Дерево страниц

Сравнение версий

Ключ

  • Эта строка добавлена.
  • Эта строка удалена.
  • Изменено форматирование.

...

Тікелей шарт жасау әдісімен және шартқа косымша келісімдерде бір көзден тәсілмен шарт жасаудан бас тарту

Егер Тапсырыс берушіде жасалған шарттар шеңберінде төленбеген міндеттемелер болған жағдайда, шарт Өнім берушімен келісуге «Тікелей жасасу арқылы бір көзден» жасасу тәсілімен келіп түскен кезде (шарт мәртебесі «Өнім берушімен келісуде») (шарттар Тапсырыс берушінің - 14.3 Жасалған шарттар шеңберінде төлемдер енгізу бойынша тапсырыс берушінің мерзімдерді сақтауын тексеру нұсқаулығында толығырақ сипатталған) «Шарт және келісу» қойындысында мынадай хабарлама көрсетіледі (бұл хабарлама ақпараттық сипатта болады):

Image Added

 

Егер өнім берушімен сатып алудан немесе шартқа қосымша келісімді жасаудан бас тарту шешімі қабылданғанда, «Жалпы» қосымша беттегі шарттың карточкасында бас тарту себебін көрсете отырып, «Шартты жасаудан бас тарту» батырмасын басу қажет.

...

Шартты келісуі (өнім берушімен)

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер Сіз Қазынашылық органдарында тіркелетін шарттармен жұмыс жасайтын болсаңыз Сізде міндетті түрде БСАЖ-ғы «Катысушының бейіні – банктік шоттар» тарауынан алынған банктік деректемелер қосылған болуы тиіс.

«Қазынашылықта тіркеумен» белгісі бар шарттардан Өнім берушінің банктік деректемелерін таңдау кезінде БСАЖ жүктелген шоттар ғана қолжетімді.

Тапсырыс беруші шартты толтырып, келісуге жіберген кезде, өнім беруші шартты келісу үшін, «Менің шарттарым» бөліміне өтіп, «Жұмыс кабинеті» мәзіріне өтеді.

...

Негізгі шартта, егер сатып алу тәсілі Конкурс, Аукцион, Жүргізілмеген (конкурс, аукцион, БҰС) бір көзден болса, онда кестеден Өнім берудінің құжаттары/техникалық ерекшелігі бейнеленеді.

МАҢЫЗДЫ! «Тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу» сатып алу тәсілі үшін Тапсырыс беруші Шартқа қол қойғаннан кейін «Қол қою» әрекеті Өнім берушіге оны веб-портал арқылы алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қолжетімді болады, бірақ Камералдық бақылауды жүргізу қағидаларына сәйкес камералдық бақылау жүргізуден бұрын емес.

Демек, «Қол қою» батырмасы Тапсырыс беруші шартқа қол қойған сәттен бастап және «Өнім берушіде қол қоюда» статусында камералдық бақылауды жүргізгеннен кейін немесе 5 жұмыс күні өткеннен кейін ғана Өнім берушіде көрсетіледі.

Заңның 39-бабы 3-тармағының 42) тармақшасы айрықша болып табылады, Жүйе Тапсырыс беруші шартқа қол қойғаннан кейін бірден, камералдық бақылау жүргізуді күтпестен, шартқа қол қоюды қолжетімді етеді.



Қалған жағдайларда Тапсырыс берушінің құжаттары/техникалық ерекшелігі бейнеленеді:
БҰС, мем. Әлеуметтік сұраныс, тұрғынжайды сатып алу, сонымен қатар ЕРЕКШЕЛІК РЕТІНДЕ ТЭН/ЖСҚ-мен жұмыс жасау – жұмыс үшін белгісі көрсетілгенде, ТЭН/ЖСҚ бар болғанда Ашық конкурс тәсіліне.

...

Шартты орындауды қамсыздандыру құжаттары

«Шартты орындауды қамсыздандыру» қосымша бетіндегі («Банк кепілдіктер» қосымша беті орнына) «Менің шарттарым (Өнім беруші)», «Менің шарттарым (Тапсырыс беруші)» бөлігінде «Конкурс», «Аукцион», сонымен қатар «Бір көзден жүргізілмеген сатып алулар» нақты сатып алу тәсілі көрсетілген, «Тіркеуге жіберуге дайын», «Қолданыста», «Орындалды» мәртебелі шарттар үшін қағаз жүзіндегі банк кепілдіктер мен қамсыздандыруды аудару туралы растау құжаттардың электрондық көшірмелері файлдарын тіркеу және жүктеу нысаны бейнеленеді. Файлды таңдап, «Жүктеу» басу қажет.

МАҢЫЗДЫ: Құжаттардың электрондық көшірмелері өнім жеткізушіде электрондық банк кепілдіктері жоқ болған жағдайда тіркеледі (4. Электрондық банк кепілдіктермен жұмыс жасау тарауын қараңыз)

Image Removed

Сәтті жүктелуден кейін файл қарап шығуға және жойылуға қол жетімді болады.

Image Removed

МАҢЫЗДЫ: ЭБК немесе банк кепілдемесінің көшірмесімен файлды қоса жалғағаннан немесе өнім беруші қамтамасыз етуді енгізгеннен және Тапсырыс беруші басып шығаруға арналған нұсқаны кейіннен қалыптастырғаннан кейін «Қазынашылықта тіркеусіз» белгісімен шарттар үшін шарт «Қолданыста» мәртебесіне өтеді.

Назар аударыңыз! Әрбір тіркелетін қосымшаның көлемі 20мб-дан аспауы қажет.

Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қоса тіркеуді Өнім беруші  іс жүзінде сатып алу тәсілі «Баға ұсыныстарын сұрату», «Ашық конкурс», «Аукцион» немесе «Өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден алу» (өткізілмеген сатып алу тәсілі «Ашық конкурс» не «Аукцион») болатын,   «Қолданыста»  немесе «Қолтаңба қойылды» мәртебесі бар шарттарда орындайды. 

Шартты орындауды қамтамасыз етуді қоса тіркеу үшін Өнім берушіге шарт карточкасында «Шарттың орындалуын қамтамасыз ету» қосымша бетіне өту қажет. 

Image Added

Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қоса тіркеу нысаны жолақтары мен іс-қимылдарының сипаттамасы төмендегі кестеде берілген. 

Р/с №  

Жолақ атауы

Сипаттамасы

1

Тип

Қамтамасыз етуді қоса тіркегеннен кейін Жүйе автоматты түрде толтырады.  Электронды банктік кепілдікті (бұдан әрі – ЭБК) қоса тіркеген жағдайда, қамтамасыз ету типі «Банктік кепілдік» типіне сәйкес келетін болады. Кепілді ақша жарнасы (бұдан әрі – КАЖ) файлын қоса тіркеген жағдайда, қамтамасыз ету типі  «Кепілді ақша жарнасы» типіне сәйкес келетін болады.    

2

Кіші тип

Шарттың орындалуын қамтамасыз ету 3 кіші типке бөлінеді: 

- шарттың жалпы сомасынан   3%-ға;

- шарт бойынша аванс сомасына;

- Заңның 26 бабына сәйкес сомаға.

3

Сипаттамасы

Осы жолақта шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қоса тіркеу жөнінде, шарт бойынша РҚ МС туралы заңның 26-бабына сәйкес сома мен аванстың болуы не жоқтығы туралы түсініктеме беріледі.   

4

ЭБК болуы

Егер осы кіші тип бойынша «Қолданыста» мәртебесінде ЭБК болса, Жүйе «Иә» белгісін көрсетеді.

5

Талап етіледі

Егер қамтамасыз етудің кіші типі осы шартқа қоса тіркеу үшін  міндетті болып табылса, Жүйе «Иә» белгісін көрсетеді.  

6

Қоса тіркелген

Егер қоса тіркелген қамтамасыз ету болса, Жүйе «Иә» белгісін көрсетеді.   

7

Іс-қимыл

«ЭБК-ның таңдау» батырмасын басқан кезде, Жүйе осы кіші тип бойынша «Қолданыста» мәртебесіндегі қолжетімді ЭБК-ні көрсетеді. «КАЖ-ды қоса тіркеу» батырмасын басқан кезде кепілді ақша жарнасы файлын қоса тіркеу үшін нысан көрсетіледі. 

8

Қоса тіркеуді аяқтау

Қамтамасыз етудің міндетті кіші типтері қоса тіркелмесе, батырма белсенді емес. Іс-қимылды орындағаннан кейін Жүйе қамтамасыз етуді алып тастауға және қоса тіркеуге тыйым салады.  Шарттың «Қазынашылықта тіркеусіз» белгісі болған жағдайда, Жүйе қамтамасыз етуді қоса тіркеуді аяқтағаннан кейін шарттың мәртебесін   «Қолтаңба қойылды» дегеннен «Қолданыста» деп өзгертеді. 

 

Назар аударыңыз! Банк шығарған электронды банктік кепілдіктіктің «Банк шығарды» мәртебесі бар. ЭБК «Қолданыста» мәртебесіне ауысуы үшін шығарылған кепілдікті растау керек. 

ЭБК-ні қарап шығу үшін Өнім берушіге «Электронды банктік кепілдіктер» тарауында «Жұмыс кабинеті» мәзіріне өту қажет. 

Image Added

ЭБК тізімінде, талап етілген ЭБК бар жолақта «Қарап шығу» батырмасын басу керек. 

Image Added


ЭБК-ні қарап шығу нысаны мынадай түрде болады:

Image Added

Image Added


 

Растағаннан кейін ЭБК «Қолданыста» мәртебесіне өтеді және шартқа/қосымша келісімге қоса тіркеу үшін қолжетімді. 

ЭБК-ні қоса тіркеу қамтамасыз етуді қоса тіркеу  нысанында белгілі бір тип бар жолақта «ЭБК-ны таңдау» батырмасының көмегімен орындалады, Жүйе  «Қолданыста» мәртебесінде осы шартқа/қосымша келісімге байланыстырылған, «Қолданыста» мәртебесінде осы кіші типпен қолжетімді ЭБК-ні көрсетеді.   

Image Added

Ескертпе: қолданыстағы ЭБК («Қолданыста» мәртебесінде) болмаған кезде, «ЭБК-ні таңдау» батырмасы көрсетілмейді.   

«Кепілді ақша жарнасын қоса тіркеу» батырмасын басқан кезде файлды қоса тіркеу нысаны көрсетіледі. «Файлды табу» батырмасының көмегімен файлды таңдағаннан кейін «Файлды жүктеу» батырмасын басу талап етіледі. 

Image Added

Қоса тіркелген қамтамасыз етулер «Қоса тіркелген құжаттар» кестесінде көрсетілген.

Image Added

Назар аударыңыз! Жүйе бір шартта әр түрлі кіші типтер бойынша қамтамасыз етулердің түрлі типтерін құрамдастыруға мүмкіндік береді.  

Назар аударыңыз!  Жүйе қосымша келісімге қамтамасыз етуді қоса тіркеуге мүмкіндік беруі тиіс, бұл ретте ата-ана шартын қамтамасыз ету қосымша келісімді құрған кезде көшіріледі. 

Қоса тіркелген қамтамасыз етуді қажет болған жағдайда шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қоса тіркеуді аяқтағанға дейін алып тастауға болады.  

Image Added

Назар аударыңыз! Шарттың орындалуын қоса тіркеуді аяқтағаннан кейін қамтамасыз етуді алып тастау және қоса тіркеу мүмкін емес. 

Қажетті ЭБК шартқа/қосымша келісімге қоса тіркелгеннен кейін Жүйе  «Қоса тіркеуді аяқтау» батырмасын белсенді етеді. Жүйе шарт бойынша («шарттың жалпы сомасынан  3%-ға» кіші типімен ЭБК үндемеуі бойынша міндетті болып табылады) ҚР МС туралы заңның 26-бабына сәйкес сома мен аванстың болуын не жоқтығын тексеруді  жүзеге асырады және талап етілген кіші типпен қамтамасыз ету болмаған жағдайда, «Қоса тіркеуді аяқтау» батырмасы белсенді емес болады. 

«Қоса тіркеуді аяқтау» батырмасын басқанда, Жүйе  растауды сұрайды. 

Image Added

Жүйе  шарттың «Қазынашылықта тіркеусіз» белгісі болған жағдайда, қамтамасыз етуді қоса тіркеуді аяқтау әрекетін орындауды растағаннан кейін  шарт мәртебесін «Қолтаңба қойылды» дегеннен «Қолданыста» деп өзгертеді. 


Қамтамасыз етуді енгізу туралы құжатты қоса тіркеу

«Қамтамасыз етуді енгізу туралы құжат» қамтамасыз ету түрін таңдаған жағдайда, Жүйе файлды қоса тіркеу үшін мәзірді көрсетеді. 

Image Added

Шартты бір жақты бұзу

Бір жақты бұзу алдында Тапсырыс берушіге «Қолданыста» мәртебесінде шартты бұзу ниеті туралы өнім берушіні хабардар ету қажет.

...

Егер Тапсырыс беруші актті бекітсе, оның мәртебесі «Қолданыста» деп өзгереді. Тапсырыс беруші бекітуден бас тартуын іске асырса, онда актінің мәртебесі «Бас тартылды» деп өзгереді.



Құрылыс бойынша орындалған жұмыстар актісін кері қайтарып алу 

Қажет болған жағдайда актіні "Бекітілді" мәртебесінде қайтаруға болады. Бұл үшін Тапсырыс беруші Өнім берушіге актіні кері қайтарып алуды растау үшін сұрау салуды жібереді, Жүйе өнім берушінің жеке кабинетіне төмендегі хабарламаны жіберу арқылы хабардар етеді:

Құрметті {ТАӘ}! Тапсырыс беруші {ТАӘ} 190166/01/1 орындалған жұмыстар актісін бекітуді кері қайтарып алуға сұрау салды. Сізге актіні кері қайтарып алуға  сұрау салуды қабылдау қажет. Кері қайтарып алу расталғаннан кейін акт "Қабылдаудан бас тартылды" мәртебесіне өтеді.

Актіні кері қайтарып алуды растау үшін Өнім берушіге актілерді қарау нысанында, актімен бір жолда "Бекітілді. Кері қайтару келісілуде" мәртебесінде "Кері қайтарып алу" батырмасын басу қажет.

Image Added

  Бұдан әрі актіні кері қайтарып алуды растау қажет

Image Added

Өнім беруші актіні кері қайтарып алуды растағаннан кейін, жүйе актінің мәртебесін "Қабылдаудан бас тартылды" деп өзгертеді.

Image Added

Және Тапсырыс берушіге хабарлама жібереді

Құрметті {ТАӘ}! Тапсырыс беруші {ТАӘ} 190166/01/1 орындалған жұмыстар актісін бекітуді кері қайтарып алуды растады. Сізге келісу актісінің жаңа нұсқасын жібергеннен кейін актіні қайтадан келісу қажет.

"Қабылдаудан бас тартылды" мәртебесіндегі актіні жоюға болады.

Image Added

 

Бекітілген актіні кері қайтару


Қажет болғанда «Бекітілді» мәртебесіндегі актіні кері қайтаруға болады. Ол үшін Тапсырыс беруші Өнім берушінің жеке кабинетіне хабарландыруды жіберумен кері қайтаруды растауға сауалды жөнелтеді

...

- өнім берушінің кері қайтаруды растауын келісу журналында бекітеді

Құрылыс саласындағы Орындалған жұмыстар актісі

Электрондық актіні жасау үшін пайдаланушы құрылыс саласындағы шартта «Төлем туралы ақпарат» бөліміне өтуі қажет.

 image2021-11-17_11-30-9.pngImage Added

Әрі қарай «Электрондық актіні жасау» батырмасын басу және жаңа актінің жасалғанын растау керек.

 image2021-11-17_11-31-50.pngImage Added

 

Пайдаланушы жасалған электрондық актіде құжаттардың электрондық көшірмесін жүктеуі қажет (жүктелетін құжаттар саны шектеусіз).

Сондай-ақ, пайдаланушы актіні келісу және бекіту үшін өнім берушінің өкілдерін, сонымен қатар техникалық қадағалау және авторлық қадағалау сарапшыларын (қажет болған жағдайда) қосуы қажет.

Ескертпе: актіні келісуге жіберу үшін міндетті түрде өкілдердің мынадай типтерінің болуы талап етіледі:

1.         Өнім берушіден бекітуші;

2.         Техникалық қадағалау сарапшысы;

3.         Техникалық қадағалау сарапшысы (міндетті емес).

 image2021-11-17_11-36-0.pngImage Added

 

МАҢЫЗДЫ! Құрылыс объектісі осы белгіге сәйкес келген жағдайда пайдаланушыға «Техникалық күрделі объектіге жатпайтын объект» белгісін таңдау қолжетімді болады. Белгінің болуы және болмауы мынаны анықтайды:

1.         Белгі таңдалмады. Жүйе техникалық қадағалау сарапшыларын қосқан кезде техникалық қадағалау және техникалық тексеру бойынша аккредиттелген ұйымдардың тізілімінен тұратын ұйымдардың пайдаланушыларын таңдау мүмкіндігін береді;

2.         Белгі таңдалды. Жүйе тиісті ұйымның техникалық қадағалау және техникалық тексеру бойынша аккредиттелген ұйымдардың тізілімінен оны тексермей техникалық қадағалау сарапшысын таңдау мүмкіндігін береді.

Белгіні таңдағаннан кейін пайдаланушы өзгерісті сақтауы керек.

 image2021-11-17_11-38-30.pngImage Added

Құжаттарды жүктегеннен және өкілдерді қосқаннан кейін пайдаланушы актіні келісуге жіберуі керек.

 image2021-11-17_11-40-42.pngImage Added

 

Құрылыс саласындағы актіні келісу сатысы:

1.         Өнім берушінің өкілдерімен келісу (мәртебесі - Өнім берушінің келісуінде);

2.         Авторлық қадағалау сарапшыларымен келісу (мәртебесі – Авторлық қадағалаудың келісуінде) - авторлық қадағалау сарапшыларын қосқан жағдайда ғана;

3.         Техникалық қадағалау сарапшыларымен келісу (мәртебесі - Техникалық қадағалаудың келісуінде);

4.         Тапсырыс берушінің өкілдерімен келісу (мәртебесі – Тапсырыс берушінің келісуінде).

Актіні келісу процесі басқа шарттардың электрондық актілерін веб-порталда келісу процесіне ұқсас.

Актіні техникалық және авторлық қадағалау сарапшыларымен келісу

Актіні техникалық қадағалау сарапшысымен келісу үшін пайдаланушы «Актілер бойынша іздеу (Тех. қадағалау)» бөліміне өтуі қажет.

 Скриншот 29-06-2022 154103.pngImage Added

 

Ашылған бөлімнен пайдаланушы тиісті актіні таңдауы керек.

 Скриншот 29-06-2022 154531.pngImage Added

Ескертпе: Жүйе актілерді оларда жеке Авторлық қадағалау сарапшыларының және Техникалық қадағалау сарапшыларының болу белгісі бойынша сүзуге мүмкіндік береді

Актіде сарапшыларға техникалық қадағалаудың қосымша сарапшысына қол қою, оны қабылдамау немесе қосу үшін іс-әрекеттер қолжетімді болады.

 image2021-11-17_11-47-31.pngImage Added

Қабылдамау бойынша іс-әрекетті таңдаған жағдайда пайдаланушыға қабылдамау негіздемесі бар құжаттың сканерленген көшірмесін қоса тіркеу қолжетімді болады. Құжат енгізу үшін міндетті емес.

 image2021-11-17_11-48-26.pngImage Added

Сарапшылар актіге қол қойғаннан кейін жүйе актіні тапсырыс берушінің өкілдеріне келісуге жібереді.

 

Тауарлар, жұмыстар және қызметтердің жергілікті құрамы туралы есебі

 

Шартты орындау бойынша соңғы актіні жіберудің алдында Өнім беруші Электрондық актіні Тапсырыс берушіге келісуге жіберер алдында (актіні бекіту кезінде), Өнім берушіге сатылып алынатын тауарлар, жұмыстар және қызметтердегі жергілікті мазмұны туралы есепті толтыру тиіс. Бұл үшін электрондық акттер тізбесі бар нысанда «Жергілікті мазмұны туралы есеп» әрекетін таңдау қажет.

 

Image Removed

Акттерді іздеу үшін актінің нөмірі жіне мәртебесі бойынша жалпы тізімдегі фильтді пайдалануға болады.

(бұрын бекітілген есеп болған кезде жаңасын құру) жергілікті қамтылым туралы есепті (бұдан әрі – ЖҚ есебі) әрқашан толтыру қажет.

МАҢЫЗДЫ! Егер ЖҚ туралы есепке қол қойылмаса, Өнім беруші электронды актіге қол қоя алмайды және жолдай алмайды.Жүйе актіні бекіту кезінде барлық актілердегі («Жойылды», мен «Қабылдаудан бас тартылды» статусынан басқа барлық статустарда) сомалар мен жергілікті қамтылым есебіндегі сомалардың сәйкестігін тексереді. Егер соманың деректері тең болмаған жағдайда, Жүйе актіні бекітуге рұқсат бермейді.

 

ЖҚ есебін құру «Жергілікті қамтылым есебі» қосымша парақшасында орындалады.

 

Image Added

Құрылған есепке, қажет болған жағдайда жоюға болатын «Жоба» статусы беріледі.

Image Added

ЖҚ есебіне қол қойылған жағдайда Есеп «Бекітілді» статусына өтеді. «Бекітілді» статусындағы есептер жойылмайды, жаңа актіге өзгерістер енгізу немесе келісуге жолдау үшін жаңа есепті құру қажет.

ЖҚ жаңа есебін бекіткеннен кейін, бұрындары бекітілген есеп «Өзгертілді» статусына өтеді.

Сатып алынатын тауарлардың жергілікті құрамы туралы есебі

...

Жолдар атаулары

Міндеттілік

Сипаттамасы

КС үлесі (Ki) %

 

Иә

СТ-KZ сертификатта көрсетілген, тауардағы жергілікті қамтылым үлесі қолмен толтырылады

Нөмірі

 

Жоқ

СТ-KZ сертификатының нөмірі қолмен толтырылады.  «КС үлесі(Ki) %»  0 жоғары толтырылса, міндетті

Күні

 

Жоқ

Қолмен толтырылады. СТ-KZ сертификатын беру күні. «КС үлесі(Ki) %»  0 жоғары толтырылса, міндетті

Ескертпе

жоқ

Қолмен толтырылады

Назар аударыңыз: егер шарттың сомасы 1000 АЕК-тен аз болса, онда тауардың шығу тегі сертификатын ұсыну МІНДЕТТІ ЕМЕС;

Егер шарттың сомасы 1000 АЕК-тен көп болса - тауардың шығу тегі сертификатын ұсыну МІНДЕТТІ;

Жергілікті қамтылымды аавтоматты түрде есептеу үшін «Сақтау» батырманы басу қажет.


Назар аударыңыз: егер шарт, оларға ҚР Үкіметінің шешімімен ұлттық режимнен алынған тауарларды сатып алу үшін жасалса, Жүйе тек қана интеграция арқылы алынған СТ-KZ сертификатын тіркеуге мүмкіндік береді, құжаттың сканерленген көшірмесін жүктеуге жол берілмейді. Ұлттық режимнен алынған құжаттардың тізбесін  сілтемесі бойынша қарау.

Жұмыстар мен қызметтердегі жергілікті қамтымы бойынша есебі

...

Жолдар атаулары

Міндеттілік

Сипаттамасы

Тауардың бағасы

Иә

Өнім берушімен толтырылады. ҚҚС ескере отырып, бірлігіне бағасы

Шартты орындау мақсатында өнім берушімен сатып алынатын тауарлар саны

Иә

Өнім берушімен толтырылады. Тауар саны

Бағасы (CTi)

Иә

Осы тауар бойынша сома. Автоматты түрде есептеледі. Редакциялау қол жетімді

КС үлесі (Ki) %

 

Иә

Өнім берушімен толтырылады. СТ-KZ сертификатта көрсетілген, тауардағы жергілікті қамтылым үлесі

Нөмірі

 

Жоқ

Өнім берушімен толтырылады. СТ-KZ сертификатының нөмірі.  «КС үлесі(Ki) %»  0 жоғары толтырылса, міндетті

Күні

 

Жоқ

Өнім берушімен толтырылады. СТ-KZ сертификатын беру күні. «КС үлесі(Ki) %»  0 жоғары толтырылса, міндетті

Ескертпе

жоқ

Өнім берушімен толтырылады.

 

Назар аударыңыз: егер шарттың сомасы 1000 АЕК-тен аз болса, онда тауардың шығу тегі сертификатын ұсыну МІНДЕТТІ ЕМЕС;

Егер шарттың сомасы 1000 АЕК-тен көп болса - тауардың шығу тегі сертификатын ұсыну МІНДЕТТІ;

және «Сақтау» батырмасын басу қажет.

...

Себебін сақтағанынан кейін шарт «Қолданыста» мәртебеге оралады және құқытарды табыстау туралы қосымша келісімнің жобасы автоматты түрде жойылады.

Құқықтық мирасқорлық немесе  тіркелмеген Өнім берушінің өкілдіктеріне, филиалдарға құқықтарды беру   

Жоспар тармақтары Жүйеде тіркелмеген жаңа Өнім берушіге берілгеннен кейін (жаңа Өнім  беруші тарапынан қабылдау талап етілмейді), Өнім берушіге – жіберушіге Менің шарттарым (Өнім  беруші) тарауына өтіп, талап етілген шарттарды іздеуді жүзеге асыру қажет. Төмендегі мәртебелердегі шарттар беруге жатады: 

 -     Қолданыста;

-        Шарт жасасылған жоқ;

-        Біржақты тәртіпте бұзылды;

-        Тараптардың келісімі бойынша бұзылды;

-        Шарт ішінара орындалды;

-        Шарт орындалды (қарау үшін).

  Шарттарды таңдау шарт бар жолға қанат белгі қою арқылы жүзеге асырылады, таңдағаннан кейін Жүйе «Тіркелмеген Өнім берушіге құқықтарды беру» батырмасын көрсетеді. 

Image Added

«Тіркелмеген Өнім берушіге құқықтарды беру» батырмасын басқаннан кейін Жүйе тіркелмеген Өнім берушіге шарттарды беру нысанын көрсетеді.  

Image Added

Қандай да бір таңдалған шарттар бойынша берудің күшін жою талап етілсе, шарт бар жолда «Күшін жою» батырмасын басу қажет.  Егер барлық шарттар бойынша шарттарды берудің күші жойылса, онда нысанның оң жақ жоғарғы бұрышындағы «Күшін жою» батырмасын басу талап етіледі, Жүйе шарттарды қарау нысанына қайтаруды жүзеге асырады. 

«Жаңа Өнім берушінің БСН» жолағында Жүйеде тіркелмеген Өнім берушінің БСН көрсету, одан соң «Жаңа Өнім берушіге беру» батырмасын басу талап етіледі. Жүйе шарттарды беру әрекетін растауды сұрайды. 

Image Added

Растаған жағдайда Жүйе:

- шарттың мәртебесін «Құқықтарды беру» деп өзгертеді;

- «Шарттарә мәзірі» Құқықтарды беру» тарауында Жүйеде қатысушыны тіркеу рәсімінен өткеннен кейін жаңа Өнім берушіде шартты көрсетеді; 

- Жүйеде қатысушыны тіркеу рәсімінен өткеннен кейін жаңа Өнім берушіге жеке кабинетке құқықтарды қабылдау қажеттігі туралы хабарлама жібереді. 

Image Added

Күшін жойған жағдайда, Жүйе шарттарды беру нысанына қайтаруды жүзеге асырады. 

Назар аударыңыз!

«Жоба», «Тапсырыс берушіде келісілуде», «Тапсырыс берушіде қол қоюда», «Өнім берушіде қол қоюда»  мәртебесіндегі актілер болған кезде, шарттарды беруге жол берілмейді, бұл актілерді алып тастау немесе бекіту керек   

Шартты орындау бойынша соңғы актіні жіберер алдында (барлық бекітілген актілер мен ағымдағы актілер сомасы шарт сомасына тең)  Өнім беруші тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетілген қызметтердегі жергілікті қамту туралы есепті толтыруы тиіс.   

Берілген шарттар Өнім берушіде –жіберушіде «Берілетіндер» қосымша бетінде  «Шарттар» - «Құқықтарды беру» тарауында «Құқықтарды беру» мәртебесінде көрсетіледі. Берілген шарттарды жаңа Өнім беруші қабылдағанға дейін кері қайтарып алуға болады.   

Image Added

Шарт бойынша құқықтарды қабылдау

«Шарттар» - «Құқықтарды беру»  тарауында («Берілетіндер» қосымша беті) тіркеу рәсімінен өткеннен кейін берілген шарттар  «Құқықтарды беру»  мәртебесінде жаңа Өнім берушіде  көрсетіледі. 

Image Added

Шартты қабылдау  үшін шарты бар жолда «Қабылдау» батырмасын басу керек. Қабылданатын шартты қарауды шарттың жүйелік нөмірін басып жүзеге асыруға болады. 

«Жасасылмады», «Біржақты тәртіпте бұзылды», «Тараптардың келісімі бойынша бұзылды», «Орындалды» және «Ішінара орындалды» мәртебелерінде шарттарды қабылдаған жағдайда, Жүйе шарттың мәртебесін «Берілді. Алдындағы мәртебе» деп өзгертеді және  шартты берген бұрынғы Өнім берушіге  жаңа Өнім беруші шартты қабыдағаны туралы хабарлама жібереді. 

«Қолданыста» мәртебелеріндегі шарттарды қабылдаған жағдайда, Жүйе «ҚР Азаматтық кодексінің 46-бабы.  Заңды тұлғаны қайта құрған кездегі құқықты  мирасқорлығы»  негізі бойынша қосымша келісім жобасын құрады. Бұдан әрі шарттарды келісу үшін стандартты функционалдылық механизмі жүзеге асырылады.  

Image Added

Image Added

Шарт бойынша құқықтарды кері қайтарып алу

         Берілген шарттың құқықтарын кері қайтарып алу «Берілетіндер» қосымша бетінде  «Шарттар» - «Құқықтарды беру» тарауында қажетті шарт бар жолдағы «Кері қайтарып алу» батырмасын басу арқылы жүзеге асырылады.  

Image Added

Назар аударыңыз! Жаңа Өнім беруші шартты қабылдағаннан кейін шарт бойынша құқықтарды беруге жол берілмейді.   

Өнім берушінің банктік деректемелерін өзгерту  

...

-        -       «Қолтаңба қоюдағы актілер (Өнім беруші) тарауында Өнім берушіге қолтаңба қоюға «Өнім берушіде қолтаңба қоюда» мәртебесімен келіп түскен соңғы 5 актіні көрсетеді.  

- Шарттың орындалуын қамтамасыз ету туралы бөлімде (Есептеу жұмыс күндерінің саны бойынша жүреді) шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі көрсетілген шарттар көрсетіледі (Өнім беруші), атап айтқанда,: Өнім беруші Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді бекітуі қажет шарттар (өнім беруші Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуге міндетті).

10 жазба бейнеленеді (неғұрлым кешірек бұрынға), «Толығырақ» батырмасын басқан кезде Жүйе «менің шарттарым» (Тапсырыс беруші) бөліміне қайта бағыттайды, онда қамтамасыз етуді бекіту рәсімі аяқталмаған барлық шарттар көрсетіледі.

Image Added

Бағанның атауы

Сипаттамасы

1

Шарт

Шарттар тізіліміндегі шарттың жүйелік нөмірі

Статусы.

Шарттың статусы

3

Күні

Шарт статусының өзгерген күні

4

Мерзімі

Қамтамасыз етуді бекіту мерзімінің аяқталған күні (шарт статусы «қол қойылды»/ немесе «Қолданыста» статусына өзгерген күннен бастап 10 жұмыс күні келесі жұмыс күнінен есептеледі)

5

Бекіту

Жеткізушілерде орындауды қамтамасыз ету қойындысында, егер бір құжат бекітілсе, онда осы бағанадағы мән «Иә» болады, егер бекітілген файлдар жоқ болса, онда мән «жоқ»болады.

Күндер

Егер 10 жұмыс күніне дейін күн саны болса, онда «қалды:» деген сөз және күн саны; егер 10 жұмыс күнінен астам уақыт өтсе, онда «мерзімі өткен:» деген сөз және күн саны болады.

- 5 жұмыс күнінен астам уақыт қалған шарттар жасыл түспен белгіленеді;

- 5 жұмыс күнінен кем қалған шарттар қызғылт сары түспен белгіленеді;

- 10 жұмыс күні өткен (яғни мерзімі өткен) шарттар қызыл түспен белгіленеді.

ЭБК шығарылған ба?

Осы Шарт бойынша шығарылған ЭБК (3%) бар ма