жұмыс күні;

- Өтінімдерді қабылдаудың басталу мерзімі мен аяқталу аралығы 5 жұмыс күнінен кем емес және 30 жұмыс күнінен артық емес.

Егер хабарландыруды демалыс немесе мереке күні Жариялау күні болса, онда жүйе әдепкі бойынша өтінімдерді қабылдаудың басталу мерзімін келесі жұмыс күні, сағат 9.00-ден бастап қояды.

    Ұйымдастырушы/Тапсырыс беруші өкілінің өзгеруі 


Ұйымдастырушы/Тапсырыс беруші өкілін өзгерту үшін «Ұйымдастырушы» рөлімен Жүйеде авторландыру қажет.

Назар аударыңыз! Өзгерту   Хатшыға не хабарландыруды Жасаушыға ғана  қолжетімді.

«Жұмыс кабинеті – Менің хабарландыруым (Ұйыымдастырушы)» мәзіріне өту керек.


 Image Added

Хабарландыруды ашу қажет.  Хабарландыруда «Қолжетімді әрекеттер» мәзірінде  «Өкілдің деректерін өзгерту» тармағын басу керек

Image Added

 «Өкілдің деректерін өзгерту» нысанында Тапсырыс берушінің/Ұйымдастырушының өкілін өзгерту және «Өзгерістерді сақтау» батырмасын басу. Жүйе енгізілген деректерді сақтайды 

Image Added


      Бір архивпен «Барлығын жүктеп алу» батырмасы

Жүйе хабарландыру кезеңіне  байланысты  хабарландырудағы барлық бар құжаттарды жүйтеп алуға мүмкіндік береді:

- Хабарландыру құжаттары (аукциондық құжаттама/ шарт жобасы / Техникалық өзіндік ерекшелік және т.б.);

- Өнім берушілердің өтінімдері;

- Хаттамалар;

- Шарттар.

Құжаттарды жүктеп алу үшін «Құжаттама» қосымша бетіне өту және «Барлығын жүктеп алу» батырмасын басу. Батырманы басқаннан кейін Жүйе құжаттарды компьютерге жүктейді. Құжаттарды қарау үшін архивтен шығару қажет.


 

 Image Added