Дерево страниц
Перейти к концу метаданных
Переход к началу метаданных

Вы просматриваете старую версию данной страницы. Смотрите текущую версию.

Сравнить с текущим просмотр истории страницы

« Предыдущий Версия 4 Следующий »

Шартқа және техникалық ерекшелікке қол қою

Өнім жеткізуші шартпен келіскеннен кейін, Тапсырыс берушіге шарт жобасын қарау нысанында «Шарт және келісу» қойындысында («Шарт» кіші қойындысы) «Мен осы шартпен келісемін» жолында қанатбелгі қою және «Келісуді аяқтау» батырмасына басу қажет.

Шартқа «Тапсырыс берушіде қол қойылуда» мәртебесі меншіктеледі.

Экранда «Шарт бекітілді, тапсырыс беруші оның мазмұнымен келіседі, құжатты қалыптастыру күтілуде» хабарламасы бейнеленеді. Жүйе «Шартты қалыптастыру» батырмасын бейнелейді.

«Шартты қалыптастыру» батырмасына басу қажет, жүйе PDF форматында файлды қалыптастырады, оны қарау үшін белсенді сілтемеге басу қажет.

Ескертпе: Егер келісуді кері қайтару қажет болса, «Келісуді кері қайтару» батырмасына басу талап етіледі, содан кейін келісу процесі қайтадан қолжетімді болады.

Беттің төменгі жағында PDF форматында қалыптасқан шарт, сонымен қатар шарттың барлық нысандары бойынша техникалық ерекшеліктер бейнеленеді. Қарап шығу және жүктеуге құжаттың белсенді сілтемесін басу қажет. Шартты немесе техникалық ерекшеліктерді  қарап шығу және қол қою үшін «Қол қою» батырмасын қолдану талап етіледі.

Шартқа қол қоюдың алдында міндетті түрде техникалық ерекшелікке қол қою қажет.

Шартқа «Басшы (қол қою құқығы)» өкілеттігімен қызметкерлердің тізбесі ғана қол қоюға құқылы.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! Егер Тапсырыс берушімен шартты қол қойылуға жіберу сәтінен бастап, 3 жұмыс күн ішінде, Өнім жеткізуші шартқа қол қоймаса, бұл Өнім жеткізуші автоматты түрде жүйемен Жосықсыз қатысушылар тізбесіне (бұдан әрі - ЖҚТ) кіргізіледі.

Өнім жеткізуші шартқа уақытында қол қойып, алайда қандайда бір себептермен шарт Тапсырыс берушімен кері шақыртылып, қол қойылуға екінші рет жіберілсе, жүйе шарттың алғашқы рет қол қойылу сәтін тіркеп, өнім жеткізушіні ЖҚТ-ке қосуға жол бермейді.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер қол қою сәтінде жүйемен өнім жеткізушінің жосықсыз қатысушылар  тізбесінде анықтаса, шартқа қол қою мүмкін емес, бұл кезде «Жасаудан бас тарту немесе мерзімнен бұрын тоқтату» жалғыз рұқсат етілетін әрекет болады.

Егер өнім жеткізуші шартқа қол қоюдан кейін ЖҚТ-ға қосылған болса, атап айтқанда «Қолданыста» мәртебесіне ие болғанда, Тапсырыс беруші тарапынан шартты тоқтату, орындау бойынша, қосымша келісімді құруға, сонымен қатар МС туралы есепті тіркеуге байланысты  әрекеттер қол жетімді болады.

 

  • Нет меток