Дерево страниц
Перейти к концу метаданных
Переход к началу метаданных

«Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитеттің» қызметкерлері үшін   «Контент-менеджер» рөлімен Порталдың бас бетіне нормативтік-анықтамалық ақпарат пен  түсіндірмелерді (бұдан әрі – Жаңалық) орналастыру функционалы қолжетімді.  Бұл үшін  «ББ кабинеті» - «Жаңалықтарды басқару» тарауына өту қажет (494-сурет):

 

494-сурет

Жаңалықты қосу үшін «Қосу» батырмасын басу қажет. Нәтижесінде Жаңалықты қосу нысаны ашылады:

 

495-сурет

Бұл нысанда төменде кестеде сипатталған жолдарды толтыру қажет (16-кесте):

16-кесте

Жолдың атауы

Сипаттамасы

Жариялау күні

Күнтізбеден Жаңалықты жариялау күнін көрсету қажет.

Санат

Түсіп тұратын тізімнен талап етілген санатты таңдау қажет:

  •  Нормативтік-анықтамалық ақпарат;
  •  Түсіндірме.

Тақырыбы

Қазақ және орыс тілдерінде Жаңалықтар атауын толтыру қажет. Бір тілден басқасына ауысу үшін «Тақырыбы» жолының  үстіндегі қажет тілмен қосымша бетті басыңыз.

Жаңалықтың мәтіні

Екі тілде жаңалықтың негізгі мәтінін енгізу/қою қажет.

Белсенділік

Бұл белгіні қою Порталдың сыртқы бетінде Жаңалықтарды жариялауға әзірлікті білдіреді. Егер Сіз жаңалықтың жобасын ғана құрсаңыз, белсенділік белгісін бірден қою қажет емес.

Бірінші жаңалық ету

Осы белгіні қойған кезде жарияланатын жаңалық жаңалықтар тізімінде бірінші болып көрсетіледі.

Файлды қоса тіркеу

Қажет болғанда Жаңалықтарға файлды қоса тіркеуге болады. Файл сайттың барлық қонақтары жүктеп алу үшін қолжетімді болады.

Барлық жолдарды толтырғаннан кейін   «Сақтау» батырмасын басу қажет.

Жаңалықты редакциялау (мәтінді өзгерту, Жаңалықты жариялау, файлды өзгерту және т.б.) қажет болған жағдайда, «Редакциялау» батырмасын басу қажет   (496-сурет):

 

496-сурет

 Нәтижесінде Жаңалықты редакциялау нысаны ашылады (497-сурет):

497-сурет

Өзгерісті тіркеу үшін, «Сақтау» батырмасын басу қажет.

Белсенділік белгісімен барлық Жаңалықтар Порталдың сыртқы сайтында, жаңалықтар санатына байланысты бағанда көрсетілетін болады  (498-сурет).

498-сурет

  • Нет меток