Дерево страниц

Сравнение версий

Ключ

  • Эта строка добавлена.
  • Эта строка удалена.
  • Изменено форматирование.

...

- өнім берушінің кері қайтаруды растауын келісу журналында бекітеді

Құрылыс саласындағы Орындалған жұмыстар актісі

Электрондық актіні жасау үшін пайдаланушы құрылыс саласындағы шартта «Төлем туралы ақпарат» бөліміне өтуі қажет.

 image2021-11-17_11-30-9.pngImage Added

Әрі қарай «Электрондық актіні жасау» батырмасын басу және жаңа актінің жасалғанын растау керек.

 image2021-11-17_11-31-50.pngImage Added

 

Пайдаланушы жасалған электрондық актіде құжаттардың электрондық көшірмесін жүктеуі қажет (жүктелетін құжаттар саны шектеусіз).

Сондай-ақ, пайдаланушы актіні келісу және бекіту үшін өнім берушінің өкілдерін, сонымен қатар техникалық қадағалау және авторлық қадағалау сарапшыларын (қажет болған жағдайда) қосуы қажет.

Ескертпе: актіні келісуге жіберу үшін міндетті түрде өкілдердің мынадай типтерінің болуы талап етіледі:

1.         Өнім берушіден бекітуші;

2.         Техникалық қадағалау сарапшысы;

3.         Техникалық қадағалау сарапшысы (міндетті емес).

 image2021-11-17_11-36-0.pngImage Added

 

МАҢЫЗДЫ! Құрылыс объектісі осы белгіге сәйкес келген жағдайда пайдаланушыға «Техникалық күрделі объектіге жатпайтын объект» белгісін таңдау қолжетімді болады. Белгінің болуы және болмауы мынаны анықтайды:

1.         Белгі таңдалмады. Жүйе техникалық қадағалау сарапшыларын қосқан кезде техникалық қадағалау және техникалық тексеру бойынша аккредиттелген ұйымдардың тізілімінен тұратын ұйымдардың пайдаланушыларын таңдау мүмкіндігін береді;

2.         Белгі таңдалды. Жүйе тиісті ұйымның техникалық қадағалау және техникалық тексеру бойынша аккредиттелген ұйымдардың тізілімінен оны тексермей техникалық қадағалау сарапшысын таңдау мүмкіндігін береді.

Белгіні таңдағаннан кейін пайдаланушы өзгерісті сақтауы керек.

 image2021-11-17_11-38-30.pngImage Added

Құжаттарды жүктегеннен және өкілдерді қосқаннан кейін пайдаланушы актіні келісуге жіберуі керек.

 image2021-11-17_11-40-42.pngImage Added

 

Құрылыс саласындағы актіні келісу сатысы:

1.         Өнім берушінің өкілдерімен келісу (мәртебесі - Өнім берушінің келісуінде);

2.         Авторлық қадағалау сарапшыларымен келісу (мәртебесі – Авторлық қадағалаудың келісуінде) - авторлық қадағалау сарапшыларын қосқан жағдайда ғана;

3.         Техникалық қадағалау сарапшыларымен келісу (мәртебесі - Техникалық қадағалаудың келісуінде);

4.         Тапсырыс берушінің өкілдерімен келісу (мәртебесі – Тапсырыс берушінің келісуінде).

Актіні келісу процесі басқа шарттардың электрондық актілерін веб-порталда келісу процесіне ұқсас.

Актіні техникалық және авторлық қадағалау сарапшыларымен келісу

Актіні техникалық қадағалау сарапшысымен келісу үшін пайдаланушы «Актілер бойынша іздеу (Тех. қадағалау)» бөліміне өтуі қажет.

 Скриншот 29-06-2022 154103.pngImage Added

 

Ашылған бөлімнен пайдаланушы тиісті актіні таңдауы керек.

 Скриншот 29-06-2022 154531.pngImage Added

Ескертпе: Жүйе актілерді оларда жеке Авторлық қадағалау сарапшыларының және Техникалық қадағалау сарапшыларының болу белгісі бойынша сүзуге мүмкіндік береді

Актіде сарапшыларға техникалық қадағалаудың қосымша сарапшысына қол қою, оны қабылдамау немесе қосу үшін іс-әрекеттер қолжетімді болады.

 image2021-11-17_11-47-31.pngImage Added

Қабылдамау бойынша іс-әрекетті таңдаған жағдайда пайдаланушыға қабылдамау негіздемесі бар құжаттың сканерленген көшірмесін қоса тіркеу қолжетімді болады. Құжат енгізу үшін міндетті емес.

 image2021-11-17_11-48-26.pngImage Added

Сарапшылар актіге қол қойғаннан кейін жүйе актіні тапсырыс берушінің өкілдеріне келісуге жібереді.

 

Тауарлар, жұмыстар және қызметтердің жергілікті құрамы туралы есебі

...