| Table of Contents |
|---|
«Тұрғын үй сатып алу» тәсілімен сатып алу ұйымдастыру және өткізу
Хабарландыру жобасын жасау
«Тұрғын үй сатып алу» тәсілімен хабарландыру жасау үшін, «Жұмыс кабинеті» - «Хабарландыру жасау» тарауына өту қажет.
...
«Бұдан әрі» батырмасын басқан кезде сатып алу жүргізу мәнінің түрі мен белгісі, тәсілі бойынша берілген өлшемдерге жауап беретін лоттар бейнеленеді.
Лоттарды таңдау
Лоттарды қосу үшін, лотты (-тарды) белгілеп, «Белгіленген лотты қосу» батырмасын басу қажет:
...
«Бұдан әрі» батырмасын басқан кездеұйымдастырушы мен тапсырыс беруші өкілін қосу үшін, сондай-ақ банктік шотты таңдау үшін нысан ашылады.
Өкілдер бойынша деректер қосу
Өкілдер бойынша деректерді қосу бетінде ұйымдастырушы мен тапсырыс беруші өкілдері туралы деректерді толтыру қажет.
...
Деректерді толтырып, сақтағаннан кейін, Жүйе «Толтырылды» мәртебесін бейнелейді.
Құжаттама дайындау
Құжаттама дайындау үшін «Бұдан әрі» батырмасын басу қажет.
...
Техникалық өзіндік ерекшелікке қол қойғаннан кейін «Артқа оралу» батырмасын және «Бұдан әрі» батырмасын басу қажет. Бұдан соң жүйе хабарландыруды алдын ала қарау нысанын ашады.
Хабарландыру жариялау
Бұл нысанда сатып алуды жариялау мерзімін көрсету қажет. Тұрғын үйді сатып алу кемінде 30 күнтізбелік күнге жарияланады, бұл ретте өтінімдер қабылдаудың басталу күні ағымдағы күннен кеш болмауы тиіс. Күнін көрсету үшін пиктограммасын басу қажет.
...
Сатып алуды жариялау мерзімі дұрыс көрсетілмеген жағдайда, жүйе тиісті қатені бейнелейді:
Сатып алуды жариялау мерзімі «Сатып алуды жариялаудың жоспарланған мерзімі (ай)» жолындағы жоспар тармағында көрсетілген мерзімдерге сәйкес келмеген жағдайда, жүйе тиісті қатені көрсетеді:
Ойдағыдай жариялаған жағдайда жүйе сатып алуға «Жарияланды» мәртебесін береді
Өнім берушінің өтінімдерін қарау
Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні басталғанда, хабарландыру жасаушы Ұйымдастырушы Өкіліне (яғни жарияланым авторына) «Өтінімдерді қарау» хабарландыру мәртебесімен «Өтінімді қарау» әрекеті қолжетімді.
...
Қорытындылар хаттамасы қалыптаспаған жағдайда, дауысты «Дауысты шақырып алу» батырмасының көмегімен шақырып алуға болады.
Қорытындылар хаттамасын қалыптастыру
Ұйымдастырушы өкілі барлық лоттар мен өтінімдер бойынша дауыс беруді жүзеге асырғаннан кейін, Хатшыға «Хаттамалар» қосымша бетінде «Қорытындылар хаттамасын қалыптастыру» батырмасы қолжетімді.
...
- Ұйымдастырушы өкіліне жеке кабинетке қорытындылар хаттамасына қол қою қажеттігі туралы хабарлама жібереді.
Қорытындылар хаттамасына қол қою
Ұйымдастырушы өкіліне қорытындылар хаттамасымен танысып, осы хаттамға қол қою қажет. Хабарландыруды қарау үшін «қорытындылар хаттамасы» қосымша бетінде «Хаттаманы қарау» батырмасын басу керек. Қорытындылар хаттамасына қол қою үшін, «Қол қою» батырмасын басу керек.
Қорытындылар хаттамасын жариялау
Қорытындылар хаттамасына қол қойғаннан кейін Хабарландыруды жасаушы ұйымдастырушы өкіліне (авторға) хабарландыруды қарау нысанында «Қорытындылар хаттамасы» қосымша бетінде «Қорытындылар хаттамасын жариялау» батырмасын басу қажет.
...
Назар аударыңыз! Тұрғын үйді мемлекеттік сатып алуға қатысуға арналған Өнім берушінің тым болғанда бір өтінімі тұрғын үйді мемлекеттік сатып алуға жіберілсе, тұрғын үйді мемлекеттік сатып алу болды деп танылады. Бұл ретте, қатысуға арналған өітімінің жалғыз жіберілген болып табылатын әлеуетті Өнім берушіні веб-портал осы мемлекеттік сатып алуда жеңімпаз деп таниды.
Сатып алуды болдырмау
Сатып алуды болдырмау атқарымы хабарландыру жариялған сәттен бастап төмендегі органдардың актісі бойынша мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзушылық анықталуына байланысты шартты бекіткенге дейін сатып алу жариялаған пайдаланушыға қолжетімді:
...
Болдырмау туралы ақпаратсыз алдындағы қорытындылар хаттамасы «Жарамсыз» мәртебесімен бейнеленетін болады. Болдырмау туралы ақпараты бар қорытындылардың өзекті хаттамасы «Жарамды» мәртбесінде болады.
Сатып алуды тоқтата тұру
Сатып алуды тоқтата тұру атқарымы хабарландырудың «Жарияланды» және «Өтінімдерді қарау» мәртебелерімен қолжетімді. Сатып алуды тоқтата тұру барлық сатып алуға жасалады. Тоқтатуды орындау үшін «Жұмыс кабинеті – Менің хабарландыруым (ұйымдастырушы)» мәзірінде сатып алуды қарау нысанына өту қажет. Сатып алуды қарау нысанында «Қолжетімді әрекеттер» батырмасын басып, «Сатып алуды тоқтата тұру» әрекетін таңдау қажет.
...
Деректерді толтырып, құжатты қоса тіркегеннен кейін «Сатып алуды тоқта тұру» батырмасын басу қажет. Бұдан әрі жүйе растайтын хабарламаны бейнелейді: «Сатып алу ойдағыдай тоқтатылды» және лот пен сатып алу мәртебесін «Тоқтатылды» мәртебесіне өзгертеді.
Сатып алуды жалғастыру
Сатып алуды тоқтатқанан кейін Хатшыға сатып алуды жаңғырту үшін, сондай-ақ сатып алуды болдырмау үшін әрекеттер қолжетімді болады.
...
Деректерді толтырып, құжатты қоса тіркегеннен кейін «Сатып алуды жаңғырту» батырмасын басу қажет. Хабарландыру мен лоттар мәртебесі алдындағы сатып алуды тоқтатқанға дейінгі мәртебеге өзгереді.
Хабарландыру жасаушыны өзгерту
Хабарландыру жасаушыны өзгерту атқарымы хабарландырулардың «Жарияланды», «Жарияланды (өтінімдер қабылдау), «Өтінімдерді қарау», «Қорытындылар хаттамасын қалыптастыру», «Аяқталды» мәртебелерінің бірімен «Ұйым әкімшісі» рөліндегі пайдаданушыға ғана қолжетімді, егер хабарландыруды жасаушыда «Ұйым қызметкері» тарауында «Бұғатталды» мәртебесі тұрса.
...
Өзгерісті сақтау үшін «Сақтау» батырмасын басу қажет. Батырманы басқаннан кейін Жүйе өзгерісті сақтайды.
Ұйымдастырушы/Тапсырыс беруші өкілінің деректерін өзгерту
Ұйымдастырушы өкілін өзгерту атқарымы хабарландырулардың «Жарияланды», «Жарияланды (өтінімдерді қабылдау)», «Өтінімдерді қарау», «Қорытындылар хаттамасын қалыптастыру» мәртебелерінің бірімен хабарландыру жасаған және жариялаған пайдаланушыға ғана қолжетімді .
...
− Хабарландырудың «Қорытындылар хаттамасын қалыптастыру» мәртебесімен ұйымдастырушы өкілін өзгерткен кезде,Жүйе хабарландыру мәртебесін «Өтінімдерді қарау» мәртебесіне өзгертеді, қорытындылар хаттамасын алып тастайды, дауыс беру нәтижелерін түсіріп тастайды, осыҰйымдастырушы өкіліне қайтадан дауыс беруге тыйым салады. Жүйе жаңа Ұйымдастырушы өкіліне дауыс беруге мүмкіндік береді.
Бір архивпен «Барлығын жүктеп алу» батырмасы
Жүйе хабарландыру кезеңіне байланысты хабарландырудағы барлық бар құжаттарды жүктеп алуға мүмкіндік береді:
...







