Дерево страниц

Сравнение версий

Ключ

  • Эта строка добавлена.
  • Эта строка удалена.
  • Изменено форматирование.

...

 Назар салыңыз! Көрсетілетін қызмет шартқа қол қойылған сәттен бастап ағымдағы жылғы 31 желтоқсанға дейін ұсынылады.

12.2 Жеке сектордың (квазисектор емес) Көрсетілетін қызметке төлемі

Көрсетілетін қызметтердің төлемі

Мемлекеттік сатып алулар Заңына сәйкес 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алулар веб-порталын пайдалану бойынша көрсетілетін қызметтерді әлеуетті өнім беруші ақылы негізде көрсететін болады.

Әлеуетті өнім берушілер мемлекеттік сатып алулар веб-порталын пайдалану бойынша көрсетілетін қызметтері (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметтер) веб-порталдың мынадай функцияларын қамтитын болады:

- мемлекеттік сатып алуларға қатысуға өтінім беру/қосымша, бір көзден алудан мемлекеттік сатып алуларға қатысу туралы келісім беру;

- баға ұсынысын беру;

- мемлекеттік сатып алулар туралы шартты келісу және қол қою (мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері бойынша).

Көрсетілетін қызметке  қолжетімділік алу үшін Өнім беруші Көрсетілетін қызметке жылына бір рет төлем жүргізуі қажет. Көрсетілетін қызмет үшін жылына бір рет төлем жүргізілмеген болса, веб-портал Өнім берушіге мынадай функцияналдық бойынша  қолжетімділік автоматты түрде жабады:

-   мемлекеттік сатып алуларға қатысуға өтінім беру/қосымша, бір көзден алудан мемлекеттік сатып алуларға қатысу туралы келісім беру;    

-        баға ұсынысын беру;

- мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілі бойынша мемлекеттік сатып алулар туралы шартты келісу және қол қою.

Назар салыңыз!  Мемлекеттік сатып алулар туралы Заңның 39-бабының 3-тармағының 54-тармақшасына сәйкес мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құратын мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен және (немесе) ұйымдарымен мемлекеттік сатып алулар туралы шартты жасасуды жүзеге асырған жағдайда, Мемлекеттік сатып алулар веб-порталы осындай ұйымдарға көрсетілетін қызметтерге ақы төлемей шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен шартты келісуге, оған қол қоюға мүмкіндік береді. Бірақ егер  шартта жоспардың бірнеше тармағы болса және жоспардың бір тармағы бойынша шартты жасасу негіздемесі Мемлекеттік сатып алулар туралы Заңның 39-бабы 3-тармағының 54-тармақшасы болмаса, онда қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

Назар салыңыз! Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері және (немесе) мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құратын ұйымдар «Ашық конкурс», «аукцион», «баға ұсыныстарын сұрату», «Мемлекеттік әлеуметтік сатып алу», «өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден алу», «Тұрғын үй сатып алу» тәсілдерімен сатып алуға қатысқан кезде, онда бұл жағдайларда Көрсетілетін қызметті төлеу талап етіледі.

Назар салыңыз! Көрсетілетін қызмет үшін бас ұйым не филиал ақы төлеуі мүмкін.Егер Көрсетілетін қызметке бас ұйым ақы төлеген болса, онда филиал Көрсетілетін қызметке  қолжетімділікті автоматты түрде ашады. Егер Көрсетілетін қызметті филиалдарының бірі ақы төлеген болса, онда бас ұйым мен барлық филиалдарға қолжетімділік ұсынылады. Бұл ретте егер бірнеше филиалдар немесе бас ұйым және филиал ақы төлеген болса,  онда ең жоғары төленген сома бойынша тариф қолданылады. Мысалы, бас ұйым 2525  теңге сома бойынша тариф төлеген, ал филиал 25250 теңге сома бойынша тарифті төлеген болса, онда Жүйе тариф бас ұйымға және барлық филиалдарға 25250 тариф сомасы қолданылады.

Назар салыңыз! Мемлекеттік сатып алулар веб-порталын пайдалану (қолжетімділік) бойынша көрсетілетін қызметтер үшін төлем жүргізген кезде, егер жеке тұлға ақшаны ұйымнан атынан жіберетін болса, онда ақшаны жөнелтуші ретінде мыналарды міндетті түрде көрсету қажет: аударылған ақша электрондық әмиянына түсетін ЗТ/ЖТ атауы, БСН/ЖСН. 

Көрсетілетін қызметтерге төлеу үшін Өнім беруші «Қатысушының бейіні» мәзіріне – «Электрондық әмиян» көшуі қажет.

Image Added

Ашық нысанда Жүйе Сіздің Көрсетілетін қызметтердің жеке шоты туралы ақпаратты көрсетеді.

Image Added

Назар салыңыз! Егер электрондық әмиян құрылмаған болса, Сіз Бірыңғай оператордың банктік шотына аударылған ақша қаражаты Сіздің электрондық әмияныңызға аударылуы үшін электрондық әмиян құруыңыз қажет.Электрондық әмиянды құру үшін «Электрондық әмиян» бөлімінде «Құру» батырмасын басыңыз.

Image Added

«Менің көсетілетін қызметтерім» бөліміне көшіңіз.

Image Added

Ашылған нысанда оң жақта «Көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу» батырмасын басыңыз.

Назар салыңыз!  «Көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу» түймесі 2019 жылғы 1 қаңтардан басап қолжетімді болады.

Түймені басқаннан кейін Жүйе тиісті тарифті таңдау үшін нысанды көрсетеді. Тарифтер – Тарифтер – Мемлекеттік сатып алу веб-порталының әлеуетті өнім берушілерінің пайдалануы бойынша көрсетілетін қызметтерге арналған уәкілетті органның келісімі бойынша Оператордың белгілеген бағалары. Өтінімдер мен шарттардың тарифтік сеткасы және шекті сомасы Мемлекеттік сатып алу веб-порталында «Тарифтер» бөлімінде келтірілген https://www.goszakup.gov.kz/ru/.

Назар салыңыз! Берілетін өтінімдер мен жасалатын шарттардың саны таңдап алынған тарифтің қолданылуы кезеңінде шексіз.  

Қатысу жоспарланған өтінімдер мен шарттардың шекті сомаларына байланысты тарифті таңдап алыңыз.

«Растау» батырмасын басыңыз.

Image Added

«Растау» батырмасын басқаннан кейін, Жүйе:

-       шарт– оферталарды көрсету;

-     Мемлекеттік сатып алулар операторы қол қойған Көрсетілген қызметтердің актісіне қол қою үшін Сізге жібереді.  

Шартты қарау үшін «Шарт туралы мәліметтер» бөлімінің «Шарт файлы» жолағындағы сілтеме бойынша басыңыз.

Назар салыңыз! Көрсетілетін қызметтердің актісіне қол қою алдында шарт – оферталарының ережелерімен және көрсетілетін қызметтердің актісімен мұқият танысу, сондай-ақ таңдалған тарифке сәйкес электрондық әмияннан алу үшін қажетті соманың бар не жоғын тексеру керек.

Ақша қаражатын электрондық әмиянға аудару үшін Оператордың банктік шотына ақша қаражатын аудару қажет. Оператордың банктік деректемелері Мемлекеттік сатып алу веб-порталында «Тарифтер» деген бөлімде келтірілген https://www.goszakup.gov.kz/ru/.

Назар салыңыз! Мемлекеттік сатып алулар веб-порталын пайдалану (қолжетімділік) бойынша көрсетілетін қызметтер үшін төлем жүргізген кезде, егер жеке тұлға ақшаны ұйымнан атынан жіберетін болса, онда ақшаны жөнелтуші ретінде мыналарды міндетті түрде көрсету қажет: аударылған ақша электрондық әмиянына түсетін ЗТ/ЖТ атауы, БСН/ЖСН. 

Image Added

Төлем оны жүзеге асырғаннан кейін келесі күні Мемлекеттік сатып алу веб-порталына автоматты түрде аударылады (соған байланысты, Банктер ақшаны сол күні аударуға кепілдік бермейді, банктер ақшаның аударылуын 3 жұмыс күніне дейін кешіктіруі мүмкін).

Банк банктік шотқа төлемді аударғаннан кейін Оператор веб-порталда электрондық әмиянда Сіздің аударған сомаңызды көрсетеді.

Image Added

Назар салыңыз! Төлем тиісінше ресімделмеген жағдайда (ТКБ, банктік деректемелері дұрыс көрсетілмеген), онда ақша қаражаты Сіздің электрондық әмияныңызға аударылатын болады. Мемлекеттік сатып алулардың операторы 5 жұмыс күні ішінде ақша қаражатын төлемде көрсетілген деректемелерге кері қайтарады, ал кері қайтармаған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әрекет етеді.

Назар салыңыз! Мемлекеттік сатып алулар веб-порталын пайдалану (қолжетімділік) бойынша көрсетілетін қызметтер үшін төлем жүргізген кезде, егер жеке тұлға ақшаны ұйымнан атынан жіберетін болса, онда ақшаны жөнелтуші ретінде мыналарды міндетті түрде көрсету қажет: аударылған ақша электрондық әмиянына түсетін ЗТ/ЖТ атауы, БСН/ЖСН.